«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте

«Doing Business» Дүниежүзілік Банкі

жүктеу 14,34 Mb.
бет170/213
Дата24.02.2018
өлшемі14,34 Mb.
#10655
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   213

«Doing Business» Дүниежүзілік Банкі

«Өтеуге қабілетсіздігінің рұқсаттамасы» индикаторы

Ақтау жоспары бойынша кредиторлардың бөлек дауыс беруін енгізуі мақсатында

73-бап. Оңалту жоспары және оны бекіту тәртібі

4. Оңалту шаралары санацияны, электрондық аукцион өткізу арқылы мүлікті (активтерді) сатуды, борышкердің талап ету құқықтарын басқаға беруді, борыштың бір бөлігін кешіруді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруды, борыштарды акцияларға алмастыруды, бітімгершілік келісімін жасасуды және басқаларды қоса алғанда, борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған кез келген ұйымдастырушылық-шаруашылық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де іс-шараларды қамтуы мүмкін.

Жоқ.

73-бап. Оңалту жоспары және оны бекіту тәртібі

4. Оңалту шаралары санацияны, электрондық аукцион, қаржылық лизинг, өткізу арқылы мүлікті (активтерді) сатуды, борышкердің талап ету құқықтарын басқаға беруді, факторинг, реверсивті факторинг, борыштың бір бөлігін кешіруді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруды, борыштарды акцияларға алмастыруды, бітімгершілік келісімін жасасуды және басқаларды қоса алғанда, борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған кез келген ұйымдастырушылық-шаруашылық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де іс-шараларды қамтуы мүмкін.

Осы Заңның мақсатары үшін қаржылық лизинг деп оңалту шарасы қолданылған борышкер, лизинг беруші және лизинг мәнін сатушы арасында жасалған үш жақты шарт түсініледі, онда лизинг беруші сатушыдан алынған меншікті шартпен шарттасқан лизинг мәнін борышкерге белгілі бір төлемге және үш жылдан кем емес мерзімге уақытша иелік етуге және пайдалануға белгілі талаптарда беруге міндеттенеді.

«Doing Business» Дүниежүзілік Банкі

«Өтеуге қабілетсіздігінің рұқсаттамасы» индикаторы

Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруы үшін амалдарды тартуы бойынша мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында.

75-бап. Кредиторлар жиналысының оңалту рәсіміндегі ерекшеліктері

2. Кредиторлар жиналысының құзыретіне:

...

10-1) жоқ;

75-бап. Кредиторлар жиналысының оңалту рәсіміндегі ерекшеліктері

2. Кредиторлар жиналысының құзыретіне

10-1) қаржылық лизинг шартын жасауға келісім береді;

...

«Doing Business» Дүниежүзілік Банкі

«Өтеуге қабілетсіздігінің рұқсаттамасы» индикаторы

Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруы үшін амалдарды тартуы бойынша мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында.

76-бап. Кредиторлар комитетінің оңалту рәсіміндегі ерекшеліктері

Кредиторлар комитетi мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

4-1) жоқ;

4-2) жоқ;

76-бап. Кредиторлар комитетінің оңалту рәсіміндегі ерекшеліктері

Кредиторлар комитетi мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

4-1) дебиторлық берешекті сату немесе факторинг шартын жасау туралы шешім қабылдайды;

4-2) оңалту басқарушысына реверсивті факторинг шартын жасауға келісім береді;

«Doing Business» Дүниежүзілік Банкі

«Өтеуге қабілетсіздігінің рұқсаттамасы» индикаторы

Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруы үшін амалдарды тартуы бойынша мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында.

89-бап. Банкроттықты басқарушының өкілеттіктері

2. Банкроттықты басқарушы:

5) кредиторлар комитеті дебиторлық берешекті сату туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, банкрот алдында берешегі бар адамдарды анықтаған кезден бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы берешекті сот тәртібімен өндіріп алу туралы талап қоюға;

5-1) жоқ;

89-бап. Банкроттықты басқарушының өкілеттіктері

2. Банкроттықты басқарушы:

5) кредиторлар комитеті дебиторлық берешекті сату туралы шешім қабылдаған немесе ақшалай талапқа (факторинг) жол беру бойынша қаржыландыру шартын жасау жағдайларды қоспағанда, банкрот алдында берешегі бар адамдарды анықтаған кезден бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы берешекті сот тәртібімен өндіріп алу туралы талап қоюға;

5-1) хаттамаға қол қойылған сәттен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей реверсивті факторинг шартын жасау;

«Doing Business» Дүниежүзілік Банкі

«Өтеуге қабілетсіздігінің рұқсаттамасы» индикаторы

Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруы үшін амалдарды тартуы бойынша мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында.

90-бап. Банкроттық рәсімінде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру

3. Кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей олар банкротқа қоятын талаптарын мәлімдеуге тиіс.

      Кредиторлардың талаптарында:

      1) талаптың сомасы туралы (негізгі борыштың, сыйақының (мүддесінің), тұрақсыздық айыбының сомасы және өзге де айыппұл санкциялары, залалдары туралы жеке-жеке) мәліметтер;

      2) осы Заңның 25-бабының 1-тармағында көзделген, кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарлама тәсілдерінің бірін көрсету қамтылуға тиіс.

      Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары бір мезгілде ұсыныла отырып, талаптың негізділігі мен сомасын растайтын құжаттардың (күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің борышын мойындауы) көшірмелері талапқа қоса беріледі.

Кредиторлардың берілген талаптары бойынша сыйақы (мүдде), тұрақсыздық төлемі және басқа да айыппұл санкциялары, шығындар есептелсе, онда мұндай кредиторлар борышкерді банкрот деп таныған сәттен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде сыйақы (мүдде), тұрақсыздық төлемі және басқа да айыппұл санкциялары, шығындар есебінен өз талаптарын қайта береді.

Шетел валютасында берілген кредиторлардың талаптары барышкерді соттың шешімімен банкрот деп таныған немесе банкроттық шараларын қозғаумен оны таратқан сәттегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен есептеледі.

жүктеу 14,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   213

©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау