Диссертациялық зерттеудің өзектілігі. Орталық Азиядағы қоғамдық ӛмірдің барлық салаларының сапалы түрде ӛзгерілуі



жүктеу 263,65 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.11.2018
өлшемі263,65 Kb.
#19463
түріДиссертация


 

6D050100 – әлеуметтану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) 



ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясына 

АННОТАЦИЯ 

 

Николаева Ольга Владимировна 

 

Жастар арасындағы құндылықтар мен өмiрлiк стильдер 

 

 

Диссертациялық зерттеудің өзектілігі.  

Орталық Азиядағы қоғамдық ӛмірдің барлық салаларының сапалы түрде ӛзгерілуі 

(нарықтық  экономикаға  ауысу,  жаһандану  үдерістерінің  ықпалы,  сәйкестендіру 

үлгілерінің ауысуы), қоғамда бұрын қалыптасқан әлеуметтік қатынастарының ӛзгерілуі 

жастардың  әлеуметтенуі мен жас буынның ӛміріне барынша ықпал етті.  

Жастар  халықтың  ерекше  әлеуметтік-демографиялық  тобы  ретінде  болып  жатқан 

ӛзгерістерге айрықша кӛңіл аударуда, дамып жатқан технологиялар мен ӛзгеріп жатқан 

білім  стратегияларын  қабылдауда  және  оларға  бейімделуде.  Сондықтан  құндылықты 

бағыттар  мен  жастардың  мінез-құлық  нұсқауларын  зерттеу  қазіргі  таңдағы  үстемді 

құндылықтарды анықтауға ғана емес сонымен қатар ықтимал ӛзгерістерді болжау үшін 

маңызды.    

Орталық-Азия жастарының ӛмір сүру салты мен құндылықтарын зерттеу ӛзектілігі 

әлеуметтік-мәдени  реформалар  салдарынының  теориялық  ұғыну  қажеттілігімен 

айқындалады.  Бұл  бір  мағыналы  еместік  ӛзгеру  арқылы  әр  қоғамдық  жүйеде  орын 

алатын  қайшылықтар  тереңдетілуінде  және  жаңа  қайшылықтар  пайда  болуында 

байқалады,  мысалы,  жеке  тұлғалар,  олар  құратын  әлеуметтік  ұйымдар  мен  бір-бірі 

арасындағы  қарымқатынастар.  Ең  алдымен,  аталған  қайшылықтар  жастардың 

әлеуметтік қауымдастық ретінде қоғамның басқа да бӛлшектерімен ӛзара әрекет етуінде 

пайда болуда. Бұл жағдайдың түрлі себептері болады, соның ішінде, жастардың мәдени 

құндылықтарға деген ерекше қӛңіл бӛлуі.  

Диссертациялық  жұмыстың  мақсаты –  қазіргі  заманғы жастардың негізгі  мәдени 

құндылықтарын  және  Орталық  Азия  аймағы  мемлекеттері  –  Қазақстан,  Қырғызстан, 

Ӛзбекстан,  Тәжікстан  –  жастары  құндылықтары  мен  ӛмір  сүру  салттарының  ӛзара 

ықпалдастығы сипатын зерттеу.  



Зерттеу  объектісі.    18-29  жас  аралығындағы  Қазақстан,  Қырғызстан,  Ӛзбекстан, 

Тәжікстан азаматтары.  



Зерттеу пәні: Орталық Азия жастарының құндылықтары мен ӛмір сүру салттарына 

«мемлекеттілік» / «governmentality» механизмінің ықпалы.  



Ғылыми  жаңалығы.  Жұмыста  отандық  әлеуметтануда  бұрын  қолданылмаған 

Мишель  Фуконың  «мемлекеттілік»  /  «governmentality»,  Пьер  Бурдьенің  «танымау»  / 

«misrecognition»,  Уолтер  Штефан  мен  Стюарт  Оскамптың  «символдық  қауіп» 

концептілері  арқылы  жастар  құндылықтары  мен  ӛмір  сүру  салттарының  қалыптасу 

мәселелеріне  талдау  жасалған.  Зерттеу  аясында  Қазақстан,  Қырғызстан,  Ӛзбекстан, 

Тәжікстан  жастарының  ғадет  ұстанымдарына  мәдениетті  ӛлшеудің  дихотомиялық 

критерийлері бойынша компаративті талдау жасауға талпыныс жасалды. 



 

Міндеттері:  

-  «Мемлекеттілік»  /  «governmentality»,  құндылықтар,  генерализация,  ӛмір  сүру 

салттары,  жастар  субмәдениеттері,  гендер,  перформативтілік,  «misrecognition», 

интерпелляция ұғымдарын әлеуметтанулық интерпретациялау.  

-  Екі  фактордың:  біріншісі,  «мемлекеттілік»  /  «governmentality»,  екіншісі,  батыс 

мәдениеті – ықпалы қиылысында Орталық Азия жастары құндылықтары мен ӛмір сүру 

салттарының қалыптасуын қарастыру.  

-  Аут-топтарға  қатысты  әлеуметтік  қашықтық  пен  әлеуметтік  қалыптылық  ӛлшеу 

арқылы Орталық Азия жастары ұстанымдарында символдық қауіп феноменін анықтау. 

- «Еркіндікке қатынасы», «еңбекке қатынасы», «гендерлік ұстанымдар», «отбасыға 

қатынасы»  индикаторлары  негізінде  Қазақстан,  Қырғызстан,  Ӛзбекстан,  Тәжікстан 

жастарының құндылықтарына «мемлекеттілік» / «governmentality» ықпалын талдау. 

 -  Герт  Хофстеденің  мәдениетті  ӛлшеу  дихотомиялық  критерийлері  бойынша 

(белгісіздіктен  қашу,  топтарға  бірігу,  болашаққа  бағдарлану,  билік  қашықтығы, 

қалауларын жүзеге асырудағы ұстамдылығы, феминизация) Орталық Азия жастарының 

құндылықтарын қарастыру 

Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:  

1. «Мемлекеттілік» / «governmentality» механизмі жастардың саяси ұстанымдарына 

ғана  емес,  ӛмірдің  барлық  салаларына  да  (бос  уақыт,  жұмыс,  отбасы)  ықпал  етеді. 

«Мемлекеттілік»  /  «governmentality»  -  тек  әкімшілік  пен  саяси  емес,  барлық 

деңгейлерде  халықтың  не  индивидтің  ғадетін  басқаруға  әзірленген  әдістер  мен 

процедураларды қосатын мемлекеттің халықты қадағалау механизмі. Басқаша айтқанда 

«мемлекеттілік» / «governmentality» саяси ӛмір шекарасынан шығып, құндылықтар, ӛзін 

ӛзі сәйкестендіру үлгілері, ӛмір сүру салты мен образы, сенімдері түрінде сәйкестенуге 

ауысады.  

2. «Мемлекеттілік»  /  «governmentality»  символдық,  яғни  топтық  сәйкестенуге, 

құндылықтарға, нормаларға, сенімдерге қауіп нақты қауіпке қарағанда басым болғанда 

айқындалуы мүмкін. Символдық қауіп индивидуумда аут-топты қорғансыздық сезімін 

туғызатын  нақты  қауіпке  қарағанда,  мораль  тұрғысынан  бағалаумен  байланысты 

эмоциялардың  (басқа  топтар  мүшелеріне  қатысты  бейтарап,  жағымды,  жақтырмау, 

жаратпау,  жатсыну  қатынасы)  тууына  алып  келеді.  Орталық  Азия  жастары  арасында 

символдық  қауіп  феномені  квир-сәйкестенуге;  ЛГБТ  қауымдастық  ӛкілдеріне; 

діншілдігін  демонстрациялайтын  адамдарға,  оның  ішінде  хиджаб  киетін  әйелдерге; 

эндогамды некелер арқылы этникалық мәдениетті сақтауға ұмтылысына жағымсыз/кері 

қатынаста айқындала бастайды. 

3. Ұсынылатын зерттеу барысында алынған эмпириялық мәліметтер Орталық Азия 

жастары  арасында  дәстүрлі  ӛмір  сүру  образының  (ӛмір  сүру  стилінің  кӛптүрлігі  ӛмір 

сүру образының бірқалыптылығымен, әлеуметтік ортаның гомогендігі  – талғамдардың 

және уақыт ӛткізудің ұқсастығымен алмастырылады) басымдығын кӛрсетеді. Сонымен 

қатар,  жастар  арасында  бос  уақытты  белсенді  ӛткізуден  (әлеуметтік  ӛмірге  қатысу, 

ерікті  жұмысы  немесе  қоғамдық  жұмыс,  қайырымдылық,  ӛзін-ӛзі  дамыту, 

шығармашылық),  тұтынудағы  талғам  мен  ерекшеліктен,  еңбек  әрекетіндегі 

мобилдіктен (қызмет ету саласын және жұмыс орнын ауыстыруға дайындығы, фрилан-

қызмет),  ортасының  гетерогендігі  және  аут-топ  ӛкілдерімен  коммуникацияға 




 

дайындығынан  кӛрініс  табатын  заманауи  ӛмір  сүру  стилдерінің  дамуында  жаңа 



тенденцияларды да байқаймыз. 

4.  Орталық  Азия  жастарының  ғадеттік  ұстанымдарына  циснормативтілік  – 

аскриптивті  гендерлік  рӛлдер  және  ерлік  пен  әйелділіктің  норма  ретіндегі  дәстүрлі 

кӛзқарастарының  басымдығына  негізделген  әлеуметтік  ӛмірді  реттеу  тән.  Осы 

дискурстың  шеңберінен  тыстың  барлығы,  әдетте,  жағымсыз  қабылданады.  Бұл 

нормативтік  тәртіп  ӛмірдің  түрлі  салаларын  қамтиды:  отбасы,  еңбек  қатынасы, 

гендерлік  ұстанымдар.  Цисгендерлі  нормативті  тәртіп  индивидтер  алғашқы 

әлеуметтендіру  кезеңінен  бастап,  ӛмір  бойына  бекітілетін  ғадеттің  белгілі  бір 

схемаларын  ұсынады.  Патерналисттік  ұстанымдарды  қолдайтын  және  индивидтерге 

ғадеттің белгілі бір үлгілерін ұсынатын бұл тәртіп – «мемлекеттілік»/ «governmentality» 

негізі.  

5.  Хофстеденің мәдениетті ӛлшеудің дихотомиялық критерийлеріне сәйкес аймақ 

халқын болашаққа қысқа мерзімді бағдарланған (гетерогенді уақыт), маскулиндік типке 

жататын,  алайда  биліктен  алшақ  (қашық),  ұжымдық  ұстаным  басымдығымен  және 

қалауларын  жүзеге  асыруда  ұстамдықтарымен  сипатталатын  мәдениетке  жатқызуға 

болады.  



Алынған  нәтижелердің  практикалық  маңызы.  Жұмыста  негізделген 

тұжырымдар заманауи қоғам құндылықтар жүйесін әрі қарай талдаудың дерек кӛзі болу 

мүмкін. Эмпириялық зерттеу нәтижелері адам құндылығының қалыптасуына ішкі және 

сыртқы факторлардың ықпалын әрі қарай теориялық ұғынуда маңызды мәнге ие болуы 

мүмкін.  

Жастар  ғадет  ұстанымдарының  қалыптасуы  мен  дамуы  сұрақтарын  әзірлеу 

болашағы  басқару  органдары,  жастар  ісі  жӛніндегі  комитеттер,  жастардың  қоғамдық 

ғадетін  реттеуге  бағытталған  іс-шараларды  жүзеге  асыратын  қоғамдық  ұйымдар  үшін 

практикалық  қызығушылық  тудырады.  Зерттеудің  жалпы  қорытындылары  аймақтағы 

жастар  саясатын  әзірлеуде,  сонымен  қатар  аймақтың  немесе  мемлекеттің  мәдени 

саясатын  қалыптастыру  кезінде  пайдалы  болуы  мүмкін.  Диссертацияда  жалпыланған 

материал  мен  қорытындылар  жастар  әлеуметтануы,  жас  әлеуметтануы,  әлеуметтік 

демография,  мәдениеттану  және  әлеуметтік  трансформация  теориялары  бойынша 

бірқатар оқу курстарын оқытуда пайдаланылуы мүмкін.  



Ізденушінің  жеке  үлесі.  Зерттеудің  теориялық  және  әдіснамалық  негізі. 

Жұмыстың  теориялық  маңызы  ізденуші  ұсынатын  тұжырымдардың  жастар  ерекше 

әлеуметтік топ ретіндегі жалпы концепцияны толықтырып, әрі қарай дамытуында және 

құндылықтар мен ӛмір салттарын зерттеу бойынша әдіснамалық әзірлеме ұсынуында.  



Диссертация  нәтижелерінің  сыннан  өтуі.  Диссертациялық  зерттеудің  негізгі 

мазмұны Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтану кафедрасы 

мәжілісінде талқыланды.  

Жұмыстың  негізгі  идеялары,  тұжырымдары  мен  қорытындысы  баяндама  мен 

ғылыми жарияланымдар ретінде жарық кӛрді.  

Баяндамалары: 

-  «Заманауи  мемлекет  пен  қоғамды  әлеуметтік-экономикалық  реформалаудың 

мәселелері  және  болашағы»  X  халықаралық  ғылыми-практикалық  конференциясы. 




 

Баяндама  тақырыбы:  «Толерантность  молодѐжи  к  аут-группам»/«Жастардың  аут-



топтарға тӛзімділігі». Ресей, Мәскеу, 3-4 сәуір 2013 ж. 

«Еуропалық  ғылым  мен  технологияның  IV  халықаралық  ғылыми 



конференциясы».   Баяндама тақырыбы: «Xenophobia among youth and social distance in 

relation  to  out-groups»  /  «Жастар  арасындағы  ксенофобия  және  аут-топтарға  қатысты 

әлеуметтік қашықтық».  Германия, Мюнхен, 10-11 сәуір 2013 ж. 

-  ASEEES-CESS  (Association  for  Slavic,  East  European  and  Eurasian  Studies  and 

the Central  Eurasian  Studies  Society)  конференциясы  /  (Славян,  Шығыс  Еуропа  және 

Еуразия  зерттеулері  қауымдастығы  және  Орталық  Еуразия  зерттеулері  қоғамы). 

Баяндама  тақырыбы:  «Youth  subcultures  in  Astana»  /  «Астандағы  жастар 

субъмәдениеттері». Астана, Назарбаев Университеті, 22-24 мамыр 2014ж.  

-  Жас  кӛшбасшыларға  арналған  «ZhasCamp  2014»  конференциясының  ашық 

бағдарламасында «Ценности современной казахстанской молодежи»/ «Қазіргі заманғы 

Қазақстан  жастарының  құндылықтары»  тақырыбында  баяндама.  Алматы,  Сүлейман 

Демирел атындағы университет, 25 қазан 2014 ж. 



Жарияланымдар.  Жұмыстың  негізгі  тұжырымдары  диссертанттың  13  ғылыми 

жарияланымында, оның 3 

мақаласы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау 

комитеті бекіткен тізімге енген журналдарында, 4 жарияланым шетелдік басылымдарда

 

(1  мақала  Скопус  мәліметтер  базасына  кіреді),    6 



жарияланым

  республикалық  және 

халықаралық  басаламдарда,  конференцияларда,  семинарларда  жарық  кӛрген  және 

талқыланған.  

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау комитеті бекіткен тізімге енген 

журналдардағы мақалалары:

 

- «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы», мақала «Неформальные молодежные 



объединения  в  современном  казахстанском обществе»/  «Қазіргі  заманғы қазақстандық 

қоғамдағы  бейресми  жастар  бірлестіктері».  «Гуманитарлық  ғылымдар»  сериясы  №  3 

(82), Астана, 2011.  

-  Абай  атындағы  ҚазҰПУ-нің  «Хабаршы»  журналы,  мақала  «New  forms  of 

subcultures through the prism of comparison between Karaganda and Almaty» / «Қарағанды 

және Алматы қалаларын салыстыру призмасындағы субмәдениеттердің жаңа түрлері». 

«Саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы №4 (40), Алматы, 2012. 

- «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы», мақала «Сity subcultures among youth 

in Kazakhstan»/ «Қазақстан жастары арасындағы қала субмәдениеттері». «Гуманитарлық 

ғылымдар» сериясы № 1 (98), Астана, 2014.  

Шетелдік конференция жинақтарындағы мақалалары:  

«Еуропалық  ғылым  мен  технологияның  IV  халықаралық  ғылыми 



конференциясы»  конференция  материалдарының  жинағы  (Германия,  Мюнхен,  сәуір 

2013).    Мақала:  «Xenophobia  among  youth  and  social  distance  in  relation  to  out-groups»  / 

«Жастар арасындағы ксенофобия және аут-топтарға қатысты әлеуметтік қашықтық».   

-  «Заманауи  мемлекет  пен  қоғамды  әлеуметтік-экономикалық  реформалаудың 

мәселелері  және  болашағы»  X  халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция 

материалдарының  жинағы  (Ресей,  Мәскеу,  сәуір  2013).  Мақала:  «Толерантность 

молодѐжи к аут-группам»/«Жастардың аут-топтарға тӛзімділігі».. 



 



«Еуропалық  ғылым  мен  технологияның  IХ  халықаралық  ғылыми 

конференциясы»  конференция  материалдарының  жинағы  (Германия,  Мюнхен,  2014).  

Мақала:  «Влияние  «правительственности»  на  гендерные  установки  казахстанской 

молодежи»  /  «Қазақстандық  жастардың  гендерлік  ұстанымдарына  «мемлекеттіліктің» 

ықпалы».  

Scopus мәліметтер базасында тіркелген журналдағы жарияланым: 



- «Values and Role of the Head of Kazakh Families During the Transition: Case-Study of 

Families  from  Astana»  /  «Транзит  кезеңіндегі  құндылықтар  және  қазақстандық  отбасы 

басшысының рӛлі: Астана қаласы отбасыларының мысалында» // Middle-East Journal of 

Scientific  Research  /  Орта  Шығысты  ғылыми  зерттеу  журналы.  –  2014  ж. 

Д.Қ.Күлейменовпен қос авторлық. 

Халықаралық конференция жинақтарындағы мақалалары:  

- «Инновациялық даму және қазіргі заманғы Қазақстанда ғылымға қажеттілік» жас 

ғалымдар  кеңесінің  V  халықаралық  ғылыми  конференциясы  (Қазақстан  жас 

әлеуметтанушылары  кеңесі,  Қазақстан  Республикасы  Тұңғыш  Президетінің  қоры, 

Алматы,  16-17  мамыр  2012  ж.,  мақала:  «Youth  subcultures  as  innovative  subject  of 

sociology»/ «Жастар субмәдениеттері – әлеуметтанудың инновациялық зерттеу пәні»). 

-  «Инновациялық  даму  және  қазіргі  заманғы  Қазақстанда  ғылымға  қажеттілік»  VІ 

халықаралық  ғылыми  конференциясы  (Қазақстан  жас  әлеуметтанушылары  кеңесі, 

Қазақстан  Республикасы  Тұңғыш  Президетінің  қоры,  Алматы,  22-23  қараша  2012  ж., 

мақала:  «Ценности  постсоветской  молодѐжи  через  призму  процесса  генерализации  по 

Т.Парсонсу»/ 

«Т.Парсонстың 

генерализациялау 

процесінің 

призмасындағы 

посткеңестік жастар құндылықтары»). 

-  «Инновациялық  ойшыл  мамандарды  кәсіби  даярлау  тұрғысындағы  Қазақстан 

Республикасының  стратегиясы»  республикалық  ғылыми-практикалық  конференция 

материалдары  (Абай  атындағы  ҚазҰПУ,  Алматы,  26  наурыз  2013  ж.),  мақала:  

«Основные  факторы  формирования  и  развития  культурных  ценностей  казахстанской 

молодежи»/  «Қазақстандық  жастар  мәдени  құндылықтары  қалыптасуы  мен  дамуының 

негізгі факторлары». 

-  «Білім  әлеуметтануы»  ІІ  халықаралық  симпозиум  жинағы  (Абай  атындағы 

ҚазҰПУ, Алматы,  Анкара университетімен (Түркия) бірлесе ұйымдастырылған, 16-17 

мамыр  2013  ж.),  мақала:  «Отношение  студенческой  молодѐжи  к  социальным 

меньшинствам»/ «Студент жастардың әлеуметтік азшылыққа қатынасы».  

-  V  Қазақстан  әлеуметтанушылары  конгресінің  электронды  жинағы  (Алматы, 

мамыр  2014),  мақала:  «The  role  of  governmentality  in  forming  of  values  and  lifestyles 

among  youth»  /  «жастар  арасында  құндылықтар  мен  ӛмір  сүру  салтын 

қалыптастырудағы  «governmentality» рӛлі». 

-  «Білім  беру  және  еңбек  нарығы  жүйесіндегі  жастар:  қатерлерді  жеңу» 

халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция  жинағы,  Е.А.  Бӛкетов  атындағы 

ҚарМУ,  маусым  2014,  мақала:  «Value  orientations  among  youth  in  Kazakhstan»  / 

«Қазақстан жастарының құндылықтық бағдарлары». 

-  Қазақстан  Республикасы  Тұңғыш  Президенті  Күніне  арналған  Астаналық 

әлеуметтанулық  форум  материалдарының  жинағы  –  Астана,  2015,  мақала: 



 

«Құндылықтар  генерализациясы  процесі  призмасындағы  Орталық  Азия  жастары 



құндылықтарының трансформациясы». 

Диссертация  құрылымы  және  көлемі. 

Диссертациялық  зерттеу  194  бетте 

жазылған және кіріспеден, бӛлімдерге бӛлінген екі тараудан, қорытындыдан, 230 дерек 

кӛзі  мен  қосымша  материалдарды  қамтитын  пайдаланылған  әдебиеттер  тізімінен 

тұрады.

 

«Әлеуметтануда  «құндылық»  және  «ӛмір  сүру  салты»  ұғымдарының 



концептуализациясы» диссертацияның бірінші тарауында құндылыұтарды анықтаудың 

негізгі  әдістері  қарастырылып,  жастар  арасындағы  құндылықтар  мен  ӛмір  сүру 

салттарын талдаудың әдіснамалық ерекшеліктері ұсынылады.  

«Орталық  Азия  жастарының  құндылықтары  мен  ӛмір  сүру  салттарын  талдау» 

екінші тарауында Орталық Азия жастарының құндылықтары мен ӛмір сүру салттарына, 

бір  жағынан,  мемлекеттің,  ал  екінші  жағынан,  батыс  мәдениетінің  ықпалы  жӛнінде 

зерттеу  мәліметтеріне,  ықпал  ету  арналарына  талдау  жасалады,  ӛлшеудің  негізгі 

индикаторлары  келтіріледі,  құндылықтар  мен  ӛмір  сүру  салттарының  ӛзара 



ықпалдастығы қарастырылады.  

 

 

 

жүктеу 263,65 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау