Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі


-бап. Реттелетiн нарық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға (көрсетілетін қызметтерге, жұмыстарға) баға белгілеу



жүктеу 5,76 Mb.
бет13/30
Дата17.11.2017
өлшемі5,76 Mb.
#668
түріКодекс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30

218-бап. Реттелетiн нарық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға (көрсетілетін қызметтерге, жұмыстарға) баға белгілеу

1. Бағаларды мемлекеттiк реттеу темiржол көлiгi, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнiмдерiн өндiру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порттық қызмет, телекоммуникациялар және почта байланысы, сондай-ақ «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, газ саласындағы реттелетiн нарық субъектiлерiнiң тауарларына (жұмыстарына, көрсетiлетiн қызметтерiне) қолданылады.

2. Қазақстан Республикасының Үкiметi монополияға қарсы және уәкiлеттi органдардың ұсынысы бойынша осы баптың 1-тармағында көзделмеген тауар нарықтарында мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын өнiмдердiң, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасын белгiлейдi .

3. Мыналар:

- Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес реттелетiн нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген;

- Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген номенклатураға енгiзiлген өнiмдi, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi өткiзетiн (табиғи, мемлекеттiк монополия субъектiлерiн және энергия өндiрушi ұйымдарды қоспағанда) дара кәсiпкер немесе заңды тұлғареттелетiн нарық субъектiсi болып табылады.

Реттелетiн нарық субъектiлерi үшiн осы Заңға сәйкес бағаларды мемлекеттiк реттеу енгiзiлген тауар нарықтары реттелетiн нарықтар болып табылады.

2. Реттелетiн нарық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға (көрсетілетін қызметтерге, жұмыстарға) баға белгілеу Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес шекті баға белгілене отырып жүзеге асырылады.

3. Тауарға (жұмысқа, көрсетiлетiн қызметке) шекті баға оларды өндiру және (немесе) өткiзу үшiн қажеттi шығындар мен пайданың негiзiнде белгіленеді және табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы уәкілетті орган босату бағасына жүргiзiлген сараптаманың нәтижелерi бойынша оны негiздi деп тануға тиіс.

Реттелетiн нарық субъектiсi тауарды (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi) өндiру және (немесе) өткiзу үшiн қолданатын оның бағасы босатылу бағасы болып танылады.

4. Реттелетiн нарық субъектiсi шектi бағаны көтерместен, уәкiлеттi органға бағаның төмендеу немесе көтерiлу себептерiн көрсететiн ақпаратты баға төмендеген немесе көтерiлген күнiнен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей бере отырып, өндiрiлетiн (өткiзiлетiн) тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) бағаларды дербес төмендетуге және көтеруге құқылы.
219-бап. Мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға (көрсетілетін қызметтерге, жұмыстарға) баға белгілеу

1. Мемлекеттiк монополия субъектiсi өндiретiн және өткiзетiн тауарларға баға белгiлеу қағидаларын мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеудi салааралық және өңiраралық үйлестiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен бiрлесiп, монополияға қарсы орган әзiрлейдi және оны Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

2. Осы Кодексте көзделген тәртiппен енгiзiлетiн, бәсекелестiк нарықта қандай да бiр тауарды өндiруге, өткiзуге немесе сатып алуға арналған мемлекеттiң айрықша құқығы мемлекеттік монополия болып табылады.

Айрықша құқықты iске асыру мемлекеттiк монополия субъектiсiн құру жолымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкiметi не Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары құрған мемлекеттiк кәсiпорын ғана мемлекеттiк монополия субъектiсi бола алады.

3.Мемлекеттiк монополия субъектiсi өндiретiн және өткiзетiн тауарларға баға белгілеу кезінде өнімді, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруге (көрсетуге) тікелей қатысты және негіздемелік материалдармен (шарттармен, есеп-фактураларымен, қаржылық құжаттармен) расталған шығыстар оның өзіндік құнының есебіне жатқызылады.

4. Мемлекеттiк монополия субъектiсi өндiретiн және өткiзетiн тауарларға баға белгілеу кезінде өнімді, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруге (көрсетуге) тікелей қатысты емес, сондай-ақ негіздемелік материалдармен (шарттармен, есеп-фактураларымен, қаржылық құжаттармен) расталмаған шығыстар оның өзіндік құнының есебіне жатқызылмайды.

5. Неізделген бағаға қосылатын пайда деңгейін айқындаған кезде мемлекеттік монополия субъектілерінің тиімді жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ететін қаражаттар ескеріледі.
220-бап. Іскерлiк операцияларда және халықаралық iскерлiк операцияларға байланысты мәмiлелерде тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілеу (трансферттік баға белгілеу)

1. Мемлекет трансферттік бағаны қалыптастыру тәртібін «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттейді.

2. Өзара байланысты тараптар арасында қалыптасатын және (немесе) тәуелсiз тараптар арасында мәмiлелер жасау кезiнде бағалар ауқымы ескерiле отырып, объективтi түрде қалыптасатын нарықтық бағадан айырмашылығы болатын, «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылауға жататын баға трансферттiк баға (трансферттiк баға белгiлеу) болып табылады.

3. Тауарларды сатып алу-сату жөнiндегi экспорттық және (немесе) импорттық мәмiлелер; тұрақты мекеме құрмастан Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын, резидент емес болып табылатын тараптардың бiрiнiң жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жөнiндегi мәмiлелерi; Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жөнiнде жасаған мәмiлелерi халықаралық iскерлiк операциялар болып табылады.


221-бап. Ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бйынша баға белгілеу

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Ұлттық Банк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақша-крдеит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесін қаржы нарығында жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберінде сыйақының нарықтық мөлшерлемесіне әсер етуі мақсатында белгілейді.
222-бап. Көтерме сауда арқылы өткiзу бағаларына мемлекеттiк реттеу белгiленген мұнай өнiмдерiн бөлшек саудада өткiзуге баға белгілеу
1. Мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзу бағаларын мемлекет Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасына сәйкес реттейді.

2. Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiппен бағаларына мемлекеттiк реттеу белгiленген мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзуге шектi бағалар белгiлейдi.

3. Мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзушiлер мұнай өнiмдерiн өткiзу кезiнде бағаларына мемлекеттiк реттеу белгiленген мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзуге бағаныбелгiленген шектi бағалардан асырмауға мiндеттi.

4. Мұнай өнiмдерiн бөлшек саудада өткiзу бағаларын мемлекеттiк реттеу жағдайларында шектi бағалар айына бiр реттен артық белгiленбейдi.



223-бап. Тағамдық және тағамдық емес шикiзаттан дайындалған

этил спиртiне және алкоголь өнiмiне ең төмен бағаны белгiлеу

1. Мемлекет тағамдық және тағамдық емес шикiзаттан дайындалған этил спиртiне және алкоголь өнiмiне ең төмен бағаны Қазақстан Республикасының этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгiлейдi.


224-бап. Фильтрлі сигареттердің бөлшек саудасына ең төменгі

бағаны белгілеу

1. Мемлекет сәйкес фильтрлі сигареттердің бөлшек саудасына ең төменгі бағаны Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасынасәйкес белгілейді


15-тарау. Кәсіпкерлік саласындағы миіндетті сақтандыру
225-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

1. Кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.

2. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру мынадай жағдайлар болған кезде:

1) осы Кодекстің 121-бабында көрсетілген мемлекеттік реттеудің нысандары мен құралдары мемлекеттік реттеудің мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етпейтін;

2) азаматтардың өміріне және (немесе) денсаулығына, үшінші тұлғадардың мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келтіру қатері болған;

3) жеке және заңды тұлалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау қажет болған;

4) сақтанушы қауіп дәрежесін және сақтандыру оқиғасы басталуының мүмкін болар салдарын жете бағаламаған;

5) осындай қатерлерден қорғауды сақтандыруға қоғамдық мұқтаждықты қамтамасыз етудің өзгедей мүмкіндігі болмаған кезде белгіленуі мүмкін.


226-бап. Міндетті сақтандырудың мақсаты

Міндетті сақтандырудың мақсаты үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянды сақтандыру төлемдерін жүзеге асыу арқыы өтеу болып табылады.


227-бап. Міндетті сақтандырудың негізгі қағидаттары

Міндетті сақтандырудың негізгі қағидаттары:

1) залалдың өтелуіне кепілдік беру;

2) кәсіпкерлік субъектілерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша тараптардың өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету;

3) қоршаған ортаның авариялық ластануын болғызбауды экономикалық ынталандыру;

4) кәсіпкерлік субъектілерінің өндіретін тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) қауіпсіздігін арттыруға экономикалық мүдделілігі;

5) үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделерінің қорғалуын Қазақстан Республикасының заңдыранда белгіленген көлемде және тәртіппен қамтамасыз ету болып табылады.
228-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі

Кәсіпкерлік субъектісініңҚазақстан Республикасының заңнамасыда белгіленген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде азаматтардың өмiрiне, денсаулығына,үшiншi тұлғалардың мүлкiне және (немесе) қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi кәсіпкерлік субъектісінің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi болып табылады.


229-бап. Міндетті сақтандыруды жүзеге асыру

1. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шарты кәсіпкерлік субъектілері арасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, үшiншi тұлғалардың мүлкiне және (немесе) қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды өтеу жағдайына жасалады.

2. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, үшiншi тұлғалардың мүлкiне және (немесе) қоршаған ортаға келтiрiлген зиян үшін кәсіпкерлік субъектісінің өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуы оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кәсіпкерлік субъектісінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың тиісті шартын жасасу міндетінен босатпайды.
230-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандырудан жалтарғаны үшін жауаптылық

Адамды сақтандыруды сақтандырушы ретінде жүзеге асыруға міндетті сақтанушы, сондай-ақ сақтандырушы ретінде болуға тиіс сақтандыру ұйымы ретінде жүзеге асыруға міндетті тұлғаны сақтандырудан жалтару Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.



16-тарау. Кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау және қадағалау
1-параграф. Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы жалпы ережелер
231-бап. Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастар

1. Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылаудың және қадағалаудың жалпы құқықтық негiздерiн белгілеу мақсатында жүзеге асырылады.және бақылау мен қадағалау қызметiн жүзеге асырудың бiрыңғай қағидаттарын белгiлеуге, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың, өздерiне қатысты мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған.

2. Осы баптың 3, 4-тармақтарында және осы Кодекстің 242-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекс құқықтық мәртебесiне, меншiк нысанына және қызмет түрлерiне қарамастан, тексерiлетiн субъектiлерге бақылау және қадағалау жүргiзудi ұйымдастыру саласындағы қатынастарды реттейдi.

3. Осы Кодексте:

1) бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын тексерулердi жүргiзу тәртiбi;

2) бақылау және қадағалау органдарының тексерулер жүргiзу кезiндегi өзара iс-қимылының тәртiбi;

3) тексерiлетiн субъектiлердiң бақылау және қадағалау жүргiзу кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi шаралар;

4) бақылау және қадағалау органдарының және олардың лауазымды адамдарының тексеру жүргiзу кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi белгiленедi.

4. Осы Кодекстің 232,233 -бабындарын қоспағанда, осы Кодекстің күшi:

1) инвестициялық преференцияларды көздейтiн инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келiсiмшарттар талаптарының сақталуын бақылауға;

2) жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қазбаларды барлауды, өндiрудi, бiрлескен барлау мен өндiрудi жүргiзуге не барлауға және (немесе) өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға, не жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшарттар талаптарын сақтауын бақылауға;

3) кеден iсi саласындағы мемлекеттiк бақылауға байланысты қатынастарға қолданылмайды.

5. Осы Кодекстің күшi:

1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;

2) қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысындағы бақылау және қадағалау;

3) сот төрелігі;

4) жедел-iздестiру қызметi;

5) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасының сақталуын бақылау салаларына қатысты қолданылмайды.

6. Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісімшарттардың талаптарының сақталуын бақылауға байланысты қатынастарға осы Кодекстің 230, 233, және 261-баптарын қоспағанда, осы тараудың күші қолданылмайды.

7. Осы баптың 4, 5, 6-тармақтарында тізбеленген қатынастарға «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 7-бабы қолданылады.

8. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылауға және қадағалауға байланысты бақылау мен қадағалау жүргiзу кезiнде туындайтын қатынастар көрсетiлген салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленедi.

9. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау осы Кодекстің 240, 241-баптарында көзделген жеке кәспкерлік субъектілері саласында ғана жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік органдар реттейтін жаңа салаларды осы Кодекстің 240,241-баптарына енгізу үшін осы Кодекстің 123- бабына сәйкес алдын ала реттеушілік ықпалын талдау рәсімін жүргізу қажет.

11. Осы баптың 9 және 10–тармақтарының күші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды.

12. Қазақстан Республикасының заңдарында тікеле көзделген жағдайларда осы тараудың ережелері осы заңдар реттейтін қатынастарға қолданылады.
232-бап. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың міндеттері

1. Бақылаудың және қадағалаудың мiндетi экономикалық қауiпсiздiктi, талдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеудi, ұлттық өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды әрi жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн қорғауды қоса алғанда, тексерiлетiн субъект өндiретiн және сататын өнiмдердiң, технологиялық процестердiң адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгiн, олардың мүлкiн қорғауды, қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады.

2. Мемлекеттiк органдарға, осы Кодекстің 243-бабының 4-тармағында, 244-бабының 1-тармағында, 245-бабының 1-тармағында, 246-бабының 1-тармағында көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне тексеру жүргiзу тәртiбi мәселелерi бойынша заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға тыйым салынады.

3. Жеке кәсiпкерлiктi бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Кодекстің 240, 241-баптарында көрсетiлген қызмет салаларында жүзеге асырылады.


233-бап. Тескерілетін объектілер мен субъектілер.Тексерiлетiн субъектiлердiң қызметiне қойылатын талаптар

1. Қызметіне мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері тексерілетін субъектілер болып табылады.

Тексерілетін объхектілер –, осы Кодекстің осы бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі нысанасына мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын объектілер.

2. Тексерiлетiн субъектiлердiң қызметiне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, тек қана Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында белгiленедi.


234-бап. Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі кепілдіктер

1. Кәсіпкерлік субъектілердің қызметін мемлекттік бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарында осындай құқық берілген мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

2 Кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау және қадағалау бақылау және қадағалау нысандарының тәуелсіздігі, объективтілігі, әділдігі, шынайылығы негізінде жүзеге асырылады.

3. Мемлекет мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің есеп беруіне және ашықтығына кепілдік береді.

4. Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу адал ниетті текесерілетін субъетілерді көтермелеузаң бұзушылықтарды бақылау және қадағалау концентрациясы негізінде жүзеге асырылады.


235-бап. Құқық қорғау органдарының бақылауды және

қадағалауды жүзеге асыруы кезiндегi жеке

кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кепiлдiктерi

Құқық қорғау органдары жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты бақылау және (немесе) қадағалау iс-шараларын жедел-iздестiру қызметi, қылмыстық қудалау, әкiмшiлiк iс жүргiзу және (немесе) құқық қорғау органдары жүзеге асыратын реттеу функцияларын iске асыру шеңберiнде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге да жағдайларда жүргiзедi.


236-бап. Мемлекеттік бақылау

1. Мемлекеттiк бақылау (бұдан әрi – бақылау) – мемлекеттiк органның тексерiлетiн субъектiлердi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға олардың қызметiнiң сәйкестiгi нысанасында тексеру және байқау жөнiндегi қызметi, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелерi бойынша жедел ден қоймастан құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкiн;

2. Бақылау iшкi бақылау және сыртқы бақылау болып бөлiнедi.

3. Iшкi бақылауды жүргiзу тәртiбi «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.

4. Сыртқы бақылау – бақылау және қадағалау органы тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң осы Кодекстің 5-бабында көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiн тексеру және қадағалау бойынша жүзеге асыратын бақылау.

Сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбi осы Кодекстің 10-бабында және 2-тарауында айқындалады.

Сыртқы бақылау нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк, тәртiптiк iс жүргiзудi қозғайды не өз құзыретi шегiнде тиiстi талап арызға бастамашылық жасайды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қабылдайды.
237-бап. Мемлекеттік қадағалау

1. Мемлекеттiк қадағалау (бұдан әрi – қадағалау) – мемлекеттiк органның тексерiлетiн субъектiлердiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөнiндегi қызметi, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелерi бойынша құқық шектеу сипатындағы, оның iшiнде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкiн.

2. Қадағалау уәкiлеттi мемлекеттiк органның әкiмшiлiк iс жүргiзудi қозғамастан, жедел ден қоюдың құқық шектейтiн шараларын қолдануы болып табылады.

3. Қадағалау:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес мемлекет атынан прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;

2) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын қадағалау болып бөлiнедi.


238-бап. Жедел ден қою шаралары

1. Жедел ден қою шаралары – Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, тексерiлетiн субъектiлерге қоғамдық қауiптi салдарлардың туындауын болғызбау мақсатында тексерудi жүзеге асыру барысында және тексерулердiң нәтижелерi бойынша қолданылатын ықпал ету тәсiлдерi.

2. Жедел ден қоюдың құқық шектейтiн шаралары Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделедi және мемлекеттiк органдар, егер тексерiлетiн субъектiнiң қызметi, тауарлары (жұмыстары, көрсетiлетiн қызметтерi) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделерiне, адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне тiкелей қатер төндiрген жағдайда қолданады.
239-бап. Бақылаудың және қадағалаудың нысандары

1. Тексерiлетiн субъектiлердiң қызметiн бақылау және қадағалау:

1) ұйымдастырылу және жүргiзiлу тәртiбi осы Кодексте айқындалатын тексерулер;

2) егер Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде өзгеше көзделмесе, ұйымдастырылу және жүргiзiлу тәртiбi осы бапта және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын алдын алу-профилактикалық сипатта болатын бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысанында жүзеге асырылады.

2. Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргiзген кезде:

1) осы баптың 3-тармағында көзделген жадайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органдарына бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) баруға тыйым салынады;

2) құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі уәкілетті органда тіркеуден өту және тексерілетін субъекітіге алдын ала хабарлау талап етілмейді;

3) бақылау және қадағалаудың өзге де нысандарының қорытындылары бойынша олардың түріне қарай, бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан, бірақ тексерілетін субъектіге осы бұзушылықты жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, қорытынды құжаттар (анықтама, нұсқама, қорытынды және басқалары) жасалады;

Бұл ретте, осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының Салық кодексіне және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарына қолданылмайды.

3. Субъектіге барып бақылаудың және қадағалаудың өзге түрлері.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген;

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген;

егер барып тексеру «Рұқсаттар және хабраламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiк немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестiгiн рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берiлгенге дейiн тексерумен байланысты болса;

құрылыс-монтаждау жұмыстарының ғимараттар мен құрылыстардың тiреу және қоршау конструкцияларын тұрғызу мен өзгертуге қойылатын талаптарға сәйкес келуiне инспекция жүргiзген;

әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағалары мөлшерiнiң сақталуын бақылаған;

тексерілетін субъектінің өз қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны (ақпаратты) алуы үшін, рұқсат құжаттарын алумен байланысты емес тексеру жүргізу туралы бастамашылық өтініш берген;

егер бару «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес жүргізілетін өнімдердің қауіпсіздігіне мониторингті жүзеге асыру үшін өнімдерді іріктеумен байланысты болса;

iшкi iстер органдарының Қазақстан Республикасында қару мен оның патрондары айналымы қағидаларын сақтау мәселелерi бойынша бақылауды жүзеге асырған;

арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырған жағдайларда жүргiзіледi.

4. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, бақылау мен қадағалаудың өзге нысандарын барумен жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органдары құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарды тексерілетін субъектінің орналасқан жері бойынша оларды жүргізгенге дейін хабардар етеді.

5. Бақылау және қадағалау органдары барумен жүргізілетін бақылау мен қадағалаудың өзге нысандарының ведомстволық есебін осы Заңның 14-бабында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

6. Бақылау мен қадағалаудың өзге нысандарын талдаудың нәтижелері бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктемелі тексеруді жүргізу үшін іріктеуге негіз болады.»


жүктеу 5,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау