49 Өртке қарсы жабдықтаудың нормалары
202 Палубалы шағын көлемді кемелердің өрт сөндіру жабдықтары 18 кестеде келтірілген нормаларға сәйкес келуі тиіс.
18-кесте
Атауы
|
Өрт сөндіру жабдықтарының нормалары
|
Қолмен тасымалданатын өртсөндіргіштер:
|
|
Ұнтақты немесе көбікті
|
1 —машина үй-жайында, 1 —газбен, сұйық немесе кесек отынмен жұмыс істейтін камбузда
|
Ұнтақты немесе көмірқышқылды
|
1 — кемені басқаруға арналған жабдық орналасқан үй-жай
|
Жабындар өлшемдері 1,01,5 м
|
1 — машина үй-жайында
|
Шелектер
|
2 — кемеде
|
Е с к е р т п е: 1. Массасы 1,4 кг кем емес заряды бар ұнтақты және көмірқышқылды, сыйымдылығы -3,5 дм3 көбікті өртсөндіргіштерді қолдануға рұқсат етіледі. Ұзындығы 12 кем кемелерді бір өртсөндіргішпен және бір шелекпен жабдықтауға рұқсат етіледі.
|
50 Навигациялық жабдықтау нормалары, байланыс және навигация құралдарымен жабдықтау нормалары
203 Осы Қағиданың 3-тармағында атап көрсетілмеген ұзындығы 12 метрге дейінгі өздігінен жүзетін палубалы шағым көлемді кемелер призмалы бинокльмен, футштокпен, ал ұзындығы 12 метрден асатын кемелер 19-кестеге сәйкес қосымша байланыс және навигация құралдарымен жабдықталуы тиіс.
19-кесте
Құрал-жабдықтың құрамы
|
Пайдалану аудандары
|
М-СП, М-ПР, О-ПР
|
М, О
|
Р, Л
|
1. УҚТ-радиотелефон станциясы (300,025 –
– 300,500 МГц; 336,025 – 336,500 МГц)1
|
—
|
1
|
1
|
2. УҚТ радиотелефон станциясы (теңіз жылжымалы қызмет жиілігімен) 1
|
1
|
12
|
12
|
3. Радиолокациялық жауап беруші немесе ААЖ таратқышы3
|
1
|
14
|
—
|
4. Авариялық немесе дербес радиобуй3
|
1
|
1
|
—
|
5. Курсты нұсқаушы құрал
|
1
|
14
|
—
|
1 Судың кіріп кетуінен IPX6 қорғаныс дәрежесі бар немесе кемені басқару постында су кірмейтін футлярда (контейнерде) ұсталатын алып жүретін (портативті)УҚТ-радиотелефон станциясын қолдануға рұқсат етіледі.
Кемеде аккумуляторлық батареяларды зарядтау мүмкіндігі болмаған жағдайда жалпы сыйымдылығы бүкіл рейс бойына тәулік бойы хабар беруге 1 сағаттан және қабылдауға 24 сағаттан кем емес тоқтаусыз жұмыс есебінен радиостанциялардың жұмысын қамтамасыз ететін аккумуляторлық батареялар комплекті болуға тиіс.
2 Кеме қатынасының теңіздік режимді учаскелерде рейс жасайтын кемелерде орнатылады.
3 Жағалаудағы УҚТ радиостанцияларының тоқтаусыз байланыс зонасы шегінде рейс жасайтын кемелерде орнатылады.
4 «М» разрядты бассейндерде рейстер жасайтын кемелерде орнатылады.
|
204 Осы Қағиданың 3-тармағында атап көрсетілген кемелер пайдалану, рейс жасау ауданына (бассейніне) қарай IСЖКЖҚ 69 және 70- тарауларына сәйкес жабдықталады.
205 Радио және навигациялық жабдықтар, соның ішінде 19 кестеде регламенттелген жабдықтың құрамына кірмейтін, бірақ кемеде орнатылған, Қазақстан Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттары (куәліктері) немесе Қазақстан Республикасының заңңамасымен белгіленген тәртіпте берілген сәйкестік туралы сертификаттары болған жағдайда пайдаланылуы мүмкін.
206 Кемелер орнатылған радио және навигациялық жабдыққа пайдалану құжаттарымен қамтылуы тиіс.
11-бөлім. ШАҒЫН КӨЛЕМДІ КЕМЕЛЕРДЕН ЛАСТАНУДЫ БОЛДЫРМАУ
207 Палубалы шағын көлемді кемелер пайдаланымдағы ЖТБҚ 14-18-тарауының талаптарына жауап беруі тиіс.
ҚОСЫМША
ШАҒЫМ КӨЛЕМДІ КЕМЕЛЕР СЫНЫБЫНЫҢ ФОРМУЛАСЫН ЖАЗУ ҮЛГІЛЕРІ
Қазақстан кеме қатынастары тіркелімінің бақылауымен жасалған, Һ3%<360 м толқыны бойынша шектеумен пайдалануға және қалындығы 40 см дейін ұсақ шағылған мұзда жүзуге рұқсат етілген автоматтау құралдарымен жабдықталған және эксперименттік сыныбы бар, «М шкк» сыныпты су ығыстырушы шағын көлемді палубалы кеме :
М шкк 3,0 (мұз40) А
Белгілер Толық жазылуы
*** кеме Қазақстанның кеме қатынасы тіркелімінің бақылауымен жасалған
М шкк «М шкк» сыныпты шағын көлемді кеме
3,0 пайдалануға рұқсат етілген толқын биіктігінің 1%
қамтамасыз етілуі
(мұз40) қалындығы 40 см дейінгі ұсақ шағылған мұзда жүзуге арналған кеме
А кеме автоматтау құралдарымен жабдықталған
Достарыңызбен бөлісу: |