Қазақстан республикасының инвестициялар және даму министрі


-бөлім. Үлгілік бағдарлама негізінде кәсіптік даярлау бағдарламасын жүзеге асыру



жүктеу 7,77 Mb.
бет2/24
Дата20.11.2018
өлшемі7,77 Mb.
#21886
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

2-бөлім. Үлгілік бағдарлама негізінде кәсіптік даярлау бағдарламасын жүзеге асыру



7. Кәсіптік даярлау бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) АОО, азаматтық авиация кәсіпорындары және авиация персоналын оқытуды жүзеге асыратын басқа да ұйымдар осы Үлгілік бағдарлама негізінде қызметтің нақты түріне және ерекшеліктеріне қарай жасайды.
         8. Осы Үлгілік бағдарламаның шеңберінде кәсіптік даярлауды жүзеге асыратын бағдарламалар, тек шетел тілінің жалпы аспектілерін жүзеге асыратын бағдарламаларынан басқасы, міндетті түрде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.

9. Азаматтық авиация саласында қызмет көрсететін басқа мамандарды кәсіптік даярлауға арналған бағдарламаларды азаматтық авиация саласындағы нормативтік құжаттарда қарастырылған жағдайларды есептемегенде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу міндеттелмеген.


      10. Кәсіптік даярлықтың барлық түрлері мен формаларын жүргізу кезінде CBT-ға негізделген (computer based training) материалдарды пайдалану шектелмейді және жүзеге асырылып отырған бағдарламаның (курстың) көлемімен, сондай-ақ интеллектуальдық меншікті пайдалану және қорғау мәселелерін реттейтін заңдармен регламенттеледі.

11. Азаматтық авиация мамандарын кәсіптік даярлаумен байланысты қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және нормативтік құжаттардың келісілген терминологиясын қолдану мақсатында кәсіптік деңгейді қолдаумен байланысты оқытулар біліктілікті арттыру курстары деп түсіндіріледі.

3. Қашықтықтан басқарылатын технологияларды қолдану арқылы кәсіптік даярлау бағдарламасы



12. Қашықтықтан басқарылатын технологияларды қолданудың басты мақсаты – кәсіптік даярлықты ұйымдастырудың нұсқаулық және әдістемелік құжаттарының талаптарына, тестілеу нәтижелерінің шынайлығына сәйкес оқушыларды даярлау сапасы үшін міндетті жауапкершілікті сақтай отырып, оқушылардың кәсіптік даярлау бағдарламасын тікелей тұрғылықты жерінде немесе уақытша келген (тұрған) мекенінде игеруіне мүмкіндік жасау.
      13. Қашықтықтан басқарылатын технологиялар оқушыларды әртүрлі оқу, зертханалық және тәжірибелік оқытулар (тренажерлық даярлаудан, әуе кемесінің басқа типіне (жаңа) қайта даярлаудан, жаңа техникамен технологияларды игеруден басқа), тәжірибелік (тек өндірістік және ұшу тәжірибелерінен басқа), ағымдық бақылау мен аралық аттестациялау кездерінде қолданылуы мүмкін.

14. Қашықтықтан басқарылатын технологияларды қолдану оқушыларды оқытудың, ағымдық бақылаудың, аралық және қорытынды аттестациялаудың өзара қарым-қатынаста оқыту мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл жағдайда оқу, зертханалық және тәжірибелік сабақтарды оқытудың қаншалықты үлесі қашықтықтан басқарылатын технологияны қолдану арқылы немесе оқушылармен тікелей қарым-қатынаста болуы керектігін АОО, азаматтық авиация кәсіпорындары мен азаматтық авиация саласында қызмет көрсететін тұлғаларды кәсіптік даярлаумен айналысатын ұйымдар өздері анықтайды.

15. Қашықтықтан басқарылатын технологияларды қолдану принципі қызметкерлерді даярлау және процедуралар нұсқаулығында ашылып көрсетілуі тиіс.

16. Қашықтықтан басқарылатын технологиялар оған тек сәйкесінше даярлықтан өткен басшылық, нұсқаушылық және қосалқы қызметкерлер болған жағдайда және қашықтықтан басқарылатын технологияларды қолдану арқылы кәсіптік даярлау бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін арнайы жабдықталған орынжай болған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.


      17. Қашықтықтан басқарылатын технологияларды қолдану кезінде оқушылар оқу-әдістемелік көмекпен, оның ішінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы ақыл-кеңес формасындағы көмекпен қамтамасыз етілуі тиіс.

18. Қашықтықтан басқарылатын технология (бұдан әрі – ҚТ) бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру үшін АОО болуы талап етіледі:

1) оқушыларға арналған оқыту-әдістемелік және ұйымдастыру-әкімшілік ақпараттары бар парақшалармен білім порталы;

2) телекоммуникациялық желіге (интернет, спутниктік телевидение) шығатын жабдық;

3) мультимедиялық сыныптың және электрондық оқу залының болуы;

4) оқу контентінің болуы;

5) тестілейтін кешеннің болуы.

19. АОО ДТ бойынша оқу үрдісін жүзеге асыру үшін:

1) ДТ жүзеге асыру бойынша қызметтерді, нұсқаушыларды, емтихан алушыларды оқытуды ұйымдастырады;

2) білім ресурстарын жасау және жаңарту үшін нұсқаушы құрамға жағдайлар жасайды;

3) оқушыларға ақпараттық технологиялар арқылы немесе қағаз тасығышта оқыту материалдарын жеткізеді;

4) «on-line» режімінде (ақпаратпен нақты уақытта алмасу) кеңес беруді ұйымдастырады және өткізеді;

5) оқушылармен «off-line» режімінде (еркін уақыт кеңістігінде ақпарат алмасу сабақтары) кері байланысты ұйымдастырады;

6) «on-line» және «off-line» режімінде оқушылардың оқу жетістіктерін бақылайды;

7) сәйкестендіру жүйесі арқылы оқушылардың жеке басын теңестіру;



20. Оқушыларды оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін АОО-да ДТ қолдана отырып жүзеге асырылатын оқу жоспарының барлық пәндер (курстар) бойынша электрондық оқу-әдістемелік кешендері болу қажет.

21. электрондық оқу-әдістемелік кешендерін даярлауды бекітілген бағдарлама бойынша курсты жасаушы жүзеге асырады.

22. пәндердің электрондық оқу-әдістемелік кешендері (курс) міндетті және қосымша жиынтықтардан тұрады.

23. Міндетті жиынтық мыналардан тұрады:

1) құрамында пән (курс) мазмұны, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, ұсынылатын әдебиеттер тізімі (негізгі және қосымша), пәннің (курстың) модульдік жіктелуі бар бағдарламалар;

2) лекцияның электрондық конспектілері;

3) сабақтар материалдары;

4) оқушылардың өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар;

5) аралық бақылауды ұйымдастыру бойынша материалдар (бақылау жұмыстары, тестілік тапсырмалар, жеке тапсырмалар және т.б.);

6) қорытынды бақылауды ұйымдастыру бойынша материалдар (тестілік емтихандық материалдар, емтиханға арналған сұрақтар, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары);

7) қашықтықтан басқарылатын кеңесті өткізу кестесі.

Қосымша жиынтықты АОО қажет болған жағдайда жеке өзі анықтайды.

4-бөлім. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламасы




1-бөлімше Мотодельтапланда ұшатын аса жеңіл авиация
пилоттарын бастапқы даярлау бағдарламасы
(Light aircraft pilot license – LAPL, (MGH).




1-параграф. Теориялық даярлық



      24. Теориялық даярлау оқу сағаттары пәндер мен тақырыптар бойынша бөлінген оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Оқу сабақтарының жалпы көлемі 100 сағаттан кем емес.

25. Авиациялық оқу орталығы Мотодельтапланда даярлау бағдарламасынжасаған кезде, егер ол ұшу қауіпсіздігін арттыру талаптарына негізделген болса, оқу сағаттарының көлемі мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы.



26. Мотодельтапланда ұшатын аса жеңіл әуе кемесі пилоттардың теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгілік бағдарламаның 2-қосымшада берілген.

2-параграф. Кабина ішіндегі жаттығу



27. Осы бағдарлама мотодельтаплан кабинасында ұшу оқытулары оқытылатын жаттығу құрылғысының неғұрылым аз көлемін белгілейді.
      28. Мотодельтаплан кабинасында оқытылатын жалпы жаттығулар көлемі 3 сағаттан кем болмауы тиіс.

29. Мотодельтаплан кабинасында жаттығу бағдарламасы жаттығуларды тапсырмалар бойынша бөліп қарастырады.

Тапсырма № 1. Мотодельтапланды пайдалану

Тапсырма № 2. Мотодельтапланда ұшу техникасы

Тапсырма № 3. Ұшу кезіндегі айрықша жағдайлар

30. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемін көбейтуге құқы бар.



3-параграф. Жердегі даярлық



31. Жердегі даярлықтың ең төменгі көлемі – 16 сағат. Жердегі даярлық жаттығуларының тақырыптары:

  1. Оқу-ұшу даярлықтары бағдарламасымен танысу;

  2. Әуеайлақта ұшу өндірісі бойынша нұсқаулықты зерттеу;

  3. Ұшу ауданын зерттеу;

  4. ӘҚҚ диспетчерімен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу;

  5. Ұшу ауданының метеорологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

  6.   Экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу;

  7. Апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерін зерттеу;

  8. Пилоттың жерде және техникалық қызмет көрсетулерін зерттеу;

  9. Ұшу алдындағы даярлық жүргізу ережелерін зерттеу;

  10. Ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгілеу ережелері;

  11. Студент-пилоттың оқыту ұшуларын орындауға даярлығын тексеру.

4-Параграф. Ұшу даярлықтары



32. Студент-пилот 1, 2 және 3 параграфтарында көрсетілген алғашқы ұшу даярлық бағдарламасына теориялық, жаттығу және жердегі даярлықтардан өткеннен кейін ғана жіберіледі.

33. LАPL (MHG)-қа үміткердің мотодельтапланда кемі 20 сағат ұшу даярлығы болуы керек, оның ішінде кем дегенде:



  1. Жеке өзінің ұшу даярлығын тексеру үшін мотодельтапланда пилот-нұсқаушымен 10 сағат, оның ішінде:

3, 15, 30 және 50 метр биіктіктерде 25 рет ұшуы;

дроссельденген қозғалтқышпен кемі 40 рет қонуы.

Өте төмен әуе жылдамдығында 1 сағат ұшу, құлаудың бастапқы және үдей түсетін кезеңдерін анықтау және одан шығару, қанаттың жиналуын алдын-алу.


  1. м-ден кем емес қашықтық маршруты бойынша 2 сағат ұшуы;

  1. 6 сағат жеке ұшуы, оның ішінде 2 сағат 40 км-ден кем емес қашықтық маршрутымен жеке ұшуы;

34. Ұшу даярлығы қатерлер және қателер факторларын басқару принциптерін есепке алуы тиіс, сондай-ақ оны құрамында:

1) ұшу алдындағы даярлық, оның ішінде ӘК салмағы мен орталықтандыру есептеулері, ӘК ұшу алдында тексеру және қызмет көрсетулер;


      2) қозғалыс және ұшулардың әуеайлақтық сызбаларын, соқтығысып қалудан сақтандырудың шаралары мен процедураларын зерттеу;
      3) ӘК сыртқы көзге көрінетін бағдарларды қолданып басқару;
      4) өте төмен әуе жылдамдығындағы ұшулар, құлаудың бастапқы және үдей түсетін кезеңдерін анықтау және одан шығару, ауа ағысына тап болудың алдын алу;

  5) өте жоғары әуе жылдамдығындағы ұшулар, жоспарлау кезінде оны анықтау және қауіптен шығару, шұғыл бұрылыс пен одан шығару;


      6) қалыпты және қапталдан жел соғып тұрған кезде ұшу және қону;
      7) ерекше ұшу сипаттамалары (қысқа жолақтан ұшу және кедергілерден өту, шектеулі жолаққа қондыру);

  8) көзбен көрінетін бағдарларды пайдалану бойынша маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару және навигациялық құралдарды қолдану;


      9) төтенше операциялар кезінде ұшудың айрықша жағдайларындағы әрекет, оның ішінде борт жабдықтарының істен шығуының ұқсас кезінде;
      10) әуе қозғалысы ережелерін, байланыс рәсімдерін және фразеологиясын сақтау.

     35. Оқу-ұшу бағдарламаларының әрбір жаттығулары студент-пилоттан ұшу шеберлігін ұдайы арттырып отыруды, нақты жағдайды сезінуді және ұшу кезіндегі байқағыштықты, келіп жатқан ақпараттарды жан-жақты талдауды және оңтайлы шешім қабылдауды талап етеді.


     

2-бөлімше. Автожирмен ұшатын жеңіл әуе кемелері пилоттарын бастапқы даярлау бағдарламасы - Light aircraft pilot license – LAPL (AG)




  1. параграф.Теориялық даярлық



36. Теориялық даярлау оқу сағаттары пәндер мен тақырыптар бойынша бөлінген оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Оқу сабақтарының жалпы көлемі 100 сағаттан кем емес.

37. Авиациялық оқу орталығы нақты автожир типіне арналған даярлау бағдарламасынжасаған кезде, егер ол ұшу қауіпсіздігін арттыру талаптарына негізделген болса, оқу сағаттарының көлемі мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы. Автожирмен ұшатын АЖА пилоттардың теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгілік бағдарламаның 3-қосымшасында берілген.



2 - параграф. Автожир кабинасындағы жаттығу құрылғысы



38. Осы бағдарлама ұшу оқытулары өткізілетін автожир кабинасындағы жаттығулар үшін неғұрлым аз тапсырмалар көлемін белгілейді. Автожир кабинасында оқытылатын жалпы жаттығулар көлемі 3 сағаттан кем болмауы тиіс.
      39. Автожир кабинасында жаттығу бағдарламасы жаттығуларды жеке тапсырмалар бойынша бөліп қарастырады.
 

Тапсырма № 1. Автожирды пайдалану     

Тапсырма № 2. Автожирда ұшу техникасы

Тапсырма № 3. Ұшу кезіндегі айрықша жағдайлар



40. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемін көбейтуге құқы бар.

3 - параграф. Жердегі даярлық



41. Жердегі жаттығулардың ең төменгі көлемі – 16 сағат. Жердегі даярлық жаттығуларының тақырыптары:

  1. Оқу-ұшу даярлау бағдарламасымен танысу;

  2. Әуеайлақта ұшуды жүргізу бойынша нұсқаулықты зерттеу;

  3. Ұшу ауданын зерттеу;

  4. ӘҚҚ диспетчерімен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу;

  5. Ұшу ауданының метеорологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

  6. Экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу;

  7. Апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерін зерттеу;

  8. Пилоттың жерде және техникалық қызмет көрсетулерін зерттеу;

  9. Ұшу алдындағы даярлық жүргізу ережелерін зерттеу;

  10. Ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгілеу ережелері;

  11. Студент-пилоттың оқыту ұшуларын орындауға даярлығын тексеру.



4 -параграф. Ұшу даярлықтары



42. Студент-пилот 1, 2 және 3 параграфтарында көрсетілген алғашқы ұшу даярлық бағдарламасына теориялық, жаттығу және жердегі даярлықтардан өткеннен кейін ғана жіберіледі.

43. LАPL (АG)-қа үміткердің автожирда кемі 25 сағат ұшу даярлығы болуы керек, оның ішінде кем дегенде:



  1. Жеке өзінің ұшу даярлығын тексеру үшін автожирда пилот-нұсқаушымен 15 сағат, оның ішінде кем дегенде:

дроссельденген қозғалтқышпен кемі 10 рет қону.

Өте төмен әуе жылдамдығында 1 сағат ұшу, ротор айналымының бәсеңдеуінің бастапқы және үдей түсетін кезеңдерін анықтау және одан шығару;

Бір рет қону арқылы 100 км-ден кем емес қашықтық маршрутымен өзі ұшып шыққан әуеайлақтан өзгеше басқа әуеайлақта толық тоқтағанға дейін 2 сағат ұшу.

2) 6 сағат өзі басқарып ұшуы, оның ішінде маршрут бойынша 3 сағат жеке ұшуы, оның ішінде бір рет қону арқылы 100 км-ден кем емес қашықтық маршрутымен өзі ұшып шыққан әуеайлақтан өзгеше басқа әуеайлақта толық тоқтағанға дейін 1 (бір) ұшу.

44. Ұшу даярлығы қатерлер және қателер факторларын басқару принциптерін есепке алуы тиіс, сондай-ақ оны құрамында:
      1) ұшу алдындағы даярлық, оның ішінде ӘК салмағы мен орталықтандыру есептеулері, ӘК ұшу алдында тексеру және қызмет көрсету;
      2) қозғалыс және ұшулардың әуежайлық сызбаларын, соқтығысып қалудан сақтандырудың шаралары мен процедураларын зерттеу;
      3) ӘК сырт көзге көрінетін бағдарларды қолданып басқару;
      4) өте төмен әуе жылдамдығындағы ұшулар, ротор айналымының бәсеңдеуінің бастапқы және үдей түсетін кезеңдерін анықтау және одан шығару;

5) өте жоғары әуе жылдамдығында ұшулар, жоспарлау кезінде оны анықтау және қауіптен шығару, шұғыл бұрылыс пен одан шығару;


      6) қалыпты және қапталдан жел соғып тұрған кезде ұшу және қону;
      7) ерекше ұшу сипаттамалары (қысқа жолақтан ұшу және кедергілерден өту, шектеулі жолаққа қондыру);

8) көзбен көрінетін бағдарларды пайдалану бойынша маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару және навигациялық құралдарды қолдану;


      9) төтенше операциялар кезінде ұшудың айрықша жағдайларындағы әрекет, оның ішінде борт жабдықтарының істен шығуының ұқсас кезінде;
      10) қону және ұшу, бақыланатын әуеайлақ транзитімен ұшып өту, әуе қозғалысына қызмет көрсету ережелерін, байланыс рәсімдерін және фразеологиясын сақтау.

45. Оқу-ұшу бағдарламаларының әрбір жаттығулары студент-пилоттан ұшу шеберлігін ұдайы арттырып отыруды, нақты жағдайды сезіну машығын және ұшу кезіндегі байқағыштықты, келіп жатқан ақпараттарды жан-жақты талдауды және оңтайлы шешім қабылдауды талап етеді.

     

3-бөлімше. Планермен ұшатын жеңіл әуе кемелерінің пилоттарын бастапқы даярлау бағдарламасы (Light aircraft pilot licence–LAPL (S)

1 - параграф. Теориялық даярлық


     

46. Теориялық даярлау оқу сағаттары пәндер мен тақырыптар бойынша бөлінген оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Оқу сабақтарының жалпы көлемі 100 сағаттан кем болмауы керек.

47. Авиациялық оқу орталығы нақты планер типіне арналған даярлау бағдарламасынжасаған кезде, егер ол ұшу қауіпсіздігін арттыру талаптарына негізделген болса, оқу сағаттарының көлемі мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы. Планермен ұшатын пилоттардың теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгілік бағдарламаның 4-қосымшасында берілген.
    


2-параграф. Жаттығу құрылғысында даярлау немесе кабинада жаттығу

48. Осы бағдарлама әуе кемесі типіндегі кешенді жаттығу құрылғысы болмаған жағдайда, ұшу оқытулары өткізілетін планердің кабинасында жаттығу үшін тапсырмаллардың неғұрылым аз көлемін белгілейді. Планер кабинасында оқытылатын жалпы жаттығулар көлемі 6 сағаттан кем болмауы тиіс.
      49. Планер кабинасында жаттығу бағдарламасы жаттығуларды жеке тапсырмалар бойынша бөліп қарастырады.

№ 1 тапсырма. Планерді пайдалану

№ 2 тапсырма. Планердің ұшу техникасы

№ 3 тапсырма Ұшу кезіндегі айрықша жағдайлар



50. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемін көбейтуге құқы бар.

3 -параграф. Жердегі даярлық



51. Жердегі жаттығулардың ең төменгі көлемі – 16 сағат.
     
Жердегі даярлық жаттығуларының тақырыптары:

  1. Оқу-ұшу даярлықтары бағдарламасымен танысу;

  2. Әуеайлақта ұшу өндірісі бойынша нұсқаулықты зерттеу;

  3. Ұшу ауданын зерттеу;

  4. ӘҚҚ диспетчерімен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу;

  5. Ұшу ауданының метеорологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

  6. Экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу;

  7. Апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерін зерттеу;

  8. Пилоттың жерде және техникалық қызмет көрсетулерін зерттеу;

  9. Ұшу алдындағы даярлық жүргізу ережелерін зерттеу;

  10. Ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгілеу ережелері;

  11. Студент-пилоттың оқыту ұшуларын орындауға даярлығын тексеру.


4 -параграф. Ұшу даярлығы
52. Студент-пилот 1, 2 және 3 параграфтарында көрсетілген алғашқы ұшу даярлық бағдарламасына теориялық, жаттығу және жердегі даярлықтардан өткеннен кейін ғана жіберіледі.

53. LAPL (S) -қа үміткердің планерде кемі 15 сағат ұшу даярлығы болуы керек, оның ішінде кем дегенде:

1) Жеке өзінің ұшу даярлығын тексеру үшін планерде пилот-нұсқаушымен 10 сағат;

2) 2 сағат жеке ұшу;



  1. 45 ұшу және қону;

4) 1 рет маршрутты 50 км-нан кем емес қашықтықта жеке өзі ұшуы немесе 1 рет маршруты 100 км-ден кем емес қашықтықта пилот-нұсқаушымен ұшуы.

54. Ұшу даярлығы қатерлер және қателер факторларын басқару принциптерін есепке алуы тиіс, сондай-ақ оны құрамында:


      1) ұшу алдындағы даярлық, оның ішінде планер салмағы мен орталықтандыру есептеулері, ұшу ауданындағы әуе және метеорологиялық жағдай туралы нұсқамалық, ұшу алдындағы тексеру және планерға қызмет көрсету;
      2) қозғалыс және ұшулардың әуеайлақтық сызбаларын, соқтығысып қалудан сақтандырудың шаралары мен процедураларын зерттеу;
      3) планерді сыртқы көзге көрінетін бағдарларды қолдана отырып басқару;
      4) шабуылдаулардың үлкен бұрыштарымен ұшу (ұшудың өте төменгі жылдамдығында);
      5) құлаудың бастапқы және үдей түсетін кезеңдерін анықтау және одан шығару, ауа ағысына тап болудың алдын алу;
      6) өте жоғары әуе жылдамдығындағы ұшулар, жоспарлау кезінде оны анықтау және қауіптен шығару, шұғыл бұрылыс пен одан шығару;
      7) қалыпты және бүйірлеп жел соғып тұрған кезде ұшу және қону; планерді іске қосудың түрлі әдістері;

8) планердің ерекше ұшу сипаттамалар (қысқа жолақтан ұшу және кедергілерден өту, шектеулі жолаққа қондыру);


      9) әуеайлақтан тыс жерлерде қондыратын орынды таңдау, қауіпсіздік шаралары;

10) көзбен көрінетін бағдарларды пайдалану бойынша маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару және навигациялық құралдарды қолдану;

11) жергілікті жағдайларды ескере отырып қалықтап ұшу;

12) ұшудың айрықша жағдайларындағы әрекет және төтенше процедуралар;


     13) әуе қозғалысы ережелерін сақтау;

14) шектеулі жолаққа қондыру; қону үшін әуеайлақтан тыс жерді таңдау, айналып ұшу және қону кезіндегі қауіптер, қауіпсіздік шаралары;


      15) әуе қозғалысының қызмет көрсету ережелерін, байланыс және фразеология процедураларын сақтау.

55. Оқу-ұшу бағдарламаларының әрбір жаттығулары студент-пилоттан ұшу шеберлігін ұдайы арттырып отыруды: нақты жағдайды сезіну және ұшу кезіндегі байқағыштық, келіп жатқан ақпараттарды жан-жақты талдау және оңтайлы шешім қабылдауды талап етеді. 

 


жүктеу 7,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау