Туристік жобалар
Ұлттық туристік жобалар
Аталған туризм өнімдерін дамыту ұлттық маңызы бар жобаларды қоса алғанда, туризмнің түрлі жобаларын дамыту қажеттілігін білдіреді. Ұлттық туристік жобаларға Қазақстан Республикасының Үкіметі бастамашылық еткен ірі жобалар жатады.
Қазіргі уақытта әзірленіп жатқан, ұлттық туристік жобалар – бұл Табиғат пен көшпенді мәдениеттің тұтастығы кластеріндегі Бурабай курорттық аймағы мен «BurabayCountryClub» коттедж қалашығы, Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы кластеріндегі «Ақбұлақ» халықаралық туристік орталығы, Алтай маржаны кластеріндегі Бұқтырма – Қатонқарағай және Каспий қақпасы кластеріндегі Кендірлі және «Ұлы Жібек Жолын жаңғырту» кластерінде «Қасқасу» таулы курорты.
Осы жобаларды іске асыру үшін тау-шаңғы инфрақұрылымын қаржыландыру, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды қамтамасыз ету, ойын бизнесін дамытуға арналған аймақтардың тізімін кеңейту бөліктеріндегі мәселелерді пысықтау қажет. Сондай-ақ жеңілдікті пайыздық мөлшерлеме бойынша ұзақ мерзімді қарыздық қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.
Бурабай курорттық аймағы – бұл аумағында бірнеше көлдер, бос уақыт, қабылдау мен кездесулер, сауықтыру іс-шараларын, спа, гольф, атпен серуендеу және қызметтің басқа да түрлерін өткізу объектілері орналасқан жоғары сапалы курорттарды дамыту. Бұл жоба 5020 төсек-орынға және 4 552 резиденцияға арналған, 11 қонақүйі (Rixos Hotel қосқанда) және «Burabay Country Club» коттедж қалашығы бар, бес аймақтың дамуын көрсетеді.
Сондай-ақ жоба басқа объектілерді әзірлеуді қамтиды – конференциялар мен іс-шаралар, сауықтыру және спа-орталықтарын өткізге арналған үй-жайлар, таза ауада және жабық үй-жайларда спорттық іс-шаралар өткізуге арналған құрылыстар, гольфке арналған алаң, атпен серуендеуге арналған орталық, көл жағасындағы айлақ, киіз үй.
Жобаның жалпы құны шамамен 1 624 млн. АҚШ долларына бағаланған, бұл қаржы 2014 жылдан бастап 2030 жылға дейінгі аралықта кезең-кезеңімен инвестицияланады. «Бурабай» курорттық аймағының жобасы Ақмола облысының Бурабай курортты аймағын дамытудың жүйелі жоспарында сипатталған.
«Ақбұлақ» халықаралық туристік орталығы - бұл 5* қонақ үйі, мейрамханалары, конференц-залдары, сауда орталықтары, казино, спа, гольф алаңдары мен тау-шаңғы курорты, киіз үйлер қалашығы бар, халықаралық спорттық-туристік орталық құрылысы. Жобаның құны 450 млн. АҚШ долл. бағаланады.
Бұқтырма - Қатонқарағай:
«Песчанка» курорты – бұл Бұқтырма су қоймасы жағалауындағы демалыс өткізу үшін жоғары сапалы қызмет көрсететін курортты дестинацияны дамыту. Аталған жоба жалпы сыйымдылығы 8476 төсек-орындық 9 қонақ үйді, виллаларды, коттедждер мен таунхаустарды, сондай-ақ яхталарға арналған айлақты, су паркін және спорттық құрылыстарды қамтитын бірнеше аймақты дамытуды ұйғарады.
Жобаның жалпы құны шамамен 365 млн. АҚШ доллары (көлік инфрақұрылымы мен коммуналдық шаруашылықты есептемегенде), олардың ішінде 2020 жылға дейінгі инвестициялар мөлшері 274 млн. АҚШ долларын құрайды (5 152 төсек-орынды және аралас тұрақ аймақтары, жолдар мен ландшафтылық дизайн үшін). «Песчанка» жобасы Шығыс Қазақстан облысының туризмін дамытудың кластерлік бағдарламасының мастер жоспарында сипатталған.
«Шыңғыстай» курорты – бұл «Қатонқарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында қысқы және жазғы демалыс және қызметтің әр түріне арналған таулы курортты дамыту. Аталған жоба жалпы сыйымдылығы 3 266 төсек-орындық 5 қонақ үйлер, виллалар, коттедждер мен аңшылық үйлерін салуды, тау шаңғысы, спорттық және туристерге қызмет көрсетуге арналған өзге ілеспе құрылыстар салуды көздейді. Жобаның жалпы құны шамамен 159 млн. АҚШ долларына бағаланған (тау шаңғысы объектілерін, көліктік инфрақұрылым мен коммуналдық шаруашылықты есептемегенде), олардың ішінде 2020 жылға дейін инвестициялар көлемі 106 млн. АҚШ долларын құрайды (1 364 төсек-орын және аралас тұрақ аймақтары, жолдар және ландшафтылық дизайны үшін).
«Шыңғыстай» жобасы Шығыс Қазақстан облысындағы туризмді дамытудың кластерлік бағдарламасының мастер-жоспарында сипатталған.
Осы екі курорт Ертіс өзенімен круиз, Алтайға турлар және басқалары сияқты бірлескен туристік өнімдермен және Үлкен Нарындағы ортақ әуежаймен бірге бірыңғай жүйеге біріктірілді.
Кендірлі – жағажай демалысын, сондай-ақ әр түрлі қызмет түрлерін қамтитын жаңа дестинацияны дамыту. Аталған жоба жалпы сыйымдылығы 60 000 төсек-орындық 22 қонақ үй мен 16400 резиденция (оның 40 000-ы туристер үшін және 20 000-ы қызметкерлер мен олардың отбасылары үшін) және келушілерге қызмет көрсететін қалалық бөлшек сауда орталықтары, ашық аспандағы және жабық үй-жайлардағы спорттық сайыстарға арналған құрылыстар, гольфке арналған 3 алаң, яхталарға арналған айлақ, жергілікті тұрғындарға арналған қоғамдық мақсаттағы түрлі құрылыстар әзірлеуді көздейді. Жобаның жалпы құны шамамен 3,3 млрд. АҚШ долларына бағаланады, олардың ішінде 2020 жылға дейін инвестициялар көлемі 1,96 млрд. АҚШ долларын (36382 төсек-орын үшін) құрайды. «Кендірлі» жобасы Кендірлі туристік аймағын дамытудың жүйелі жоспарында сипатталған.
Қасқасу – бұл таулы курорттың күзгі-қысқы кезеңде таушаңғы туризміне және белсенді демалысқа, сондай-ақ жылдың қалған уақытында экотуризмге тірекпен жалпы маусымдық дамуы. Жоба жолаушы канатты-креслолы жолдарын дамыту, сондай-ақ курорттың негізгі объектілеріне инженерлік желілерді жеткізу.
Жобамен 8 канатты бугельді көтергіш жолдарының құрылысы жоспарланып отыр, шаңғы жолының жалпы ұзындығы 34 шақырым. Өткізу қабілеттілігі - бір уақыттағы шаңғы тебушілердің саны 5000 адамды құрайды. Жобаның жалпы құны 94 млрд. теңге. Құрылыс жүргізу барысында 1500 жұмыс орнын және жобаны іске асыру барысында 1000 – ға дейін жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
ЭКСПО-2017
ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі – бұл индустрияландырудың символы және техникалық әрі технологиялық жетістіктерді көрсетуге арналған ашық алаң болып табылатын ірі халықаралық іс-шара.
ЭКСПО – 2017 өткізу Қазақстан Республикасы мен оның елордасының халықаралық деңгейде айтарлықтай ілгерілеуіне ықпал етеді. Алайда аталған көрмені ұйымдастырушы елдердің тәжірибесіне салыстырма талдау аталған оқиғаның іскерлік табысы көбінесе ішкі нарыққа байланысты екенін көрсетеді.
Астана қаласында 2015 жылы толымдылық деңгейі халықаралық стандарттың орташа көрсеткіштен төмен 5 949қонақ үй нөмірлері бар екенін ескерсек, жұмыс істеп тұрған және әзірленіп жатқан жобаларды есептемегенде, ЭКСПО-2017 қарсаңында орналастыру орындарына шамамен қажеттілігі: 3 750 қонақ үй нөмірлері (қазір құрылысы басталғандарды есептемегенде), 2 200 пәтер, студенттер жатақханаларындағы 1 000 нөмір, жастар кемпингісінен/киіз үйлеріндегі 1 000-1 500 нөмір.
ЭКСПО-2017 ұйымдастыруға байланысты күш-жігер жеткіліксіз туристік инфрақұрылым құруға, «жұмсақ» өзгерістер енгізуге және Қазақстанның туристік өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қатысты негізгі міндеттерді шешуге: елге келу шарттылықтарын жеңілдету, туристік және көліктік инфрақұрылымды құру, кәсіби оқытуды ұйымдастыру және туризм секторы үшін адами ресурстарды дамыту тартымды бағалармен қамтамасыз ету мүмкіндігі және дестинацияны басқарудың тиімді моделі және т.б. бағытталатын болады.
Қолда бар аталған төрт жүйелі жоспар мен мастер-жоспарда айқындалған туристік жобалардан басқа, туристік өнімдерді болжамды дамыту ұлттық маңызы бар бірнеше басқа туристік жобаларды дамыту қажеттілігін білдіреді.
Көрменің қонақтары жайлы орналасуы, еліміздің табиғи, сәулет, мәдени көрікті жәдігерлерімен танысу мақсатында ЭКСПО көрмесін міндетті түрде көрумен Астанадан Қазақстан Республикасының 6 ұлттық кластері бойынша негізгі туристік маршруттар айқындалады. Шетелдік және жергілікті туристер ЭКСПО көрмесін көрген соң басқа өңірлерге бара алады, ол үшін Ұлы Жібек Жолы бойынша оңтүстік және батыс кластерлеріне турлар мен мәдени-тарихи турлар (Алматы, Жамбыл, ОҚО, Маңғыстау облыстары); елдің шығысына (ШКО, Павлодар облыстары) экологиялық және жағажай туризмі бойынша; солтүстікке (Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары) және Қазақстанның орталығына (Қарағанды облысы) ұлттық парктер мен этнографиялық турлар қалыптастырылады. Бұдан басқа, ғарыш туризмінің (Байқоңыр) және ойын туризмінің (ШБКА және Қапшағай) әлеуетін көрсету қажет.
Осы мақсаттарды іске асыру үшін ЭКСПО көрмесін міндетті түрде көрумен Астанадан 6 ұлттық кластерлер бойынша туристік маршруттарды қалыптастырылатын болады.
Басқа туристік жобалар
Ұлттық жобалардан басқа тізбесі жоспарлы түрде толықтырылып отыратын бірнеше жобалар топтары бар.
Бірінші топ – ірі жеке девелоперлер бастамашылық еткен, құрамында қомақты туристік өнімі бар ірі туристік жобалар немесе жылжымайтын мүлік салу жөніндегі ықпалдастырылған жобалар. Мұндай жобалардың құны 100 млн. АҚШ долларынан асып түседі. Туризм жөніндегі уәкілетті органның мұндай жобалар бойынша ұсынылатын рөлі – аталған жобаларды осы Тұжырымдамаға сәйкестігі мәніне дамытудың мастер-жоспарын және тиісті кластерлерді дамыту стратегияларын келісу, туристік және көліктік инфрақұрылымды дамыту жоспарларымен үйлестіру, әкімшілік мәселелерді шешуде қолдау.
Кез келген жағдайда мұндай жобалар республикалық Индустрияландыру картасы шеңберінде қаралатын болады. Бүгінгі күні мұндай жобаларға Алматы облысындағы Жауынгер шатқалында туризм инфрақұрылымын құруды, Алматы қаласында халықаралық ипподром салу және басқаларды жатқызуға болады.
Екінші топ – өңірлік маңызы бар ірі курорттық аймақтар. Тиісті мастер-жоспарларды әзірлеуді қоса алғанда, аталған курорттардың тұжырымдамаларын ілгерілету әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қолдауымен облыстар әкімдіктерінің бастамасы бойынша жүзеге асырылуға тиіс. Туризм жөніндегі уәкілетті органның мұндай жобалар бойынша рөлі – анағұрлым басым өңірлік жобаларды анықтау үшін жобаларды бағалаудың бекітілген әдіснамасы бойынша іріктеу, әкімдіктерге мастер-жоспарларды әзірлеуде әдіснамалық көмек көрсету, сондай-ақ аталған курорттық аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға арналған бюджет қаражатын алуға ықпал ету.
Мұндай мысалдарға Баянауыл, Қарқаралы, Балқаш маңы және басқа курорттық аймақтарды дамытуды жатқызуға болады.
Үшінші топ – қонақ үйлер, ірі және орта туристік объектілерді салу жөніндегі жеке жобалар. Оларды іріктеу және дамыту үшін туризм бойынша уәкілетті органдар тарапынан әдіснамалық қолдау бар кезінде жергілікті атқарушы органдар жауап береді.
Төртінші топ – келу және ішкі туризм мен жекелеген туристік өнімдерді дамыту жөніндегі шағын және орта бизнес жобалары. Аталған жобалар тұжырымдамада ерекше басымдық болып табылады. Әрбір кластер және ұлттық жоба шеңберінде осындай жобаларды құруға арналған текшелер тізбесі ұсынылатын болады, сондай-ақ ШОБ тарапынан кез келген басқа-да негізгі бастамаларға әдіснамалық көмек көрсетілетін болады.
Ұлттық жобалар бойынша ШОБ-тің дамуына уәкілетті және басқа да мүдделі органдар, ал өңірлер бойынша, оның ішінде жүйелі жоспарлар шеңберінде әзірленген ұсыныстарды ескере отырып, әкімдіктер жанындағы тиісті өңірлік туризм басқармалары жауапты болады. Бизнесті қолдаудың барлық қолданылатын мемлекеттік бағдарламалары туристік объектілерді басымдықтар тізбесіне енгізілетін болады.
Барлық өңірлерді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында өзіне негізгі туристік ресурстарды, ұлттық туристік кластерлерді, инфрақұрылымды дамыту жоспарларын қамтитын Қазақстан Республикасының туризмін кластерлік дамыту жөніндегі туристік карта жасалатын болады.
Қазақстандағы туризмнің кластерлік дамуын іске асыру үшін туризм саласын ынталандыру жөнінде тиісті шаралар қолдану қажет.
Саланы дамытудың құралдарына инженерлік-көліктік және туристік инфрақұрылымды дамыту шаралары, оның ішінде алты кластермен анықталған туристік ұлттық жобалар мен негізгі туристік қызығушылық танытылатын орындарды дамыту, нормативтік құқықтық базаны, институционалдық құрылымды жетілдіру жөніндегі шаралар, туризм саласындағы туристік қызметтер мен кадрларды даярлау сапасын жақсарту, Қазақстанның туристік имиджін дамыту, визалық тәртіп пен көші-қон бақылауын жеңілдету жөніндегі шаралар жатады. Аталған тұжырымдаманың келесі бөлімдерінде саланы дамытудың көрсетілген құралдары неғұрлым егжей-тегжейлі сипатталған.
Инфрақұрылым
Көліктік инфрақұрылым
2015 жылы Қазақстанға келушілердің саны 6,4 миллион адамды құрады. Бұл көрсеткіш 5 жыл бойы тұрақты орташа есеппен 10%-ға өсіп келеді. Орналасу орындары 2015 жылы 3,8 млн.адамға қызмет көрсетті, олардың ішіндегі 692 250 резидент еместер. Бұл көрсеткіш 2013 жылға қарағанда 18,1%-ға ұлғайды. Бұл ретте шығу туризмінің көрсеткіштері тұрақты өсіп, кіру туризмінің көрсеткіштерінен асады. 2015 жылы шығушылардың саны 11,3 млн.адамды құрады.
Бай туристік-рекреациялық әлеуетке қарамастан, туризмнен жалпы ішкі өнімнің үлесі шамамен 0,9% құрайды.
Еліміздің туристік саласының негізгі проблемалық мәселелері дамыған инженерлік-көліктік және туристік инфрақұрылымның жоқ болуы болып табылады.
Туризм индустриясының табысты дамуы кластер ішіндегі және сыртындағы туристік қызығушылық орындарымен байланыстыратын жоғары сапалы және дамыған көліктік жүйенің болуына негізделеді.
Барлық кластерлерде табиғи көрнекі орындар мен табиғи-мәдени мұра объектілеріне баратын автомобиль жолдарын жөндеу және реконструкциялау, темір жол көлігін дамыту, қолданыстағы әуежайларды жаңғырту және реконструкциялау, кіші авиация үшін жағдай жасау, сондай-ақ туризм объектілері үшін сыртқы инженерлік инфрақұрылымды дамыту қажет.
Балқаш және Алакөл көлдері аймағының, Баянауыл МҰТС, Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Қаскасу» тау шаңғы курортының инженерлік инфрақұрылымын қамтамасыз ету; Ақмола, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының туризм объектілеріне баратын автожолдарды жөндеу; Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының шалғайдағы курорттарына жету мүмкіндіктері көзделетін болады..
Әуе көлігі туризм индустриясын дамытуда маңызды рөл атқарады, өйткені ол кіру туризмі үшін көліктің негізгі түрі болып табылмақ.
Әуе көлігін дамыту үшін мынадай іс-шаралар өткізілетін болады:
1) жұмыс істеп тұрғандарын жетілдіру және жаңа (үлкен емес) әуежайлар, сондай-ақ тікұшақ алаңдарын салу;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктерінің инфрақұрылымын жетілдіру;
3) әуе тасымалына қолжетімді баға ұсыну және жаңа әуе маршруттарын әзірлеу есебінен қолданыстағы ішкі әуе маршруттарына арналған рейстердің толығуын арттыру.
Әуе көлігін дамыту жөніндегі жобалар мынадай іс-шараларды қамтиды, бірақ мұнымен шектеліп қалмайды:
1) өткізу қабілетін арттыру мақсатында Алматы және Шымкент қалаларының әуежайларын кеңейту;
2) Өскемен қаласындағы әуежайды жетілдіру;
3) Маңғыстау облысы Қарақия ауданының «Кендірлі» курорттық аймағында және Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының Үлкен Нарын кентінде әуежайлар салу;
4) Шығыс Қазақстан облысының «Песчанка» курорты жанында гидроұшақтарға арналған қону орындарын салу;
5) Өскемен, Риддер және Ақтау қалаларында, Шерқала тауында және «Кендірлі» курортында тікұшақ алаңдарын салу.
Теміржол көлігі елдің тауарлық нарығының жұмыс істеуі мен дамуында және туристер мен халықтың жүріп-тұру қажеттілігін қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады. Теміржолдардың негізгі рөлі басты кластерлерден туристік орталықтарға дейін үлкен ара қашықтықта тасымалдаулармен айқындалады.
Жолаушылар көлігінің басқа түрлерімен салыстырғанда теміржол көлігінің неғұрлым маңызды болып табылатын бірқатар басымдықтары бар:
1) жыл, тәулік уақыттарына және ауа райына қарамастан тасымалдаулардың жүйелілігі;
2) тасымалдау құнының басқа көлік түрлерімен тасымалдау құнымен салыстырғанда жоғары еместігі.
Теміржол көлігін дамыту үшін мынадай іс-шаралар ұсынылады:
1) жұмыс істеп тұрғандарын жетілдіру және жаңа теміржолдар салу;
2) Ақтау, Шымкент, Қапшағай, Байқоңыр қалаларында, Жаңаөзен кентіндегі, сондай-ақ шекара станцияларының (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен) басқа кластерлік орталықтардағы және туристік қызығушылықтың басты орындарындағы жұмыс істеп тұрған теміржол вокзалдарының инфрақұрылымын жетілдіру;
3) қалалар арасындағы жол жүру ұзақтығын қысқарту мақсатында жаңа (жоғары жылдамдықты) пойыздарды пайдалану;
4) алыс шет елдермен халықаралық қатынас ашуды қамтитын маршруттарды кеңейту.
Автомобиль көлігін дамыту үшін мынадай іс-шаралар ұсынылады:
1) жұмыс істеп тұрғандарын жақсарту және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізудің жаңа пункттерін, кластерлік орталықтарда және туристік қызығушылықтың басты орталықтарында автовокзалдар мен автобус аялдамаларын салу;
2) осы жолдарда демалуға арналған аялдамаларды және жол бойы қызмет көрсетуді қоса алғанда, (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен бастап) кластерлік орталықтар мен туристік қызығушылықтың басты орындарын байланыстыратын жұмыс істеп тұрғандарын жетілдіру және жаңа республикалық және өңірлік маңызы бар автомобиль жолдарын салу.
Автомобиль көлігін дамыту жобалары мынадай іс-шараларды қамтиды, бірақ мұнымен шектеліп қалмайды:
1) «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің, сондай-ақ жол бойы инфрақұрылымы объектілерінің құрылысын аяқтау;
2) Алматы қаласының айналасындағы айналма автожол құрылысын аяқтау;
3) Бурабай кентіндегі, Шортанды, Қарағанды, Алматы, Қапшағай, Өскемен, Риддер, Қызылорда, Байқоңыр, Шымкент, Тараз және Ақтау қалаларындағы, Шығыс Қазақстан облысындағы «Песчанка» және «Шыңғыстай» курорттарындағы орталық автовокзалдардың инфрақұрылымын жетілдіру;
4) Ақмола облысының Қорғалжын кентіндегі және Алматы облысының Тамғалыдағы автобус аялдамаларын жетілдіру.
Су көлігін дамыту үшін жұмыс істеп тұрған порттар жетілдіріледі және жаңалары салынады, оның ішінде «Песчанка» курортындағы порт және Ертіс өзенінің бойындағы басқа да порттар реконструкциядан өткізіледі.
Ішкі көлікті дамыту үшін мынадай іс-шаралар өткізілетін болады:
1) автобус аялдамаларын жаңғырту және Астана, Алматы, Өскемен, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Семей, Қызылорда, Тараз және басқа қалаларды қазіргі заманға сай қалалық автобустармен қамтамасыз ету арқылы жұмыс істеп тұрған жергілікті автобустық қызметтер көрсетуді жетілдіру;
2) Астана және Алматы қалаларында шолу экскурсияларына және шопинг-саяхаттарға арналған тұрақты туристік автобус маршруттарын ашу;
3) такси тұруға арналған белгілері бар аялдамалармен қамтамасыз етуді ескеретін, жергілікті такси қызметтері сапасының стандарттарын айқындау және енгізу, такси белгісі бар жаңа автомобильдер, сондай-ақ басымды түрде Астана, Өскемен, Шымкент және Ақтау қалаларында, сондай-ақ такси қызметі бар/немесе талап етілетін туристік қызығушылықтың барлық басты орындарында жол жүру сапасы мен бағасының сәйкестігі.
Сондай-ақ қазіргі заманғы стандарттар (көрсеткіштер және маңдайша жазулар, тротуарлар, кіші сәулет нысандары, қоғамдық дәретханалар, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін абаттандыру элементтері) негізінде ірі қалаларда, кластерлік орталықтарда, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған курорттық аймақтарда көше инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсынымдар әзірленетін болады.
Осындай іс-шара ЭКСПО-2017 өткізуге дайындық шеңберінде Астана қаласы үшін ерекше маңызды.
Сонымен бірге көліктің балама түрлерін дамыту және тиісті инфрақұрылымды, оның ішінде газбен жүретін электромобильдер мен автомобильдер үшін жел және күн энергиясын пайдаланатын автономды жанармай құю бекеттері желісін салу арқылы көлік секторына «жасыл» технологияларды енгізуге ерекше назар аударылатын болады.
Көлік секторында энергия үнемдеу және энергияның тиімділігін арттырудың негізгі шаралары энергия тиімді көлік инфрақұрылымын дамыту, теміржол және жергілікті қоғамдық көлікті таза отынға (газ және электр) ауыстыру есебінен оның тиімділігін арттыру болып табылады.
Сонымен қатар жаңа буынның жол инфрақұрылымы қоғамдық көлікті, электромобильдерді, велосипед тебуді және жаяу серуендеуді белсенді пайдалану үшін ынта мен жағдай жасайтын болады.
«Жұмсақ» инфрақұрылым
«Жұмсақ» инфрақұрылымға туристік дестинацияның туристік бәсекеге қабілеттілігін арттыратын, туристер мен инвесторларға жоғары сапалы ақпарат ұсынуды, туризм мен қонақжайлылық саласындағы мамандарға білім беру мен оларды даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуді қамтитын қымбат емес, бірақ өте маңызды жобалар мен іс-шаралар жатады:
Ақпараттық ортаға жататын жобалар мен іс-шаралар мыналарды қамтиды, бірақ мұнымен шектеліп қалмайды:
әсіресе, әуежайларда, теміржол вокзалдарында, орталық автовокзалдарда, сондай-ақ автомагистральдар бойында тегін туристік ақпаратты, брондау мүмкіндіктерін, кәдесыйлар, кітаптар мен карталар сатып алу мүмкіндіктерін ұсынатын сапар-орталықтары;
Қазақстанның қалаларын атап айтқанда мегаполистер мен орталық қалаларын, оның ішінде мобильді орталықтарды ҚР елді мекендерінің арасындағы қашықтықтарды есепке ала отырып туристендіру;
туристік көрнекіліктің негізгі орындарында, қонақ үйлердегі және басқа да орналастыру орындарындағы, әуежайлардағы, теміржол вокзалдарындағы, орталық автовокзалдардағы, порттардағы, сондай-ақ туристік қызықтыратын басқа да орындарындағы туристік көрсеткіштер;
кепілдік берілген бағдарламалар – туристік дестинация ұсынатын мәдени, экскурсиялық және басқа да бағдарламалар;
туристік көрнекілік, дестинация қызметтері мен өнімдер топтамасын ұсынатын дестинация карталары;
дестинация сұранысын (мысалы, келушілердің қанағаттану деңгейі), ұсыныстарды (мысалы, қонақ үйдегі қызмет көрсету) бәсекелестерді, өнімдерді және т.б. зерттеу қызметі;
туристік индустрияны дамытуға тартылған мүдделі тараптар – қонақ үйлер және басқа да орналастыру орындары, туристік көрнекілік мейрамханалары, туроператорлар, әуе желілері, жергілікті атқарушы органдар, университеттер, бұқаралық ақпарат құралдары және басқалары арасындағы әріптестік;
семинарлардың, ақпараттық брошюралар мен туризмді дамытудың жағымды нәтижелерін көрсететін басқа да іс-шаралардың көмегімен жергілікті халықтың туристерге деген оң қарым-қатынасын қалыптастыру;
Қазақстан Республикасының туризм индустриясын дамытуға отандық, сол сияқты шетелдік инвесторларды тарту.
Тұжырымдамада ұсынылып отырған туризм саласы үшін кадрлар даярлау жөніндегі жобалар мен іс-шаралар туризм саласындағы жоғары, техникалық және кәсіптік білімді, сондай-ақ тренингтерді одан әрі дамытуды, кәсіби оқыту жүйелерін және туризм индустриясы мен қонақжайлылық мектептерін қолдауды көздейді.
Туристік жобаларды іске асырған жағдайда кадрларға қосымша қажеттілікті кадрларды қысқа мерзімді даярлықтан өткізу оқу орталықтарында қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру есебінен, оның ішінде Астана қаласында ЭКСПО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық аясында толықтырған жөн.
Туристік саланы одан әрі дамыту жөніндегі шаралар
Осы Тұжырымдамамен енгізілетін туризмнің басым бағыттары мен негізгі ұғымдарын айқындау бөлігінде мынадай шаралар жүзеге асырылатын болады:
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және орман шаруашылығы саласында
1) өлшемдерге сәйкес туризмді дамыту бөлігінде бас жоспарларды түзету кезінде ұсыныстар енгізе алатын туризм жөніндегі уәкілетті органмен бас жоспарларды келісу, бұл ретте халықты сауықтыруға арналған бальнеологиялық мақсаттағы жобаларды және ЕҚТА мен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде іске асыру үшін экологиялық туризмді басымдықпен жүзеге асыруға арналған объектілерді айқындау;
2) орман шаруашылығы және жануарлар әлемі саласындағы уәкілетті органмен, сондай-ақ ЕҚТА әкімшілігімен бірлесіп халықтың қауқары аз топтарының қажеттіліктерін ескере отырып, экотроптар мен маршруттарды жабдықтау, бұл оларды қолжетімді және қауіпсіз етеді;
3) орман екпелерінің аумағын ұлғайту, табиғи-қорық қорының объектілерін қалпына келтіру кезінде табиғат пайдаланушыларды көтермелеу тетіктерін әзірлеу.
Жер қатынастары саласында
Мынадай шаралар қабылданатын болады:
1) туристік жобаларды дамыту мақсатында ЕҚТА учаскелерін және орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдаланудың қолданыстағы институтын жетілдіру, оның ішінде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін жер учаскесін ұзақ мерзімді қайтарымды пайдалану/орманды пайдалану шартының (бұдан әрі – шарт) талаптарын жетілдіру;
2) ауыр құрылыс материалдарын пайдаланбай, су қорғау жолақтары бар жер уческелерінде маусымдық құрылыстар мен жеңіл сәулет нысандарын (жағалаудағы дәмханалар) салу мүмкіндігін қарастыру.
Әлеуметтік туризм саласында
1) Мемлекеттік сектордағы туризм индустриясының барлық субъектілері кезінде әлеуметтік туризмнің функцияларын нығайту (уәкілетті орган, ЖАО, және т.б.);
2) Мүдделі мемлекеттік органдармен бірігіп өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 20 ақпандағы №288-V Заңымен ратификацияланған туризмді дамыту үшін маңызды барлық салаларда (құрылыс, ақпарат, ақпараттандыру, көлік, спорт, мәдениет, қоғамдық қоректендіру, қызмет және т.б.) Мүгедектер құқықтары туралы келісіммен сәйкес Әмбебап әрлендіру стандарттарының сәйкестігі нысанасына стандарттау және нормативтік құқықтары бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттарды өткізу;
3) мемлекеттік қолдау алатын барлық туристік жобаларда (оның ішінде жаңаларын), халықтың қауқары аз топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз етудің міндетті шарт түрінде көздеу;
4) елдің әрбір өңірінде қолжетімді туристік маршруттар әзірлеу және қолжетімді маршруттар тізілімін құру және жылжыту;
5) туристер үшін қолданыстағы қазақстандық сайттарды мониторингтеу және талдау жасау, оларды аз мобильді халық топтарынан туристер үшін бейімдеу бойынша рекомендациялар шығарумен;
6) Қазақстанның әлеуметтік туризм саласының қажеттіліктерін, сұраныстары мен ұсыныстарын, сондай-ақ әлеуетін және дамыту бағыттарын айқындау үшін жыл сайын ғылыми зерттеулер жүргізу;
7) тәжірибемен алмасу, үйлестіруді күшейту, сондай-ақ әлеуметтік туризм саласына жаңа ұйымдарды тарту мақсатында республикалық семинарлар мен халықаралық конференциялар ұйымдастыру, сондай-ақ Дүниежүзілік әлеуметтік туризм ұйымына (ISTO) кіру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.
Агротуризм (ауылдық туризм) саласында мынадай шаралар қабылданады:
1) агротуристік қызметтің ұғымдық аппаратын, оның ішінде, ауылдық туризм ұғымын («агротуризм») енгізу;
2) «агротуризмді» (ауылдық туризмдік) танымал ету және насихаттау;
3) ауылдық жерлерде агротуристік объектілерді дамыту: қонақжайлар, «агротуристік ауылдар», «балық аулаушыларға арналған», «аңшылық ауылдар» және т.б. нысанындағы мамандандырылған жеке меншік қонақ үйлер,
4) агротуризмді дамытуды ынталандыру үшін ауылдық кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу.
Балалар мен жасөспірімдер туризмі саласында
Мынадай шаралар іске асырылатын болады:
1) Туристік білімнің жалпы білімдік деңгейін оқу бағдарламаларының оқу жоспарларына туристік техника және дайындық, тарихи объектілерді, Қазақстанның бірегей табиғи ескерткіштерін білу, тұрған орнын бағдарлай білу және карта бойынша бағдарлауға машықтану бойынша сабақтар енгізу арқылы жетілдіру;
2) Қазақстан Республикасындағы балалар мен жасөспірімдер туризмін нормативтік реттеуді жетілдіру.
Көші-қон бақылауы және визаларды ресімдеу рәсімдерін оңайлату саласында
Мынадай шаралар іске асырылатын болады:
1) елге туристер ағынын қамтамасыз ететін экономикалық тұрақты мемлекеттердің азаматтары үшін визалық режимді алып тастау немесе оңайлату жөніндегі жұмысты жалғастыру;
2) шетелдік азаматтарды тіркеу және есепке алу процесін одан әрі оңайлату.
Авиациялық кеңістік саласында
Ішкі әуе тасымалдары нарығын дамыту үшін бәсекелі жағдайлар жасауға, оның ішінде ішкі авиарейстерді субсидиялау бағдарламаларын одан әрі дамытуға бағытталған шаралар іске асырылатын болады.
Туристік көрсетілетін қызметтер саласында
Мынадай ықтимал шараларды енгізу арқылы туристік, оның ішінде қонақ үй қызметтерін көрсету сапасын бақылауды қамтамасыз ету:
әлеуметтік туризм есебімен келу және ішкі туризм саласында тікелей туристтік қызметтер көрсететін (гидтар, туристтік агенттік қызметкерлері, туризм индустриясындағы аудармашылар) туристтік индустрия қызметкерлеріне ұсынылатын біліктілік талаптарды/стандарттарды анықтау;
келу және ішкі туризм саласында туристтік қызметтерді көрсетуге жататын бақылау механизмі және талдауды кемелдендіруді пысықтау.
3) орналастыру орындары мен туристік қызметтердің жетіспейтін стандарттарын әзірлеу және қолда барларын өзектендіру.
Келу туризмінің қауіпсіздігін арттыру саласында
Шығыс Қазақстан облысындағы «Тылсым Алтай» турын, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстары арқылы өтетін Ұлы Жібек жолы бағыты бойынша турды, Маңғыстау облысындағы «Қарақия ойпаты» турын қоса алғанда, шетелдік сарапшыларды тарта отырып және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша алты кластердегі анағұрлым ірі туристік бағыттарды туризм жөніндегі уәкілетті органның паспорттауын қамтамасыз ету,
сондай-ақ көрсетілген ірі туристік бағыттар бойынша турлар мен туристік көрсетілетін қызметтерді жобалуда қолданылатын стандарттарды әзірлеу.
Медициналық көрсетілетін қызметтер көрсету саласында
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қолданыстағы заңнамаға сәйкес алты туристік кластерде медициналық қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |