5.4.2 Бөлімшелер үй-жайлары
5.4.2.1 Дезинфекциялық бөлімдерде немесе бөлімшелерде «таза» және «жұқпалы» аймақ қарастыру керек.
5.4.2.2 «Жұқпалы» аймақта мынадай үй-жайлар орналасуы керек:
- жұқпалы заттар мен іш киімді қабылдауға арналған үй-жайлар;
- дезинфекциялау камераларын жүктегіштер;
- дезинфекциялауға және кір жуу құралдарына арналған зат бөлмесі;
- күтуге, қайта киінуге, қарауға арналған үй-жайлар, душ бөлмелері;
- кір жуу цехтары.
5.4.2.3 Қызметкерлер тұрақты келетін орындарды дезинфекциялау заттарын сақтауға арналған үй-жайда жайғастыруға жол берілмейді.
5.4.2.4 Санитарлық-гигиеналық жағдайлары әртүрлі учаскелерді бір ғимаратқа біріктірген кезде жұмыс істейтіндерге, сондай-ақ осы объектідегі тұлғаларға зиянды факторлардың әсерін ескерту жөніндегі шараларды (оқшаулау, әуе шымылдықтары, жеке үй-жайда орналастыру және басқалары) қарастыру керек.
5.4.2.5 Зертханалық үй-жайларды дезинфекция (зарарсыздандыру), дезинсекция және дератизация, қатерсіздендіру құралдары үшін санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын басқа да нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес бөлу керек.
5.4.2.6 Биологиялық, емдік-профилактикалық және диагностикалық препараттарға арналған реттелмелі температура режимі бар камералар орналасқан үй-жайларды бөліктерге ортақ тамбур құрылғысы арқылы бөлу керек.
5.4.2.7 Зиянды, сондай-ақ агрессивті заттар бөлінетін дезинфекциялау бөлімдерінде конструкциялардың қабырғалары, төбелері мен беттері үшін сіңуді болдырмайтын және ылғалды тазалауға, жууға жол беретін өңдеу қабатын қарастыру керек.
5.4.2.8 Дезинфекциялық құралдар өндіруге арналған үй-жайларда химиялық заттардың әсеріне төзімді жабындардан тұратын едендер қарастыру керек.
5.4.2.9 Ішкі әрлеу үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілеріндегі үй-жайлардың функционалдық мақсатына сәйкес материалдар қолданылуы тиіс.
5.4.2.10 Үй-жайлар қабырғаларының, едендері мен төбелерінің беттері тегіс, ақаулықтарсыз, ылғалды тазалау үшін оңай қолжетімді және жуу мен дезинфекциялау құралдарымен өңдеуге төзімді болуы тиіс. Панельдерді қолдану кезінде олардың конструкциясы да тегіс бетті қамтамасыз етуі тиіс.
5.4.2.11 А және Б тазалық класындағы үй-жайларда төбе мен қабырғаның барлық биіктік бойымен орналасқан жабындары тегіс, ылғалға төзімді, жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану кезінде орнықты болуы тиіс.
5.4.3 Зертханалық үй-жайлар
5.4.3.1 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет зертханаларының үй-жайларында рұқсат етілмеген енуден қорғау жиынтығын қамтамасыз ететін конструктивтік сәулет-жоспарламасын орындау және қауіпсіздікті техникалық жүйемен жарақтандыру болуы тиіс.
5.4.3.2 Периметрлік қауіпсіздік жүйелеріне қойылатын негізгі талаптар мынадай болуы тиіс:
- барлық маусымдардың және тиісті климаттық аймақтардың сыртқы климат факторларына төзімділігі;
- индустриялық, сондай-ақ көлік құралдарынан туындайтын кедергілерден, құстар мен жануарлар әсерінен қорғалуы.
5.4.3.3 Жылыту бөлмелерін, тоңазыту камераларын, эмбриондарды жұқтыруға, олардың зарарсыздандырылғанын зерттеуге арналған бокстарды терезесіз жобалау керек.
5.4.3.4 Жұмыстарға арналған бөлмелерді зертханаларға орналастыру қажет.
5.4.3.5 Қауіпсіздік мақсатында бокстардың терезе жақтауларын нығыздауыш төсемдерді қолдану арқылы желкөздер мен фрамугаларсыз қарастыру қажет.
5.4.3.6 Санитарлық-химиялық зертханада еденді қышқыл дарымайтын материалмен жабу керек.
5.4.3.7 Бактериологиялық бөлімдер кіре берісіне санитарлық өткізу орнын қарастыру керек.
5.4.3.8 Бактериологиялық бөлімдерде «таза» және «жұқпалы» аймақтар қарастыру керек.
5.4.3.9 Полимеразалық тізбекті реакция (ПТР) әдісімен зерттеу жүргізуге арналған үй-жайларды жобалау кезінде мыналарды қарастыру қажет:
а) сынама дайындау, реакция қоспасын дайындау, нәтижелерді есептеу (детекция) аймақтары үшін жекелеген үй-жайлар бөлуді;
б) сынама дайындауға арналған үй-жайды материалдарды қабылдау бөлмесінің жанына орналастыру керек;
в) детекция бөлмесін өзге аймақтардан алыс немесе оқшауландырылған бөлікте орналастыру керек;
г) әрбір аймақта тоңазытқыштарды/мұздатқыштарды, зертхана жабдығын, реагенттерді, автоматты тамызғыштарды (мөлшерлеуіштерді), ұштықтарды, пластикалық және шыны ыдысты, қорғаныс киімін, аяқ киімді, тальксіз бір рет пайдаланатын қолғаптарды, тазалау құрал-сайманы мен осы бөлмеде ғана қолданылатын өзге шығыс материалын орналастыруға арналған жеткілікті орын мөлшерін қарастыру керек;
д) үй-жайларды ПТР зерттеу үшін жеке ғимаратқа орналастыру кезінде мынадай үй-жайларды қарастыру керек: материалдарды қабылдау, үлгілерді тіркеу және бастапқы өңдеу, дәрігерлерге арналған үй-жайлар, гардероб, дәретхана, душ бөлмесі, қойма бөлмелері, автоклав, жуу.
5.4.3.10 Қосалқы бокстарда бактериология бөлімдерінің, дәрігерлер жұмыс бөлмелерінің, сонымен қатар вирусологиялық бөлімшелер лаборанттарының санитарлық бактериология мен тамшылық инфекциялар жөніндегі зерттеулеріне арналған кіре берістер қарастыру керек.
5.4.3.11 Вирусологиялық бөлімшелерде «таза» және «жұқпалы» аймақ қарастыру қажет.
5.4.3.12 Зертхана кіреберісіне тіркеу орны мен сынамаларды қабылдау бөлмесін орналастыру керек.
5.4.3.13 Зертханада материал алу пункті болған жағдайда, қызметкерлер мен тексеретін тұлғаларға арналған бөлек дәретхана қарастырылады.
5.4.3.14 Микробиологиялық зерттеулер жүргізілетін зертханаларда
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес кіре берістер қарастыру керек.
5.4.3.15 Микробиологиялық зерттеулерге арналған үй-жайларды жоспарлау кезінде таза және жұқпалы ағындардың түйісу ықтималдығын болдырмау керек.
5.4.3.16 Зертханалардағы едендерді қышқылдар мен сілтілердің әсерін ескере отырып орналастыру керек.
5.4.3.17 Өрт пен жарылыс қаупі бар заттармен жұмыс істеуге арналған үй-жайларды көмірқышқылды өрт сөндіргіштермен, сондай-ақ өзге де өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау керек.
5.4.3.18 Жеңіл тұтанатын әрі жанғыш сұйықтықтар қатысатын жұмыстардың барлығы желдеткіш жұмыс істеп тұрған электр құралдары, сондай-ақ электр аспаптары мен газ жанарғылары өшірілген тартпа шкафында жүргізіледі.
5.4.3.19 Тәжірибелік, диагностикалық және өндірістік жұмыстар жүргізілетін, сонымен қатар І-ІІ топтағы патогенді БА сақталатын объектілерде өткізу режимін белгілеу керек.
5.4.3.20 ПБА қатысқан жұмыстар жүргізілетін үй-жайларды бактерицидтік сәулелендіргішпен жабдықтау керек.
5.4.3.21 Патогендігі І-ІІ топпен немесе жұқтыру ықтималдығы бар материалмен жұмыс жүргізілетін стационарлық зертханаларға арналған қоршауды жобалаған кезде олар нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес негізгі болуы тиіс.
5.4.3.22 Сыртқы қоршау жағдайында бекітілмейтін есіктердің, қақпалардың, шағын есіктердің, сонымен қатар ойықтар мен өзге зақымданулардың болуына жол берілмейді.
5.4.3.23 Радиологиялық зертхананы жобалау кезінде «лас» және «таза» аймақ қарастыру қажет.
5.4.3.24 Радиологиялық зертхананың лас аймағында мыналар орналасуы керек:
а) сынамаларды дайындауға, сақтауға және минералдандыруға арналған бөлме;
б) радиохимиялық зерттеулерге арналған аймақ (лас аймақ);
в) ыдысты, контейнерлерді, жабдықты, іш киім мен арнайы киімді қатерсіздендіруге арналған бөлме.
5.4.3.25 Радиологиялық зертхананың таза аймағында мыналар орналасуы керек:
а) сынамаларды дайындауға, сақтауға және минералдандыруға арналған бөлме;
б) радиохимиялық зерттеулерге арналған аймақ (таза аймақ);
в) сұйық радиоактивті қалдықтарға, контейнерлер мен арнайы цистерналарға арналған аймақ.
5.4.3.26 Лас және таза аймақтар арасында санитарлық өткізу орны қарастырылуы тиіс.
5.4.3.27 Радиологиялық топтарға арналған үй-жайларды радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы негізгі санитарлық ережелерге сәйкес жобалау керек.
5.4.3.28 Көрсетілген үй-жайларды бір-біріне тікелей байланыстыру арқылы жобалау керек.
5.4.3.29 Жұқпалы аймаққа арналған үй-жайда есіктері автоматты түрде құрсауланатын өтпелі автоклав қарастыру керек.
5.4.3.30 Шлюздерге кіретін есіктерге өздігінен жабылатын және жабдықталған құлыптарды қарастыру керек.
5.4.3.31 Барлық бокстарда қол жууға арналған раковиналар (қолжуғыштар), айна және дезинфекциялайтын ерітінді бар сыйымдылықтар орнатылатын қосалқы бокстар болуы тиіс.
5.4.4 Әкімшілік және тұрмыстық үй-жайлар
5.4.4.1 Әкімшілік үй-жайларды ҚР ҚН 3.02-08 және Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа да қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жобалау қажет.
5.4.4.2 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің үй-жайларында жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде жұмыс орнының ауданын, желдету және жарықтандыру жағдайларын, оның ішінде мүгедектер мен өзге де мүмкіндігі шектеулі қызметкерлер топтарының ерекшеліктерін ескеру керек.
5.4.4.3 Ірі өлшемді жабдықты жұмыс орындарында орналастыру және ұжымдық қолдану кезінде үй-жайлардың аудандарын ҚР ҚН 3.02-08 талаптарына және қондырғыларды қолдану жөніндегі техникалық құжаттарға сәйкес ұлғайту керек.
5.4.4.4 Ұйымдастырушылық және әкімшілік бөлімдерді қызметтік және тұрмыстық үй-жайлар топтарының жанына орналастыру қажет.
5.4.4.5 Медициналық мұрағаттарды, вестибюльдерді, іш киімдерді жууға арналған үй-жайларды, халыққа арналған санитарлық өткізу орындарын, дезинфекциялық камералар бөлімдерін, қызметкерлерге арналған буфеттерді, жөндеу шеберханаларын астыңғы қабатта орналастыруға жол беріледі.
5.4.4.6 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінде буфеттер қарастыруға жол беріледі.
5.4.5 Қойма үй-жайлары
5.4.5.1 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалау кезінде
ҚР ҚН 3.02-29 және Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа да қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес шаруашылық-қойма үй-жайларын қарастыру қажет.
5.4.5.2 Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өртке қарсы бөліктер әрқашан бос болуы тиіс, оларды материалдарды, қондырғыларды, буып-түю ыдыстары мен көлік тұрағы үшін пайдалануға жол берілмейді.
5.4.5.3 Қоймада шағын ыдысты дезинфекциялық құралдарды сақтауға арналған металл стеллаждар мен дезинфекциялау құралдары салынған шыны бөтелкелерге арналған ағаш сөрелер орналастыру керек.
5.4.5.4 Биологиялық, емдік-профилактикалық және диагностикалық препараттарға арналған реттемелі температура режимі бар камералар орналасқан үй-жайларда бөліктерді ортақ тамбур арқылы бөлу керек.
5.4.5.5 Еден жабыны, қабырғалар, төбелер, қойманың ішкі конструкциясы үшін химиялық әсерлерден қорғауды қамтамасыз ететін және бетіне ылғал жинамайтын және зиянды немесе агрессивті заттардың сіңуін болдырмайтын және ылғалды тазалау мен жууға жол беретін материалдарды (керамикалық плита, майлы бояу) қолдану керек.
5.4.5.6 Үй-жай температурасы Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес жол берілетін деңгейден төмен болмауы тиіс.
5.4.5.7 Қойма үй-жайы жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттар құрамының шекті жол берілген шоғырдан аспауын қамтамасыз ететін желдеткішпен (табиғи немесе механикалық) жабдықталады.
5.4.5.8 Қоймаларды тек орталықтан (бу, су) ғана жылытуға жол беріледі.
5.4.5.9 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жүк көтергіштермен жабдықтау керек.
5.4.5.10 Көтергіштер саны Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес анықталады. Бұл ретте бактериологиялық және вирусологиялық зертханаларда бөлек көтергіштер қарастырылуы тиіс.
5.4.5.11 Таза (қосалқы) құрал-сайман қоймасын қарастыру, оны дезинфекциялық-жуу бөлімінің жанына орналастыру қажет.
5.4.5.12 Дезинфекциялық құралдарды сақтауға арналған үй-жай құрғақ болуы керек.
5.4.5.13 Дезинфекциялық құралдарды тікелей күн сәулелерінің әсерінен жасырын орындарда сақтау керек.
5.4.6 Виварий үй-жайлары
5.4.6.1 Виварий үй-жайлары бір-бірінен оқшауланған мынадай үй-жайлар тобынан тұруы тиіс:
- жануарларды ұстауға арналған;
- карантиннен;
- изолятордан;
- манипуляциялық;
- жануарларды жұқтыруға арналған;
- асханалар мен өзге үй-жайлардан.
5.4.6.2 Тәжірибеде қолданылатын қос мекенді жануарлар мен балықтар механикалық түрде жұмыс істейтін тарту-сору желдеткішімен жабдықталған астыңғы немесе жертөлелік үй-жайларда орналасуы тиіс.
5.4.6.3 Изолятор, карантин, жануарларды жұқтыруға арналған үй-жайларды, ас үйлер, сонымен қатар ұсақ жануарлар мен қалдықтарды өртеуге арналған үй-жайларды жекелеген сыртқы кіре беріс жолмен жобалау керек.
5.4.6.4 Әрбір виварийде түсетін жануарларды қабылдауға арналған үй-жай болуы тиіс.
5.4.6.5 Ұсақ кеміргіштер бар виварийлерде, қабылдау бөлімінің алдында түскен жануарларды машина тиейтін және түсіретін жылытылған тамбур орнатылады.
5.4.6.6 Зертханалық корпустар виварийлерін орналастыру кезінде қабылдау бөлімі мен жылытылған тамбур тек зертханалық жануарларды көтеру үшін қолданылатын лифт арқылы вивариймен байланыстырылады.
5.4.6.7 Карантин бөлмелеріне ауру және ауру деп күдіктенген жануарларға арналған оқшаулау бөлмесімен шектеседі.
5.4.6.8 Зертханалық жануарларды орналастыруға арналған үй-жайлар желдету жүйесіне қосылған торларға арналған шкафтармен жабдықталуы тиіс.
5.4.6.9 Бастапқы өңдеу камерасының бөлмесін өзгелерден бөлу және тарту-сору желдеткішімен және камералардағы арнайы құралдармен бөлу керек.
5.4.6.10 Қазандық бөлмесінде ұсақ жануарлардың өліктері мен қалдықтарды өртеуге арналған үй-жай қарастыру керек.
5.4.6.11 Патологиялық-анатомиялық мақсатта союға дейін жануарлардың өліктерін сақтау үшін виварий бөлімінің диагностикалық бөлмесіне арнайы тоңазытқыш қарастыру керек.
5.4.6.12 Жемдер мен жартылай фабрикаттарды осы мақсат үшін арнайы бөлінген жер – қоймада сақтау керек.
5.4.6.13 Виварийдің «таза» үй-жайларына, жеке тұрған ғимараттарға кіру гардероб арқылы орындалады.
5.4.6.14 Жануарларды, изоляторларды қабылдау, карантиндеу, тәжірибелік және жұқтырылған жануарларды орналастыру бөлмелерінің, зарарсыздандыру бөлмесінің, ас үйдің, дезинфекциялық-жуу бөлімінің, құрал-саймандар қоймасының, қызмет көрсететін қызметкерлердің тұрмыстық үй-жайларының, дәліздердің едендері су өткізбейтін материалдан, ернеуліктерсіз болуы тиіс, канализацияға жалғанған ағызу жолдарына, науаларға көлбеу болуы қажет.
5.4.6.15 Шырағдандар мен жабық типті жарықтандыру арматурасы ылғалды тазалау үшін қолжетімді болуы тиіс.
5.4.7 Санитарлық қондырғыларды орналастыру
5.4.7.1 Қызметкерлерге арналған тазалау кабиналары мен душ бөлмелерінің өлшемдерін Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес қарастыру керек.
5.4.7.2 Жедел бөлімше мен зертхана қызметкерлеріне арналған санитарлық тораптарды бөлек қарастыру керек.
5.4.7.3 Зертханалар қызметкерлердің қолдарын жууға арналған раковиналармен жабдықталады. Сонымен қатар ыдыстарды, араластырғыштар арқылы суық және ыстық су жеткізілетін құрал-саймандарды жууға арналған раковиналар немесе ванналар орнатылады.
5.4.7.4 Инфекциялық бөлімдер зертханаларына, бактериологиялық зертханаларға, сонымен қатар қызметкерлерге арналған санитарлық өткізу орындарына, шлюз-бокстарға, жартылай бокстарға және санузелдерге кіре беріс алдындағы үй-жайларды шынтақпен басқарылатын (жанасусыз, басқышты және білезіктің қатысуынсыз өзге) араластырғыштар орнатылған қолжуғыштармен, сұйық (антисептикалық) сабын және антисептик ерітінділері салынған дозаторлармен жабдықтау керек.
5.4.7.5 Раковиналар мен өзге санитарлық құралдарды, сондай-ақ қабырғалар мен аралық қалқалардың ықтимал ылғалдануына байланысты қолданылатын жабдықтарды орнату орындарын ылғалға төзімді материалдармен өңдеу керек.
5.4.8 Жарықтандыру
5.4.8.1 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін табиғи және жасанды жарықтандыруды жобалау ҚР ҚН 2.04-01 және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
5.4.8.2 Табиғи жарықтандыру адамдар тұрақты келетін үй-жайлар үшін қарастырылады.
5.4.8.3 Виварий үй-жайларын жобалаған кезде табиғи және жасанды жарықтандыруды қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес қарастыру керек.
5.4.8.4 Кез келген зертханалық жануар түрлері орналасқан үй-жайларға жобалау кезінде сыртқы терезелер қарастыруға жол берілмейді.
5.4.8.5 Зертхана үй-жайларын табиғи және жасанды жарықпен жабдықтау қажет.
5.4.8.6 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің үй-жайларына мынадай жағдайларда біріккен жарықтандыру қарастыру керек:
а) дәлдік разряды І-ІІІ түрдегі көз жұмыстары жүргізілетін үй-жайларда;
б) ғимараттың өндіріс технологиясы және оны ұйымдастыру бойынша таңдап алынған көлемдік-жоспарлық шешімдері нормаларға сәйкес үй-жайлардың жеткілікті жарықтандырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермесе;
в) бір ғана табиғи жарық арқылы жарықтандыруды қанағаттандыру қиын немесе мүмкін емес жұмыс орындарындағы жарықтандыру қарқындылығына, сапасына және тұрақтылығына қойылатын талаптардың жоғары болуы кезінде.
5.4.8.7 Рекреациялар ретінде пайдаланылатын дәліздерді табиғи жарықпен шет жағынан немесе бүйірлік жағынан жабдықтау керек.
5.4.8.8 Жарықтандыру желілері сенімділікті, ұзақ мерзімділік пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
5.4.8.9 Сымдар мен кабельдердің қималары электр қондырғыларын орнатудың қолданыстағы ережелеріне сәйкес қыздыру жағдайлары негізінде есептелуі тиіс.
5.4.8.10 Зат бөлмелерін, санитарлық желілер орналасқан үй-жайларды, қызметкерлерге арналған жеке гигиена бөлмелерін, душ бөлмелері мен гардеробтарды екінші жарықпен немесе тек табиғи жарықпен жарықтандыруға жол беріледі.
5.4.8.11 Жасанды жарық (жалпы және жергілікті), жарық көзі, шам типі
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормалар мен нормативтік құжаттарға сәйкес қабылданады.
5.4.8.12 Төбелерге орнатылатын үй-жайлардағы жалпы жарықтандыру шырағдандарын тегіс (жабық) шашыратқыштармен қолдану керек.
5.4.8.13 Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жайлылық жасау мақсатында эвакуациялық апаттық жарықтандыру шырағдандары қосалқы станция қалқанынан, ал бір кіре беріс болған жағдайда, кіріс-тарату құрылғысынан (КТҚ) бастап, жұмыспен байланыспайтын желіге қосылуы тиіс.
5.4.8.14 Жасанды жарықтандырудың нормативтік параметрлерін қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлердің жұмыс орындары жергілікті жарықтандыру шырағдандарымен жабдықталады.
5.4.8.15 Компьютер техникасы орналасқан жұмыс орындарының жарықтандырылуы дербес электронды-есептеуіш машиналарға, жұмысты ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық нормаларды белгілейтін санитарлық талаптарға және қолданыстағы басқа да санитарлық талаптарға сәйкес келуі тиіс.
5.4.8.16 Қызметкерлердің жұмыс орындары эргономиялық талаптар мен қолданыстағы басқа да нормаларды ескере отырып орналастырылуы тиіс.
5.4.8.17 Қойма үй-жайларын кезекпен жарықтандыруға және оларға айыр розеткалар орнатуға жол берілмейді.
5.4.8.18 Ғимараттарда негізгі (жұмыс) қуаты бұзылған жағдайларда, апаттық жарықтандыруды қарастыру керек.
5.4.8.19 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілері аумағының қоршауының периметрі бойынша жарықтандыру қарастырылуы тиіс.
5.4.8.20 Күзетті жарықтандыру желісі дербес болуы және
Қазақстан Республикасындағы қауіпсіздік техникасы талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.
5.5 Инженерлік желілер мен жүйелерді жобалау
5.5.1 Электр қондырғылары
5.5.1.1 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің электр техникалық құрылғыларын Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес орналастыру керек.
5.5.1.2 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалау кезінде электр қондырғысын, электр жарығын орнату мен монтаждау, жерге тұйықтау, сондай-ақ найзағайдан қорғау әрекеттерін ескере отырып, өрттің алдын алатын техникалық шараларды есепке алу қажет.
5.5.1.3 Қоймаларда орнатылған электрлік желілер мен электрлік қондырғыларды Электр қондырғыларын орнату ережесіне сәйкес жобалау керек.
5.5.1.4 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалау кезінде
ҚР ҚН 2.02-02 сәйкес орындалуы тиіс автоматты өрт сигнализациясына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттар талаптарын ескеру қажет.
5.5.1.5 Күзет, қауіп сигналдары мен қатынауды басқару жүйелері кешенінде аккумулятордан қолдау көрсетілетін үздіксіз қуат көзі болуы тиіс.
5.5.1.6 Объекті аумағын немесе оның периметрін басқаруға арналған бейнекамералар сыртқы қондырғыларға климаттық факторлардың әсер ету жағдайлары кезінде климаттық аймаққа сәйкес жұмыс істеуі немесе оның жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ететін саңылаусыз термиялық қаптарда орналасуы тиіс.
5.5.1.7 Лифтінің электр қондырғысы апаттық жағдайлардың, адамдардың қатысуымен болатын апаттық немесе жазатайым жағдайлардың туындауына жол бермеуі тиіс.
5.5.1.8 Лифтілердің барлық типтері электр байланыстарымен жабдықталады.
5.5.1.9 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалау кезінде оларға инженерлік жүйелер орнатылуын, олардың телефон және электр сағаттарымен жабдықталуын қарастыру керек.
5.5.1.10 Байланыс типтері, олардың көлемі мен мақсаты нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес анықталады.
5.5.1.11 Өрт сигналы жабдығын сәулелендіру деңгейінің төмендігін, дегенмен күшті сыртқы кедергілерге төзімділігін ескере отырып таңдау және орналастыру керек.
5.5.1.12 Адамның ток жүргізу бөліктеріне тікелей жанасу мүмкіндігін болдырмау, сонымен қатар электр жабдығына электрлік зақымдануларға, апаттарға, өрттер мен жарылыстарға әкеп соқтыруы мүмкін сыртқы ортаның бүліну әсерлері мен өзге факторлардың ықтимал әсер етуінен қорғанысты қамтамасыз ету қажет.
5.5.1.13 Электрлік қорғаныс аппараттары жүктеменің есептік тогының ұзақ мерзімді ағынына және шекті токтың қысқа мерзімді әрекетіне сай есептелуі тиіс.
5.5.2 Сумен қамту және канализация
5.5.2.1 Шаруашылық-ауыз су, өртке қарсы, ыстық және суық сумен қамту, канализация жүйелерін жобалау кезінде ҚР ҚН 4.01-01, ҚР ҚН 4.01-03 және
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын басқа да нормативтік құжаттар ережелерін ескеру керек.
5.5.2.2 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалау кезінде канализация жүйелерін біріктіру тиімділігін қарастыру, техникалық, экономикалық және санитарлық талаптарды ескеру қажет.
5.5.2.3 Канализация жүйесін беттік ағын суларға қойылатын талаптарды, климаттық жағдайларды, елді мекеннің жер бедері мен өзге факторларды ескере отырып таңдау керек.
5.5.2.4 Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адамдардың денсаулығын қорғау мақсатында нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес шаруашылық-ауыз су мақсатындағы су сапасының жоғары сапасын қамтамасыз ету қажет.
5.5.2.5 Аспаптарға жеткізуден басқа, ыстық сумен жабдықтау жүйесінің құбырын жылу шығынын сақтау үшін оқшаулауға жол беріледі.
5.5.2.6 Арналарға, шахталарға, санитарлық-техникалық кабиналарға, тоннельдерге, сондай-ақ ылғалдығы жоғары үй-жайларға жүргізілетін ыстық сумен жабдықтау жүйесінің құбырларын (тұйыққа тірелген өрт тіреушелерінен бөлек) ылғалдың суға айналуын болдырмау үшін оқшаулау керек.
5.5.2.7 Шаруашылық-ауыз су құбыры жүйесіне орнатылатын қысым реттеуіштері статистикалық жұмыс режимінде де, динамикалық жұмыс режимінде де есептік қысымды қамтамасыз етуі тиіс.
5.5.2.8 Ғимараттар мен құрылыстарда судың ауыстырымдылығын қамтамасыз ету үшін өрт тіреушелерін тиекті арматура орнату арқылы бір немесе бірнеше су ірку тіреулермен шеңберлеуді қарастыру керек.
5.5.2.9 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілері үшін ішкі өртке қарсы су құбырын ғимараттың өртке төзімділік дәрежесіне және өрт қауіпсіздігі санатына, сонымен қатар ғимараттың функционалдық мақсатына байланысты орнату керек.
5.5.2.10 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің кіре берісіне гидростатикалық қысымды кепілдендірілген қысымнан жоғарылату қажеттілігі немесе оның мерзімді жетіспеушілігі, сонымен қатар мәжбүрлі айналымын қолдау қажеттілігі жағдайында орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесіне сорғы қондырғысының орнатылуын қарастыру қажет.
5.5.2.11 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінде сорғы қондырғыларын (өрт сөндіру құрылғыларынан бөлек) адамдар ұзақ орналасатын үй-жайларға тікелей орналастыруға жол берілмейді.
5.5.2.12 Сорғы қондырғыларын және олардың жұмыс істеу режимін техникалық-экономикалық салыстыру негізінде анықтау керек.
5.5.2.13 Әрбір кіреберіске жеке сорғы қондырғыларын орнату кезінде кіреберістерді біріктіру талап етілмейді.
5.5.2.14 Зертханада орталықтандырылған суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, жылыту жүйелері болуы тиіс.
5.5.2.15 Елді мекенде орталықтандырылған су құбыры мен канализацияның болмауы жағдайында дербес жүйелер орнатылуы тиіс.
5.5.2.16 Зиянды газдар бөліну арқылы химиялық реакциялардың жүруі жағдайында суағарларды біріктіруге жол берілмейді.
5.5.2.17 Газдар (булар, ұшқыш құрауыш бөліктер мен өзге заттар) бөлетін өндірістік ағын суларды бұру және жіберу жағдайында олардың үй-жайларға енуіне қарсы шаралар қарастыру керек.
5.5.2.18 Жергілікті қондырғылардағы суды тазалағаннан кейін ағын судың сапасы оларды сыртқы канализация желісіне қабылдау техникалық шартына және санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келуі тиіс.
5.5.2.19 Жергілікті тазалау құрылыстары мен құрылғыларының жабдығы мен сызбасын ағын сулардың құрамындағы ластаушы заттардың шоғырына, айналмалы сумен жабдықтау жүйесіндегі су сапасына қойылатын талаптарға байланысты жобалау керек.
5.5.2.20 Эфирдің және өзге жеңіл тұтанатын заттардың ерітінділерін су құбырының раковиналарына немесе ағызу құйғыштарына құюға жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |