5. Қаржыны игеру
Қаржыландыру көздері
|
Жоспар, мың теңге
|
Факт, мың теңге
|
Пайдаланбау себебі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Көз 1
|
|
|
|
Жергілікті бюджет
|
|
|
|
Шахтинск қаласының білім бөлімі
|
3050,0
|
3050,0
|
Орындалу 100% құраған.
|
Шахтинск қ. дене шынықтыру және спорт бөлімі
|
1977,0
|
1977,0
|
Орындалу 100% құраған.
|
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі
|
174917,0
|
163761,0
|
Орындалу 93,6 % құраған. 11 156,0 мың теңге игерілмеген. Жеткізуші арамза жеткізуші болып танылған, сот – тергеу жұмыстары жүргізіледі.
|
Шахтинск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
|
30545,0
|
30488,0
|
Орындалу 99,8 % құраған. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша үнемдеу есебінен айырмашылық 57,0 мың теңге.
|
Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, ұйымдастыру, алдын алу және оларды жою, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алу
|
99,0
|
98,2
|
Орындалу 99,2 % құраған. Дөңгелендіру есебінен айырмашылық 0,8 мың теңге.
|
«Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ
|
5804,0
|
5804,0
|
Орындалу 100% құраған
|
«Шахтинск қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламлар бөлімі» ММ
|
14465,0
|
14463,0
|
Орындалу 99,9 % құраған. Дөңгелендіру есебінен айырмашылық 2,0 мың теңге.
|
Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі
|
4466,0
|
0,0
|
Орындалмау сомасы 4466,0 мың теңге. 5 қабатты 60 пәтерлі жалға берілетін үйдің 2 блок секциясын салуға мемлекеттік комиссияның актісін қаьбылдау және құрылыс аяқталысымен төленетін болады, резерв 5%.
|
Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі
|
2981,0
|
2981,0
|
Орындалу 100% құраған.
|
Қортынды жергілікті бюджет
|
238304,0
|
222622,2
|
Қалалық бюджет есебінен барлығы 93,5% орындалған.
|
Көз 2
|
|
|
|
Облыстық бюджет
|
|
|
|
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі
|
607759,0
|
607759,0
|
Орындалу 100% құраған.
|
Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі
|
112726,0
|
97995,0
|
Орындалу 86,9 % құраған немесе 14731,0 мың теңгені құраған. 5 қабатты 60 пәтерлі жалға берілетін үйдің 2 блок секциясын салу аяқталмағанына байланысты орындалмаған.
|
Шахтинск қ. емханасы
|
36530,0
|
36530,0
|
Орындалу 100% құраған.
|
Қортынды облыстық бюджет
|
757015
|
742284,0
|
Облыстық бюджет есебінен барлығы 98 % орындалған.
|
Көз 3
|
|
|
|
Республикалық бюджет
|
|
|
|
Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі
|
10014,0
|
10014,0
|
Орындалу 100% құраған.
|
Шахтинск қ. білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі:
|
109884,0
|
109880,0
|
Орындалу 99,9 % құраған.Дөңгелегдіру есебінен айырмашылық 0,4 мың теңге.
|
Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі
|
100478,0
|
0,0
|
Шахтинская ТЭЦ АҚ жаңадан күл үйіндісін салуға орындалмау сомасы 100478,0 мың теңге. Жобаны түзету бойынша мемлекеттік сараптаманың қайталап өтуіне байланысты игерілмеген.
|
Қортынды республикалық бюджет
|
220376,0
|
119894,0
|
Республикалық бюджет есебінен барлығы 54,4 % орындалған.
|
Қортынды
|
1215695,0
|
1084800,2
|
|
* Ескерту: облыстық бюджетттен қаржыландыру
5. Талдамалық жазба.
Бағыт: «Экономика»
Мақсат: Бәсекеге қабілетті өндірісті дамыту және экономиканы жандандыру негізінде өнеркәсіпте құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз ету
Өнеркәсіп
2015 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндірістің көлемі 8219млн. теңге немесе 2014 жылдың ұқсас кезеңіне 85% (факт 2014 ж. – 9678,6 млн. теңге) құраған.ЖКИ – 92,6%.
- Ірі және орташа кәсіпорындар бойынша өнеркәсіптік өнімдердің көлемі 6571,5 млн. теңге немесе 2014 жылдың ұқсас кезеңіне 83,3 % (факт 2014 ж. – 7889,3 млн. теңге) және ағымдық жоспарға 104,3% (жоспар 2015 ж. – 6299,6 млн. теңге). ЖКИ 92,4%.
Кәсіпорындар бөлігінде:
- «Курылысмет» ЖШС №2 Өндіріс – 4282,5 млн. теңге немесе 2014 жылға 75,6% (2014 ж. – 5664,7 млн. теңге) және ағымдағы жоспарға 106,2% (жоспар 2015 ж. – 4034 млн. теңге);
- «Апрель Кулагер» ЖШС - 1533,4млн. теңге немесе 2014 жылға 103,8% (2014 ж. – 1476,9 млн. теңге) және ағымдағы жоспарға 102,3% (жоспар 2015 ж. – 1498,7 млн. теңге).
- «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС - 486,2 млн. теңге немесе 2014 жылға 98,5% және ағымдағы жоспарға 98,4% (жоспар 2015 ж. – 494,3 млн. теңге);
- «Шахтинскводоканал» ЖШС - 269,3 млн. теңге және ағымдағы жоспарға 98,8% (жоспар 2015 ж. – 272,6 млн. теңге).
- «АМТ» АҚ КД шахталарымен көмір өндіру көлемі - 5091,2 мың тонна немесе 2014 жылға 95,2% (2014 ж.- 5349,3 мың тонна) және ағымдағы жоспарға 94,3% (жоспар 2014 ж.- 5400,9 мың тонна. Көмір өңдіру тау- кен жұмыстарын дамыту жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Кәсіпорындардан ұсынылған көрсеткіштер жоспарына сәйкес 2015 жылы өнеркәсітік өндіріс көлемі – 7900 млн. теңгені құраған, оның ішінде ірі және орта кәсіпорындар бойынша – 6299,6 млн. теңге. 2014 жылдың деңгейінде ЖКИ күтіледі.
Индустриалды –инновациялық дамыту.
Бүгінгі күні, Шахтинск аймағы бойынша Индустриализация картасына 4 жоба енгізілген:
«Дегазациядан метанды пайдалана отырып электрқуатын өндіру жобасы» В.И. Ленин атындағы шахта, КД «АрселорМиттал Темиртау» жобасы.
2015 жылдың қаңтар- қыркүйек еайларында электрқуатын өндіру көлемі 1982 мгВт, жалпы сомасы 17,4 млн.тг. (20 қазанда газогенератор тоқтаған, осы кезде жұмыстарды жүргізу үшін «ВАПОР» АҚ мамандардың келуі күтіледі, мәселе бақылауд тұр).
2. «Қыша майын өндіру» ЖК Лобов В.М.
2015 жылдың қаңтар- желтоқсан айларында жобалық қуаттылығы жылына 30 тонна өнім өндіреді, сомасы 7,8 млн. теңге немесе жоспарға 100 % (2014 ж. қаңтар- қараша айларында жоспар -30 тонна).
3. 2014 жылдың 4 тоқсанында «Құрлыс материалдарының өндірісін кеңейту» жобасы ЖК Матюхин.енгізілген. 2015 жылдың қаңтар- желтоқсан айларында өндіріс көлемінақты мағынада – 30267 м.куб. сомасы 190 млн. теңге. (жоспар 18000 м.куб. сомасы 126 млн. теңге).
4. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 37/04 қаулысымен Индустриализация картасына «Кастроймарт 2050» ЖШС «Еңбек - Караганда» аймақтық мемлекеттік кәсіпорнының № 41 филиалының тоқтап тұрған қуаттылықтарының базасында инертік шаң, құрлыс материалдарын, брусчатка әзірлеу» жобасы. 2015 жылдың 4 шілдесінде жоба іске қосылған. 2015 жылдың қаңтар- желтоқсан айларында өндіріс көлемі 8 млн. теңге немесе 7,9 мың ш.м.
Мақсат. АӨК индустриалды дамыту заманауи технологияларды енгізу негізінде ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндеуге сүйенетін болады.
2015 жылы ауыл шаруашылық өнімдерді өндіру көлемі 1137,9 млн. теңгені немесе өткен жылдың ұқсас кезеңіне 108,7% (2014жыл – 1047,1 млн. теңге). ЖКИ –104,5 %.
2015 жылы мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің көлемі 406,8 млн. теңгені құраған. ЖКИ – 108,1%. Өсімдік шаруашылығының өнімдерін өндіру көлемі – 731,1 млн. теңге. ЖКИ – 102,6%.
Мал шаруашылығы саласында мал шаруашылығы өнімдерінің, мал басы және құстардың өсім тенденциясы байқалады.
2015 жылы ет өндіру көлемі 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,1% өскен және 599,8 тоннаны (2014 жыл – 555 тонна), сүт 3,7% және 1704 тонна (2014 жыл – 1642 тонна), жұмыртқа 3,6% және 1166 мың дананы (2014 жыл – 1124,91 мың дана) құраған.
Мал басы мен құс саны
- ІҚМ саны 2159 бас немесе 2014 жылдың ұқсас кезеңіне 100% (2014 жыл қаңтар- желтоқсаны 2159 бас) құраған;
- қой және қозы - 3510 бас немесе 2014 жылдың ұқсас кезеңіне 101,2% (2014 жыл қаңтар- желтоқсаны - 3468 бас);
- шошқалар – 1251 бас немесе 2014 жылдың ұқсас кезеңіне 95,7% (2014 жыл қаңтар- желтоқсаны – 1307 бас);
- жылқылар – 400 бас немесе 2014 жылдың ұқсас кезеңіне 85,8% (2014 жыл қаңтар- желтоқсаны – 466 бас);
- құстар - 11200 бас немесе 2014 жылдың ұқсас кезеңіне 100,4% (2014 жыл қаңтар- желтоқсаны – 11154 бас) басқа қатысушылар аймақтың ауыл шаруашылығы өнімдеріне қажеттіліктің 70 пайызын басады.
Ауыл шаруашылығының жерлері.
Жерлерді тиімді және ұтымды пайдалану мақсатында, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы саласын әртараптандыру егістік құрылымында жыл сайын өңірдің үлесі артып келеді көкөніс, картоп, жемшөп және басқа да дақылдар үлесі артуда.
Ағымдағы жылы жалпы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 614,3 га, оның ішінде картоп – 457,4 га, көкөністер – 11,5 га, мал азығы – 30,9 га.
Шахтинск аймағында ауыл шаруашылықпен негізінен, жеке аулаларда және саяжай учаскелерінде айналысады, бар сондай-ақ, 19 шаруа қожалығы бар.
«Шахтинск қаласын жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ ақпараттарына сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 2 242 га, оның ішінде:
- жердің жүргізу үшін азаматтардың бақшасын және саяжай құрылысы үшін – 208 га (жер пайдаланушылардың саны – 2 417 адам);
- шаруа қожалығын жүргізу үшін азаматтардың жерлері – 1 543 га;
- мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жерлері– 491 га, оның ішінде шаруа қожалықтары (3 –«Скобарь ЖШС және К», «ОХ-2008» ЖШС және «GoGreen.kz» ЖШС) және акционерлік қоғамдар – 61 га, ауыл шаруашылық копперативтері – 254 га (ПК Манжин), және басқа да кәсіпорындар – 176 га (АПХ «Сарыарка»).
Шахтинск аймағында азық- түлік өнімдерін 2 кәсіпорын айналысады. Ол мелькомбинат «Астана power Engineering» ЖШС және ет комбинаты «Апрель-Кулагер» ЖШС.
Қазіргі уақытта кәсіпорын дайын өнімді іске асырады, ол өнімге «Мука Шахтинская» бренді берілген. 2015 жылдың қаңтар- маусым айларында «Астана power Engineering» ЖШС өнім өндіру көлемі 51,4 млн. теңгені құраған.
«Апрель Кулагер» ЖШС қолданыстағы бағада өнім өндіру көлемі 1546,0 млн. теңгені 2014 жылдың ұқсас кезеңіне 104,7 % құраған.
Нақты мағынада «Апрель Кулагер» ЖШС шұжық өнімдерін өндіру көлемі 2015 жылдың қаңтар- қыркүйек айларында 1446 тоннаны құраған немесе өткен жылға 99,3%.
АӨК саласындағы инвестициялық жобалар.
Сонымен қатар, мемлекеттік индустриалдық – инновациялық дамудың екінші бес жылдығын іске асыру шеңберінде АӨК саласында екі жобаны енгізу жоспарланрған:
«Жылыжай кешенің салу» жобасы «GoGreen.kz» ЖШС торфпен құмырада салат өнімін өсіру, өнім сапасын сақтап қалуға инновациялық жылжу, финдік технология бойынша салат өнімін өсіру.
- жоба құны 1,23 млрд. теңге (оның ішінде КазАгроФинанс АҚ алған қарыз қаражат 1,04 млн. теңге, инфрақұрылым құнын есептемегенде)
- 50 жұмыс орны
- жоба қуаттылығы: жылына 5,0 млн. бума
2. «Орталык Оним» ЖШС «Шошқа кешені» жобасын іске асыру жоспарланған. Жоба бәсекеге қабілетті шошқа етін шығаруға бағытталған. Жоба үш кезеңде іске асырылатын болады.
Мақсат. Шағын бизнесті дамыту.
- 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ШОБ тіркелген субъектілерінң саны 1925 бірлік, 2015 жылдың жоспарымен салыстырғанда 100,5% (жоспар 2015 ж. - 1915 бірл) құраған. 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда – 101,3% (2014 ж. – 1898 бірл.).
- 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ШОБ тіркелген субъектілердің саны 1848 бірлік, 2015 жылдың жоспарымен салыстырғанда 101 % (жоспар 2015 ж. - 1830 бірл) құраған. 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда – 104,7 % (2014 ж. – 1765 бірл.).
- 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шағын бизнесте жұмыспенқамтылғандар саны - 5453 адам, 2015 жылдың жоспарымен салыытырғанда 101,5% (жоспар 2015 ж. - 5370 адам). 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда – 105,6% (2014 ж. - 5163 бірлі).
- 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерімен шығарылатын өнім көлемі 5876 млн. теңге сомасында, 2015 жылдың жоспарымен салыстырғанда 100,1% (жоспар 2015 жыл – 5868,2 млн. теңге). 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда – 106,9% (2014 ж. – 5491,6 млн. теңге).
«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамыту бірыңғай бағдарламасы
«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамыту бірыңғай бағдарламасының шеңберінде 2015 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамыту бірыңғай бағдарламасының шеңберінде «кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» механизмі бойынша қолданыстағы кәсіпкерлердің 3 жобасы қолдауға ие болған:
1. Ж.К. Оспанов Г.Ж., 4 жаңа жұмыс орнын құрумен «Строительство СТО» жобасы (кредит сомасы 7 млн. 100 мың теңге);
2. ЖК Садиков М.Х., 2 жаңа жұмыс орнын құрумен «Грузовые перевозки автомобильным транспортом: приобретение седельного тягача» жобасы (кредит сомасы 14 млн. 200 мың теңге).
3. ЖК Филинский А.Е., 8 жаңа жұмыс орнын құрумен «Приобретение недвижимости для дальнейшей реконструкции под торговый дом» жобасы (кредит сомасы 15 млн. 500 мың теңге).
2015 жылдың 24 шілдесінен 12 тамызы аралығында «мемлекеттік гранттарды ұсыну механизмі» бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде Шахтинск аймағы кәсіпкерлерінен өтінімдері қабылдау жүргізілген. Құжаттарды қабылдау кезңінде 16 өтінім берілген, оның ішінде 8 өтінім жаңадан бастаған кәсіпкерлерден түскен.
«Мемлекеттік грантар ұсыну» механизмі бойынша 3 жаңа жеке кәсіпкердің жобасы мақұлданған:
1. ЖК Байгулаков Даулет Т., «Производство оборудования для ювелирных украшений» жобасы. Жобада 12 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған, бір жылда салықтық түсімдердің сомасы – 1 млн. теңге (грант сомасы 3 млн. теңге);
2. ЖК Ротащук Е.А., «Детский развивающий центр г. Шахтинск» жобасы. Жобада 7 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған, бір жылда салықтық түсімдердің сомасы – 603,1 мың теңге (грант сомасы 1 млн. 440 мың теңге);
3. ЖК Абдрахманова К.А., «Детский развивающий центр на гос. языке». Жобада 6 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған, бір жылда салықтық түсімдердің сомасы – 769 мың теңге (грант сомасы 1 млн. 350 мың теңге);
2015 жылдың 23 қазанынан 11 қарашасы бойынша қалған 2,2 млн. теңге сомаға мемлекеттік грантты алуға конкурсқа қатысу үшін қосымша хабарлама берілген. Құжаттарды қабылдаудың кезіңде 2 өтінім ғана берілген.
2015 жылдың 8 желтоқсанында Қарағанды облысының сараптамалық кеңесінде бір жоба «Открытие хлебопекарни в п.Шахан» ЖК Чулпанов Р.Т мақұлданған.
Шағын кредиттеу механизім бойынша жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытуға ықпалдасу шеңберінде 4 жеке кәсіпкер қолдауға ие болған. (ЖК Тенисов М.А., ЖК Винчура А.Д., ЖК Кужамбеков С.Ж., ЖК Кожухов С.Б.) жалпы сомасы 19 млн. теңге.
Мақсат:Ішкі сауда тиімділігін арттыру.
2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша аймақта 160 сауда нысаны, 71 қоғамдық тамақтану нысандары, 44 қызмет саласында 44 нысан және сауда базарлары 3 жұмыс істейді.
Барлық сауда нысандарымен меморандум жасалды "Әлеуметтік-маңызды азық-түлік өнімдеріне үстеме немесе 100%. 2015 жылы тауар айналымының көлемі 8 млрд. 687,4 млн. теңге немесе 2014 жылдың ұқсас кезеңіне 117,1% (2014 жыл – 7 млрд. 416,9 млн. теңге). ЖКИ –96,6%.
Азық- түліктік және азық- түліктік емес тауарларға кері тенденция байқалады. Еңбекақы сол қалпы қалуда, бұл бағаның өсуімен байқалады. Шахтинск аймағы тұрғындарының жартысы облыстық орталықтан тауарларды алады, ол жақта жеңілдіктер мен акциялар көп.
2015 жылы 2 сауда нысаны ашылған «Аква Плюс» ЖК Файзулин сауда нысаны, «Ассорти» супермаркеті ЖК Филинский, онда 62 жаңа ұмыс орны құрылған. Сонымен қатар бір тамақтану орны ашылған ЖК Жетенов, Шахан кентінде ЖК Панасюк азық – түлік дүкені.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген Ел Басының тапсырмасына сәйкес, отандық өндірушілерді қолдау мақсатында 2015 жылдың ақпан айынан бастап «Қазақстанда жасалған» акциясы басталған. 100 сауда нысанында (5 супермаркет және 95 дүкен) «Қазақстанда жасалған» логотиптері орналастырылған. Отандық өндірушілердің халық тұтынатын тауарларымен және өндірістік тауарлардың жеке сөрелері құрылған. Осымен қатар, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында «Қазақстанда жасалған» бөлімдерінде отандық өндірушілердің тауарларын жылжыту бойынша имидждік материалдар орналастырылған.
Мақсат: Өңірлік инновациялық жүйені дамыту және инвестиция тарту.
2015 жылыдң қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестиция көлемі 10876,4 млн. теңгені құраған, ол 2014 жылдың ұқсас кезеңіне (2014 ж.- 9201,5 млн. теңге) баға индексін есепке алғанда 114,8 % құраған және ағымдық жоспарға 118,2 % (жоспар 2014 ж. – 9477,5 млн. теңге). ЖКИ - 133,6%.
«АМТ» АҚ КД тау – кен кәсіпорындарының есебінен инвестиция артқан. Өнеркәсіп – 10691,5 млн. теңге немесе өткен жылға 120% (2014 ж. – 8911,3,0 млн. теңге).
Өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар көлемінің орындалмау себептері
- осы саладағы кәсіпорындардың қиын қаржылық жағдайы
- «АрселорМиттал Темиртау» АҚ КД қосымша шығындарды төмендету бойынша іс- шараларды өткізуге байланысты «Курылысмет» ЖШС инвестиция салу (қайта өңдеу саласы) 2019 жылға жоспарланбаған.
Жаңа жобаларды іске қосу, сонымен қатар қолданыстағы кәсіпорындар есебінен негізгі капиталға инвестиция көлемі 9477,5 млн. теңге. ЖКИ 100,6% деңгейінен төмен емес.
Өнеркәсіптік өндіріс көлемін өсіру және негізгі капиталға инвестиция тарту мақсатында қосымша резервтерді іздеу бойынша жұмыстар жүргізіледі, негізінен:
-жоғарғы құны бар инвестициялық жобаларды іздеуді жүзеге асыру;
- өнеркәсіптік алаңдарды, тоқтап тұрған кәсіпорындарды реанимациялау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
- кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде экономиканың басым секторларында инвестициялық жобалар іске асырылады.
- дайын өнімдерді шығарудың нарығын кеңейтуде қолданыстағы кәсіпорындарды жан- жақты қолдау қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асырылады.
Бағыт: Әлеуметтік сала
Мақсаты: Білім сапасы мен қол жетімділігін, балалардың заңды қызығушылығын және құқығын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру.
Қазақстан Републикасының «Білім туралы» Заңына сәйкей, облыста білім беру қадамының үздіксіз және сабақтастығын қамтамасыз етудің жолын мақсатты іздестіру жолы жүргізілуде. Білім бөлімі қызметінің бірден бір басымдығы болып мектепке дейінгі білім берудегі халықтың әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыруды қамтамасыз ету саналады. Мектепке дейінгі мекеме жүйесін дамыту бойынша жүзеге асырылатын іс-шаралар тиімділігі мен жоспарлылығы туралы, мектепке дейінгі ұйым мекемелерінің ашылу динамикасы куә болады. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды ұлғайту мақсатында, 2014 жылы мемлекеттік тілде оқытатаын 150 орынды «Гүлдер» сәбилер-балабақшасы ашылды, 2015 жылы осы мектепке дейінгі ұйымға қосымша 30 бала қабылданды. Сонымен қатар қолданыстағы балабақшаларды қайта жаңарту есебінен 2015 жылы 2 мектепке дейінгі ұйымда қосымша 50 орын ашылды. («Қарлыгаш» сәбилер-балабақшасы -25 орын, «Ботагоз» сәбилер-балабақшасы-25 орын).
Мақсат: Тұрақты әлеуметтік – демографиялық жағдайды қамтамасыз ету үшін тұрғындардың денсаулығын жақсарту.
1. Өлім-жітім коэффиценті 1% артқан, өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда келесі себептермен түсінідіріледі:
Жалпы өлім-жітімнің негізгі себептерінің арасында – қан айналысы жүйесі ауруы бірінші орында және барлық қайтыс болғандар бойынша 44% құрайды.
2. Туу коэффиценті 9,1% төмендеді, өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда келесі себептермен түсінідіріледі: туудың төменгі көрсеткіші Шахтинск аумағында тұратын жас ерекшелігінің әсерінен туындауда. Қала халқы демографиялық жағынан ескіріп бара жатыр, бұл жастардың аздығына байланысты. Шахтинск аумағының халық саны 57410 чел., оның ішінде тұлғалардың жартысы 50 жаста және одан жоғары - 32%, 14 жасқа дейін - 20% құраса, 15 тен 49 жасқа дейін – 47%, халықтың регрессивтік түрі деп саналады. Медициналық себептер: қаладағы орта жастағы әйелдер саны 12978; бедеулікпен есепте тұрғаны 33 әйел, бұл 0,18 % құрайды. 2014 жылы – 88 әйел есепте тұрса. ЭКО (жасанды ұрықтандыру) арқылы – 2 жүкті, былтыр– 3 әйел босанды.
3. Өткір туындаған жағдай нәтижесінде 1 ана өлімі болды, кенеттен өлімге әкеліп соқты.
4. Туберкулезбен ауыратындар санының арту себебі :
БМСК профилактикалық жұмыстарын белсендіруге байланысты аурудың артуы - 2 және одан да көп жыл флюорографияға түспеген контингенттер, әсіресе тұлғалардың барлығын тартуға байланысты болып отыр.
Выявлено больных туберкулёзом за месяцев 2015 жылғы 12 айда туберкулезбен айқындалған науқастар саны– 49 жаңадан айқындалған жағдай, өткен 2014 жылы 43 жағдай алтауға артық. П2015 жылғы 12 айда көрсеткіш 80,1 құрайды, өткен жылы – 76,7, 4,4% артқаны байқалады.
Шахтинск аумағының тұрғындары арасында туберкулезді уақытында айқындау, ауруды азайту, туберкулез жұқпасының таралуына жол бермеу мақсатында 2015 жылы келесі шаралар жүргізілді:
Жылдағы флюорографиялық тексеру жоспары құрылды – 30302, 100% орындалды.
Қаланың жанына таяу орналасқан халқы тығыз аудандар мен кенттердің тұрғындарын және туберкулез ошағы көп жерлерді тексеру үшін, жылжымалы флюоробус жұмыс жасауға ОТҚД шарт жасалды.
2015 жылғы мамыр, қыркүйек, қазан айларында жасалған шартқа сәйкес, флюоробуска түскен 26, 29, 31 кварталдың және кенттердің тұрғындары – 2902 адам. Жылжымалы флюоробуста тексеру кезінде туберкулездің 2 жағдайы айқындалды (Долинка, Новодолинский кенттері 1 жағдайдан).
2015 жылғы 12 айда тексерілгені – 3874 адам, ККФ жоспарына енбеген, жоспарға енбеген 3 жағадай айқындалды
Қазіргі уақытта аумақта мульти резистенттік түрдегі туберкулезбен ауыратын науқастар көп (54,6%). Науқастардың беріліп емделмеуінен туындап отыр, толық емделмей орта жолдан тастап кетеді, немесе емделмейді, басқа қалаға табыс көзін іздеп кетеді, оған себеп амбулаторлық емдеу кезеңінде науқастарға қажетті әлеуметтік көмек көрсетілмегендіктен.
5. Онкологиялық аурулардың 8,2% арту себебі: онкологиялық аурулардың саны артқан, 2014 жылы 196 жағдай болса, 2015 жылы 211 болды. Емделушілерді қолдау және ішкі бақылау қызыметімен онкологиялық ауруға күдікті деп айқындалған патологиямен келгендерді қайта тексерумен айналысатын тексеру, диспансеризация кабинеттері тұрақты түрде тексеріліп отырады. Тексеру кабинетінде тексеруден өткен 2268 адамның ішінде айқындалғаны – 89 жағдай. Диагнозы нақтыланғаны – 19 емделуші. 13 әйел (сүт бездері обыры-5, тері обыры – 6, қалқанша без обыры – 1, тік ішек обыры - 1); 6 ер адам (тері обыры – 3, ауыз қуысының обры (бадамша без және мұрын қуысының жолдары-1, қуықалды безі обыры-2).
Мақсат: Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі
1. Орнықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
Даму Бағдарламаның есептердің бірі болып тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету болып табылады. Халықты жұмыспен қамту жәрдем бойынша шаралар есебінен қамтамасыз етіледі: әлеуметтік жұмыс орындарын құру, кәсіптік дайындақ, біліктілігін көтеру және қайта даярлау, қоғамдық жұмыстар, жастар тәжірибесі, жұмыссыздарды өз бетінше жұмыспен қамтуда жәрдем көрсету оларға өз ісін ашу үшін ақшалай көмекті көрсету.
2015 жыл ішінде «Шахтинск қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмысқа орналастыру жәрдеммен 1684 адам хабарласты, олардың ішінен 1525 адам жұмысқа орналастырылды. Азаматтарды жұмысқа орналастыру кезінде олардың жеке ықыласы, біліктілігі, кәсіби дайындық деңгейі есептеледі.
Шаруашылықтың жаңа түрлері жұмыскерлерге талаптарын жоғарлатуды туғызды. «Жана сапа» деп аталатын мамандарға сұраныс өсті: кеңсе жұмыскерлері, аудармашылар, сонымен қатар жұмысшылар: аспазшылар, кассалық аппараттарды игерген сертификаты бар сатушы-кеңесші және тағы басқалары. Мұның барлығы жұмыссыздарды қайта оқыту кезінде есептеледі. Есептік кезең ішінде кәсіби оқуға, қайта оқуға 124 адам жолданды. Оқу шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін еңбек нарығында талап етілетін мамандықтар бойынша жүргізілді: аспазшы-универсал (аспазшы-кондитер-кулинар), үлгіші-тігінші, іс жүргізуші, сатушы-кеңесші, 1-С есепшісі, ЭЕМ операторы («Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде).
Жұмыстың басым бағыты персонал іріктеу сұрағы бойынша басшылармен тұрақты байланыс орнату болып табылады. Шахтинск аймағының барлық меншік нысандарының басшыларымен бос жұмыс орындар, вакансиялар туралы мәлімет ұсыну қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
2. Халықтың әлеуметтік-осал топтарына әлеуметтік көмек көрсету.
2015 жылы Шахтинск өңірінде халықтың әлеуметтік-осал топтарына әлеуметтік көмек көрсету ақшалай төлемдерді түрінде жүзеге асырылды - бұл атаулы әлеуметтік көмек, жан басына шаққандағы табысымен, азық-түлік себетінің құнынан аспайтын 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы.
Өңірінің халық табысының тұрақты өсуі, жұмыспен қамту белсенді түрлеріне еңбекке жарамды халықтың қамтуы, (оқыту, қайта оқыту, әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамды-төленетін жұмыс орындарына орналастыру, өз бетінше жұмыспен қамтуда жәрдем шаралары.) өзінің бағытын «Мемлекеттік атулы әлеуметтік көмек алушылардың саны» қорытындылар көрсеткіштерімен дәлелдеді - жоспарланған 111 қарсы 84 (көрсеткішті орындау 132,1 %)
3. Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуде мемлекеттік емес сектордың үлесін көбейту.
01.01.2016ж. жағдайы бойынша «Шахтинск қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ үй жағдайында арнайы әлеуметік көмек көрсету бес бөлімшемен көрсетіледі:
- бір мүмкіндіктері шектеулі балалар және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар тұлғалармен үйде әлеуметтік көмек бөлімшесі;
- төрт зейнетақы жасына жеткен жалғызбасты тұратын қарт азаматтар мен 1 және 2 топтағы мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері.
Қамқоршылардың саны 516 адамды құрайды.
Үйде қызмет көрсету ұйымның міндеттері мен әрекеттері болып табылады:
1) Қызмет алушылардың жеке қажеттік есебімен арнайы әлеуметтік қызметті көрсету, олардың жеке даму деңгейіне бейімделген, социализация мен интеграция;
2) Ұсынылатын арнайы әлеуметтік қызметтің сапасы мен тиімділігін жоғарлату.
Үйде қызмет көрсету ұйымның негізі функциялары болып табылады:
- үйде қызмет көрсетуде мұқтаж қызмет алушылардың ізденісі мен есебі;
- бастапқы әлеуметтік ортада моралді-психологиялық ортаны құруда жәрдем;
- сауықтыру және әлеуметтік-оңалту шараларды өткізуге бағытталған қажетті арнай әлеуметтік қызмет кешенін ұсыну жолымен, қызмет алушыларға жанжақты көмек көрсету;
- үй жағдайында әлеуметтік, медициналық және мүгедектерге кәсіби реабилитацияны өткізу.
Үйде әлеуметтік көмек бөлімшесі келесі арнайы әлеуметтік қызметті көрсетеді:
Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметік-мәдени, әлеуметік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық.
Мақсат: Мәдениет және өнер саласында бәсекелестікті арттыру.
Шахтинск өңірінде 14 мәдениет мекемелері жұмыс істейді. Оның ішінде 1- Мәдениет сарайы,1 Шахтинск қаласының кеншілер мәдениет сарайының мәдениет үйі филиалы Долинка, 2 мәдениет үйлері (Шахан МҮ және Новодолинский МҮ, 1-ҚМКҚ «Барс», демалыс саябағы, стадион, 8-кітапхана –филиалдар және Долинка ауылындағы- 1 қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы.
Мәдение сарайы- қаладағы жалғыз мәдении мекеме. Мәдениет сарайының әдіскерлері мен шығармашылық бөлімдері орта және орта мамандандырылған ооқу орындарымен әрқашан көркемөнерпаздар ұжымдарының жағдайы туралы мониторинг жүргізіледі. Қала кәсіпорындарында аналогикалық жұмыс жүргізеді, дарынды жастарды бірігіп жұмыс істеуге тарту мақсатында, , ән айтуға, көркем сөзге үйретуге, ісшаралар өткізуге дайындайды.
2014 жылы ісшаралар өткен жылмен салыстырғанда мәдени- демалыс ұйымдарына жастар мен жеткіншектердің өткізілген ісшараларға қатысқандар санының өскені байқалады. ҚР Президентінің жолдауын талқылау жөнінде семинарлар, пікірталас клубтары, сұрақ – жауап кештері, дағдарысқа қарсы бағдарламаны түсіндіру, экономикалық саясатты, Қазақстан-2030 стратегиясы бойынша ақпарат және білім беру бағдарламалары «Время свершенийй – время надежд» өткізіледі. Шахтинск қаласында 5 мәдени ұлттық бірлестік және Шахан МҮ екі бірлестік жұмыс істейді.
Сондай-ақ кітапханаға келушілер санының артуы байқалды. Шахтинск қаласының орталық кітапхана жүйесінде жаңа қызмет көрсету түрі бар.: оқырмандарды әлеуметтік желімен, электронды құжат алу, тегін ғаламтор, мобильді кітапханалармен қызмет көрсету, осы қызмет түрі пайдаланушылардың санын арттырды. Болашақ жоспар бойынша пайдаланушылар саны жыл сайын арта түседі.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайының қызметкерлері «Великая отечественная война глазами молодежи» ғылыми-практикалық конференцияда, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алукүніне арналған ғылыми-практикалық конференцияда, онамастика бойынша, «Открытая Азия- открытый музей»фестиваліне, «Метаморфозы памяти: от наследия к современности»мұражай ісі бойынша халықаралық конференцияларына қатысты.
Барлық мәдени мекемелерде жүзеге асыру барысында келесідей әр түрлі ісшаралар өткізілді: мейрамдар, мемлекеттік мерекелерге арналған, шығармашылық кештер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, бейнелеу және қолданбалы өнер көрмесі, әдебиеттер, жаңа кітаптардың тұсау кесерлері, байқаулар, фестивалдер.Қаланың мәдени мекемелердің жұмысын әрі қарай дамытудың мақсаты - ол жастар мен жалпы халық арасында мәдени жұмысын нығайтуға бағытталған, мәдениет мекемелерінің барлығының материалдық-техникалық базаларын нығайту, желілерді дамыту. Кітапхана қорларын үздіксіз жаңа жинақтармен, әдебиеттермен толықтырып отыру, жаңа басылымдарға жазылу, электронды тасымалдағыштағы баспалармен толықтыру.
Мақсаты: Мемлекеттік тілді және халықтың лингвистикалық капиталын дамыту
2014 жылы «Бастау» оқыту-әістемелік орталығында мемлекеттік қызметкерлер мен әр түрлі деңгейдегі азаматтарды мемлекеттік және ағылшын тіліне оқытуға 160 адам жоспарланған. Әрқашан тыңдаушылар мониторингісі жүргізіледі.
2014 жылы жергілікті бюджеттен 8495,0 мың теңге бөлінді. Қаржыландыру жылдан-жылға өсіп келеді.
2014 жылы «Бастау» оқыту-әістемелік орталығының оқытушылары облыстық, республикалық ауқымда өткен әр түрлі ісшараларға қатысты, Біліктіліктерін арттыру мақсатында курстарға барды.
Мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында байқаулар, дөңгелек үстелдер, фестивалдер өткізіледі.
Мемлекеттік тіл сұранысының өсуі.
Жұртшылық, мәдени, спорттық және басқа даәлеуметтік және бұқаралық ісшараларда мемлекеттік тіл орыс тілімен тең жүреді.
Мемлекеттік қызметтер электрондық форматта мемлекеттік тілде беріледі.
Мақсаты: Мемлекеттік тілді және халықтың лингвистикалық капиталын дамыту
Негізгі жұмыс - негізгі бағыттарды іске асыруға бағытталған болатын:мемлекеттік тілді үйрену,мемлекетік тілді кеңінен қолдану және кеңейту, насихаттау, тіл мәдениетінің деігейін көтеру және лингвистикалық капиталды дамыту.
Аудармашыларға және іс жүргізушілерге әдістемелік көмек көрссету мақсатында «Проблемы оформления распорядительных документов и усовершенствование делопроизводства на государственном языке» қалалық семинар өткізілді.
Мемлекеттік қызметкерлерді және басқа санаттағы азаматтарды оқытуға, әр ұлт өкілдері өзінің тілін, салт-дәстүрін насихаттай алатын инфрақұрылым құрылды.
Мақсат: Бұқаралық спортты және дене – сауықтыру қозғалысын дамыту.
Шахтинск аймағында 29 спорт түрі бар: 10 олимпиядалық және 18 олимпиядалық емес. Дене шынықтыру және спорт саласында қызметті арнайы білімі бар 76 76 (2015 – 76) жұмыскер жүзеге асырады. 77 спорт жабдығы бар (2015–76). Оның ішінде ірі жабдықтар: 1 стадион (Шахтинск қ. «Барс» КМҚК); 20 спорттық зал; 1 спорттық – сауықтыру кешені «Ягуар» (ЖК Щербаков); 32 спор алаңдары; 7 хоккей корттары (оның ішінде 2 жасанды жабындымен).
2015 жылы Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметін спорты дамыту саласында «Саламатты Қазақстан» және Шахтинск қаласының 2011 – 2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының негізгі көрсеткіштерін орындауға бағытталған. Шахтинск аймағының дене шынықтыруын және спортын дамыту бағдарламасының шеңберінде облыстық жарыстарға қатысу, 2015 жылы спорттық инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіруді қосқанда спорттың материалдық – техникалық базасын нығайту, қаржыландырудың жалпы сомасы 8687 мың теңгені құраған
Есеп беру кезеңінде күнтізбелік жоспарға сәйкес бөліммен 108 іс- шара өткізілген. Жарыстарға қатысқан қатысушылардың жалпы саны әр түрлі жастағы – 12104 адам (тұрғындар саны 57410 адам) және Шахтинск аймағының 671 спортсмені 46 облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысқан.
Бөліммен өткізілетін іс- шараларға тұрғындардың барлық санаты қамтылған: балалар – жасөспірімдер клубының балалары, жастар, ардагерлер, мүгедектер, өндірістік ұжым мүшелері.
«Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ 2015 жылдың мамырынан бастап қаржыландырылады, есеп берудің 8 айында 108 спорттық іс- шара өткізілген, жарыстарға қатысқандардың жалпы саны 12104 адамды (тұрғындар саны 57410 адам) құраған.
2015 жылы спорттық жабдықтардың және нысандардың материалдық – техникалық базасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізілген. 2015 жылы спорттық жабдық және инвентар сатып алуға (баскетбол, волейбол, футбол доптары, лақтыру доптары, шеңбер, скакалка, гимнастикалық секіру аты). Мектептердің спорт залдарын жабдықтау пайызы 75 % құрайды.
Балалар мен жастарды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту үшін, олардың денсаулығын және дене тәрбиесін нығайту үшін, екі оқу орнының базасында екі балалар – жасөспірімдер спорт клубы (бұдан әрі мәтін бойынша - БЖО) ашылған, дене шынықтырумен және спортпен айналысатын 296 баламен мен жасөсіпірмдерді қамтуды өсіруге мүмкіндік берді.
Шахтинск қаласында споттық алаңдарды пайдалануға енгізу дене шынықтырумен және спортпен айналысатындарды қамтуды 112 адамға өсіруге мүмкіндік берді.
2015 жылы жеке инвестициялар есебінен ЖК «Мустанг», ЖК Примак ат спортының клубы ашылған. Осы клуб жұмысы ұлттық ат спорт түрлерін дамытуға, сонымен қатар Шахтинск аймағының балалары мен жастарын атта жүруге үйретуге бағытталған. Балалар мен жастарды қамту 93 адамды құраған.
Есеп беру кезеңінде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғындардың қамтылуы 2015 жылы 479 адамға өскен және 13682 адамды құраған (аймақ тұрғындарының жалпы санынан 57410 адам, яғни 23,8 %).
Мақсат. Туризмді дамыту.
Шахтинск аумағында 2 орналастыру орыны бар, 2014 жылы орналастыру орындарының көрсету қызметінің көлемі 1905 мың тенге құраған, ол 2013 жылға қарағанда 59,8% - дық деңгейге жоғары, және де 2012 жылға қарағанда 44,3% - дық деңгейге жоғары. 2015 жылдың қантар – маусым айларында орналастыру орындарының көрсету қызметінің көлемі 2284 мың тенге құраған немесе 2014 жылдың (606 мың тенге) ұқсас мерзімді салыстыру бойынша 3,8 есеге жоғары.
Қалаға келімі орналастыру орнындарына қаматамасыз етілген келушілердің көлемімен сипатталған. 2014 жылы орналастыру орнындарына қаматамасыз етілген келушілердің саны – 543 адам құраған, ол 2013 жылға қарағанда 15,3% дық деңгейге жоғары (471адам), және де 2012 жылға қарағанда 26,9% дық деңгейге жоғары (428 адам). 2015 жылдың қантар – маусым айларында орналастыру орындарына қаматамасыз етілген келушілердің саны - 282 адам құраған немесе 2014 жылдың (239 адам) ұқсас мерзімге 18,8 % -ға жоғары.
2014 жылы ішкі саяхат бойынша (резиденттер)қамтамасыз етілген келушілердің саны 540 адам құраған, 2013 жылға қарағанда 14,6 % дық деңгейге жоғары (471 адам) және де 2012 жылға қарағанда 26,2 % дық деңгейге жоғары (428 адам). 2015 жылдың қантар – маусым айларында ішкі туризм бойынша (резиденттер) қамтамасыз етілген келушілердің саны 273 адам құраған немесе 2014 жылдың ұқсас мермізге 14,2 % - ға жоғары (239 адам).
2014 жылы кіру саяхат бойынша (резиденттер емес) қамтамасыз етілген келушілердің саны 3 адам құраған, оған қарағанда 2012 – 2013 жылдары ондай келушілер болмаған. 2015 жылы кантар – маусым айларында кіру саяхат бойынша (резиденттер емес) қамтамасыз етілген келушілердің саны – 11 адам құраған 2014 жылдың ұқсас мерзімге ондай келушілер болмаған.
2014 жылы орналастыру орнындарында ұсынылған тәуілік төсектер 193 құраған, ол 2013 жылға қарағанда 2,1 есе жоғары (93 тәуілік төсек) және де 2012 жылға қарағанда 2,5 есе төмен (473 тәуілік төсек). 2015 жылдың кантар – маусым айларында орналастыру орныдарыныда усынылған тәуілік төсектер 389 құраған, ол 2014 жылдың ұқсас мерзімде 7,6 есе көп (51 тәуілік төсек).
Мақсат: Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттілікті және ұлт бірлігін нығайту.
Президенттің Жолдауын іске асыру мақсатында:
- 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы, Шахтинск қ. әкімінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 50ө өкімімен 17 насихаттаушы топ және 3 шағын топ құрылған және бекітілген.
Шахтинск аймағының ақпараттық – насихатаушы тобының 2015 жылыдң 1 және 2 жартыжылдығына арналған кездесу өткізу кестесі құрастырылған, оған сәйкес 47 іс- шара, 1 қала активі, облыстық ақпараттық – түсіндіру тобының 4 кездесуі өткен.
-«ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» Шахтинск аймағында жұмыс істейтін 1 ақпараттық топпен 17 насихаттаушымен және 3 шағын топпен 23 кездесу, 1 актив өткізілген. Кездесудің қамтылуы 1800 адамды құраған. Облыстық және өңірлік БАҚ 20 мақала жарияланған.
Жаңа
2016 жылдың 1 жартыжылдығына республикалық және облыстық баспа басылымдарына жазылу:
Атауы Жоспар Факт %
Егемен Казахстан 354 400 112,9
Казахстанская правда 909 926 101,9
Орталык Казахстан 340 418 122,9
Индустриальная Караганда 1279 1291 100,9
Мақсаты- жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету құқық бұзушылықпен күресу, нашақорлықпен және нашақорды заңсыз жүзеге асыруға қарсы әрекет ету.
Есеп беру кезеңінде Шахтинск қаласының ішкі істер бөлімімен бірнеше ұйымдастыру шаралары өткізілген, қала аумағында криминогендік жағдайды тұрақтандыру бойынша бірнеше міндеттер атқарылған.
Қолданылған шараларға қарамастан өоғамдық тәртіпті бекіту және азматтардың қауіпсіздігін қорғау мақсатында қоғамдығ орындарда 7,7% (234-тен 252-ге дейін)болға қылмыс, сонымен бірге далада болған қылмыс 19,8% (121 – ден 145- ке дейін) өсті
2015 жылдың 12 айында Шахтинск қаласында апаттың таудауға сәйкес 36 ЖКА тіркелген,оның ішінде 4 адам қайтыс болған және 40 адам әр түрлі деңгейдегі жарақат алған. Өткен жылдың ЖКА 33,3% (27ден 36-ға дейін) өскен,жарақат алу соны бойынша 48 % (27ден 40-қа дейін) өскен, және жол қозғалысынан адам өлімі азайған -33,3 % (6-4) төмендеген. Балалардың қатысуымен болған ЖКА 7 тіркілген, 1 кәмелет жасқа толмаған қайтыс болды, 6 бала жарақат алған былтырғы жылмен салыстырғанда 3 оқиға.
Шахтинск қаласының әкімшілік полияциясымен авариялық жағдайларды төмендету мақсатында келесі алдын- алу шаралар өтекізілген: «Безопасная дорога», «Автобус», «Транзит», «Пьяный водитель – преступник», «Внимание-светофор», «Взыскаемость», «Внимание - дети», «Безопасная дорога», акция «Прием на дороге», акция «Неделя безопасности дорожного движения».
2015 жылы 18 наркоқылмыскерлер ұсталды, 2014-27.
Қөрсеткіші төмендеуі мақсатты бағытталған қылмысты анықтауда төмендеді, 2014 жылы сату мақсатымен 10 сатушы ұсталды, 2015 ж. 8 сатушы үсталды. Заңсыз нашақор заттарын сату бойынша 8 сатушы ұсталып 15 қылмыстық іс-қозғалды. Студентер мен жастар арасынданашақор заттарын қолдаудыескерту мақсатымен 2015 ж.басынан ОБН Шахтинск қ.ІІБ өңірдебілім беруорганымен нашақорға қарсы бағытталған 45 дәріс оқылды. Жасөспірімдерімен жастардың жалпы саны 840 адамды құрады.
Мақсаты: Аймақтағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын – алу және жою жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру.
Қатерді төмендету бойынша жағдай жасау ТЖ жою және алдын -алу жөніндегі бірқатар кешенді іс-шараларды орындауды көздейді, оның ішінде табиғи ТЖ неғұрлым ұшырағыш қала мен оған жапсарлас кенттерде локалдық хабарлау жүйесін орнату, аймақ аумағында су тасқыны мен қар басу қауіпінің туындауы, сондай-ақ, жоғары температура ошағының туындауы жөніндегі мониторинг жүргізу бірінші кезекті іс-шара болып саналады.
Бағыт: Инфрақұрылымы
Мақсат: Коммуникация және байланыс саласында қызмет сапасын жоғарлату
Телефондық байланыс цифрлік технологияларды енгізуді аяқтау негізінде ақпараттық- коммуникациялық кешенді шындау бойынша жұмыстар жүргізілуде, телефондық байланыс желісінің жоғарлату, қала маңындағы кенттік елді мекендерді территориясын әсіресе қамтмасыз ету. Ұялы байланыс қызметтерімен аймақ тұрғындарына қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Мақсат: Құрылыс өсімін қамтамасыз ету.
2015 жылғы 12 айға іске қосылатын тұрғын үйдің күтілетін көлемі – 1316 кв. м. немесе өткен жылғы ұқсас кезеңге 19,4 % құрады (2014 жыл – 6772 кв.м.). 2015 жылы тұрғын үйді іске қосу 1 адамды есептегенде 0,2 кв.м құрайды.
Іске қосылатын тұрғын үй көлемі кемуінің негізгі себебі «Шахтинск қ. құрылыс бөлімі» ММ жобалау-сметалық құжаттамалары бар жаңа тұрғын үй құрылысына қаржыландыру жоқтығы, сондай-ақ 2015 жылы Карл Маркс к. 56, 5 қабатты 60 пәтерлі 2-блок секциялы (ауданы 2539,9 м2) тұрғын үйді пайдалануға енгізу мүмкін болмады.
2015 жылғы 12 айға құрылыс жұмыстары физикалық көлемінің күтілетін индексі 101,8% құрады.
2015 жылы Шахтинская ТЭЦ АҚ жаңа күл үйіндісінің құрылысы объектісі бойынша Қарағанды облысының қаржылық бақылау инспекциясының тексерісі жүргізілді, 2015 жылғы 12 қарашадағы акті.
Мақсат: Экономикалық кеңістік байланысын жақсарту
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
2015 жылда Шахтинск аймағының көшелерінде 150 жол белгілерін орнатылды, апаттық-қайта қалпына келтіру және жол белгілерін, бағдаршамалық объектілерінің пайдалану жұмыстары бойынша жұмыстар өткізілді.Жол қозғалысына қауіп төндіретін құқық бұзушылықты алдын ала алу есебінен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысының қатысушылардың жолда тәртіпті қадағалау, әсіресе жолаушылар көлік жүргізушілеріне, видеобақылау жүйесімен анықтау, көлік құралдарының жағдайын және қауіпсіздікке жол полициясына әрекет ету тиімділігін жоғарлату, көлік құралдарын тіркеу процессін оңтайландыру есебінен азаматтарға қызмет көрсету үшін жағдайын жақсарту.
Мақсат: Тиісті сапасымен тұрғындарды коммуналдық қызметтерімен қамтмасыз ету
Су бұру және сумен жабдықтау саласында, апаттық жағдайларын төмендету мақсатына байланысты, кәріздік және су құбырлар тораптарын қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы ісшараларды орындау бойынша Шахтинск қаласында су бұру және сумен жабдықтау жүйесінің қызметін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар үй иестерінің санасына азаматтық-құқықтық деңгейін жоғарлату мақсатында тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнамасын түсіндіру бойынша ісшаралар өткізіледі, кондоминиум объектісіне мүліктің жалпы бөлігіне үй иестерінде көз қарастары бағалау және ойландыру үшін қажетті жағдайлар құру.
Бағыт: Экология
Мақсат: Табиғат ортасының сапасын тұрақтандыру және қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету.
Жаңа күл үйіндісінің құрылысы:
- «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС қызмет көрсетуіне қалыпты жағдай жасау, салдары қала өсімі үшін оны тұрмыс-тіршілікпен қамтамасыз ететін инфрақұрылымдармен қамту күшінде қолайлы жағдайлар жасауға:
- айналадағы әуе бассейнінің ластануына күлдің келеңсіз әсер ету деңгейін болдырмауға немесе азайтуға;
- Шахтинск қаласының аумағында экологиялық жағдайды жақсартуға;
- «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге;
- Шахтинск қаласында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға;
- халықтың денсаулығын жақсартуға әлеуметтік және экологиялық оң ықпал етеді,
Мақсат: Аумақтың жерлерін іске асырудың тиімді тетіктерін жасау.
Ауыл шаруашылығы мақсатында, шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген жер учаскелерін тексеру жұмыстары өткізілді, оларды нысаналы мақсатында пайдалану мәніне тексеру жұмыстары жалғасуда.
2015 жылғы 1 қарашадағы жер балансына сәйкес, Шахтинск қаласының аумағы 23619 га, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер санаты 2242 га құрайды, олардан:
- саяжай құрылысы мен бақша өсіру үшін азаматтардың жерлері – 208 га (жер пайдаланушылар саны – 2417);
- шаруа қожалығын жүргізу үшін азаматтардың жерлері – 1543 га (шаруа қожалықтарының саны – 18);
- мемлекеттік емес ауыл шаруашылығы заңды тұлғалардың жерлері – 491 га, оның ішінде шаруашылық серіктестік (3 – «Скобарь и К» ЖШС, «ОХ-2008» ЖШС және GoGreen.kz ЖШС) және акционерлік қоғам - 61 га, ауыл шаруашылық кооперативтері – 254 га (Манжин ӨК), басқа кәсіпорындар – 176 га («Сарыарка» ШҚА)
5. Талдамалы жазба.
Бағыты: «Мемлекеттік қызметтер»
Мақсаты: Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің сапасын арттыру және оны жетілдіру
2015 жыл қорытындысы бойынша «Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу деректерінің санын төмендету» нәтижесінің көрсеткішіне қол жеткізілді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша белгіленген мерзімдерді бұзудың 2 деректері орын алған (2013 жылы -0, 2014 жылы -0). Мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзғаны үшін 2 лауазымдық түлғалар тәртіптік жазаға тартылды
Мемлекеттік қызметтерді уақытында және сапал көрсету мақсатында Жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді және ол 2015 жылғы 22 мамырда қала әкімімен бекітілді.
Мемлекеттік органдардың қызметкерлері мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін түсіндіру бойынша 43 семинар – кеңес өткізді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ (2013 жылы – 2 шағым, 2014 жылы - 2 шағым).
Халықты қызметтерді интернет арқылы пайдалану мүмкіндіктері туралы, ЭЦҚ құралдарын жаппай тарату туралы құлақтандыру мақсатында І ( 2015 жылғы 12 қаңтар), II (2015 жылғы 31 наурыз), III (2015 жылғы 29 маусым) және IV (2015 жылғы 30 қыркүйек) тоқсанға арналған Шахтинск аймағы бойынша Электрондық үкімет бастамасын, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету, жеке және заңды тұлғалар арасында жаппай ЭЦҚ таралуын қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларын жария ету жөніндегі медиа – жоспар әзірленді және оны Шахтинск қаласы әкімі аппаратының басшысы бекітті.
РR- науқанын өткізу шеңберінде «Шахтинский вестник» газетінде мемлекеттік органдарда, ХҚКО арқылы, сондай-ақ электрондық нысанда қызмет көрсету туралы 55 материал жарияланған. 29 материал қала әкімдігінің ресми интернет – ресурсының «Мемлекеттік қызметтер – БАҚ жариялау» бөлімінде жарияланады http://shahtinsk.gov.kz/ru/smi/).
Бақылау іс-шаралары: 2014 жылғы қараша-желтоқсанда «Қарағанды облысының тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі «Шахтинск қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ мен «Шахтинск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ (25.11.2014 жылғы н/сіз бақылау акті, 25.11.2014 жылғы № 2 бақылау акті, 12.12.2014 жылғы
«Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ;
«Шахтинск қаласының әкім аппараты» ММ ;
«Шахтинск қалалық мәслихат аппараты» ММ,
«Новодолинский к. әкім аппараты» ММ;
«Долинк к. әкім аппараты» ММ;
«Шахан к. әкім аппараты» ММ;
«Шахтинск қ тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ ;
«Шахтинск қ ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ;
«Шахтинск қ. білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ ;
«Шахтинск қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламлар бөлімі» ММ
.«Шахтинск қ мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ;
«Шахтинск қ. ішкі саясат бөлімі» ММ;
«Шахтинск қ. ТКШ,ЖК және АЖ бөлімі» ММ;
«Шахтинск қ құрылыс бөлімі» ММ;
«Шахтинск қ. жер қатынастар бөлімі» ММ;
«Шахтинск қ. сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ;
«Шахтинск қ емханасы» КМҚК;
«Шахтинск қ. кеншілер мәдениет үйі» КМҚК.
Шахтинск қаласының әкімі С. Аймаков
Шахтинск қаласының экономика
және қаржы бөлімінің басшысы Л. Буравко
Достарыңызбен бөлісу: |