ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Волейбол ойынының оқу-жаттығу негіздері мен
ерекшеліктері
Тараз - 2017
2
УДК: 796.01
Букенов М.Ж. Джылысбаев Д.Б. Кудериев Ж.К. Волейболдан оқу-жаттығу үрдісін
ұйымдастыру әдістері әдістемелік нұсқауы
.
Әдістемелік нұсқау әр түрлі мамандықта оқитын студенттерге арналган. Тараз.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті - 50 бет.
М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың «Дене тәрбиесі» кафедра мәжілісінде
талқыланып, қаралды (Хаттама № 8, 30. 03. 2017 ж.).
Әдістемелік нұсқау мұнай, газ және мханика факультетінің ғылыми - әдістемелік
бюросында қаралып, мақұлданды (
Хаттама № 4, 26. 04. 2017 ж.).
Пікір жазғандар:
Абдукаримов С.А. – Тараз инновациялық – гуманитарлық университетінің доценті, ҚР
еңбек сінірген жаттықтырушы
Сулейменов О.Ә. –ТарМПИ спорт клубының төрағасы, ҚР құрметті спорт қайраткері
3
Кіріспе
Жоғары оқу орнында дене шынықтыру қазіргі заманға сай маман
тұлғасының жалпы және кәсіби мәдениеттілігі мен студенттердің
гуманистік тірбиелеу жүйесін қалыптастыруға арналған. Азаматтың және
болашақ маманның маңызды әлеуметтік болымысының кұралы ретінде
өзінін әлеуметтік функцияларын тәрбиелеу жүйесінде толығымен жүзеге
асырады.
Дене шыныктырудың өзектілігі - өз алдына жеке бір сана, іс-әрекетінің
процесінде өзгеше, кұралы мен амалы жеке тұлғаның дене жегілдіруін
қалыптастырады.
Жоғары оқу орындарындағы «Дене шынықтыру» пәнінің мақсаты
студенттердің әлеуметтік-тұлғалық компетенциясын қалыптаетыру және
дене шынықтыру және спорт құралдарын денсаулықты сақтап нығайтуға
және кәсіби іс-әрекеттік дайындыққа қолдану.
«Дене шыныктыру» пәнінің компетенциясы білім берудің жалпыға міндетті
Мемлекеттік білім стандартының талаптарына сай бітіруші тулек білу керек:
- дене шынықтырудың адам дамуындағы және маман дайындаудағы
ролін;
- Казакстан Республикасының дене шыныктыру және спорт саласындағы
мемлекеттік саясат негіздерін;
- дене шынықтырудың және салауатты өмір сурудін теориялық әдістемелік
негіздерін;
- Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы
негізгі жегістіктерін;
- дене шынықтыру және спорт сабақтарынын гигиеналык және ұйымдастыру
негіздерін білуге міндетті;
жасай білуі керек:
-
денсаулықты
сақтауды
және
нығайтуды
қамтамасыз
ететін,
психофизикалық амалдар мен қасиеттерді дамытып және жетілдіру арқылы
практикалық ептілік пен дағдыны өмірде қолдануды;
- өмірлік және кәсіби мақсаттарға жету ушін спорттык іс-әрекеттің
тәжірибесін қолдануды;
- спорт турлерін және дене жаттығуларының сабақ өткізу барысында
қауіпсіздік ережелерін қолдануды жасай білуі міндетті.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттардың орындалу шешімі төмендегідей:
- студент болашақ маманның кәсіби тұлғасын қалыптастыруға дене
шынықтырудың әлеуметтік рөлі мен құндылығын түсініп, қабылдау;
- дене шынықтырумен салауатты өмір сүруде білімді ғылыми-биологиялық,
әдістемелік және практикалық меңгеру;
- дене шынықтыруға мотивациялық-құндылықты қалыптастыру, дене
шынықтыру жаттығулары мен спорт турлерін күнделікті кажеттендіру;
4
- дене шыныктыру және спорт кұралдарын аурудан сақтанудан, психикалык
жақсаруға, тұлғаның қасиеті мен сапасын дамытуға және жетілдіруге
қолдану.
1. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру жүйесі және мазмұны
туралы түсінік
Дене шынықтыру жүйесі. Бұл ұғым дене шынықтырудың әлеуметтік
практикасындағы белгілі тарихи үлгіні бейнелейді, яғни ол өзі тәуелді нақты
қоғамдық қауым жағдайының алғашқы негіздері мен ұйымдары түрлерінің
тәртіпке келтірілген жиынтығы. Біздің еліміздің дене шынықтыру жүйесі,
дене шынықтырудың идеологиялық, ғылыми-әдістемелік негіздерінің,
сондай-ақ азаматтардың дене шынықтыруын жүзеге асыратын және
бақылайтын ұйымдар мен мекемелердің бір екендігін танытады.
Дене
шынықтыру
жүйесінің
мазмұны
қоғамның
әлеуметтік-
экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама-нормативтік
және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді.
Әлеуметтік-экономикалық
негіз.
Дене
шынықтыру
жүйесі
қоғамымыздың басқа әлеуметтік-экономикалық жүйелерімен, саясатпен,
ғылыммен, мәдениетпен тығыз байланысты. Бұл байланыстардың объективті
негізі - дене шынықтыру жүйесінің қоғамдық өндіріске керектігінде. Жүйе
қоғамдық өнім шығармаса да сол ортаға өндірістік қатынастардың иесі –
адам арқылы әсер етеді. Ол адамның әлеуметтік жағдайын қалыптастырып,
қоғамдық қатынастарды жетілдіреді.
Заң-құқықтық негіз. Дене шынықтыру жүйесі өз жұмысын
бағыттайтын құқықтық күші бар, көптеген нормативтік актілерге сүйенеді.
Ол Ата заңымыз Қазақстан Республикасының Конституциясының 23-
бабында нақтылы көрсетілген.
Еліміз егемендігін алған кезеңнен бері дене шынықтыру мен спортты
дамыту туралы көптеген заңдар, қарарлар қабылданды. Олар:
1. Қазақстан Республикасының 1999 жылы шілде айының 6-
жұлдызында қабылданған № 389 – 1 «Білім туралы» заңы.
2. Қазақстан Үкіметінің 1999 жылы желтоқсан айының 2-жұлдызында
қабылданған «Дене шынықтыру және спорт» туралы заңы.
3. «Дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2005-2011 жж. арналған
Мемлекеттік бағдарламасы».
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №148
бұйрығымен 11.03.2003 ж. бекітілген «Дене тәрбиесінің мемлекеттік
бағдарламасы».
Дене шынықтыру жүйесі ғылыми-әдістемелік негізде құрылады.
Оның барлық теориялық және іс-тәжірибиелік жұмыстары ғылыми түрде
негізделген.
Дене шынықтыру жүйесінің құрылу және даму заңдылықтарын
қоғамдық, педогогикалық-психологиялық, әдістемелік-биологиялық ілімдер
(дене мәдениеті тарихы, әлеуметтік спорт, гигиена, физиология, спорттық