«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте


«Doing Business» Дүниежүзілік Банкі



жүктеу 14,34 Mb.
бет154/213
Дата24.02.2018
өлшемі14,34 Mb.
#10655
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   213

«Doing Business» Дүниежүзілік Банкі

«Меншікті тіркеу» индикаторы

Жылжымайтын мүлікке құқықтарының мемлекеттік тіркеуі бойынша функцияларын Мемлекеттік корпорацияға тапсыруы мақсатында.




33-бап. Құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы жазбаның күшін жою

1. Құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы жазбаның күшін жоюды тіркеуші орган соттың заңды күшіне енген актілерінің негізінде жүзеге асырады.

      1-1. Ауыртпалықтардың болуы мәмілені немесе өзге де құқық белгілейтін құжатты жарамсыз деп тану туралы сот актісінің орындалуына кедергі болмауға тиіс.

      Ауыртпалықтар болған кезде жылжымайтын мүлікке құқықтың туындағанын тіркеу туралы жазбаның күші жойылған жағдайда, тіркеуші орган сот актісі келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушыны немесе шешімі бойынша шектеу қойылған тиісті уәкілетті органды құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы жазбаның күші жойылғаны туралы хабардар етуге тиіс.



33-бап. Құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы жазбаның күшін жою

1. Құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы жазбаның күшін жоюды Мемлекеттік корпорация соттың заңды күшіне енген актілерінің негізінде жүзеге асырады.

      1-1. Ауыртпалықтардың болуы мәмілені немесе өзге де құқық белгілейтін құжатты жарамсыз деп тану туралы сот актісінің орындалуына кедергі болмауға тиіс.

      Ауыртпалықтар болған кезде жылжымайтын мүлікке құқықтың туындағанын тіркеу туралы жазбаның күші жойылған жағдайда, Мемлекеттік корпорация сот актісі келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушыны немесе шешімі бойынша шектеу қойылған тиісті уәкілетті органды құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы жазбаның күші жойылғаны туралы хабардар етуге тиіс.


«Doing Business» Дүниежүзілік Банкі

«Меншікті тіркеу» индикаторы

Жылжымайтын мүлікке құқықтарының мемлекеттік тіркеуі бойынша функцияларын Мемлекеттік корпорацияға тапсыруы мақсатында.




34-бап. Мемлекеттік тіркеу жүргізілгенін куәландыру

1. Электрондық тіркеуді қоспағанда, тіркеуші орган жүргізілген тіркеуді тіркеуге ұсынылған құқық белгілейтін құжатта жазба жасау арқылы куәландыруға міндетті.

      1-1. Электрондық тіркеу тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған, тіркеу жүргізілгені туралы хабарламаны бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай-ақ бар болған кезде – мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына және олардың "электрондық үкімет" веб-порталындағы жеке кабинеттеріне жөнелту арқылы расталады.

      2. Тіркеуші орган өтініш берушіге құқықтарды тіркеу тұрғын үй, тұрғын үй-құрылыс, саяжай, гараж және өзге де тұтыну кооперативтерінде толық көлемде пай жарнасын енгізу туралы құжаттар негізінде жүзеге асырылған жағдайларда жылжымайтын мүлікке меншік құқығы (өзге де заттай құқық) туралы куәлік беруге міндетті.



34-бап. Мемлекеттік тіркеу жүргізілгенін куәландыру

1. Электрондық тіркеуді қоспағанда, Мемлекеттік корпорация жүргізілген тіркеуді тіркеуге ұсынылған құқық белгілейтін құжатта жазба жасау арқылы куәландыруға міндетті.

      1-1. Электрондық тіркеу Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған, тіркеу жүргізілгені туралы хабарламаны бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай-ақ бар болған кезде – мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына және олардың "электрондық үкімет" веб-порталындағы жеке кабинеттеріне жөнелту арқылы расталады.

      2. Мемлекеттік корпорация өтініш берушіге құқықтарды тіркеу тұрғын үй, тұрғын үй-құрылыс, саяжай, гараж және өзге де тұтыну кооперативтерінде толық көлемде пай жарнасын енгізу туралы құжаттар негізінде жүзеге асырылған жағдайларда жылжымайтын мүлікке меншік құқығы (өзге де заттай құқық) туралы куәлік беруге міндетті.


«Doing Business» Дүниежүзілік Банкі

«Меншікті тіркеу» индикаторы

Жылжымайтын мүлікке құқықтарының мемлекеттік тіркеуі бойынша функцияларын Мемлекеттік корпорацияға тапсыруы мақсатында.




35-бап. Тіркеуші органның тіркеу ісіндегі құқық белгілейтін немесе өзге де құжаттарды жоғалту (бүлдіру) және тіркеу жазбаларын жою (бүлдіру) кезіндегі өкілеттіктері

1. Егер тіркеу ісінде сақталатын құқық белгілейтін немесе басқа да құжаттар бүлінген немесе жойылған болса, тіркеуші орган көрсетілген құжаттарды барлық жол берілетін тәсілдермен, оның ішінде қажетті құжаттарды құқық иелерінен, оларды шығарған мемлекеттік органдардан талап ету арқылы қалпына келтіре алады. Жоғалған құжаттарды құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінен алуға жол беріледі.



35-бап. Мемлекеттік корпорацияның тіркеу ісіндегі құқық белгілейтін немесе өзге де құжаттарды жоғалту (бүлдіру) және тіркеу жазбаларын жою (бүлдіру) кезіндегі өкілеттіктері

1. Егер тіркеу ісінде сақталатын құқық белгілейтін немесе басқа да құжаттар бүлінген немесе жойылған болса, Мемлекеттік корпорация көрсетілген құжаттарды барлық жол берілетін тәсілдермен, оның ішінде қажетті құжаттарды құқық иелерінен, оларды шығарған мемлекеттік органдардан талап ету арқылы қалпына келтіре алады. Жоғалған құжаттарды құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінен алуға жол беріледі.



жүктеу 14,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   213




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау