51-2-бап. Макропруденциялық саясат
Макропруденциялық саясат деп қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерін бәсеңдетуге бағытталған шаралар кешені түсініледі.
Қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдері деп бүкіл қаржы жүйесінің немесе оның бір бөлігінің қаржылық жай-күйінің нашарлауына алып келетін және (немесе) оның тұрақты жұмыс істеуіне нұқсан келтіретін қаржылық көрсетілетін қызметтердің ұсынылуын бұзу тәуекелдері түсініледі. Қаржы жүйесінің жүйелік маңызды тәуекелдеріне жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдарының тәуекелдері де жатады.
Жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдары деп тұрақты жұмыс істеуіне тұтастай алғанда, қаржы жүйесінің тұрақтылығы байланысты болатын қаржы ұйымдары түсініледі.
Қазақстан Ұлттық Банкi макропруденциялық саясатты қалыптастыру мақсатында:
1) тұрақты негізде қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдеріне мониторинг жүргізеді;
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдары қатарына жатқызу тәртібін айқындайды;
2-1) жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдарының тізімін қалыптастырады;
3) дербес және (немесе) олардың құзыреті шегінде өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп Қазақстан Республикасының Қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңестің қарауына қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерін төмендету жөніндегі шараларды енгізеді;»;
…
|
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жеке мемлекеттік органға беруге байланысты ҚР Ұлттық Банкіне макропруденциялық саясатты қалыптастыру бойынша өкілеттіктер, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға пруденциялық реттеуді және қаржы ұйымдарының пруденциялық нормативтерді орындауларын бақылауды жүзеге асыру өкілеттіктері бекітіледі.
Төртінші бөлімнің 2-1) тармақшасының екінші, үшінші бөліктері бойынша – терминологияны Базель комитетінің ұсынымдарына сәйкес келтіруге байланысты «жүйелік маңызы бар» ұғымын қолдану.
Макропруденциялық реттеуді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу және макропруденциялық реттеу шараларымен байланыстыру үшін.
2), 3) тармақшалар бойынша – Макропруденциялық реттеуді қадағалау органымен келісу үшін
3) тармақша бойынша - Макропруденциялық реттеуді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу және макропруденциялық реттеу шараларымен байланыстыру үшін.
|
|
|