"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізінде



жүктеу 419,5 Kb.
бет1/7
Дата23.11.2018
өлшемі419,5 Kb.
#23865
  1   2   3   4   5   6   7

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің

2018 жылғы «__» ________ №__ бұйрығымен бекітілген




Палубалы шағын көлемді кемелердің техникалық қадағалануын жүзеге асыру қағидалары

1-бөлім. СЫНЫПТАУДЫҢ ЖӘНЕ КУӘЛАНДЫРУДЫҢ ЖАЛПЫ ПИНЦИПТЕРІ. ҚҰЖАТТАР

    1. Жалпы ережелер


1. Палубалы шағын көлемді кемелердің техникалық қадағалануын жүзеге асыру тәртібі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде, «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңы және «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстанның кеме қатынасының тiркелiмiмен сыныптау, куәландыру және техникалық қадағалау тәртібін анықтайды.

2. Осы Қағиданың талаптары мемлекеттік тіркеуге жататын, ұзындығы 20 м аспайтын және ондағы жалпы адам саны он екіден аспайтын палубалы шағын көлемді кемелерге қолданылады.

Осы Қағида талаптары:

1) ұзындығы 6 метрден кем палубалы өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін кемелерге,

2) палубасыз өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін кемелерге,

3) қозғалтқыштары жоқ және демалуға арналған орындармен жабдықталмаған спорттық желкенді кемелерге қолданылмайды.

3. Сүйреткіштерге, итермелегіштерге, мұзжарғыштарға, құрғақ жүк немесе құйылатын кемелерге, қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған кемелерге, техникалық флот кемелеріне IСЖКЖҚ, ПККҚ (24 қосымшадан өзге), ЖТБҚ ережелері толық көлемде қолданылады.

4. Палубалы шағын көлемді кемені сыныптау кемені Қазақстанның кеме қатынасының тiркелiмiне тіркеуге қою туралы өтінім негізінде Қазақстанның кеме қатынасының тiркелiмiмен жүзеге асырылады.

5. Осы Қағидалармен барлық арнайы ескерілмеген жағдайларда қолданылатын терминдер, Қазақстан кеме қатынасының тiркелiмiнің қағидаларын қолдану тәртібі, техникалық құжаттаманы қарау және келісу, пайдаланудағы кемелерді техникалық байқау және куәландыру IСЖКЖҚ, ПККҚ, ЖТБҚ нұсқауларына сәйкес және «Шағын көлемді кемелердің қауіпсіздігі туралы» Кедендік одақтың техникалық регламентінің (026/2012 КО ТР) талаптарын есепке алумен орындалуы тиіс.

6. Палубалы шағын көлемді кеменің сыйымдылығын анықтау талап етілмейді.

7. Палубалы шағын көлемді кеме бортында рұқсат етілген адамдар саны он екі адамнан аспауы тиіс.

8. Палубалы шағын көлемді кемелерді жасау кезінде осы Қағидалардың 3 тармағын есепке алумен IСЖКЖҚ, ПККҚ қолданылатындар пайдаланылады, егер осы Қағидаларда басқа қарастырылмаса.

9. Жүзу санатымен палубалы шағын көлемді кемелер үшін маусымдық шектеулер қарастырылмайды.

Сыныпты палубалы шағын көлемді кемелер үшін маусымдық шектеулер Сыныптау Қағидаларының 6 және 7-қосымшаларына сәйкес анықталады.

10. Палубалы шағын көлемді кемелерді куәландыру кезінде «Шағын көлемді кемелердің қауіпсіздігі туралы» Кедендік одақтың техникалық регламентінің (026/2012 КО ТР) 8-қосымшасы 1-кестесінің 2 және 3-тармақшаларында көрсетілген бұйымдарға, жабдықтарға және жабдықтауыштарға арналған сертификаттар жарамды деп танылады, сондай-ақ сертификаттау жөніндегі органдардың бірыңғай тіркеліміне қосылған сертификаттау (сәйкестігін бағалау (растау)) жөніндегі аккредиттелген органдармен берілген және Кедендік одақтың сынақ зертханаларының (орталықтарының) 026/2012 КО ТР талаптарына сәйкестік сертификаттары жарамды деп танылады.
2 Негізгі терминдер мен анықтамалар

11. Осы Қағадаларды қолдану мақсаты үшін келесі анықтамалар беретін терминдер қолданылады:

1) толқын биіктігінің 1% қамтамасыз етілуі (h1%) — нақты толқынның 1% үзіліссіз ұзақ байқау кезінде көрсетілгеннен артатын биіктікте болған, тұрақсыз толқындату режимін сипаттайтын толқын биіктігі;

2) қамтамасыздығы 3%-дық толқын биіктігі (h3%) — нақты толқынның 3% үзіліссіз ұзақ байқау кезінде көрсетілгеннен артатын биіктікте болған, тұрақсыз толқындату режимін сипаттайтын толқын биіктігі;

3) паналау орны – кеме оның қауіпсіздігіне қатерлі жағдаяттар кезінде пана ретінде қолдануы мүмкін кез келген табиғи немесе жасанды қорғалған акватория,

4) LH кеме корпусының едәуір ұзындығы — шағын көлемді кемеге (серуендеу) жатқызу үшін кеме ұзындығын анықтау тәртібіне қатысты «Су үсті корабльдері және кемелер өлшемдері басты. Терминдер, анықтамалар және әріптік белгілер» 1062-80 МЕМСТ сәйкес ұдайы шығып тұратын бөлігін есепке алумен кеменің габариттік өлшемдерін білдіретін «кеменің габариттік өлшемдері» түсініктерін қолдану керек.

Көп корпусты кеме үшін әрбір корпусының ұзындығы жеке өлшенуі тиіс. Мұндай кеме корпусының ұзындығы деп оның корпустарының ішіндегі ұзындығы бойынша едәуір ұзыны қабылданады;

5) палубалы шағын көлемді кеме - борттарға, аралықтар мен пиллерстерге сүйенетін төсеніш пен кеме корпусының жиынтығынан жасалынған кеменің тұмсығынан артқы жағына дейін суды өткізбейтін көлденеңінен жапқышы бар шағын көлемді кеме;

6) жағалауға дейінгі қашықтық — кемедегі адамдарды түсіру қамтамасыз етілуі мүмкін жақын маңайдағы жағалауға кеме жүруі үшін таңдалған бағдардың кез келген нүктесінен жолдың навигациялық жағынан ең қысқа қауіпсіз жағалауынан өлшенетін киломердегі барынша рұқсат етілетін қашықтық;

7) паналау орнына дейінгі қашықтық — жақын маңайдағы қол жетімді кемежайға немесе паналау орнына кеме жүруі үшін таңдалған бағдардың кез келген нүктесінен жолдың навигациялық жағынан ең қысқа қауіпсіз жағалауынан өлшенетін киломердегі барынша рұқсат етілетін қашықтық.

8) желкенді кеме — 1,52/3 кем емес, м2, алаңды желкенді жарақталумен кеме, мұндағы  — толық жүкпен су ығыстырымдылығы, кН.

12. Осы Қағидаларда келесі қысқартулар қолданылады:

ІСЖКЖҚ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 09 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидасы

ПККҚ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 216 бұйрығымен бекітілген Пайдаланылатын кемелерді куәландыру қағидасы

ЖТБҚ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 13 мамырдағы № 276 бұйрығымен бекітілген Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасы

Сыныптау Қағидасы – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 213 бұйрығымен бекітілген "Ішкі және аралас "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасы

13. Жоғарыда ескерілмеген барлық жағдайларда ІСЖКЖҚ, ПККҚ, ЖТБҚ және Сыныптау Қағидаларында (бұдан әрі — Қазақстанның кеме қатынасының тiркелiмi) қолданылатын терминдерді басшылыққа алу керек.


жүктеу 419,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау