149
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
3. мəжiлiс жетпiс жетi
депутаттан тұрады. Алпыс
жетi депутат Республиканың
ə к i м ш i л i к - ау м а қ т ы қ
бөлiнiсi ескерiле отырып
құрылатын жəне шамамен
сайлаушылардың саны тең
бiр мандатты аумақтық сай-
лау округтерi бойынша сай-
ланады. он депутат барабар
өкiлдiк жүйесi бойынша
жəне бiртұтас жалпыұлттық
сайлау округiнiң аумағы
бойынша партиялық тiзiм-
дер негiзiнде сайланады.
4. Парламент депутаты бiр
мезгiлде екi Палатаға бiрдей
мүше бола алмайды.
5. Сенат депутаттарының
өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл,
Мәжiлiс депутаттарының
өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл.
4. Парламент депутаты бiр мез-
гiлде екi Палатаға бiрдей мүше
бола алмайды.
5. Сенат депутаттарының
өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл,
Мәжiлiс депут атт арының
өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл.
50.2. Конституцияның 49-бабы 1-тармағындағы ұйғарым-
дарға сәйкес Парламент - Қазақстан Республикасының заң
шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары
өкiлдi органы болып табылады. Мұндай конституциялық си-
паттама Республика Парламентін қос палаталы орган ретін-
де құру тәртібін анықтау үшін, сондай-ақ оның қызметін
ұйымдастыру үшін зор маңызға ие. Халықтың жалпы сая-
си қатысуымен құрыла отырып, Парламент жоғары өкілетті
орган ретінде сайлаушылардың – Қазақстан Республикасы
азаматтарының еркін білдіруі тиіс. Бұл үшін Парламент Па-
латаларын құрудың конституциялық тәртібі белгіленеді, оған
сәйкес көпшілік сайлаушылардың еріктеріне, сондай-ақ елде-
гі халықтың жекелеген топтары мүдделерінің әртүрлілігіне,
150
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
соның ішінде Парламент Палаталарында ұлттық-мәдени және
қоғамның өзге де маңызды мүдделерін ескеріп, өкілдік ету
қамтамасыз етіледі, қазақстандық қоғамның партиялық-саяси
құрылымдары ескеріледі.
Парламенттегі халық өкілдігінің нақты нысандары Сайлау
туралы заңда белгіленген Республиканың сайлау жүйесімен
анықталады.
Қазақстан Республикасының Парламенті екі Палатадан
тұрады: Сенат және Мәжіліс. Қазіргі уақытта қос палаталы
парламенттер тежемелік және тепе-теңдік элементтерін пай-
даланып, палаталардың өзара іс-әрекеттерін қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін заң шығару процесін бөлу идеясын көрсете
отырып, әлемде кеңінен таралып отыр. Іс жүзінде ол Парла-
мент Палаталарының түрлі тәртіпте құрылуынан, Палаталар-
ды жүргізу және өкілеттіктері нысанының түрлі шеңберінде,
олардың заң шығару процесіндегі түрлі рөлдерінде көрінеді.
Заңмен Республика Парламенті Сенатының құрылу
тәртібіне өзгеріс енгізілді. Сенат Қазақстан Республикасының
әр облысынан, республикалық маңызы бар қаласынан және
астанасынан екі адамнан (барлығы отыз екі Сенат депутаты
сайланады), Сенатта ұлттық-мәдени және қоғамның өзге де
маңызды мүдделері өкілдігін қамтамасыз ету қажеттігін еске-
ре отырып, Республика Президенті тағайындайтын он бес де-
путаттан Сайлау туралы заңда белгіленген тәртіпте сайланған
депутаттардан құралады.
50.3. Заңмен Республика Парламенті Мәжілісінің санына
өзгерістер енгізілді. Мәжіліс Сайлау туралы заңда белгіленген
тәртіпте сайланған жүз жеті депутаттан тұрады. Олардың ішінде
Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты құпия дауыс беру кезінде жалпы,
тең және тікелей сайлау құқығы негізінде бірыңғай жалпыұлттық
округ бойынша саяси партиялардан сайланады. Мәжілістің тоғыз
депутаты Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланады.
11
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Мәжіліс депутаттарының санын 77-ден 107-ге дейін
көбейту, Парламенттің төменгі Палатасын демократиялық
тәжірибеге сәйкес құру заң шығарушының оңтайлы шешім
тапқанын көрсетеді. Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
«Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңі – ер-
кін демократиялық қоғамды тез арада дамыту» атты Пар-
ламент Палаталарының бірлескен отырысындағы (2007
жылғы 16 мамыр) баяндамасында осы бойынша: «Мәжіліс
санын 107 депутатқа дейін көбейту ұсынылып отыр, 98 де-
путат барабар жүйе бойынша сайланады, ал 9 депутат заңға
сәйкес сайланған Қазақстан халқының Ассамблеясынан
ұсынылады. Бұл ірі этностардың мүдделерін ескеру үшін
қажет және қоғамды одан әрі топтастыруға қызмет етеді.
Осылайша, Парламент депутаттарының саны 38 адамға
көбейеді және 154 депутатты құрайды, бұл біздің 15 миллион
халқымыз үшін қалыпты пропорция. Біз бұл арақатынасты
әртүрлі елдерден көрдік. Ұсынылып отырған депутаттар
саны Қазақстан үшін оңтайлы», - деп атап өтті.
Мәжіліске 100% барабар сайлау жүйесін енгізу (Қазақстан
халқы Ассамблеясынан сайланған Мәжілістің 9 депутатын
қоспағанда) саяси процестің негізгі факторлары ретінде саяси
партиялардың қызметтерін шынайы түрде белсендіруге мүмкіндік
береді, Мәжілісте партиялық фракциялардың рөлін арттырады.
Мемлекеттің ұлттық саясатын іске асырудың бірегей құралы
ретінде Қазақстан Республикасы Ассамблеясынан сайланған 9
депутаттың өкілдік етуі Мәжілістің саяси беделінің артуына
ықпал ететін болады, оның негізінде олардың ұлттық, діни және
өзге де тиесіліктеріне қарамастан елдегі барлық азаматтардың
мүмкіндіктерінің теңдігі жатыр. Толық конституциялық
мәртебе алған Қазақстан халқы Ассамблеясы Парламентте
елдің қоғамдық-саяси өміріндегі әртүрлі этникалық топтардың
атынан өкілдік етуді қамтамасыз етуге арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |