Институционалдық құрылым
Тұжырымдамада қойылған міндеттерді орындау үшін қолданыстағы институционалдық құрылым нығайтылып, сондай-ақ олардың туристік индустрияны және саланы дамытудағы жалпы өзара іс-қимыл жасау жүйесін күшейтудің мүмкіндігі қарастырылатын болады.
Осыған байланысты мыналар іске асырылатын болады:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Туризм жөніндегі кеңестің қызметін кеңейту.
2) Алты туристік кластерді дамытуды жүзеге асыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жанындағы өңірлік туризм басқармаларының қызметін күшейту және кеңейту.
3) Жергілікті атқарушы органың жанында осындай ұйымы бар, Астана-Еуразия жүрегі кластерін қоспағанда, алты туристік кластерде турөнімді жылжыту және дамыту ұйымдарын құру мүмкіндігу қарастыру (Конвеншн және сапар бюросы).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Туризм жөніндегі кеңес
Қазақстан Республикасының Үкіметі туристік саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік органдардың мемлекеттік саясатын және қызметін орындаудың негізгі үйлестірушісі ретінде туризм саясатын әзірлеудегі жетекші рөлін сақтайды.
Қазіргі уақытта Туризм жөніндегі кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде жүзеге асырады.
Туризм саласындағы уәкілетті орган – туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға, туристік салаға инвестицияларды тартуға, Қазақстан Республикасының туристік қызмет, әлеуметтік туризмді дамыту туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік орган.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары жанындағы өңірлік туризм басқармалары.
Облыстардағы тиімді жұмысты қамтамасыз ету және өңірлердегі алты туристік кластерді дамыту үшін облыстық, аудандық және қалалық деңгейлерде мемлекеттік басқару құрылымын одан әрі жетілдіру, оның ішінде бекітілген үлгілік құрылымға өзгерістер енгізу және басқармаларға жүктелген функцияларды оңтайландыру арқылы олардың санын көбейту қажет, оның ішінде:
1) ұсынылатын туристік өнімді өңірлік деңгейде (ұзақ мерзімді жоспарда) жобалау және кәсіби әзірлеу;
2) туристік өнімді, жобаларды өңірлік деңгейде жылжыту мен іске асыруға қолдау көрсету және жәрдемдесу;
3) дестинацияларды жылжыту, оның ішінде бренд жасау және имиджді қалыптастыру;
4) туристік дестинацияларды үйлестіру және басқару;
5) әлеуметтік туризм жобаларын қолдау және туристік өнімдердің халықтың қауқары аз топтары үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету;
6) туристік ақпараттық орталықтарды тұрақты қолдау, сондай-ақ олардың туристер үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету;
7) туризм саласындағы уәкілетті органмен туризмді жылжыту жөніндегі жыл сайынғы жедел және маркетингтік жоспарларды келісу;
8) дестинацияларды дамыту және жылжыту үшін арнайы іс-шараларды әзірлеу, ұйымдастыру және өткізу;
Имидждік стратегия
Имидждік стратегияны дамыту шеңберінде мынадай шараларды енгізу арқылы шетелде Қазақстандық туристік өнімді жылжытуға тәсілдерді қайта қарастырылатын болады:
халықаралық нарықтарда жұмыс істеу үшін туристік бренд әзірлеу;
халықаралық туристік ұйымдармен (БҰҰДТҰ, РАТА және басқалар) ынтымақтастық бойынша жұмысты белсендіру;
халықаралық нарықтарда жұмыс істеу үшін туристік бренд әзірлеу бойынша мәселені пысықтау;
іздестіру маркетингі (SEM) арқылы ақпаратты, мамандандырылған вебсайттарда (Trip Advisor және т.б.) баннерлерді, мобильді жарнаманы орналастыруды, Веб (Web) 2.0 құралдарын жылжытуды қоса алғанда, интернет-маркетинг, сондай-ақ Қазақстан бойынша барлық туристік ұсыныстарды көрсететін және онлайн-брондау функциясын ұсынатын www.kazakhstan.travel мамандандырылған онлайн-тұғырнаманы қолдау және одан әрі толтыру бойынша мәселелерін қарастыру;
негізгі нарықтарда Қазақстанның туристік өкілдіктерін ашу бойынша рекомендациялар шығару. Бірінші кезеңде Ресейде, Қытайда бір өкілдік және Батыс Еуропа елдері үшін біреуін ашу ұсынылады, кейіннен азиялық нарықты анағұрлым толық қамту, сондай-ақ Еуропада, негізінен, тікелей авиақатынасты және визасыз кіру режимі бар елдерде өкілдіктер санын көбейту;
Қазақстанның туризм өнімдері туралы ақпарат беру және оларды жылжыту мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін (баспасөз-турлар) және туризм индустриясының шетелдік мамандары үшін Қазақстан аумағы бойынша таныстыру турларын (ақпараттық-турлар) ұйымдастыру;
Астана және Алматы қалаларында b2b нысанында ақпарттық -турларды міндетті түрде өткізумен кіру туризмі бойынша мамандандырылған көрме өткізу.
Жылдам әсер ету шаралары
Қазақстанда туристік саланы дамыту келесі екі жылда мынадай талаптарды орындаған кезде сезілетін нәтижелерге алып келуі мүмкін:
1) белгілі бір туристік өнімдерді тиісті жиынтықтау және коммерциялау;
2) Қазақстанның ішінде, сондай-ақ Қазақстан мен басқа елдер арасында әуе қатынастарының көлемін ұлғайту және оның құнын азайту;
3) жылжыту жөніндегі нақты іс-шараларды кәсіби айқындау және іске асыру.
Жоғарыда көрсетілген өлшемдердің негізінде мынадай «жылдам нәтижелерге» қол жеткізуге болады:
1) халықаралық конференциялар мен ірі оқиғалар басымдығы жағдайында Астана және Алматы қалаларында MICE-туризм өнімдерін жасау;
2) конвеншн-бюро және сапар-бюросын құру – халықаралық кездесулер нарығында Астана мен Алматы қалаларының тиімді жылжуын және өкілдік етуін қамтамасыз ете отырып, қалалық билік пен бизнес арасындағы үйлестіруші және байланыстырушы буын болып табылатын мемлекеттік мамандандырылған компаниялар құру, сондай-ақ бір жыл ішінде күзгі-қысқы мезгілде жаңа іс-шараларды тарту арқылы туристік инфрақұрылым жүктемесін дұрыс бөлу;
3) Алтай маржаны мен Ұлы Жібек Жолды жаңғырту кластерлерінде, сондай-ақ бүкіл Қазақстан бойынша бірнеше турлар әзірлеу;
4) жылжыту жөніндегі онлайн-іс-шаралар, оның ішінде Гугл Жер Планетасы және Трип Эдвайзор (Google Earth и TripAdvisor) сияқты жетекші интернет-тұғырнамаларда және «Facebook» және «Twitter» секілді әлеуметтік желілердің көмегімен іс-шаралар өткізу.
Ірі туристік жобаларды іске асыру және құрылған инфрақұрылым объектілерін, туристік ресурстарды кейіннен басқару үшін жоғары буынды туризм мамандарына, туристік индустрия басқарушыларына қажеттілік туындайды.
Көрсетілетін қызметтер сапасы мен ішкі менеджмент жүйесін арттыру мақсатында, туризм саласындағы туристік компаниялар мен орналастыру орындары объектілерінің басшылары үшін біліктілікті арттыру жөніндегі тренингтер мен курстар түрінде оқыту жүйесі енгізілетін болады.
Сонымен бірге, елдегі туризмді дамытудың қазіргі қарқынын ескере отырып, сондай-ақ экономикаға мультипликативтік әсерді оңтайлы ұлғайту мақсатында аралас секторларды басымды дамытудың тиісті жоспарларына бір мезгілде енгізу қажет болады, оның ішінде:
тамақ өнеркәсібі, оның ішінде ұлттық өнімдер (азық-түлік өнімдері, сусындар өндірісі).
қонақ үйлер мен туристік объектілер салу жөніндегі жобалау және құрылыс қызметтері.
ойын-сауық және демалыс индустриясы, оның ішінде кино индустриясы, ойын-сауыққа арналған бұйымдар, ойыншықтар жасау, ойын-сауық саласындағы қызмет және т.б.
қолөнердің барлық түрлері, оның ішінде ұлттық кәдесый өнімі.
тамақтандыру индустриясы, оның ішінде қазіргі заманғы ұлттық асхана.
ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ КӨЗДЕЛЕТІН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ
АКТІЛЕРДІҢ ТІЗБЕСІ
Қазақстан Республикасының туристік саласын 2020 жылға дейін дамыту Тұжырымдамасын іске асыру жоспары осы Тұжырымдаманың нақты мақсаттарын іске асыру құралы болып табылады.
Тұжырымдаманың бірінші және екінші кезеңінде мынадай төменде тізбеленген міндеттерді іске асыру:
бәсекеге қабілетті туристік өнімді әзірлеу және дамыту;
туристік дамытуды жоспарлау, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;
жұмыс істеп тұрғандарын дамытуды қамтамасыз ету және жаңа туристік инфрақұрылым құру;
өңірлерде туристік кластерді дамыту.
Аталған міндеттерді шешудің бір жолы ретінде «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңжобасының тұжырымдамасын әзірлеу болады.
Қысқартылған сөздер тізімі:
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
Институттар мен компаниялар:
SMIT – Морокко туризмдегі инжирингілік қоғамы
ЮНВТО – Дүниежүзілік туристік ұйым
ЮНЕСКО (ағылш.UNESCO) – Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар ұйымы
Елдер мен өңірлер:
EО – Еуропалық Одақ
БАӘ – Біріккен Араб Әмірліктері
Басқа да пайдаланылатын терминдер мен қысқартулар:
MICE – кездесулер, көтермелеу турлары, конференциялар/форумдар және көрмелер/оқиғалар
SEM (ағылш.searchengineemarketing) – іздеу маркетингі
ЖІӨ – жалпы ішкі өнім
МҰТП – мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ШОБ – шағын және орта бизнес
ЕҚТА – ерекше қорғалатын табиғи аумақ
ТЭН – техникалық-экономикалық негіздеме
______________________________
Достарыңызбен бөлісу: |