134
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұрын ол Қазақстан
халықтарының Ассамблеясы деп аталды) рөлі күрт өсті.
Енді ол тікелей Конституцияның 44-бабы 20-тармақшасында
аталғандықтан конституциялық деңгейге жоғарлады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылғы 1 наурыздағы
Республика Президентінің жарлығымен Мемлекет басшысы
жанындағы сараптамалық-консультативтік кеңесші орган
ретінде құрылған болатын. Он жыл ішінде оған ең маңызды
міндет – елдегі халықтар достығын, азаматтық татулық
пен келiсiмнің сақтаушысы ретіндегі дамып келе жатқан
қазақстандық демократияның ең басты институттарының
біріне айналды. Бірде бір шет елде Ассамаблеяға барабар
құрылым жоқ. Ассамблеяның қызметі, асыра айтқандық
емес, көпұлттық қазақстандық қоғамның өмірлік маңызы бар
міндеттерін шешуге арналған, олар: рухани бiрлiк идеяларын
қалыптастыру мен тарату, халықтар достығы мен ұлтаралық
келiсiмдi нығайту және сақтау, Ассамблеяның мемлекет-
тiк органдармен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-
қимылының бiрыңғай жүйесiн жасау арқылы этникааралық
қатынастар саласында келеңсiз үрдістердің алдын алу;
олардың этникааралық және межконфессионалды қатынастар
саласындағы ахуалға талдау жұмыстарын ұйымдастыру,
олардың негiзiнде қоғамды топтастыруды қамтамасыз ететiн
практикалық ұсынымдарды әзірлеу; мемлекет жүргізiп
отырған ұлт саясатында әралуан ұлттық мүдделердiң ес-
керiлуiн қамтамасыз етуге жәрдемдесу; ұлттық БАҚ және
театрларды, халық шығармашылығын қолдау; этникааралық
қатынастарды, азаматтық татулық пен келiсiмдi нығайту
жөніндегі бағдарламалар мен жобаларды құру.
Өткен жылдар ішінде Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ас-
самблеясы қызметінің беделі мен тиімділігін арттыру жөнінде
бірнеше мәрте пәрменді шаралар жасады. 2002 жыл Ассам-
135
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
блея үшін өте маңызды жыл болды. Қазақстан Республи-
касы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі жарлығымен
Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясы мен Қазақстан
халқы Ассамблеясының жаңа ережесі бекітілді. Оның арасын-
да қазақстандық сәйкестікті қалыптастыру, Қазақстан халқы
Ассамблеясының қоғамды демократияландыру үдерісіне
қатысуы және этносаралық қатынастар институты ретін-
де оны жетілдіру мемлекеттік және қоғамдық ресурстарды
жұмылдыруды талап етеді. Мемлекет басшысы 2005 жылғы 23
сәуірде «Қазақстан халқы Ассамблеясы институтын нығайту
туралы» тағы бір Жарлық шығарды. Ассамблеяның міндет-
тері мен өкілеттілігі этносаралық қатынастарды үйлестірудi
қамтамасыз ету, түрлi этностар өкiлдерi арасындағы қарым-
қатынастарда төзушілік пен сенiмдi нығайту; қойылған
мақсаттары мен мiндеттерiне қол жеткiзу үшiн ұлттық-мәдени
бiрлестiктердiң күш-жiгерiн бiрiктiру функциялары мен
өкілеттіктері кеңейтілді. Ассамблеяның міндеттерін орын-
дау ұлттық-мәдени бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасау;
ұлтаралық қатынастар, Қазақстан халықтарының мәдениетi
мен тілдерiн дамыту және қолдау мәселелерi бойынша кон-
ференциялар мен семинарлар өткiзу; елдегі ұлтаралық
қатынастардың жай-күйiне мониторинг жасау; ұлтаралық
келiсiм идеяларын, қағидаттарын және нормаларын насихат-
тау арқылы қол жеткізіледі. Осы Жарлықпен Ассамблея және
кіші ассамблеялар мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін
бекіту және Ассамблея мен кіші ассамблеялардың жұмыс
органдарының мәртебесін жоғарылату жүзеге асырылды.
Ассамблеяның
негізгі
институционалдық
және
ұйымдастырушылық құрамдас мәртебесі нормативтік түрде
бекітілген. Қазақстан халқы Ассамблеясының өмірлік
Төрағасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
болып табылады.
136
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
Ассамблеяның құрамын оның Төрағасы мемлекеттiк ор-
гандар, ұлттық-мәдени және басқа да қоғамдық бiрлестiк-
тер өкiлдерi, сондай-ақ қоғамдағы беделiн, қоғамдық-саяси
белсендiлiгiн ескере отырып, өзге де адамдар қатарынан
қалыптастырады. Ассамблея құрамына 40-қа жуық ұлтты
қамтитын 364 адам кіреді.
Ассамблея қызметінің тұрақты тәжірибесі қалыптасқан.
Сессиялардың әрқайсысы – қазақстандықтар өміріндегі
маңызды оқиға. Ол Республика Президентімен шақырылады.
Ассамблеяның шешімі ұсынымдық сипатта болады. Алайда
олардың ерекше маңыздылығына қарай сессия аяқталғаннан
кейін, әдетте арнайы Үкіметтің қаулысымен қабылданған шешім-
дерді нақты орындау бойынша нақты шаралар белгіленеді.
Ассамблея сессияларының аралығында жұмыс жүргiзу
үшiн оның Төрағасының шешiмiмен құрамына кіретін мемле-
кеттiк органдар, ұлттық-мәдени және басқа да қоғамдық бiр-
лестiктер өкiлдерi, кiшi ассамблеялар жетекшiлерi қатарынан
Ассамблея Кеңесi құрылады. Ассамблея Төрағасының шешiмi-
мен Кеңестiң құрамына Ассамблеяның басқа да мүшелерi
кiре алады. Республика Президентi Ассамблеяның мемле-
кеттiк органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшiн
Ассамблеяның Үйлестiру кеңесiн құрады, оның құрамына Ас-
самблея Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республика-
сы Үкiметiнің басшылары мен өзге де мүшелерi, Қазақстан Рес-
публикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің төрағалары
немесе олардың орынбасарлары енгiзiлуi мүмкiн. Ассамблея
Төрағасы өз шешiмiмен Ассамблея жанынан басқа да консуль-
тативтік-кеңесшi органдар мен құрылымдар құра алады. Аста-
на, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері жанын-
да кіші ассамблеялар құрылған. Кiшi ассамблеяның құрамы
жергiлiктi атқарушы және өкiлдi органдардың, ұлттық-мәдени
және басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi қатарынан
Достарыңызбен бөлісу: |