131
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
қорғау жөніндегі агенттігі, сондай-ақ жекелеген құқық
қорғау мен әскерилендірілген органдар – ұлттық қауіпсіздік
органдары, ҚР Экономикалық және сыбайластық жемқорлық
қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігі (Қаржы полициясы),
Республика Президентінің Күзет қызметі, Республикалық
Ұлан және т.б жатады. Нақты жағдайларға қарай, бірінші
кезекте – мемлекеттік басқарудың нақты салаларының сипа-
тына, оның жылдам дамуының қажеттілігіне немесе сыртқы
әсерден қорғауға байланысты Мемлекет басшысымен
стратегиялық жоспарлау, стратегиялық ресурстарды пайдала-
ну және т.б. басшылық ету өз мойнына алынды. Даму бары-
сына тұрақтылық және ілгерілену қалыптасқаннан кейін ізін-
ше функция мен тиісті мемлекеттік құрылым Үкіметке қайта
бағынды немесе басқа мемлекеттік орган түріне өзгертілді.
2007 жылғы 21 мамырға дейін Президент туралы заң осы
мемлекеттік органдар үшін құқықтық негіздеме болып табыл-
ды. Республика Президентіне осы органдарға қатысты біраз
өкілеттіктер, құру, қайта құру және тартуды қоса; олар туралы
ережелерді, құрылымы мен штаттық санын; білім беру ереже-
лерін бекіту; аталған мемлекеттік органдардың ведомствола-
рын тарату және қайта құру, басшылардың есептерін тыңдау
және т.б. беріледі. Осы мемлекеттік органдар басшыларының
өкілеттіктері қайта сайланған Республика Президенті лауа-
зымына кіріскен кезде тоқтатылады. Конституцияның 44-
бабын 5-тармақшамен толықтыру тәжірибеде қалыптасқан
осы органдар мен Үкімет және министрліктер арасындағы
ұйымдастырушылық-құқықтық келіспеушіліктерді жояды.
Мемлекет басшысының өзі құрған құрылымдары арқылы
маңызды салаларды тікелей басқаруы президенттік басқару
нысанының құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Бұл рет-
те, аталған мемлекеттік органдардың көпшілігінің құқықтық
мәртебесінің негіздері Парламент қабылдаған заңдармен бел-
132
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
гіленген, мысалы, Мемлекеттік қызмет туралы заң; Бюджет
кодексі; Ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы; Президенттiң
күзет қызметi туралы, осының өзі Мемлекет басшысы мен
заң шығарушы орган депутаттарының бірлескен қызметі ту-
ралы куәландырады.
44.7) Парламенттің және оның Палаталарының рөлін арттыру
аясында ҚР Орталық сайлау комиссиясын қалыптастыру тәртібі
өзгертілді. Бұрын Конституцияның 57-бабы 3-тармақшасына
сәйкес Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, төрағасының
орынбасары, хатшысы және мүшелері лауазымына Республи-
ка Президентінің ұсынысы бойынша Парламент Мәжілісімен
сайланған және босатылған. Қазіргі кезде Төраға мен екі мүшені
Мемлекет басшысы тағайындайды және екі-екіден Сенат
және Парламент Мәжілісі сайлайды. Мемлекет басшысының
және Парламент Палаталарының мұндай ұстанымымен тәртіп
көбінесе Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің тәуелсіздік
және жауапкершілік талаптарына, әсіресе көппартиялықты
нығайту жағдайларында жауап береді.
44.13) Осы тармақшадағы «наградтайды» деген сөз «ма-
рапаттайды» деген сөзбен ауыстырылаған. Аталған өзгеріс
қазақтың төл терминдерінің де баршылық екендігін көрсетеді.
Осы өзгеріс «марапаттайды» деген сөздің қазақ тілі ұғымына
етене жақындығы мен жиі қолданылатындығына байланыс-
ты және сондай-ақ әдеби тіл нормасын сақтау мақсатынан
туындап отыр.
44.16) Заңның бұл тармақшасындағы «консультация-
лар алысқаннан» деген сөздер «ресми консультациялардан
кейiн» деген сөздермен ауыстырылған. Осы өзгеріс алғашқы
сөз тіркесіндегі «алысқан» деген сөздің ауызекі тілінде
пайдаланылатындығымен, яғни стилистикалық кемшілікке жол
берілуіне байланысты болып отыр. Осыған байланысты осы
өзгеріс әдеби тіл нормасын сақтау мақсатынан туындап отыр.
133
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
44.20) Бұрын бұл тармақша Республика Президентінің
консультативтік-кеңесші
органдарды
құру
бойынша
өкілеттігін реттейтін. Мемлекет басшысымен жоғарғы билік-
ке азаматтық қоғамның түрлі институттарының мүдделері мен
қажеттіліктерін; саяси, ұлттық-мәдени қоғамдастықтармен,
үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен
және азаматтармен байланысты қамтамасыз ететін; маңызды
шешімдердің жобаларын әзірлеуге биліктің заң шығарушы,
атқарушы, сот тармақтарымен қатар қажетті сала мамандарын
тартып; түрлі органдардың қызметін келісіп және шығарылған
актілерді орындауға бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік
беретін осындай мемлекеттік құрылымдардың тұтас жүйесі
қалыптастырылды. Олар Қазақстан Республикасының
Қауіпсіздік Кеңесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық
кеңесі, Адам құқығы жөніндегі комиссия, Құқықтық саясат
жөніндегі кеңес, Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі
ұлттық комиссия, Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық
саясат) жөнiндегi қоғамдық кеңес, Кешiрiм жасау мәселелерi
жөнiндегi комиссия, Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия
және басқалары болып табылады. 1995 жылғы Конституция жо-
басымен сараптамалық-консультативтік кеңес жұмыс жасады,
қазіргі конституциялық реформа Қазақстан Республикасында
демократиялық реформалар бағдарламаларын әзірлеу және
нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның және оның ізін
басушы Демократия және азаматтық қоғам жөніндегі Ұлттық
комиссияның қызметі нәтижесінде жүзеге асырылуда.
Сөйлемнің «сондай-ақ» деген сөзбен басталатын екінші
бөлігі қағидаттық маңызға ие.
2007 жылғы 21 мамырдағы Заңмен бұрынғы екі
сараптамалық-консультативтiк орган – Қазақстан халқы
Ассамблеясы және Қазақстан Республикасы Жоғары Сот
Кеңесінің мәртебесі өзгертілді.
Достарыңызбен бөлісу: |