«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет38/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   89

137
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
түзiледi.  Ассамблея  және  кіші  ассамблеялар  арасында  осы 
құрылымдарды тұтасымен қарауға мүмкіндік беретін белгілі 
бір ұйымдық-құқықтық қатынастар орнаған.
Ассамблеяның  жұмыс  органы  Республика  Президентi 
Әкiмшілiгiнің құрамына құрылымдық бөлiмше ретiнде кiретін 
оның  Хатшылығы  болып  табылады,  кіші  ассамблеялардың 
жұмыс  органы  -  Астана,  Алматы  қалаларының  және 
облыстардың әкімдері аппаратының құрамына құрылымдық 
бөлiмше ретiнде кiретін олардың хатшылықтары болып та-
былады.  Аталған  хатшылықтар  функцияларының  қатарына 
кіретін  –  этникалық  қатынастарды,  қоғамдағы  келiсiм  мен 
тұрақтылықты  дамыту  және  нығайту  жөнiндегi  бiрлес-
кен  ведомствоаралық  және  өңіраралық  жұмыс  жоспарлары 
шеңберiнде мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру.
Республика  Президенті  өзі  бастама  жасаған  және  үнемі 
көтермелейтін этникалық қатынастар саласындағы тұрақты және 
көп жоспарлы мемлекеттік саясат Қазақстан Республикасының 
негізгі функцияларының біріне айналды. Ол Конституцияның 
тиісті нормалары, ағымдағы заңнама, әдеп, адамгершілік және 
өнеге  нормалары  нысанындағы  берік  саяси-құқықтық  негізге 
ие.  Берік  мемлекеттік-қоғамдық  ұйымдастырушылық  ресім-
делген құрылым, елеулі әлеуетті қамтыған Қазақстан халқының 
Ассамблеясы болып табылады.
Оған  конституциялық  мәртебе  беру  абсолютті  тұрғыда 
ақталған  және  заңды  қадам  болып  табылады.  Сонымен 
бірге  2007  жылғы  21  мамырдағы  Заңмен  Конституция 
деңгейінде бұрын белгісіз тағы бір ұлттық өкілеттік институт 
– Парламент Мәжілісінің тоғыз депутатын Қазақстан халқы 
Ассамблеясының тікелей сайлау институты бекітеді. Бұл сай-
лау 2007 жылғы 20 тамызда болды.
Қазақстан  халқы  Ассамблеясын  Республика  Конститу-
циясы  деңгейіне  дейін  шығару,  Парламент  Мәжілісінде 


138
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
оның тікелей өкілдігі, сондай-ақ Республика Президентінің 
бірқатар сенаторларды Ассамблея пікірін ескеріп тағайындау 
жиынтығында жылдар бойғы белсенді қызметімен жиналған 
тәжірибесі, ұйымдық ресімделген құрылымы, сонымен қатар 
қызметінің арнайы аппаратпен қамтамасыз етілуі «Қазақстан 
Республикасының  Президенті  туралы»  Конституциялық 
заңның 33-бабын нақтылауға әкелді; Қазақстан халқы Ассам-
блеясына жаңа мәртебе – Республика Президенті жанындағы 
мекеме (ұйым) болуына ұласты.
2007 жылғы 21 мамырдағы Заңмен Республика Президен-
ті  жанындағы  мекеме  (ұйым)  разрядына  тағы  бір  бұрынғы 
Мемлекет  басшысы  жанындағы  консультативтік-кеңесші 
орган  –  Жоғары  Сот  Кеңесі  ауыстырылды.  1995  жылғы  30 
тамызда  қабылданған  Республика  Конституциясының  82-
бабы 1 және 2-тармақтарында Жоғары Сот Кеңесiнiң негіз-
гі функцияларының бірі – ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасын 
(алқаларының төрағаларын) және ҚР Жоғарғы Сотының су-
дьялары лауазымдарына ҚР Парламенті Сенатының оларды 
сайлауы үшін, сондай-ақ жергілікті (сәйкес соттардағы және 
алқа төрағаларын) және басқа соттардың төрағалары лауазым-
дарына Президент тағайындаған кезде республика Президен-
тке ұсынымдар беруі айқындалған. Бұрын Конституцияның 
82-бабы 4-тармағында Жоғары Сот Кеңесінің құрамы тікелей 
айқындалған, олар: Қазақстан Республикасы Конституциялық 
Кеңестiң  Төрағасы,  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы 
Соттың Төрағасы, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры, 
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрi, Қазақстан Респуб-
ликасы Парламенті Сенатының депутаттары, судьялар және 
республика  Президентi  тағайындайтын  басқа  да  адамдар. 
Қазіргі анықтама бойынша Жоғары Сот Кеңесi Төрағадан және 
Республика Президентi тағайындайтын басқа да адамдардан 
тұратындығы  айқындалған.  Репрезентативтiкті  қамтамасыз 


139
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
ету  мақсатында  дербес  аталғандардан  басқа,  тікелей  Мем-
лекет  басшысы  Конституцияда  Кеңеске  Жоғарғы  Соттың, 
облыстық  және  аудандық  сот  судьялары  (сот  жүйесінің 
әр  тармағынан  екіден),  сондай-ақ  ғылыми  қауымдастық 
өкілдерін енгізді. Бастапқыда Жоғары Сот Кеңесін Респуб-
лика  Президенті  тікелей  өзі  басқарды,  кейіннен  Әкімшілік 
басшысының орынбасары – мемлекеттік-құқықтық бөлімнің 
меңгерушісі Кеңес Төрағасы болып тағайындалды, одан соң 
–  Қазақ  гуманитарлық-заң  университетінің  ректоры  бол-
ды.  Қазір  Кеңестiң  Төрағасы  Республика  Конституциялық 
Кеңесінiң Төрағасы болып табылады. 
Қазақстан  Республикасы  Жоғары  Сот  Кеңесi  мәртебесі 
мен жұмысты ұйымдастыру заңдармен (бұрынырақ Жоғары 
Сот Кеңесін қалыптастыру да заңмен берілген) айқындалады. 
Олар Сот жүйесі туралы заң және Жоғары Сот Кеңесі туралы 
Заң болып табылады.
Жоғары  Сот  Кеңесі  судьялардың  тәуелсіздігі  мен  оларға 
ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз етеді; конкурстық 
негізде  судья  лауазымының  бос  орнына  кандидат  іріктеуді 
жүзеге асырады; Республика Президентiне тиісті лауазымға 
тағайындау үшiн басшылар мен судьялардың бос орнына кан-
дидат ұсынады; сот басшылары мен судьяларын айналысатын 
лауазымдарынан  босату  мәселелерін  қарайды;  Республика 
Президентiне сот жүйесi мен заңдарды жетiлдiру мәселелерi 
бойынша ұсыныстармен өтініш жасайды; Сот жүйесі заңнан 
туындайтын өзге өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Жоғары  Сот  Кеңесінің  Төрағасы  мен  Хатшысының 
өкілеттіктері  айқындалған.  Кеңес  отырыстары  қажет  бо-
луына  қарай,  бiрақ  жылына  кемiнде  төрт  рет  өткiзiледі 
және  оның  мүшелерi  жалпы  санының  кемiнде  үштен  екiсi 
болған жағдайда заңды болады. Кеңестің шешімі ашық дау-
ыс беру арқылы оның мүшелерінің жай көпшілік дауысымен 


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау