«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет20/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   89

81
IX бөлім
2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей 
жүзеге  асырады,  сондай-ақ  ол  мәслихаттар  және  халық 
топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті 
қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару 
органдары арқылы жүзеге асырылады.
Жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарына  мемлекет-
тік  функцияларды  жүзеге  асыру  заңға  сәйкес  берілуі 
мүмкін.
3. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру 
мен олардың қызметі заңмен реттеледі. 
4. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының дербестiгi-
не олардың заңмен белгiленген өкiлеттiгi шегiнде кепiлдiк 
берiледi.
Ескерту.  89-бап  Қазақстан  Республикасының  2007 
жылғы  21  мамырдағы  №  254-III  Заңымен  енгізілген 
өзгерістермен.
IX БӨЛIм 
ҚоРЫТЫНдЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР
90-бап
1.  Республикалық  референдумда  қабылданған 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  референ-
дум нәтижелерi ресми түрде жарияланған күннен бастап 
күшiне енедi, сол мезгiлден бастап бұрынғы қабылданған 
Қазақстан Республикасы Конституциясының күшi жойы-
лады. 
2. Республикалық референдумда Конституция қабылданған 
күн мемлекеттiк мереке - Қазақстан Республикасының Кон-
ституциясы Күнi деп жарияланады.


82
Қазақстан  Республикасының Конституциясы
91-бап
1. Қазақстан Республикасының Конституциясына Респуб-
лика Президентiнiң өз бастамасымен, Парламенттiң немесе 
Үкiметтiң ұсынысымен қабылданған шешiмi бойынша өткiзiлетiн 
республикалық  референдум  өзгертулер  мен  толықтырулар 
енгiзуi мүмкiн. Егер Президент оны Парламенттiң қарауына 
беру қажет деп ұйғарса, Конституцияға енгiзiлетiн өзгертулер 
мен  толықтырулар  жобасы  республикалық  референдумға 
шығарылмайды. Мұндай жағдайда Парламенттiң шешiмi Кон-
ституцияда белгiленген тәртiппен қабылданады. Егер Республи-
ка Президентi Конституцияға өзгерiстер мен толықтыруларды 
республикалық референдумға шығару туралы Парламенттiң 
ұсынысын қабылдамай тастаса, онда Парламент Палаталарының 
әрқайсысының депутаттары жалпы санының кемiнде бестен 
төртiнiң көпшiлiк даусымен Парламент осы өзгерiстер мен 
толықтыруларды Конституцияға енгiзу туралы заң қабылдауға 
хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президентi осы заңға қол 
қояды немесе оны республикалық референдумға шығарады, егер 
республикалық референдумға қатысуға құқығы бар Республи-
ка азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, 
ол  өткiзiлдi  деп  есептеледi.  Республикалық  референдумға 
шығарылған  Конституцияға  өзгерістер  мен  толықтырулар, 
егер  олар  үшін  облыстардың,  республикалық  маңызы  бар 
қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс бе-
руге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс 
берсе, қабылданды деп есептеледі. 
2. Конституцияда белгiленген мемлекеттiң бiртұтастығын 
және аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын 
өзгертуге болмайды. 
Ескерту. 91-бап Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 
7 қазандағы № 284-І; 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-III 
Заңдарымен енгізілген өзгеріс және толықтырумен.


83
IX бөлім
 92-бап
1.  Конституциялық  заңдар  Конституция  күшiне  енген 
күннен бастап бiр жыл iшiнде қабылдануға тиiс. Егер Консти-
туцияда конституциялық деп аталған заңдар немесе заң күшi 
бар актiлер ол күшiне енген кезде қабылданып қойған болса, 
онда олар Конституцияға сәйкес келтiрiледi де, Қазақстан 
Республикасының конституциялық заңдары деп есептеледi. 
2. Конституцияда аталған өзге заңдар Парламент белгiлей-
тiн тәртiп пен мерзiмде, бiрақ Конституция күшiне енген 
күннен бастап екi жылдан кешiктiрiлмей қабылдануға тиiс. 
3. Республика Президентiнiң өзiне берiлген қосымша өкiлеттiктi 
жүзеге асыру мерзiмi iшiнде “Қазақстан Республикасының Прези-
дентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру ту-
ралы” 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының 
Заңына сәйкес шыққан және заң күшi бар Жарлықтары Рес-
публика заңдарын өзгерту, толықтыру немесе күшiн жою үшiн 
көзделген тәртiппен ғана өзгертiлуi, толықтырылуы немесе күшiн 
жоюы мүмкiн. 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан 
Республикасы Конституциясының 64-бабының 12-15, 18 және 
20 тармақтарымен көзделген мәселелер бойынша өзiне берiлген 
қосымша өкiлеттiктi жүзеге асыру мерзiмi iшiнде шыққан Рес-
публика Президентiнiң Жарлықтары Республика Парламентiнiң 
бекiтуiне жатпайды. 
4. Конституция күшiне енген кезде қолданылып жүрген 
Қазақстан Республикасының заңдары оған қайшы келмей-
тiн бөлiгiнде қолданылады және Конституция қабылданған 
күннен бастап екi жыл iшiнде оған сәйкес келтiрiлуге тиiс. 
93-бап
Конституцияның  7-бабын  жүзеге  асыру  мақсатында 
Үкiмет, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар арна-
улы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының барлық аза-


84
Қазақстан  Республикасының Конституциясы
маттары мемлекеттiк тiлдi еркiн әрi тегiн меңгеруi үшiн 
қажеттi ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық 
жағдайдың бәрiн жасауға мiндеттi.
94-бап
1. Конституция күшiне енген кезде қолданылып жүрген 
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайланған 
Қазақстан Республикасының Президентi Конституция белгiле-
ген Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiктерiне ие 
болады және оларды 1995 жылғы 29 сәуiрде республикалық 
референдумда  қабылданған  шешiм  бойынша  белгiленген 
мерзiм  iшiнде  жүзеге  асырады.  Қазақстан  Республикасы 
Президентiнiң келiсiмiмен Республика Президентi өкiлеттiгiнiң 
қазiргi мерзiмi Республика Парламентi Палаталарының бiр-
лескен отырысында Палаталардың әрқайсысының депутат-
тары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданған Рес-
публика Парламентiнiң қаулысымен қысқартылуы мүмкiн. 
Мұндай жағдайда Парламент Мәжiлiсi бiр ай iшiнде Қазақстан 
Республикасы Президентiнiң сайлауын тағайындайды. Осы 
сайлаудың қорытындылары бойынша сайланған Республи-
ка Президентi сайлау қорытындылары жарияланған күннен 
бастап  бiр  ай  iшiнде  ант  бередi  және  жетi  жылдан  кейiн 
желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiлуге тиiс кезек-
тi Президент сайлауында сайланған Республика Президентi 
қызметiне кiрiскенге дейiн өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады. 
2. Конституция күшiне енген кезде қолданылып жүрген 
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайланған 
Қазақстан Республикасының Вице-Президентi өзi сайланған 
мерзiм аяқталғанға дейiн өкiлеттiгiн сақтайды.
Ескерту. 94-бап Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 
7 қазандағы № 284-І Заңымен енгізілген толықтырумен.


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау