Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі



жүктеу 5,76 Mb.
бет1/30
Дата17.11.2017
өлшемі5,76 Mb.
#668
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30


Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі

Осы Кодекс Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылынан, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуден және қолдаудан туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.


1-бөлім. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-

қимылының құқықтық негізі
1-бап. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік

саласындағы заңнамасы

  1. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне негізделеді.

  2. Кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігіне негізделген тауар-ақша және өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларымен реттеледі.

  3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы Кодексте көзделгендегіден өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

  4. Кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін жүзеге асырудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамалыық актілерімен белгіленеді.


2-бап. Кәсіпкерлік ұғымы және оны құқықтық реттеудің шектері

  1. Кәсіпкерлік - жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды (мемлекеттік кәсіпкерлік) не шаруашылық жүргізу құқығына немесе оралымды басқаруға негізделген, мүлікті пайдалану, тауарды сату, жұмысты орындау, қызметтер көрсету арқылы жүйелі түрде табыс алуға бағытталған кәсіпкердің атынан, тәуекелмен және мүліктік жауапкершілікпен дербес, бастамашылықпен жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың қызметі.

  2. Кәсіпкерлік Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін негіздер бойынша ғана шектелуі мүмкін.

  3. Жеке кәсіпкерлікті шектеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттің айрықша құзырына жатқызылатын мәселелер бойынша ғана орын ала алады.

  4. Мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерліктің бөлек субектілеріне артықшылықты ережелерді белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдауына тыйым салынады.


3-бап. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының мақсаттары мен қағидаттары

  1. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы кәсіпкерлік пен қоғамды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастамашылықты ынталандыруға бағытталған.

  2. Мыналар:

  1. заңдылық

  2. жеке кәсіпкерліктің еркіндігіне кепілдік (Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбайтын қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға рұқсат берілген) және оны қорғау (жеке кәсіпкерліктің қағидаты);

  3. барлық кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы теңдігі (кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі қағидаты);

  4. кәсіпкерлік субъектілері меншігіне қол сұғылмаушылықтың және оны қорғаудың кепілдігі (меншікке қол сұғылмаушылықтың қағидаты);

  5. жосықсыз бәсекелестікті жүзеге асыруға жол бермеу;

  6. барлық кәсіпкерлік субъектілерінің заң мен сот алдындағы теңдігі;

  7. тұтынушылар, кәсіпкерлер және мемлекет мүдделерінің тепе-теңдігі;

  8. мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік (жариялық қағидаты);

  9. кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізділігі, тиімділігі және нысандары мен құралдарының жеткілікті болуы;

  10. кәсіпкерлік субъектілерінің өзінің заңды құқықтарын өз бетінше қорғауға деген қабілетін арттыру;

  11. құқық бұзушылықтың алдын алудың жазалаудың алдындағы басымдығы;

  12. бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының өз міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және олардың өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жауапкершілік;

  13. кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі;

  14. сыбайлас жемқорлықтан тыс болу;

  15. кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және оларды қорғау мен жан-жақты қолдауды қамтамасыз ету;

  16. отандық тауарлар шығарушыларды, жұмыс орындаушыларын және қызмет көрсетушілерді қолдау;

  17. кәсіпкерлік субъектілерінің ісіне мемлекеттің заңсыз араласуына жол бермеу;

  18. кәсіпкерлік субъектілерінің құқық шығармашылығына қатысуы;

  19. кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыру;

  20. кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің қатысуын шектеу;

  21. кәсіпкерлік саласында өзін-өзі реттеушілікті дамыту кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының қағидаттары болып табылады.


4-бап. Заңдылық қағидаты

1.Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлік субъектілері тек қана Қазақстан Республикасының Конституциясы шегінде және соған сәйкес қабылданған құқықтық актілерге сәйкес іс-әрекет жасауы тиіс.

2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар және (немесе) олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының Конституциясының, осы Кодекстің және өзге де құқықтық нормативтік актілердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарын дәлме-дәл әрі бұлжытпай сақтауға міндетті.

3. Мемлекеттік органдардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының заңдарды бұзуына жол берілмейді және заңсыз әрекеттер мен шешімдерді жоюға әкеп соқтырады.

4. Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Конституциясына және оған сәйкес құқықтық нормативтік актілерге мазмұны, ресімделуі және (немесе) оларды қабылдаудың рәсімдері бойынша қайшы келетін актілері мен шешімдері олардың қабылданған сәтінен бастап заңсыз әрі жарамсыз деп танылады және осы Кодексте және өзге де құқықтық нормативтік актілерде көзделген жағдайларда жойылуға жатады.
5-бап. Жеке кәсіпкерлік еркіндігінің қағидаты

1. Әркімнің кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар.

2. Жеке кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасы заңдарында тыйым салынбаған кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқылы.
6-бап. Кәсіпкерлік субъектілері теңдігінің қағидаты

1. Барлық кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тең мүмкіндіктерді иеленеді.

2. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу және қолдау көрсету кезінде жекелеген кәсіпкерлік субъектілеріне артықшылықтардың ұсынылуына жол берілмейді.
7-бап. Меншікке қол сұғылмаушылық қағидаты

1. Кәсіпкерлік субъектілерінің меншігі заңмен кепілдендіріледі.

2. Кәсіпкерлік субъектілері заңды түрде сатып алған кез келген мүлікті меншігінде иелене алады.

3. Сот шешімі бойынша болмаса, кәсіпкерлік субъектілері өзінің мүлкінен айырыла алмайды. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін мәжбүрлеп алып қою заңмен көзделеген ерекше жағдайларда ғана оның орны тең бағамен толтырылған жағдайда жүргізілуі мүмкін.


8-бап. Жосықсыз бәсекелестікті жүзеге асыруға жол бермеу

қағидаты

1. Монополистік және бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға бағытталған өзге де қызметке, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым көрсетуге, жосықсыз бәсекелестікке тыйым салынады.

2. Монополияға қарсы реттеу бәсекелестікті қорғау, тауар нарықтарының тиімді жұмыс жасауы үшін қолайлы жағдай жасау, экономикалық кеңістіктің бірыңғайлығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасында тауарлардың еркін ауысып қозғалыста болуы және экономикалық қызметтің еркіндігі мақсатында жүзеге асырылады.

9-бап. Барлық кәсіпкерлік субъектілерінің заң мен сот алдындағы

теңдігінің қағидаты

Меншік нысандарына және өзге де мән-жайларға қарамастан, кәсіпкерлік субъектілері заң мен сот алдында тең.


10-бап. Тұтынушылардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және мемлекет мүдделерінің теңгерімі

    1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің нысандары мен құралдарын енгізу қызмет немесе іс-әрекеттердің қауіпсіздігін жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету, кәсіпкерлік субъектілеріне ең аз объективті қажетті жүктеме артылған кезде тұтынушылар құқықтарын барынша тиімді қорғау мақсатында жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік реттеуді жүзеге асырған кезде мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілерінен Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерінде тікелей көзделмеген құжаттарды ұсынуын талап етуге құқылы емес.

3. Біліктілік және рұқсаттық талаптары кәсіпкерлік субъектілеріне жүзеге асырылатын қызметінің, іс-әрекеттерінің (операцияларының) талап етілетін қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету үшін жеткілікті, қажетті ең аз ресурстардың, нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығын қамтамасыз етуі тиіс.



11-бап. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және

ақпаратқа қолжетімділік

1. Мемлекеттік органдардың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте көпшілікке жариялы және ашық болуға тиіс.

2. Мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін қозғайтын шешімдер қабылдау жөніндегі өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті.

3. Мемлекеттік органдарда бар және кәсіпкерлік субъектілеріне қажетті кез келген ақпарат, егер оны пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамаларымен шектелмесе, қолжетімді болуға тиіс. Заңнамалық актілермен шектелмеген жағдайларда мұндай ақпарат тегін беріледі.

4. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеумен байланысты барлық рәсімдер мен талаптар барлық кәсіпкерлік субъектілері үшін түсінікті болуға тиіс.
12-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізділігі, тиімділігі

және нысандары мен құралдарының жеткілікті болуы

Мемлекеттік реттеудің негізділігі, тиімділігі және нысандары мен құралдарын пайдаланудың жеткілікті болуы алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі мемлекеттік реттеудің тиімділігін негіздеудің, келісудің және мониторингінің міндетті рәсімдерін енгізу арқылы жүргізіледі.


13-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің өзінің заңды құқықтарын өз

бетінше қорғау қабілетілігін арттыру

1. Кәсіпкерлік субъектілері өздеріне қатысты бақылау мен қадағалау жүргізілетін жағдайда тексеру жүргізудің талаптарын лауазымды адамдар елеулі бұзған жағдайларда объектіге тексеру үшін келген бақылау мен қадағалау органдарының лауазымды адамдарын тексеруге жібермеуге құқылы.

2. Бақылау мен қадағалаудың жүзеге асырылуы барысында өздерінің құқықтарын қорғау мақсатында кәсіпкерлік субъектілері өздерінің мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін үшінші тұлғаларды тексеруге қатысуға тартуға құқылы.
14-бап. Құқық бұзушылықтың алдын алудың жазалаудың

алдындағы басымдығы

1. Кәсіпкерлік субъектісі жасаған құқық бұзушылық үшін жазалау кәсіпкерлік субъектілері үшін бұзушылықтардың деңгейіне мөлшерлес болуы тиіс.

2. Құқық бұзушылық профилактикасы мен кәсіпкерлік субъектісінің Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген талапты орындауының мотивациясы субъектінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде жіберген бұзушылықтары анықталған кездегі жазалау шараларының алдында басымдықты иеленеді.
15-бап. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының өз

міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше

орындамағаны және олардың өз өкілеттіктерін асыра

пайдаланғаны үшін жауапкершілігі

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының жауапкершілігі белгіленеді.


16-бап. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара

жауапкершілігі

1. Кәсіпкерлік субъектілері тауарларының, жұмыстарының, қызметтер көрсетуінің сапасы Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен және Үкіметтің қаулыларымен белгіленген талаптарға сай болуын қамтамасыз етуді мемлекет растайды.

2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының тарапынан кәсіпкерлік субъектілері қызметінің жүзеге асырылуына тосқауылдар қойылмауы тиіс.

3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде кәсіпкерлік субъектілері қызметінің адалдығы мен ақылға қонымдылығы өз міндеттерін дербес орындаған немесе оларға заң бойынша берілген құқықтарды пайдаланған кезде болжамдалынады.

4. Кәсіпкерліктің басқа субъектілерінің құқықтары мен еркіндіктеріне қысым көрсету мақсатымен немесе өзінде бар міндеттерді орындаудан немесе іс жүзінде жасалған құқық бұзушылық үшін заңдық жауапкершіліктен жалтару мақсатымен осы Кодексте және өзге де нормативтік құқықтық актілерде ұсынылған құқықтарды олардың тағайындалымына қайшы келетіндей ретпен пайдалануға тыйым салынады.

5. Мемлекеттік органдар қарайтын, кәсіпкерлік субъектілері ұсынған нақты мән-жайлар туралы деректер мен мәліметтер мемлекеттік органдар керісінше дәлелдегенге дейін дәйекті деп есептеледі.

6. Кәсіпкерлік субъектілерінен, егер мұндай талап заңмен белгіленбесе, құжаттар мен қосымша мәліметтерді ұсынуды талап етуге тыйым салынады.

7. Егер мемлекеттік органның кәсіпкерлік субъектілері ұсынған мәліметтер мен ақпараттың төлнұсқалығына байланысты негізді күдігі болса, онда ол өз бетінше және өзінің есебінен олардың төлнұсқалығын куәландырудың шараларын қабылдайды.

8. Кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік органдарға жалған мәліметтер мен ақпарттарды ұсынған үшін жауапты болады.
17-бап. Сыбайлас жемқорлықтан тыс болу

1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді енгізу және жүзеге асыру кезінде мүдделер дау-жанжалының және Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларын іріктеп қолданудың фактілері болмауы тиіс.

2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдармен байланысын шектеу мақсатында нормативтік құқықтық актілерде «бір терезе» қағидатының қолданысы көзделуі тиіс, бұл ретте мемлекеттік органдардан барлық қажетті келісулерді ведомствоаралық өзара іс-қимыл тәртібімен мемлекеттік органдардың өздері алуы тиіс.

3. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде жекебастың пайдасы мақсатында сыйақы (пара) беру және алу жолымен қызметтік жағдайды пайдалануға жол берілмейді.


18-бап. Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру қағидаты және оны қорғау мен жан-жақты қолдауды қамтамасыз ету

1. Кәсіпкерлік субъектілерін дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет кәсіпкерлік бастамашылықты іске асыру үшін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған шаралар кешінін жүргізеді.

2. Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру сонымен қатар кәсіпкерлікті қорғау мен жан-жақты қолдау арқылы да жүзеге асырылады.
19-бап. Отандық тауарлар өндірушілерді, жұмыс

орындаушыларын, қызмет көрсетушілерді қолдау

қағидаты

1. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар отандық тауарлар өндірушілерді, жұмыс орындаушыларын, қызмет көрсетушілерді дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, консультациялық, білім берушілік, ұйымдастырушылық және өзге де шараларды іске асырады.

2. Мемлекет халықаралық шарттар жасасу және өзге де міндеттемелерді қабылдау кезінде отандық тауарлар өндірушілердің, жұмыс орындаушыларының, қызмет көрсетушілердің мүдделерін қорғайды.
20-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің істеріне мемлекеттің заңсыз

араласуына жол бермеу қағидаты

Кәсіпкерлік субъектілерінің, олардың бірлестіктерінің істеріне мемлекеттің заңсыз араласуына, сондай-ақ аталған бірлестіктердің мемлекеттің ісіне араласуына, оларға мемлекеттік органдардың функцияларын жүктеуге жол берілмейді.


21-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің норма шығармашылығына

қатысу қағидаты

Кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері арқылы кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді, халықаралық шарттардың мәтіндерін және Қазақстан Республикасының өзге де міндеттемелерін әзірлеуге және оларға сараптама жасауға қатысады.


22-бап. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыру

қағидаты

Кәсіпкерлік субъектілерінің өз қызметінде әлеуметтік жауапкершілікті енгізуіне мемлекет кепілдік береді және көтермелейді.


23-бап. Кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің шектеулі қатысуының

қағидаты

1. Мемлекет кәсіпкерлік қызметке осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелген шектерде қатысады.

2. Мемлекет жеке кәсіпкерлікті және бәсекелестікті дамыту мақсатында кәсіпкерлік саласында мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысу үлесін кәсіпкерлік саласында мемлекеттік заңды тұлғаларды, мемлекеттің Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған шектерде жарғылық капиталға қатысуымен заңды тұлғаларды құруын шектеу арқылы қысқартуға бағытталған шараларды қабылдайды.
24-бап. Кәсіпкерлік қызметте өзін-өзі реттеушілікті дамыту

қағидаты

Мемлекет мемлекеттік реттеу саласын, мұның қажеттілігінің ең аз мөлшерін ескере отырып, қысқарту арқылы кәсіпкерлік қызметте өзін-өзі реттеушілікті дамыту үшін жағдай жасайды.



2-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері және олардың жұмыс істеу

шарттары
1-параграф. Кәсіпкерлік субъектілері туралы жалпы ережелер
25-бап. Кәсіпкерлік субъектілері

1.Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері) кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

2. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.

3. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке тұлға осы Кодексте көзделген тәртіпте дара кәсіпкер ретінде тіркеледі.

Заңды тұлға құрмай дара кәсіпкерлікті жүзеге асырушы және осы Кодекстің 26-бабы 1-тармағының бірінші абзацында, 2-тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген тиісті өлшемшарттарға сай келетін Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман дара кәсіпкер болып табылады.
26-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары

1. Жұмыскерлердің жылдық орташы санына және жылдық орташа табысына қарай жеке кәсіпкерлік субъектілері мынадай санаттарға жатады:

жеке кәсіпкерлік субъектілері, соның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері;

орташа кәсіпкерлік субъектілері;

ірі кәсіпкерлік субъектілер.

2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін осы баптың 1-тармағында көрсетілген санаттарға жатқызу мынадай мақсаттар үшін пайдаланылады:

мемлекеттік статистика;

мемлекеттік қолдау көрсету;

Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану.

Мемлекеттік статистика мақсаттары үшін жұмыскерлердің жылдық орташа санының өлшемшарты ғана пайдаланылады.

Мемлекеттік қолдау көрсету Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін екі өлшемшарт: жұмыскерлердің жылдық орташа саны және жылдық орташа табысы пайдаланылады.

Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа саны, филиалдардың, өкілдіктердің және осы субъектінің басқа да оқшауланған құрылымдарының жұмыскерлерін, сондай-ақ жеке кәсіпкердің өзін қоса алғанда, барлық жұмыскерлерді есепке ала отырып айқындалады.

Кәсіпкерлік субъектілерінің жылдық жиынтық табыстары немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес патент немесе оңайлатылған декларация негізінде салық режимі қолданылатын табыстарының үшке бөлінген сомасы жылдық орташа табыс деп есептеледі.

Бұл ретте жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау бағдарламаларымен оны көрсетудің өзге де өлшемшарттары көзделуі мүмкін.

3. Шағын кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен жұмыскерлерінің жылдық орташа саны жүз адамнан аспайтын және республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржылық жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мыңға еселенген мөлшерінен аспайтын жылдық орташа табысы бар заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташы саны он бес адамнан аспайтын немесе республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржылық жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің отыз мыңға еселенген мөлшерінен аспайтын жылдық орташа табысы бар шағын кәсіпкерлік субъектілері микрокәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

4. Мемлекеттік қолдау және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін мынадай:

1) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналысымен байланысты қызметті;

2) акцизделетін өнімдердіөндіруді және (немесе) көтере сатуды;

3) астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;

4) лотереялар өткізуді;

5) ойын бизнесі саласындағы қызметті;

6) радиоактивті материалдарының айналысымен байланысты қызметті;

7) банк қызметін (не жекелеген банк операцияларының түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агенті қызметінен басқа);

8) аудиторлық қызметті;

9) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті;

10) кредиттік бюролар қызметін;

11) күзет қызметін;

12) азаматтық және қызметтік қарудың және олардың патрондарының айналысымен байланысты қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері деп танылмайды.

Осы тармақта аталған қызметтерді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар - орташа кәсіпкерлік субъектілеріне, ал осы баптың 6-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатады.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ойын бизнесінің, тіркелген салық пен бірыңғай жер салығының төлеушілері болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін жұмыскерлерінің саны бойынша өлшемшарттар пайдаланылады.

5. Осы баптың 3 және 6-тармақтарына сәйкес шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар орташа кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

6. Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын және мына өлшемшарттардың біреуіне немесе екеуіне жауап беретін: жұмыскерлерінің жылдық орташа саны екі жүз елу адамнан артық және (немесе) республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржылық жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің үш миллионға еселенген мөлшерінен артық жылдық орташа табысы бар дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
27-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі

1. Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы деректерді пайдалану үшін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізеді.

2. Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі - кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық деректер базасы.

3. Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы ақпарат мүдделері тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға жұмыстарында пайдалануы үшін электронды анықтама нысанында ұсынылады.

4. Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітеді.


жүктеу 5,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау