Қазақстан республикасының инвестициялар және даму министрі



жүктеу 7,77 Mb.
бет1/24
Дата20.11.2018
өлшемі7,77 Mb.
#21886
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ

МИНИСТРІ






МИНИСТР

ПО ИНВЕСТИЦИЯМ И РАЗВИТИЮ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН



БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ

___________________________ №_______________________

Астана қаласы город Астана

«Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы
28 қыркүйектегі № 764 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы


«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:


  1. «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8785 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 104 (27725) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түріндегі қазақ жән орыс тілдеріндегі көшірмелерін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосуға жіберуді;



3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.



  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.





Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек


Қазақстан Республикасы 


Көлік және коммуникациялар
министрінің 
2013 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 764 бұйрығымен    
бекітілген  

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің 2018 жылғы «____» ____________

______ бұйрығының

қосымшасы


Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламасы

1 - бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлауыдың үлгілік бағдарламасы (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама) «Қазақстан Республикасында әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Осы Үлгілік бағдарлама авиация персоналын, азаматтық авиация кәсіпорындары басшыларын, сондай-ақ азаматтық авиация қызметкерлерінің (мамандарын) басқа да санаттарын кәсіптік даярлауды жүзеге асыру қағидаттарын, жүзеге асыру тәртібін, кезеңдерін ұйымдастыруды, бағдарламалар мазмұны көлемінің ең аз көлемін және басқа да критерийлерін айқындайды.

3. Осы Үлгілік бағдарламада Халықаралық азаматтық авиация ұйымының, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның стандарттары мен ұсынылатын тәжірибелері қолданылған.

4. Осы Үлгілік бағдарламада мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:



  1. авариялық жабдық – борттағылардың барлықтарының өмірін сақтау және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шұғыл шараларды қолдануды қажет ететін авариялық немесе штаттан тыс жағдайларда қолдануға арналған әуе кемесінің бортында (бұдан әрі – ӘК) орналасқан немесе бекітілген жабдық (мысалы: жолаушылар салонында өттегіні таратушы, балта, өрт сөндіргіш, түтіннен қорғайтын оттегі капюшоны, ажыратқыш механикалық құралы, авариялық басқыш);

  2. авариялық рәсімдер – ұшу өндірісі жөніндегі нұсқаулықта пайдаланушы бекіткен, штаттан тыс және авариялық жағдайларда қолданылатын рәсімдер. Штаттан тыс жағдайлар дегеніміз - әдеттегі немесе үйреншікті емес, ауытқуларға әкелетін және авариялық жағдайларды туғызуы мүмкін жағдайлар.

  3. авиациялық оқу орталығы (бұдан әрі – АОО) – авиация персоналын кәсіптік даярлауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

  4. авиация персоналы – арнайы және/немесе кәсіптік даярлықтан өткен және осы қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлға:

әуе кемесінің ұшуын атқару бойынша (ұшу және кабина экипажы, ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер (маман/ұшу диспетчері;әуе кемесінің ұшу жарамдылығын қолдау бойынша (авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеуді жүзеге асыратын маман, қызметкерлер);

әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша (әуе қозғалысына қызмет көрсету және ұйымдастыру бойынша диспетчерлік қызметкерлер, авиациялық стансаның операторлары, маман);

теңіз қондырғыларында орналасқан тікұшақ алаңдарында (тікұшақ айлақтарында) тікұшақтардың ұшуын жерден қамтамасыз ету бойынша (қызметкерлер, маман);

іздеу және құтқару бойынша (қызметкерлер, маман);

ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету бойынша (радиотехникалық жабдықтар мен электрбайланысты пайдалану бойынша мамандар, инженерлік-техникалық қызметкерлер);

ұшуды электрлік жарық техникасымен қамтамасыз ету бойынша (әуежайлардың және әуеайлақтардың электрлік жарық техникасы жабдықтарына қызмет көрсету/пайдалану жөніндегі мамандар, инженерлік-техникалық қызметкерлер);

азаматтық авиация саласындағы кәсіпорындарды және авиациялық оқу орталықтарын басқару бойынша.


  1. аэростат – қозғалтқышпен қозғалысқа келмейтін ауадан да жеңіл әуе кемесі;

Ескерту: осы Қағиданың шеңберінде бұл анықтама еркін аэростаттарға жатады.

  1. борттық электрондық жабдық – әуе кеменің бортында қолдануға арналған электрлік бөлігін қосқанда кез-келген электрлік құрылғыны, соның ішінде радиожабдықты, ұшуды автоматты басқару жүйесін және құралдық жабдықты білдіретін термин;

  2. тікұшақ – шамамен тік қалыпта орналасқан осьтің айналасынан қозғалқышпен айналатын, ұшу кезінде негізінен ауа әсері есебінен бір немесе бірнеше салмақ түсетін бұрандалармен ұсталынатын ауадан ауыр әуе кемесі;

  3. ӘК түрі – бекітілген негізгі сипаттамалары негізіндегі ӘК топтау:

ұшақ;

планер;


тікұшақ;

еркін аэростат;

дирижабль;

аса жеңіл авиацияның әуе кемесі (мотодельтоплан, автожир);

көтергіш күшті ұлғайту жүйесі бар әуе кемесі;


  1. әуе кемесі – жердің (сулы) үстіңгі беті шағылысқан ауамен өзара әрекетті қоспағанда ауамен өзара әрекеті есебінен атмосферада ұсталып тұратын кез-келген аппарат;

  2. пайдалану үшін екінші ұшқышты қажет ететін әуе кемесі – сертификат түрінде немесе экспуатант сертификатында анықталғандай пайдалану үшін екінші ұшқышты қажет ететін әуе кемесінің түрі;

  3. бір ұшқышпен ұшу үшін сертификатталған әуе кемесі – сертификаттау барысында қабылданған мемлекеттік тіркеу шешімі бойынша ең аз құрамдағы ұшу экипажымен, оның ішінде бір ұшқышпен қауіпсіз пайдаланылуы мүмкін әуе кемесінің түрі;

  4. көтергіш күшті ұлғайту жүйесі бар әуе кемесі – ауадан ауыр әуе кемесі, тік ұшуды, тік қонуды және аз жылдамдықтағы ұшуды орындауға қабілетті, бұл негізінен ұшудың осы режімінде көтергіш күшті жасау үшін, сонымен қатар көлденең ұшу барысында көтергіш күшті жасайтын айналмайтын аэродинамикалық беттерде қолданылатын қанат механикасы қозғалтқышы немесе қозғалтқыш күшімен қозғалысқа келіп, қамтамасыз етіледі.

  5. адамның мүмкіндігі – авияциялық қызметтің тиімділігі мен қауіпсіздігіне әсер ететін адамның қабілеттілігі және мүмкіндіктерінің шамасы;

  6. жердегі құрал бойынша жаттығулардың уақыты – ұшқыш ұшуды ұқсатудың жаттығу құрылғысында құрал бойынша ұқсастырылатын ұшуды жерде жасап шығатын мерзім ішіндегі уақыт.

  7. ұшу уақыты:

көтергіш күшті ұлғайту жүйесі бар ұшақтар, автожирлар, мотодельтапландар және ӘК үшін – тоқтау сәтіне дейін ұшу мақсатындағы ӘК қозғалысының басталу сәтінен ұшудың аяқталуы бойынша жалпы уақыт;

тікұшақтар үшін – ұшудың ақталуы бойынша тікұшақтың толық тоқтау сәтіне дейін ұшу мақсатында салмақ түсетін бұрандалар қалақшаларының айналуының басталу сәтінен бастап салмақ түсетін қалақшалардың айналуының тоқтауына дейінгі жалпы уақыт;

дирижабльдер үшін – дирижабль мачтадан босаған сәттен бастап дирижабль ұшудың толық аяталғанынан кейін біржолата тоқтауы және матчтада бекітілуі сәтіне дейін ұшу мақсатындағы жалпы уақыт;

планерлер үшін – планер ұшу барысында жерде жүрісті бастаған сәттен планер ұшу аяқталғаннан кейін тоқтайтын сәтке дейінгі буксирде немесе буксирсіз ұшуда болған жалпы уақыт;

аэростаттар үшін – гандола ұшу мақсатында жерден бөлектеген сәттен бастап ұшу аяқталғаннан кейін біржолата тоқтайтын сәтке дейінгі жалпы уақыт;



  1. құралдар бойынша ұшу уақыты – ұшқыш ұшу барысында әуе кемесін сыртқы бағдарларды қолданбай тек қана құралдар көрсеткіші бойынша басқаратын кездегі уақытты білдіреді;

  2. екінші пилот – пилот куәлігі бар, әуе кемесі командирінің қызметінен басқа пилоттың кез-келген қызметін орындайтын тұлға, әуе кемесінің бортында тек қана ұшу дайындығынан өту мақсатында болған пилоттар есепке алынбайды.

  3. дирижабль – қозғалысқа қозғалтқыш арқылы келетін ауадан да жеңіл ұшу аппараты;

  4. куәлігінде біліктілік белгісі бар ӘҚБ диспетчері – куәлігі және жүзеге асыратын құқықтарына сәйкес келетін айқын біліктілік белгілері бар ӘҚБ диспетчері;

  5. сынақ – баламалы құралды немесе бұдан бұрын алынған біліктілікті мойындау;

  6. нұсқаушы – кәсіптік даярлау және біліктілігіне сәйкес авияциялық персоналдың дағдыларын тексеру бойынша қызметтерді тікелей жүзеге асыратын тұлға;

  7. біліктілік блогы – бірқатар біліктілік элементтерінен тұратын дискреттік қызмет;

  8. біліктілік элементтері – шекараларын, бақыланатын нәтижесін нақты айқындайтын бастама оқиғаға және аяқталған оқиғаға ие тапсырмалар түріндегі әрекет;

  9. біліктілік бағасы – куәлікте жасалынған немесе оған қатысы бар, бір бөлігі болып табылатын жазба, онда осы куәлікке қатысты ерекше талаптар, құқықтар мен шектеулер көрсетіледі;

  10. әуе кемесінің командирі – эксплуантант немесе жалпы тағайындалған авиация жағдайында әуе кемесінің иесі командир міндеттерін атқару немесе ұшудың қауіпсіз орындалуына жауапты болу үшін белгілеген пилот;

  11. әуе кемесінің бақылаудағы командирі – әуе кемесінің командирі бақылауында әуе кемесі командирінің міндеттері мен қызметтерін куәлікті беру жөніндегі уәкілетті органдарда жарамды бақылау әдістемесіне сәйкес орындайтын екінші пилот;

  12. коммерциялық әуе тасымалы – жолаушыларды, жүктерді және төлем немесе жалға алу бойынша поштаны тасымалдауға арналған әуе кемесінің ұшуы;

  13. біріктірілген оқыту – оқытудың түрлі формаларын қиыстыру арқылы кәсіптік даярлықтан өткізу;

  14. кешенді оқыту – белгіленген мерзім ішінде оқытудың барлық бағдарламаларын бір уақытта жүзеге асыру арқылы кәсіптік даярлықтан өткізу;

  15. қауіп факторын бақылау – котрмер көмегімен қауіптерді анықтау және оларға әсер ету үрдісі, бұл қауіп салдарын азайтады немесе жояды және қателер немесе жағымсыз жағдайлардың болу мүмкіндігін төмендетеді;

  16. біліктілік – белгіленген стандарттарға сәйкес қандай да бір тапсырмаларды орындау үшін қажетті білімнің, дағдының және іске деген қарым-қатынастың үйлесуі;

  17. қателерді бақылау - котрмер көмегімен қателерді анықтау және оларға әсер ету үрдісі, бұл қателер салдарын азайтады немесе жояды және қателер немесе жағымсыз жағдайлардың болу мүмкіндігін төмендетеді;

  18. біліктілік тестісі – куәлікті немесе біліктілік бағасын алу үшін (растау, қолданыс мерзімін ұзарту) теориялық білім мен практикалық дағдыны көрсетуді білдіреді;

  19. коммерциялық авиация пилоттарын дайындаудың кешенді курсы - коммерциялық авиация пилоттарына (бұдан әрі – CPL) куәлікті беру үшін қажетті біліктілік деңгейіне дейін пилоттарды оқыту курсының бір үздіксіз шеңберінде дайындау;

  20. тиімділік өлшемдері – талап етілетін тиімділік деңгейіне жеткендігін анықтау үшін қолданылатын біліктілік элементінің талап етілген нәтижесін және өлшемдер сипатын қарапайым, бағаға бейімделген баяндау;

  21. ұшуға даярлау – ұшу экипажының мүшелерін кәсіптік даярлау үрдісінің кезеңі, бұдан өту арқылы оқушы практикалық дағдылары мен ұшуды орындау шеберлігін иеленеді және жетілдіреді;

  22. ұшу ептілігі (шеберлігі) – ұшу мақсатына жету үшін білімдерін, дағдыларын және ептілігін қолдана отырып ӘК басқару бойынша үнемі дұрыс шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру;

  23. даярлауға көмек болатын әдістеме – тиімді сауалнама, мұқият тыңдау және бағалаусыз ықпал қолданылатын даярлаудың белсенді әдістемесі, дағдыларды және іске деген қарым-қатынасты дамытуда айрықша тиімді, тағылымдамадан өтушілерге терең білім алуға және өз бетімен шешім шығаруға көмектеседі, өз кезегінде бұл оқу материалдарын түсінуді, есте сақтауды және қызығушылықты жоғары деңгейге жеткізеді;

  24. коммерциялық авиация пилоттарын дайындаудың модульді курсы – ұшуды құрал бойынша орындау құқығы туралы CPL куәлігін және/немесе біліктілік бағасын алу үшін қажетті біліктілік деңгейіне дейін пилоттарды оқыту курсының соңғы кезеңі шеңберінде дайындау;

  25. модульді оқыту – үздіксіз білім әдісі, кадрларды кезең-кезеңмен дайындау жүйесін қолданады, оның ішінде әр кезең (модуль) бақылаудың және алынған білім мен машықтың рейтингтік жүйесімен аяқталған циклді білдіреді;

  26. нұсқаушымен ұшу - қандай да бiр тұлғаның тиiстi куәлiгi бар ұшқыш - нұсқаушымен бірге әуе кемесінің бортында ұшу даярлығынан өтетін ұшу уақыты;

  27. түн – тиісті уәкілетті орган бекітуі мүмкін кешкі азаматтық іңір қараңғы соңы мен таңғы ымырттың басталуына дейінгі немесе күннің батуы мен атуының аралығындағы осындай басқа да кезең уақыты;

  28. бұзбай бақылау (NDT) - әуе кемелерінде, күштік қондырғыларда, және олармен байланысты жүйелерде және компоненттерде қолданылатын материалдар, компоненттер мен жүйелер жағдайын бақылау үшін қолданылатын бақылау әдісі, мақсаты осы бұйымдардың жағдайын тексеру және бақыланатын бұйымдарды зақымдамай ақауларын анықтау;

  29. штаттан тыс жағдайлар - жүйелі түрде немесе жиі болмайтын ауыр және күтпеген бірқатар міндеттер, қауіптің туындауына немесе шындық қатерге әкелуі міндетті емес, алайда шұғыл жауап қатуды талап етеді;

  30. әуе қозғалысына қызмет көрсету – ұшу-ақпараттық қызмет көрсету, авариялық хабарлау, әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету (аудандық диспетчерлік қызмет көрсету, кіреберісте диспетчерлік қызмет көрсету және әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету);

  31. қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған жабдық – ӘК бортында орнатылған немесе болатын жабдық, борттағы барлық тұлғалардың және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету (мысалы: қауіпсіздік баулары, қауіпсіздік бойынша нұсқаулық, көрсету жиынтығы) мақсатында тұрақты қолдануға арналған;

  32. бақылау негізінде ӘҚҰ-ға қызмет көрсету – қызмет көрсету түрлерінің біріне қатысты қолданылатын термин, тікелей ӘҚҰ бақылау жүйесі көмегімен қамтамасыз етіледі;

  33. экипаж жұмысын оңтайландыру (Crew Resourse Management –бұдан әрі CRM) – экипаж мүмкіндігін басқару – қызметкерлерді адам қатесі апатқа әкеліп соғатын қызмет саласында оқыту әдістемесі. CRM техникалық білімдерге емес, команда немесе бір кабинадағы экипаж мүшелерінің өзара қарым-қатынасына ден қояды, оның ішіне жетекшілік пен шешім қабылдау да кіреді;

  34. қателік – ұйымның немесе эксплуатациялық қызметкерлердің осы мүшесінің ниеті немесе күткенінен шегінуге әкелетін эксплуатациялық қызметкерлер мүшесінің әрекеті немесе әрекетсіздігі;

  35. қайта даярлау – авиациялық техниканы зерттеулеріне, жаңа кәсіптік білім (қосымша) алуына, біліктілікке, машықтануына бағытталған азаматтық авиация саласы мамандарын оқыту процесі;

  36. ұшуды басқару – ұшу уақыты ішінде әуе кемесін басқару органдарымен күрделі әрекеттер жасау;

  37. планер - қозғалысқа күш қондырғыларымен келтiрiлмейтiн, көтерiлу күшi негiзiнен ұшудың осы жағдайында қозғалыссыз қалатын жоғары қабаттағы аэродинамикалық қарсы әсер есебiнен құрылатын ауадан ауырлау әуе кемесi; 

  38. ұшу жоспары – әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары ұсынатын әуе кемесінің белгіленген ұшуы немесе ұшуының бір бөлігі туралы белгілі бір мәліметтер;

  39. бекітілген бағдарлама бойынша даярлау – бақылауда және келісілген мемлекеттер бекіткен арнайы бағдарлама бойынша жүзеге асырылатын даярлық;

  40. техникалық қызмет көрсету туралы куәлікке қол қою – техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар осы жағдайда қолданылатын ұшу жарамдылығы стандарттарына сәйкес қанағаттандырарлық орындалғаны туралы куәландыру, растау үшін техникалық қызмет көрсету туралы куәлік беріледі;

  41. кәсіптік деңгейді сақтап тұру – біліктілік талаптарына сәйкестендіру мақсатында мақсаты кәсіптік білімді, біліктілік пен машықты жаңғырту болып табылатын авиациялық қызметкерлерді оқыту процесі;

  42. маршрут бойынша ұшу – стандартты навигациялық рәсімдерді қолдана отырып, алдын-ала жоспарланған маршрут бойынша келесі ұшу нүктесі мен қону нүктесі аралығындағы ұшуды білдіреді;



  43. кәсіптік даярлау (оқыту) – алғашқы даярлық, қайта даярлау, кәсіптік деңгейді қолдау;

  44. аспаптық уақыт – аспаптар бойынша ұшу уақыты немесе аспаптар бойынша жер үстiнде жаттығу уақыты;



  45. күш беру (куәлікке) – нәтижесінде келісілген мемлекет өз куәлігін берудің орнына басқа келісілген мемлекеттің берген куәлігін өз куәлігіне тең дәрежеде мойындайтын әрекет;



  46. ұшақ - қозғалысқа күш қондырғыларымен келтiрілетiн, көтерiлу күшi негiзiнен ұшудың осы жағдайында қозғалыссыз қалатын жоғары қабаттағы аэродинамикалық қарсы әсер есебiнен болатын ауадан ауырлау әуе кемесi; 

  47. дербес ауаға көтерiлу – курсант пилот әуе кемесiнiң бортында жалғыз адам болып табылатын ұшу уақыты;

  48. сессия – үміткер емтихан тапсыра алатын уақыт кезеңі. Бұл кезең 10 тізбектелген күнтізбелік күннен асапау қажет;

  49. ммм

  50. мм

  51. сертификаттау талаптары – қабылданған стандарттарға ұйымдардың, олардың мазмұнының, авиациялық қызметкерлерді даярлау деңгейі мен сапасының сәйкес келуін бекіту мақсатында авиациялық оқу орталықтарына қойылатын талаптар;



  52. сапаны бақылау жүйесі – құжат түрінде ресімделген ұйымдастыру рәсімдері мен принциптері, осы принциптер мен рәсімдердің ішкі аудиті, басқару жүйесін шолу және сапаны арттыру бойынша ұсыныстар жасау.

  53. ӘҚҰ бақылау жүйесі – жеке-жеке ADS-B, ПОРЛ, ВОРЛ жүйелері немесе осыған теңестірілетін әуе кемесін тануға мүмкіндік беретін кез-келген басқа жүйелер ретінде түсіндірілетін жалпы термин;

  54. өлшемдерге қатысты тестілеу - бағалау нәтижесі объективті стандарттармен (басқа бағалардың деректерімен емес) салыстырылатын тестілеу;

  55. тағылымдама –мамандықты практикалық игеру және қызмет көрсету мен басқару объектілеріне бейімделу, сонымен қатар жұмыс орнында тез бағдар алу және жұмыстың жаңа әдіс-тәсілдерін игеру мақсатында оқытуды қамтамасыз ететін тұлғаның басшылығымен жұмыс орнында оқыту;

  56. стандартты рәсімдер немесе эксплуатанттың стандартты жұмыс рәсімдері (Standard Operating Procedures –бұдан әрі SOP) – бортта стандартты әрекеттерді (мысалы: кабиналық экипажды ұшу алдында нұсқаулықтан өткізу, ұшу алдында ӘК жолаушылар салонын тексеру, жолаушыларды нұсқаулықтан өткізу, ас-үй орынжайларын, дәретхана бөлмелерін және ӘК жолаушылар салонын қауіпсіз қалыпқа келтіру, ұшу кезінде ӘК жолаушылар салонына мониторинг жасау) жасауға арналған ұшу өндірісі бойынша басшылықта эксплуатант бекіткен рәсімдер;

  57. SPIC (ағылшын тіліндегі аббревиатура) – әуе кемесінің студент-командирі (СКВС) – студент-пилот оқыту ұшуы кезінде әуе кемесінің командирінің (бұдан әрі - ӘКК) қызметін жүзеге асыратындығын білдіреді, бұл уақытта ұшу нұсқаушысы ұшу барысын бақылап қана отырады, ӘК басқаруға араласпайды. SPIC уақыты студент-пилоттың ұшу кітапшасында тіркеледі, нұсқаушы оны қол қою арқылы растайды және ӘКК ретінде жалпы ұшуға есептеледі.

  58. PICUS (ағылшын тіліндегі аббревиатура)- бақылаудағы әуе кемесінің командирі – екінші пилот – бақылауда әуе кемесінің командирі ретінде қызметтер мен міндеттерді атқарады. PICUS уақыты екінші пилоттың ұшу кітапшасында тіркеледі, нұсқаушы оны қол қою арқылы растайды және ӘКК ретінде жалпы ұшуға есептеледі.

  59. теориялық даярлау – кәсіптік даярлау процесі кезеңі, оның барысында үйренуші арнайы теориялық білім алады, сондай-ақ білімін бекітілген оқу бағдарламасына сәйкес жаңғыртады және жетілдіріп отырады;

  60. техникалық қызмет көрсету – әуе кемесінің ұшу жарамдылығын сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстарды өткізу, оның ішінде жеке жеке не бірге орындалатын бақылау – қалыпқа келтіру жұмыстары, тексерулер, ауыстырулар, ақауларды жою, сонымен қатар модификация немесе жұмысты тәжрибе жүзінде жүзеге асыру;

  61. үлгілік бағдарламалар – авиациялық оқу орталықтары мен азаматтық авиация ұйымдарының кәсіптік даярлықты бір үлгіде оқытумен қатар, өз бағыттарының, мамандануларының және қызмет түрлерінің ерекшеліктеріне қарай оқу бағдарламаларын өз қалаулары бойынша жасау мүмкіндіктерін сақтауға арналған бағдарламалар;

  62. әуе кемесінің типі – бір принциптік конструкциядағы барлық әуе кемелері, оның ішінде пилотаждық және ұшу сипаттамаларының өзгерісіне алып келетіндерді есепке алмағанда олардың барлық модификациялары;

  63. тренажердағы даярлық – авиациялық қызметкерлердің кәсіптік даярлау процесі кезеңі, оның барысында үйренуші азаматтық авиация саласының уәкілетті органдары бекіткен ұқсас құрылғылар арқылы тәжірибелік біліктілік пен машыққа қол жеткізеді, біліктілікті бабына келтіреді және жетілдіреді;

  64. ұшуды басқару техникасын пысықтауға арналған тренажер - ұшуды айнытпай көрсететін тренажер қондырғыға қарау;

  65. ұшу шарттарын дәл келтіретін тренажер - ұшуды айнытпай көрсететін тренажер қондырғыға қарау;

  66. ұшуды айнытпай көрсететін тренажер қондырғы – қондырғылардың үш түрiнiң кез келгенi, оның көмегiмен жерде ұшу шарттары айнытпай көрсетіледі:

механикалық, электр, электронды және тағы басқа борттық басқару жүйелерiнің нақты функцияларын айнытпай көрсетуге мүмкіндік беретін әуе кемесінің белгілі бір түрінің экипажы кабинасын, осы типті әуе кемесінің ұшу экипажы мүшелері үшін әдеттегідей жағдайын және ұшу сипаттамаларын дәл келтіретін тренажер;

экипаж кабинасындағы ахуалды нақты iске қосуды қамтамасыз ететін және аспаптардың көрсеткiштерiн, механикалық, электр, электрондық және басқа борт жүйелерiнiң қарапайым функцияларын, сондай-ақ белгiлi бiр сыныптағы әуе кемелерiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларын айнытпай көрсететін ұшуды басқару техникасын пысықтауға арналған тренажер;



аспаптар бойынша ұшуға негiзгi дайындыққа арналған тренажер, ол тиiстi аспаптармен жабдықталған және ұшу уақытында аспаптар бойынша әуе кемесiнiң ұшуына ұқсас жағдайды экипаж кабинасында айнытпай көрсетеді;



  1. қауiп-қатер – пайдалану персоналы мүшесiнiң құзыретi саласынан тыс болатын оқиғалар немесе қателер, пайдалану күрделiлiгiн арттырады және оларды қауiпсiздiктiң шектi деңгейiн ұстап тұру үшiн басқару қажет;

  2. ұшуға жарамдылықты растау – әуе кемесіне немесе оның бөлігіне техникалық қызмет көрсетуді орындағаннан кейін әуе кемесі немесе оның бөлігі қолданыстағы ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкес келетіндігі туралы куәлікті беру;



  3. техникалық қызмет көрсету бойынша бекітілген ұйым – «Ұшақтарға техникалық қызмет көрсету» 8-бөлімінің талаптарына сәйкес келісілген мемлекет бекіткен ұйым;

  4. бекітілген оқу ұйымы –келісілген мемлекет бекіткен және оның бақылауында қызмет көрсететін бекітілген бағдарлама бойынша даярлауды өткізуге арналған ұйым;

  5. азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және экспериментальды авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

  6. маршрут учаскесі – ұшу, маршрутқа жолға шығу, 15 минуттан кем емес аралықтағы крейсерлік режім, келу, қонуға кіру және жерге қону сияқты кезеңдерден тұратын ұшуды білдіреді.

  7. даярлау мақсаты – үш бөліктен тұратын нақты тұжырымдау: тиімділіктің қалаулы көрсеткіші немесе тыңдарман даярлық мерзімі аяқталған уақытта (немесе даярлықтың қандай да бір нақты кезеңі аяқталысымен) шамамен нені жасай алуы қажет; тиімділік стандарты, бұған тыңдарман біліктілік деңгейін растау үшін жетуге тиіс; тыңдарман өз біліктілігін көрсетуге тиіс жағдайлар.

  8.  ұшу экипажының мүшесі – авиация персоналының куәлігі бар, ұшу уақыты ішінде әуе кемесін басқаруға байланысты міндеттер жүктелген маман;

  9. емтихан алушы (осы санаттағы барлық мамандарға арналған жалпы анықтама) – тиісті біліктілігі бар, Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес куәлікті немесе біліктілік бағасын алу үшін (растау, қолданыс мерзімін ұзарту) үміткерлерге қатысты бағалауды өткізуге (тексеру, тестілеу және т.б. рәсімдер) уәкілетті және тағайындалған жеке тұлға;



  10. protective breating equipment (англ.) – түтіннен сақтайтын капюшон (бұдан әрі – PBE).

  11. сrowd control – салмақты басқару.

5. Осы Үлгілік бағдарламада қолданылып отырған аббревиатуралар мен қысқартулар осы Үлгілік бағдарламаның 1-қосымшасында көрсетілген.
      6. Осы Үлгілік бағдарлама АОО, азаматтық авиация кәсіпорындары мен азаматтық авиация саласында қызмет көрсететін тұлғаларды кәсіптік даярлаумен айналысатын ұйымдардың өз кәсіптік даярлау бағдарламаларын (курстар, модульдер және т.б.) жасауы үшін пайдалануға арналған.




жүктеу 7,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау