|
11-бап. Халықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) халықты жұмыспен қамтудың жай-күйін бағалауды және дамуын болжауды, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асырады;
2) осы Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыруды жүзеге асырады;
3) өтініш білдірген адамдарды осы Заңның 13, 14-баптарына сәйкес жұмыс іздеуші және жұмыссыздар ретінде тіркейді;
4) жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлем тағайындау үшін тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;
5) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді;
6) жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі, жұмысқа орналасу үшін жолдама береді;
7) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
8) бос жұмыс орындарының (бос орындардың) есебін жүргізеді;
9) жұмыссызды жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізеді;
10) әлеуметтік келісімшарттар жасасады;
11) еңбек делдалдығын көрсетеді;
12) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын көрсетеді.
|
11-бап. Халықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) халықты жұмыспен қамтудың жай-күйін бағалауды және дамуын болжауды, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асырады;
2) алынып тасталсын;
3) өтініш білдірген адамдарды осы Заңның 13, 14-баптарына сәйкес жұмыс іздеуші және жұмыссыздар ретінде тіркейді;
4) жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлем тағайындау үшін тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;
5) алынып тасталсын;
6) алынып тасталсын;
7) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
8) бос жұмыс орындарының (бос орындардың) есебін жүргізеді;
9) жұмыссызды жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізеді;
10) алынып тасталсын;
11) алынып тасталсын;
12) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын көрсетеді.
| Тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтары жұмыспен қамтуының белсенді шараларын іске асыратын субъектілері боылп табылады. Осымен бірге жұмыспен қамтуын жеке агенттіктеріне жұмыспен қамтуының белсенді шараларын іске асыруы бойынша функцияларын тапсыруды ұсынамыз. |