Заңгерлердің өзін-өзі реттейтін ұйымдары
ЗАңгерлік көмек көрсетудің өзін-өзі реттейтін субъектілері ұйымдастырудың әртүрлі нысаны бар әлемде кең таралған практика болып табылады.
Франция адвокаттары қауымдастыққа (орденге) біріктірілген. Әрбір сот өңірінде бір ғана қауымдастық бар. Францияда барлығы 181 адвокаттық қауымдастық бар. Қауымдастықтар өзінің сандық құрамына қарай әртүрлі. Осылайша, ең аз болып 7 барристер ғана есептеледі, ал ең ірісі – 11 мың. Әрбір қауымдастық өз қызметінің ішкі регламентін жасайтын және өз мүлікне ие тәуелсіз, дербес ұйым болып қалады. Қауымдастық мүшелерінің (тағылымдамашыларды қоса алғанда) жасырын дауысымен екі жыл мерзімге сайланған төраға (le Battonier) адвокаттар қауымдастығының басы болып табылады. Төраға құзыретіне қауымдастықтың мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар алдындағы мүддесін ұсыну, адвокаттар арасындағы дауларды шешу, қауымдастық адвокаттарына тәртіптік жаза қолдану, қауымдастық қызметтеріне басшылық ету кіреді; ол қауымдастық кеңесінің төрағасы болып табылады.
Франция адвокатурасы ұлттық деңгейде қауымдастық мүшелері сайлайтын адовкаттар қауымдастығының кеңесімен ұсынылған. Францияның адвокаттар қауымдастығының негізгі қызметі адовкаттарды даярлау жөніндегі оқу орталықтарын үйлестіру, адовкаттар қоғамдастығын мемлекеттік органдар мен қоғам алдын ұсыну болып табылады. Сондай-ақ, адвокаттар қауымдастығының барлық кәсіптер үшін тәртіптік және этикалық нормалар жасауға құқығы бар.
Адвокаттардың дербес жұмыс істеуге немесе басқа адвокаттармен серіктестік шартында бірігуге құқығы бар.
Германия адвокатурасы аумақтық қағидат бойынша қалыптасатын алқадан тұрады. Алқадағы практикалық адвокаттардың саны 500 адамнан аспауы тиіс, әйтпесе аталған округтің аумағындаӘділет министрлігінің келісімі бойынвша екінші алқа қалыптасуы мүмкін.
Адвокаттар өздерінің гонорарынан белгілі бір пайызлы арнайы әлеуметтік қамтамасыз ету қорына аудары тиіс, онда қаражат адвокаттардың өздерінің және олардың отбасы мүшелерінің қажеттіліктеріне жұмсалады.
Германияда адвокатура қызметінің барлық мәселелері нормативті-заңды рұқсат алды.
Германия адвокаттары этикалық емес немесе кәсіби емес мінез-құлықтарымен клиент мүддесіне келтірген зияны үшін жауапты болады.
АҚШ-та заңгерлер қауымдастығының екі түрі бар.
Онда қауымдастыққа мүшелік міндетті (mandatory, unified, or integrated bar).
32 штат және Колумбия округі адвокаттық практикамен айналысу үшін штат қауымдастығына мүшелікті талап етеді. Мысалы Техас штатының Заңгерлер қауымдастығы (State Bar of Texas) Техас Жоғарғы Сотының әкімшілік бақылауында және штат аумағында заңгерлік қызметті практикалауға лицензиясы бар адамдар тұрады. Техас платасының заңгерлер қауымдастығында дербес мүшелік қағидаты бар. Басқа мысал – Калифорния штатының қауымдастығы.
Ерікті мүшелігі бар қауымдастық (Voluntary and private bar associations).
Заңгерлердің жеке ұйымы болып табылады. Ұйымның әр қайсысында білім беру функциясы бар, бірақ заңгерлік практика аспектілерін немесе заңгерлердің қызметпен айналысу құқығын реттеймейді.
Міндетті заңгерлер қауымдастығы көзделмеген әрбір 18 штатта ерікті мүшелігі бар қауымдастық бар. Географиялық қағидат бойынша, құқықтың мүдделі қағидаты бойынша (Chicago Bar Association) не этикалық тиістілік қағидаты бойынша (Hispanic National Bar Association) ұйымдастырылатын қауымдастықтар бар.
Заңгерлердің Америкалық қауымдастығы (бұдан әрі – ЗАҚ) АҚШ-тағы ерікті мүшелігі бар ірі қауымдастық болып табылады.
ЗАҚ қызметіне ұжымдық мүшелік құқығында заңгерлердің шамамен 35 мамандандырылған ұйымы қатысады (мысалы, Соттар қоғамы, Генералды аттонерлердің ұлттық қауымдастығы, Қылмыстық істер бойынша адвокаттардың ұлттық ақуымдастығы, Әйел-адвокаттардың ұлттық қауымдастығы).
ЗАҚ-ға мүшелік мүшеліктің әртүрлі санаттары арқылы барлық адамдар үшін ашық: лицензияланған адвокаттар, шетелдік адвокаттар және АҚШ-та лицензия алмаған заңгерлер, заң факультетінің студенттері (заң мектептерінде, аккредиттелген ЗАҚ-та оқитын оқушалыр), осы салаға қызығушылық танытқан заңгер еместер (экономистер, заң әдебиеттері бөлімдеріндегі кітапханашылар).
ЗАҚ-та ұсынымдық сипатқа ие кәсіби этика қағидалары қабылданған. Аталған қағидаларды Калифорния штатын қлспағанда барлық штаттар қабылдады. Мүшелік ақылы болып тбылады, жарна мөлшері еңбек өтіліне байланысты.
Швецияда адвокаттар қауымдастығы Іс жүргізу кодексімен (Code of Judicial Procedure) және үкімет бекіткен дербес Жарғысымен реттеледі. Қауымдастық мүшелері ғана адвокат атағына ие болады. ҚАуымдастық мақсаты заңгерлік кәсіпте жоғары этикалық және кәсіби стандарттарды ұстану, өз мүшелерінің жалпы кәсіби мүдделерін қорғау және мүшелер арасындағы бірлік пен консенсусты сақтау болып табылатын жеке құқық шеңберіндегі қауымдастық болып табылады.
Нидерланды Заңгерлернің қауымдастығы (Nederlandse orde van advocaten, NOVA) заңгерлердің кәсіби ұйымы болып табылады.
NOVA Адвокаттар туралы 1952 жылғы 1 қазандағы заңмен (Advocatenwet) құрылған. NOVA жұмсаған барлық шығыстарды адвокаттар жыл сайынғы мүшелік жарна салу арқылы төлейді.
Нидерланды юрисдикция соттарына сәйкес он бір сот окургтеріне (өңірлеріне) бөлінген. Адвокаттар сот округінде кеңес пен төраға басқаратын жергілікті қауымдастық құрады. Жергілікті алқа сот округіндегі барлық адвокаттарды қадағалауға жауап береді.
11. Заң жбасын іске асыруға байланысты болшамды қаржылық шығындар
Аталған заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаражат талап етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |