5-1) жоқ;
6) қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда қатысушы банктердің кепілдік берілген депозиттер бойынша және депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым өтейтін сомалар бойынша өз міндеттемелерін есептеу тәртібі;
…
9) жоқ.
|
11-бап. Қосылу шарты
…
2. Қосылу шартында:
…
2) шарт мәні;
…
5) қатысушы банктің депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға өзінің міндеттері мен функцияларын, талаптар мен мерзімдерді орындау үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын басқа құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну тәртібі, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның оларды сақтау тәртібі;
5-1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банктердің шарт талаптарын орындау сәйкестігін белгілеу жөніндегі, оның ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымды басқару ұйымы айқындайтын, кепiлдiк берiлетiн депозиттер және кепілдік берілген өтем сомасы бойынша қатысушы банктердің міндеттемелерін автоматтандырылған есептеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібі;
6) қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясынан айырған жағдайда қатысушы банктердің кепілдік берілген депозиттер бойынша және депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым өтейтін сомалар бойынша өз міндеттемелерін есептеу тәртібі;
…
9) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасын қайтару тәртібі мен талаптары болуға тиіс.
|
Редакциялық түзету
Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қызметін қамсыздандыру үшін, сонымен қатар кепілдікті өтемді уақтылы және тиісті түрде төлеу арқылы депозитордың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажетті ҚДКҚ өкілеттіктерін нақтылау мақсатында. Осы мақсатты орындау үшін ҚДКҚ қосылу шартының аясында сақтандыру жағдайы туындағанға дейін алдын алу шараларын қабылдайды, атап айтқанда, оның ішінде қатысушы банктердің депозиторлар алдындағы міндеттемелерінің есебін тиісті түрде жүргізгенін анықтау жөніндегі шаралары, қатысушы банктердің депозиторлар тізімін қалыптастыру және кез келген жабық операциялық күнге кепілдікті өтемді есептеу мүмкіндігі бар қатысушы банктерде кепілдікті депозиттердің есебін жүргізу автоматтандырылған дерекқордың сәйкестігін белгілеу жөніндегі іс-шараны жүзеге асырады.
Проблемалық банк салымшыларының кепілдік берілетін салымдарға тез қол жеткізуі мақсатында.
Арнайы резервтен төленген соманы қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында
|