|
8-бап. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы
1. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы – еңбек нарығын реттеу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты ақпараттық және талдамалық қолдауды, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар мен халықты жұмыспен қамту орталықтарын әдіснамалық қолдауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.
2. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы:
1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:
еңбек нарығының жай-күйін бағалау, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың болжамы;
кадрларға қажеттілікті болжауды ұйымдастыруды және кадрларды кәсіптік даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру бойынша, сондай-ақ қайта даярлау және біліктілікті арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының іске асырылу барысын мониторингтеу, оларды бағалау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

2) әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйелеріне арналған бағдарламалық-аппараттық құралдардың және байланыс арналарының жұмыс істеуін, мемлекеттік органдардың басқа да ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды және ықпалдастықты ұйымдастыруды қоса алғанда, әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін қолдауды;
3) Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға әлеуметтік-еңбек саласындағы ақпараттық және консультациялық көрсетілетін қызметтерді ұсынуды;
4) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеуді және есептен шығаруды жүзеге асырады.
|
8-бап. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы
1. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы – еңбек нарығын реттеу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты ақпараттық және талдамалық қолдауды, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар мен халықты жұмыспен қамту орталықтарын әдіснамалық қолдауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.
2. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы:
1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:
Алынып тасталсын;
Алынып тасталсын;
халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының іске асырылу барысын мониторингтеу, оларды бағалау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының іске асырылу барысын мониторингтеу, оларды бағалау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйелеріне арналған бағдарламалық-аппараттық құралдардың және байланыс арналарының жұмыс істеуін, мемлекеттік органдардың басқа да ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды және ықпалдастықты ұйымдастыруды қоса алғанда, әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін қолдау бойынша қызметерді сатып алуды жүзеге асыру;
3) алынып тасталсын;
4) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеуді және есептен шығаруды жүзеге асырады.
| Еңбек ресурстарын дамыту орталығы бәсекелестік ортасына тапсыруға ұсынылатын функциялар қатарын іске асырады. Бөлшектеп алғанда, ақпараттық және кеңес беру қызметтері. |