Ќазаќстан республикасыныѕ«жасыл» экономикаєа кґшутўжырымдамасы



жүктеу 438,72 Kb.
Pdf просмотр
бет5/14
Дата01.01.2018
өлшемі438,72 Kb.
#6576
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

10 

 

 



2.2. Ӛңірлік даму 

 

Қазақстанның  экономикалық  дамуы  қалалар  маңында  және  негізгі 

ӛндіруші  ӛндірістерде  шоғырланған.  «Жасыл  экономикаға»  кӛшу 

тұжырымдамасы ӛңірлік теңгерімсіздікті жоюға мүмкіндік береді.  

Біріншіден, ауыл шаруашылығын жүргізудің заманауи әдістерін енгізу 

және жасыл технологияларды пайдалану ауыл шаруашылығының ӛнімділігін 

едәуір арттырады, бірқатар ӛңірлердің экономикасы нақ соған тәуелді. 

Екіншіден,  электр  энергиясының  тӛмен  бағасын  қамтамасыз  ете 

отырып,  шалғайдағы  аудандарды  жаңартылатын  энергия  кӛздері  есебінен 

энергиямен  жабдықтау  жылыжай  шаруашылығы  мен  жайлауда  мал  бағу 

шаруашылығы  сияқты  жаңа  ӛндірістерді  құрып,  ӛңірлердің  бәсекеге 

қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. 

Үшіншіден,  су  және  жер  ресурстарын  сақтау  жӛніндегі  қызметтің 

тиімділігінің артуына қарай ӛңірлерде балық аулау және мал шаруашылығы 

сияқты қызметтің негізгі түрлерін дамытуға жаңа серпін береді. 

 

2.3. Инвестицияларға қажеттілік  

 

Қазіргі  сәттен  бастап  2050  жылға  дейін  Тұжырымдаманы  іске  асыру 



үшін қажетті инвестициялардың жиынтық мӛлшері жыл сайын орта есеппен  

3-4  млрд.  АҚШ  долл.  құрайды.  2020  -  2024  жылдар  аралығындағы  кезеңде 

инвестициялардың  ең  жоғары  жыл  сайынғы  кӛлемі  ЖІӚ-нің  1,8%-ына  тең 

болады,  ал  2050  жылға  дейін  инвестициялар  орта  есеппен  ЖІӚ-нің  1%-ына 

жуық  болмақ  (2-сурет).  Бұл  ретте  инвестициялардың  қомақты  үлесі  жеке 

инвесторлардың қаражаты есебінен тартылатын болады. 



 

2-сурет. ЖІӚ-ге қатысты пайызбен инвестицияларға қажеттілік 


11 

 

 



 

Бұл кӛлемнің негізгі қаражаты – 90 млрд. АҚШ долларынан сәл астамы 

немесе  инвестициялардың  жалпы  кӛлемінің  ¾-і  2050  жылға  дейінгі  бүкіл 

кезеңде  энергия  тиімділігін  арттыру  жӛніндегі  іс-шараларды  іске  асыруға 

және  энергияның  жаңартылатын  кӛздерін  дамытуға,  сондай-ақ  газ 

инфрақұрылымын  дамытуға  жұмсалады.  Ауыл  шаруашылығын  дамыту,  су 

ресурстары 

мен 


қалдықтарды 

басқару 


жӛніндегі 

іс-шаралар 

қаржыландыруды онша талап ете бермейді (3-сурет). 

 

3-сурет. Секторлар бӛлінісінде инвестицияларға қажеттілік  

 

 




12 

 

 



 

3.  Секторлар  бойынша  «жасыл  экономикаға»  кӛшу  жӛніндегі 

жалпы тәсілдер  

 

Тұжырымдама  ресурстарды  пайдалануға  байланысты  секторлардың 

бәрінде үйлестірілген саясатты қамтиды. 

 

3.1. Су ресурстарын орнықты пайдалану 

 

Стратегия  –  2050  атты  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 



Жолдауында  су  ресурстарының  тапшылығы  жаһандық  қауіп  ретінде 

қаралады.  Сонымен  қатар  Үкіметтің  алдында  халықты  (2020  жылға  қарай) 

және  ауыл  шаруашылығын  (2040  жылға  қарай)  сумен  орнықты  жабдықтау, 

2050 жылға қарай су ресурстарына байланысты барлық проблемаларды шешу 

жӛніндегі  міндет  тұр.  Бұл  ретте  су  ресурстарының  экологиялық  құрамдас 

бӛлігі – эко - жүйелердің орнықтылығы, балық шаруашылығын, эко-туризмді 

дамыту  және  бірегей  табиғат  байлағын  сақтап  қалу  индустриялық  дамудың 

пайдасына қарай қалыс қалмауға тиіс. 

Тапшылықтың 

ұлғаюымен 

су 

ресурстарының 



ықтимал 

жетіспеушілігіне  байланысты  шығындар  ӛсе  береді.  Экономикалық  шығын 

2030  жылға  қарай  шамамен  6-7  млрд.  АҚШ  долл.  құрайды  деп  бағаланып 

отыр.  Бұл  ретте  су  тапшы  болатын  экономикадан  су  ресурстарын  тиімді 

пайдаланатын  экономикаға  кӛшуге  жұмсалатын  шығындар,  керісінше,  кӛп 

емес  (жылына  0,5-1,0  млрд.  АҚШ  долл.).  2030  жылға  дейінгі  кезеңдегі 

күрделі  шығындар  10  млрд.  АҚШ  долл.  дейін.  Тазарту  құрылыстарын 

орнатуға және жаңғыртуғаға  қосымша 1-2 млрд. АҚШ долл. талап етіледі.  

Қазақстанның  су  ресурстары  –  жанды,  бірегей  және  осал  жүйе,  басқа 

елдерге қарағанда, ол сыртқы қауіптерге кӛп ұшырайды.  

Біріншіден, ағынсыз бассейндер және кӛл бетінің булануының жоғары 

деңгейі  оларды  ұстап  тұру  үшін  судың  айтарлықтай  жұмсалуына  әкеледі 

(кӛлдердің экожүйелерін тұрақтандыру үшін 30 млрд. текше метр қажет).  

Екіншіден,  Қытайдан,  Ресейден,  Ӛзбекстаннан  және  Қырғызстаннан 

басталатын  трансшекаралық  ӛзендерге  тәуелділік,  ол  ағып  келетін  жер  үсті 

суларының  44%-ын  құрайды  және  кӛршілес  елдердің  экономикалық  және 

әлеуметтік  дамуының  жеделдеуі  салдарынан  жылдам  азаяды.  Болжамдарға 

сәйкес  трансшекаралық  ӛзендердің  ағыны  2030  жылға  қарай  40%-ға  азаюы 

мүмкін (4-сурет). 

Үшіншіден, Қазақстанның су ресурстары жаһандық жылынудың әсерін 

сезініп  отыр,  мұздықтардың  еруінің  уақытша  ұлғаюы  су  ресурстарының 

келешектегі  кӛлеміне  әсер  етеді  (елдің  оңтүстігіндегі  ӛзендер  қатерге 

неғұрлым бейім).  

 

4-сурет. Трансшекаралық ӛзендерден ағып келетін су кӛлемі  



13 

 

 



 

 

Суға деген сұраныстың жылдам ӛсуі және судың орнықты қорларының 

азаюы  нәтижесінде  2030  жылға  қарай  14  млрд.  текше  метр

 

мӛлшерінде  су 



тапшылығы күтіліп отыр, егер түбегейлі шаралар қабылданбай, даму қазіргі 

траектория  бойынша  жүретін  болса,  2050  жылға  қарай  тапшылық  20  млрд. 

текше  метрді  құрайды  (су  ресурстарына  қажеттіліктің  70  пайызы).  «Жасыл 

экономикаға»  кӛшу  тұжырымдамасында  ұсынылатын  алдын  алу  шаралары 

болмаған жағдайда, мұндай тапшылық мынаған әкеп соқтыруы мүмкін: 

 кӛл  және  ӛзен  экожүйелері  мен  балық  аулау  кәсіпшілігінің,  әсіресе 

Балқаш кӛлінде, Іле ӛзенінің атырауында, орталық Қазақстанның, Солтүстік 

Аралдың  батпақты жүйелерінде және т.б. жерлерде кейіннен бүліне отырып, 

судың табиғат қорғау мақсаттарында түсуінің азаюы; 

экономикалық  мақсаттарға,  әсіресе  ауыл  шаруашылығында,  сондай-ақ 

гидроэнергетикалық  салада,  ӛнеркәсіпте  судың  тұтынылуын  нормалау,  елді 

мекендерді сумен жабдықтауда іркілістің болуы мүмкін; 

жаңа  сумен  жабдықтау  кӛздерін  жүргізу  мен  пайдалану  (қайталама 

пайдалану,  десалинациялық  зауыттар,  магистральдық  құбырлар)  және  су 

ресурстарын  бассейндер  арасында  жіберу  салдарынан  сумен  қамтамасыз 

етуге шығындардың артуы. 

 

5-сурет. 2030 жылы су ресурстарына  

экономикалық қажеттілікті қанағаттандыру 



жүктеу 438,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау