«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет39/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   89

140
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
қабылданады.  Жоғары  Сот  Кеңесінің  қызметін  қамтамасыз 
етуді Республика Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады. 
Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі мен оны ұйымдастыруды ті-
келей Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан 
Республикасы Конституциялық заңында және арнайы Заңда 
толық регламенттеу биліктің сот тармағының тәуелсіздігі мен 
жауапкершілігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.
Конституцияға  енгізілген  сот  кадрларымен  жұмысты 
ұйымдастыру, оларды Әділет біліктілік алқасын таратқаннан 
кейін  Жоғары  Сот  Кеңесінде  орталықтандыру  мәселелері 
бойынша  өзгерістер  Жоғары  Сот  Кеңесінің  мәнін  жаңа 
мазмұнмен толтырып, оның функциялары мен өкілеттіктеріне, 
қызмет нысандары мен әдістеріне және оны жұмыс аппара-
тымен қамтамасыз етуге қосымша талаптар қояды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесіне 
Республика Президенті жанындағы мекеме (ұйым) мәртебесін 
беру осы мемлекеттік қызмет бағыттарының белгілі дербес-
тігін және оларды іске асыратын мемлекеттік құрылымдардың 
деңгейі мен сапасын жоғарылатуға бағытталған. Осы жолдағы 
кезекті қадам - Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы дербес 
заң қабылдау, сондай-ақ Сот жүйесі және Жоғары Сот Кеңесі 
туралы заңдарды едәуір жаңарту болмақ.
Сонымен қатар, қазіргі уақыттағы мемлекет басшы-
сы жанындағы жұмыс жасап отырған мекемелер тізілімі-
не:  Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң  мұрағаты, 
Қазақстан  Республикасы  Президентi  жанындағы 
Қазақстанның  стратегиялық  зерттеулер  институ-
ты,  Қазақстан  Республикасы  Президенті  жанындағы 
мемлекеттік  басқару  академиясы,  Қазақстан  Респуб-
ликасы  Тұңғыш  Президентiнiң  мұражайымен  қатар, 
елеулі  ерекшеліктерімен  айшықталатын  мемлекет-
тік  биліктің  тұтастық  қағидаты  мен  бөлінуі  үшін 


141
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
маңызды  осындай  беделді  азаматтық  қоғам  мен  мем-
лекеттік  институциялардың  қосылуы  тұтас  мемле-
кеттік  аппараттың  дамуына,  болашақта  Республи-
ка  Президенті  Парламент  заңына  сəйкес  қосалқы 
есепті жəне бақылаудағы мемлекеттік мекемелердің (не-
месе ұйымдардың) пайда болуына ықпал етуі мүмкін.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер 
мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 
2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 Заңымен Қазақстан Респуб-
ликасы  Конституциясының  44-бабы  13)  тармақшасындағы 
«наградтайды»  деген  сөз  «марапаттайды»  деген  сөзбен 
ауыстырылған.  Аталған  өзгеріс  қазақтың  төл  терминдерінің 
де  баршылық  екендігін  көрсетеді.  Осы  өзгеріс  «марапаттай-
ды»  деген  сөздің  қазақ  тілі  ұғымына  етене  жақындығы  мен 
жиі қолданылатындығына байланысты және сондай-ақ әдеби 
тіл нормасын сақтау мақсатынан туындап отыр.
«Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясына 
өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Қазақстан 
Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 Заңымен 
ҚР  Конституциясының  44-бабының  16)  тармақшасындағы 
«консультациялар алысқаннан» деген сөздер «ресми консульта-
циялардан кейiн» деген сөздермен ауыстырылған. Осы өзгеріс 
алғашқы сөз тіркесіндегі «алысқан» деген сөздің ауызекі тілінде 
пайдаланылатындығымен, яғни стилистикалық кемшілікке жол 
берілуіне  байланысты  болып  отыр.  Осыған  байланысты  осы 
өзгеріс әдеби тіл нормасын сақтау мақсатынан туындап отыр.
11.   46-бап  мынадай  мазмұндағы  4-тармақпен 
толықтырылсын:
«4. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен 
өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық 
заңмен айқындалады.».


142
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
түзету-
лер №
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КоНСТИТУцИяСЫНЫҢ
46-БАБЫ
11.
Алдыңғы редакция
Қолданыстағы редакция
46-бап
1.  Қазақстан  Республи-
касының  Президентiне, 
оның  абыройы  мен  қадiр-
қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне 
болмайды.
2.  Республика  Прези-
дентi  мен  оның  отбасын 
қамтамасыз  ету,  оларға 
қызмет көрсету және қорғау 
мемлекет  есебiнен  жүзеге 
асырылады.
3. Осы баптың ережелерi 
Республиканың  экс-Прези-
денттерiне қолданылады.
46-бап
1. Қазақстан Республикасының 
Президентiне,  оның  абыройы 
мен  қадiр-қасиетiне  ешкiмнiң 
тиiсуiне болмайды.
2. Республика Президентi мен 
оның  отбасын  қамтамасыз  ету, 
оларға  қызмет  көрсету  және 
қорғау мемлекет есебiнен жүзеге 
асырылады.
3.  Осы  баптың  ережелерi 
Республиканың экс-Президент-
терiне қолданылады.
4.  Қазақстанның  Тұңғыш 
Президентінің  мəртебесі 
мен  өкілеттігі  Республика 
Конституциясымен  жəне 
конституциялық  заңмен 
айқындалады.
 
46.4.  Қазақстанның  Тұңғыш  Президентінің  мәртебесі 
мен  өкілеттігін  тікелей  Республика  Конституциясымен  және 
конституциялық  заңмен  реттелетін  нысан  құрамына  кіргі-
зу  елдің  Бірінші  Президентінің  ұйымдастыру  және  қызметін 
құрайтын  барлық  өкілеттіктеріне  жоғарлатылған  тұрақтылық 
мәнін беруді білдіреді. Мемлекет оның болашақта да Қазақстан 
халқына  қызмет  етуі  сондайлықты  мақсатты,  нәтижелі  және 
барлық қажетті кепілдіктермен, оның ішінде жоғары құқықтық–
конституциялық кепілдіктермен мүдделі болуына бағытталған. 
«Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  тура-
лы»  Қазақстан  Республикасының  2000  жылғы  20  шілдеде-
гі  Конституциялық  заңы  Қазақстанның  ішкі  және  сыртқы 


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау