Консалтингтік қызмет көрсету ақпараттық ЖҮйесін бағдарламалық Қамтамасыз ету



жүктеу 0,59 Mb.
Дата19.01.2020
өлшемі0,59 Mb.
#27087

УДК 004.415.2.041
КОНСАЛТИНГТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Ибраимова А.К., Сембина Г.К.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Кез-келген мекемеге арналып құрылатын ақпараттық жүйені (АЖ) жобалау алдында автоматтандыру объектісінің бизнес-процесіне толық талдау жүргізу қажет. Бизнес-процестерді талдау дегеніміз – кәсіпорын жұмысының негізгі өндірістік және қосымша процестерін формалдау немесе анықтау мақсатында оны толық зерттеу. Мекеме бөлімшелерінің орындайтын түрлі функцияларының тізімі немесе мекеме қызметінің моделі бизнес-талдаудың қорытынды нәтижесі болып табылады. Бұл тізімге тек функциялар ғана емес, олардың әрқайсысының нәтижесі және ақпараттық ағындар кіреді. Кәсіпорынның бизнес-процестерін терең және әр қызметкерге дейін орындаған дұрыс.

Бизнес-процестерді талдау мақсаты – процесс, процедура, құрылымдарды ары қарай тиімдеу мақсатымен мекеме жұмысының нақты көрінісін алу. Кәсіпорын жұмысын бизнес-талдау автоматтандырудың алғашқы кезеңі болып табылады [1].

Консалтингтік қызмет көрсететін мекеменің бизнес-процестерін талдау жұмысына тоқталайық. Мекеме басқа кәсіпорындардан, жеке клиенттерден келіп түсетін тапсырыстар бойынша бағдарламалық қамтамалар құру қызметін көрсетеді. Тапсырыс бойынша бағдарламалық өнімдерді құру кезінде орын алатын процестерді талдай келе, осы процестерде қолданылатын құжаттар тізімін құруға болады:


  1. бағдарлама құрастыруға сұраныс;

  2. бағдарлама құрастыруға ұсыныстар;

  3. бағдарлама құрастыруға келісім-шарт;

  4. техникалық тапсырма;

  5. күнтізбелік жоспар;

  6. инженер-бағдарламашының аралық есебі;

  7. бағдарлама құрастыру тобының жиынтық есебі;

  8. анықтамалық құжатнама;

  9. кабылдау-беру актілері.

Мекеменің бизнес-процестерін талдау және мекеме бөлімдері арасында ақпарат алмасу схемасын құру барысында жұмыс істеу тиімділігін арттыруда бағдарламалық қамтама құруды есепке алу ақпараттық жүйесін өңдеу қажет деген шешім қабылданды. Ақпараттық жүйені құрудың маңызды сатысына бағдарламалық қамтамасыздануды жобалау мен құру жатады.

Ақпараттық жүйенің бағдарламалық жабдығы деп ЭЕМ техникалық эксплуатация мен пайдалану үшін арналған үнемі қолданыстағы бағдарламалар, олардың қолданысы бойынша сипаттамалар мен нұсқаулар жиыны аталады.

Кез-келген бағдарламалық қамтаманы құру кезінде өте көп ұйымдастыру жұмыстары орындалады: бағдарлама құрастырушылар тобын құру; жұмыстарды бөлу; күнтізбелік жоспарды құру және жұмыстың орындалу барысын бақылау. Барлық қажетті ақпарат жүйелендіруді және ретпен сақтауды, ал бағдарлама құру процесі автоматтандыруды талап етеді [1].

Консалтингтік қызмет көрсету ақпараттық жүйесі «клиент-сервер» сәулетті болады, бұл сәулет деректер қорымен жұмыс істеудің көптеген мүмкіндіктерін ұсынады.

Деректер қорын құру және онымен жұмыс істеу амалдарын автоматтандыруда 1С:Кәсіпорын автоматтандыру жүйесі қолданылды. 1С:Кәсіпорын мекемедегі кез-келген бөлім жұмыстарын автоматтандыруға арналған. 1С:Кәсіпорынға ақпаратты енгізу автоматтандырудың әр түрлі деңгейі арқылы ұйымдастырылған [2]:



  1. амалдарды қолдан енгізу режимі;

  2. типтік амалдар режимі;

  3. құжаттарды автоматты түрде құрастыру режимі.

Қазіргі кезде 8.0 версиясы кең тараған. Негізгі модульдерден 1С-Кәсіпорынды, конфигураторды, Мониторды атап кетуге болады.

Бағдарламалау жүйелері. Функционалдық есептер кешенінің бағдарламалық қамтамасыздануын, сондай–ақ, бағдарламалау жүйелері де құрайды. Бағдарламалау жүйелері – бұл бағдарламамен белгілі бір бағдарламалау тілінде жұмыс істеуге арналған құралдар кешені. Бағдарламалау жүйелері жеке компьютерлік қолдану бағдарламаларын жасау үшін арналған, бағдарламалық модульдердің өзара байланысын қамтамасыз етеді. Бағдарламалау жүйесі ретінде 1С:Кәсіпорынға кірістірілген 1С тілі қолданылды.

1С:Кәсіпорын жүйесінің орнатылған тілі қолданбалы есептер қызметінің алгоритмдерін сипаттау үшін арналған.

Мекеме қызметкерлерімен құрылатын бағдарламалық өнімдерді есепке алудың мәліметтер қорын деректермен толтыруда анықтамалар және құжаттар деп аталатын элементтер қолданылады.

Анықтама дегеніміз біртекті мәнді элементтердің тізімдері, нормативті-анықтамалық ақпараттарды сақтауға арналған. Құжаттар түрлі амалдар жайлы ақпаратты енгізуге арналған [2, 3].

Мекеме қызметкерлерімен құрылатын бағдарламалық өнімдерді есепке алу жүйесінің анықтамаларының тізімі 1-суретте келтірілген. Кез-келген анықтаманы таңдап (мысалы, «Организации-Мекемелер») активтегенде анықтаманың ішкі беттерін және жиектерін көруге болады (Сурет 2).



Сурет 1. Анықтамалар түрлері

Сурет 2. «Организации-Мекемелер» анықтамасының түрі
Анықтамадағы ақпарат бірнеше ішкі беттерде орналасқан. Терезеде тапсырыс берген жаңа мекеме туралы ақпарат енгізуге, оны жөндеуге, сақтауға, баспаға беруге болады. Анықтаманың «Конфигуратор» режиміндегі құрылымы 3-суретте келтірілген.


Сурет 3. «Организации» анықтамасының құрылымы
Құрылатын жобалар туралы негізгі ақпарат журналдар ретінде ұйымдастырылған. Құжаттар мен журналдар - 1С:Кәсіпорын жүйесінің метамәндер объектілері болып табылады. Құжаттар - жетілдірілген шаруашылық операциялар жайлы ақпаратты енгізуге арналған Бағдарламаға арналған құжаттар негізгі менюдегі «Операции» командасының құрамына енгізілген. Команда құрамы және журналдар тізімі 4-суретте көрсетілген.

Бағдарлама жұмысында есеп берулер құрылған. Есептер - шығу ақпаратын алатын құралдар. Есептерді құруға арналған мәндер көзі құжаттар, анықтамалар және регистрлер болып табылады, сонымен қатар константаларда сақталатын ақпарат пайдаланылады [3].



Құрылған бағдарламалық жабдық онымен жұмыс істеуге тез қалыптасатындай етіп жасалған. Бағдарлама MDI (Multiple Dialodg Interface) интерфейстерімен жұмыс жүргізеді, яғни бағдарламалық жабдық бір басты және бірнеше қосымша терезеден құрылған.



Сурет 4. Бағдарламадағы журналдар тізімі


Есептеуіш техникасы мен ақпаратты тарату жүйелерінің қарқынды дамуымен қатар оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету де аса өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Әртүрлі саладағы ұйымдар мен кәсіпорындардағы құпия ақпаратты сақтауға аса көңіл бөлінеді. Ақпаратты қорғау – ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін алудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезі қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, бағдарламалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады. Ақпараттық қауіпсіздік режімін қалыптастыру кешендік мәселе болып табылады. Оны шешу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық, бағдарламалық және техникалық шаралар қажет [4].

1С:Кәсіпорын жүйесінде ақпараттық қауіпсіздік шаралары келесі түрде ұйымдастырылған:



  • бағдарламаны іске қосу барысында идентификация және аутентификация амалдары орындалады,

  • бағдарлама администраторы өз тарапынан қолданушыларға құқықтарды орнату, алып тастау тәрізді амалдарды орындап отырады.

1С:Кәсіпорын бағдарламасының негізгі менюінде орналасқан «Администрирование» командасы ақпараттық жүйеге қолданушылардың қатынау құқығын орнатып, өзгертуге, қолданушы тізімдерін құру және баптау амалдарын орындауға мүмкіндік береді [2, 3, 4].



Ақпараттық жүйенің құрылған бағдарламалық қамтамасы мекеменің қызмет көрсету деңгейін жақсартуға және еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер


  1. Вендров А.М. Проектирование программного обеспечения экономических информационных систем. - М.: Финансы и статистика, 2006.

  2. Байдаков А.В., Борун А., Федоров Б. Конфигурирование и работа в программе 1С: Предприятие. – М.: Фирма 1С, 2005.

  3. Радченко М. 1С:Предприятие. Практическое пособие разработчика. Примеры и типовые приемы. – СПб.: Питер, 2009.

  4. Хорев П. Б. Методы и средства защиты информации в компьютерных системах. – СПб.: Питер, 2005.

жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау