108
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
адамдардың пікірлерін ескере отырып, тұтқындауға рұқсат
беру не бермеу туралы шешім қабылдау қажет болады.
6. Мемлекеттік тілдегі 34-баптың 2-тармағының мәтініне
өзгерістер
енгізілді, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
34-баптың 2-тармағындағы «нышандарын» деген сөз
«рәміздерін» деген сөзбен ауыстырылсын.
түзету-
лер №
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КоНСТИТУцИяСЫНЫҢ
34-БАБЫ
6.
Алдыңғы редакция
Қолданыстағы редакция
34-бап
1 . Ә р к i м Қ а з а қ с т а н
Республикасының Консти-
туциясын және заңдарын
сақтауға, басқа адамдардың
құқықтарын, бостандықтарын,
абыройы мен қадiр-қасиетiн
құрметтеуге мiндеттi.
2. Әркiм Республиканың
мемлекеттiк
нышандарын
құрметтеуге мiндеттi.
34-бап
1 . Ә р к i м Қ а з а қ с т а н
Республикасының Консти-
туциясын және заңдарын
сақтауға, басқа адамдардың
құқықтарын, бостандықтарын,
абыройы мен қадiр-қасиетiн
құрметтеуге мiндеттi.
2. Әркiм Республиканың
мемлекеттiк
рəміздерін
құрметтеуге мiндеттi.
34. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні Қазақстан
Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады.
Мемлекеттік рәміздер кез-келген мемлекеттің тәуелсіздігі
мен егемендігін бейнелейтін неғұрлым кең көрінетін түрі
болып табылады. Біздің мемлекеттік рәміздерде – Туда,
Елтаңбада және Гимнде мемлекетке атау берген қазақ
халқының мәңгілік жалпы адамзаттық құндылықтары
және өзіндік ерекшелігі, ең жақсы дәстүрлерінің үйлесімі
үндестірілген.
109
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасын-
да шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бей-
неленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының
тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған.
Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі
алтын түстес. Мемлекеттік нышандар туралы заңға сәйкес
көтеріледі
және орнатылады
1
:
1)Қазақстан Республикасы Президенті Резиденциясының,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының
министрліктері, мемлекеттік комитеттері мен басқа да орталық
атқару органдарының, Қазақстан Республикасының Пре-
зидентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекет-
тік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық
Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
мен басқа да соттарының, Қазақстан Республикасы Бас
Прокуратурасының, мәслихаттарының, жергілікті атқарушы
органдарының ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республи-
касы елшіліктерінің, дипломатиялық және сауда өкілдіктерінің,
консулдық мекемелердің ғимараттарында – ұдайы;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан
Республи-касының Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің
сессиялық (бірлескен және бөлек) отырыстары, Қазақстан
Республикасы Парламенті Палаталарының бюро отырыста-
ры, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Конституциялық
Кеңесінің отырыс залдарында, Жоғарғы Соттың және
Қазақстан Республикасының басқа да соттарының сот
мәжілісі залдарында, сондай-ақ бала тууды және некені тір-
кейтін үй-жайларда – ұдайы;
3) егер халықаралық құқық нормалары мен Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттарында көзделген
1
Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы № 11, 2007 ж.
72 б.
110
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
болса, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан
Республикасының Парламенті Палаталары төрағаларының,
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және
олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен халықаралық фо-
румдар өтетін ғимараттарда немесе үй-жайларда;
4) ресми адамдар ретінде Қазақстан Республикасының
Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті
Палаталарының төрағалары, Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі мінген теңіз кемелерінде, ішкі жүзу ке-
мелерінде және
басқа да қатынас құралдарында;
5) белгіленген тәртіпте тiркелген кемелердiң бұлқынындағы
ту ретiнде;
6) Қазақстан Республикасының әскери корабльдерi мен
кемелерiнде
- әскери жарғыларға сәйкес;
7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери
құрамалары мен бөлімдерінде, Қазақстан Республикасының
Ұлттық
ұланында ант қабылдау кезiнде;
8) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың отырыстарында
– Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесінде және ме-
рекелік күндерде.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының бейнесi
Қазақстан Республикасының әуе кемелерінде орналастырылады.
Мемлекеттiк туды басқа да ғимараттарда, мысалы,
азаматтардың партиоттық сезімін тәрбиелеуде пайдалы бола-
тын, әлі де кең таралмаған, Республика азаматтарының жеке
меншігіндегі ғимараттарда орналастырылып немесе көтеруге
болады. Оның үстіне, Жарлықтың 5-бабы 8-тармағына сәйкес
азаматтардың ондай әрекеттеріне тиым салынбайды.
Мемлекеттік елтаңба барлық жағына күн сәулесіндей таралған
уықтар (тіреу) шаншылған, аңыздағы пырақтың қанаттарымен
көмкерілген көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнесін білдіреді.
Елтаңбаның төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар.