|
22-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш беру
…
3. Тіркеу туралы өтініш тіркеуші органға почта байланысы бойынша мынадай:
1) тіркеуші органның орналасқан жерінен тыс, оның ішінде басқа мемлекеттерде орналасқан мемлекеттік уәкілетті органдарға берілетін өтініштер (өтініш жасау, қолдаухаттар, талап-арыздар) негізінде туындайтын заңдық талаптарды тіркеген;
2) тіркеуші органның орналасқан жерінен тыс, оның ішінде басқа мемлекеттерде орналасқан мемлекеттік органдардың актілері негізінде туындайтын ауыртпалықтарды немесе заңдық талаптарды тіркеген жағдайларда жіберілуі мүмкін.
...
6. Деректері құқық белгілейтін құжатта көрсетілмеген жұбайының біреуінің құқығын тіркеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес неке жасына жеткен өтініш беруші тіркеуге берілген өтініште неке қатынастарында тұрғаны туралы фактінің жоқ екендігі туралы мәліметтерді не неке қатынастарының бар екенін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, өзінің жұбайы туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс.
Егер неке шартында жұбайлардың жылжымайтын мүлікке үлестік немесе бөлек меншік режимі белгіленсе, онда тіркеуші органға неке шарты ұсынылады.
…
7. Бір құқық белгілейтін құжат екі немесе одан да көп мемлекеттік тіркеу объектілерін қамтыған жағдайда өтініш берушіге өтініште тіркеудің барлық объектілерін көрсетуі қажет немесе мүдделі адамдар мемлекеттік тіркеудің әрбір объектісін тіркеуге жеке өтініш беруге тиіс.
Құқық белгілейтін құжатта мемлекеттік тіркеудің бірнеше объектілері болған кезде, өтініште біреуі ғана көрсетілетін жағдайларда тіркеуші орган өтініш берушіге тіркеудің басқа объектілерін мемлекеттік тіркеу және бұл үшін тиісті алым енгізу қажеттігін көрсетуге құқылы.
8. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінен өзгеше туындамаса, мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті адамдар салған ауыртпалықтарды мемлекеттік тіркеу көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады. Үшінші тұлғалардың мүдделері үшін құқық қорғау, сот және өзге де мемлекеттік органдардың актілеріне сәйкес салынған ауыртпалық үшінші тұлғаның өтініші негізінде тіркелуі мүмкін.
Мұндай жағдайларда ауыртпалықтарды мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар тіркеуші органға беріледі.
…
|
22-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш беру
…
3. Тіркеу туралы өтініш Мемлекеттік корпорацияға почта байланысы бойынша мынадай:
1) Мемлекеттік корпорацияның орналасқан жерінен тыс, оның ішінде басқа мемлекеттерде орналасқан мемлекеттік уәкілетті органдарға берілетін өтініштер (өтініш жасау, қолдаухаттар, талап-арыздар) негізінде туындайтын заңдық талаптарды тіркеген;
2) Мемлекеттік корпорацияның орналасқан жерінен тыс, оның ішінде басқа мемлекеттерде орналасқан мемлекеттік органдардың актілері негізінде туындайтын ауыртпалықтарды немесе заңдық талаптарды тіркеген жағдайларда жіберілуі мүмкін.
...
6. Деректері құқық белгілейтін құжатта көрсетілмеген жұбайының біреуінің құқығын тіркеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес неке жасына жеткен өтініш беруші тіркеуге берілген өтініште неке қатынастарында тұрғаны туралы фактінің жоқ екендігі туралы мәліметтерді не неке қатынастарының бар екенін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, өзінің жұбайы туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс.
Егер неке шартында жұбайлардың жылжымайтын мүлікке үлестік немесе бөлек меншік режимі белгіленсе, онда Мемлекеттік корпорацияға неке шарты ұсынылады.
…
7. Бір құқық белгілейтін құжат екі немесе одан да көп мемлекеттік тіркеу объектілерін қамтыған жағдайда өтініш берушіге өтініште тіркеудің барлық объектілерін көрсетуі қажет немесе мүдделі адамдар мемлекеттік тіркеудің әрбір объектісін тіркеуге жеке өтініш беруге тиіс.
Құқық белгілейтін құжатта мемлекеттік тіркеудің бірнеше объектілері болған кезде, өтініште біреуі ғана көрсетілетін жағдайларда Мемлекеттік корпорация өтініш берушіге тіркеудің басқа объектілерін мемлекеттік тіркеу және бұл үшін тиісті алым енгізу қажеттігін көрсетуге құқылы.
8. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінен өзгеше туындамаса, мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті адамдар салған ауыртпалықтарды мемлекеттік тіркеу көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады. Үшінші тұлғалардың мүдделері үшін құқық қорғау, сот және өзге де мемлекеттік органдардың актілеріне сәйкес салынған ауыртпалық үшінші тұлғаның өтініші негізінде тіркелуі мүмкін.
Мұндай жағдайларда ауыртпалықтарды мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар Мемлекеттік корпорацияға беріледі.
…
| |