Қазақстан Республикасыны


Алқа отырыстарын жоспарлау, дайындау



жүктеу 454,5 Kb.
бет2/4
Дата11.01.2020
өлшемі454,5 Kb.
#26346
1   2   3   4

3. Алқа отырыстарын жоспарлау, дайындау

және өткізу тәртібі


20. Агенттіктің алқасы (бұдан әрі - алқа) консультативтік-кеңесші органы болып табылады, оның шешімдері Агенттіктің орталық аппараттың, Ұлттық бюроның және олардың аумақтық бөлімшелерінің, ведомствоға бағынысты ұйымдардың жұмыскерлері мен қызметкерлері үшін міндетті.

21. Алқа отырыстарында Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау мәселелері, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметінің аса өзекті мәселелері, жұмыс тиімділігін арттыру және оны жетілдіру мәселелері қаралады, жақын арадағы преспективалық міндеттер мен толық шешім таппаған мәселелер талқыланады, Ұлттық бюро, Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдардың, ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшыларының есептері тыңдалады.

22. Агенттіктің алқа отырыстары алқа жұмысының жоспарына немесе Агенттіктің Төрағасының нұсқауына сәйкес жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі. Алқа отырысы ашық болып табылады, Төраға қажет болған жағдайда алқа отырысының өткізілуін жабық деп жариялай алады.

Алқа отырыстарында қаралатын сұрақтардың саны шектелмейді.

Қажет болған жағдайда Агенттік Төрағасының шешімі бойынша кезектен тыс және көшпелі, сондай-ақ бейнеконференцбайланысы режимінде алқа отырыстары өткізіледі.

23. Алқаның төрағасы Төраға болып табылады, Агенттік басшылығының, Ұлттық бюроның және құрылымдық бөлімшенің басшыларының ішінен сандық және жеке құрамын бекітеді.

Агенттіктің алқа отырысына Президент Әкімшілігінің өкілдері, олардың аралас қызмет салаларында ведомствоаралық үйлестіру міндеттеріне қарай мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылады. Төрағаның шешімі бойынша алқа отырысына бұқаралық ақпарат құралдары және үкіметтік емес ұйым өкілдері шақырылады.

Алқа отырысына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметінің мәселелері бойынша қоғамдық кеңес (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) мүшелері қатысуға құқылы.

24. Алқаның жұмыс жоспары ӘД ҰББ Төрағаның, Төрағаның орынбасарларының, Агенттіктің аппарат басшысының, құрылымдық бөлімшелердің, Ұлттық бюроның, ведомвоға бағынысты ұйымдардың ұсыныстарының негізінде әзірленеді және Төрағамен бекітіледі.

Төрағамен бекітілетін алқаның жұмыс жоспарына құрылымдық бөлімшелердің, ведомствоға бағынысты ұйымдардың, Ұлттық бюроның ұсыныстары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

25. Алқа Төрағасы:


  1. алқа отырыстарында төрағалық етеді;

  2. алқаның жұмысын ұйымдастырады;

  3. алқаның жұмыс жоспарын, алқаның күн тәртібін, жұмыс регламентін бекітеді, отырыстың өткізу күнін, уақыты мен орнын, жүргізу тәртібі мен өзге де қажетті құжаттар мен материалдарды айқындайды;

  4. Алқаның қарауына енгізілген мәселелер бойынша баяндамашыларды (қосымша баяндамашыларды) айқындайды.

Жоспарланған сұрақтарды алып тастау және күн тәртібіне жоспарланбаған сұрақтарды енгізуге тек Төрағаның келісімі бойынша рұқсат етіледі.

26. Алқа мүшелері:



  1. алқаның қарауына енгізілген мәселелер бойынша дауыс береді;

  2. жоспарланған сұрақтарды алып тастау және Алқаның қарауы үшін күн тәртібіне жоспарланбаған сұрақтарды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді.

  3. жазбаша түрде және алқа отырысының хаттамасына қоса берілетін ерекше пікірлер білдіреді.

27. Алқа отырысы, егер оған алмастыру құқығынсыз қатысқан мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысып отырған жағдайда, заңды болып саналады.

Алқаның шешімі оның мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда алқа Төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

28. Алқаға материалдар даярлау үшін құрылымдық бөлімшелер, Ұлттық бюро, ведомствоға бағынысты ұйымдар өз уәкілеттігі шегінде жетекшілік етуші Төраға орынбасарының немесе Агенттіктің аппарат және Ұлттық бюро басшыларының келісімі бойынша баяндамаларды, сондай-ақ оған қоса берілген материалдар (ақпараттық анықтамалар, тұсаукесер, қойылатын мәселелер, өз баяндамалары бойынша алқа шешімінің жобасы) шақырылған адамдардың тізімін, үлестірме материалдарды ӘД ҰББ ұсынады.

Алқа хаттамасының жобасына берілетін ұсыныстар, қызметті жетілдіру, жұмыста орын алған кемшіліктерді жою бойынша бастамаларды қамтуы тиіс.

Алқаға бөлімшелермен дайындалған мәліметтерді ӘД ҰББ-на алқа отырысының күніне дейін 5 жұмыс күні бұрын беріледі.

Алқа отырыстарын жедел өткізуді талап ететін жағдайларда Агенттіктің аппарат басшысының келісуімен материалдарды ұсыну мерзімдерін ӘД ҰББ белгілейді.

29. Алқа отырысы туралы оның қатысушылары кемінде 3 жұмыс күні бұрын күн тәртібі, күні, уақыты және отырыстың өткізілетін орны көрсетілген хатпен хабарланады.

Алқа қатысушыларына алқа қарауына енгізілетін анықтамаларды, хабарламаны жолдауды және шақырылған адамдардың келуін, алқа қатысушыларын отырғызуды Агенттіктің ӘД ҰББ қамтамасыз етеді.

30. ӘД ҰББ Агенттік басшылығымен келісілген алқа материалдарын (шақыру қағазы, регламент, анықтамалар, өткізу тәртібі, қатысушылардың (шақырылғандардың, сөйлеушілердің) тізімі, хаттаманың жобасы, есеп беретіндерге сұрақтардың тізбесі) Төрағаға және алқа мүшелеріне, оның отырысына дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын ұсынады.

Өткізу тәртібі туралы бөлім және алқа хаттамасының жобасы орыс және мемлекеттік тілдерде әзірленеді.

Кезектен тыс алқа отырысы өткізілген жағдайда алқа отырысында қаралатын мәселелер бойынша мәліметтер алқа отырысының қатысушыларына алқа отырысына тікелей жеткізілуі мүмкін.

31. Алқаның қарауына енгізілетін материалдардың уақтылы және сапалы әзірленуіне мәселенің қаралуына бастамашылық жасаған құрылымдық бөлімшелердің, Ұлттық бюроның және ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшылары, сондай-ақ жетекшілік етуші Төрағаның орынбасарлары, Ұлттық бюроның басшысы жауап береді.

32. Алқа отырысында мәселелерді қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы
22 желтоқсандағы № 144 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларымен (бұдан әрі – Құжаттама жасаудың үлгілік қағидалары) (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10129 болып тіркелген) белгіленген хаттама нысанында рәсімделген алқа шешімі қабылданады.

Алқа отырысы ӘД ҰББ хаттамаланады.

Алқа отырысындағы тапсырмаларды іске асыруға құзыретіне жататын құрылымдық бөлімше алқа шешімінің хаттамасын күтпей-ақ, оларды орындауы тиіс.

33. Мәселені дайындаған құрылымдық бөлімше қалыптасқан талқылауды ескере отырып, 1 жұмыс күні ішінде алқа отырысының хаттамасын, басқа материалдарды пысықтап және жетекшілік етуші Төрағаның орынбасарымен, Агенттіктің аппарат және Ұлттық бюроның басшыларымен келісілгеннен кейін оларды ӘД ҰББ береді.

Алқа отырысы хатамасының жобасы мемлекеттік және орыс тілдерінде алқа отырысы өткізілген күннен кейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей Төрағаға қол қоюға ұсынылады.

Алқа отырысының хаттамасы алқа Төрағасымен қол қойылғаннан кейін электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) тіркеледі және дереу шешімде орындаушы есебінде көрсетілген тұлғаларға және бөлімшелерге танысуға және орындауға, сондай-ақ бақылауға қою үшін ӘД ҰББ жолданады. Хаттаманың түпнұсқалары ӘД ҰББ сақталады.

Алқа шешімдерінің сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында олардың тұжырымдамасы тура шараларды қабылдау туралы нақты және анық тапсырмалардан тұруы тиіс.

Алқа отырысының хаттамасында тапсырмаларды орындаудың нақты мерзімдері («тұрақты», «жыл ішінде») айқындалмаған жағдайда, олар әр тоқсан сайын, сондай-ақ есептік кезең өткеннен кейінде Төрағаны ақпараттандыра отырып, есептік жыл ішінде орындауға жатады.

34. Алқа шешімдеріне сәйкес дайындалған бұйрықтар, қызметтік жазбалар және басқа да ұйымдық-өкімдік құжаттар жетекшілік етуші Төрағаның орынбасарларымен, Агенттіктің аппарат және Ұлттық бюроның басшыларымен бұрыштама қойылады және Алқа отырысының хаттамасында белгіленген мерзімде Төрағаға ұсынылады.

35. ӘД ҰББ алқа отырысын ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады, іс жүргізеді, жыл сайын Алқаны өткізу тәжірибесін зерделейді және қорытады және Төрағаға оның қызметін жетілдіру шаралары туралы ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ алқа отырысында берілген тапсырмалардың уақытылы орындалуын бақылауды іске асырады.

36. Алқа жұмысының қорытындысы туралы ақпаратты Агенттіктің ресми интернет-ресурсына баспасөз қызметі алқа өткізілген күннен кейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей орналастырады. Жыл қорытындысы бойынша алқа Агенттіктің интернет-ресурсында онлайн режимде таратылуы мүмкін.

37. Ұлттық бюроның алқа отырысының жоспарлау, дайындау және өткізу тәртібі оның басшысының бұйрығымен айқындалады.


4. Агенттіктің аппараттық, жедел және селекторлық кеңестерін жоспарлау, дайындау және өткізу тәртібі
38. Төрағамен өтетін аппараттық кеңестер, әдетте әр дүйсенбі сайын Төрағаның орынбасарларының, Агенттіктің аппарат басшысының, құрылымдық және ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшыларымен, Ұлттық бюроның басшылығының, сондай-ақ Төрағаның қалауы бойынша өзге де тұлғалардың қатысуымен өтеді.

Құрылымдық бөлімшелер басшылары болмаған кезде оларды алмастыратын тұлғалар қатысады.

Төрағаның тапсырмасы бойынша аппараттық кеңестер Төраға орынбасарларының бірінің төрағалық етуімен өткізілу мүмкін.

Төраға аппараттық кеңесті өткізудің белгіленген тәртібін өзгерте алады.

39. Агенттіктің аппараттық кеңестерде қарастырылатын мәселелердің шеңберіне: Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің бағыты бойынша қызметтік әрекетті ұйымдастыру жағдайы, жұмыс нәтижелерін жақсарту жөніндегі шаралар, орындаушылық тәртіптің жағдайы, Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының есептері, Агенттіктің қызмет тиімділігін қамтамасыз етуге байланысты ағымдағы мәселелер кіреді.

Қажеттілігіне қарай құрылымдық бөлімшелер басшыларының атқарған жұмысы және Төрағаның тапсырмаларының орындалуы туралы хабарламалар тыңдалады.

40. Төрағамен бекітілетін аппараттық кеңестер кестесінің жобасы
(бұдан әрі - Кесте) ӘД ҰББ-мен екі айда бір рет әзірленеді. Бұл ретте қызметтің бағыты бойынша жаңа тәсілдер мен қойылған міндеттерді ескере отырып, Кесте түзетілуі мүмкін.

Кесте жобасына тақырыптар бойынша (кемінде 3 тақырып) Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері, Ұлттық бюроның Штабы, ведомствоға бағынысты ұйымдар жетекшілік етуші Төрағаның орынбасарымен және Агенттіктің аппарат басшысымен, сондай-ақ олардың құзыреті шегінде Ұлттық бюроның басшыларымен және ведомствоға бағынысты ұйымдармен келісілген ұсыныстарды жоспарланған кезең басталғанға дейін 10 жұмыс күні бұрын ұсынылады.

Кесте жобасы сұрақтардың атауын, оның қаралатын мерзімі мен баяндаушылары туралы мәліметті құрайды.

41. Агенттіктің ӘД ҰББ аппараттық кеңестердің ұйымдастыру дайындықтарын жүзеге асырады, олардың ісін жүргізеді.

42. Әр апта сайын құрылымдық бөлімшелердің басшылары (жауапты орындаушылар) бейсенбі күні сағат 12.00 дейін ӘД ҰББ жетекшілік етуші Төрағаның орынбасарымен немесе Агенттіктің аппарат басшысымен,
сондай-ақ Ұлттық бюроның басшыларымен және олардың құзыреті шегінде ведомствоға бағынысты ұйымдармен келісілген баяндамаларды, сондай-ақ оған қатысты материалдарды (анықтамалық ақпарат, тұсаукесер, қойылатын мәселелер, өз баяндамасы бойынша хаттамалық шешімнің жобасы) ұсынады.

Әр апта сайын, ӘД ҰББ жұма күні сағат 17.00-ге аппараттық кеңестің өңделген материалдары Төрағаға ұсынылады.

Агенттіктің ӘД ҰББ сұрау салуы бойынша құрылымдық бөлімшелердің басшылары белгілі бір кезеңде атқарылған жұмыс туралы ақпарат беруге міндетті.

43. Аппараттық кеңестің өткізетін орнын дайындау және рәсімдеу


ӘД ҰББ оны өткізуге 1 күн қалғанда жүргізіледі. ӘД ҰББ аппараттық кеңесіне қатысушыларды отырғызу сызбасын дайындайды.

44. Агенттіктің басшылығымен, Ұлттық бюромен немесе құрылымдық бөлімшелердің басшылармен ұсынылған бастамашыл мәселелер бойынша жедел кеңестер өткізіледі. Жедел кеңестер Төраға орынбасарының, Агенттіктің аппарат басшысының, құрылымдық бөлімшелердің төрағалығымен жүргізілуі мүмкін.

Қажет болған жағдайда Агенттіктің аумақтық бөлімшелерімен кеңестер бейнеконференцбайланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.

45. Агенттіктің басшылығының шешімі бойынша кез келген күнде жедел кеңестер, соның ішінде бейнеконференцбайланыс құралдарымен өткізілетін кеңестер өткізіледі, бұл ретте олардың жүргізілуінің ұйымдастыру тәртібі аппараттық кеңестердің жүргізілуінің ұйымдастыру тәртібіне ұқсас.

Төрағалық етушімен әрбір нақты жағдайда кеңестің өткізілу уақыты, қатысушылардың шеңбері айқындалады. Агенттік басшылығының келісімі бойынша жедел кеңеске өзге мемлекеттік органның өкілдері шақырылуы мүмкін.

46. Жедел кеңестер және бейнеконференцбайланыс құралдарымен өткізілетін кеңестер, соның ішінде қатысушыларды хабарлау, материалдарды дайындау, жедел кеңестің өткізілетін жерін безендіру, хаттаманы жүргізу және басқаларды жүргізуді ұйымдастыру кеңесті өткізуге бастамашы болған бөлімше немесе талқыланған мәселе бойынша кеңесті ұйымдастыруға жауапты болған бөлімше жүзеге асырады.

47. Бірнеше бөлімшелердің мәселелерін қозғайтын және Төрағаның қатысуымен жүргізілетін жедел кеңестерді, соның ішінде бейнеконференцбайланыс құралдарымен өткізілетін кеңестерді ӘД ҰББ ұйымдастырады. Бұл ретте жауапты құрылымдық бөлімшелер, Ұлттық бюро және ведомствоға бағынысты ұйымдар өз мәселелері бойынша дайындалған және жетекшілік етуші Төрағаның орынбасарымен және/немесе өз уәкілеттігі шегінде Агенттіктің аппарат басшысымен келісілген материалдар ӘД ҰББ кеңестің өткізілуіне бір жұмыс күні қалғанға дейін беріледі.

48. Жедел және селекторлық кеңестің өткізілуіне басмашылық жасаған құрылымдық бөлімше немесе ӘД ҰББ кеңестің басталуына 1 жұмыс күні қалған кезде Агенттіктің Төрағасына материалдарды ұсынады.

49. Аппараттық, жедел және селекторлық кеңестердің қарауына енгізілетін материалдардың уақтылы және сапалы дайындалуы Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, жетекшілік етуші Төрағаның орынбасарлары, Агенттіктің аппарат, Ұлттық бюроның, ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшылары жауапкершілікте болады.

50. Аппараттық, жедел немесе селекторлық кеңестерде қабылданған шешімдер Құжаттама жасаудың үлгілік қағидаларында бегіленген хаттама нысанында рәсімделеді.

Кеңестің хаттамасы қаралып отырған мәселе бойынша анықтамада жазылған қорытындылар мен ұсыныстардан, сондай-ақ мәжіліс барысында берілген тапсырмалардан шығуы, нақты, қысқа, жауапты орындаушыларды және іс жүзіндегі орындалу уақытын көрсете отырып құрылуы тиіс.

Хаттамалық шешімдерде орындаушы мен төрағалық етушінің тапсырмасының мазмұнынан басқа, лауызымдық тұлғалар (жетекшілік етуші бағыттар бойынша Төрағаның орынбасары, Агенттіктің аппарат, Ұлттық бюро басшылары) көрсетіледі.

Хаттамалық шешімді уақытында орындалуына жауапты лауазымды тұлға (жетекшілік етуші бағыттар бойынша Төрағаның орынбасары, Агенттіктің аппарат басшысы немесе Ұлттық бюроның басшысы) болмаған жағдайда бақылау тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысына жүктеледі.

Кеңес хататамасының жобасы кеңес өткізілген күннен 2 жұмыс күнінен кешіктірмей Төрағаға қол қоюға ұсынылады.

Хаттама төрағалық етушімен қол қойылады, кеңес өткізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орындау үшін жауапты тұлғаларға жолданады.

Кеңестерде берілген тапсырмаларды іске асыру құзыреті жататын құрылымдық бөлімше хаттамалық шешімді күтпей-ақ, оларды орындауға кірісуі тиіс.

51. Аппараттық кеңестің хаттамаларын тіркеуді ӘД ҰББ жеке журналда жүргізеді.

52. Аппараттық, жедел және селекторлық кеңестерде берілген тапсырмалар хаттамада бекітілген мерзімде орындалуға жатады.

Егер тапсырмалардың орындалу мерзімі бекітілмесе бір айлық мерзімде орындауға жатады.

Хаттамалық шешімдердің орындалуын бақылауды ӘД ҰББ жүзеге асырады.

53. Алқа отырысында, аппараттық, операциялық және селекторлық кеңестерде берілген тапсырмалардың орындалғандығы туралы ақпараттар жетекшілік етуші Төрағаның орынбасарына, Агенттік аппаратының, Ұлттық бюроның басшыларына және ведомствоға бағынысты ұйымдарға келісуге хаттамада белгіленген мерзімнен 5 жұмыс күні бұрын, ал орындау мерзімі
3 жұмыс күнін құрайтын тапсырмалар бойынша– 1 жұмыс күні бұрын енгізіледі.

ӘД ҰББ-мен белгіленген мерзімге дейін 1 жұмыс күні бұрын Төрағаға көрсетілген тапсырмаларды орындау туралы ақпаратты ұсынады.

54. Хаттамалық шешімдерді уақтылы және сапалы орындаудың жауапкершілігі орындаушыға, құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, лауазымды тұлғаға (жетекшілік етуші бағыттар бойынша Төрағаның орынбасары немесе Агенттіктің аппарат басшысына) жүктеледі.

55. Кеңестерді жоспарлау, дайындау және өткізу тәртібі Ұлттық бюроның басшысының бұйрығымен айқындалады.


5. Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру
56. Құрылымдық бөлімшелердің жұмыстарының ұйымдастыруын тікелей олардың басшылары қамтамасыз етеді.

57. Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері туралы ереже (бұдан әрі - ереже) Төрағамен бекітіледі. Олардың міндеттері мен функциялары ережемен айқындалады.

Ережені Үкіметтің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1125 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағидаларына сәйкес құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп Агенттіктің Персоналды басқару қызметі
(бұдан әрі - ПБҚ) әзірлейді.

Ережелердің жобаларының нысандары, құрылымдары, мазмұны мен заң техникасының сақталу мәні Агенттіктің Заң департаментімен (бұдан әрі - ЗД) ала алдын келісіледі.

58. Құрылымдық бөлімшелердің басшысыларының және жұмыскерлерінің лауазымдылық уәкілеттілігін айқындайтын лауазымдылық нұсқаулықтар Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органмен бекітілген құрылымдық бөлімшелермен әзірленеді.

Лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу мен бекіту бойынша жалпы үйлестіруді ПБҚ қамтамасыз етеді.

59. ІБҚ Мемлекеттік аудит туралы заңмен айқындалған тәртіпте ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырылады.

60. Мемлекеттiк қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органмен бекітілген, Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына (бұдан әрі - Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары) сәйкес Агенттіктің Мемлекеттік қызмет департаменті (бұдан әрі - МҚД) мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының мониторинг жүргізу бөлігіндегі ішкі бақылауды жүзеге асырады.

Әр тоқсан сайын есептік кезеңнен кейін айдың 1 күніне дейін МҚД Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес өз құзыреті шегінде құрастырылған мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының мониторингісінің қорытындысы туралы талдамалық ақпаратты және есепті ұсынады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларына сәйкес құрастырылған жиынтық есеп және талдамалық ақпараттарды МҚД әр тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 3 күніне дейінгі мерзімде ІБҚ ұсынылады.

ІБҚ мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының іс-шараларына бақылау жүргізу бөлігіндегі ішкі бақылауды жүзеге асырады.

ІБҚ жиынтық есеп және аналитикалық ақпараттарды әр тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 7 күніне дейінгі мерзімде МҚД-ға ұсынылады.


6. Агенттіктің аумақтық органдармен және ведомствоға бағынысты ұйымдарымен, Ұлттық бюромен өзара іс-қимылы
61. Агенттік Ұлттық бюроның, аумақтық органдардың, ведомствоға бағынысты ұйымдарға жалпы басшылық пен олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес негізгі даму бағыттарын айқындайды.

62. Ұлттық бюро Агенттіктің ведомствосы бола отырып, Төрағаға есеп береді және бақылауында болады, өз қызметін мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, нормативтік құқықтық актілерде және Төрағаның тапсырмаларында көрсетілген міндеттерге сәйкес жүзеге асырады.

63. Агенттіктің басшылығының Ұлттық бюро қызметі саласына қатысты мәселелер бойынша тапсырмаларын тапсырмада белгіленген мерзімде орындайды.

Агенттік басшылығының тапсырмаларын Ұлттық бюроға жеткізуді Әкімшілік департаменттің Құжат айналымы басқармасы (бұдан әрі - ӘД ҚАБ) жүзеге асырады. Олардың орындалуын бақылауды ӘД ҚАБ және ӘД ҰББ жүзеге асырады.

Агенттік басшылығының тапсырмаларын орындау барысында Ұлттық бюро Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара бірлесіп жұмыс істейді.

Ұлттық бюроға берілген Агенттік басшылығының тапсырмасын,


сондай-ақ жоспарлы іс-шаралар мен хаттамалық тапсырмалардың уақытылы орындалуын бақылау өз құзыреті шегінде Ұлттық бюроның Штабы (Департаменті) жүзеге асырады.

64. Осы Регламенттің 77-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, Ұлттық бюроның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзге мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және лауазымды тұлғаларға дербес жүгіне алады.

65. Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің Ұлттық бюромен өзара
іс-қимылы кезінде туындайтын келіспеушіліктерді Төраға қарайды.

Ұлттық бюро мен оларға жетекшілік ететін Төрағаның орынбасары немесе аппарат басшысы арасындағы келіспеушіліктерді әрбір тараптың жазбаша өтініші бойынша Төраға қарастырады.

66. Ұлттық бюроға, аумақтық бөлімшелерге және ведомствоға бағынысты ұйымдарға Агенттіктің тапсырмалары мен өзге де құжаттары Төрағамен, Төрағаның орынбасарымен немесе Агенттіктің аппарат басшысымен қол қойылады.

Ұлттық бюроға, аумақтық органдарға және ведомствоға бағынысты ұйымдарға Агенттікке есептік ақпаратты, жеке және заңды тұлғалардың өндірісте жатқан өтініштер бойынша ақпаратты беру туралы сұрауларға Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары өз құзыреті шегінде қол қояды.

Құрылымдық бөлімшелер құзыреті шегінде Ұлттық бюроға, аумақтық органдарға және ведомствоға бағынысты ұйымдарға кеңестің қорытындысының құжаттары құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен жолданады.

Тапсырмалар (сұрау) нақты баяндалған мақсаттар мен міндеттерді, негіздерді, анықтауды қажет ететін мәселелер тізімін, іске асыру нысанын, орындау мерзімін құрауы міндетті.

67. Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің (бұдан әрі - СЖҚСД) сұрау салуы бойынша Ұлттық бюро сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша статистикалық деректер, комерциялық ұйымдармен үлестес лауазымды тұлғалардың мүдделерінің қақтығысын анықтау үшін мәліметтер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілген кезде қажетті басқа да деректерді ұсынады.

68. Агенттіктің басшылығына Ұлттық бюромен және ведомствоға бағынысты ұйымдармен жолданатын ақпарат басшымен (міндеттерін атқараушы, тұлға) немесе оның орынбасарымен қол қойылады.

Агенттіктің орталық аппаратына Агенттіктің аумақтық органдарымен жіберілетін ақпарат басшымен (оның міндеттін атқарушы тұлғамен) қол қойылады.

Агенттіктің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің және Ұлттық бюроның құрылымдық бөлімшелерінің арасында өз құзыреті шегінде олардың басшыларының қолымен хат алмасу жүзеге асырылуы мүмкін.

69. Жіберілген тапсырмаларды есепке алу ЭҚАБЖ арқылы жүргізіледі.

Нақты жоспарлы және жоспардан тыс тапсырмаларын мониторингтеу мен бақылауды оны дайындаған және Ұлттық бюроға, аумақтық органдарға немесе ведомствоға бағынысты ұйымдарға жолдаған Агенттіктің құрылымдық бөлімшесі іске асырады.

Тапсырманы жоюды оған қол қойған немесе тапсырма берген лауазымды тұлға (оның міндеттерін атқарушы тұлға), немесе оның тапсырмасымен өзге тұлға іске асырады.

70. Ведомствоға бағынысты ұйымдардың қызметі Агенттіктің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған. Агенттік қызметінің тиісті бағыттары ведомствоға бағынысты ұйымдардың құрылымында және олардың даму жоспарларында көрсетіледі.

Агенттіктің ведомствоға бағынысты ұйымдармен өзара іс-қимылы Әкімшілік рәсімдер туралы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

71. Ұлттық бюро мен ведомствоға бағынысты органдар Қазақстан Республикасының Президентінің, Президент Әкімшілігінің Басшылығы мен оның орынбасарларының, Премьер-Министр мен оның орынбасарларының, өзге жоғары тұрған органдардың атына құжаттар, оларға жоғары тұрған органдар берген тікелей тапсырмаларды орындау үшін жіберілетін жауаптарды қоспағанда, Агенттік арқылы жолданады.

72. Ұлттық бюроның өз аумақтық органдарымен іс-қимыл тәртібі Ұлттық бюроның басшысымен анықталады.


жүктеу 454,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау