Қаржылық-құқықтық нормалары
Қаржы-құқықтық нормалар – құқықтың негізгі бастапқы элементтері, яғни мемлекет белгіленген және қаржылық қатынастардағы мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілген қылықтың қатаң белгілі бір ережелер жиынтығы.
Қаржылық құқықтық нормалардың сипаттық ерекшеліктері келесі белгілерден көрінеді:
Мемлекеттік-биліктік ерік білдіреді;
Ақша қорларын қолдануды жоспарлау
Мемлекеттік ақша қорынан алынған қаражаттарды қолдану тәртібін бекіту
Мемлекеттік кәсіпорындар пайдасын тарату тәртіптері мен нормативтерін бекіту
Мемлекеттік құзыреттік органдармен қабылданған
Қаржылық нормативтер мен ақша қаражатын бөлу лимитін бекіту
Ақша қорларын қолдануды бақылауды жүзеге асыру
Жалпы міндеттік жүріс-тұрыс тәртібінен тұрады, көптеген қолданысқа есептелген және көптеген субъектілер санына жасалған
Қаржылық-құқықтық нормалар нақты заңи нысандағы актлермен бекітіледі
Қаржылық-құқықтық нормалардың орындалуы мемлекеттің мәжбүрлі күшімен қамтамасыз етіледі
Басқа құқық нормалары секілді қаржылық-құқықтық нормаларының өз құрылымында үш негізгі элементтен тұрады:
Гипотеза - осы қаржылық - құқықтық нормалар бағытталған тараптарды және оның реттелу жағдайын анықтайды, яғни бұнда қандайда бір сәйкес құқықтық қатнастар пайда болуы мүмкін шарттарды анықтайды және осы құқықтық қатнастардың субъектілерін көрсетеді.
Диспозиция - жүріп тұру тәртібінің мазмұнын бекітеді, яғни бұқаралық қаржылар аясында нақты әрекеттерді жасауға нұсқау береді, қаржылық қатнастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін сипаттайды. Диспозициялық қаржылық - құқықтық нормалар жиі сәйкесінше шарттарда сәйкес субъектілердің орындауға тиіс қаржылық міндеттемелерін көрсетеді.
Санкция - қаржылық - құқықтық нормалардың бұзылу салдарын қарастырады, осы нормаларды бұзушылардың қаржылық құқықтық шараларын және түрлерін анықтайды, яғни кінәлі тпраптарға қолданылатын диспозициялық қаржылық-құқықтық нормалардың бұзылуы жағдайында арнайы заңи жауапкершілік шараларын қарастырады.
Қаржылық-құқықтық нормаларының санкциясын басқа құқық салаларының санкцияларымен салыстырғанда оның көптеген ерекшеліктерін көруге болады:
Біріншіден, олар көбінесе ақшалай сипатта болады
Екіншіден, бұл санкциялар әрқашан мемлекет алдында жауапкершілікті көрсетеді. Сондықтан қаржылық төлету кезінде ақша төлеткен органның пайдасына емес, мемлекеттің кірісіне түседі. Мысалы, егер салық органы салық төлеушіден салығының уақытында төленбегені үшін алған айыппұлы салық органының кірісіне емес, бюджеттің кірісіне есептеледі;
Үшіншіден, Көптеген қаржылық-құқықтық нормаларға (әсіреме салықтық) санкциялар бір жақты бағыттылықпен сипатталады,яғни олар қаржылық құқықтық қатнаста субъектінің мемлекетке (немесе оның мүдесін қорғаушы органға) қарсы тұруына есептелген.
Төртіншіден, көптеген қаржылық құқықтық органдар өздерінің құқықтық қатнастарында мемлекеттің атынан әрекет ететін субъектілеріне өз еріктері бойынша санкцияны қолдану құқығын береді, яғни біржақты бағытта сәйкес алымдарды алу үшін жауапкершілік жүктеу.
Бесіншіден, қаржылық-құқықтық санкциялар өз бойларына ескерту, қалпына келтіру және жазалау шараларын үйлестіреді. Мысалы: банктік шоттар бойынша операцияларды тоқтата тұруды ескерту шарасы ретінде қарастыруға болады, қалпына келтіру шарасы ретінде уақытылы салығын төлемегені үшін пеня төлеттіруді (пеня арқылы мемлекет өз уақытында төленген салықтан түсуі мүмкін болатын кірісті өтеп алады деп есептелінеді) жатқызуға болады, айыппұл салуда – жазалау шарасы көрініс табады.
Қаржылық-құқықтық нормалар ерекшеліктері
Мазмұны бойынша – олар қаржылық қатнастар қатысушыларының жүріс тұрысын реттейді, яғни мемлекеттік ақша қорларын құру, бөлу және қолдануды ұйымдастырумен байланысты қатнастар
Нұсқаулық сипаттамасы бойынша –негізінен императивті сипатта болады
Жауапкершілік өлшемі бойынша – мемлекет қаржылық-құқықтық нормалар нұсқауларын бұлтартпай орындауда мүдделі, өйткені сөз оның материалдық мүддесі туралы болып отыр.
Мемлекеттің құқығын қорғау әдісі бойынша – қаржы субъектілерінің біреуіне, яғни мемлекат ынан әрекет етуші органнның өз мұдделерін соттық емес тәртіпте бір жақты қорғау нормалары.
Рәсімделу әдісі бойынша - қаржылық-құқықтық нормаларына жағдайдың мұқият суреттелуі жақын, диспозицияның құруда толықтылық және қаржылық шаруашылық операциялардың көптеген варианттарын қамту
Қаржылық -құқықтық нормалардың түрлері
Қаржылық -құқықтық нормалар реттеуші және сақтаушы болып бөлінеді
Қаржы құқығының реттеуші нормаларына қаржылық құқықтық қатнастарға қатысушыларға міндеттер немесе құқықтар жүктейтін нормалар жатады. Қаржы құқығының реттеуші нормалар өз кезегінде міндеттеуші, тиым салушы, құқық беруші болып бөлінеді.
Міндеттеуші қаржылық - құқықтық нормалар қаржылық - құқықтық қатнастарға қатысушыларға нақты әрекеттер жасауға бұйрық береді. Мысалы, бюджеттік қаражатты бөлінген мақсатына ғана қолдану керек.
Тиым салушы қаржылық - құқықтық нормалар нақты бір әрекеттерден тартынуға бұрық береді. Мысалы,жергілікті бюджеттерден алынған түсімдері жоғарғы тұрған бюджетке қолдануға болмайды.
Құқық беруші қаржылық - құқықтық нормалар нақты бір әрекеттерді жасауға рұқсат береді. Мысалы, құзыретті қаржы органы салық төлеушіге салық төлеудің мерзімін ұзартуға құқылы.
Қаржы құқығының сақтаушы нормалары (Оларға қаржылық құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік бекітетін нормалар жатады) субъектілердің қаржылық қатнастарды тиісті орындауды қамтамасыз ету құралы ретінде қарастырылады. Бастысы бір мезгілде олар мемлекет алдында барлық тұлғалардың өз қаржылық міндеттемелерін толық және өз уақытында орындалуы болып табылатын, мемлекеттің қаржылық мүддесін қорғау болып табылады.
Құқықтық реттелу әдісіне байланысты қаржылық-құқықтық нормалар императивті және диспозитивті болып бөлінеді.
Императивті қаржылық-құқықтық нормалары қаржылық қатнастар субъектілеріне нақты және дәл құқықтар мен міндеттер айқындайды және олардан нұсқау нормаларына жазылғандарды бұлжытпай орындауды талап етеді. Императивтік нұсқау нормалары сипатына байланысты олар міндеттеуші болуымен қатар, тиым салушы да болады
Диспозитивті қаржылық-құқықтық нормалар жүріп - тұру тәртібінде таңдау мүмкіндігі рұқсат етіледі. Диспозитивтік нұсқау нормалары сипатына бойынша құқықберуші болып табылады.
Қаржылық - құқықтық нормалар өз сипатына байланысты материалды және ұйымдастырушылық нормаларға бөлінеді.
Материалды қаржылық-құқықтық нормалар ақша қозғалысын материалдық объект ретінде ортақтайтын қаржылық қатнастарды реттейді. Мысал ретінде мемлекет алдында салық төлеушіге міндеттемелер бекітетінін айтуға болады. Материалды қаржылық-құқықтық нормалар өз сипаты бойынша міндеттеуші болады.
Ұйымдастырушылық қаржылық - құқықтық нормалар қаржылық қызмет процедуралары мен нысандарын бекітеді, қаржылық құрылымды айқындайды. Оларға мысалы мемлекеттің қаржылық құрылымы және бюджетті құру, бөлу және қолдануды ұйымдастырумен байланысты тәртіптерді бекітетін ақша жүйесін анықтайтын нормаларды жатқызуға болады. Ұйымдастырушылық қаржылық - құқықтық нормалардың ішінде құзіретті нормалар үлкен орын алады, яғни мемлекеттің қаржы органдарының (мыс: ҚМ, Салық органдары) құқықтары мен міндеттерін бекітетін нормалар.
Қаржылық құқықтық қатынастар
Қаржылық құқықтық қатынастар – бұл мемлекеттің қаржылық қызметтерін жүзеге асыру процессінде пайда болатын және қаржы құқығының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатнастар.
Қаржылық құқықтық қатынастардың нысандары:
1. Қаржылық құқықтық қатнастар мемлекеттің қаржылық қызметтерін жүзеге асыру процессінде пайда болады.
2. Қаржылық құқықтық қатнастардың міндетті субъектісі болып мемлекет табылады.
3. Қаржылық құқықтық қатнастар «билік және бағыну» сипаттамасында болады.
Қаржылық - құқықтық қатнастардың жиынтығы:
1) материалдық,
2) ұйымдастырушылық қатнастар
Мақсаттық қорларды құру және тарату бойынша:
қаржылық-шаруашылық,
қаржылық -банктік,
қаржылық -сақтандырушылық
Қандай да бір институтқа тиесілі болуына байланысты:
Құқықтық нормалардың қаржылық қатнастарын реттеу сипатына байланысты:
Қаржылық қатнастардың пайда болу негізі:
1. Құзіретті қаржы органының жеке қаржы актісін шығару.
2.Салық салу объектісі тұлғасының Заңнамаға сәйкес салық төлеу немесе басқа да міндетті төлемдер төлеу құзіретіне ие болу.
3. Қаржы шартын жасасу.
Қаржылық қатнастардың өзгеру негізі:
-салық төлеушінің құқықтық мәртебесінің өзгеруі
- салық төлемі объектісінің өзгеруі
-бекітілген тәртіпте қаржы шартының өзгеруі
-салық міндеттемесінің негізінде жататын қаржылық жоспарлық
Қаржылық қатнастардың тоқтатылу негізі:
-қаржылық міндеттеменің орындалуы,
-қаржы шартының бұзылуы,
-мемлекеттің қаржылық міндеттемесін бір жақты бас тартуы.
Тестілік тапсырмалары:
1. Қаржы құқығы – бұл
A) мемлекеттің ақшы жүйесін қалыптастыру және оның нақты қызмет етуін қамтамасыз ету процесінде туындвйтын, сондай-ақ мемлекеттік ақшалай қорды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы
B) қаржы аумағында туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы
C) республикалық бюджетті қалыптастыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы
D) мемлекеттік кәсіпорынның ақша қорын қалыптастыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалар жиынтығы
E) заңды тұлғалардың ақша қорын қалыптастыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалар жиынтығы
2. Қаржы құқығында қолданылатын құқықтық реттеу әдістері-бұл
А) қаржы құқықтық қатынастар қатысушыларының тәртібіне мемлекеттің, олардың құқықтары мен міндеттерін анықтау нәтижесінде әсер ету тәсілі
В) қаржы құқықтық қатынастар қатысушылары бағынуы тиіс құқықтық нормалар жиынтығы
С) мемлекеттің сөзсіз бағынуын талап ету әдісі
D) нәтижесінде қаржы құқықтық қатынастардың келісім нысаны туындайтын әдістер
Е) мемлекеттің заңды тұлғалардың тәртібіне олардың ақша қорын қалыптастыруы кезінде ықпал ету тәсілі
3. Төменде көрсетілген қаржы-құқықтық институттардың қайсысы қаржы құқығының ерекше бөліміне жатпайды
А) қаржы-бюджеттік құқық
В) қаржы-банктік құқық
С) ақша жүйесінің құқықтық негіздері
D) қаржы-сақтандыру құқығы
Е) қаржы-шаруашылық құқығы
4. Қаржылық-құқықтық норма-бұл
А) жеке ақша қорын қалыптастыру процесін реттейтін қаржы-құқықтық норма
В) республикалық бюджетті қалыптастыру процесін реттейтін қаржы-құқықтық норма
С) заңды тұлғаның ақша қорын қалыптастыру процесін реттейтін қаржы-құқықтық норма
D) қаржы аумағындағы қатынастарды реттейтін қаржы-құқықтық норма
Е) мемлекеттің қаржы қызметінің процесінде туындайтын қатынастардың қатысушыларының тәртіп ережелерін бекітетін құқықтық нормалар
5. Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы материалдық қаржы қатынастарын сипаттамайды
А) бұл ақша қатынастары,өйткені мемлекеттік ақша қорын қалыптастыру процесін,не болмаса шығын келтіру процесін білдіреді
В) олар тауар түріндегі құндылықтың қарсы бағытымен байланыспаған ақшалай нысандағы құнның біржақты қозғалысын білдіреді
С) осы қатынастар объектісі болып мемлекеттік қаржылық құрылымның қызмет етуінің өзі шығады
D) олар экономикалық қатынастардың бір түрі болып табылады
Е) олар бөлу сипатына ие
6. Ақша қаражаттарының қозғалысының тәсілі бойынша қаржылық қатынастардың дұрыс жіктелуін көрсетіңіз
А) материалдық,ұйымдық
В) салықтық,несиелік
С) бюджеттік
D) біржақты,екіжақты
Е) тауар-ақшалай
7. Қаржылық қатынастардың қандай екі тобы мемлекеттің қаржы қызметін жүзеге асыру процесінде туындайды,бұған қоса қаржы құқығының пәні болып келеді
А) материалдық,ұйымдық
В) біржақты,екіжақты
С) бюджеттік,бюджеттен тыс
D) материалдық,материалдық емес
Е) экономикалық,әлеуметтік
8. Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы қаржы-құқықтық нормаларды сипаттамайтынын көрсетіңіз
А) мемлекеттік ақша қорын қалыптастыру,бөлу және пайдалануды ұйымдастыру мен байланысты қатынастарды реттемейді
В) мемлекеттік-биліктік ықпалды білдіреді
С) бірнеше рет қолдануға арналған
D) уәкілетті мемлекеттік органмен қабылданған
Е) белгілі заңи нысандағы актімен қабылданады
9. Төменде көрсетілген қаржы-құқықтық норманың қайсысы қаржы қатынастарды реттеу кезінде басымдылыққа ие
А) материалдық
В) диспозитивтік
С) императивтік
D) реттеуші
Е) қорғаушы
10. Төменде көрсетілген қаржы-құқықтық қатынастар субъектілерінің қайсысы міндетті болып келеді,көрсетіңіз
А) заңды тұлға
В) мемлекет
С) жеке тұлға
D) президент
Е) ұлттық банк
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Худяков А.И. Основы теории финансового права. Алматы. Жеті жарғы. 1995ж
Худяков А.И. Финансовое право РК. Алматы. Норма-К. 2002
Найманбаева С.С. Финансовое право. Астана. Данекер. 2005ж
Мельников В.Д. Основы финансов: учебник лдя вузов. Алматы. 2005ж
Тақырып 3 Ақша жүйесінің құқықтық негіздері
Сабақтың мақсаты: Ақша жүйесі туралы білімдерді қалыптастыру, оның құқықтық білімдер жүйесіндегі орнын анықтау
Жоспар:
Ақша жүйесінің түсiнiгi және элементтері
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
3 Валюталық реттеудің құқықтық негіздері
4 Экономикасы дамыған елдердің ақша жүйесі
1 Ақша жүйесінің түсiнiгi және элементтері
Ақша – сатып алу – сатуда құн өлшемі болып табылатын және тауарларды айырбастау кезінде жалпыға ортақ балама ролін атқаратын металл немесе қағаз белгілер, ерекше тауар.
Ақша жүйесі – қандай да бір елде ақша айналымын ұйымдастырудың тарихи қалыптасып, заңмен бекітілген формасы. Әлемдік өркениеттегі ақша жүйелерінің жекелеген элементтері ежелден белгілі әрі олар құнның ақшалай формасы – ақшаның пайда болуымен байланысты. Ұлттық ақша жүйесі XV – XVII ғасырлардан қалыптаса бастады.
Ақша жүйесі өз эволоциясында ақша – тауар қатынасының даму деңгейіне тікелей тәуелді болғандықтан көптеген өзгерістерге ұшырады. Әрбір мемлекеттің өз ақша жүйесі бар. Ол мынадай элементтерді қамтиды:
ақша жүйесін ұйымдастырудың принципі;
ақша бірліктерінің атауы; ақша белгілерінің түрлері, оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
ақша айналымын ақша – несие тұрғысынан реттеудің тетігі;
ұлттық валюта бағамы, оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі.
Ақша жүйесін ұйымдастырудың принциптері мыналар:
ақша жүйесінің орталықтандырылған басқару принципі. Ол көбінесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің уәждемесіне (мотиваця) негізделген экономикалық әдістерге жүгінеді;
тиісті болжауларды жасау негізінде ақша айналымын жоспарлау принципі;
ақша айналымының тұрақтылығы және икемділік принциптері, ақша айналымы экономиканы ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету керек, алайда инфляцияның дамуына жол бермеуі қажет;
ақша эмиссиясының несиелік сипатының принципі. Бұл ақша эмиссиясының несие операциялары негізінде жүзеге асырылатын білдіреді;
Орталық банк тәуелсіздігінің принципі.
Экономикалық категория ретінде ақша айырбас қатынасының даму өнімі болды, мемлекеттің және мемлекеттік қаржылардың пайда болғанға дейін көп бұрын әрекет етті
Басынан ақша тауардың бір түрі ретінде қолданылды, алайда басқа тауарлардың эквиваленті болу қабілетіне байланысты ақша тауар нысанында болды
Ақша бір уақытта төлем құралы қызметін және айналым құралы қызметін атқарады, онда ол сату және сатып алу тауар айырбас процессінде делдал ретінде қатысады.
Өзінің тарихи дамуында ақша алтын, күміс және басқа да темір монеталардан жасалатын тауар қасиетінен бас тартып ақша белгісінің нысанына – банкноттар, купюраларға және т.б. айналды
Мемлекеттік қаржылармен орталықтандырылған айналым қызметін атқармайды.
Біртіндеп ақша өзгерістерге ұшырап, тауар қасиетін жоғалтып құн өлшеміне айналды.
Мемлекеттік қаржылармен айқындалатын ақшаларды келесі
қызметтер сипаттайды:
Қаржылық міндеттеме бойынша есеп беру қызметі
Жинақтау қызметі (ақшаны қорға жинақтау кезінде).
Тарихи қалыптасқан екі ақша жүйесінің түрлері бар. Олар:
Биметаллизм -бұл ақша жүйесінде жалпы құндық эквивалент ролін заңды түрде екі металл атқарады. Жалпыға бірдей құнының рөлі айналымда болатын екі металл – алтын мен күміске заңмен бекітілген ақша жүйесі.
қосарлы валюталар жүйесі. Мұнда алтын мен күміс монеталардың арасындағы арақатынас металдың нарықтық құнына сәйкес нарықта берекесіздік (стихиялы) түрде белгіленеді;
егер мұндай арақатынасты мемлекет анықтайтын болса, онда ол – екі жақты валюта жүйесі; «ақсақ» валюта жүйесі. Онда алтын мен күміс бірдей негізде
заңды төлем құралдары болып табылады.Нәтижесінде күміс монеталар
алтын белгілеріне айналады.
Биметаллизм XVI – XVII ғасырда кеңінен тараған, ал Батыс Еуропа елдеріне XIX ғасырда пайда болады.
Алайда, биметаллизм дамыған тауар өндірісінің экономикалық қатынасқа қоятын талаптарына сәйкес келмейді, өйткені екі металдың бір мезгілде құн өлшемдері ретінде пайдаланылуы осы ақша қызметінің табиғатына қайшы келді. Құнның жалпыға бірдей өлшеміне тек бір тауар ғана қызмет ете алады. Оның үстіне, мемлекет белгіленген алтын мен күміс арасындағы нақты құндық арақатынас олардың нарықтық құнына сәйкеспейді. XIX ғасырдың соңында күміс өндірісінің артуы мен олардың құнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар айналымынан қазынаға кете бастады.
Түпкі есебінде Құн заңының стихиялы әрекет екі жақты құн өлшемін жойып, монометаллизм (алтын) биметаллизмді ығыстырады.
Монометаллизм -жалпы эквивалент ролін бір ғана металл (алтын немесе күміс) атқаратын ақша жүйесі. Онда бір металл (алтын немесе күміс) жалпыға бірдей балама ретінде әрі бағасы қымбат металдарға айырбасталған монеталар мен белгілерді функциялайтын ақша айналымының негізі ретінде қызмет етеді. Алтын монометаллизмді алғаш рет Ұлыбританияда 1816 жылы, Германияда – 1871-1873 жж., Жапонияда – 1897 ж., АҚШ-та – 1990ж. белгілейді, Ал, Ресейде күміс монометаллизм жүйесі 1839-1843 жж. ақша реформасының нәтижесінде енгізілді және бұл жүйе 1852 жылға дейін қолданыста болады.
Алтынның құн белгілеріне айырбасталуы сипатына қарай алтын монометаллизмнің 3 түрі бөліп көрсетіледі: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын – девиз (алтын - валюталық) стандарты.
Алтын монеталы стандарт еркін бәсекелестік кезеңінің талаптарына көп сәйкесіп, өндірістің, несие жүйесінің, әлемдік сауда – саттықтың дамуына және капиталдың шетке шығарылуына ықпал етті. Оның негізгі белгілеріне мыналар жатады: толық бағалы алтын монета ел ішінде барлық ақша қызметін орындап, айналымда болады.
жеке тұлғалар үшін тіркелген алтын құрамды алтын монеталардың еркін шақалуы ұйғарылады;
толыққұнды емес алтын ақшаларға олардың көрсетілуі құны бойынша еркін әрі шектеусіз айырбасталады;
алтын мен шетелдік валюталарды еркін әкетілімі мен әкелімі және еркін алтын нарығының жұмыс істеуі ұйғарылады.
Алтын монетаны стандарттың жұмыс істеуі үшін орталық банкте монета айналымының резерві ретінде қызмет ететін, банкноттың алтынға айырбасталуын қамтамасыз ететін, әлемдік ақшаның резерві болып табылатын алтын қорының болуын қажет етеді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс ақша жүйесінің дамуына өз түзетуін енгізді. Бұл кезеңде бюджет тапшылығы барлық елдерде байқалады. Олар бюджет тапшылығы несие ақшасын айналымға шығарумен және қарыз есебінен жапты. Бұл алтынның несие ақшаға айырбасталуына жол берген күмәнді айналымдағы ақша массасының шамасы мен орталық банктердегі алтын қорларының арасындағы сәйкессіздікке әкеп соқтырды. Соғыс аяқталғаннан кейін барлық елдер алтын монетаны стандарттан бас тартты (АҚШ-та ол 1993-ші жылға дейін болды) және монометаллизмнің қиынды үлгісі енгізілді: алтын құйма стандарты (Ұлыбританияда, Францияда) және алтын дивиз стандарты (Германияда, Швецияда, Авсрияда және т.б.).
Алтын құйма стандартына мынадай белгілері тән:
айналымда алтын монеталар мен олардың еркін шақалуы болмайды;
толыққұнды емес ақша банкноты тек алтын құймаларына айырбасталады.
Алтын дивиздік стандартта алтын монеталар айналымда болмайды, банкноттар мен толыққұнды ақшалар алтынға тең шетелдік валюталарға айырбасталады, олардың айырбасталуы шетелдік валюта арқылы жүзеге асырылады.
Әлемдік дағдарыстың нәтижесінде 1929-1933 жылдары алтын монометаллизмнің барлық жүйесі жойылып, ұсақталмайтын банкноттық айналым дәуірі басталды. Барлық елде (АҚШ 1917 жылға дейін) банкноттың алтынға айырбасталуы тоқтатылды. Баламаның жалпыға бірдей рөлі – несиелік қағаз ақша белгілері – бірден – бір төлем құралына айналды.
1944 жылы құрылған Әлемдік Бреттон валюта жүйесі мәні бойынша еркін айырбасталымды валюталы елдер үшін алтын долларлық стандарт болып табылатын мемлекетаралық алтын дивиздік стандарт жүйесін білдіреді. Алтын долларлық стандарттың ерекшелігі мынада: ол орталық банктерге ғана белгіленеді, мұнда тек бір ғана валюта – АҚШ доллары – алтынмен байланысын сақтайды. Алтын қорының кемуіне байланысты АҚШ үкіметі 1971 жылдан бастап алтын құймаларын долларға сатуды ресми түрде тоқтатты, осылайша алтын долларлық стандарт жойылды.
1976 жылдан бастап Бреттондық ақша жүйесінің орнын Ямайкалық ақша жүйесі басты. Осы жүйе орнағанда алтын айналыстан толық шықты. Ол өз қызметін түбегейлі жоғалтты. Алайда, алтын мемлекеттің қаржылық резерв түрлерінің бірімен еркін айырбасталымды валюталардың қатарында қалды.
Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) халықаралық өтімділік мәселелерін оңайлату мақсатында халықаралық есептік ақша бірліктерін құру үшін ХВҚ-ға мүше елдердің төлем баланстарының қалдығын реттеуге, ресми резервтерді және есеп айырысуларды толықтыруға, сондай – ақ ұлттық валюталарды өлшемдеуге арналған жаңа резерв әрі төлем құралы – арнаулы алыс – беріс құқығы (ААБҚ) енгізілді.
Еуропалық валюта жүйесіне (ЕВЖ) қатысушы елдер үшін 1979 жылдың наурыз айынан бастап аймақтық халықаралық есеп бірлігі – ЭКЮ (European Currency Unit - ECU) енгізілді.
ЭКЮ-дің құны СДР секілді мүше – елдердің орташа бейнеленген валюта бағамдарымен анықталды.
Бүгінгі таңда ЭКЮ-дің орнын басқа валюта – ЕВРО – құрамына Батыс және Шығыс Еуропаның 24 елі кіретін Еуропалық Одақ елдеріне ортақ валюта басты.
Ақша жүйесі – қандай да бір елде ақша айналымын ұйымдастырудың тарихи қалыптасып, заңмен бекітілген формасы.
Ақша жүйесінің элементтері
1. ақша бірлігі;
2. ақша белгісінің түрлері;
3 Ақша эмиссияның тәртібі;.
4. валюталық айналымы режимі;
5. ақша айналымы режимі;
6. Ресми валюталық курс;
7. баға масштабы
Достарыңызбен бөлісу: |