34-бап. Банктік қарыз операциясы
...
2. Банктік қарыз шартын жасау тәртібі, оның ішінде банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына, қарызды өтеу кестесінің және қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған жадынаманың нысандарына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
2-1. Алып тасталсын
…
|
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға шарттың міндетті талаптарынан басқа, оның ресімдеуіне, мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ қарызды өтеу кестесінің, қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған жадынаманың нысанын бекіту бойынша өкілеттіктерін беру мақсатында.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы Халықаралық Кеңесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің банктердің жеке тұлғалармен жасалған банктік қарыз шарттарына қойылатын талаптарды белгілеу бойынша өкілеттігін кеңейтуді ұсынды.
|
|
|
|
36-бап
2-тармақ
1) тармақша
бірінші абзац
2-1-тармақ
1) тармақша
үшінші бөлік
үшінші абзац
|
36-бап. Төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар
…
2. Осы баптың 1-тармағында және осы Заңның 34-1-бабының 7-тармағында көрсетілген хабарламалардан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған кезде, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым):
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қарыз алушының талабы бойынша ашылған банктік шоттардағы мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде қарыз алушы алатын ақшаны, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қарыз алушының талабы бойынша ашылған банктік шоттардағы алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны), сондай-ақ «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түрінде тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаны және «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаны қоспағанда, қарыз алушының кез келген банктік шоттарындағы ақшаны даусыз (акцептсіз) тәртіппен, оның ішінде төлем талабын қою арқылы өндіріп алуды қолдануға (егер мұндай өндіріп алу банктік қарыз шартында ескертілген болса) құқылы;
…
2-1. Қарыз алушы осы баптың 1-1-тармағында және осы Заңның 34-1-бабының 8-тармағында көзделген құқықты іске асырмаған, сондай-ақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған не қарыз алушы мен банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) арасында банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуге келісім болмаған жағдайларда, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) осы баптың 2-тармағында көзделген шаралардан басқа:
1) берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге құқылы.
…
Берешек коллекторлық агенттікте сотқа дейін өндіріп алуда және реттеуде болған кезеңде банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым):
сотқа берешекті өндіріп алу туралы талап қойып жүгінуге;
берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезеңде есепке жазылған сыйақыны төлеуді талап етуге, сондай-ақ негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке жазуға құқылы емес;
...
|
36-бап. Төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар
…
2. Осы баптың 1-тармағында және осы Заңның 34-1-бабының 7-тармағында көрсетілген хабарламалардан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған кезде, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым):
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қарыз алушының талабы бойынша ашылған банктік шоттардағы мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде қарыз алушы алатын ақшаны, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қарыз алушының талабы бойынша ашылған банктік шоттардағы алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны), сондай-ақ «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түрінде тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаны және «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаны қоспағанда, қарыз алушының кез келген банктік шоттарындағы ақшаны даусыз тәртіппен, оның ішінде төлем талабын қою арқылы өндіріп алуды қолдануға (егер мұндай өндіріп алу банктік қарыз шартында ескертілген болса) құқылы;
…
2-1. Қарыз алушы осы баптың 1-1-тармағында және осы Заңның 34-1-бабының 8-тармағында көзделген құқықты іске асырмаған, сондай-ақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған не қарыз алушы мен банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) арасында банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуге келісім болмаған жағдайларда, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) осы баптың 2-тармағында көзделген шаралардан басқа:
1) берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге құқылы.
…
Берешек коллекторлық агенттікте сотқа дейін өндіріп алуда және реттеуде болған кезеңде банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым):
сотқа берешекті өндіріп алу туралы талап қойып жүгінуге;
берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезеңге сыйақыны, қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерді төлеуді талап етуге, сондай-ақ негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке жазуға құқылы емес;
...
|
Бұрын Қазақстан Республикасының заңнамасында «акцепт» (келісім) деген ұғым төлем құжатын қабылдау мен орындау арасындағы (3 жұмыс күні) аралық бөлік ретінде көзделген болатын. Нұсқауды орындау барысы банктің нұсқауды қабылдауын оның акцепті (орындауға келісімі), орындалуы туралы нұсқаудағы белгіні көздеген. Оған қоса, алыс және таяу шетелдердегі ешбір елде төлем құжаттарын орындаудың мұндай рәсімдері қолданылмайды.
Осыған байланысты, үздік әлемдік банктік тәжірибеге сәйкес келтіру мақсатында осы аралық бөлік Қазақстан Республикасының Заңнамасынан алып тасталды. Қолданыстағы «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР Заңында «акцепт» термині көзделмеген және нұсқауларды акцептпен/акцептсіз орындау барысы реттелмейді.
«Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы» ҚР Заңының 36-бабынан «акцепт» терминін алып тастау қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алудың қолданыстағы тәртібіне еш әсерін тигізбейтінін атап көрсетеміз. Бұдан әрі сот орындаушысының банкке инкассолық өкімді ұсыну арқылы сот тәртібімен, сол секілді өндіріп алушы банктің қарыз шарты бойынша төлем талабын жіберуі арқылы борышкердің банктік шотынан мерзімі өткен берешекті өндіріп алу барысы даусыз тәртіпте, яғни ақша жөнелтушінің келісімінсіз жүргізіледі (қарзы шартында қарыз алушының келісімі болған кезде)
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жеке мемлекеттік органға беруді заңнамалық тұрғыдан бекіту мақсатында.
Коллекторлық агенттігі борышкерден берешекті өндіріп алу кезеңінде берешектің ұлғаюына жол бермеу мақсатында, сондай-ақ «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5-тармағына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржы ұйымдарының қызметін тәуекелге бағдарланған қадағалау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңымен енгізілген өзгеріске ұқсас етіп.
|
|
|
|