ХИМИЯ 8-сынып:
№ 1 зертханалық тәжірибе: «Заттардың (металдар және бейметалдар) физикалық қасиеттерін танып білу. Физикалық құбылыстар (судың қайнауы, парафиннің және қанттың балқуы). Химиялық құбылыстар (тұнбаның түзілуі, газдың бөлінуі, иістің пайда болуы, заттың түсінің өзгеруі, жылудың бөлінуі немесе
сіңірілуі)»;
№ 2 зертханалық тәжірибе «Химиялық реакциялардың белгілеріне және типтеріне тәжірибелер жүргізу; мыс сымын қыздыру; малахиттің ыдырауы. ағаш жаңқасының және парафиннің жануы.»;
№ 1 практикалық жұмыс «Химия кабинетінде жұмыс жасаудың техникалық қауіпсіздік
ережелерімен танысу; лабораториялық құрылғылармен, химиялық ыдыстармен шыны түтікшелермен, қыздыру құрылғыларымен жұмыс істеу ережелері; сұйықтықты қыздыру ережесіне»;
№ 2 практикалық жұмыс «Лас тұзды қоспалардан тазарту»;
№ 1 бақылау жұмысы.
№ 3 зертханалық тәжірибе «Түрлі химиялық байланысы бар заттардың табиғи үлгілерін
зерттеу»;
№ 2 бақылау жұмысы.
№ 4 зертханалық тәжірибе «Сутек асқын тотығын катализатор қатысында айыру арқылы оттек алу»;
№ 3 бақылау жұмысы.
№ 5 зертханалық тәжірибе «Зертханада сутек алу және оның қасиеттерін зерттеу»;
№ 4 бақылау жұмысы.
№ 6 зертханалық тәжірибе (мультимедиа):судың металдармен (натрий, алюминий, мыс) әрекеттесуі; судың кальций және фосфор (V) оксидтерімен әрекеттесуі, индикаторлар көмегімен алынған ерітінділердің ортасын анықтау;
№ 3 практикалық жұмыс «Суды лас қоспалардан тазарту»;
№ 4 практикалық жұмыс «Берілген мольдік үлесі бойынша қант ерітіндісін дайындау»,
№ 5 бақылау жұмысы.
№ 7 зертханалық тәжірибе: «Қышқылдардың химиялық қасиеттерімен (ортофосфор қышқылының мысалында) танысу; негіздердің химиялық қасиеттерімен (натрий гидроксидінің мысалында) танысу; тұздардың химиялық қасиеттерімен
(мыс (ІІ) сульфатының және кальций карбонатының мысалында) танысу»;
№ 5 практикалық жұмыс «Бейорганикалық заттардың кластары арасындағы генетикалық байланыс»,
№ 6 бақылау жұмысы.
ХИМИЯ 9-сынып:
№ 1 лабораториялық тәжірибе «Электролит ерітінділерінің арасындағы ион алмасу
реакциялары»;
№ 2 лабораториялық тәжірибе «Тұздар гидролизі»;
№ 1 практикалық жұмыс «Электролиттік диссоциация теориясы және электролиттердің
қасиеттері»,
№ 1 бақылау жұмысы.
№ 3 лабораториялық тәжірибе «Көмірқышқыл газы және аммиакты алу, оларды анықтау»
№ 4 лабораториялық тәжірибе (мультимедиа) «Хлоридтерді, карбонаттарды, сульфидтерді,
сульфаттарды, силикаттарды, аммоний тұздарын танып білу»;
№ 2 практикалық жұмыс «Бейметалдар» тақырыбына эксперименттік есептер шығару,
№ 2 бақылау жұмысы.
№ 5 лабораториялық тәжірибе «Алюминий гидроксидін алу және оның екідайлық қасиеттерін зерттеу»;
№ 6 лабораториялық тәжірибе «Темірдің (ІІ) және (ІІІ) гидроксидтерін алу және қасиеттерін зерттеу»;
№ 3 практикалық жұмыс «Металдар» тақырыбына эксперименттік есептер шығару»,
№ 3 бақылау жұмыс.
№ 7 лабораториялық тәжірибе «Көмірсутек молекулаларының модельдерін құрастыру»;
№ 8 лабораториялық тәжірибе «Мұнай өнімдерімен танысу»;
№ 9 лабораториялық тәжірибе «Сірке қышқылының индикаторларға әсері, металдармен және
тұздармен әрекеттесуі;
№ 10 лабораториялық тәжірибе «Сабынның және синтетикалық жуғыш заттардың қасиеттерін салыстыру»;
№ 4 бақылау жұмысы тақырыптық білім тексеру,.
ХИМИЯ 10-сынып: жаратылыстану-математика:
№ 1 лабораториялық тәжірибе «Әртүрлі химиялық байланысы бар зат молекулаларының моделін жасау», «Кристалдық торлары әртүрлі заттардың қасиеттерін зерттеу»;
№ 1 бақылау жұмысы «Тақырыптық білім тексеру».
лабораториялық тәжірибе № 2:гидроксидтерді алу (сілті, қышқыл) және олардың қасиеттерін зерттеу;тұздар гидролизі;
№ 3 лабораториялық тәжірибе:«Қышқыл, негіз және тұздардың сапалық құрамын тәжірибелермен дәлелдеу»;
№ 4 лабораториялық тәжірибе:«Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы (аммоний не калий тиоционаты мен темір (ІІІ) хлориді концентрациясының өзгеруі бойынша)»;
№ 2 бақылау жұмысы.
№ 5 лабораториялық тәжірибе «Типтік металдар, бейметалдар мен амфотерлі элементтердің химиялық қасиеттері».
№ 6 лабораториялық тәжірибе «Натрий, калий, магний, кальцийдің маңызды тұздарының үлгілерімен танысу, металдардың химиялық белсенділігін салыстыру», «Сілтілік және сілтілік-жер металдары тұздарының жалынды бояуы», «Әксуын әзірлеу, оның көміртек (ІV) оксидімен әрекеттесуі»;
№ 1 практикалық жұмыс «Негізгі топша металдары» тақырыбына эксперименттік есептер шешу».
лабораториялық тәжірибе № 7 «Сu2+, Fe2+, Fe3+, Zn2+ иондарын сапалық анықтау»;
№ 2 практикалық жұмыс «Қосымша топша металдары» тақырыбына эксперименттік есептер шығару»;
№ 3 бақылау жұмысы «Тақырыптық білім тексеру».
лабораториялық тәжірибе № 8 «Бейорганикалық заттардың кластары арасындағы генетикалық байланыс. Ортофосфор қышқылы мен фосфаттардың қасиеттерімен танысу. Йод ерітіндісінің крахмалға әсері»;
№ 3 практикалық жұмыс: «Аммиак алу, оның сулы ерітіндісінің және аммоний тұздарының қасиеттерін зерттеу»;
№ 4 практикалық жұмыс:
«Кейбір аниондарға сапалық реакция» тақырыбына эксперименттік есептер шығару; № 4 бақылау жұмысы.
ХИМИЯ 11-сынып: жаратылыстану-математика:
№ 1 лабораториялық тәжірибе «Метан, этан, этен, этин, пропан, аммиак, су және сірке
қышқылы молекулаларының шарстерженьді модельдерін жасау»;
№ 1 практикалық жұмыс «Органикалық заттың сапалық құрамын анықтау»;
№ 1 бақылау жұмысы.
№ 2 лабораториялық тәжірибе (мультимедиа) «этилен, ацетилен, мұнай үлгісі мен бензолдың
калий перманганаты мен йод суына әсері»;
№ 2 практикалық жұмыс «этилен алу және оның қасиеттерін зерттеу»;
№ 2 бақылау жұмысы.
сірке-этил немесе сірке-изоамил эфирлерін алу;
№ 3 лабораториялық тәжірибе: «Глицериннің суда еруі, мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттесуі»;
№ 4 лабораториялық тәжірибе: «Сірке және фосфор қышқылдарының химиялық қасиеттерін
салыстыру. Крахмалдың коллоидтық ерітіндісін әзірлеу және оның қасиеттерін зерттеу, тамақ
өнімдеріндегі крахмалды анықтау»;
№ 3 практикалық жұмыс: «Көмірсутектер мен оттекті органикалық қосылыстар арасындағы
генетикалық байланыс» тақырыбына сандық және сапалық есептер шығару;
№ 4 практикалық жұмыс «Оттекті органикалық қосылыстарға сапалық реакциялар» тақырыбына
эксперименттік есептер шығару;
№ 3 бақылау жұмысы.
№ 5 лабораториялық тәжірибе «Белоктың түсті реакциялары», «Мақта және жібек жіптің жануы»;
№ 4 бақылау жұмысы.
№ 6 лабораториялық тәжірибе «Пластмасса және талшықтарды танып білу».
ХИМИЯ 10-сынып: қоғамдық-гуманитарлық:
№ 1 лабораториялық тәжірибе:
ІІІ периодтағы химиялық элементтер атомдарының қышқылдық-негіздік,
тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеттерінің өзгерісін зерттеу.
№ 2 лабораториялық тәжірибе:
1) Хлорсутек, су, күкіртсутек, аммиак, метан молекулаларының моделін жасау.
2) Қыздырудың суға, натрий хлоридіне, кремний (ІV) оксидіне және қантқа әсері.
№ 1 практикалық жұмыс:
«Бейорганикалық қосылыстардың кластары арасындағы генетикалық байланыс» тақырыбына
эксперименттік есептер шығару.
№ 3 лабораториялық тәжірибе:
негіз, қышқыл, тұздардың химиялық қасиетін көрсететін химиялық реакциялар.
№ 4 лабораториялық тәжірибе:
химиялық тепе-теңдіктің ығысуы (аммоний не калий тиоционаты мен темір (ІІІ) хлориді
концентрациясының өзгеруі бойынша).
№ 2 практикалық жұмыс:
«Қышқыл, негіз, амфотерлі гидроксидтерді сапалық анықтау, тұздар гидролизі» тақырыбына
эксперименттік есептер шығару.
№ 5 лабораториялық тәжірибе:
металдар және бейметалдар қосылыстары арасындағы генетикалық байланысты оқып үйрену.
№3 практикалық жұмыс:
«Катиондар мен аниондарды сапалық анықтау» тақырыбына эксперименттік есептер шығару;
№ 7 лабораториялық тәжірибе:
Cu2+, Fe2+, Fe3+, Zn2+ иондарына сапалық реакция;
№ 4 практикалық жұмыс:
«Металдар» тақырыбына эксперименттік есептер шығару.
ХИМИЯ 11-сынып: қоғамдық-гуманитарлық:
№1 лабораториялық тәжірибе:
«Метан, этан, этен, этин, пропан, аммиак, су, сірке қышқылы молекулаларының шарстерженьді
модельдерін жасау»;
№2 лабораториялық тәжірибе:
«Қаныққан көмірсутектердің шарстерженьді модельдерін дайындау, олардан еселік байланысы
бар оттекті, азотты және күкіртті көмірсутектердің шарстерженьді модельдерін жасау»;
№1 практикалық жұмыс «Органикалық заттың сапалық құрамын анықтау»;
№3 лабораториялық тәжірибе:
этилен алу және оның қасиеттерін зерттеу.
№4 лабораториялық тәжірибе:
мұнай өнімдерінің үлгілерімен танысу.
№ 5 лабораториялық тәжірибе:
глицериннің суда еруі, мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттесуі.
№ 6 лабораториялық тәжірибе:
крахмалдың коллоидты ерітіндісін әзірлеу және оның қасиеттерін зерттеу. тағам өнімдерінен
крахмалды анықтау.
№ 2 практикалық жұмыс:
«оттекті органикалық қосылыстарға сапалық реакциялар» тақырыбына эксперименттік есептер
шығару.
№ 7 лабораториялық тәжірибе:
белоктың түсті реакциялары;
№ 8 лабораториялық тәжірибе:
мақта және жібек жіптің жануы.
Достарыңызбен бөлісу: |