«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте



жүктеу 14,34 Mb.
бет203/213
Дата24.02.2018
өлшемі14,34 Mb.
#10655
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   213

1 бәсекелестік бойынша тексеріс

Заңның 2, 5, 6, 8, 11, 16, 17, 18, 21, 22, 27, 32, 33, 47,48 баптары бойынша, мемлекеттік сатып алуының веб-порталының жүйелік-техникалық және ілеспелі қызмет көрсетуін, дамытуын іске асыратын, мемлекеттік сатып алу сааласында бірыңғай операторын, сонымен бірге сатып алуды іске асыруы бойынша мемлекеттік сатып алуының бірыңғай ұйымдастырушысының уәкілеттігі мен құқықтық дәрежесі көзделген.

Біз болжағандай, жоғарыда аталған ережелер мемлекеттік сатып алуды іске асыру саласында бәсекелестікті шектеуіне әкеле алады, өйткені мемлекеттік сатып алуының бірыңғай ұйымдастырушысы мен мемлекеттік сатып алуы саласындағы бірыңғай операторы тікелей мемлекеттік органдарымен тікелей анықталады және осымен, оларға мемлекеттік сатып алу жүйелерінің басқа субъектілері иеленбеген ерекше дәрежесі мен басымдылығы ұсынылады.

Сонымен бірге, осы заңды тұлғалар осы конкурстың қатысушыларының жарыстастық негізінде, мысалға, жылына немес ежарты жылда бір рет өткізілген конкурсы нәтижесінде анықтала алады, бұл басқа субъектілерге осы саладағы бәсекелестікті жоғарлатуға, болған веб-порталына ілесуі, сонымен бірге мемлекеттік сатып алуын өткізуі және ұйымдастыруында қатысуға мүмкіндік береді.




36-бап. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткізілмеді деп танудың негіздері мен салдарлары

3. Тапсырыс беруші аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың өткізілмеуі бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды мынадай:



1) аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаған жағдайда жүзеге асырады. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту жіберілген әлеуетті өнім берушіні тапсырыс беруші айқындайды;



36-бап. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткізілмеді деп танудың негіздері мен салдарлары

3. Тапсырыс беруші аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың өткізілмеуі бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды мынадай:



1) аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаған жағдайда жүзеге асырады;


1 бәсекелестік бойынша тексеріс

Заңның 29, 36 баптарында нормалар бекітілген, оларға сәйкес конкурс пен аукцион тәсілімен құралмаған мемлекеттік сатып алуының бір қайнар көзі тәсілімен мемлекеттік сатып алуын іске асыруы кезінде тапсырыс беруші өз бетінше бір қайнар көзі тәсілімен мемлекеттік сатып алуында қатысуына шақырылуы жіберілген, әлеуетті жеткізушіні анықтайды.

Сонымен бірге, тапсырыс берушінің осы уәкілеттігі дискрециялық сипатты алады және оған өз қалауы бойынша әлеуетті жеткізушіні анықтауға және осы саладағы бәсекелестік деңгейінде теріс көрсетілетіндей, өз бетінше оларға талаптарын орнатуға мүмкіндік береді.




39-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері

1. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

2. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу, егер:



2) осы Заңда көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 38-бабының 8 және 10-тармақтарында көзделген шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасуға алып келмеген жағдайда жүзеге асырылады.



3. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

1) табиғи монополия салаларына жататын көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ энергиямен жабдықтау қызметтерін көрсетуді сатып алу немесе электр энергиясын кепілдендірген берушімен электр энергиясын сатып алу-сату;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      3) сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты ерекше құқықтарға ие тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      4) еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындауы салдарынан, оның ішінде төтенше жағдайлардың салдарларын оқшаулау және (немесе) жою үшiн, электр энергетикасы объектiлерiндегi, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн коммуникациялық жүйелердегi, темiржол, әуе, автомобиль, cу көлiгi объектiлерiндегi, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбыржолдарындағы, газ құбыржолдарындағы аварияларды жою үшiн және жедел медициналық араласу қажеттілігі үшін, сондай-ақ коммуникациялардың, тетiктердiң, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердің және материалдардың тасымал жолында дереу қалпына келтiрудi талап ететiн сынуы, iстен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу;

      5) саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ахуал туындаған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген ақша есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      6) нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік материалдық резервке тауарлар сатып алу;

      7) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      8) мемлекеттік материалдық резервтің жаңарту тәртібімен шығарылатын материалдық құндылықтарын бірінші кезектегі тәртіппен сатып алу;

      9) жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін, сондай-ақ тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың:

      жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарға құпия түрде жәрдем көрсетуге келісім берген адамдар көрсететін қызметтерді;

      қызметтік үй-жайларды, көлік және өзге де техникалық құралдарды, мүлікті, сондай-ақ оларды ұстау, қызмет көрсету және техникалық қолдау бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      астыртын ұйымдар мен объектілерді құру және ұстау үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

      қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнаулы танымдары бар лауазымды адамдар мен мамандар көрсететін қызметтерді сатып алуы;

      9-1) терроризмнің, экстремизмнің алдын алу, жолын кесу және оларға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың сатып алуы;

      10) табиғат пайдалану құқығын сатып алу;

      11) рейтингтік агенттіктер көрсететін қызметтерді, қаржылық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      12) зағип және көзі нашар көретін азаматтар үшін мамандандырылған кiтапханалардың көрсетілетін қызметтерін сатып алу;

      13) бағалы қағаздарды, заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлестерді сатып алу;

      14) монетарлық қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      15) Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасында көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша сатып алу;

      16) мемлекеттік және ведомстволық наградаларды және олардың құжаттарын, Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының омырауға тағатын белгісін және оның құжатын, мемлекеттік сенім таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарын (оның ішінде қызметтік және дипломатиялық), жеке куәліктерін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді дайындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнім берушілерден арнайы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімдерін сатып алу;

      17) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      18) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметi қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар өтеусiз негiзде Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретін грант ақшаларын, сондай-ақ оларды беру туралы келiсiмдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алудың өзге рәсiмдерi көзделген жағдайларда, осы гранттарды қоса қаржыландыруға бөлiнетін ақшаны пайдаланумен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу;

      19) жеке тұлғалар үшін мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтердi сатып алу (егер жеке тұлға білім беру ұйымын өзі таңдаса);

      20) жұмыскерлерді шетелде даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      21) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ оларды тасымалдау және олармен бірге еріп жүру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      22) адвокаттардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсететін қызметтерін сатып алу;

      23) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің, олардың атынан әрекет ететін тапсырыс берушілердің оқшауланған бөлімшелерінің шет мемлекеттің аумағында өз қызметін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ бітімгершілік операциялар мақсаттары үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

      24) өкілдік ету шығыстарына байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      25) қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзiмдi баспасөз басылымдарын сатып алу;

      26) халықаралық ақпараттық ұйымдардың ақпарат ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтерін сатып алу;

      27) мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді:

      дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, тиісті өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген акционерлік қоғамдардан және шаруашылық серіктестіктерден;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес оларға қатысты басқаруды жүзеге асыратын, тиісті өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік кәсіпорындардан сатып алуы;

      28) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдендірілген көлемінде көзделген арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер мен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді бағалау және қажеттілікті айқындау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      29) қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттiк кәсiпорындары өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн, сондай-ақ осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелері мемлекеттік кәсiпорындарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      Қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттiк кәсiпорындарының тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өндіру үшін шикізатты, материалдар мен жинақтаушы бұйымдарды сатып алуы заңды тұлғалармен жасасқан шарттарда көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылған жағдайда, көрсетілген кәсіпорынның осы шарттар негізінде сотталғандарды жұмысқа орналастыру мақсатында осындай шикізатты, материалдар мен жинақтаушы бұйымдарды сатып алуы;

      30) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес өзі басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан осындай мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы бойынша сатып алуы;

      31) Қазақстан Республикасы Президентін, өзге де күзетілетін адамдарды және күзетілетін адамдардың болуына арналған объектілерді күзетуді және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (оның ішінде қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу) үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің бейнеархивін қалыптастыру және ақпараттық қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      32) Қазақстан Республикасы Президентінің және өзге де күзетілетін адамдардың қызметін қамтамасыз ету үшін, Қазақстан Республикасының Президенті мен өзге де күзетілетін адамдарға қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік резиденцияларды, автокөлік құралдары мен әуе кемелерін күтіп-ұстау, оларға қызмет көрсету және олардың жұмыс істеуі үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті мен өзге де күзетілетін адамдардың қатысуымен іс-шаралар өткізу үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      33) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган не оның ведомствосы оған қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

        35) талқылаулар перспективаларын бағалау, төрелікте, шетелдік төреліктерде, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында, сондай-ақ дауларды төрелікте (сотта) реттегенге дейінгі процесте мемлекеттің не тапсырыс берушілердің мүдделерін қорғау және білдіру жөніндегі консультациялық және заңдық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      36) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      37) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тұлғадан мүлікті сенімгерлік басқару бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      38) статистикалық байқау деректерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      39) мынадай:

      Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткізетін;

      Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін;

      Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткізілетін;

      мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезінде сауда-саттықта (аукциондарда) өткізілетін мүлікті (активтерді) сатып алу;

      40) ғарышкерлерді даярлау және ғарышкерлердің ғарышқа ұшуын жүзеге асыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      41) мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      42) егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетiн қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      43) жұмыскерді қызметтік іссапарға, оқушыларды, студенттерді, аспиранттарды шығармашылық сайыстарға (конкурстарға, олимпиадаларға, фестивальдарға, ойындарға), көрмелерге, конференцияларға, форумдарға, шеберлік сыныптарына, тағылымдамаларға қатысу, оқу-практикалық тапсырмаларды орындау үшін жіберуге байланысты көрсетілетін қызметтерді, көрсетілген іс-шаралар өтетін жерге бару және кері қайту жолын, тұрғын үй-жай жалдауды, көліктік қызмет көрсетуді, тамақпен қамтамасыз етуді қоса алғанда сатып алу;

      44) мемлекеттік музей, кітапхана, архив қорларын, кино-, фотоқорын және өзге де осыған ұқсас қорларды толықтыруға арналған тарихи, көркемдік немесе өзге де мәдени маңызы бар мәдени құндылықтар болып табылатын тауарларды, оның ішінде музей заттары мен музей коллекцияларын, сондай-ақ көшірмелерін қоса алғанда, сирек кездесетін және құнды басылымдарды, қолжазбаларды, архив құжаттарын сатып алу;

      45) көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдарын сатып алу, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу;

      46) мәдениет ұйымының, мәдениет саласындағы білім беру ұйымының, телерадио хабарларын тарату ұйымының өнер туындыларын сахнада көрсетуді, көпшілік алдында орындау мен көрсетуді және мәдени құндылықтарды көрсетуді жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

      47) хайуанаттар паркіне, театрға, кинотеатрға, концертке, циркке, музейге, көрмеге және спорттық іс-шараға баруға тапсырысты орналастыру;

      48) тиісті авторлардың күрделі құрылыс объектілерінің жобалау құжаттамасын әзірлеуді авторлық қадағалау, күрделі құрылыс объектілерінің құрылысын, оларды реконструкциялау мен күрделі жөндеуді авторлық қадағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

      49) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұра объектісін (тарих және мәдениет ескерткішін) сақтау жөніндегі жұмыстардың жүргізілуіне техникалық және авторлық қадағалау жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      50) егер мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылатын болса, конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі осындай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болса, жүзеге асырылады.

      Осы тармақша өнім беруші өткен жылы жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданысын ұзартудан бас тартқан жағдайда қолданылады;

      51) Қазақстан Республикасының ұлттық және құрама спорт командаларының қатысуы және (немесе) даярлығы үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық және құрама спорт командаларының олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындарға және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен күнтізбелік жоспар негізінде басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы үшін қажетті спорттық мүкәммалды және жабдықтарды (жарақтарды), спорт керек-жарақтарын сатып алу;

      52) ұлттық қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін, сондай-ақ құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін байланыс қызметтерін сатып алу;

      53) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес актімен айқындалған тұрғын емес мақсаттағы үйді, құрылысты, ғимаратты, үй-жайды сатып алу, сондай-ақ тұрғын емес мақсаттағы үйді, құрылысты, ғимаратты, үй-жайды жалдау, тұрғын емес мақсаттағы жалданатын үйді, құрылысты, ғимаратты, үй-жайды техникалық күтіп-ұстау, күзету және оған қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу, егер тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген, тұрғын емес үй-жайлар орналасқан үйдегі тұрғын емес үй-жайларды пайдаланатын басқа тұлғаға немесе тұлғаларға осындай қызметтер көрсетілетін болса, тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген тұрғын емес бір немесе бірнеше үй-жайды техникалық күтіп-ұстау, күзету және оған қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      54) техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдар (протездік-ортопедиялық құралдардан басқа) мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын, мүгедектерге берілетін жеке көмекші мен ымдау тілі маманы көрсететін әлеуметтік қызметтерді, мүгедектерге арналған такси көрсететін қызметтерді, мүгедектерге берілетін санаторий-курорттық жолдамаларды сатып алу бөлігінде мүгедектер саны жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде елу пайызын құрайтын мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдардан тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу



39-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері

1. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

2. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу, егер:



2) алынып тасталсын.



3. Алынып тасталсын.

жүктеу 14,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   213




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау