Қазақстан Республикасыныңі білім және ғылым министрлігі



жүктеу 0,51 Mb.
бет2/6
Дата20.11.2018
өлшемі0,51 Mb.
#22098
1   2   3   4   5   6

ОЖСӨЖ мазмұны:

  • Екі аяқпен жоғары итеріліп секірудің спорттық қозғалысының күш көрсеткіштері

СӨЖ мазмұны:

  • Күшті дамыту және оның өлшемдері

Әдебиет: Дияров А.С. Биомеханика (зертханалық жұмыстар). 36-38 беттер.
14 апта

Кредит сағаты 27

14 Дәріс



Тақырып: Адамның қозғалыстарының (локомоцияларының) биомеханикасы

Дәріс мазмұны:

  • Қозғалыстарды орталықтан реттеу

  • Қозғалыс реакцияларын кортикальді бақылау

  • Қозғалыс әрекеттерінің, машықтанудың және жаттығудың биомеханикасы

ОЖСӨЖ мазмұны:

  • Қозғалыс әрекеттерінің, машықтанудың және жаттығудың биомеханикасы

СӨЖ мазмұны:

  • Қалыпты жүру

Әдебиет: Дубровский В.И., Федорова В.Н. Биомеханика: М., 2004, 363-443 беттер.
Кредит сағаты 28

14 Практикалық сабақ



Тақырып: Спортшының велоэргометр педалін айналдыру кезінде қуаттылығын және істелген жұмысты анықтау

  • Велоэргометрдің көмегімен механикалық жұмысты анықтау

  • Велоэргометрмен қуаттылықты айқындау

ОЖСӨЖ мазмұны:

  • Велоэргометрдің көмегімен механикалық жұмысты анықтау

СӨЖ мазмұны:

  • Сыртқы күштер, тірек реакциясының күштері

Әдебиет: Дияров А.С. Биомеханика (зертханалық жұмыстар). 38-40 беттер.
15 апта

Кредит сағаты 15

15 Дәріс



Тақырып: Биомеханикалық бақылау. Қозғалыстарға клиникалық талдау. Биомеханикадағы тестілер. Зерттеу тәсілдері

Дәріс мазмұны:

  • Аяқ-қолдарды дұрыс өлшеу. Аяқ-қолдарды өлшеу кезінде адамның дұрыс орналасуы

  • Буындардағы қозғалыс көлемі

  • Ангулография мен ихнография

ОЖСӨЖ мазмұны:

  • Ангулография мен ихнография

СӨЖ мазмұны:

  • Сыртқы күштер, тірек реакциясының күштері

Әдебиет: Дубровский В.И., Федорова В.Н. Биомеханика: М., 2004, 444-483 беттер.
Кредит сағаты 30

15 Практикалық сабақ



Тақырып: Бақылау сұрақтары. Есептер.

  • Бақылау сұрақтары

  • Есептер.

ОЖСӨЖ мазмұны:

Биомеханикадағы тестілер



СӨЖ мазмұны:

  • Гониометрия мен циклография

Әдебиет: Дияров А.С. Биомеханика (зертханалық жұмыстар). 41-44 беттер.
2.2.Әдебиеттер тізімі

Дияров А.С. Биомеханика (зертханалық жұмыстар). Орал, 2004

Донской Д.Д. Биомеханика физических упражнений. М., 1960.

Донской Д.Д., Зациорский В.М. Биомеханика. М., ФиС, 1979.

Дубровский В.И., Федорова В.Н. Биомеханика. М., 2004,

Практикум по биомеханике. М., Физкультура и спорт, 1980,



Уткин В.Л. Биомеханика физических упражнений. Учеб. Пособие для студентов фак. Физ. Воспитания пед. ин-тов и для ин-тов физ. Культуры. М., Просвещение, 1989.


  1. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі


Кесте тапсырмалардың тізімі мен түрлерінен тұрады:

    • Графикалық есеп тапсырмалары, типтік есептер т.б.;

    • Орындалу уақыты;

    • Бақылау түрлері( тестілер, экспресс-сұрақтар, рефераттар, есептер, баяндамалар т.б.).






Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны

Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

-

Ауызша сабақ үстінде жауаптар

Тақырып бойынша

Семинар тақырыбына байланысты

Әрбір апта сайын

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Ауызша немесе баяндама түрінде

2

ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау (әр жмада екі тапсырмадан

Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру

Дәріс пен семинар сабақтарына байланысты

ОЖСӨЖ кестесі бойынша

Тақырып бойынша 1-4% дейін (аралық бақылау түрі ретінде)

Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

3

Cеминар сабақтарына арналған сұрақтар

Пән бойынша жалпы білімдерін тексеру

Семинар тақырыбына байланысты

5-6 және 12-13 апталар

Тапсырмалар саны бойынша 30 % бағаланады

Ауызша

4

Емтихан

Білімді кешенді тексеру







Тест арқылы қалған (40%)

Компьтер арқылы тапсырылады


4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы

Кафедра: Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесін оқыту

Тьютор: Рыскалиев Саят Нұрболатұлы

Пән: Дене жаттығуларының биомеханикасы

Кредит саны: 2




Әдебиет атауы

Барлығы

кітапханада

кафедрада

Студенттердің қамтылуы (%)

Электронды түрі




1

2

3

4

5

6

7

1

Дияров А.С. Биомеханика (зертханалық жұмыстар). Орал, 2004, 48 бет.

15


20


100








2

Донской Д.Д. Биомеханика. Учеб. Пособие для студентов фак. Физ. Воспитания пед. Ин-тов. М., Просвещение, 1975.

0

5

30








3

Донской Д.Д., Зациорский В.М. Биомеханика. Учебник для ин-тов физ. Культ. М., ФиС, 1979

0

3

25








4

Дубровский В.И., Федорова В.Н. Биомеханика. М., 2004, 672 бет.

0

1

7








5

Практикум по биомеханике. Пособие для ин-тов физ. Культ./Под ред. И.М.Козлова. М., ФиС, 1980, 120 стр.

0

1

7







6

Уткин В.Л. Биомеханика физических упражнений. Учеб. пособ.

Для студентов фак.физ. воспитания пед.ин-тов. М.; Просвещение, 1989.



0


1


7









Глоссарий
Абсалютті ақ дене – барлық толқындар ұзындығына дененің сіңіру коэффициенті нольге тең

Абсалютті қара дене – барлық толқындар үшін дененің сіңіру коэффициенті бірге тең

Биомеханика- тірі ұлпалардың, мүшелердің және ағзаның механикалық қасиетін зерттейтін ғылым, сонымен бірге сонда болып жатқан механикалық құбылыстар

Биофизика-биологиялық пәндердің ішіндегі іргетасы, тірі ағзадағы физикалық және физико-химиялық үрдістерді зерттейді

Деформация-дене бөлшектерінің өзара орналасуының өзгеруі оның пішіні мен көлемін өзгерістерге әкеледі

Динамика- механиканың бір бөлімі, бір дененің қозғалуы басқа денелермен өзара әрекет әсерлері ескеріліп зерттеледі

Инерттілік- дененің қозғалу жылдамдығына қарсылық білдіру қасиеті (көлеміне және бағытына байланысты)

Кинематика- механиканың бір бөлімі, механикалық қозғалыстар туралы ғылым, бірақ оның себептері қарастырылмайды

Конвекция- жылумен алмасу

Лангер сызығы- терінің табиғи керілу сызығы

Масса- дене инерттілігінің сандық өлшемі

Механикалық жұмыс- cкалярлық көрсеткіш, денеге әсер етуші күштің өткен жолын көбейтіндісі

Механикалық қозғалыс- дененің кеңістікте басқа денелерге қарағанда орнын өзгерту

Радиоактивтілік- кейбір атом ядроларының өздігінен басқа ядроларға бөлшектер шығарып ауысуы

Резонанс- толқындардың амплитудаларының тез өсуі, егер де жиіліктері бір-біріне сай келуі

Стабилография- спортшының массалық орталығының проекциясын тірек аймағында сақтап қалуы

Статика- динамиканың бір бөлігі, дененің тепе-теңдік шарттарын зерттейді

Статкинезиграмма- тұрған адамның денесінің орталық массасының көлденең жазықтықтағы траекториясы

Статокинезиметрия- спортшының тік тұру қалпын сақтауын бағалау тәсілі

Терморегуляция- ағзадағы қалыпты температураны бір деңгейде ұстау үрдісі

Траектория- нүктенің белгілі бір есептеу жүйесіндегі қозғалу сызығы


  1. Пән бойынша дәрістердің қысқаша мазмұны

1 апта

Кредит сағаты 1

Тақырып: Кіріспе.Биомеханиканың даму тарихы

Дәрістің мазмұны:

  • Адам денесінің топографиясы

  • Өсьтер мен жазықтықтар

  • Адам денесінің ауырлық орталығы туралы түсінік

  • Ағза, мүше, мүшелер жүйесі, ұлпалар.


Биомеханика негіздері

Пән. Мақсаты, маңызы. Мазмұны және зерттеу тәсілдері. Тарихы.


Биомеханика-тіршілік жүйесіндегі механикалық қозғалу заңдылықтары туралы ілім.

Кең мағынада тіршілік жүйесіне немесе биожүйелерге жататындар:



  • тұтас ағза (мыс., адам);

  • олардың мүшелері мен ұлпалары, сонымен бірге сұйықтықтар мен газдар;

  • ағзалардың жұптасуы (екі акробаттың бірге жұмыс істеуі, күреске қатысушылар).

Спорт биомеханикасы пән ретінде дене қимыл-қозғалыс жасау үрдісінде адамның қозғалуын зерттейді. Спортшының қозғалу әрекеттерін жүйе түрінде қарастырады (тану объектісі). Қозғалыстардың механикалық және биологиялық себептерін зерттеп әртүрлі жағдайлардағы қозғалу әрекеттерінің ерекшеліктерін қарастырады.

Биомеханика жалпы, дифференциалды (бөлшектену) және жеке (дара) болып үшке бөлінеді.

Жалпы биомеханика тыңғылықты теория мәселелерін шешеді, оның үстіне адам қалай және неге қозғалатынын білуге болады. Бұл саланың дене тәрбиесіне және спортқа тигізетін пайдасы зор.

Дифференциалды биомеханика жеке адам мен топтардың қозғалу мүмкіншілігімен қозғалу әрекеттерін зерттейді. Олардың жасына, жынысына, денсаулығының жағдайына, дене дайындығына т.б. байланысты зерттеледі.

Дара (жеке) биомеханика техникалық сұрақтар мен тактикалық дайындықты егжей-тегжейлі қарастырып жеке спорт түрлерімен жалпы денешынықтыру мәселелерімен айналысады. Негізгі мақсаты-адамдардың-әрбір жаттығуларды дұрыс орындап қозғалыс-қимыл мәдениетін өздігінен меңгеру болып есептеледі.

Спорт биомеханикасының негізгі тәсілі-зерттеу тәсілі, құбылыстардың заңдылықтарын ашу және тану.

Биомеханика тәсілі жалпы күйде негізінде талдау жүйелілігімен жинақтау жүйесінің сандық көрсеткіштерін пайдалана отырып қозғалу модельдерін жасау.

Биомеханика-экспериментальді ғылым, сондықтан тәжірибелерге сүйене отырып қозғалыстарды зерттейді. Сандық ерекшеліктері әдейі аспаптар арқылы тіркеліп, мысалы: жылдамдық траекториясы, үдемелі қозғалыстарды айыра білетін және өзара салыстыра алатын болуы керек. Оларды сипаттап, қозғалу жүйесін арнайы ережелер арқылы бөлшектеп, оның құрамын анықтайды. Бұл қозғалу әрекеттерінің талдау жүйесі болып табылады.

Жүйедегі бөлшектердің өзара байланысу әдістері, заңдылықтарының структуралық құрылымын көрсетеді. Сандық сипаттаманың өзгеруі бір-біріне әсері (элементтерінің) жүйенің бүтіндігін, себептерін анықтайды. Бұл қозғалу әрекетінің жинақтау жүйесі болып табылады.

Есептеу техникаларын пайдалана отырып, қозғалу үрдістерін реттейтін қолайлы нұсқаларды іздестіреді.

Қазіргі кезде биомеханикалық зерттеулерде кеңінен пайдаланатыны функциональді тәсіл.

Спорт биомеханикасының дамуына себепші болған денешынықтыру мен биологияның сонымен бірге ғылыми техникалық үрдістің әсері көп болды. Қозғалыстарды зерттеу жаңа күрделі кешенді тәсілдер арқылы жүреді. Биомеханиканың дамуына механиканың, әсіресе оның жаңа бағыты әсер етті. Барлық тіршілік өздерінің қозғалу әрекетінде сол механика заңдылықтарына бағынатындығы анықталды. Математиканың да, механиканың дамуында шешуші роль атқарса, соңынан бөлек білім саласына айналды. Тек жиналған материалмен статикалық өңдеу ғана емес, жеке зерттеу тәсілдерімен де ерекшеленеді. Биомеханика саласына биология ғылымының, соның ішінде анатомияның және бөлініп шыққан физиология деректері пайдаланылады.

Биомеханиканың өзінде де басқа салалар параллель дами басады. Механикалық сала Д.Борелли жұмыстарымен басталып В.Браун және О.Фишермен жалғастырылды. Адамның қозғалу заңдылықтарына механикалық жолмен келу себебі, ең бірінші қозғалу үрдістерінің сандық көлемін анықтау болып табылады. Физика көзқарасынан тірек-қимыл аппаратының құрылысы мен қасиетін анықтайды.

Келесі функциональді-анатомиялық саланы П.Ф.Лесгафт, И.М.Сеченов, М.Ф.Иваницкий және басқаларының еңбектерімен буындағы қозғалыстарға талдау жасау мен шектелген, бұлшық еттердің қатысымен денені бір қалыпта ұстау және оның қозғалыстарын анықтау болып табылады. Қазіргі уақытта бұлшық еттің электр қозғыштығын аспаптар арқылы жазу (электромиография), уақытымен бірге бұлшық еттің қатысын, жеке топтардың келісіп жұмыс істеуін анықтау.

Физиологиялық салада нервизм теориясының арқасында ЖНҚ (жоғарғы нерв қызметі) және нейрофизиология жетістіктерінің ықпалында дамыды.

Бернштейннің зерттеулері қозғалуды басқаратын негізгі үрдісті ашты, олар:


  • бұйрықтардың (импульстердің) нерв жүйесіндегі белгілі бір жағдайларға бейімделуі (бір бағытта);

  • берілген тапсырма қозғалыстарының ауытқуын жою.

Спорт биомеханикасы бұл дене жаттығуларының әрі қарай дамуына себепші болды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында П.Ф.Лесгафт, ірі орыс анатомы, анатомияның теориялық негіздерін жете зерттеді. Ол дене тәрбиесінің кейбір елдердегі жағдайларын зерттеп жүйеге келтірді.

Жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау, спорт техникасының және оның тәсілдерінің күрделенілуі биомеханиканың терең негіздерісіз мүмкін емес.

Биомеханика биология ғылымдарының бір саласы ретінде өзінің зерттеу тәсілдерімен математикаға, физикаға жақындап келеді. Жалпы биомеханика биофизиканың бір тармағы ағзаның ішкі биожүйесін зерттей келе кибернетика идеяларын пайдаланып және ғылыми-техникалық үрдіске өз үлесін қосып отыр. Биомеханикалық тәсілдерде жоғарыда аталған ғылымдардың тәсілдері пайдаланылып екеуі де қатар жүруі мүмкін.

Дамып келе жатқан инженерлік биомеханика бионикамен байланысса, инженерлік психология («адам және машина»), роботтарды жасаумен және басқа да техникалық аспаптар адамның еңбегін жетілдіретін мүмкіншіліктер жасау болып табылады. Медициналық биомеханика протездер жасау мен ортопедияда, емдеу дене тәрбиесінде (шынықтыру) шешуші роль атқарады. Ғарыш медицинасында ғарышкерлерді әзірлеуде, олардың жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету (әсіресе салмақсыздық кезінде) және ғарыштағы қимыл әрекеттерін бақылау.

Биомеханика тәсілдері мен заңдылықтары дене тәрбиесінің тәсілдерін және теориясын жетілдіре түседі, сонымен бірге дәрігерлік тексеру, спорт пен тәлім-тәрбие беруде де пайдаланылады.
Адам денесінің қозғалыстарының биомеханикалық көрсеткіштері
Адамның қозғалуын зерттей келе сандық көрсеткіштерінің механикалық жағдайын, қозғалу қызметін және сол қозғалыстарды өлшейді. Былай айтқанда дененің биомеханикалық көрсеткіштерін (пропорциялары, көлемі, салмақтың бөлшектенуі, буындардың қозғалғыштығы т.б.) және бүкіл дене мен оның бөлшектерін тіркейді.

Биомеханикалық көрсеткіштер-биожүйенің механикалық жағдайының көлемі мен өзгеру тәртібі болады. Биожүйенің механикалық жағдайы және тәртібі өзгермелі сипатпен ерекшеленеді. Биомеханикалық көрсеткіштер- адам денесін механикалық қозғалыс объектісі ретінде қарастырады.

Сандық көрсеткіштері өлшенеді, есептелінеді: олардың сандық мағынасы бар, және бір өлшемі екінші өлшеммен байланысты (жылдамдықтың өткен жолдың уақытына байланысы, мысал болады). Сандық көрсеткіштерді қарастыра келе, анықтама беріп (оның не екенін) және өлшем тәсілін орнатады (немен өлшенеді). Сапалы көрсеткіштерін сөз ретінде жазып, дәл сандық өлшемі көрсетілмейді (мыс.: қуатты, еркін, бір қалыпты, байсалды, жұлқынып ж.т.б.).
2 апта

Кредит сағаты 2

Тақырып: Кинематика

Дәріс мазмұны:


  • Механикалық қозғалыстар

  • Жылдамдық

  • Үдеу

  • Шеңбер бойынша қозғалу. Орталықтан тепкіш және тангенциальді удеулер.


Кинематикалық көрсеткіштер

Адамның қозғалу кинематикасын, қозғалу геометриясын анықтап және уақытқа байланысты өзгеруін қарастырады, бұнда есепке масса мен әсер етуші күш ескерілмейді. Ол тек қозғалыстың сыртқы көрінісін ғана береді. Қозғалыстың пайда болуы мен өзгеруін динамика зерттейді.

Адам денесінің және оның қозғалысының кинематикалық көрсеткіштері бұл кеңістік пен уақыттағы адамның (орны) және қозғалу мөлшері: кеңістіктегі, уақыттағы және кеңістікті-уақыттағы болып бөлінеді.

Кинематикалық көрсеткіштер дене көлемі мен оның бөлшектерін салыстыруға жағдай туғызады, сонымен бірге әр спортшының қозғалу ерекшеліктерін де ескереді. Осы көрсеткіштерді тіркеу арқасында спортшылардың шеберлігін жекелеуге, қозғалыстың қолайлы шешімдерін іздеуге мүмкіндік туғызады.


Қашықтық пен уақытты есептеу жүйесі

Адаммен спорт саймандарының қозғалыстарын өлшеу үшін бір таңдап алынған дененің салыстырмалы жағдайын, немесе барлық қозғалыстардың бәрін салыстырмалы түрде қарастыру болып табылады.

Қашықтықты есептеу жүйесі-шартты түрде арнайы алынған қатты дененің, осыған орай басқа денелердің әртүрлі уақыттағы орнын анықтау. Дүниеде абсалютті қозғалмайтын дене жоқ, барлығы қозғалыста болады. Кейбір денелердің қозғалуы соншама, олардың жылдамдығы (үдеуі) тым аз, сондықтан берілген мақсатқа жету үшін жеткіліксіз-инерциальді жүйелер есебіне жатады. Жер және сонда орналасқан (жолдар, шаңғы ізі, гимнастика саймандары т.б.) денелер қозғалыссыз байланыста болады. Бұндай жүйеде тыныштықта жатқан денелер ешқандай күштің әсерін байқамайды, сондықтан ондағы қозғалыс күштің әсері болмай қозғалмайды.

Басқа денелер белгілі бір үдеумен қозғалады да, берілген мақсатты шешуге кәдімгідей ықпал жасайды- бұлар инерциальді емес жүйелер есебіне жататындар (жылжып келе жатқан шаңғы, теңселіп тұрған шығыршық ж.т.б.). Бұндай жағдайларда есептеу тәсілі және қозғалыстардың ерекшеліктерін түсіндіру өзгеше, оны ескерген жөн.

Қозғалыстарды жазып көрсету үшін табиғи, векторлық және координаталық болып үшке бөлінеді. Табиғи тәсілінде нүктенің орнын-доғалық координата анықтайды (нөлден бастап есептейді, алдын-ала белгілі бір траекторияда). Векторлық тәсілде нүктенің орны радиус-вектормен анықталады (сол жүйенің нөлінен бізге керек нүктеге дейін). Тік бұрышты координата тәсілінде (жазықтық пен кеңістікте) екі нүктенің перпендикуляр қиылысқан жерін алады.
...Уақыт есептеу жүйесіне айқын бастамасы мен есептеу бірлігі кіреді. Уақыт есептеу бастамасына: а) түн ортасы-барлық мекемелерде, көліктерде, байланыс бөлімдерінде т.б., ә) түн ортасы және тал түс-өмір жағдайында; б) арбитрлердің (судьялардың) уақыты-жарыс кезінде (сек., 60 сек-1минут, 60 минут- 1 сағат), сонымен бірге секундтың үлестері-ондық, жүздік, мыңдық (миллисекунда). Қозғалыстағы уақытты кейде кері қарай есептеуге болады-мыс., 0,02 сек соққыға дейін, аяғының тіректен босауы- 0,05 сек бұрын т.б.).

Кеңістіктік көрсеткіштер арқылы қозғалыстың басталуы мен аяқталуын (координата бойынша) және қозғалыстарды (траектория бойынша) анықтауға болады. Адамның қозғалысын не денесін бір нүкте түрінде, немесе бір қатты дене жүйесі деп қарастыруға болады. Егер дененің қозғалуы оның көлемінен әлдеқайда көп болса, онда адам денесін бір материальді нүкте түрінде қарастырады. Денені қатты деп, оның қозғалуы кезінде бөлшектері немесе ұлпалардың бөлшектенуін (пішінінің өзгеруі) оны есепке алмай тек, қана оның көлемін, кеңістікте орналасуын және бағытын ескереді.

Адамның денесін денелер жүйесі түрінде қарастырады, егер дене бөлшектерінің ерекше қозғалыстары өте маңызды болса, қозғалыс әрекеттерін орындауға әсерін тигізеді.


Нүктенің, дененің және денелер жүйесінің координаттары

Нүкте координаты- нүктенің жүйе есебінде орналасуы кеңістіктік өлшем (салыстырмалы) болып табылады. Орналасу жерін өлшеп табады, мысалы; оның ұзындық координаты Sx , Sy , Sz ; өлшем формуласы: [ S ] = L. L-ұзындық (м), М-масса (кг), Т- уақыт (сек) СИ жүйесі бойынша.

Сызықтықтың бойында нүкте бір координатамен анықталса, жазықтықта-екі, кеңістікте-үш координата мен анықталады.



Қатты дененің кеңістіктегі орнын анықтау координатаның үш нүктесі арқылы жүргізіледі (бір сызықтың бойында жатпайды).

Дене жүйесінің орнын (адам денесінің бөлшектері) өзінің сыртқы пішінін өзгерте алатын болса,(бөлшектердің келісім бойынша орналасуы) онда әрбір бөлшектің кеңістіктегі орнын анықтайды. Кейбірде бұрыш координаталарын анықтау ыңғайлы болуы мүмкін, мысалы; буын бұрыштарын, сол арқылы адамның дене кейпін құрастыруға болады.

Жұмыс кездерінде (практикада) 1) бір қандай болмасын нүктенің орнын анықтау (мыс.; жалпы масса орталығын (ЖМО) немесе тіреу нүктесін табу; 2) дене кейпін анықтау (бөлшектердің өзара орналасуы); 3) дененің қозғалу бағытын анықтау (денеден өткен бастама сызығы арқылы).



жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау