20-7-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары қызметкерлерінің іссапарлар кезіндегі кепілдіктері мен өтемақылары
1. Қазақстан Ұлттық Банкiнің және оның ведомстволарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен қызметтiк iссапарларға, оның iшiнде шет мемлекеттерге iссапарға баруға арналған шығыстары өтеледi.
2. Іссапардың барлық уақытында іссапарға жiберiлген Қазақстан Ұлттық Банкiнің және ведомстволарының іссапарға жiберiлген қызметкерлерінің жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 145-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің қызметкерлеріне кепілдіктер мен өтемақылар мәселелерін заң деңгейінде реттеу ұсынылады (мемлекеттік қызметшілермен ұқсас).
|
|