11
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
дауыспен қабылданады және хаттамадан үзіндімен ресімде-
леді. Қазақстан халқының Ассамблеясы Кеңесінің шешімі
дауысқа түскен азаматтың дауысқа түсуге келісімі туралы
өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.
Қазақстан халқының Ассамблеясымен сайланатын Мәжіліс
депу-таттығына кандидаттарды ұсыну сайлауға дейінгі он
бес күнде басталып, сайлауға дейінгі он күнде аяқталады.
Қазақстан халқының Ассамблеясы Кеңесімен ұсынылған кан-
дидаттарды тіркеу Орталық сайлау комиссиясымен жүргізіледі.
Кандидат және оның жұбайы тіркелгенге дейін тұрғылықты
жері бойынша салық органына Сайлау туралы заңға сәйкес
белгіленген ұсынылу мерзімінің басындағы айдың бірінші
күніне табысы және мүлкі туралы декларацияны мемлекет
алдындағы салықтық міндеттердің орындалуына салықтық
бақылауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының
уәкілетті мемлекеттік органымен белгіленген тәртіпте және
нысанда ұсынады. Ассамблея Кеңесімен ұсынылған канди-
датпен және оның жұбайымен декларацияланған табысы және
мүлкі туралы мәлімдемелердің дұрыстығы кандидат тіркелген
күннен бастап үш күн ішінде салық органымен тексеріледі.
Қазақстан халқының Ассамблеясы Кеңесімен ұсынылған
кандидаттарды тіркеу келесі құжаттар болған кезде
жүргізіледі:
1) Ассамблея Кеңесінің кандидаттарды ұсыну туралы хат-
тамасынан үзінді;
2) депутаттыққа кандидат ретінде дауысқа түсуге келі-
сетіндігі туралы азаматтың өтініші;
3) Қазақстан халқының Ассамблеясы Кеңесімен ұсынылған
әр тұлға туралы өмірбаян деректері;
4) Ассамблея Кеңесімен ұсынылған кандидатпен және
оның жұбайымен табысы және мүлкі туралы декларацияның
тапсырылғандығы туралы салық органының анықтамасы.
162
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
Орталық сайлау комиссиясы Ассамблея Кеңесімен
ұсынылған кандидаттар тіркелгенннен кейін үшінші күннен
кешіктірмей БАҚ-та Қазақстан халқының Ассамблеясы
Кеңесінің атауы және Қазақстан халқының Ассамблеясы
Кеңесімен ұсынылған адамдар саны, әр ұсынылған адамның
тегі, есімі, әкесінің аты, туған жылы, атқаратын лауазы-
мы (кәсібі), жұмыс орны, тұрғылықты жері, сонымен қатар
кандидаттардың қарауына қарай – ұлты көрсетілген тіркелуі
туралы хабарламаны жариялайды және тіркелген кезде әр
кандидатқа тиісті куәлік береді.
Қазақстан халқының Ассамблеясы Кеңесімен ұсынылған
кандидаттарды тіркеу, егер сайлауды тағайындау кезінде
басқаша белгіленбесе, сайлауға дейінгі он күн бұрын баста-
лады және сайлауға дейінгі бес күн бұрын аяқталады.
Қазақстан халқының Ассамблеясымен Парламенттің
Мәжілісіне сайланатын депутаттарды сайлау Республи-
ка Президентімен шақырылатын Қазақстан халқының
Ассамблеясының сессиясында жүргізіледі. Қазақстан халқының
Ассамблеясының сессиясына Республика астанасының неме-
се аумағында сессия жүргізілетін республикалық маңызы бар
қаланың (Алматы) тиісті аумақтық сайлау комиссиясының
төрағасы және мүшелері қатысады. Осыған байланысты
Қазақстан халқының Ассамблеясы Кеңесі сайлауға дейінгі он
күннен кешіктірмей Орталық сайлау комиссиясына дауыс бе-
руді өткізу орны туралы хабарлайды.
Қазақстан халқының Ассамблеясының сессиясы өткізілетін
жайда сайлау комиссиясымен Парламент Мәжілісіне депутат-
тарды сайлау бойынша дауыс беру бекеті ұйымдастырылады.
Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша Қазақстан халқының
Ассамблеясы сессиясының өткізілуін куәландыратын құжат
аймақтық сайлау комиссиясына ұсынылатын сессия хаттама-
сы болып табылады. Қазақстан халқының Ассамблеясымен
163
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
сайланатын Мәжіліс депутаттарының сайлауындағы дау-
ыстарды есептеу нәтижелері дауыс беруге арналған бекетте
өткізілген тиісті аумақтық сайлау комиссиясының мәжілісінде
белгіленеді. Аумақтық сайлау комиссиясы сайлау нәтижелері
бойынша Қазақстан халқының Ассамблеясының сессиясын-
да жарияланатын Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша да-
уыстарды есептеу хаттамасын құрайды және сайлау күнінен
бастап екі күннен аспайтын мерзімде Орталық сайлау комис-
сиясына жіберіледі. Қазақстан халқының Ассамблеясының
сессиясы тиісті аумақтық сайлау комиссиясымен Мәжіліс
депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері
жарияланғаннан кейін жабылады. Қазақстан халқының Ас-
самблеясымен сайланған Мәжіліс депутаттарын Орталық
сайлау комиссиясы тіркейді.
Сайлау туралы заңның 85-бабы 3-1-тармақшасының
ережелеріне сәйкес Қазақстан халқының Ассамблея-
сымен сайланатын Мәжіліс депутаттарын сайлау күні
партиялық тізім бойынша сайланатын Мәжіліс депутат-
тарын сайлауды өткізу күнімен сәйкес келмеуі мүмкін
екендігін атап өту қажет.
Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы әрекет
етуші Парламент шақырылымының өкілеттік мерзімі
аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірілмей жүргізілуі тура-
лы Конституцияның ережесі Парламент өкілеттігінің мер-
зімі кезекті шақырылымдағы Мәжіліс депутаттарының
өкілеттік мерзімімен анықталатынын білдіреді. Мәжіліс
депутаттарының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды. Ке-
зекті шақырылымдағы Парламент өкілеттігі оның бірінші
сессиясының ашылу сәтінде басталып, келесі шақырылымдағы
Парламенттің бірінші сессиясы жұмысының басталуымен
аяқталады. Мұнда Парламент шақырылымының кезектілігі
Мәжіліс шақырылымының кезектілігімен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |