26-бап. Банк операцияларын және өзге де операцияларды лицензиялау
1. Уәкiлеттi орган банк операцияларын, сондай-ақ осы Заңда белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияларды осы Заңның талаптарына сәйкес уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен бередi.
…
2. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензия алу үшін өтініш беруші мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде уәкілетті органның құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін үй-жайды, жабдықтарды және бухгалтерлік есеп пен бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтылымды дайындауға, тиісті персонал жалдауға, содан соң уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
…
5. Уәкiлеттi орган банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны беру туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін құжаттар ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қарауға тиiс.
…
9. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны беру туралы шешiм қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
|
26-бап. Банк операцияларын және өзге де операцияларды лицензиялау
1. Банктік, сондай-ақ осы Заңда белгіленген өзге операцияларды жүргізуге арналған лицензияларды құзыреттері шегінде уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және осы Заңның талаптарына сәйкес уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген тәртіппен береді.
2. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензия алу үшін өтініш беруші мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде уәкілетті органның және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін үй-жайды, жабдықтарды және бухгалтерлік есеп пен бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтылымды дайындауға, тиісті персонал жалдауға, содан соң уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
…
5. Уәкiлеттi орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны беру туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін құжаттар ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қарауға тиiс.
…
9. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны беру туралы шешiм қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің интернет-ресурсында орналастырылады.
|
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жаңадан құрылатын уәкілетті мемлекеттік органға беруге байланысты.
Банк операцияларын лицензиялауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (қызметін тек айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және айырықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты) және қаржы ұйымдары мен қаржы қызметтерін реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге ұйымдарға қатысты) жүзеге асыратын болады.
|
|
|