Қазақстан Республикасының «Заң көмегі туралы» Заң жобасының тұжырымдамасы Заң жобасының атауы: «Заң көмегі туралы»


Заңгерлердің біліктілігін арттыру рәсімі



жүктеу 0,68 Mb.
бет3/4
Дата30.05.2018
өлшемі0,68 Mb.
#18429
1   2   3   4

Заңгерлердің біліктілігін арттыру рәсімі

Құрама Штаттарда заңгерлердің біліктілігін арттыруға (Continuing Legal Education, CLE) немесе аккердиттеуге қойылатын талаптарға қатысты жалпы ұлттық қағидалар жоқ. Әрбір юрисдикция заңгерлер қызметін қалай реттеу керек екені туралы өз бетінше шешім қабылдайды. Бұл өкілеттік, әдетте әрбір юрисдикцияның Жоғарғы сотына жүктеледі және арнайы комиссияларға немесе заңгерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі кеңестерге бөлінеді.

Дегенмен, АҚШ юрисдикцияларындағы CLE бағдарламасының бірдей болуына ықпал ету үшін әртүрлі күштер қолданылды. Мысалы, Заңгерлердің Америкалық қауымдастығы (АВА) жекелеген юрисдикциялар үшін CLE үлгілік қағидалар жариялады5. Бұл құжатты көптеген штаттар қабылдады және осы штаттардың жұмыс істейтін заңгерлерін ұзақтығы 15 сағат біліктілікті арттыру жөніндегі курстан жыл сайын өтуін міндеттейді.

Осындай ұқсас түрде Заңгерлердің біліктілігін арттыру басшыларының қауымдастығы (CLEreg) CLE-ға бірыңғай өтініш, CLE-ға қатысудың бірыңғай сертификациясын және CLE қашықтықтан оқыту глоссарийін құрды. CLEreg сондай-ақ, CLE бағдарламаларын басқаруда өзінің мүшелеріне көмектесу үшін CLE нұсқамасын құрды.

Штаттарда заңгерлік біліктілікті (CLE) арттырудың міндетті талаптарымен заңгерлер белгіленген кезеңнің ішінде бағдарламаның ең төменгі кредиттерін (сағаттарын) алуы тиіс. Бұдан басқа, кейбір юрисдикцияларда нақты бір тақырыптар бойынша (мысалы, этика (деп), салыстырмалы құқықтану, тәуелділікті жою, кәсіби жауапкрешілік, базалық дағдылар, психикаға әсер ететін заттарды шамадан тыс тұтыну, қызметті жағдайын асыра пайдаланудың және заңгер мен клиенттің арасындағы даулардың алдын алу) CLE кредиттерінің ең төменгі көлемін талап етіледі.

АҚШ заңгерлері әдетте тәжірибелі заңгерлер ұсынған заңгерлік даярлықты аяқтай отырып, CLE кредиттерін алады. Оқыту құқықтық теория сияқты заңгерлік практикадағы тәжірибені қамтуы мүкін. Әдетте, құзыреттілікті тексеру біліктілікті арттыру курсынан өту уақытында талап етілмейді. Оқу материалдарын таңдау ауқымды және нақты бір заң саласына қолжетімді ең заманауи және озық ойды ұсынуы мүмкін. Көбіне CLE кредиттерінің бөлігі оқу және өз бетінше зерделеу арқылы алынуы мүмкін. Соңғы жылдары көптеген юрисдикциялар енді заңгерлерге онлайн режимінде және аудижазбаларды тыңдау арқылы өткізілетін қашықтықтан оқыту крустарының шеңберінде CLE кредиттерін алуға мүмкіндік береді.

Балама ретінде тәжірибелі заңгерлер Нью-Йорк сияқты кейбір юрисдикцияларда жария сөз сөйлеулер немесе CLE аккредиттелген бағдарламаларына оқыту; CLE аккредиттелген іс-шараларының панелді таныстырылымдарын ұйымдастыру немесе қатысу; заңгерлік мектептердің аккредиттелген Заңгерлердің Америкалық Қауымдастықтарында заңгерлік курстарда сабақ беру; студенттерді, оның ішінде орта мектеп немесе колледж деңгейінде юриспруденция бойынша конкурсқа және осы конкурсқа қазылық етуге даярлау; заңгерлік зерттеулерді жарияланымдар арқылы; сондай-ақ, тегін заңгерлік қызметтер ұсыну арқылы CLE кредиттерін ала алады.

Заңгерлердің Америкалық қауымдастығы, Заңгерлердің Федералды қауымдастығы сияқты жекелеген штаттардың заңгерлер қауымдастығы, ұлттық заңгерлер ұйымы жыл бойы біліктілікті арттыру мүмкіндігін ұсынады. Сондай-ақ, біліктілікті арттыру Практикалық заңгерлік институт (PLI), Заңгерлік біліктілікті арттыру жөніндегі Америка заң институты (ALI-CLE), Америка және халықаралық құқық орталығы (CAIL) және Америка және Талмуд құқығы институты (IAT Law), сондай-ақ жеке коммерциялық ұйымдар сияқты заңгерлік мектептердің, қауымдастықтардың және топтардың базасында ұйымдастырылады. Курстар әдеттегідей барлық заңгерлер (кейде заңгер еместер) үшін ашық, бірақ ұйымдар өзінің мүшелеріне жиі жеңілдіктер ұсынады. Соңғы уақыттарда, CLE тегін бағдарламаларын ұсыну мен жылжытудың үрдісі бар.

Ұлыбританияда заңгерлер қызметі 2007 жылғы Заңгерлік қызмет туралы заңмен реттеледі6. Continuing Professional Development (CPD) деп аталатын үздіксіз кәсіби даму бағдарламасы барлық кәсіптер үшін, оның ішінде заңгерлер үшін міндетті болып табылады. Практикадағы заңгерлер Солиситорлар қызметін реттеу жөніндегі басқармаға өздерінің біліктіліктігін арттыру туралы жыл сайын хабарлауы тиіс. Бұл Басқарма осы талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету үшін құралдар ұсынады. Практикадағы заңгерлер кемінде 12 сағаттық курстық жұмысты және 50 сағаттық дербес білім алуды жыл сайын орындауы тиіс.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, Солиситорлар қызметін реттеу жөніндегі басқарма Англия мен Уэльстің практикадағы заңгерлері және тіркелген куропа заңгерлері үшін біліктілікті арттырудың (Continuing Competence) жаңа міндетті бағдарламасын енгізді. Енді заңгерлерге өздерінің білім алатын сағаттарын есептеу қажеттілігі жоқ, керісінше өзінің құқықтық саласында құзыретті болу үшін алған білімнің сапасы мен бағытына көп көңіл бөле алады. Жаңа тәсіл заңгерлерге оқыту тәсілін өз бетінше таңдауға және өзінің біліктілігін арттыру үшін қандай білім қажет екенін шешуге мүмкіндік береді. Солиситорлар қызметін реттеу жөніндегі басқарма сайтында өз бетінше білім алуға, өз білімін тексеруге және бағалауға арналған толық нұқсаулық пен құралдар бар, одан кейін өз нәтижелерін сақтауға және біліктілікті арттырудан өткені туралы ресми жазбаша хабарлауға болады7. Одан кейін заңгерлер қызметін реттейтін орган осы заңгердің құзыреттілігіне көз жеткізу үшін курстан өту нәтижелерін сұрата алады.



Аустралия мен Канадада қағидалар юрисдикцияға (яғни ауылдар мен аумақтарға) қарай ауытқып отырады. Мысалы, Альбертте (Канада) жыл сайынғы оқыту жоспарын талап ететін міндетті үздіксіз кәсіби даму (CPD) бағдарламасы қолданылады. Заңгерлер өз жоспарларын әзірлейді және жыл сайын Альберттің Заңгерлер қоғамына олардың орындалғаны туралы хабарлайды. Альберттің Заңгерлік білім беру қоғамы осы талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етуге арналған құралдарды ұсынады.

Онтариода 2010 жылы негізін қалаған Жоғарғы Канаданың Заңгерлер қоғамы ауылдардың барлық заңгерлері үшін CPD міндетті сағатын белгіледі.

Британ Колумбиясында (Канада) міндетті болып табылады және адвокаттар жыл сайын Британ Колумбиясының Заңгерлер қоғамына біліктілікті арттыру туралы хабарлауы тиіс. Британ Колумбиясының үздіксіз заңерлер білім беру қоғамы осы талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету құралдарын ұсынады. Практикадағы заңгерлер кемінде 12 сағаттық курстық жұмысты және 50 сағаттық дербес білім алуды жыл сайын орындауы тиіс.

Өздерінің бүкіл мансабы бойына заңдарды білу мен юриспруденцияда білім алуда артта қалмауын, кәсіби этиканы (әдепті) сақтауын және құқықтық практика стандарттарын арттыруын (1-қағида, Bar Matter № 850 – Филиппиннің Жоғарғы соты) қамтамасыз ету үшін Филиппиннің Бірлескен кеңесі (IBP) мүшелерінен үнемі біліктілікті арттыруын талап етеді.



Германия Заңгерлерінің федералды қауымдастығы Адвокаттардың федералды алқасымен бірлесіп, неміс заңгерлерінің біліктілігін арттыруға жауапты.

«Pro bono» заңгерлік көмегін ұсыну

«Pro bono» сөзі «pro bono publico» деген латын сөзінен шыққан, ол «қоғамның қолайлылығы үшін» дегенді білдіреді. Заңгерлік мән мәтінде ол әдетте тегін негізде немесе коммерциялық табысты күтпей айтарлықтай азайтылған ақылы негізде заңгерлік қызметтер ұсынуды білдіреді.

2016 жылғы талдауға сәйкес Томсон Рейтер медиа компаниясы жүргізген 75 елдің заңгерлік фирмаларының арасында заңгерлік компаниялардың pro bono қызметіне қатысуының негізгі мақсаты әлеуметтік қолдау (95,5%) болып табылады, сонымен қатар 58,8%-ы өз персоналын оқыту және білкітілігін арттыру қатысудың түйінді факторы болып табылатынын айқындады.

Көмек көрсетудің ең таралған саласы әділеттілікке қолжеімділікті қамтамасыз ету болып табылады (68%). Рro bono көмегін негізгі алушылар қайырымдылық ұйымдар (89%) және коммерциялық емес ұйымдар (74%), қоғамдық ұйымдар, зәру адамдар (73%) болып табылады.

Заңгерлік көмек ұсыну саласындағы шетелдік доктринада «қоғам үшін» деген 2 тұжырымдама бөлінген: prodeo және pro bono. Екі тұжырымдаманың арасындағы негізгі айырмашылық prodeo сот үзіндісінде, адвокаттың қызметіне ақы төлеуді мемлекет ішінара немесе толықтай өзіне алған жағдайдан, prodeo заңгерлік қызметін адвокаттар немесе заңгерлік фирмалар ақысыз негізде көрсеткен жағдайдан тұрады.



Аустралия Pro bono орталығы «pro bono заңгерлік қызметтері» түсінігіне мыналарды қосады:

1. Мыналар:

а. Заңгерлік көмекке қажеттілікті негіздей алатын, бірақ заңгерлік көмек ала алмайтын немесе өзгеше тәсілмен қаржылық қиындықтарды бастан өткермей әділеттілікке қолжетімділік ала алмайтын адамдар; немесе

б. Қоғамдық мүддені ұсынатын мәселе туындайтын жеке немесе заңды тұлғалар; немесе

с. Қоғамның аз қамтылған немесе осал мүшелерінің мүдделерін ұсынатын қайырымдылық ұйымдар немесе басқа да коммерциялық емес ұйымдар үшін заңгерлік көмекті тегін немесе айтарлықтай азайтылған ақы төлеу бойынша ұсыну немесе өз қызметін қоғамның қажеттілігі үшін жүзеге асырады (for the public good);

2. Заңнамаға реформа және қоғамның аз қамтылған немесе осал мүшелерін қозғайтын мәселелер бойынша немесе қоғамның мүддесін ұсынатын мәселелер бойынша саяси жұмыс жүргізу;

3. Қоғамның аз қамтылған немесе осал мүшелерін қозғайтын мәселелерінде немесе қоғамның мүддесін ұсынатын мәселелерінде тегін құқықтық білім беруге қатысу; немесе

4. Адвокаттарды қоғамдық ұйымға іссапарға жіберу.

Қызметтің мынадай түрлерін Аустралия Pro bono орталығы «pro bono заңгерлік қызметтеріне» жатқызбайды:

1. кез келген адамға заңгерлік көмекті тегін немесе оның осы заңгерлік көмекке ақы төлей алатынына немесе оның ісінің қоғамдық мүддені ұсынатынына қарамастан, төмендетілген баға бойынша ұсыну;

2. салдарынан қарапайым баға бойынша қызметтерге ақы төлейтін клиенттерге тегін бастапқы консультация;

3. мемлекеттің заңгерлік көмек желісі бойынша ұсынылатын заңгерлік көмек;

4. одан әрі коммерциялық пайда алу мақсатында жүргізілетін спекуляциялық жұмыс;

5. мәдени және спорттық іс-шараларға демеушілік, бизнесті және басқа да маркетингтік мүмкіндіктерді жылжыту мақсатындағы жұмыс;

6. қайырымдылық.

Адвокаттарға Нидерландыда тегін заңгерлік қызметтер (яғни pro bono заңгерлік қызметтерін) ұсынуға рұқсат етілген. Адвокаттар олардың қызметтерінен ҚҚС алуға міндетті емес және заңгерлерден ең төменгі тарифтер алуды талап ететін бәсекелестік қағидалары жоқ. Негізінен Нидерландыда ұйымдар pro bono заңгерлік қызметтерді алушылар, жеке тұлғалар prodeo заңгерлік қызметтерді алушылар болып табылады. Рro bono қызметтерін ірі заңгерлік фирмалар басымдықпен ұсынады.



Португалия заңгерлік фирмалары әдетте әлеуметтік, мәдени немесе білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар үшін тегін заңгерлік көмекке ие болады. Заңгерлік фирмалар өздерінің фирмалық веб-сайттарында pro bono бағдарламаларына арналған парақшалар және бағдарламаларға қатысатын заңгерлердің байланысатын ақпараттарын көрсетеді.

Норвегияда pro bono заңгерлік көмегінің негізгі қызмет берушілері жеке практикадағы адвокаттар болып табылатын өзге жағдай қалыптасты. Адвокаттарға қолжетімділікті жеңілдету мақсатында Адвокаттар ұлттық алқасы айына бір реттен аптасына 30 минуттың ішінде бір ретке дейін орналасқан орнына қарай жергілікті адвокаттар алқасында pro bono қызметінің шағын көлемін ұсынады.

Францияның заңгерлік лексиконында Американың pro bono терминологиясы жоқ. Францияда assistance «juridique gratituite» (free legal assistance) – «тегін заңгерлік көмек» және assistance benevole (benevolent assistance) – «қайырымдылық көмегі» терминдері бар. Құқықтық көмектің Француз үлгісі құқықтық қызметтер екі жаққа да тегін болып табылатын жалпыға бірдей pro bonо моделінен ерекшеленеді. Француз моделінде заңгерлерге мемлекет қаражатынан аздаған ақы төлеу көзделген8.

Италия құқығының практикасында бұрын pro bonо заңгерлік көмегі түсінігі болған жоқ. Бірақ халықаралық корпорациялар өкілдіктерін дамыту италия құқығына түзетулер енгізді. Италияда «patrocinio a spese dello stato» – “мемлекет арқылы өкілеттік” түсінігі қолданылады, онда мемлекет сот өндірісінде қажет ететін адамдарға өкілдерге ақы өлеу бойынша міндетті өзіне алады9.

Израиль заңнамасында «заңгерлік көмек» терминін пайдалану «pro bonо» терминіне эквивалиентті келеді. Заңгерлер Израильдегі заңгерлік көмектің үш санатын бөледі: 1) мемлекет демеушілік ететін заңгерлік көмек; 2) коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдар демеушілік ететін; 3) жеке адвокаттарға көмек шеңберінде10.

Армения Республикасы Конституциясының 40-бабында әр қайсының заңгерлік көмек алуға құқығы бар және егер, заңда көзделсе, заңгерлік көмек тегін көрсетіледі деп жазылған. «Адвокатура туралы Армения Республикасының Ұлттық Заңына ұқсас тегін көмек алу қағидалары белгіленетін және реттелетін free legal aid» – «тегін заңгерлік көмек» тұжырымдамасы белгіленеді.

Заңгерлердің Америкалық қауымдастығының кәсіби мінез-құлық қағидаларының 6.1-бөлімінде әрбір адвокат ақысын төлей алмайтындарға тегін заңгерлік қызметтерді ұсынғаны үшін кәсіби жауапты болады. Бұл ретте, адвокат жылына кемінде тегін 50 сағат ұсынуға талпынуы тиіс. Осы міндеттерді орындау кезінде, адвокат:

(А) мыналарды:

(1) мүмкіндігі шектеулі адамдар немесе;

(2) бірінші кезекте мүмкіндігі шектеулі адамдарды қанағаттандыруға арналған мәселелер бойынша қайырымдылық, діни, азаматтық, қоғамдастық, үкіметтік және білім беру ұйымдары үшін комиссиясыз немесе ақы төлеуді күтпей заңгерлік қызметтердің ұсынылатын 50 сағатының айтарлықтай басым бөлігін қамтамасыз етуі; сондай-ақ:

(Б) мыналарды:

(1) азаматтық құқықтарды, азаматтық бостандықты немесе жария құқықтарды қамтамасыз етуге немесе қорғауға талпынып жүрген жеке тұлғаларға, топтарға немесе ұйымдарға, аталған мәселелер бойынша қайырымдылық, діни, азаматтық, қоғамдастық, үкіметтік және білім беру ұйымдарына қандай да бір ақы төлеусіз немесе айтарлықтай төмендетілген ақы төлеумен заңгерлік қызметтерді ұсыну, стандартты сот үзінділеріне ақы төлеу ұйымның экономикалық ресурстарын айтарлықтай қысқартқанда немесе ақы төлеу керек емес болған жағдайда олардың мақсаттарына ықпал ету;

(2) мүкіндігі шектеулі адамдарға айтарлықтай төмен бағамен заңгерлік қызметтерді ұсыну; немесе

(3) заңнаманы, құқықтық жүйені немесе заңгерлік кәсіпті жетілдіру жөніндегі іс-шараларға қатысу арқылы кез келген қосымша қызметтерді ұсынуы тиіс.

Бұдан басқа, адвокат мүмкіндігі шектеулі адамдарға заңгерлік қызмет ұсынатын ұйымдарға ерікті қаржылық қолдау көрсетуі тиіс.

Әрбір адвокат кәсіби мәніне немесе кәсіби жүктемесіне қарамастан, ақы төлей алмайтындарға заңгерлік қызмет ұсынғаны үшін жауапты болады. Заңгерлердің Америкалық қауымдастығы жыл сайын қызметтер көрсету үшін тегін 50 сағат ұсынады. Алайда Штаттар жергілікті қажеттіліктер мен жергілікті жағдайларға қарай жылдық қызмет көрсету (адвокаттың кәсіби уақытында пайызбен көрсетілуі мүмкін) сағаттарының көп немесе аз көлемі туралы өз бетінше шешім қабылдай алады.

Осылайша, мысалы Вирджиния Штатының Адвокаттар Алқасының Кәсіби Этика Қағидаларына сәйкес адвокат кәсіби қызметтерді (pro bono) тегін көрсету үшін өзінің жұмыс уақытының жоқ дегенде екі пайызын жұмсауы тиіс. Бұл қызметтерді мынадай салаларда көрсетуге болады: иелігі жоқтару туралы заң, азаматтық құқық және қайырымдылық ұйымдарының мүдделірін ұсыну туралы заң (Қағида 6.1.)11.


Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру

АҚШ-та әрбір 52 штатта дербес сақтандыру жүйесі бар. Бұл ретте, жеке сақтандыру моделі басым бөлікке ие. Орегон штатында ұжымдық сақтандыру жүйесі қолданылады.

АҚШ-та заңгердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру ерікті болып табылады. Кейбір америка штаттарында заңгерлер қауымдастығы коммерциялық сақтандыру фирмаларына айтарлықтай бәсекелестік туғызатын дербес сақтандыру компанияларын құрады, ол сақтандыру тарифтерінің мөлшеріне ықпал етеді.

Сондай-ақ, жосықсыз заңгерлік практикадан зардап шеккен клиенттерге өтемақы төлеу үшін заңгерлердің мүшелік жарнасы, арнайы резервтік қор есебінен сақтандыру ұйымдарын құру таралған12.

Соңғы жылдары штаттардың басым көпшілігі (Аляска, Оңтүстік Дакота) этика кодекстеріне заңгердің әлеуетті клиентке өзінің сақтандыру мәртебесін ашуды міндеттейтін қағидаларды бекітуде. Бұл қағиданың мәні айқын: заңгердің қате әрекеттермен келтірілген зияны үшін жауапкершілігі туралы клиенттің хабардарлығы, заңгерді таңдау және оған «қымбат тұратын істі» тапсыру кезінде маңызды фактор сақтандырылмаған13.

Адовкаттарға қолдану ретінде сақтандыру жүйесінде адвокаттардың жауапкершілігі шет елде жеке немесе жеке сақтандыру компанияларында адвокаттарды ұжымдық сақтандыру, міндетті және ерікті тәртіппенсақтандыру көзделгенін атап өту қажет.

Германияда адвокаттардың жауапкершілігін сақтандыру шектелген жағдайларда қолданылады, мысалы адвокаттар апелляциялық және кассациялық шағымдарды беруге кешіккенде, техникалық қателіктерге жол бергенде, және т.б., қорғанушылары шығынды өтеуі үшін сақтандыру компанияларына жүгіне алады.

Германияның заңнамасы бойынша адвокаттар абайсызда басқа адамдарға, ең алдымен өздерінің кәсіби міндеттерін орындау кезінде, өзінің сенімгерлеріне келтірген зиян үшін жауапты болады. Бұл ретте, адвокат шектеусіз, оның ішінде өзінің жеке мүлікмен жауапкершілікте болады.

Осылайша, Гермиания адвокаттарының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесінде адвокаттарды жеке сақтандыру ұйымдарында жеке сақтандыру көзделеді.

Адвокат кәсібін ұйымдастыру туралы 1991 жылғы Француз заңы оның кәсіби азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды көздейді (205, 206-баптар). Сақтандыру шарты нақты бір адвокатпен, адвокаттар тобымен немесе адвокаттық ұйыммен жасалуы мүмкін. Заңда сақтандырудың екінші түрі де көзделген – адвокаттың клиентке тиесілі (немесе соныкі болып табылатын) және кәсіби міндеттерін орындауға байланысты адвокатта болған құндылықтарды, мүлікті және құжаттарды адвокаттың жоғалту қаупі (207, 208-баптар). Сақтандырудың осы екінші түріне қолдану ретінде Заң клиенттің сақтандыру өтемін алу тәртібін белгілейді. Ол егер, адвокат ақы төлеуге қауқарсыз болғанда төленеді, ол адвокаттың хабарлама алған күннен бастап бір айдың ішінде құндылықтарды қайтару немесе шығындарды өтеу туралы клиент талаптарын адвокаттың орындамағанын куәландырады.


Адвокаттық қызмет

Ұлыбританияда адвокаттық қызмет Соттар және заңгерлік қызметтер туралы 1990 жылғы Заңмен (Courts and Legal Services Act 1990), Заңгерлік қызмет туралы 2007 жылғы Заңмен (Legal Services Act 2007), Солиситорлар туралы 1974 жылғы актімен (Solicitors Act 1974) реттеледі.

Сот рәсімдеріне қолдану ретінде сот өндірісіне тараптардың өкілі ретінде (тараптар тікелей қатысқан кезде деген мағына) немесе қандай да бір тараптың орнына қатысу құқықғы берілген адам адвокат болып танылады.

Сотта сөз сөйлеу құқығы бар немесе мұндай құқықты алайын деп жүрген адам көрсететін қызметтер адвокаттық қызмет (көрсетілетін қызметтер) деп аталады. Бұл ретте, барристерді немесе солиситорды қлса алғанда, уәкілетті орган сотқа қатысу құқығын берген немесе мұндай органға мүше болып табылатын адам уәкілетті адвокат деп аталады.

Солиситорлар туралы 1974 жылғы Заңның 1-бабына сәйкес (Solicitors Act 1974) Англия мен Уэльсте солиситор ретіне жіберілген, тізілімге енгізілген және оның солиситор ретінде әрекет етуіне уәкілеттік берілген заңгерлік қоғамның сертификаты бар адам солиситор болып табылады.

Заңгерлік білімі бар, бір жыл заңгерлік практикадан өткен және тиісті емтиханды тапсырған адам солиситор бола алады. Бірақ дербес практиканы жүзеге асыру үшін солисторға практикалық тәжірибе алу үшін заңгерлік фирмада 2 жылдық еңбек өтілін алу қажет. Базалық азңгерлік білімі жоқ адамдар заңгерлік мамандықтардың курсынан өте алды, одан кейін осы схема бойынша солиситор біліктілігін ала алады.

Барристер біліктілігін алу үшін заңгерлік білімі болуы, барристердің біліктілік курстарынан (Bar Vocational Course) өту үшін сот мектептерінің (Inns of Court School) бірінде білім беру курстарынан өтуі қажет.

Барристерлер барлық инстанциялардағы соттарда сөз сөйлеу құқықтары бар адвокаттар болып табылады, олардың жұмысын Адвокаттар алқасының Бас кеңесі (General Council of the Bar) бақылайды. Сондай-ақ, барристер төрт қауымдастықтың (Inns of Court) бірінің мүшесі болуы тиіс.

Заңгердің кәсіби этикасының барлық қағидалары Solicitor’s Code of Conduct (версия 2007 жылғы нұсқасы 200 бет көлемінде, ал алдыңғысы – 700 бет көлемінде болды) сипатталған. Айтарлықтай жалпы тұжырымдама да бар – заңгер қоғамда заңгер кәсібінің мәртебесіне нұқсан келтіретіндей ештеңе жасамауы тиіс.



АҚШ-та адвокаттың сот өндірісіндегі құқықтық ережесін бекітетін нормативтік құқықтық акт жоқ. Қорғаушының мәртебесі қарапайым, құқықтан, кәсіби этика нормаларынан туындайды.

Адвокаттың сот өндірісіне қатысуының негізін қалаушы шарты АҚШ Клонституциясына VI (1791 ж.) түзетуде жазылған: «Қандай да бір қылмыстық тергеуде айыпталушының бұдан бұрын заңда белгіленген, қылмыс жасалған сол штаттың және округтің уәжсіз алқасоттарының жедел және жария сотына құқығы болады; айыпталушының айыптау мәні мен негіздемелері туралы хабардар болуына құқығы бар, оның оған қарсы көрсетілім жасаған куәлармен бетпе-бет кездесуге құқығы, куәлардың өз тарапынан мәжбүрлеп шақырғанына және өз тарапынан адвокаттың көмегіне құқығы бар».

Адвокат өз бетінше немесе екі-үш адвокатпен бірлесіп жұмыс істеуге құқылы. Америкалық адвокаттық қоғам үшін маңыздылығы бойынша негіз ірі адвокаттық фирмалар (елу адвокаттан астам) адвокаттық қызметтің нысаны болып табылады. Мұндай фирмалар әдетте қылмыстық істермен айналыспайды және корпорациялардің істерін басымдықпен жүргізеді. Мұндай фирмалардың меншік иелер серіктестер болып табылады. Серіктіс – ауқымды практикасы бар, ал нәтижесі ретінде – үлкен табыс және адвокаттық фирманың табыс бөлігі үшін құқығы бар адвокат, адвокаттардың екінші тобы – ассоциатордар, әдетте шағын дербес клиентурасы бар не мұндай мүлдем жоқ адвокаттар. Ассоциатр фирмадан пайда алады.

Әрбір штатта штат адовкаттарының қауымдастығы бар. Көптеген штаттарда адвокаттық практикаға жіберілген барлық адамдар үшін қауымдастыққа міндетті мүше болу белгіленген. Алайда, бір қатар штаттарда адвокаттық қызметпен айналысу үшін адвокаттар қауымдастығының мүшесі болу міндетті емес. Мұндай штаттарда адвокаттар қауымдастығы ерікті ұйым ретінде құрылады.

Заңгерлердің Америкалық қауымдастығы ерікті мүшелігі бар жалпы ұлттық адвокаттар ұйымы болып табылады.

Заңгерлер қауымдастығы таза кәсіби бірлестік болып табылады және ешқандай заңгерлік қызметті жүргізбейді.

Практикадағы адвокаттар ғана емес прокуратурада жұмыс істейтін адовкаттар, сондай-ақ заңгер консультант болып жұмыс істейтін адамдар да Адовкаттар қауымдастығының мүшелері болып табылатынын да атап өту қажет.

Федеративтік құрылғысына қарай әрбір штаттың дербес сот жүйесі бар және өзінің адвокаттарға қоятын талаптарын белгілейді. Анағұрлым жалпы талаптар мыналар болып табылад:

1) Заңгерлердің Америкалық қауымдастығы (American Bar Association) аккредиттеген университеттің құқық докторы дәрежесінің болуы;

2) Мэриленда, Пуэрто Рико және Висводан басқа барлық штаттарда Кәсіби жауапкершілікке кешенді тест тапсыру қажет (Multistate Professional Responsibility Examination (MPRE)). Тест заңгерлердің кәсіби жауапкершілігін қамтиды;

3) Кәсіби емтиханды үздік тапсыру (bar examination). Әдетте, бұл емтиханды штаттың Заңгерлер (адвокаттар) қауымдастығы штаттың Жоғарғы сотымен бірлесіп ұйымдастырады.

2015 жылғы шілдеден бастап 16 юрисдикцияға юрисдикцияға бөліктен тұратын Бірегейлендірілген адовкаттық емтихан енгізілді Uniform Bar Examination (UBE):

- Құқықтың 7 саласын қатмтитын, 200 сұрақтан тұратын кешенді тест (Multistate Bar Examination (MBE);

-Құқықтық әртүрлі саласы бойынша эссе дайындаумен кешенді жазбаша емтихан (Multistate Essay Examination (MEE);

-Кешенді практикалық тест (Multistate Performance Test (MPT), осы тесттің шеңберінде әрбір кандидат кәсіби тапсырманы орындауы тиіс. Қысқаша айтқанда кандидатқа талдау үшін іс (кейс), тапсырманы орындау үшін қажетті көздер (заңдар, преценденттер), сондай-ақ іске қатысы жоқ өзге де көздер беріледі.

4) Штаттың Заңгерлер (адвокаттар) қауымдастығынан жақсы моральдік сапаға ие болу туралы және заңгерлік практикаға жарамдылық туралы сертификат алу.

5) Заңгерлердің лицензиялауға уәкілетті мемлекеттік органға (штаттың органынан) өтінім беру, қажетті алымды төлеу. Мақұлдаған және лицензия берілген кезде, штатта заңгерлік практиканы жүзеге асыруды регламенттейтін қағидаларды сақтау туралы ант беріледі.

Штатта 2003 жылғы жағдай бойынша (қолжетімді көздерде бүгінгі күнге мәліметтер жоқ) елді практикаға жіберілген 1058662 заңгер болды, яғни 265 адамға 1 заңгер. Аталған санға соттардан бастап «кабинеттегі» немесе «ауыр» адвокаттарға дейін кәсібилікке мүше заңгерлердің адвокатура мұшесі болып табылатынының, заңгерлік білімінің барын және адвокаттық парктикамен айналысу құқығына бірдей патент алатының ықпал ететінін атап өту қажет.

Германияда адвокаттық қызмет Адвокаттар туралы 1959 жфлғф Германияның Федералды заңымен регламенттеледі.

Адвокаттық қызмет:

Адвокатская деятельность характеризуется:

- адвокаттық білімнің және адвокаттық палаталар қызетінің коммерциялық емес сипатымен;

-адвокаттардың жер платасына міндетті мүшелігімен сипатталады. Германияның Федералды палатасындағы жер палатасына мүше болу міндеттілігі.

Адвокаттар өз қызметін оны жүзеге асырудың сол немесе өзге нысаны арлықы іске асырады – ұжымдық немесе жалғыз ілікті. Ұжымдық нысандар жария құқықтың корпорациялары болып табылады.

Әрбір адвокат адвокаттық практикаға жіберілген жердің белгілі бір сотының немесе жердің жоғарғы сотының жанынан офис ашады. Басқа соттарда жұмыс істеуге рұқсат алуымүмкін, бірақ әділеттіліктің мүддесі үшін немесе ерекше жағдайда ған.

Адвокаттар алқасы аумақтық қағидат бойынша қалыптасады жәе бір округ шегінде сол бір жердің сотына бекітілген адовкаттарды біріктіреді.

Гераминядағы бар барлық адвокаттар алқасы бірыңғай Федералды алқаны біріктіреді. Ол өз құрамына елдің 28 өңірлік палатасын қамтиды. Ерешке алқаны арнайы комиссия қатаң іріктеуден кейін ГФР Әділет министрлігінің шешімі бойынша Жоғарғы Федералды сотында іс жүргізуге жіберілген адвокаттар құрайды.

Басқарма Палатаның жалпы жиналысымен және президиумымен жүзеге асырылады. Аталған органдарға елдің Парламентіне (Бундестаг) ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу арқылы заңнамалық проуеске қатысу құқығы берілуі олардың ерекшеліктері болып табылады.

Гераминяда адвокаттардың және олардың қоғамдастықтарының қызметін бақылау құқығы мемлекет атынан жердің әділет министрлігі (басқарам) ретінде әділет органдарына берілгені жөніндегі фактінің атап өту қажет. Олардың өкілдерінің заң жоғары оқу орындарына қатысуымен қорытынды мемлекеттік емтихан өткізіледі. Әділет министрлігі емтихан бағдарламасын әзірлейді, емтихан билеттерін жасайды, әдістемелік құралдар шығарумен айналысады және етихан комиссиясын құрады. Ол алқа қызметін де бақылайды, оның келісімінсіз белгілі бір өңірдің (жердің) аумағында екінші адвокаттар алқасын қалыптастыру мүмкін емес.

Германияда адвокат мәртебесін алу емтиханы жоқ, алайды Германияда заңгер білімін аду процесі ең қиын білім алудың бірі болып саналады. Адвокаттық қызметпен айналысуға ниетті барлық үміткерлерге екі мемлекеттік емтихан тапсыру қажет.

Бірінші мемлекеттік емтихан заң факультетін аяқтағаннан кейін тапсырылады және екінші мемлекеттік етихан сот қызметімен айналысуға даярлық практикасын аяқтағаннан кейін тапсырылады. Бірінші емтиан мамандану саласын қамтиды, ал екіншісі міндетті пәндер бойынша сұрақтарды қосады.

Германия адвокаттарына мынадай кәсіби функциялар жүктелген: На адвокатов Германии возложены следующие профессиональные функции:

1) заң сұрақтары бойынша кеңестер және консультациялар (ақпараттар) беру;

2) азаматтық процесте (сотта және соттан тыс органдарда) тараптар ретіндесөз сөйлейтін клиенттердің өкілдіктерін жүзеге асыру;

3) сотта және (немесе) тергеу органдарында қылмыстық іс бойынша айыпталушыны немесе сотталушының қорғау. Қылмыстық процестің шеңберінде адвокат жәбірленуші мүддесінің өкілі ретінде де сөз сөйлей алады;

4) клиентпен сенімгердің мүлікн басқаруға шарт жасасу құқығы;

5) жасалған шартқа сәйкес заңгер консультанттың функцияларын орындау (§ 43 BRAO, Адвокаттар туралы федералдық ереже).

Федералдық заңда «Адвокат өзінің кәсіби міндеттерін адал орындауы тиіс. Өз кәсібі шеңберінде де және одан тыс ол адвокат ережесі талап ететін құрмет пен сенімге лайықты болуы тиіс» деген этикалық нормалар мен қағидаларға үлкен мән береді.

Адвокатура туралы Федералды заңның §45 сәйкес Герамнияда мынадай жағдайларда киенттің тапсырмасын қабылдауға тиым салынады:

Согласно §45 Федерального закона об адвокатуре Германии запрещается адвокату принимать поручение клиента в следующих случаях:

- егер, одан талап етілетін әрекет адвокаттық қарызға (қызметке) қарама-қайшы болса;

- егер, сол бір іс бойынша консультация берген және қарсы тараптың мүддесін ұсынған болса;

- егер, сол бір құқықтық дауға ол бұдан бұрын сот, үштік сот, прокурор, ресми мекеменің өкілі ретінде қатысқан болса;

- егер, дайындаған кезде ол нотариус ретінде немесе ол өз адвокаттық практикасында кооперацияланатын адвокат ретінде қатысқан құжатты талқылау туралы сөз болса.

Германияда адвокат қызметіне ақы төлеу заңмен бекітілген және адвокаттың талқылау, талап арыз, кеткен уақытын есерке алу сомасына қарай гонорары ғана емес, осы заңда белгіленген басқа да жағдайларға, олардың қиындығына және құқық саласына тиістілігіне, құқық практикасында үлгілік және жиі кездесетін қажетті шығындарға байланысты белгіленетін кестелері бар қосымшаны қамтитын көрсетілімі (RVV Rechtsanwaltsvergütungsverzeichnis) бар ережеге (RVG Rechtsanwaltsvergütungsgesetz) сәйкес есептеледі.

Адвокаттың тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені ар-намыс соты қарайды.

Адвокатура туралы Федералды заңда адвокат үшін мынадай жауапкершіліктің түрлері белгілен: алдын алу, сөгіс, 25000 еуроға дейінгі мөлшерде айыппұл, бір жылдан бес жылға дейін адвокаттық қызметпен айналысуға тиым салу, адвокатурадан шығару.

Францияда адвокаттардың құқықтық ережесі «Кейбір сот және заңгерлік кәсіптердің реформасы туралы» 1971 және 1990 жылдардағы Заңмен және «Адвокаттар кәсібін ұйымдастыру туралы» 1991 жылғы Декретпен реттеледі.

Соңғы 20 жылда Фаранция адвокатурасы айтарлықтай өзгерістерді бастан өткеруде. 1971 жылғы 31 желтоқсандағы заң бойынша бір қатар адвокаттық кәсіптер (адвокат, сенімггер және коммерциялық соттардағы консультант-сарапшы) бірыңғай адвокаттық кәсіпке біріктірілді. 1992 жылы адвокатты және заңгер кеңесшіні жаңа және бірыңғай адвокаттық кәсіпке біріктіру болды.

Францияда «адвокат» термині атақты емес, практикадағы адамның кәсіби қызметінің түрін білдіреді. Сондықтан адвокат біліктілігі бар, бірақ адвокатурада жұмысын тоқтатқан кез келген адам, құқықтың басқа саласында жұмысын жалғастырып жатса да адвокат болып атала алмайды.

Қазіргі уақытта, сотта сөз сөйлеу құқығы бар адвокаттардың үш санаты бар: солиситорлар, барристтерлер және кеңес алдындағы барристерлер.

- Солиситорлардың бірінші инстанциядағы соттарда мүддені ұсыну құқығы бар.

- Барристерлердің – апелляциялық сотта.

- Кеңес алдындағы барристерлардың – кассациялық сотта және мемлекет кеңесінде мүддені ұсыну құқығы бар.

Адвокаттардың дербес жұмыс істеуге немесе басқа адвокаттармен серіктестік шартында бірігуге құқығы бар.

Қауымдастықтар және азаматтық-кәсіби серіктестік серіктестіктің анағұрлым кең таралған дәстүрлі нысандары болып табылады. Қауымдастық – бұл әр қайсысы өз клиентінің алдында дербес жауап беретін адвокаттар бірлестігі. Қауымдастық мүшесінің құқығы жеке сипатқа ие және берілмейді. ҚАуымдастық мүшелері өздерінің дербестіктерін толық көлемде сақтайды. Қауымдастық құру туралы шарт Адвокаттар қауымдастығының кеңесіне жеткізіледі. Азаматтық-кәсіби серіктестік заңды тұлға ретінде тіркелуге жатады және адвокаттар қауымдастығының тізіміне енгізіледі. Серіктестік мүшелері оның қарыздары бойынша ортақ және толық жауап береді. Әрбір азаматтық-құқықтық серіктестіктің клиентурасы жалпы айтқанда меншікке немесе серіктестіктің пайдалануына беріледі. Адвокат гонорар емес, жарғылық капиталға үлесіне сәйкес серіктестік түсімінен үлесін ғана ала алады. Ағымдық және өндірістік шығындарға серіктестік жауапты болады.

Францияда адвокат басқа адвокаттан жалдау арқылы жұмыс істей алады.

Адвокаттар Францияда қауымдастыққа (орденге) біріктірілген. Әрбір сот өңірінде бір ғана қауымдастық бар. 181 өңірлік сот бар және сәйкесінше адвокаттық қауымдастықтардың саны да соншалық. Әрбір қауымдастық өз қызметінің ішкі регламентін жасайтын және өз мүлікне ие тәуелсіз, дербес ұйым болып қалады.

Қауымдастық мүшелерінің (тағылымдамашыларды қоса алғанда) жасырын дауысымен екі жыл мерзімге сайланған төраға (le Battonier) адвокаттар қауымдастығының басы болып табылады. Төраға құзыретіне қауымдастықтың мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар алдындағы мүддесін ұсыну, адвокаттар арасындағы дауларды шешу, қауымдастық адвокаттарына тәртіптік жаза қолдану, қауымдастық қызметтеріне басшылық ету кіреді; ол қауымдастық кеңесінің төрағасы болып табылады.

Қауымдастық кеңесін (conseil de l’ordre) қауымдастық мүшелері (тағылымдамашыларды қоса алғанда) жасырын дауыс брумен үш жыл серзімге сайланады. Қауымдастық кеңесінің құзыретін қауымдастық қызметінің әртүрлі саласын басқару кіреді.

Франция адвокатурасы ұлттық деңгейде қауымдастық мүшелері сайлайтын адовкаттар қауымдастығының кеңесімен ұсынылған.

Францияның адвокаттар қауымдастығының негізгі қызметі адовкаттарды даярлау жөніндегі оқу орталықтарын үйлестіру, адовкаттар қоғамдастығын мемлекеттік органдар мен қоғам алдын ұсыну болып табылады. Сондай-ақ, адвокаттар қауымдастығының барлық кәсіптер үшін тәртіптік және этикалық нормалар жасауға құқығы бар.

Адвокаттарға қойылатын біліктілік талаптары 1971 жылғы 31 желтоқсандағы № 71-1130 заңның 11-бабында белгіленген:

– франция азаматтығының, не ЕО-мүше мемлекеттердің не еуропалық экономикалық кеңістік туралы келісім тарапы мемлекетінің азаматы болуы (1971 жылғы 31 желтоқсандағы № 71-1130 заңның 6-бабы), не ЕО мүше немесе еуропалық экономикалық кеңістік туралы келісім тарапы болып табылмаса да, бірақ Еуропалық экономикалық одаққатың мемлекеттері мен теңіз жағалауы аумақтарының топтарына қатысты ЕО Кеңесінің шешімін ескере отырып, оның азаматтары Франция аумағында кәсіби қызметтерін жүзеге асары алады деген шарт бойынша француздарға өз аумағында кәсіби қызметін жүзеге асыруға құқық берген мемлекеттің немесе аумақтық бірліктің азаматтығының болуы, не Францияның босқындар мен апатриодтарды қорғау бюросының қорғауындағы босқын немесе апатрид мәртебесінің болуы;

– 1дәрежедегі құқық мастері дипломының немесе осы дипломға эквивалиентті дипломының болуы;

– Адвокат мәрбетесін беру туралы сертификаттың болуы (le Certificat d’aptitude `а la profession d’avocat CAPA);

– ар-намысқа, әдептілікке немесе адамгершілікке қарама-қайшы болатын іс жасағаны үшін қылмыстық салдарға негіз беретін іс-қимыл субъекісі болып табылмау;

– жұмыстан шығару, мүшеліктен алып тастау, тіркеуді немесе лицензияны кері шақырту, жою түрінде тәртіптік немесе әкімшілік санкцияларды қолдану үшін негіз беретін іс-қимыл субъекісі болып табылмау;

– банкроттық рәсімге немесе ұйымды қайта ұйымдастыруға немесе сот тәртібінде таратуға қатысты 1985 жылғы 25 қаңтардағы №8598 Заңның VI тарауында көзделген өзге санкцияларға, немесе аталған заңның бұрынғы редакциясына сәйкес, сот рәсімі туралы 1967 жылғы 13 шілдедегі №67563 Заңның II тарауында көзделген, мүлікті тарату, жағдайдың болмауы және банкроттық санкцияларына ұшырамау.

Адвокаттық палатаның мүшесі болып табылмайтын адам адвокаттық қызметпен айналысуға құқылы емес. заңнамада берілген талаптарға сәйкес келетін адам адвокаттық палатаға мүшелікке қабылдау туралы шешім қабылдайтын кеңеске өтініш береді. Егер, адам орналасуы тиіс үлкен инстанция сотының сот округі шегінде кабинетке арналған үй-жайға ие болмаса, адвокаттарға қойылатын моральді-этикалық және өзге де талаптарға сәйкес келмесе Кеңес палатаға мүшелікке қабылдаудан бас тарта алады.

1991 жылғы Адвокат кәсібін ұйымдастыру туралы Француз Заңы оның азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды көздейді (205, 206-баптар). Сақтандыру шарты нақты бір адвокатпен, адвокаттар тобымен немесе адвокаттық ұйыммен жасалуы мүмкін. Заңда сақтандырудың екінші түрі де көзделген – адвокаттың клиентке тиесілі (немесе соныкі болып табылатын) және кәсіби міндеттерін орындауға байланысты адвокатта болған құндылықтарды, мүлікті және құжаттарды адвокаттың жоғалту қаупі (207, 208-баптар). Сақтандырудың осы екінші түріне қолдану ретінде Заң клиенттің сақтандыру өтемін алу тәртібін белгілейді. Ол егер, адвокат ақы төлеуге қауқарсыз болғанда төленеді, ол адвокаттың хабарлама алған күннен бастап бір айдың ішінде құндылықтарды қайтару немесе шығындарды өтеу туралы клиент талаптарын адвокаттың орындамағанын куәландырады.

Француз адвокатурасы үшін кәсіби этика және адвокаттың кәсіби құпиясы толассыз ағын болып табылады.

Кәсіби жтика қағидасы Францияның адвокаттар палатасының ұлттық кеңесі қабылдаған Ұлттық ішкі регламентте, сондай-ақ адвокаттардың өңірлік палаталары қабылдаған ішкі регламенттермен бекітілген.

Адвокаттың кәсіби этикасы қағидалары заңдарда бекітілген (адвокаттың антын қоса алғанда «Кейбір сот және заңгерлік кәсіптердің реформасы туралы» 1971 жылғы 31 желтоқсандағы Заңда және «Адвокаттар кәсібін ұйымдастыру туралы» 1991 жылғы 27 қарашадағы Декретте). Адвокаттың кәсіби этикасымен байланысты кейбір нормалар Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінде жазылған. Үкіметтің қаулыса да адвокаттардың кәсіби мінез-құлқы қағидаларын бекітеді.

Бұдан басқа, адвокаттық этика қағидалары жалпы еуропалық деңгейде реттелген. 1988 жылы ұсынымдық сипатқа ие Адвокаттың кәсіби этикасының Еуропалық кодексі қабылданды.

Адвокат кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде, қолданыстағы заңнамадарды, атап айтқанда адвокаттардың кәсіби этикасы кодексін басшылыққа алуы тиіс. Аталған кодекс адвокат ұстануы тиіс бірнеше қағидаттарды қамтиды: сыртқы ықпалдардан және оның кәсіби қызметіне керағар болатын өз мүддесінен тәуелсіз; кәсіби құпия; адвокаттар арасындағы вербальді және жазбаша байланыстың құпиялылығы; заңгерлік көмек көрсетуге немесе мүддесі қарама-қайшы болуы мүмкін екі сенімгердің мүддесін қорғауды жүзеге асыруға тиым салатын мүдделер қақтығысының қағидасы.

Келтірілген қағидаттарды бұзғаны үшін адвокат тиісті адвокаттар алқасының тәртіптік жауапкершілігіне тартылуы мүмкін.

Адовкаттың кәсібі тәуелсіз заңға жатқызылғандықтан, адвокаттың және оның клиентінің қаржылық қатынасына араласу шектеул3. Адвокат пен клиенттің арасындағы өзара қарым-қатынас ерікті мәміле болып табылады. Адвокаттар мәртебесі туралы заңның 10-бабы азаматтық іс жүргізу құжаттарын жасағаны және іс жүргузі қызметтеріне қатысқаны үшін тарифтер азаматтық іс жүргізу заңнамасымен белгіленеді деп көзделген. Консультацияға, сотта көмекке, кеңес беруге, куәлік етуді және қақтығыстарда сөз сөйлеуді талап етпейтін құжаттар дайындауға арналған гонорарлар клиентпен келісім бойынша белгіленеді.

Соңғысымен келісім болмаған кезде гонорар әдетте, клиентітң материалдық жағдайына, істің қиындығына, адвокаттың шығынына және т.б. қарай белгіленеді. Алайда, негізгі гонорарға клиент үшін сот шешімі оң болған жағдайда қосымша төлем төлеуге тиым салынбайды.

Алвокат пен клиенттің арасындағы гонорарға қатысты дауларды адвокаттар қауымдастығының басшысы шешеді.

Адвокаттар халыққа тегін заңгерлік көмек көрсетуге жұмыс уақытының бір бөлігін бөледі.

«Адвокаттық қызмет туралы» Грузия Заңның 21-бабында мынадай ант көзделген: «Әділетті ойларға адал болуға, адвокат қызметін ерікті және адал орындауға, Грузия Констиутциясы мен заңдарын, кәсіби этика, адам құқықығ мен бостандығы кодексін орындауға ант етемін». Егер, адам өзінің идеологиясы негізінде ант беруден бас тартса, онда ол анттың орнына адвокат міндетін заңда белгіленгендей ерікті орындауға тиіс екенін растай отырып, өтініш жазады. Ант бергеннен кейін (актіге қол қойғаннан кейін) адам адвокат мәртебесін және адвокаттық парктикамен айналысу құқығын растайтын куәлік алады.

«Адвокатура және адвокаттық қызмет туралы» Украина Заңының 11-бабында мынадай ант бекітілген: «Мен, (аты және тегі) өзімнің адвокаттық қызметінде құқықтың, заңдылықтың бикітік қағидаттарын, тәуілсіздікті және құпиялылықты, адвокаттық этика қағидаларын ұстана отырып, қорғауға адал да әділ құқықты қамтамасыз етуге және Украина Конституциясына және Украина заңдарына сәйкес құқықтық көмек көрсетуге, өзіме жүктелген міндеттерді жоғары жауапкершілікпен орындауға, антыма берік болуға салтанатты түрде ант етемін».

Украина, Молдова, АҚШ сияқты елдерде кіру жарналары көзделмеген. «Адвокатура және адвокаттық қызмет туралы» Украина Заңында адвокаттық өзін-өзі басқаруды іске асыруды қамтамасыз етуге арналған адвокаттардың жыл сайынғы жарналары ғана көзделген.

«Беларусь Республикасындағы Адвокатура және адвокаттық қызмет туралы» Беларусь Республикасының заңында да кіру жарналары көзделмеген, адвокаттардың аумақтық алқасын ұстауға арналған жарналар ғана көзделген.


жүктеу 0,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау