11. Нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындау,
рәсімдеу және келісу тәртібі, құқықтық мониторинг
Параграф 1. Агенттікпен әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің жобасын дайындау және рәсімдеу
140. Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президент Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің өкімдерінің, халықаралық ұйымдардың шешімдерінің, Төрағаның нормативтік құқықтық бұйрықтарының жобаларын (бұдан әрі - жобалар) дайындау Агенттік басшылығының шешімімен Агентіктің құрылым бөлімшелері немесе Ұлттық бюро 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы», 2005 жылғы
30 мамырдағы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы», 1997 жылғы 11 шiлдедегі «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының, Үкіметтің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларының, Үкіметтің 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулысымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларының және өзгеде нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың, Агенттік басшылығының тапсырмалары және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптары жобаларды дайындаудың негізі болып табылады.
141. Агенттік басшылығының шешімімен жобаны әзірлеуге және қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімше айқындалады
142. Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерімен немесе Ұлттық бюромен әзірленген жобалар, халықаралық ұйымдардың шешімдерінің жобалары
ЗД міндетті түрде келісуге жатады.
Жобалар ЗД келісілгеннен кейін тиісті мәселелерді жетекшілік ететін Төрағаның орынбасарына немесе оның құзыреті шегінде Агенттіктің аппарат басшысына келісуге және виза қоюға жолданады. Ұлттық бюроның уәкілеттілігіне жататын жобалар Ұлттық бюроның басшысымен келісіледі.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ЗД мен лауазымды тұлғалар жобаны 3 жұмыс күні ішінде қарайды және келіседі. Одан әрі жоба Төрағаға ұсынылады.
143. Төрағамен қажет болған жағдайда жобаны қарау және ұсынудың өзге тәртібі белгіленуі мүмкін.
144. Әзірленген қолжетімділігі шектеулі ақпараттан тұрмайтын заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобалары, оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен бірге (заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) құрылымдық бөлімшелермен ЗД ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына көпшілік талқылауына орналастыру мақсатында беріледі.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына жобаларды орналастыру оларды мүдделі мемлекеттік органдарға келісімге жібергенге дейін жүргізіледі.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталындағы жобалардың көпшілік талқылау мерзімі оларды орналастырылған күннен бастап он жұмыс күнінен кем болуы мүмкін емес.
Әзірленген жобалардың көпшілік талқылауы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы
№ 22 бұйрығымен (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13974 болып тіркелген) бекітілген Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына заң жобалары тұжырымдамаларының жобалары мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және оларды көпшілік талқылауы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
145. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасын, оны әзірлеген құрылым бөлімше немесе Ұлттық бюро Қоғамдық кеңеске жолдайды.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды беру үшін белгіленетін мерзім ол Қоғамдық кеңеске келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кем болмауы керек.
146. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасын сараптамалық қорытынды алу үшін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жібереді.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшін белгілейтін мерзім жоба Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кем болмауы керек.
147. Дайындалған нормативтік құқықтық актілердің жобалары заңнамада белгіленген өздерінің құзыретіне орай мемлекеттік органдармен немесе қарастырылатын мәселелердің нысанасы негізінде мемлекеттік органдар мен ұйымдармен келісіледі.
Бұл ретте заңдардың, Үкімет қаулыларының (Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің өкімдерінің), Төрағаның нормативтік құқықтық бұйрықтарының жобалары мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге мемлекеттік органдардың интранет-порталы (бұдан әрі – МО ИП) арқылы Төрағаның электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолдану арқылы куәландырылған электрондық құжат түрінде жолданады.
МОИП арқылы келісу кезеңдеріне жобаны әзірлеуші – орындаушы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, директоры (департамент директоры болмаған жағдайда –оны алмастырушы тұлға), келісуші құрылымдық бөлімшелердің басшылары, ЗД директоры немесе оны алмастырушы тұлға, жетекшілік етуші Төрағаның орынбасары немесе міндеттердің үйлестіруіне сәйкес Агенттің аппарат басшысы енгізіледі.
148. Жобаны әзірлеуге жауапты құрылымдық бөлімше нормативтік құқықтық актілер жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібере отырып, бір мезгілде Агенттіктің интернет-ресурсына қол жеткізу шектелген ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, жобаны, түсіндірме жазбаны және оған қажетті басқа да құжаттарды орналастырады.
Жауапты құрылымдық бөлімше әлеуметтік мәні бар Үкімет қаулы жобасын, оған мемлекеттік және орыс тілдерінде баспасөз релизін әзірлеген күннен бастап Агенттік интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етеді.
149. Жобаны бекітілген мерзімде сапалы әзірлеудің дербес жауаптылығыь әзірлеушіге (жобаны әзірлеген жауапты орындаушы, Агенттіктің құрылымдық бөлімшелердің, Ұлттық бюроның басшысылары) жүктеледі.
Агенттіктің орталық аппаратындағы жобалардың мемлекеттік және орыс тіліндегі мәтіндерінің дәлме-дәлдігін ӘД ҚАБ, Ұлттық бюрода осы өкілеттіліктер жататын құзыретті қызмет қамтамасыз етеді.
Жобаның дәлме-дәл аударылуына жауапты адам ішкі келісу парағына визасын қоюға жатады.
150. Төрағаның нормативтік құқықтық бұйрықтарын әзірлеу мен қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімше Қазақстан Республикасының Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оны нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде бір данада қағаз және электрондық түріндегі бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жолдайды.
Жобаны әзірлеген құрылымдық бөлімшелердің басшылары нормативтік құқықтық актілер уақылы ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етеді.
Параграф 2. Мемлекеттік органдармен әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобасын келісу
152. Агенттікке келісуге жолданған жобалар ӘД ҚАБ міндеттерінің бөлінуіне байланысты Агенттік басшылығының қарауына жолданады, жобаның өтуіне жауапты құрылымдық бөлімшені және олардың уәкілеттілігіне жататын жоба жолданған мүдделі құрылымдық бөлімшелерге, соның ішінде барлық жобалар міндетті тәртіпте келісілетін ЗД анықтайды.
Құрылымдық бөлімше егер Агенттік басшылығымен одан қысқа мерзім белгіленбесе келісу мерзімінің өтуіне дейін 5 жұмыс күні бұрын (ал келісу мерзімі 5 жұмыс күнінен кем құжаттарды 1 жұмыс күні ішінде) жобаны қарастырып және басшысы тікелей жобаның орындаушысын айқындайтын жобаның өтуіне жауапты құрылымдық бөлімше өзінің қорытындысын береді.
Жалпы мерзім Үкімет Регламентімен және құқық шығармашылық саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың тапсырмаларымен анықталады.
Жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және (немесе) лауазымды тұлғалардың хаттамалық тапсырмалары немесе басқа да тапсырмалары бар жобалар бойынша қоса орындаушы-құрылымдық бөлімшелер жауапты құрылымдық бөлімшеге өздерінің қорытындыларын Агенттікте қарау мерзімі аяқталғанға дейін 2 жұмыс күні бұрын, ал орындау мерзімі 1-2 күн жобалары бойынша келіп түскен күні ұсынады.
153. Жауапты құрылымдық бөлімшенің орындаушысы мүдделі бөлімшелердің пікірлерін жалпылайды және әзірлеуші-органға Агенттіктің құзыреті шегінде ескертулердің бар болуы немесе жоқтығы туралы жауаптың жобасын дайындайды, оған жобаның өтуіне жауапты құрылымдық бөлімшенің, мүдделі бөлімшелердің басшысымен, міндеттерді бөлуге сәйкес Агенттіктің басшылығымен қол қойылады.
Жобаны ескертулерсіз келісу мүмкін екендігі туралы қорытындыны дайындаған жағдайда әзірлеуші-орган жобаның түпнұсқасын қол қоюға ұсынады, ал жауапты орындаушы міндеттерді бөлуге сәйкес жетекшілік етуші Агенттіктің Төрағасы орынбасарымен, Аппарат басышысымен, мүдделі құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен қол қойылатын келісу парағын және келесіде Төрағаға қол қоюға енгізу үшін жобаға түсіндірме жазбаны дайындайды.
Параграф 3. Құқықтық мониторинг
154. Заңнаманы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін ескірген, жемқорлық тудыратын және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларын, сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу арқылы заңнама тиімділігін бағалау мен болжау мақсатында Агенттік қабылдаған және (немесе) Агенттік әзірлеуші болып табылған, сондай-ақ Агенттіктің құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі жүргізіледі.
Ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей алдағы күнтізбелік жылға әр айға бөлінген және құқықтық мониторинг жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі сәйкесінше құрылымдық бөлімшелер мен Ұлттық бюро көрсетілген Төрағаның бұйрығымен құқықтық мониторингті жүргізу кестесі бекітіледі.
Құрылымдық бөлімшелермен және Ұлттық бюромен нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингісінің нәтижелері Агенттіктің ағымдағы жылға нормативтік құқықтық мониторингін жүргізу кестесіне сәйкес ЗД жолданады.
Құқықтық мониторингті жүргізу бойынша қызметті үйлестіру ЗД жүзеге асырады.
155. Құқықтық мониторингті жүргізу кестесі бекітілгеннен кейін немесе кестеге өзгертулер және/немесе толықтырулар енгізілгеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей сейкесінше бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің корпоративтік порталынада орналастырылады.
Бірінші жарты жылдыққа (ағымдағы жылдың 10 шілдесіне дейін) және жылға (келесі есептік кезеңнен кейінгі ағымдағы жылдың 10 қаңтарына дейін) ұқықтық мониторингтің нәтижелері бойынша ақпарат Порталда орналастырылады.
Нормативтік құқықтық актілер туралы ақпаратты жинау, есепке алу және сақтау мақсатында оларды мониторингілеу үшін қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің тізілімін тұрақты негізінде Порталда толтырылады (өзектендіріледі).
Порталдың уақытылы толтырылуын ЗД жүзеге асырылады.
156. Жұмыстың нәтижелері бойынша ЗД жылына екі рет жартыжылдық соңғы айының 30-ші күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының мониторингісінің нәтижелері туралы ақпаратты Президент Әкімшілігіне жолдайды.
Қалған нормативтік құқықтық актілердің түрлері бойынша құқықтық мониторинг қорытындысы бойынша ақпаратты Әділет министрлігі:
бірінші жарты жылдық бойынша – ағымдағы жылдың 10 шілдесіне дейін;
жыл бойынша – келесі есептік кезеңнің 10 қаңтарына дейін жолдайды.
157. ЗД тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде тіркелімдерге енгізілген мәліметтер туралы ақпаратты нормативтік құқықтық актілердің (әділет органдарында тіркелуден өткен нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда) әрбір нысаны бойынша жеке бірыңғай тіркелімдермен салыстырып қарау үшін Әділет министрлігіне ұсынады.
158. ЗД тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде Төрағамен қабылданған, соның ішінде әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтпейтін бұйрықтардың тізімін Әділет министрлігіне ұсынады.
159. Нормативтік құқықтық актіні дайындауға жауапты құрылымдық бөлімшелер мен Ұлттық бюроның басшылары жобаларды, сондай-ақ қабылданған нормативтік құқықтық актілерді уақытылы Агенттіктің
интернет-ресурсына орынтырылуын, Агенттіктің баспасөз қызметіне ақпаратты уақытылы ұсынуды қамтамасыз етеді.
160. ЗД апта сайын жобалар мен қабылданған нормативтік құқықтық актілерінің Агенттіктің интернет-ресурсында уақытылы орналастырылғандығының мониторингін жүргізеді.
161. Нормативтік құқықтық актілердің әзірленуін түсіндіру, оларды жариялау, заңнамадағы өзгерістерді зерттеу мақсатында ЗД Агенттікте құқықтық жалпы оқытуды жүргізуді ұйымдастырады.
12. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актілер мен қызметтік
құжаттарды дайындау, рәсімдеу және келісудің тәртібі
162. Төрағаның, Агенттіктің аппарат басшысының негізгі қызметі (кадрлық мәселелерден басқа) бойынша жеке-дара қолданылатын құқықтық бұйрықтары тиісті мәселені қарау құзыретіне кіретін құрылымдық бөлімшемен дайындалады, олардың басшыларымен, мүдделі құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, ЗД директорымен, жетекшілік етуші Төрағаның орынбасарларымен немесе өкілеттілігі шегінде Агенттіктің аппарат басшысымен виза қойылады.
163. Агенттіктің орталық аппаратының жұмыскерлерін, Агенттіктің аумақтық органдарының басшыларын, олардың орынбасарларын, сондай-ақ ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату туралы бұйрықтарға Төрағамен қол қойылады.
164. Агенттің аппарат басшысы өзге кадрлық мәселелер бойынша:
1) Агенттіктің орталық аппараттарының жұмыскерлеріне қатысты – демалыстар беру, іс сапарларға жіберу, біліктілігін арттыру курстарына жіберу, материалдық көмек көрсету, үстеме ақы, сыйақы төлеу туралы;
2) Агенттіктің аумақтық органдарының басшыларына қатысты – іс сапарға жіберу, біліктілігін арттыру курстарына жіберу туралы;
3) ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшыларына қатысты – іс сапарларға жіберу, біліктілігін арттыру курстарына жіберу, материалдық көмек көрсету, үстеме ақы, сыйақы төлеу туралы;
4) Агенттіктің еңбек шарты бойынша мамандар мен жұмыскерлеріне қатысты – тағайындау, орын ауыстыру, қызметтен шығару, демалыстар беру, іс сапарларға жіберу, тәртіптік жазаға тарту, көтермелеу, үстеме ақы, сыйақы төлеу туралы бұйрықтарға қол қояды.
165. Агенттіктің орталық аппаратының жұмыскерлеріне, сондай-ақ Агенттіктің аумақтық органдарының жұмыскерлеріне және ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшыларына қатысты кадрлық мәселелер бойынша Төрағамен қол қойылатын бұйрықтардың жобасы ПБҚ дайындалады және ПБҚ басшысымен, мүдделі құрылымдық бөлімшенің басшысымен, жетекшілік етуші Төрағаның орынбасарымен виза қойылады.
166. Агенттіктің жұмыскерлеріне демалыс беру туралы бұйрық жобасын дайындау үшін ПБҚ демалысқа дейін 5 жұмыс күні бұрын тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысымен және жетекшілік етуші Төрағаның орынбасарымен виза қойылған, ПБҚ мен ҚШЖМСАБ келісілген жеке өтінішті жолдайды.
167. Төрағаның және Агенттіктің аппарат басшысының негізгі қызметі бойынша бұйрықтарына қол қойғаннан кейін ӘД ҚАБ оларды тиісті журналға тіркеуді жүргізеді.
Кадрлық мәселелер бойынша бұйрықтар ПБҚ жеке тіркеледі.
Бұйрықтар күнтізбелік жылдың шегінде реттік нөмірмен нөмірленеді. Бұйрықтардың көшірмелері немесе олардың көбейтілген нұсқалары мөрмен куәландырылады және орындаушымен қол қойылады.
168. Көшірмеде «Кеңсе» мөрі басылған, «Көшірме дұрыс» жазбасымен рәсімделген және осы жазбаны қойған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген негізгі қызметі бойынша Агенттік басшылығының бұйрықтарының көшірмелерін беруді ӘД БАҚ жүзеге асырады.
169. Агенттіктің орталық аппаратының, Агенттіктің аумақтық органдарының және ведомствоға бағынысты ұйымдарының жұмыскерлеріне Төрағамен немесе Агенттіктің аппарат басшысымен қол қойылатын кадрлық мәселелер бойынша бұйрықтардан оларға қатысты үзінді беру ПБҚ жүзеге асырылады.
170. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті журналға құрылымдық бөлімшенің, Агенттік жұмыскерінің тегі және аты-жөні, бұйрықтың түпнұсқасын алудың мақсаты, Агенттік бұйрығының түпнұсқасын берілген күні, болжамды қайтарылатын күні міндетті түрде көрсетіле отырып, қол қою арқылы негізгі қызметі бойынша ӘД ҚАБ қызметкерімен бұйрықтардың тұпнұсқасын беру жүзеге асырылады.
171. Агенттіктің қаржылық және (немесе) мемлекеттік меншігі мәселелеріне қатысты бұйрық жобалары мен өзгеде қызметтік құжаттар міндетті түрде Агенттіктің аппарат басшысымен және ӘД директорымен виза қоюға жатады.
172. Барлық Төрағамен жоспарланған іс-шаралар Төрағамен іс-шара болатын күнге дейін 7 күнтізбелік күн бұрын оның атына қызметтік жазба жіберу жолымен алдын ала келісіледі.
Егер іс-шара жедел тәртіпте жүргізілсе, қызметтік жазба Төрағаға неғұрлым қысқа мерзімде енгізіледі.
12. Агенттіктегі тапсырмаларды орындауға бақылау жасау
173. Тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды ұйымдастыру «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы»Қазақстан Республикасының заңдарына, «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына, Үкімет Регламентіне, осы Регментке және өзгеде нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
174. Агенттіктің бақылау жүйесін мыналар құрайды:
1) Төраға – Агенттіктің қызметiне жалпы басшылықты және бақылауды, оның iшiнде бақылаудағы құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын жүзеге асырады;
2) Төрағаның орынбасарлары – Қазақстан Республикасының Президентінің, басқа да лауазымды тұлғалардың және мемлекеттік органдардың актілері мен тапсырмаларын сапалы орындалуын қамтамасыз етеді, жұмыс бағыттары бойынша жетекшілік ететін Төрағаның тапсырмаларын, сондай-ақ Агенттіктің жоспарланған және ағымдағы қызметін қамтамасыз етеді;
3) Агенттіктің аппарат басшысы – Агенттік басшылығының тапсырмаларының орындалуы бойынша жұмысты ұйымдастырады, орындаушылық тәртіптің сақталуына бақылауды жүзеге асырады, бақылаудағы құжаттарды уақытылы орындау мақсатында Агенттіктің бөлімшелерімен өзара тиімді іс-қимылды қамтамасыз етеді, Агенттік Төрағасының алдында Агенттік аппараттың жұмысын ұйымдастыру, Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің еңбек және орындаушылық тәртібі үшін дербес жауапкершілікте болады;
4) Құрылымдық бөлімшелерінің басшылары – өздері басқаратын бөлімшелердің құжаттардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады, бақылаудағы құжаттардың мерзімдерін бұзған немесе сапасыз орындаған өз қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді, оларға сеніп тапсырылған Агенттік бөлімшелерінің жұмыстары үшін Агенттік басшылығының алдында жеке жауапкершілікте болады, сондай-ақ тиісті құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерде көзделген өкілеттіліктерді жүзеге асырады;
5) ӘД ҚАБ - құжаттарының орындалу мерзіміне және өтуіне, соның ішінде Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмалары, Президент Әкімшілігі басшылығының актілер мен тапсырмалары, Үкіметтің және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің актілері Агенттіктегі орындаушылық тәртіптің жағдайына, құжаттардың тіркелуіне, бақылауға қойылуына, орындалған құжаттардың бақылаудан алынуына, бақылау тапсырмаларының тізбелерін дайындауға және олардың орындалу мерзімдері туралы ескертулерді Агенттіктің басшылығына және Агенттіктің құрылымдық бөлімшелеріне жолдауға бақылауды жүзеге асырады.
6) ӘД ҰББ – консультативтiк-кеңесшi органдардың хаттамалық шешімдерін, аппараттық кеңестерде берілген жоспарлы іс шараларды, хаттамалық тапсырмаларды, сондай-ақ Агенттік басшылығының басқада тапсырмаларын Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерімен және аумақтық органдарымен, Ұлттық бюромен, ведомствоға бағынысты ұйымдармен уақытылы және сапалы орындауын бақылауды жүзеге асырады.
175. Мынадай құжаттар, iшiнде құпия құжаттар (бұдан әрi – бақылаудағы құжаттар) бақылауға алынады:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Агенттікке берген тапсырмалары көзделген актiлер;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Агенттікке берген тапсырмалары (оның ішінде кеңестердің хаттамалары мен іс-шаралар жоспарларында көрсетілген);
3) Агенттікке берген тапсырмалары бар Президент Әкімшілігі Басшысының бұйрықтары;
4) Агенттікке Президент Әкімшілігінң басшылығының берген тапсырмалары (оның ішінде кеңестердің хаттамалары мен іс-шаралар жоспарларында көрсетілген);
5) Агенттікке берген тапсырмалары бар Үкімет қаулылары мен
Премьер-Министрдің өкімдері;
6) Агенттікке берген тапсырмалары бар Үкімет отырысының хаттамалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысының тапсырмалары (оның ішінде кеңестердің хаттамалары мен іс-шаралар жоспарларында көрсетілген);
7) Парламент депутаттарының сұрау салулары және Үкіметтің қорытындысын қажет ететін олардың бастамашылық жасаған заң жобалары;
8) мемлекеттік органдардың мазмұнында сол және өзге де мәселелер бойынша жауап беруді, түсіндіруді, ұсыныстар енгізуді қажет ететін хаттары;
9) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
10) Агенттікке келісу үшін келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары;
11) прокурорлық ықпал ету актілері;
12) Конституциялық кеңестің сұрау салулары, нормативтік қаулылары және жолдаулары;
13) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің сұрау салулары, қаулылары;
14) Агенттік басшылығымен бекітілген стратегиялық және операциялық жоспарлар, жұмыс жоспарлары (іс-шаралар), Агенттік Алқасының шешімдері, Агенттік кеңесінің хаттамалары және Агенттік басшылығының өзге де тапсырмалары.
Құпиялық белгісі бар құжаттарды орындауды бақылауға алуды Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік басқармасы жүзеге асырады.
176. 175-тармақтың 1) – 13)-тармақшаларында көрсетілген құжаттарды бақылауға қою ӘД ҚАБ-мен ЭҚАБЖ-да тіркеу-бақылау карточкасына бақылауға алу мерзімін қою жолымен жүзеге асырады.
Осы Регламенттің 175 тармақтың 14) тармақшасында көрсетілген құжаттарды басшылықтың қарарына сәйкес ӘД ҰББ-мен жүзеге асырылады.
177. Егер Агенттік Қазақстан Республикасы Президентінің актілер мен тапсырмаларына, Президент Әкімшілігі басшыларының тапсырмаларына, Үкімет актілеріне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және оның орынбасарларының, сондай-ақ Премьер-Министрдің Кеңсесі Басшысының тапсырмаларына жауапты болған жағдайда бақылаудағы құжаттар бекітілген мерзімдерді ескере отырылып келесі бақылау түріне:
1) шұғыл – «аса шұғыл» - үш жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жеделдету» - он жұмыс күніне дейін;
2) қысқа мерзімді – он жұмыс күнінен бір айға дейін;
3) орташа мерзімді – бір айдан алты айға дейін;
4) ұзақ мерзімді – алты айдан жоғары.
178. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмалары егер Қазақстан Республикасы Президентімен өзге мерзім көрсетілмесе, тапсырма берілген күннен екі аптадан аспайтын мерзімде орындалуға жатады.
179. Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi Агенттікке орындауға келiп түскен жағдайда жауапты құрылымдық бөлімшемен оларды iске асыру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының жоспары үш жұмыс күні ішінде жасалады және Төрағаның келісімімен Агенттіктің аппарат басшысымен бекiтiледi.
Егер орындаудағы Қазақстан Республикасының Президентінің актілер бірнеше құрылымдық бөлімшелердің мәселелерін қозғайтын болса, iске асыру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының жоспарын мүдделі құрылымдық бөлімшелермен бірігіп ӘД ҚАБ дайындайды.
Сонымен қатар, жауапты орындаушымен осы тапсырмаға қатысты барлық құжаттар қамтылатын арнайы жинақтау папкасы жасалады.
180. Агенттік Қазақстан Республикасының Президентінің актілер мен тапсырмалары, Президент Әкімшілігі Басшылығының тапсырмалары, Үкіметтің актілер, Премьер-Министр мен оның орынбасарларының, сондай-ақ Премьер-Министр Кеңсесі Басшысы тапсырмалары бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган ретінде актілер мен тапсырмаларды орындаған кезде жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға ЭҚАБЖ арқылы ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжаттар тұрпатында:
1) «өте шұғыл» деген белгісі бар шұғыл бақылауға қойылғандар, тапсырма түскен күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жеделдетілсін» белгісі барлары туралы - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, 3 жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) орындалуы 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей қысқа мерзімді бақылауға қойылғандар, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындалу мерзіміне дейін жұмыс күнінен кешіктірмей;
орындалуы 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей қысқа мерзімді бақылауға қойылғандар, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындалу мерзіміне дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) орындалуы орта мерзімді бақылауға қойылғандар, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, ол үшін белгіленген орындалу мерзіміне дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей;
4) ұзақ мерзімді бақылауға қойылғандар, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, ол үшін белгіленген орындалу мерзіміне дейін 20 жұмыс күнінен кешіктірмей өз ұсыныстарын енгізеді.
181. Құрылымдық бөлімшелер әзірлеген құжаттар жобасы:
1) орындалу мерзімі бір айға дейінгі ұзақ мерзімді, орта мерзімді бақылау құжаттарын, сондай-ақ қысқа мерзімді бақылау құжаттарын орындау үшін жетекшілік етуші Төрағаның орынбасарына және (немесе) Агенттіктің аппарат басшысына орындалу мерзімі біткенге дейін 6 жұмыс күнінен кешіктірмей, ал Төрағаға орындалу мерзімі біткенге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей виза қоюға беріледі;
2) орындалу мерзімі 15 жұмыс күніне дейінгі қысқа мерзімді бақылау құжаттары жетекшілік етуші Төрағаның орынбасарына және (немесе) аппарат басшысына орындалу мерзімі біткенге дейін 4 жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал Төрағаға орындалу мерзімі біткенге дейін 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей виза қоюға беріледі;
3) орындалу мерзімі 10 жұмыс күніне дейінгі шұғыл бақылау құжаттары, сондай-ақ қысқа мерзімді бақылау құжаттары жетекшілік етуші Төрағаның орынбасарына және (немесе) Агенттктің аппарат басшысына орындалу мерзімі біткенге дейін 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал Төрағаға орындалу мерзімі біткенге дейін 1 күнтізбелік күнінен кешіктірілмей виза қоюға беріледі.
Агенттік басшылығы әзірленген құжаттар жобаларына виза қоюға өзге мерзімдер белгілеуі мүмкін.
182. Бақылау құжаты орындалатын құжаттың сапасына, уақытылы және мазмұнына жауапты орындаушы және тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы жауапты болады.
183. Бір құрылымдық бөлімшеден екіншіне бақылаудағы құжаттарды орындауға беру құжат тіркелген күннен бір жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде (шұғыл құжаттар үш сағат ішінде беріледі)Агенттік басшылығымен келісілген және ЭҚАБЖ-нің ішкі базасында тіркелген дәлелді қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.
Бұл ретте қызметтік жазбаны дайындаған орындаушы ЭҚАБЖ
тіркеу-бақылау карточкасына тиісті өзгерістер енгізу үшін басшылықтың шешімі қабылданғандығы туралы ӘД ҚАБ (осы Регламенттің 175-тармағының 14)-тармақшасында көрсетілген бақылаудағы құжаттар бойынша – ӘД ҰББ) хабар береді.
184. Жоғарғы органдарға Төрағаның қолымен жіберілетін бақылаудағы құжаттарды орындау бойынша хатта «тапсырманы орындау тәрбінде енгізіледі және бақылаудан алу үшін» деп көрсетіледі.
Бақылаудағы құжаттарды оларды белгіленген тәртіпте жіберілгеннен кейін немесе құжатты қолма-қол берілгендігі туралы белгі болған кезде
ӘД ҚАБ бақылаудан алуын жүзеге асырылады.
185. Ұлттық бюроның басшысының бұйрығымен айқындалған тәртіпте Ұлттық бюрода тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылау жүзеге асырылады.
13. Агенттікте жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау
және азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру
186. Агенттікте жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау және азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру әкімшілік рәсімдер туралы, Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi туралы заңдарына, Үкіметтің 2002 жылғы
4 қыркүйектегі № 974 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы», Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 147 бұйрығымен бекітілген «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12893 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
187. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштері ӘД ҚАБ жұмыскерлерімен оларды алдын ала өңдеуден кейін, ӘД ҚАБ-да олар түскен күні ЭҚАБЖ-да тіркеледі.
Жеке тұлға өтінішінің тіркеу нөмірі «ЖТ» әріптік индексінен, автор тегінің бірінші әрпінен және өтінішті есепке алу карточкасындағы реттік нөмірден тұрады.
Заңды тұлға өтінішінің тіркеу нөмірі «ЗТ» әріптік индексінен, өтінішке қол қойған лауазымды тұлға тегінің алғашқы әрпінен және өтінішті есепке алу карточкасындағы реттік нөмірден тұрады.
Жасырын өтініштің тіркеу нөмірі «АНМ» әріптік индексінен және өтінішті есепке алу карточкасындағы реттік нөмірден тұрады.
188. Қағаз түрінде келіп түскен өтініштерді (пошта байланысы,
қолма-қол) Агенттіктің ӘД ҚАБ қызметкері сканерден өткізеді және
ЭҚАБЖ-дағы құжаттың электрондық карточкасының «Мазмұны» деген жиегіне біріктіреді.
Келіп түскен өтініштердің конверттері бойынша құжатты жолдаушының мекен-жайын, оның жолданған және алынған күнін анықтауға болатын жағдайда ғана олар сақталады.
189. Агенттікке жазбаша түрде тікелей жүгінген арызданушыға өтініштің күні мен уақытын, оны қабылдаған адамның тегін және инициалдарын көрсете отырып, талон беріледі.
190. Келіп түскен өтініштің бірінші бетінде оң жақ төменгі бұрышына Агенттік мөртабасының бедері қойылады, онда тіркеу индексі, ЭҚАБЖ-дағы тіркеу-бақылау карточкасы бойынша реттік нөмірі мен күні көрсетіледі.
Өтініштің тіркеу индексі мен нөмірі бір уақытта кіріс, шығыс және ішкі болып табылады, аталған өтініш бойынша барлық хат алмасу осы нөмірге тіркеледі.
191. Бір адамның мүддесіне бір мәселе бойынша бірнеше өтініш ағымдағы күнтізбелік жылда келіп түскен кезде бірінші өтініш негізгі өтініш ретінде, ал кейінгілері дефис арқылы қойылатын реттік нөмір (1,2,3) қоса отырып бірінші өтініштің нөмірін ескеріле тіркеледі.
Қайта жасалған өтініштерге алдыңғы өтініштерді қарау материалдары біріктіріледі. Бірінші өтінішті қараған құрылымдық бөлімше әдетте қайта жасалған өтінішті қарау жауаптылығы айқындалады.
192. Өтініштің төлнұсқасын (көшірмесін) тіркеген кезде төлнұсқалардың санына қарай қысық сызық (бөлшек) арқылы нөмір (/1,/2,/3) көрсетіле отырып, оған бірінші өтініштің тіркеу нөмірі беріледі.
Басқа мемлекеттік органдардан өтініштің төлнұсқалары келіп түскенде арызданушыларға хабарлама жолданбайды.
Өтініштердің төлнұсқалары Президент Әкімшілігі, Үкімет, Парламент депутаттары арқылы келіп түскен, қарау нәтижелері туралы көрсетілген органдарға хабарлау қажет өтініштерді қоспағанда, Агенттіктің басшылығына енгізілместен негізгі өтінішке біріктіріледі.
193. Ұлттық бюроға қарауға тапсырылған өтініштер ЭҚАБЖ базасы бойынша кейіннен жүйе қойындысынан орындаушыны «Сыртқы орындаушы» - «Ұлттық бюро» деп таңдалып жолданады.
194. Электронды үкіметтің порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы белгілеуге келіп түскен өтініштер сәйкестігі тексерілгеннен кейін ЭҚАБЖ-ға белгіленген тәртіпте тіркеледі. Аталған өтініштерге жауаптар тек электронды түрде жіберіледі. Жауапты электронды форматта ЭҚАБЖ-да қалыптастыру (құру) кезінде адресатты таңдағанда орындаушыға анықтамалықта «ЭҮП» аббревиатурасын таңдау қажет.
195. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы 22 қаңтардағы № 50 бұйрығымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну қағидалары жеке және заңды тұлғалардың бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы өтініштердің түсу, тіркеу, қарау тәртібін реттейді.
196. Агенттік келіп түскен, соның ішінде ЭҮП арқылы түскен, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қарау мерзімі ЭҚАБЖ-да тіркелген күннен
15 күнтізбелік күннен аспайы керек.
Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi туралы Заңына сәйкес өтінішті қарау мерзімі ұзартылуы мүмкін.
Өтініштерді қараудың өзге мерзімі Қазақстан Республикасы Заңдарымен («Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы
5 желтоқсандағы Заңы, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңы) бекітілуі мүмкін.
197. Өтінішті қарауды бір құрылымдық бөлімшеден басқаға тапсыру құжат тіркелген күннен бір жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Агенттіктің басшылығымен келісілген және ЭҚАБЖ-ның ішкі базасында тіркелген дәлелді қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.
Бұл ретте қызметтік жазбаны дайындаған орындаушы ЭҚАБЖ
тіркеу-бақылау карточкасына тиісті өзгерістер енгізу үшін басшылықтың шешімі қабылданғындығы туралы ӘД ҚАБ хабар береді.
Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен Ұлттық бюро арасындағы өтініштерді қайта жолдау ЭҚАБЖ - ның сыртқы базасы арқылы жіберіледі.
198. Өтініштерге жауаптар мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына сілтеме жасай отырып, ашылған, негізделген және дәлелді болуы, қабылданған шешімге арызданушылардың шағымдану құқығын түсіндіре отырып, олардың уәждерін растайтын немесе растамайтын нақты фактілерден тұруы тиіс.
199. Агенттіктің орталық аппаратына келіп түскен өтініштерде арызданушыларға жауаптар Агенттік басшылығының қолымен жолданады. Егер өтініште қозғалатын мәселелер тек Ұлттық бюроның немесе Агенттіктің құрылымдық бөлімшелердің бірінің құзыретіне жататын болса, онда жауаптар Төрағаның, жетекшілік етуші орынбасарының немесе оның өкілеттілігі шегінде Агенттіктің аппарат басшысының келісімімен Ұлттық бюроның басшысының, дапартамент директорының, сондай-ақ дербес құрылымдық бөлімшелердің басшыларының қолы жіберілуі мүмкін.
Егер өтініштегі қойылған мәселелерді шешу Агенттіктің құзыретіне жатпаса, онда өтініштер құзыретіне жататын мемлекеттік органға немесе Ұлттық бюроның басшылығымен лауазымды тұлғаға, департамент директорына, дербес құрылымдық бөлімшенің басшысына қайта жолдануы мүмкін.
Өтiнiште қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiн субъектiге немесе лауазымды адамға келiп түскен өтiнiш субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тиiстi субъектiлерге жiберiледi, бұл туралы өтініш берушiге хабарланады.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бақылаудағы тапсырмасы бойынша келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар тиісті мәселелерді қарау құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелермен немесе Ұлттық бюромен дайындалады, олардың басшыларымен, Төрағаның орынбасарларымен немесе Агенттіктің аппарат басшысымен (жетекшілік ететін жұмыстың бағыты бойынша) виза қойылады және Төрағамен (немесе оның міндеттін атқарушы тұлғамен) қол қойылады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарларының, Президент Әкімшілігінің Басшысы мен оның орынбасарларының,
Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының бақылаудағы тапсырмасы бойынша келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар Парламент депутаттары арқылы тиісті мәселелерді қарау құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелермен немесе Ұлттық бюромен дайындалады, олардың басшыларымен виза қойылады және жетекшілік етуші Төрағаның орынбасарымен немесе оның уәкілеттілігі шегінде Агенттіктің аппарат басшысымен қол қойылады.
200. Төрағаның (немесе оның міндеттерін атқарушы тұлғаның) қолымен тиісті лауазымды тұлғаның атына Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, Премьер-Министр Кеңсесінің басшылығымен бақылауға алынған өтініштерді қараудың нәтижелері туралы ақпарат жолданады. Егер өтініштер Агенттікке Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасарларымен, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен қайта жолданған болса, онда ақпаратты жетекшілік етуші Төрағаның орынбасарының немесе оның құзыреті шегінде Агенттіктің аппарат басшысымен ұсынуға рұқсат етіледі.
Өтінішті қарау нәтижелері туралы хабарлау қажет болған жағдайда Парламент депутаттарына, өзге лауазымды тұлғаларға немесе мемлекеттік органдарға жолданатын ақпарат осы Регламенттің 124 тармағында белгіленген тәртіпте қол қойылады.
201. Агенттік басшылығының тапсырмаларын бойынша Агенттіктің құрылымдық бөлімшелеріне жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің орындалуын бақылауды олардың басшылары жүктеледі.
Егер жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау Агенттіктің бірнеше құрылымдық бөлімшелеріне тапсырылса, онда қарарында бірінші тұрған немесе атының қасында «жинақтау» белгісі тұрған құрылымдық бөлімше жауапты орындаушы болып табылады.
Жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштерді қараудың мерзімін Агенттік басшылығының нұсқаулығымен ұзартылған жағдайда, олар ӘД ҚАБ-мен қосымша бақылауға алынады. Бұл ретте, ЭҚАБЖ-да тіркеу-бақылау карточкасына сәйкестендіруші өзгерістер енгізіледі.
202. Жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері арыз берушеге жауап жолданғаннан кейін ӘД ҚАБ-мен бақылаудан алынады.
Парламент депутаттарына, Президент Әкімшілігіне, Премьер-Министр Кеңсесіне немесе Агенттіктің басшылығына өтініштердің қаралғандығы туралы хабарлау қажет болған жағдайда жоғарыда көрсетілген адресаттарға тиісті ақпаратты жолданғаннан кейін өтініш бақылаудан алынады.
203. Күнтізбелік жылдың өтуіне байланысты жауапты құрылымдық бөлімшелермен жеке және заңды тұлғалардың қаралған өтініштері және оларға қатысты барлық материалдар іске қалыптастырылады және мұрағатқа өткізіледі.
Иесi бүркемеленген өтініштер бір жыл сақталады, одан кейін еркін түрде құрылған акт бойынша жойылады.
204. Агенттікте азаматтарды қабылдауды Төраға және Төрағаның орынбасарлары Төрағамен бекітілетін кестеге сәйкес айына кемінде бір рет жүзеге асырады.
Азаматтарды қабылдау кестесі Агенттіктің әкімшілік ғимаратында келушілердің көзіне көрінетін жерде Агенттік басшылығының аты-жөндері, қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде ілінеді.
Агенттікте азаматтарды қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру
ӘД ҚАБ жүктеледі.
Азаматтарды қабылдау кезектілік тәртібінде жүргізіледі. Оның сақталуы үшін тізім жүргізіледі.
205. Агенттік басшылығының жеке қабылдауына алдын ала жазылуы күн сайын, мейрам, демалыс күндерінен басқа күндері жүргізіледі және кестеге сәйкес жеке қабылдаудың өткізілу күніне 3 жұмыс күні қалғанда тоқтатылады.
Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінде алдыңғы өтініштеріне Төрағаның орынбасарыларының бірінің, Агентіктің аппарат басшысының, департамент директорының, немесе дербес құрылымдық бөлімшелердің басшыларының қолы қойылған жауаптар болған кезде Төрағаның жеке қабылдауына алдын ала жазылу жүргізіледі.
Төрағаның қолы қойылған жауап берілген кезде Төрағаның жеке қабылдауына қайта жазылуы жүргізілмейді. Бұл ретте, ӘД ҚАБ қызметкерлері жүгінген тұлғаларға тиісті ауызша түсіндірмелер береді.
Жазбаша өтініштер, соның ішінде жаңа дәлелдері бар немесе жаңадан пайда болған мән-жайлар көрсетілген өтініштер тиісті құрылымдық бөлімшелеріне белгіленген тәртіпте қарастыру үшін жіберіледі.
206. Жеке қабылдауды ұйымдастыратын ӘД ҚАБ жауапты қызметкерлері азаматтарды қабылдауды өткізуге қажетті анықтамалық материалдарды алдын ала дайындайды, Агенттіктің тиісті құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінен немесе Ұлттық бюросынан анықтамалар сұратылады. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары және Ұлттық бюроның өкілдері азаматтарды қабылдау кезінде олардың уәкілеттілігіне кіретін мәселелер қаралған кезде қатысулары міндетті.
207. Азаматтардың жүгінуіне себеп болған мәселелер мүмкіндігінше жеке қабылдау барысында шешіледі. Егер ауызша арыз бен шағымды қабылдау кезінде шешу мүмкін болмаған жағдайда олар жазбаша түрде баяндалып, олармен жұмыс жазбаша өтініштермен бірдей жүргізіледі.
Егер азаматтардың жүгінуіне себеп болған мәселені шешу Агенттіктің құзыретіне кірмесе, онда қабылдауды жүргізуші қандай мемлекеттік органға (ұйымға немесе мекемеге) жүгіну керек екенін түсіндіріп, мүмкіндігінше қажет болған көмегін көрсетеді.
208. Өтініш берген жеке адам және заңды тұлғаның өкілі істі қарау барысына өзі қатысуға, өтінішінің негізділігін дәлелдейтін қосымша материалдарды беруге құқылы. Арызданушыларға өтініштерді қарастыру нәтижелері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі. Жеке қабылдау кезінде келіп түскен өтініштерге жауаптар қабылдауды өткізген лауазымды адамның немесе уәкілетті адамның қолымен беріледі.
Тексеріс материалдары мен түпкілікті жауап қоса берілген өтінішті қарау нәтижелері туралы белгіленген нысандағы құжат (қызметтік жазба, анықтама) қабылдау кезінде қабылданған өтінішті бақылаудан алуға негіз болады.
209. Ұлттық бюрода жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру Төрағамен келісілген Ұлттық бюроның басшысының бұйрығымен айқындалған тәртіпте жүргізіледі.
15. Агенттік Төрағасының блог-платформасына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, Агенттіктің интернет-ресурсы
210. Төрағаның блог-платформасына (бұдан әрі - блог) келіп түсетін өтініштерді және Агенттіктің интернет-ресурсындағы «Сұрақ-жауап» қызметіндегі өтініштерді жүктеу және жауаптарды орналастыруды бөлігінде жұмысты ұйымдастыруды Агенттіктің баспасөз қызметі қамтамасыз етеді.
211. Төрағаның блогына және Агенттіктің интернет-ресурсына келіп түскен өтініштер баспасөз қызметіндегі жауапты тұлғамен келіп түскен күні оларды ЭҚАБЖ-да тіркеу үшін ӘД ҚАБ жолданады.
212. Төрағаның блогындағы тіркелген өтініштер Төрағаға қарауға енгізіледі. Төрағаның қарарына сәйкес арыз берушіге жауап дайындайтын жауапты құрылымдық бөлімше айқындалады.
Агенттіктің интернет-ресурсындағы тіркелген өтініштерді міндеттердің бөлінуіне сәйкес Төрағаның орынбасарына және аппарат басшысына енгізіледі, олармен өтініштерді қарайтын және арыз берушіге жауап дайындайтын жауапты құрылымдық бөлімше айқындалады.
Өтініштің мазмұнына байланысты оны қарау бірнеше құрылымдық бөлімшеге тапсырылуы мүмкін. Бұл ретте, бұрыштамада бірінші тұрған немесе атының қасында «жинақтау» белгісі тұрған құрылымдық бөлімше оны қарауға жауапты болып табылады.
213. Төрағаның блогына және Агенттіктің интернет-ресурсына келіп түскен өтініштердің жауаптары келіп түскен күннен 15 күнтізбелік күнде ұсынылады.
214. Егер Төрағаның блогына және Агенттіктің интернет-ресурсына өтініштерді қарау үшін Агенттіктің немесе Ұлттық бюроның аумақтық органдарынан мәліметтер мен материалдар алу қажет болса, жауапты бөлімше немесе бірлесіп орындаушы бөлімше (келісім бойынша) тиісті аумаққа ақпаратты ұсыну үшін сұрау салады.
Осыдай жағдайда өтінішті қараудың мерзімі 15 күнтізбелік күннен көп емес күнге ұзартылуы мүмкін ол туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен өтініш берушіге 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.
215. Төрағаның блогына немесе Агенттіктің интернет-ресурсына келіп түскен өтініштерге жауапты бірлесіп орындаушы бөлімшенің ұстанымын және аумақтық органдардың ақпараттарын ескере отырып, жауапты бөлімше дайындайды.
Төрағаның блогына келіп түскен өтінішке дайындалған жауап жобасы жетекшілік етуші Төрағаның орынбасарымен немесе оның құзыретінің шегінде Агенттіктің аппарат басшысымен келісілген қызметтік жазбамен Төрағаның атына жолданады.
Агенттіктің интернет ресурсына келіп түскен өтінішке дайындалған жауап жобасы өтінішті қарау туралы тапсырманы берген Агенттіктің басшылығының атына қызметтік жазбамен жолданады.
Агенттіктің басшылығы жауап жобасымен келіскен жағдайда баспасөз қызметі Төрағаның блогына немесе Агенттіктің интернет-ресурсына жауаптың орналасуын қамтамасыз етеді.
216. Мәселенің мәні баяндалмаған, оны шешу үшін жеткілікті мәліметтері жоқ (анонимділерді қоспағанда) өтініштер бойынша жауапты құрылымдық бөлімше өтініш берушіге өтініштің тіркелеген сәтінен 5 жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті түсіндірмемен өтініштің қараусыз қалдыратындығы туралы жауап дайындайды.
Егер өтінішті қараусыз қалдыруға негіз болған жағдайлар келесіде жойылатын боса құрылымдық бөлімшелер көрсетілген өтінішті мәні бойынша қарауға міндетті.
217. Өтініш берушіден қайта түскен өтініште жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар көрсетілмесе жауапты құрылымдық бөлімшемен жетекшілік етуші Төрағаның орынбасарымен немесе оның құзыреті шегінде Агенттіктің аппарат басшысымен келісілген өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап дайындалады.
Өтініш берушіге ұқсас өтініштер келіп түскен жағдайда соңғысы қараусыз қалдырылатындығы және алдында түскен матералдарға қосатындығы туралы түсіндірумен хат алмасудың тоқтатылатындығы туралы хабарланады.
218. Төрағаның блогында, Агенттіктің интернет-ресурсында балағат сөздер, сондай-ақ қолданыстағы заңнамамен таратуға тиым салынған мәліметтер бар өтініштер Төрағаның баспасөз қызметіндегі жауапты тұлғамен тездетіп жойылуға жатады.
219. Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары орналастырылатын жауаптардың мәтініне (с.і. грамматикасына, орфография және жазылуы стиліне) дербес жауаптылықта болады.
16. Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша құжаттарды
дайындау және келісу тәртібі
220. Мемлекеттік сатып алуды жүргізу жәе ұйымдастыру «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы (бұдан әрі – Мемлекетттік сатып алу туралы Заңы), Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 648 бұйрығы бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590) болып тіркелген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына және өзгеде нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
221. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру Агенттіктің орталық аппаратымен жүзеге асырылады, соның ішінде мемлекеттік сатып алу
веб-порталындағы жұмыс ӘД ҚШЖМСАБ жүктеледі.
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушымен жүзеге асырған жағдайда ӘД ҚШЖМСАБ Мемлекеттік сатып алу туралы Заңымен және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалармен көзделген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін құжаттар мен ақпараттарды бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынады.
222. Республикалық бюджетті бекіткеннен кейін құрылымдық бөлімшелер мен ведомствоға бағынысты ұйымдар жоспарланған мемлекеттік сатып алу, сатып алудың тәсілдері мен мерзімдері туралы дәлелді және толық ұсыныстарының негізінде ӘД ҚШЖМСАБ тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын
(бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алу жоспары) әзірленеді.
Мемлекеттік сатып алудың жоспары, сондай-ақ оған өзгертулер және (немесе) толықтырулар республикалық бюджетті бекіткен (натыланған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде Агенттіктің аппарат басшысымен бекітіледі. Мемлекеттік сатып алудың жоспарына өзгертулер мен (немесе) толықтырулар айына бір реттен көп емес енгізіледі.
Жылдық жоспарды бекіткенге дейін республикалық бюджеттік комиссиясының оң ұсынысы негізінде мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары (бұдан әрі – алдын ала жоспар) әзірленуі және бекітілуі мүмкін. Алдын ала жоспар мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіткенге дейін қолданылады.
223. Бекітілген Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (алдын ала жоспарына), сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулары бекітілген немесе өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу бойынша уәкілетті органға веб-порталын пайдаланбай ұсынылатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды
веб-порталда орналастырады.
224. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары (алдын ала жоспары) бекітілген немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (алдын ала жоспарына) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынылады.
225. Бекітілген Мемлекеттік сатып алу жоспарының негізінде
ӘД ҚШЖМСАБ Агенттіктің басшылығының келісімі бойынша Агентіктің аппарат басшысымен бекітілетін құрылымдық бөлімшелерге оның тармақтарын бекітулер дайындалады (бұдан әрі – бекіту).
Мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгертулер мен толықтырулар енгізілген жағдайда көрсетілген бекітугеде тиісті түзетулер енгізіледі.
226. Құрылымдық бөлімшелер Мемлекеттік сатып алу жоспарында оларға бекітілген тармақтарға сәйкес конкурстық құжаттамаға қосу үшін жетекшілік етуші Төрағаның орынбасарымен келісілген ұсыныстар мен техникалық ерекшеліктерді ӘД жолдайды.
227. Жүргізу процесі Агенттіктің орталық аппаратымен рәсімделетін техникалық тапсырмалардың, техникалық ерекшеліктердің, конкурстық құжаттамалар мен олардың ұсыныстарының, мемлекеттік сатып алу туралы шарттар мен өзгеде құжаттар жобалары Агенттіктің басшылығымен келісуге жатады.
228. Бекітуге сәйкес тиісті тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді сатып алуға жауапты болып табылатын ҚШЖМСАБ мен құрылымдық бөлімшелер мемлекеттік сатып алу рәсімдерін, өнім берушімен шарт жасасуды, шарттың талаптарын орындауын бақылауды уақытылы жүргізілуін, аралық және қорытынды есепті уақытылы қабылдауды, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шартта орындау туралы құжаттарға қол қоюды қамтамасыз етеді.
Тауарлар, орындалған жұмыстың немесе қызметтің қабылдау-тапсыру актілері тиісті құрылымдық бөлімшенің басшыларымен қабылданады және қол қойылады. Жеткізілген тауарды, орындалған жұмыстарды немесе көрсетілген қызметтерді төлеу туралы құжаттар аппарат басшысымен қол қойылады.
229. Жауапты құрылымдық бөлімшелер әлеуетті өнім берушімен немесе өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі анықталған сәттен 3 жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге үшін ЗД ақпарат ұсынылады.
Құрылымдық бөлімшелер бұзушылықтар туралы ақпаратты ұсынған жағдайда өзінің қызметтік жазбасына осы бұзушылықтар бойынша барлық қажетті материалдарды қоса береді.
Әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғандығы туралы берілген ақпараттардың уақытылы, толықтылығы мен дұрыстығына құрылымдық бөлімшелердің басшылары дербес жауапкершілікте болады.
230. Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңының 16-бабы 3-тармағы
6)-тармақшасына сәйкес ӘД ҚШЖМСАБ өткізіліп жатқан мемлекеттік сатып алулар туралы мәліметті Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етеді.
231. Агенттік басшылығының келісімімен жүргізілетін мынадай мәселелер бойынша келіссөздерді:
мемлекеттік сатып алу туралы тікелей шартын жасасу жолымен мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен өткізу;
Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына өзгерiстер енгiзу немесе Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 45-бабының тәртібінде мемлекеттік сатып алу шарттын жасасу;
мемлекеттік сатып алу Заңымен белгіленген жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталын қолданбай мемлекеттік сатып алуды өткізу қоспағанда конкурстық (сараптамалық) комиссияның мүшелері немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға қатысушылар болып табылатын Агенттіктің құрылымдық бөлімшелер мен аумақтық органдарды, ведомствоға бағынысты ұйымдары, Ұлттық бюро мен оның аумақтық органдарының жұмыскерлеріне (қызметкерлеріне) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің әлеуетті өнім берушілермен және өнім берушілермен, олардың өкілдерімен кездесулер мен келіссөздер өткізуге тиым салынады,
17. Агенттіктің алқалық органдары
232. Қоғамдық кеңес «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңымен белгіленген тәртіпте Агенттікпен коммерциялық емес ұйымдармен және азаматтармен бірлесіп құрылған консультативтік-кеңесші, байқаушы орган болып табылады.
Азаматтық қоғамның мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруына қатысты қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты болып табылады.
Қоғамдық кеңестердің ұсынымдары Агенттіктің қарауы үшін міндетті болып табылады, олар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдер қабылданады және дәлелді жауаптар беріледі.
Қоғамдық кеңес туралы ереже, оның құрамы Төрағамен бекітіледі.
233. Агенттікпен құрылған Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі – Әдеп жөніндегі комиссия) әдеп нормаларын бұзуға жол берген, соның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған санаттары Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларымен
(бұдан әрі - Қағидалар) айқындалатын мемлекеттік әкімшілік қызметшiлерге қатысты тәртіптік істерді қарайтын тұрақты түрде қызмет ететін алқалы орган болып табылады.
Тәртіптік істерді қарау қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі комиссия аталған мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі туралы ұсыныстар әзірлейді, сондай-ақ жемқорлықтың алдын алу мен қызметтік әдеп нормалары бойынша бұзушылықтардың профилактикасы бойынша шаралар ұсынады.
Комиссияның құрамына орталық мемлекеттік органдарының басшылары (орынбасарлары), соның ішінде, құқық қорғау органдарының мүшелері, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.
Әдеп жөніндегі ереже, оның жеке құрамы Агенттіктің төрағасымен анықталады.
234. Агенттіктің орталық аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің тәртіптік теріс қылығына қатысты фактілерді зерттеудің қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарау және Төрағаға аталған тұлғаларға қатысты жазалау шарасы туралы сәйкесінше ұсынымдарды енгізу үшін Агенттікте тәртіптік комиссия қызмет етеді.
Төраға тәртіптік комиссияның жалпы қызметіне басшылықты жүзеге асырады, оның құрамын қалыптастырады.
Тәртіптік комиссиясының құрылуы тәртібі мен жұмысы Ережемен айқындалады.
235. Агенттіктің қызметін жетілдіру мақсатында Төрағамен басқарылатын, Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңес туралы (бұдан әрі - Кеңес) консультативтік-кеңесші орган құрылады.
Төраға Кеңестің құрамын мен Кеңес туралы ережені бекітеді, Кеңестің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.
Кеңестің негізгі міндеттеріне ішкі мемлекеттік аудит мәселелері жөнінде туындаған келіспеушіліктерді шешу, мемлекеттік аудит және тәуекелдер бойынша ұсынымдарды, ІАҚ есептерін және осы ұсынымдарды іске асыру мониторингін қарау, қызметті жетілдіруге бағытталған басқа да мәселелерді қарау жатады.
236. Агенттікте мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу әдістемесін жетілдіру және мониторингтің қорытындыларын қарастыру бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы жұмыс істейді.
Осы жұмыс тобын құрудың мақсаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу әдістемесін жетілдіру және мониторингтің қорытындыларын қарастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Ведомвоаралық жұмыс тобының құрамы, оның жұмыс жоспары Төрағамен бекітіледі.
_____________________________
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
регламентіне
1-қосымша
Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат
№ р/н
|
Cыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жазаған тұлғаның тегі, аты, әкісінің аты (бар болған жағдайда)
|
Өңір
(облыстар,Астана немесе Алматы қалалары)
|
Cыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жазаған тұлғаның лауазымы
|
Мемлекеттік органның атауы
|
Құқық бұзушылықтың түрі
(ҚР ҚК бабы)
|
СДТБТ-да тіркелген күні
|
Соттың шешімі
(қылмыстық іс бойынша өндіріс аяқталған кезде)
күні және №
|
Ескертпе
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің регламентіне 2-қосымша
Есепке алу мәліметтеріндегі айырмашылықтарды анықтау туралы
АКТІ
Астана қаласы 2015 жылғы «____»__________
Біз, ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Агентттің Төрағасының _____ жылғы «___» ________ № ___ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) регламентінің 112-тармағына сәйкес Есепке алу мәліметтеріндегі айырмашылықтарды анықтау туралы акті жасалды.
Атап айтқанда, 20____ жылғы «____»__________ Агенттікке _____________(пошта, арнайы байланыс және т.б.) арқылы ___________________________(ұйымның атауы) _____________________ («____»__________№ ____ тізбе (тізілім)) пакет (конверт) келіп түсті.
Аталған пакетті ашу кезінде:
1) (саны)құжат анықталды (№____, №____), олардың біреуі №____ пакетте (конвертте) көрсетілмеген;
2) пакетте (конвертте) көрсетілген №____ құжаттың пакетте (конвертте) іс жүзінде жоқ екені анықталды.
3) № ____ құжаттың ілеспе хатында көрсетілген қосымшалардың парақтар саны нақты санына сәйкес келмейтіні анықталды (____ парақ көрсетілген, нақты ____).
4) Басқа (айырмашылықтардың сипаты)_____________________
Осы акт 3 данада құрастырылды.
__________________(лауазымы, қолы, тегі, аты-жөні)___________________
__________________( лауазымы, қолы, тегі, аты-жөні)___________________
__________________( лауазымы, қолы, тегі, аты-жөні)______________________
Достарыңызбен бөлісу: |