Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі


-тарау. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау



жүктеу 5,76 Mb.
бет22/30
Дата17.11.2017
өлшемі5,76 Mb.
#668
түріКодекс
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30

27-тарау. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау
1-параграф. Индустриялық-инновациялық қызмет
344-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет түсінігі мен мәні

1 .Экономикалық тиiмдiлiктi арттыру мақсатында, экологиялық қауiпсiздiктi ескере отырып, жаңа немесе жетiлдiрiлген өндiрiстер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, техникалық, өндiрiстiк, әкiмшiлiк, коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешiмдер, сондай-ақ өзге де қоғамдық пайдасы бар нәтиже түрiнде iс жүзiне асырылған жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметiнiң нәтижесi инновация деп танылады.

Индустриялық-инновациялық жоба дегеніміз технологиялар трансфертiне, жаңа немесе жетiлдiрiлген өндiрiстер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар және қызметтер жасауға бағытталған, белгiлi бiр уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын iс-шаралар кешенi.

2. Индустриялық-инновациялық қызмет – еңбек өнiмдiлiгiн арттыру және экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыруды қамтамасыз ету мақсатында, экологиялық қауiпсiздiк қамтамасыз етiлуiн ескере отырып, индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыруға не отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi және (немесе) сыртқы нарықтарға жылжытуға байланысты кәсіпкерлік субъектілердің қызметі.

Бұл ретте экономиканың басым секторлары деп – мемлекеттiң экономикалық даму серпiнi мен сапасына әсер етуге қабiлеттi ұлттық экономиканың секторлары түсініледі.
345-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын не отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi және (немесе) сыртқы нарықтарға жылжыту жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және (немесе) коммерциялық заңды тұлға болып табылады.


346-бап. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың мақсаты, міндеттері және қағидаттары

1. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыру негiзiнде ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру болып табылады.

2. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың мiндеттерi:

1) экономиканың басым секторларын дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау;

2) бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайларды қамтамасыз ету;

3) еңбек өнiмдiлiгiн арттыру, сондай-ақ өндiрiстiк тiзбектi ұзарту және нарықты кеңейту мақсатында жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) үшiн қолайлы жағдайлар жасау;

4) инновацияларды тиiмдi енгiзудi және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамытуды қолдау;

5) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң инвестициялық тартымдылығын және экспорттық әлеуетiн арттыру;

6) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне технологияларды коммерцияландыруда жәрдем көрсету;

7) индустриялық-инновациялық субъектiлерге экспорттық әлеуетiн дамытуда жәрдем көрсету;

8) экономиканың басым секторларында ғылыми-зерттеу базасын дамыту және оны өндiрiстiк процеспен ықпалдастыру;

9) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықта, оның iшiнде индустриялық-инновациялық қызмет үшiн жоғары бiлiктi кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастықта жәрдем көрсету болып табылады.

3. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметiн мемлекеттiк қолдау:

1) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне осы Кодекске сәйкес мемлекеттiк қолдау алуға тең қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету;

2) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне мемлекеттiк қолдаудың ұсынылатын шараларының жариялылығы, атаулылығы мен транспаренттiлiгi;

3) мемлекет және индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi мүдделерiнiң теңгерiмдiлiгiн қамтамасыз ету;

4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi индустриялық-инновациялық жобаларының жеке ерекшелiктерiн ескере отырып, оларды табысты iске асыру мақсатында мемлекеттiк қолдау шараларын оңтайландыру;

5) мемлекеттiң және индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң тұрақты өзара iс-қимылын қамтамасыз ететiн кешендiлiк және жүйелiлiк;

6) Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiне сәйкестiгi қағидаттарына негiзделедi.
2-параграф. Қазақстан Республикасының индустриялық-

инновациялық жүйесі
347-бап. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық жүйесi

Қазақстан Республикасында экономиканың басым секторларын дамытуды және индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды ынталандыру мақсатында индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын субъектiлерден, инфрақұрылымнан және құралдардан тұратын индустриялық-инновациялық жүйе құрылады.


348-бап. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйенiң субъектiлерi

1. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйенiң субъектiлерiне ұлттық, оның iшiнде өңiрлiк даму институттары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау шараларын iске асыруға уәкiлеттi, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы тiкелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесiлi өзге де заңды тұлғалар жатады.

2. Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты:

1) экономиканың басым секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетедi;

3) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға басым тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiрыңғай картасын әзiрлеу мен оны өзектi ету бойынша қызметтер көрсетедi;

4) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға индустрияландыру картасының экономикалық тиiмдiлiгiн талдау бойынша қызметтер көрсетедi.

3. Технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты:

1) технологиялық болжау процесiне қатысады;

2) инновацияларды дамыту саласындағы ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетедi;

3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң жарғылық капиталдарына қатысу, шетелдiң қатысуымен заңды тұлғалар құру, инвестициялық қорлар құру немесе оларға қатысу жолымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсiлдермен индустриялық-инновациялық жобаларға инвестициялар тартуды жүзеге асырады;

4) технопарктердi, технологияларды коммерцияландыру орталықтарын, салалық конструкторлық бюроларды, технологиялар трансфертiнiң халықаралық орталықтарын құруға, басқаруға және үйлестiруге қатысады;

5) экономиканың басым секторларын технологиялық дамытуды ынталандыру үшiн ақпараттық ресурстарды, бiлiм беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;

6) iске асырылатын индустриялық-инновациялық жобалар, енгiзiлген технологиялар туралы, технологиялық болжау бойынша жүргiзiлген талдамалық зерттеу нәтижелерi туралы ақпаратқа қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етедi;

7) технологиялық бизнес-инкубациялау, технологияларды коммерцияландыру және технологиялар трансфертi, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң кадрлық, басқарушылық және өндiрiстiк әлеуетiн күшейту бойынша мемлекеттiк қолдау тетiктерiн iске асыруға қатысады;

8) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға сараптамалық қорытындыларды және (немесе) ұсынымдарды бередi;

9) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға инновациялық гранттар беру жөнiнде қызметтер көрсетедi;

10) технологиялық даму саласында ақпарат жинауды және индустриялық-инновациялық жүйенiң тиiмдiлiгiн талдауды жүзеге асырады;

11) тәуекелдiк инвестициялаудың инвестициялық қорларын дамытуға жәрдемдеседi.

4. Жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты:

1) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқорын қалыптастырады және жүргiзедi;

2) жергiлiктi қамтуды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетедi;

3) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға iшкi нарықта тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлердi мемлекеттiк қолдау шараларының iске асырылуы тиiмдiлiгiн талдау бойынша қызметтер көрсетедi;

4) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң тауарларын, жұмыстары мен көрсетiлетiн қызметтерiн iшкi нарықта жылжыту жөнiндегi шығыстарының бiр бөлiгiн өтеу бойынша қызметтер көрсетедi;

5) жергiлiктi қамту бойынша сараптаманы жүзеге асырады.

5. Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық даму институты:

1) Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргiзедi;

2) шетелдiк инвесторлардың қызметiн ақпараттық сүйемелдеудi қамтамасыз етедi, оның iшiнде инвесторлардың мемлекеттiк органдармен, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiмен, сондай-ақ жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiмен кездесулерiн ұйымдастырады, инвестиция тақырыбы бойынша бизнес-форумдар, конференциялар мен семинарлар өткiзедi, шетелдiк инвесторлардың дерекқорын қалыптастырады және жүргiзедi;

3) Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық имиджiн жылжытады, оның iшiнде инвестициялық мүмкiндiктер туралы ақпарат ұсынады;

4) шетелдiк инвесторлармен келiссөздердiң қорытындылары бойынша қол жеткiзiлген ресми уағдаластықтардың iске асырылу мониторингiн жүргiзедi;

5) шетелдiк инвесторлардың қатысуымен iске асырылатын индустриялық-инновациялық жобалардың мониторингiн жүргiзедi.

6. Экспортты дамыту және жылжыту саласындағы ұлттық даму институты:

1) сыртқы нарықтарға талдау жүргiзедi;

2) отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша жәрдемдеседi;

3) отандық экспорттаушыларға олардың сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, әлеуеттi экспорттық нарықтарды iздестiру және олардың тауарларын, көрсетiлетiн қызметтерiн сыртқы нарықтарға жылжыту мәселелерi бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсетедi;

4) отандық өңделген тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын жылжыту бойынша iс-шаралар жүргiзедi;

5) экспортты жылжыту мәселелерi бойынша отандық, шетелдiк және халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

6) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу жөнiнде қызметтер көрсетедi;

7) экспортты жылжыту мақсатында шетелдiк өкiлдiктер құрады.


349-бап. Индустриялық-инновациялық инфрақұрылым

1. Мыналар:

1) арнайы экономикалық аймақтар, оның iшiнде дербес кластерлiк қор;

2) индустриялық аймақтар;

3) технопарктер;

4) тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорлары;

5) технологияларды коммерцияландыру орталықтары;

6) салалық конструкторлық бюролар;

7) технологиялар трансфертiнiң халықаралық орталықтары;

8) инновациялық кластерлер индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементтерi болып табылады.


350-бапАрнайы экономикалық аймақтар

  1. Арнайы экономикалық аймақ - қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыру үшiн арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимi қолданылатын, дәл белгiленген шекаралары бар Қазақстан Республикасы аумағының бiр бөлiгi

Арнайы экономикалық аймақтың аумағында арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшiн осы Кодексте, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы», «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы», салық, кеден, жер заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында белгiленген арнайы құқықтық режим қолданылады.

2. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында немесе оның бiр бөлiгiнде еркiн кедендiк аймақ кедендiк рәсiмi қолданылады. Шегiнде еркiн кедендiк аймақ кедендiк рәсiмi қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың шекаралары Қазақстан Республикасы Президентiнiң арнайы экономикалық аймақты құру туралы актiсiне сәйкес айқындалады.

Еркiн кедендiк аймақ кедендiк рәсiмi кеден одағының кедендiк заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендiк заңнамасына сәйкес қолданылады.

Арнайы экономикалық аймақтың аумағы кеден одағының кедендiк аумағының бiр бөлiгi болып табылады.

Еркiн кедендiк аймақ кедендiк рәсiмi қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың аумағы кедендiк бақылау аймағы болып табылады. Еркiн кедендiк аймақ кедендiк рәсiмi қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың аумағында кедендiк бақылауды кеден одағының кедендiк заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендiк заңнамасына сәйкес кеден органдары жүзеге асырады.

1. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен қамтамасыз етiлетiн құқықтар мен мүдделердi қорғауға кепiлдiк берiледi.

Арнайы экономикалық аймақ қатысушысының мүлкiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп алып қоюға (мемлекет иелiгiне алуға, реквизициялауға) тек қана Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген айрықша жағдайларда және тәртiппен жол берiледi.

Арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi төлегеннен кейiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтi жүзеге асырудан алынған табыстарды өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.



351-бап. Индустриялық аймақ

1. Индустриялық аймақ - коммуникациялармен қамтамасыз етiлген, мемлекет жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне өнеркәсiп объектiлерiн орналастыру және пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен беретiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жер.

2. Индустриялық аймақтар жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн экономикалық және ұйымдық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

3. Индустриялық аймақтардың мiндеттерi:

1) өнеркәсiп саласындағы жеке кәсiпкерлiктi жедел дамытуға жәрдемдесу;

2) жаңа өндiрiстер инфрақұрылымын құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру;

3) өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру;

4) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.


352-бап. Технологиялық парк

1.Технологиялық парк (бұдан әрi – технопарк) – технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрған, индустриялық-инновациялық қызметтi iске асыру үшiн қолайлы жағдайлар жасалатын бiрыңғай материалдық-техникалық кешенi бар аумаққа меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде иелiк ететiн заңды тұлға.

2. Технопарктер қызметiнiң негiзгi түрi индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң жұмыс iстеуiнiң бастапқы кезеңiнде оларға үй-жайлар, жабдықтар беру, бухгалтерлiк есеп жүргiзу, заңдық, ақпараттық және консультациялық сүйемелдеу, инвестициялар тарту, жобаларды басқару бойынша қызметтер, сондай-ақ индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыру үшiн қажеттi өзге де қызметтер ұсынуды бiлдiретiн технологиялық бизнес-инкубациялау болып табылады. Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерiн көрсету, сондай-ақ мұндай қызметтер құнын айқындау қағидаларын индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
353-бап. Акционерлiк инвестициялық қор


  1. Акционерлiк инвестициялық қор - қызметiнiң айрықша түрi осы Заңда белгiленген талаптарға және «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген өзiнiң инвестициялық декларациясына сәйкес осы қоғамның акционерлерi оның акцияларын төлеу үшiн қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесiнде алынған активтердi жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлiк қоғам.

2. Тәуекелдi инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорларының қызметi «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.
354-бап. Технологияларды коммерцияландыру орталықтары

1.Технологияларды коммерцияландыру орталығы – технологияларды коммерцияландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға, ғылыми ұйымның, жоғары оқу орнының немесе дербес бiлiм беру ұйымының құрылымдық немесе оқшауланған бөлiмшесi, жаңа немесе жетiлдiрiлген тауарларды, процестер мен көрсетiлетiн қызметтердi нарыққа шығару мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерiн iс жүзiнде қолданумен байланысты, оң экономикалық әсер алуға бағытталған қызмет

2. Технологияларды коммерцияландыру орталықтары қызметiнiң негiзгi бағыттары: коммерцияландыру үшiн технологиялар iздестiрудi және оларды бағалауды, маркетингтiк зерттеулердi, зияткерлiк меншiктi қорғау саласында консультациялық қызметтер көрсетудi, технологияларды коммерцияландыру стратегиясын әзiрлеудi, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектiлерi мен жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң технологияларды коммерцияландыру саласында шарттар жасасуы мақсатында олардың өзара iс-қимылын ұйымдастыруды қоса алғанда, бiрақ олармен шектелмей, технологияларды коммерцияландыру жөнiндегi қызметтер кешенiн көрсету болып табылады.

Технологияларды коммерцияландыру орталықтарын әдiснамалық, консультациялық жағынан және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзгедей түрде қолдауды технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты жүзеге асырады.


355-бап. Салалық конструкторлық бюро

  1. Салалық конструкторлық бюро– материалдық-техникалық кешенге иелiк ететiн, жаңа немесе жетiлдiрiлген тауарлар өндiрудi ұйымдастыруда индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жәрдемдесу үшiн технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрған заңды тұлға.

2. Салалық конструкторлық бюролардың негiзгi мiндетi индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жаңа немесе жетiлдiрiлген тауарларды жасауда, оның iшiнде технологиялар трансфертi, конструкторлық-технологиялық құжаттаманы сатып алу, бейiмдеу, әзiрлеу, оны кейiннен индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне өтеулi негiзде беру және оның негiзiнде тауарлар өндiрiсiн ұйымдастыру үшiн қажеттi қызметтер көрсету арқылы жәрдемдесу болып табылады
356-бап. Технологиялар трансфертiнiң халықаралық орталықтары

Технологиялар трансфертiнiң халықаралық орталықтарын индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi шетелдiк әрiптестерiмен бiрлесiп iске асыратын индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыруға жәрдемдесу мақсатында технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрады.

Технологиялар трансфертi иелік ету және (немесе) пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған тәсілдермен алынған жаңа немесе индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлері, меншік иелері технологияларымен жетілдірілген процесс деп түсініледі.
357-бап. Инновациялық кластер

1.Инновациялық кластер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, өзара iс-қимыл жасау және қолда бар мүмкiндiктердi бiрлесiп пайдалану, бiлiм және тәжiрибе алмасу, технологияларды тиiмдi беру, орнықты әрiптестiк байланыстарды жолға қою және ақпарат тарату арқылы индустриялық-инновациялық қызметтi ынталандыруға арналған ғылыми ұйымдардың, бiлiм беру ұйымдарының, тәуекелмен инвестицияланатын акционерлiк инвестициялық қорлардың, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бiрлестiгi.

Инновациялық кластерлер өзара iс-қимыл жасасу және қолда бар мүмкiндiктердi бiрлесе пайдалану, бiлiм мен тәжiрибе алмасу, технологияларды тиiмдi түрде беру, тұрақты әрiптестiк байланыстарды жолға қою және ақпаратты тарату арқылы индустриялық-инновациялық қызметтi ынталандырады.
358-бап. Индустриялық-инновациялық жүйе құралдары

1. Индустриялық-инновациялық жүйенi жоспарлау құралдарына технологиялық болжау және басым тауарлар мен қызметтердiң бiрыңғай картасы жатады.

Технологиялық болжауды тұрақты негiзде үш жылда бiр реттен кем емес қорытындылар шығара отырып, индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган жүргiзедi.

Технологиялық болжау индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган әзiрлейтiн және бекiтетiн технологиялық болжауды жүргiзу әдiстемесiне сәйкес жүзеге асырылады.

Технологиялық болжау процесiн шетелдiк және отандық сарапшыларды тарту, сауалнама мен талдамалық зерттеулер жүргiзу, технологиялық болжау қорытындыларын шығару үшiн алынған мәлiметтердi жинақтап қорыту және ұсынымдарды қалыптастыру жолымен технологиялық дамыту жөнiндегi ұлттық даму институты қамтамасыз етедi.

Технологиялық болжау қорытындылары:



  1. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзiмдi перспективадағы дамуы үшiн сындарлы технологиялар тiзбесiн және инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау мен өзектi етуге;

  2. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзiмдi перспективадағы дамуы үшiн индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне инновациялық гранттар берудiң басым бағыттары шеңберiнде олардың индустриялық-инновациялық жобаларын iске асыру үшiн өтеусiз негiзде берiлетiн бюджет қаражаты түріндегі тізбесін айқындау және өзекті ету.

3) технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтына жәрдемдесу кезiнде индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган iске асыратын нысаналы технологиялық бағдарламаларды қалыптастыруға;

4) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органның ғылыми-технологиялық дамудың салааралық жоспарын әзiрлеуiне және өзектi етуiне негiз болып табылады.

Басым тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiрыңғай картасы Қазақстан Республикасында өндiру үшiн стратегиялық бәсекелестiк артықшылықтарға ие, экономиканың әрбiр басым секторы бойынша айқындалған және индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдаудың басымдықтары болып табылатын тауар топтарының, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бiлдiредi.

2. Индустрияландыру картасы индустриялық-инновациялық жүйе мониторингiнiң (iске асырылуының) құралы болып табылады және белгiлi бiр қаржыландыру көздерi, оларды iске асыру жөнiндегi кестелерi мен iс-шаралар жоспарлары бар республикалық және өңiрлiк индустрияландыру карталарына енгiзiлген индустриялық-инновациялық жобалардың жиынтығын бiлдiредi.

3. Инновацияларды ақпараттық қолдау және технологияларды коммерцияландыру индустриялық-инновациялық жүйенi ынталандыру және дамыту құралдары болып табылады.

Инновацияларды ақпараттық қолдауды технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты жеке және заңды тұлғалардың өнертапқыштық қызметiн және инновациялық белсендiлiгiн ынталандыратын конкурстарды ұйымдастыру, баспа және электрондық өнiмдi шығару және тарату арқылы технологияларды құру, енгiзу, коммерцияландыру процестерiн тарату мақсатында жүзеге асырады.

Технологияларды коммерцияландыру:

1) лицензиялық шартты және (немесе) зияткерлiк меншiк объектiсiне айрықша құқықтардың басқа тұлғаға ауысуы туралы шартты жасасу;

2) технологияларды коммерциялық пайдалануы үшiн заңды тұлға құру;

3) жеке және заңды тұлғаларға шарттық негiзде қызметтер көрсету арқылы технологияларды пайдалану;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсiлдер арқылы жүзеге асырылады.

Технологияларды коммерцияландыруда индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жәрдемдi осы Кодекстің 20-бабына сәйкес технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты көрсетедi.

4. Мемлекеттiк органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйенiң субъектiлерi жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау шараларының iске асырылу тиiмдiлiгiн бағалау индустриялық-инновациялық жүйенi талдау құралы болып табылады.

Мемлекеттiк органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметтi қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйенiң субъектiлерi жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау шараларының iске асырылу тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтедi.


жүктеу 5,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау