«Біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы»



жүктеу 285,5 Kb.
Дата22.01.2020
өлшемі285,5 Kb.
#27161
түріҚұрамы


«Біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің

2020 жылғы ______ № __ бұйрығына

салыстырмалы кесте




р/с

Құрылымдық

элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

1

2

3

4

5

1.

Название Правил

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидалары


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидалары және «Кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру», «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 25 қарашадағы № 272-VІ ҚРЗ cәйкес келтіру мақсатында

2.

1-тарау.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-тарау. Жалпы ережелер

3.

1-тармақ

1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 9-бабы 1-тармағының 26-11) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі су жолдарында пайдаланылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау тәртібін айқындайды.

1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 9-бабы 1-тармағының 26-11) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының(бұдан әрі - «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі су жолдарында пайдаланылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау тәртібін айқындайды.

4.

2-тармақ

2. Кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беруді ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) жүзеге асырады.

Кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беруге өтініштерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.» www.egov.kz (далее – Портал).



2. Осы Қағидалар қолданысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелер экипаждарына қолданылады.




5.

3-тармақ

3. Кемелердiң командалық құрамының адамдарын аттестаттауға өтініштерді қабылдау және кемелердiң командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткені туралы анықтаманы беру Портал арқылы жүзеге асырылады.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының атқаратын лауазымдары бар адамдары олар әрбір кейінгі бес жыл өткен соң аттестатталуға жатады.

Кемелердің капитаны және олардың көмекшілері лауазымдарына тағайындалған адамдарға, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтары командирлері мен олардың көмекшілеріне, электрмеханиктерге және олардың көмекшілеріне, сондай-ақ осы лауазымдарды қоса атқаратын дипломдаған адамдарға кәсіби диплом беріледі.




6.

2-тарау.

Жоқ

2-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру тәртібі және «Кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік қызметті көрсету




7.

4-тармақ

4. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелер экипаждарына қолданылады..

4. «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.




8.

5-тармақ

5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының атқаратын лауазымдары бар адамдары олар әрбір кейінгі бес жыл өткен соң аттестатталуға жатады.

Кемелердің капитаны және олардың көмекшілері лауазымдарына тағайындалған адамдарға, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтары командирлері мен олардың көмекшілеріне, электрмеханиктерге және олардың көмекшілеріне, сондай-ақ осы лауазымдарды қоса атқаратын дипломдаған адамдарға кәсіби диплом (бұдан әрі - диплом) беріледі.



5. «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында баяндалған.




9.

2-тарау.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру тәртібі







10.

6-тармақ

6. Осы Қағидалардың 7-тармағында аталған құжаттарды кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясына (бұдан әрі - комиссия) ұсына отырып, осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген тиісті білімі бар адамдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беруіне рұқсат етіледі.

6. Жеке тұлға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) кәсіби дипломды немесе кәсіби дипломның телнұсқасың алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация) немесе www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметі» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттар жолдайды:

1) Мемлекеттік корпорацияға:

кәсіби дипломды алу үшін:

осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

жоғары немесе орта білімнен кейінгі бiлiм туралы құжаттардың (дипломның) көшірмелері;

жүзу өтiлiн растайтын құжат;

кемедегi жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысы (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086/е нысанды медициналық анықтама, Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 6697 болып тіркелді) (бұдан әрі - 086/е нысанды медициналық анықтама);

мөлшері 3,5х4,5 сантиметр екі фотосурет;

кәсіби дипломның телнұсқасын алу үшін:

осы Қағидаларға 3-қосымшаға нысан бойынша өтiнiш;

жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

мөлшері 3,5х4,5 сантиметр бір фотосурет;

2) порталға:

кәсіби дипломды алу үшін

осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

жоғары немесе орта білімнен кейінгі бiлiм туралы құжаттардың (дипломның) электрондық көшірмелері;

жүзу өтiлiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

086/е нысанды медициналық анықтама электрондық көшірмесі;

мөлшері 3,5х4,5 сантиметр екі фотосурет (қызметті берушіге емтихан тапсырған күнде ұсынылады);

кәсіби дипломның телнұсқасын алу үшін:

осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

мөлшері 3,5х4,5 сантиметр бір фотосурет электрондық құжат түрінде.

Ұсынылған құжаттар мен оларда қамтылған мәліметтердің дұрыстығына көрсетілетін қызметті алушы жауапты болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарау және мемлекеттік қызметті берудің жалпы мерзімі өтініш берілген күннен бастап жиырма екі жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.




11.

7-тармақ

7. Диплом беруді жүргізу кезінде дипломды алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа жеке басты сәйкестендіру үшін ұсынылады);

3) жоғары немесе ортадан кейінгі білімі туралы құжат (диплом);

4) жүзу өтілін растайтын құжат;

5) кемеде жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссия қорытындысы («Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086/е нысанды медициналық анықтама, Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 6697 болып тіркелді) (бұдан әрі - 086/е нысанды медициналық анықтама);

6) 3,5х4,5 сантиметр өлшемдегі екі фотосурет (қызметті берушіге емтихан тапсырған күнде ұсынылады).


7. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.




12.

8-тармақ

8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беруді жүргізу туралы өтінішті аумақтық бөлімше өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік жиырма екі күн ішінде қарайды.

Аумақтық бөлімше командалық құрамының адамдарына диплом беруді жүргізуді мынадай:

1) диплом берілетін адамның ұсынған құжаттарын және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) диплом берілетін адамның және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 995 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12824 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген, Кәсіби дипломды және кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманы беру үшін рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің талаптары бойынша (бұдан әрі – Қағидалар мен Рұқсат беру талаптары) сәйкес келмеуі негіздері бойынша бас тартады.



8. Портал арқылы түскен ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында жібереді.




13.

9-тармақ

9. Комиссияның әрбір отырысы хаттамамен ресімделеді, онда дипломдар және кемелердің тобы мен қуаты, сондай-ақ диплом берілетін кандидаттар атқарған лауазымдары көрсетілген дипломдарды беру туралы комиссия шешімі жазылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші жиырма бір жұмыс күні ішінде кәсіби диплом және Кемелердің командалық құрамының адамдары үшін аттестаттаудан өткені туралы анықтаманы беру үшін осы Қағидалардың талаптарына және рұқсат беру талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттар мен оларда көрсетілген мәліметтердің сәйкестігін тексереді., және даму министрінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 995 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12824 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді.




14.

10-тармақ

10. Нысаны «Кәсіби диплом нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 1000 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12551 болып тіркелген) бекітілген дипломдарды беру Мемлекеттік корпорация арқылы аумақтық бөлімшелерде жүзеге асырылады.

10. Комиссияның әрбір отырысы хаттамамен ресімделеді, онда дипломдар және кемелердің тобы мен қуаты, сондай-ақ диплом берілетін кандидаттар атқарған лауазымдары көрсетілген дипломдарды беру туралы комиссия шешімі жазылады.




15.

11-тармақ

11. Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру мынадай бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:

1) диплом беруді өткізуге дайындау;

2) диплом беруге жататын адаммен Заңды білуін тексеру мақсатында комиссиямен өткізілетін әңгімелесу;

3) комиссия шешімін шығару.



11. Нысаны «Кәсіби диплом нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 1000 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12551 болып тіркелген) бекітілген кәсіби дипломдарды беру Мемлекеттік корпорация арқылы аумақтық бөлімшелерде жүзеге асырылады.




16.

12-тармақ

12. Комиссия диплом берілуі тиіс адамның қатысуымен диплом беруді өткізеді. Диплом беру кезінде комиссия кандидаттан өзінің лауазымдық міндеттерін және Заңды білуіне қатысты сұрайды. Диплом берілетін адамға кемінде он сұрақ қойылады.

12. Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру мынадай бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:

1) диплом беруді өткізуге дайындау;

2) диплом беруге жататын адаммен Заңды білуін тексеру мақсатында комиссиямен өткізілетін әңгімелесу;

3) комиссия шешімін шығару.




17.

13-тармақ

13. Диплом беруге жататын адам комиссияның отырысына келмеген жағдайда, комиссия қайта диплом беру туралы шешім қабылдайды.

13. Комиссия диплом берілуі тиіс адамның қатысуымен диплом беруді өткізеді. Диплом беру кезінде комиссия кандидаттан өзінің лауазымдық міндеттерін және Заңды білуіне қатысты сұрайды. Диплом берілетін адамға кемінде он сұрақ қойылады.




18.

14-тармақ

14. Комиссия кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом бере отырып, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;



2) қайта диплом беруге жатады.

14. Диплом беруге жататын адам комиссияның отырысына келмеген жағдайда, комиссия қайта диплом беру туралы шешім қабылдайды.




19.

15-тармақ

15. Қойылған сұрақтардың 80% дұрыс жауап берілген жағдайда, комиссия диплом алатын адамның атқартатын лауазымына сәйкестігі туралы шешім қабылдайды, егер 80% аз болса, онда комиссия қайта диплом беру жөнінде шешім қабылдайды.

15. Комиссия кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом бере отырып, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

2) қайта диплом беруге жатады.




20.

16-тармақ

16. Диплом беру кезінде қанағаттанғысыз білім көрсеткен кандидаттар емтихандарға бір айдан кейін ғана жіберіледі.

16. Қойылған сұрақтардың 80% дұрыс жауап берілген жағдайда, комиссия диплом алатын адамның атқартатын лауазымына сәйкестігі туралы шешім қабылдайды, егер 80% аз болса, онда комиссия қайта диплом беру жөнінде шешім қабылдайды.




21.

17-тармақ

17. Кемелердің командалық құрамының мүшелері екінші сабақтас мамандық бойынша кәсіби қайта даярлау бағдарламасы бойынша оқығаннан кейін, сондай-ақ өздігінен жүретін кемелердің командалық құрамына жататын лауазымдарда ішкі су жолдарында тиісті жүзу өтілі бар болған кезде тиісті сабақтас мамандыққа диплом беруден өтеді.

17. Диплом беру кезінде қанағаттанғысыз білім көрсеткен кандидаттар емтихандарға бір айдан кейін ғана жіберіледі.




22.

18-тармақ

18. Жүрдек кемелердің командалық құрамының дипломы бар адамдары басқа кемелерге жұмысқа ауысу үшін капитан, 1 - 2-топтағы кемелер механигі немесе капитанның аға көмекшісі және 3-5-топтағы кемелер механигінің бірінші көмекшісі лауазымындағы жұмысы үшін диплом беруден өтеді.

18. Кемелердің командалық құрамының мүшелері екінші сабақтас мамандық бойынша кәсіби қайта даярлау бағдарламасы бойынша оқығаннан кейін, сондай-ақ өздігінен жүретін кемелердің командалық құрамына жататын лауазымдарда ішкі су жолдарында тиісті жүзу өтілі бар болған кезде тиісті сабақтас мамандыққа диплом беруден өтеді.




23.

19-тармақ

19. Су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарындағы жұмыс үшін кеме механиктері, электрмеханиктер мен олардың көмекшілері дипломдарын алу үшін диплом беру өздігінен жүретін немесе өздігінен жүрмейтін су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарындағы командалық лауазымда тиісті жүзу өтілі болған кезде жүзеге асырылады.

19. Жүрдек кемелердің командалық құрамының дипломы бар адамдары басқа кемелерге жұмысқа ауысу үшін капитан, 1 - 2-топтағы кемелер механигі немесе капитанның аға көмекшісі және 3-5-топтағы кемелер механигінің бірінші көмекшісі лауазымындағы жұмысы үшін диплом беруден өтеді.




24.

20-тармақ

20. Жүрдек кемелердің командалық құрамының механикалық мамандығы бар адамдары (немесе кеме жүргізушісі және кеме механигі лауазымдарын қоса атқаратын) механикалық мамандық бойынша дипломдары болған және ішкі суда жүзу кемелерінде жұмыс істейтін адамдар ретінде кезекті диплом беруден өткен кезде ғана жұмысқа жіберіледі.

20. Су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарындағы жұмыс үшін кеме механиктері, электрмеханиктер мен олардың көмекшілері дипломдарын алу үшін диплом беру өздігінен жүретін немесе өздігінен жүрмейтін су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарындағы командалық лауазымда тиісті жүзу өтілі болған кезде жүзеге асырылады.




25.

21-тармақ

21. Диплом жоғалған немесе ол жарамсыз болып қалған жағдайда (физикалық тозу, бүлінуі) мынадай құжаттар ұсынылады:

1) дипломды бұрын берген аумақтық бөлімшеге Мемлекеттік корпорация немесе Портал арқылы жоғалту немесе бүлдіру жағдайлары мен себептерін көрсете отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа жеке басты сәйкестендіру үшін ұсынылады);

3) 3,5х4,5 сантиметр өлшемдегі бір фотосурет (диплом телнұсқасын алу үшін жүгінген жағдайда қызмет берушіге ұсынылады).



21. Жүрдек кемелердің командалық құрамының механикалық мамандығы бар адамдары (немесе кеме жүргізушісі және кеме механигі лауазымдарын қоса атқаратын) механикалық мамандық бойынша дипломдары болған және ішкі суда жүзу кемелерінде жұмыс істейтін адамдар ретінде кезекті диплом беруден өткен кезде ғана жұмысқа жіберіледі.




26.

22-тармақ

22. Дипломның телнұсқасын беру құжаттар берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшеде жүргізіледі.

22. Диплом жоғалған немесе ол жарамсыз болып қалған жағдайда (физикалық тозу, бүлінуі) кәсіби дипломнын телнұсқасы беріледі.




27.

23-тармақ

23. Диплом беруден өткен адамдарға берілген дипломда кеме тобы және олар атқара алатын лауазымы көрсетіледі

23. Диплом беруден өткен адамдарға берілген дипломда кеме тобы және олар атқара алатын лауазымы көрсетіледі.




28.

24-тармақ

24. Біліміне сәйкес диплом беруге мыналар жіберіледі:

1) кемелерге және барлық топтардың су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарына тиісті мамандық бойынша жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын аяқтаған адамдар;

2) кемелерге және 1-3-топтардың су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарына, 2-топтағы жолаушылар кемелерінің капитаны, кемелердің барлық түрлерінің капитандары мен 3-топтағы бірінші штурмандары лауазымдарын басқа тиісті мамандығы бойынша орта кәсіптік оқу орындарын аяқтаған адамдар;

3) кемелерге және 1-топтың су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының барлық кеме жүргізуші, механик, электр-механик (жолаушылар кемелерінің капитандарынан басқа) лауазымындағы; 2 және 3-топтағы кемелерге үшінші штурман, механиктің үшінші көмекшісі, электр-механиктің екінші көмекшісі; орта кәсіптік оқу орындарын күндізгі немесе сырттай бөлімінің 3-курсын, ішкі жүзу кеме командалық құрамын даярлау бойынша курстарды аяқтаған адамдар, 2 және 3-топтағы кемелердің капитан көмекшісі, жүк және сүйреу кемелері механигінің екінші көмекшісі, бірінші көмекшісі лауазымына;



4) 55-тен 110 Квт (75 - 149 ат күші) дейінгі қуаты бар кемелерге - жоғарғы немесе орта техникалық білімі бар, сондай-ақ осы кемелерді басқару бойынша бір айдан кем емес тағылымдамадан өткен адамдар.

24. Біліміне сәйкес диплом беруге мыналар жіберіледі:

1) кемелерге және барлық топтардың су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарына тиісті мамандық бойынша жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын аяқтаған адамдар;

2) кемелерге және 1-3-топтардың су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарына, 2-топтағы жолаушылар кемелерінің капитаны, кемелердің барлық түрлерінің капитандары мен 3-топтағы бірінші штурмандары лауазымдарын басқа тиісті мамандығы бойынша орта кәсіптік оқу орындарын аяқтаған адамдар;

3) кемелерге және 1-топтың су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының барлық кеме жүргізуші, механик, электр-механик (жолаушылар кемелерінің капитандарынан басқа) лауазымындағы; 2 және 3-топтағы кемелерге үшінші штурман, механиктің үшінші көмекшісі, электр-механиктің екінші көмекшісі; орта кәсіптік оқу орындарын күндізгі немесе сырттай бөлімінің 3-курсын, ішкі жүзу кеме командалық құрамын даярлау бойынша курстарды аяқтаған адамдар, 2 және 3-топтағы кемелердің капитан көмекшісі, жүк және сүйреу кемелері механигінің екінші көмекшісі, бірінші көмекшісі лауазымына;

4) 55-тен 110 Квт (75 - 149 ат күші) дейінгі қуаты бар кемелерге - жоғарғы немесе орта техникалық білімі бар, сондай-ақ осы кемелерді басқару бойынша бір айдан кем емес тағылымдамадан өткен адамдар.




29.

3-тарау.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау тәртібі







30

25-тармақ

25. Осы Қағидалардың 26-тармағында аталған құжаттарды комиссияға ұсына отырып, осы Қағидалардың 32-тармағында көрсетілген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттауға жіберіледі.

25. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.




31.

26-тармақ

26. Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау туралы анықтаманы алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) диплом;

3) кемеде жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссия қорытындысы (086/е нысанды медициналық анықтама).



26. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі - оператор) хабардар етеді.

Бұл жағдайда оператор Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде техникалық проблема туралы еркін нысанда хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті берушімен қол қояды.




32.

3-тарау.




3-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау тәртібі және «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік қызметті көрсету




33.

27-тармақ

27. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына аттестаттау жүргізу туралы өтінішті аумақтық бөлімше өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік жиырма екі күн ішінде қарайды.

Аумақтық бөлімше командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан жүргізуді мынадай:

1) аттестатталатын адамның ұсынған құжаттарын және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) аттестатталатын адамның және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттауға қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалар мен Рұқсат беру талаптарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша бас тартады.



27. «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.




34.

28-тармақ

28. Комиссияның әрбір отырысы хаттамамен ресімделеді, онда кемелердің тобы мен қуаты, аттестатталатын кандидаттар атқарған лауазымдары көрсетілетін, аттестаттаудан өту туралы анықтамалар беру туралы комиссия шешімі жазылады.

28. «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында баяндалған.




35.

29-тармақ

29. Аттестаттаудан өту туралы анықтаманы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Портал арқылы аумақтық бөлімшелер береді.

29. Жеке тұлға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы немесе кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасың алу үшін www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметі» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттар жолдайды:

1) кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы алу үшін:

осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

кәсіби дипломының электрондық көшірмесі;

кемедегi жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысы (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086/е нысанды медициналық анықтама, Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 6697 болып тіркелді) (бұдан әрі - 086/е нысанды медициналық анықтама);

2) кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасын алу үшін:

жоғалған немесе бүлінген мән-жайлар мен себептері көрсетілген осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.

Ұсынылған құжаттар мен оларда қамтылған мәліметтердің дұрыстығына көрсетілетін қызметті алушы жауапты болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарау және мемлекеттік қызметті берудің жалпы мерзімі өтініш берілген күннен бастап жиырма екі жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.




36.

30-тармақ

30. Кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткені туралы анықтама жоғалған немесе ол жарамсыз болып қалған жағдайда (физикалық тозу, бүліну) анықтаманы бұрын берген аумақтық бөлімшеге Портал арқылы жоғалу және бүліну жағдайы мен себептерін жаза отырып, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынылады.

30. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.




37.

31-тармақ

31. Анықтаманың телнұсқасын беру Портал арқылы құжаттар берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде беріледі.

31. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында дайындайды.




38.

32-тармақ

32. Өздігінен жүретін кемелердегі капитан, ауысым капитандары мен олардың көмекшілері, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарындағы командирлер мен олардың көмекшілері, сондай-ақ капитан, капитан көмекшілері, командирлер мен олардың көмекшілері лауазымын қоса атқаратын су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарындағы механиктер мен олардың көмекшілері лауазымын атқаратын барлық адамдар аттестаттаудан өтуге тиіс.

32. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші жиырма екі жұмыс күні ішінде кәсіби диплом және Кемелердің командалық құрамының адамдары үшін аттестаттаудан өткені туралы анықтаманы беру үшін осы Қағидалардың талаптарына және рұқсат беру талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттар мен оларда көрсетілген мәліметтердің сәйкестігін тексереді және даму министрінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 995 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12824 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді.




39.

33-тармақ

33. Аттестаттау үш түрге бөлінеді:

1) кемелердің, олардың ведомстволық тиістілігіне қарамастан командалық құрамының барлық адамдарына бес жылда бір рет өткізілетін кезекті;

2) олардың кінәсі бойынша авариялық көлік оқиғаларына жол берген кемелердің командалық құрамының адамдары үшін ғана қолданылатын кезектен тыс;

3) кемелерге басқа, теңіз бассейндерін қоса алғанда, жұмысқа келген адамдар үшін, сондай-ақ ұзақ үзілістен (бес жылдан астам) кейін кемелердің командалық құрамына қайтып келген адамдар үшін қолданылатын арнайы



33. Комиссияның әрбір отырысы хаттамамен ресімделеді, онда кемелердің тобы мен қуаты, аттестатталатын кандидаттар атқарған лауазымдары көрсетілетін, аттестаттаудан өту туралы анықтамалар беру туралы комиссия шешімі жазылады.




40.

34-тармақ

34. Кезекті аттестаттау жылы тиісті мамандық бойынша оқу орындарын аяқтаған адамдар, сондай-ақ сол жылы диплом беруден өткендер аттестаттаудан босатылады.

34. Аттестаттаудан өту туралы анықтаманы Портал арқылы аумақтық бөлімшеге, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.




41.

35-тармақ

35. Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау мынадай бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:

1) аттестаттауды өткізуге дайындық;

2) аттестаттауға жататын адаммен Заңды білуін тексеру мақсатында комиссиямен өткізілетін әңгімелесу;

3) комиссия шешімін шығару.



35. Кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткені туралы анықтама жоғалған немесе ол жарамсыз болып қалған жағдайда (физикалық тозу, бүліну) анықтаманың телнұсқасы беріледі.




42.

36-тармақ

36. Комиссия аттестаттауды аттестатталатын адамның қатысуымен өткізеді. Аттестаттауды өткізген кезде комиссия кандидаттан өзінің лауазымдық міндеттерін және Заңды білуіне қатысты сұрайды. Аттестатталатын адамға кемінде он сұрақ қойылады.

36. Өздігінен жүретін кемелердегі капитан, ауысым капитандары мен олардың көмекшілері, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарындағы командирлер мен олардың көмекшілері, сондай-ақ капитан, капитан көмекшілері, командирлер мен олардың көмекшілері лауазымын қоса атқаратын су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарындағы механиктер мен олардың көмекшілері лауазымын атқаратын барлық адамдар аттестаттаудан өтуге тиіс.




43.

37-тармақ

37. Егер адам аттестаттауға келмеген жағдайда, комиссия қайта аттестаттау туралы шешім қабылдайды.

37. Аттестаттау үш түрге бөлінеді:

1) кемелердің, олардың ведомстволық тиістілігіне қарамастан командалық құрамының барлық адамдарына бес жылда бір рет өткізілетін кезекті;

2) олардың кінәсі бойынша авариялық көлік оқиғаларына жол берген кемелердің командалық құрамының адамдары үшін ғана қолданылатын кезектен тыс;

3) кемелерге басқа, теңіз бассейндерін қоса алғанда, жұмысқа келген адамдар үшін, сондай-ақ ұзақ үзілістен (бес жылдан астам) кейін кемелердің командалық құрамына қайтып келген адамдар үшін қолданылатын арнайы.




44.

38-тармақ

38. Комиссия кемелердің командалық құрамының адамдарына аттестаттау жүргізу кезінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

2) қайта аттестаттауға жататыны;

3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.



38. Кезекті аттестаттау жылы тиісті мамандық бойынша оқу орындарын аяқтаған адамдар, сондай-ақ сол жылы диплом беруден өткендер аттестаттаудан босатылады.




45.

39-тармақ

39. Қойылған сұрақтардың 80% дұрыс жауап берген жағдайда, комиссия аттестатталатын адамның атқартатын лауазымына сәйкестігі туралы шешім қабылдайды, егер 80% аз болса, онда комиссия қайта аттестаттау туралы шешім қабылдайды.

39. Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау мынадай бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:

1) аттестаттауды өткізуге дайындық;

2) аттестаттауға жататын адаммен Заңды білуін тексеру мақсатында комиссиямен өткізілетін әңгімелесу;

3) комиссия шешімін шығару.




46.

40-тармақ

40. Аттестаттаудан өтпеген адам осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен бастапқы аттестаттаудан өткен күннен бастап кемінде екі ай өткен соң қайта аттестаттаудан өтуге жіберіледі.

40. Комиссия аттестаттауды аттестатталатын адамның қатысуымен өткізеді. Аттестаттауды өткізген кезде комиссия кандидаттан өзінің лауазымдық міндеттерін және Заңды білуіне қатысты сұрайды. Аттестатталатын адамға кемінде он сұрақ қойылады.




47.

41-тармақ

41. Қайта аттестаттау кезінде аттестаттаудан өтпеген адамға комиссия атқаратын лауазымына тиісті еместігі туралы шешім қабылдайды.

41. Егер адам аттестаттауға келмеген жағдайда, комиссия қайта аттестаттау туралы шешім қабылдайды.




48.

42-тармақ

42. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады. Комиссияның құрамына кіретін кемелердің командалық құрамының аттестаттаудан өтетін адамы өзіне қатысты дауыс беруге қатыспайды.

42. Комиссия кемелердің командалық құрамының адамдарына аттестаттау жүргізу кезінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

2) қайта аттестаттауға жататыны;

3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.




49.

43-тармақ

43. Комиссияның шешімі бір данада жасалған хаттамамен ресімделеді, ол аумақтық бөлімшеде сақталады.

Аттестаттаудан өткен адам комиссия шешімімен танысады.



Командалық құрамның аттестаттаудан өткен адамдарына кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтама беріледі.

43. Қойылған сұрақтардың 80% дұрыс жауап берген жағдайда, комиссия аттестатталатын адамның атқартатын лауазымына сәйкестігі туралы шешім қабылдайды, егер 80% аз болса, онда комиссия қайта аттестаттау туралы шешім қабылдайды.




50.

44-тармақ

44. Аттестатталушы адамның оның білімін бағалау бойынша емтихан комиссиясының мүшелерімен келіспеушіліктері болған жағдайда аттестатталушы адам уәкілетті органға аттестаттауды жүргізудің белгіленген тәртібінің бұзылғаны және (немесе) аттестаттаудың нәтижелерімен келіспеуі туралы жазбаша апелляциялық өтініш (бұдан әрі – аппеляция) бере алады.

44. Аттестаттаудан өтпеген адам осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен бастапқы аттестаттаудан өткен күннен бастап кемінде екі ай өткен соң қайта аттестаттаудан өтуге жіберіледі.




51.

45-тармақ

45. Апелляция оны уәкілетті органға берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.

45. Қайта аттестаттау кезінде аттестаттаудан өтпеген адамға комиссия атқаратын лауазымына тиісті еместігі туралы шешім қабылдайды.




52.

46-тармақ

46. Аттестатталушы адам апелляцияны емтихан бойынша баға жарияланғанынан кейін келесі жұмыс күні береді. Бұл ретте аттестатталушы адам нәтижелерді жариялаған күні өзінің емтихан жұмысымен таныса алады.

46. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады. Комиссияның құрамына кіретін кемелердің командалық құрамының аттестаттаудан өтетін адамы өзіне қатысты дауыс беруге қатыспайды.




53.

47-тармақ

47. Апелляцияны қарау кезінде уәкілетті орган жұмыс мазмұнына және емтихан комиссиясының оны дұрыс бағалауына талдау жүргізеді.

47. Комиссияның шешімі бір данада жасалған хаттамамен ресімделеді, ол аумақтық бөлімшеде сақталады.

Аттестаттаудан өткен адам комиссия шешімімен танысады.

Командалық құрамның аттестаттаудан өткен адамдарына кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтама беріледі.




54.

48-тармақ

48. Апелляцияны қарау барысында аттестатталушы адамның білімін тексеру бойынша бағаның дұрыстығы тексеріледі.

48. Аттестатталушы адамның оның білімін бағалау бойынша емтихан комиссиясының мүшелерімен келіспеушіліктері болған жағдайда аттестатталушы адам уәкілетті органға аттестаттауды жүргізудің белгіленген тәртібінің бұзылғаны және (немесе) аттестаттаудың нәтижелерімен келіспеуі туралы жазбаша апелляциялық өтініш (бұдан әрі – аппеляция) бере алады.




55.

49-тармақ

49. Уәкілетті орган аппеляцияны қарау кезінде аттестатталушы адамның өтінішін қанағаттандырудан бас тартады және аттестаттауда алған бағасын растайды не аттестатталушы адамның өтінішін қанағаттандырады және оң баға қояды.

49. Апелляция оны уәкілетті органға берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.




56.

50-тармақ

50. Аттестатталушы адамның өтінішін қанағаттандырудан бас тарту не бағасын өзгерту туралы шешім аттестатталушы адамға және емтихан комиссиясының төрағасына жіберіледі.

50. Аттестатталушы адам апелляцияны емтихан бойынша баға жарияланғанынан кейін келесі жұмыс күні береді. Бұл ретте аттестатталушы адам нәтижелерді жариялаған күні өзінің емтихан жұмысымен таныса алады.




57.

51-тармақ

51. Уәкілетті органның шешіміне сәйкес емтихан комиссиясы бағаны хаттамаға және аттестатталушы адамның жеке карточкасына жазады.

Аттестатталушы адам апелляциялық комиссияның шешімімен келіспеген кезде комиссия шешіміне сот тәртібімен шағымдануына болады.



51. Апелляцияны қарау кезінде уәкілетті орган жұмыс мазмұнына және емтихан комиссиясының оны дұрыс бағалауына талдау жүргізеді.




58.

52-тармақ

Жоқ

52. Апелляцияны қарау барысында аттестатталушы адамның білімін тексеру бойынша бағаның дұрыстығы тексеріледі.




59.

53-тармақ

Жоқ

53. Уәкілетті орган аппеляцияны қарау кезінде аттестатталушы адамның өтінішін қанағаттандырудан бас тартады және аттестаттауда алған бағасын растайды не аттестатталушы адамның өтінішін қанағаттандырады және оң баға қояды.




60.

54-тармақ

Жоқ

54. Аттестатталушы адамның өтінішін қанағаттандырудан бас тарту не бағасын өзгерту туралы шешім аттестатталушы адамға және емтихан комиссиясының төрағасына жіберіледі.




61.

55-тармақ

Жоқ

55. Уәкілетті органның шешіміне сәйкес емтихан комиссиясы бағаны хаттамаға және аттестатталушы адамның жеке карточкасына жазады.

Аттестатталушы адам апелляциялық комиссияның шешімімен келіспеген кезде комиссия шешіміне сот тәртібімен шағымдануына болады.




62.

56-тармақ

Жоқ

56. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.




63.

57-тармақ

Жоқ

57. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі - оператор) хабардар етеді.

Бұл жағдайда оператор Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде техникалық проблема туралы еркін нысанда хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті берушімен қол қояды.




64.

4-тарау.

Жоқ

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі




65.

58-тармақ

Жоқ

58. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, көлік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.




66.

59-тармақ

Жоқ

59. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес қарауға жатады:

көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган - тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;

мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.




67.

60-тармақ

Жоқ

60. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес шағымды қарау мерзімі қажет болған жағдайда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.:

1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

2) қосымша ақпарат алу.

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.






жүктеу 285,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау