2. Осы Заңның 1-бабы 5-тармағының 8) тармақшасы алтыншы абзацының, 10) тармақшасы бесінші абзацының, 15) тармақшасы бесінші абзацының, 17) тармақшасы төртінші, алтыншы абзацтарының, 20) тармақшасы екінші абзацының, 21) тармақшасы үшінші абзацының, 11-тармағының 2) тармақшасы екінші абзацының, 5) тармақшасының сегізінші және оныншы абзацтарының, 15) тармақшасының төртінші, алтыншы және жетінші абзацтарының, 29-тармағының 7) тармақшасы оныншы, он үшінші, он жетінші, он тоғызыншы, жиырма үшінші, жиырма төртінші абзацтарының, 10) тармақшасы үшінші, бесінші абзацтарының, 13) тармақшасы бесінші, алтыншы, жетінші, тоқсан үшінші, тоқсан бесінші, тоқсан сегізінші, бір жүзінші, бір жүз жетінші, бір жүз он бесінші, бір жүз жиырма үшінші абзацтарының, 41-тармағының 7) тармақшасы он екінші абзацының, 56-тармағының 1) тармақшасы екінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 16 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Бұрмаланған мәліметтерді түзету нәтижесінде банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны анықталған жағдайда, осы баптың сегізінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауапкершілік басталады.»;
«2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген рұқсаттан айрылған және (немесе) «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерге сәйкес төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша нұсқау орындалуға тиіс күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шот бойынша шығыс операцияларын жүргізуге кедергі келтіретін орындалмаған талаптары немесе ақшаға билік етуге шектеулері болған банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жатпайды.»;
«Ескертпе. Бұрмаланған мәліметтерді түзету нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны анықталған жағдайда осы баптың он екінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауапкершілік басталады.»;
Достарыңызбен бөлісу: |