49
IV бөлім
дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз де-
путатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс
депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп
тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемін-
де екі ай бұрын өткізіледі.
2. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде
жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Се-
нат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта
сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезектi сайлауы
бұлардың өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанға дейiнгi екi айдан
кешiктiрiлмей өткізiледi.
3. Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының
кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент
Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен
бастап екі ай ішінде өткізіледі.
4. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын
және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып
жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға
толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы
бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың
не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл
тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады.
Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола
алады.
5. Республика Парламенті депутаттарын сайлау
конституциялық заңмен реттеледі.
6. Парламенттiң депутаты Қазақстан халқына ант бе-
редi.
Ескерту 51-бап Қазақстан Республикасының 1998 жылғы
7 қазандағы № 284-І; 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-III
Заңдарымен енгізілген өзгерістермен.
50
Қазақстан Республикасының Конституциясы
52-бап
2. Парламент депутаттары оның жұмысына қатысуға мiн-
деттi. Парламентте депутаттың жеке өзi ғана дауыс бередi.
Депутаттың Палаталар мен олардың органдарының оты-
рыстарына дәлелдi себептерсiз үш реттен артық қатыспауы,
сол сияқты дауыс беру құқығын басқа бiреуге беруi депутатқа
заңда белгiленген жазалау шараларын қолдануға әкеп
соғады.
3. Парламент депутатының басқа өкiлдi органның депутаты
болуға, оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық
қызметтен басқа, ақы төленетiн өзге де жұмыс атқаруға,
кәсiпкерлiкпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның бас-
шы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруге
құқығы жоқ. Осы ереженiң бұзылуы депутаттың өкiлеттiгiн
тоқтатуға әкеп соғады.
4. Парламент депутатын оның өкiлеттiк мерзiмi iшiнде
тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен белгiленетiн
әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде
ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттердi қоспағанда,
тиiстi Палатаның келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға
болмайды.
5. Парламент депутатының өкілеттігі орнынан түскен, ол
қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша
депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабар-
сыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция
мен конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда
тоқтатылады.
Парламент депутаты:
1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
2) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан
кезде өз мандатынан айырылады.
1
IV бөлім
Парламент Мәжілісінің депутаты:
1) депутат конституциялық заңға сәйкес өзін сайлаған
саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;
2) конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси
партия қызметін тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылады.
Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының
өкілеттігі Республика Президентінің шешімі бойынша мер-
зімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Парламент және Парламент Мәжілісі депутаттарының
өкілеттігі тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісі
таратылған жағдайларда тоқтатылады.
6. Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға, олардың
осы баптың 3-тармағының талаптарын, депутаттық әдеп
ережелерiн сақтауына, сондай-ақ депутаттардың өкiлеттiгiн
тоқтатуға және өкiлеттігiнен әрi депутатқа ешкiмнiң тиiспе-
уi жөнiндегi құқығынан айыруға байланысты мәселелердi
әзiрлеу Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комис-
сиясына жүктеледi.
Ескерту. 52-бап Қазақстан Республикасының 1998 жылғы
7 қазандағы № 284-І; 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-III
Заңдарымен енгізілген өзгерістермен.
53-бап
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы
бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар ен-
гізеді;
2) Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық
бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің
республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін
52
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік
білдіргенін көрсетеді;
3) Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата де-
путаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір
жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге
хақылы;
4) соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
5) Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбіт-
шілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндет-
темелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін
пайдалану туралы шешім қабылдайды;
6) Конституциялық Кеңестің Республикадағы конститу-
циялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жол-
дауын тыңдайды;
7) Палаталардың бірлескен комиссияларын құрады,
олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады,
комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды;
8) Парламентке Конституция жүктеген өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 53-бап Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
21 мамырдағы № 254-І Заңының редакциясында.
54-бап
1. Парламент Палаталардың бөлек отырысында
мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз
кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар
қабылдайды, оның ішінде:
1) республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен
толықтырулар енгізеді;
2) мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және
оларды алып тастайды;
Достарыңызбен бөлісу: |