ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | 3 деңгейлі СМЖ құжаты | ПОӘК | ПОӘК 042–18.3.1.76/02–2015 | ПОӘК
«Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және менеджмент»
пәнінің студентке арналған жұмыс оқу бағдарламасы |
№3 баспа 2013 жылғы №2 басылымның орнына
|
«ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ, ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
5В072800– «Өңдеу өндірісінің технологиясы» 5В072700-«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандықтары үшін
ПӘННІҢ СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Семей 2015
Алғы сөз
1. ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
Құрастырған ____________ «______»_____________2015 ж.,
Габдуллина Л.Б. «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Есеп және аудит» кафедрасының мәжілісіндеқаралып, талқыланды
«05 » 05 2015 ж. №10 хаттама
Кафедра меңгерушісі __________________Зейнуллина А.Ж.
2.2. Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде талқыланып, бекітілді.
«13»05 2015 ж. № 5 хаттама
ОӘБ төрағасы ___________________ С.Қ.Тойкин
3.БЕКІТІЛДІ
Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі мәжілісінде бекітілді және баспаға ұсынылды
«11 »06 2015 ж. № 6 хаттама
ОӘК төрайымы, бірінші проректор _______________ Г.Қ.Искакова
МАЗМҰНЫ
1.Жалпы ережелер
2. Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттардың бөлінуі
3. Пәнді оқудың әдістемелік нұсқауы
4.Курс форматы
5.Курс саясаты
6.Баға қою саясаты
7. Әдебиеттер
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұмат
Оқытушының фамилиясы, аты, жөні –экономика магистрі «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы Габдуллина Л.Б
Кафедра – «Есеп және аудит»;
Байланыс ақпараты – тел: 530373, №8 оқу ғимараты, №203 кабинет;
Сабақ өткізілетін орын – сабақ кестесі бойынша;
Пән аты - ««Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және менеджмент»;
Кредит саны – 3;
1.2. Пәннің қысқаша сипаты мен мазмұны
«Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және менеджмент» пәні студенттерге экономика салалары бойынша шаруашылықты жүргізудің экономикалық негіздері мен басқару мүмкіндіктері ерекшеліктерін ескере отырып оқыту болып табылады. Курсты игеру барысында студенттердің экономикалық көрсеткіштерді талдау әдістерін меңгеруге, ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын анықтай білуге үйрету басты назар аударылады. Шаруашылық жүргізу шарттары кәсіпорын үшін өте маңызды орын алады, өйткені бизнестің даму стратегиясын және тактикасын анықтау үшін негіз болады.
Кәсіпорын халық шаруашылығының негізгі элементі бола отырып, оған нарықтық қатынас жағдайында шаруашылық еркіндік және өзін-өзі басқару берілгендіктен, олардың жұмысының соңғы нәтижелеріне жауапкершілік артты. Осыған байланысты кәсіпорын, фирма экономикасын жете білу экономиканың барлық саласының мамандарына міндетке айналды. «Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және менеджмент» пәні технология мамандығында оқитын студенттер үшін ең маңызды пәндердің бірі болып табылады. Нарық қарым-қатынастары жағдайында экономикалық қызметтің орталығы бүкіл экономиканың негіэгі бөлігіне-кәсіпорынға ауысып отыр, өйткені тек экономиканың осы деңгейінде ғана қоғамға қажет өнім шығарылады және қызмет көрсетіледі. Мұнда халықтың жұмысқа қабілетті адамдарының негізгі бөлігі жұмыс істейді. Білікті кадрлар да негізінен осында шоғырланған. Кәсіпорында қажет өндіріс қорларын тиімді пайдалану, жоғары сапалы техника мен технологиялар енгізу сұрақтары қарастырылады.Мұнда өндіріс шығындарын ең төменгі мәнге жеткізу, бизнес-жоспарларды құру, маркетинг шараларын жүргізу, нәтижелі басқару әдісі, менеджментті қолдану әдістері іске асырылады.
Егер кәсіпорын жоспарлы экономика жағдайларында қызмет етсе, онда оның жұмыс жасау сапасын өсіруге және пайдалылығын көбейтуге қажет ынта болмайды деп тұжырымдауға болады, яғни үлкен пайда алуға ұмтылыс аз болады. Алайда, бұл жағдайларда фирманың қызметіне әлеуметтік кепілдіктер өте көп болады, яғни оның банкроттыққа ұшырау ықтималдылығы өте төмен болады.
Егер де кәсіпорын күн сайын өзінің қызметін сақтауға мәжбүр болса, барлық кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыс қарқындылығы (бастықтан бастап, қарапайым жұмысшыға дейін) едәуір өседі. Қазіргі кезде, ел экономикасына нарықтық заңдар енгеннен кейін міне осындай экономикалық шарттар қалыптасты. Осыған байланысты өндірісті жоспарлау, ұйымдастыру және басқаруды жете білу барлық болашақ қызметкерлерге өте маңызды міндетке айналды, әсіресе биотехнология мамандықтарында оқитын азаматтарға.
Берілген пән бойынша студенттер кәсіпорынның, фирманың құрылу, тіркелу ретін, кәсіпорын қызметіне қажет барлық қор мен факторларды, олардың түрлерін және тиімді қолдану шарттарын, кәсіпорынның экономикалық қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді, оларды талдау әдістерін, сондай-ақ, кәсіпорын шығаратын өнім сапасын жоғарлату жолдарын және т.с.с теориялық және практикалық ақпаратты білуге мүмкіндік алады. Осы білімді нақты өмірде қолдану дағдыларына үйренеді.
1.3. «Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және менеджмент» пәні басты мақсаты тек теориялық білім берумен ғана шектелмей, сондай-ақ студенттерді өз іс-әрекеттерімен жоспарлап, өз қызметіндегі басты бағыттарды дұрыс таңдауға, күрделі экономикалық мәселелерді шешімін дұрыс, әрі тез, жан-жакты табуға үйретеді. Аталған курс өндірістің мазмұны мен ерекшеліктерін, менеджмент, маркетинг бойынша маңызды сұрақтарды, шикізат және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды, экономика салалары бойынша экономикалық жетістіктерді оқытады.Студенттерге нарық жағдайларында фирманың, кәсіпорынның өдірістік құралдарын тиімді қолдану жөнінде, фирманың экономикалық және қаржылық тұрғыдан дамуын қамтамасыз ететін нарықтық әдістер туралы теориялық ақпарат пен нақты дағдылар беру, кәсіпорындағы негізгі өндірісті ұйымдастыру принциптерін, еңбек заттарының қозғалысын қарастыру, өндірістік процестерді ұйымдастыруды жан-жақты оқып-үйрену, кәсіпорынға қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен қосымша цехтарды ұйымдастыруды қарастыру. «Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және менеджмент»курсын оқу үрдісінде студенттер пәнді оқу бойынша алған білімдер негізінде ойлаудың экономикалық бейнесін, кәсіби қызметте тәртіптің экономикалық стилін қалыптастырады, алынған теориялық білімді тәжірибелік қызметте қолдана алады, экономикалық талдау әдістерін меңгере алады, әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шеше алады.
1.4. «Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және менеджмент» пәнін оқудың басты міндеттері нарықтық экономика дамуының объективті шарттарымен және мемлекеттің экономикалық саясатымен белгіленген. Негізгі міндеттері:
Студенттерге кәсіпорын, фирма түсініктері, олардың түрлері және негізгі құқықтары мен міндеттемелері жөнінде ақпарат беру.
Кәсіпорынның құрылуын, ұйымдастырушылық формаларын, тіркелу тәртібін зерттеу.
Кәсіпорынның өндірістік қорларын басқару жолдарын зерттеу.
Кәсіпорындағы еңбек қарым-қатынастарын зерттеу.
Кәсіпорынның негізгі экономикалық нәтижелерін зерттеу.
Кәсіпорынның экономикалық қызметін талдау негіздерін зерттеу.
Кәсіпорынның өнім сапасын арттыру, инновациялық қызметін жетілдіру жолдарын зерттеу.
Кәсіпорын сыртқы экономикалық қызметін зерттеу.
Кәсіпорындағы басқару қызметін зерттеу және оны жетілдіру жолдарын қарастыру.
Студенттерге негізгі өндірісті ұйымдастыру мәнісі, өндірісті ұйымдастыру пәнінің басты міндеті, негізгі өндіріс түрлері жөнінде ақпарат беру.
Кәсіпорынның негізгі өндірісті ұйымдастыру әдістерін, процесінің құрылымын, уақытын зерттеу.
Кәсіпорындағы негізгі өндірісті ұйымдастыру принциптерін, еңбек заттарының қозғалысын қарастыру.
Өндірістік процестерді ұйымдастыруды жан-жақты оқып-үйрену.
Кәсіпорынға қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен қосымша цехтарды ұйымдастыруды қарастыру.
Жаңа техниканы дайындау және игеру процестерін ұйымдастыру, жоспарлау және басқару механизмдерін үйрену.
Кәсіпорынның өнім сапасын арттыру, инновациялық қызметін жетілдіру жолдарын зерттеу.
Кәсіпорындағы басқару қызметін зерттеу және оны жетілдіру жолдарын қарастыру.
басқару құрылымы және еңбек процесттерін оқу
басқару шешімдер теориясын қарастыру
басқару психологиясын меңгеру
1.5. Пәнді оқу нәтижесінде студент:
– білу қажет жалпы азаматтық экономикалық мәселелерді, нарықтық экономиканың құрылымы мен оның қызмет ету механизмін, әлеуметтік нарықтық шаруашылықққа апаратын жолдарды, шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістерін, экономикалық өсудің мәселелері мен қарама – қайшылықтарын,кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің тиімділігін есептеу әдістемесін, ҒТП негізгі бағыттарының тиімділігін, күрделі салымдардың, негізгі қорларды пайдаланудың, еңбек өнімділігін және өндіріс рентабельділігін өсіру тиімділігін анықтауды , нарық талаптарын анықтауды, әртүрлі шаруашылық міндеттерді шешуге шығармашылық тұрғыдан қарастыруды, кәсіпорынның экономикалық жағдайын талдауды және экономика дамуында сапалық өзгерістерді дұрыс бағалауды; қазіргі жағдайда экономикалық заңдардың пайда болу формаларын;
оқылатын сала кәсіпорнының негізгі белгілерін, міндеттерін, атқаратынқызметтерін және түрлерін, оның ерекшеліктерін;
материалдық-техникалық қорларды пайдалану факторларын және ғылыми-техникалық прогрессті жылдамдату жолдарын;
өнімнің бәсекелестік қабілетін құрайтын бағажасауды жетілдіру мен өнім сапасын арттыруәдістерін;
өндірісті ұйымдастырудыңнегізгіформалары мен әдістерін.
- қолдануы қажет нарықтық қарым-қатынастар жағдайларында өндірістің барлық қорларын тиімді қолданудың жаңа әдістерін.
-игеру керек кәсіпкерлік есептеулердің, аналитикалық есептеулер мен болжамдардың сандық әдістерін, өндіріс тиімділігінің жалпылама және жеке көрсеткіштерін анықтау әдістемесін тәжірибелік қызметте экономика бойынша алынған білімдерді пайдалану, экономикалық саясатты түсінуді, экономикалық тенденциялар мен үрдістерді сапалы деңгейде бағалау, экономикалық терминологияны, экономикалық ғылымның түсіндірушілік және алдын-алушылық күшін, экономикалық талдау техникасын.
болу керек жалпы экономика теориясы бойынша білімі;
дағдылану қажет кәсіпорында экономикалық жұмысты дербес жүргізудің, іс жүзіндегі бастапқы ақпаратты және есептелген экономикалық көрсеткіштерді дұрыс талдауға. Дәрісте тыңдалған теориялық материалды пайдалану;теориялық және практикалық сабақтардың деңгейін арттыру;экономикалық есептеулерде, зерттеу әдістемесінде белгілі бір дағдыны игеру және кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіндегі тиімділікті анықтау;оқылған материалды ауызша және жазбаша баяндау;экономикалық білімді өзбетімен іздестіру және игеру, қазіргі экономикалық құбылыстарды бақылау және түсіндіру.
-іске асыруы тиіс студент топқа және жеке адамдарға басшылық ету, өзара қарым- катынас жасау, дау-дамай мәселелерін шеше білу. ұйымдастыру, жоспарлау, бақылау, шешім қабылдау және оны жүзеге асыру. іскерлік мәжілісті ұйымдастыру және өткізу, келіссөздерді жүргізуді тәжірибеде іске асыруы тиіс
-оқу үрдісінде, студенттер кәсіпорында жүретін экономикалық құбылыстар мен үрдістердің мәнін, олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін терең түсінуді, оларды жүйелеу мен модельдей білуді, факторлардың әсерін анықтауды, жетілген нәтижелерді бағалауды, өндіріс тиімділігін арттыру резервтерін анықтауды үйрену керек.
Бұл қасиеттер студентгерге болашақта, жұмыста және жеке өмірінде қабылдайтын шешімдеріне сын көзбен, жан-жақты қарауға мүмкіндік береді, көмектеседі. Олардың белсенді өмір көз қарасынын пайда болуына әсерін тигізеді.
1.6. Пәннің пререквизиттары:
Экономикалық теория негіздері
1.7.Пәннің постреквизиттары:
Дипломдық жобаның экономикалық бөлімін есептеу
2.ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАР ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ
2.1. 5В072800– «Өңдеу өндірісінің технологиясы» мамандығы үшін
Кесте 1
№
|
Тақырып аты
|
Сағат
|
Әдебиеттер
|
Дәріс
|
Практика
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
|
Модуль 1 Кәсіпорын қызметін жоспарлау
| |
Кәсіпорын ұғымы, түрлері және кәсіпорын қызметін жоспарлау қажеттілігі
|
1
|
1
|
2
|
3,5
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
| |
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын жоспарлау
|
1
|
2
|
1
|
4
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
| |
Кәсіпорынның айналым қаржысын жоспарлау
|
1
|
2
|
1
|
2
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
| |
Кәсіпорынның еңбек қорларын жоспарлау
|
1
|
2
|
1
|
4
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
| |
Кәсіпорындағы еңбекақы жоспарлау
|
1
|
2
|
1
|
4
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
| |
Кәсіпорын қызметінің нәтижелерін жоспарлау
|
1
|
4
|
1
|
4
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.23,7.1.24 7.1.25,7.1.26
| |
Кәсіпорын өніміне баға жасау
|
1
|
1
|
2
|
4
|
| |
Өнім сапасы, негізгі көрсеткіштері.
|
-
|
1
|
2
|
4
|
7.1.4,7.1.5, 7.1.6,7.1.8,7.1.9,7.1.14
| |
Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық қызметі
|
1
|
1
|
2,5
|
4
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
|
10
|
Кәсіпкерліктегі тәуекелділік пен банкроттық қаупі
|
-
|
1
|
2
|
4
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
|
|
Модуль 2 Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру
|
11
|
Өндірістік қуат
|
1
|
1
|
1
|
4
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
|
12
|
Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәні мен міндеттері. Негізгі өндіріс түрлері
|
1
|
2
|
1
|
4
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
|
13
|
Негізгі өндірісті ұйымдастыру принциптері.
|
1
|
2
|
1
|
4
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
|
14
|
Негізгі өндіріс процессіндегі еңбек заттарының қозғалыс түрлері
|
1
|
2
|
1
|
4
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
|
15
|
Негізгі өндірісті ұйымдастыру әдістері.
|
1
|
2
|
1
|
4
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
|
|
Модуль 3 Кәсіпорындағы менеджмент
|
16
|
Менеджмент әдістері, міндеттері мен мектептері. Менеджменттегі басқару стильдері
|
1
|
2
|
1
|
4
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.8,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
|
17
|
Менеджменттің негізгі қызметтері : ұйымдастыру,ынталандыру және бақылау
|
1
|
2
|
1
|
4
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.8,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
|
|
Барлығы
|
15
|
30
|
22,5
|
67.5
|
|
2.2. 5В072700-«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы үшін
Кесте 2
№
|
Тақырып аты
|
Сағат
|
Әдебиеттер
|
Дәріс
|
Практика
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
|
Модуль 1 Кәсіпорын қызметін жоспарлау
| |
Кәсіпорын ұғымы, түрлері және кәсіпорын қызметін жоспарлау қажеттілігі
|
1
|
1
|
2
|
3,5
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
| |
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын жоспарлау
|
2
|
1
|
1
|
4
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
| |
Кәсіпорынның айналым қаржысын жоспарлау
|
2
|
1
|
1
|
2
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
| |
Кәсіпорынның еңбек қорларын жоспарлау
|
2
|
1
|
1
|
4
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
| |
Кәсіпорындағы еңбекақы жоспарлау
|
2
|
1
|
1
|
4
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
| |
Кәсіпорын қызметінің нәтижелерін жоспарлау
|
2
|
1
|
1
|
4
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
| |
Кәсіпорын өніміне баға жасау
|
2
|
1
|
2
|
4
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
| |
Өнім сапасы, негізгі көрсеткіштері.
|
1
|
-
|
2
|
4
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
| |
Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық қызметі
|
2
|
1
|
2,5
|
4
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
|
10
|
Кәсіпкерліктегі тәуекелділік пен банкроттық қаупі
|
1
|
-
|
2
|
4
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
|
|
Модуль 2 Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру
|
11
|
Өндірістік қуат
|
2
|
1
|
1
|
4
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
|
12
|
Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәні мен міндеттері. Негізгі өндіріс түрлері
|
2
|
1
|
1
|
4
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
|
13
|
Негізгі өндірісті ұйымдастыру принциптері.
|
1
|
1
|
1
|
4
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
|
14
|
Негізгі өндіріс процессіндегі еңбек заттарының қозғалыс түрлері
|
2
|
1
|
1
|
4
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
|
15
|
Негізгі өндірісті ұйымдастыру әдістері.
|
2
|
1
|
1
|
4
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
|
|
Модуль 3 Кәсіпорындағы менеджмент
|
16
|
Менеджмент әдістері, міндеттері мен мектептері. Менеджменттегі басқару стильдері
|
2
|
1
|
1
|
4
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.8,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
|
17
|
Менеджменттің негізгі қызметтері : ұйымдастыру,ынталандыру және бақылау
|
2
|
1
|
1
|
4
|
7.1.1,7.1.2, 7.1.3,7.1.6,7.1.7,7.1.8,7.1.23,7.1.24,7.1.25,7.1.26
|
|
Барлығы
|
30
|
15
|
22,5
|
67.5
|
|
3.ПӘНДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Берілген курсты оқу барысында бағдарламаның мазмұнымен танысу қажет. Ұсынылған әдебиетті қарастырып, өздік жұмыста қарастырылатын сұрақтарға қатысты конспектілер жазу қажет.
Дәріс материалдары мен оқу құралдарымен қатар студенттер біздің еліміздің мерзім сайын шығатын басылымдарды, сондай-ақ, экономикалық журналдар мен салалық журнал мен газеттерді жүйелі түрде оқып отырған дұрыс болады. Осының бәрі курс материалын дұрыс меңгеруге мүмкіндік береді. Көбiнесе, қосымша өз оқытушыларының еңбектерiн пайдалану мүмкiншiлiктерi бар: Тойкин С.Х.,Султанов Ө.С. АӨК саласындағы экономика және менеджмент.Семей,2014,Кайкен ж.Б., Сұлтанов Ө.С., Қалдыбаев М.М. Кәсіпорын экономикасы: Оқулық.- Семей: ПК «Семей - печать», 2010. – 302 бет және т.с.с.
Студенттердің дәрістерде және өздік жұмыстарды орындау барысында алған білімдерін бекіту және кеңейту үшін семинарлық және практикалық сабақтар жүргізіледі. Студенттердің семинарлық және практикалық сабақтарға қатысу формаларына келесі жатады: баяндама оқу, диалогтар, пікір таластар, реферат жазу және есеп шығару. Осы аталған барлық формалар әр студентке қол жетерлік болады және оның дамуына мүмкіндік жасайды. Студенттер үшін қажет шарт ретінде семинарлық сабақтарға дұрыс дайындалу. Әр семинарлық сабаққа негізгі сұрақтар тізімі беріледі және негізгі мен қосымша әдебиет ұсынылады. Аудиториялық сабақтарда талқыланатын сұрақтар жеке көрсетілген. Сонымен қатар, әр студент берілген курс бойынша міндетті түрде ғылыми-зерттеу жұмысын орындауға қажет, ол реферат түрінде жазылады, рефераттар тақырыптары төменде көрсетілген.Практикалық сабақтарға дайындалған кезде сабақтың жоспарын тыңғылықты қарастырып, дәрістер конспектісін зерттеп, ұсынылған әдебиетті оқу керек;
Ұсынылған әдебиетті зерттегенде студент оқыған материалдың негізгі түйінін конспектілеп, басты мәселені көрсете білу керек; «Құрылыстағы экономика және менеджмент » пәнiн оқу кезiнде тақырыптардың жүйелiгiн басшылыққа алу керек.Өздік жұмысын орындау кезiнде студент тек теориямен шектелмей, әр тақырып бойынша өз ойын, пiкiрiн бiлдiру керек. Экономикалық ұғымдарды тез игеру үшiн экономикалық сөздiктердi пайдаланған дұрыс.Емтиханды сәттi тапсыру үшiн тест жинақтарын пайдалануға болады.Аудиторлық СОӨЖ сабақтарда пікір талас, диспуттар, әртүрлі көзқарастарды тыңдау, талқылау түрінде жүргізіледі, аудиториядан тыс СОӨЖ рефераттар мен баяндамалар түрінде тапсырылады және оқытушы оларды сұрау арқылы тексереді;
СӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: «Құрылыстағы экономика және менеджмент » курсы бойынша кредиттік технология бойынша оқитын студенттерге СӨЖ реферат, презентация әзірлеу, ойындар түрінде және т.б формаларда беріледі.
Реферат түріндегі СӨЖ бастамас бұрын студент реферат тақырыбын зерттеп алуы керек. Ұсынылған әдебиеттер тізімін қарастырған жөн. Реферат мәтінін екі түрлі әдіспен бейнелеуге болады: қолжазба түрінде немесе машинада басу арқылы. Реферат А4 таза ақ қағазының бір жақ бетіне жазылады. Қойылатын талаптар: сол жағынан – 25-30 мм, оң жағынан – 10 мм, астыңғы және үстіңгі жағынан – 20 мм қалдыру керек. Абзац - 15-17 мм. Бөлім атаулары астыңғы және үстіңгі жақтарынан бір арқылы бөлініп тұрады.
Қолжазба түрінде жазылған текст шарикті қаламмен, ұғынықты жазумен жазылуы керек. Әр-бір беттте 28-30 жол болуы керек. Мұндай жазу барысында № 3 трафарет қолданылады. Рефераттың жалпы көлемі 5 беттен кем болмауы керек. Жазу барысында бетті шимайлауға, сөздерді сызуға, үстінен жазуға, өшіруге болмайды. Сонымен қоса, жалпы қолданыстағы сөздерден басқа сөздерді қысқартуға рұқсат етілмейді.
Компьютерде басылған эссеге қойлатын талаптар: Microsoft Word, шрифт KZ Times New Roman, размері 14, бірлік интервал. Реферат көлемі 5 бет . Беттерді жоғарғы оң жақ бұрышта белгілеген жөн.
КУРС ФОРМАТЫ
Курстағы 17 тақырып түгелдей «Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және менеджмент» курсының барлық тақырыптарын қамтиды. Пәннің оқу жоспары бойынша 45 аудиториялық сағат, оның ішінде 30 сағаты дәріске, ал 15 сағаты практикалық (семинарлық) сабаққа бөлінген.
Аудиториялық дәрістік курс студенттер білімін жүйелейтін негізгі және маңызды материал болып табылады.
Дәріс – пәннің логикалық түрде жүйеленген теориялық сұрақтарын қарастыруға негізделген оқу сабағының формасы.
Дәрістің негізгі атқаратын ролі барлық оқу сабақтарының, соның ішінде студенттердің өзіндік жұмыстарының бағыттарын, негізгі мазмұны мен сипатын анықтай отырып, ғылыми білімнің негізін салу. Пәнді дұрыс игерудің шарты болып практикалық (семинар) сабақтарын жүргізу табылады.
Практикалық сабақ – студенттердің өз бетімен жұмыс атқару қабілетін арттыруға бағытталған оқу сабағының бір түрі. Практикалық сабақтар семинар түрінде өткізіледі, ол студенттердің ғылыми әдебиетпен жұмыс жасау қабілетін, көпшілік алдында сөз сөйлеу қабілетін арттырады.
Практикалық (семинар) сабақтары жоспар бойынша жүргізіледі, студенттердің жүйелі түрде сабаққа дайындалуын, олардың жауаптарын тыңдауды, есептер шешу арқылы теориялық білімді нығайтуды талап етеді.
Практикалық сабақтар пәннің қиын сұрақтарын терең түрде зерттеуге мүмкіндік береді және студенттердің өзіндік жұмысының қорытындысын шығарудың негізгі формасы блып табылады. Осы сабақ түрлерінде ғана студенттер мәселелерді дұрыс жеткізуді, өз ойлары мен пікірлерін еркін түрде айтуды үйренеді. Осының барлығы қазіргі заман маманына қажетті әдіс – тәсілдерді үйренуге мүмкіндік береді.
КУРС САЯСАТЫ
Студенттер барлық жұмыстарды белгіленген уақытта орындап, тапсырулары керек. Уақытынан кешігіп өткізілген жұмыстар төмен бағамен бағаланады. Курстың тақырыптарын қарастыру барысында студент ұсынылған әдебиеттерді қолдануы керек. Сонымен қоса, студент баспа материалдарынан қосымша мәліметтерді қарастыруы керек. Жұмысты орындау барысында келесі ережелерді сақтау керек:
Жұмыс сұрақтары әдістемелік материалда беріледі;
Жұмысты оқушы дәптерінде немесе альбом беттерінде, жазу тәртібіне сай орындау қажет;
Жұмыс басында мазмұнын немесе жоспарын көрсету керек
Жұмыс соңында оны жазу барысында қолданған әдебиеттердің тізімін беру керек.
Әдістемелік нұсқау талаптарына сәйкес жазылмаған жұмыстар қайта жетілдіруге қайтарылып беріледі.
Сабаққа қатысуы Университет ережелері бойынша студент үштен артық сабақты босатпауға тиіс. Егер студент үштен артық сабақ босатса (барлық себеп бойынша), бұл жағдайда оқытушы студентке берілген пән және бүкіл оқу бағдарламасы бойынша оның босатылғаны жөнінде ақпараттауға міндетті. Әр сабақта студен белсенділік көрсету керек.Белсенділік спаға қарай бағаланады. Жекелей және топпен презентация жасауға болады. Белсенділік үшін максималды баға әр сабақта айтылып отырылады.
Тәртібі. Сабақ үстінде жиі тәртіп бұзғаны үшін студент аудиториядан шығарылады және барлық курс үшін «қанағаттанарлықсыз» деген бағамен қорытылады.
Бақылау жұмысы. Әр студентке талдау үшін жеке тапсырма беріледі, оны жоспар негізінде жасап және оқудың жетінші аптасы аяқталғанша жазбаша талдау түрде ұсыну керек.уақытынан кешігіп өткізілген жұмыстарға төмен баға қойылады. Студенттер жазбаша жұмыстарды орындағанда, Шәкәрім атындағы университеттің компьютерлерін қолдана алады (арнайы бөлмелерде. Студентте кітапханада жұмыс істеуге немесе кітапты үйге алып дайындалуға құқығы бар (сәйкес ережелерге қарай).
Рубеждік тапсырма Рубеждік аттестациялау қорытындысы студенттің сабаққа қатысуы мен үлгерімі және студенттің өздік жұмысын уақытында орындап, тапсыруына байланысты қойылады. Егер студенттерге берілген тапсырмалар белгіленген уақыттан кейін тапсырылса, олар қабылданбайды немесе әр кешіккен күн үшін 5 балл алынады.
Көшіру: Студенттер міндетті түрде өзіне берілген тапсырмаларды өздері орындап жүруі қажет. Біреуден көшіру, оқытушыны кез келген түрде алдау сияқты тәртіп бұзу берілген студентті университеттен шығаруға негіз ретінде бола алады.кез-келген көшіру жазаланады, ол аудиториядан шығарумен шектелмейді және\ немесе бүкіл курс үшін «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылады. 4 Бұл ережені бұзу этикалық тәртіпті бұзу ретінде қарастырылады..
Ұялы телефон: Ұялы телефондар студент аудиторияда отырған кезде міндетті түрде өшірілуі тиіс.
Емтихан. Емтиханды қатысуға рұқсат етілген компьютерде (тест), дәстүрлі түрде немесе жазбаша тапсырады.
6. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
Оқушыларды жүйелі өзіндік жұмысқа ынталандыру үшін әрбір пәнге несие санына байланыссыз бір академиялық кезеңге 600 балл бөлінеді. (1-ші және 7-ші аптаға 300 балл, 8-ші және 15-ші аптаға 300 балл.
Академиялық кезеңнің бір жартысына бақылау түрлері бойынша баллдарды бөлудің шекті параметрлері кестеде келтірілген.
Бақылау түрлері бойынша баллдарды бөлу
Кесте 3
Бақылау түрлері
|
%
|
Баллдар
|
Барлық балл
|
100
|
300
|
Аудиториялық сабақтарға қатысу және дайындалу – бұл баллдар электронды журналға енгізілмейді, оқытушы тек оқушының сабаққа қатыспау фактысын белгілейді
|
10
|
30
|
Практикалық (семинарлық) жәнелабораториялық сабақтарда білімдерін тексеру – ауызша, жазбаша, араласқан сұрақ-жауап, бақылау-тест, дискуссия және б.
|
26-33
|
80-100
|
Оқушының өз бетімен жұмысы (СӨЖ) – үй тапсырмасын орындау курстық жұмыс, (жоба), есептік-графикалық жұмыстар, рефераттар және б.)
|
27-47
|
80-140
|
Шекті бақылау компьютерлік тесттілеу әдісімен бақылау жүргізген жағдайда (тезаурустік тәсілде) оқытушы бөлінген баллды«Компьютерлік тесттілеу» бағанасына қояды
|
17-30
|
50-90
|
Аралық аттестация кезеңінде жүргізілетін емтихан түріндегі қорытынды бақылауға 400 балл беріледі.
Академиялық кезеңдегі жалпы баллл саны 1000 баллды құрайды.
Барлық аудиториялық сабақтар түрлеріне қатысуға (дәріс, семинарлық және лабораториялық) 30 балл беріледі, оқытушы электронды журналда оқушының сабақта қатыспау фактысын ғана белгілейді, ал жүйе автоматты түрде ол сабаққа қатысқан баллдар санын санайды.
Дәріс сабақтары нәтижелері бойынша ағымдағы бақылау жүргізуге баллдар бөлінбейді.
Оқытушы қалған 270 баллды 2-ші кестеде келтірілген шекті параметрлерді сақтай отыра оқушының пәнді оқу барысында жұмыс түрлері бойынша орындаған баллдары бойынша өз бетімен бөледі.
Алғашқы шекті бақылау 7-ші аптада, екінші шекті бақылау – 15-ші аптада жүргізіледі.
3-ші кесте мәліметтерін оқытушы электронды базаға енгізеді (электронды журнал).
Студенттердің рейтингін есептеу
Студенттің жұмысы келесі критерийлер бойынша бағаланады:
Сабаққа келуі;
Аудиториялық бақылау жұмысын орындау (АБЖ), ОСӨЖ орындау графигіне сәйкесінше
Үй жұмысын орындау (ҮЖ), СӨЖ орындау жоспарына сәйкес;
Өздік жұмыс графигін орындау.
Студенттер конференциясына, пәндік олимпиядаларға қатысу және т.б.;
Басқа жұмыс түрлері.
Рубеждік бақылаудың барлық тапсырмаларын орындаған студент озат студент ретінде 100% ала алады.
Студент білімін бағалау шкаласы
Кесте 4
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Бағалау
|
балл
|
Пайыз
(%)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
А
|
Үздік
|
4.00
|
95-100
|
А-
|
Өте жақсы
|
3.67
|
90-94
|
В+
|
Жақсы
|
3.33
|
85-89
|
В
|
Жақсы
|
3.00
|
80-84
|
В-
|
Жақсы
|
2.67
|
75-79
|
С+
|
Қанағаттанарлық
|
2.33
|
70-74
|
С
|
Қанағаттанарлық
|
2.00
|
65-69
|
С-
|
Қанағаттанарлық
|
1.67
|
60-64
|
D+
|
Қанағаттанарлық
|
1.33
|
55-59
|
D
|
Қанағаттанарлық
|
1,00
|
50-54
|
F
|
Қанағаттанарлықсыз
|
0.00
|
0-49
|
I
|
Аяқталмаған
|
NA
|
-
|
P
|
Пәнді өтті
|
-
|
өтті
|
Егер студент сабақты босатса және межелі бақылауды белгіленген мерзімде сырқатқа немесе басқа да себепті жағдайға байланысты тапсыра алмай қалса, ол межелі бақылаудан жеке түрде өтеді. Бұл жағдайда факультет деканаты және оқытушы межелі бақылауды тапсырудың жеке мерзімдерін белгілейді, емтихан сессиясына дейін студентке жеке рейтингтік ведомості береді.
Студент пән бойынша шекті рейтингтік бақылауға кіруге рұқсат алу үшін семестр ішінде жалпы рейтингтік баллы 50 %-ке тең не одан жоғары. Пән бойынша жалпы баға келесі шкала бойынша анықталады.
«Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және менеджмент»
пәні бойынша баллдарды бөлу
Кесте 5
Апта
|
Бақылау түрі
|
Барлық баллдар
|
Ескерту
|
|
1 және 8 апталар аралығында дәріс сабақтарына қатысу және дайындалу
|
30
|
|
1
|
Практикалық сабақ
|
-
|
|
2
|
Практикалық сабақ:сұрау
|
20
|
|
3
|
Практикалық сабақ:сұрау
СӨЖ
|
20
40
|
|
4
|
Практикалық сабақ:сұрау
|
20
|
|
5
|
Практикалық сабақ:сұрау
|
20
|
|
6
|
Практикалық сабақ:сұрау
СӨЖ
|
20
40
|
|
7
|
Рубеждік бақылау
|
90
|
|
|
1-7 апта сабақтарының нәтижелері бойынша балл саны
|
300
|
|
|
8 және 15 апталар аралығында дәріс сабақтарына қатысу және дайындалу
|
30
|
|
8
|
Практикалық сабақ
|
15
|
|
9
|
Практикалық сабақ:сұрау
СӨЖ
|
15
|
|
10
|
Практикалық сабақ:сұрау
|
15
20
|
|
11
|
Практикалық сабақ:сұрау
|
15
|
|
12
|
Практикалық сабақ:сұрау
СӨЖ
|
15
30
|
|
13
|
Практикалық сабақ:сұрау
|
15
|
|
14
|
Практикалық сабақ:сұрау
СӨЖ
|
10
30
|
|
15
|
Рубеждік бақылау
|
90
|
|
|
8-15 апта сабақтарының нәтижелері бойынша балл саны
|
300
|
|
|
Емтиханға берілетін балл саны
|
400
|
|
|
Академиялық кезең бойынша барлық балл саны
|
1000
|
|
7. Әдебиеттер
7.1. Негізгі әдебиеттер
Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы,Алматы 2012 ж
Аманбаев, Ү.А. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы Алматы: 2012
Ниязбекова, Р.Қ. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы / Алматы: Экономика, 2008
Тойкин С.Х.,Султанов Ө.С. АӨК саласындағы экономика және менеджмент.Семей,2014
Кайкен ж.Б., Сұлтанов Ө.С., Қалдыбаев М.М. Кәсіпорын экономикасы: Оқулық.- Семей: ПК «Семей - печать», 2010. – 302 бет
Әбдікерімова, Г.И. Кәсіпорын экономикасы.- Алматы, 2008
Үмбеталиев, А.Д. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік- Астана, 2005
Құрманбаев С.Қ. Менеджмент,оқу құралы,2007 ж.
Балғабеков Т.К. Көліктегі экономика негіздері және менеджмент,Қарағанды, 2012 ж.
Тойкин С.Х. Маркетинг негіздері, оқулық Астана,2008
Швайковский Машина жасау өндірісінің экономикасы,оқулық,2010
Қайкен Ж.Б. АӨК кәсіпорын экономикасының талдауы,Семей,2012
Сатыбалдыұлы, С. Маркетинг және менеджмент негіздері: оқулық Астана: Фолиант, 2007
Бердалиев, К. Менеджмент: Лекциялар курсы / Алматы: Экономика, 2005.
Ө.С. Сұлтанов.-. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы / Семей, 2007.-
Төлегенов, Е. Құрылыстағы бухгалтерлік есеп: оқу құралы Алматы: Заң әдебиеті, 2008.-
Әбдікерімова, Г.И. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы / Алматы: Экономика, 2008.-
Жүнісбекова, Г.Е. Кәсіпорындағы контроллинг: оқу құралы / Т. Рысқұлов атынд. Қазақ экон. ун-ті.- Алматы: Экономика, 2010.- 143 б.
Радченко Л.А. Организация производства на предприятиях общественного питания: учебник / Л.А. Радченко.- 7-е изд., доп. и перераб.- Ростов н/Д: Феникс, 2007.- 347с.- (Сред. проф. образование).
Мрыхина Е.Б. Организация производства на предприятиях общественного питания: учеб. пособие / Е.Б. Мрыхина.- М: ИНФРА-М, 2007.- 176с.- (Профессиональное образование).
Радченко Л.А. Организация производства на предприятиях общественного питания: учебник / Л.А. Радченко.- 4-е изд., доп. и перераб.- Ростов н/Д: Феникс, 2005.- 347с.- (Сред. проф. образование).
Волков О.И. Экономика предприятия: курс лекций / О.И. Волков; В.К.Скляренко.- М.: ИНФРА-М, 2002.- 280с.- (Высшее образование).
Шепеленко Г.И. Экономика, организация и планирование производства на предприятии: учеб. пособие / Г.И. Шепеленко.- 2- изд., перераб. и доп.- Ростов н/Д: Издательский центр "МарТ", 2000.- 544с.
Тайкулакова, Г.С. Экономика и организация производства: учебник / Г.С. Тайкулакова; Ассоциация вузов РК.- Алматы, 2012.- 476 с.
Шепеленко, Г.И. Организация и планирование производства на предприятии: 110 экзаменационных ответов: учеб. пособие / Г.И. Шепеленко.- 2- изд., перераб. и доп.- М.; Ростов н/Д: МарТ, 2006.
Медведева, Э.А. Экономика, организация и планирование мехового производства: учеб. пособие / Э.А. Медведева; А.М. Галаева.- М.: Легпромбытиздат, 1991.- 238с
Қосымша әдебиеттер
Әбділманов У.Ә. Ауыл кәсіпкерлігі (агробизнес). – Алматы: Рауан, I-II том, 1993. – 183 бет.
Сахариев С.С., Сахариева А.С. Жаңа кезең экономикалық теориясы – Алматы,2004
Бекмолдин С.К., Құдайбергенов Е.К., Мауленова С.С., Экономикалық теория – Алматы,2003
Байжомартов Ч.С. Жүнісов Б.А., Сағындыков Е.Н., Шеденов Ө.К. Жалпы экономикалық теория – Ақтобе,2004
Тойкин, С.Қ. Еңбекэкономикасы: оқуқұралы / С.Қ. Тойкин.- Семей, 2010.- 203б.
Жұмамбаев, С.К. Еңбекрыногыэкономикасы: оқуқұралы / С.К. Жұмамбаев.- Алматы: Қазақун-ті, 2003.- 171 б.
Тойкин С.Қ., Құрманбаев С.Қ., Нурекенов Н.Ғ. Еңбекнарығыныңэкономикасы. С., 2003.
Нурекенов Н.Г., Тойкин С.Х.,Курманбаев С.К. и др. Экономика рынка труда. Уч. пос. С., 2002.
Сәлімбаева Б.К., Досхожаев Д.Т. Еңбектімөлшерлеу. А., 2001.
ҚұрманбаевС.Қ.,Габдуллина Л.Б. Экономиканымемлекеттікреттеу.-Семей, 2011
Большой экономический словарь./Под ред. Л. II. Азрилияна М.: Институт новойэкономики, 2002.
Жиделева В.В., Каптейн Ю.Н. Экономика предприятия: Учебное пособие - М.: ИНФРА-М, 2001.
Калдыбаев О., Темирбаев А. Экономика предприятия (фирмы). Алматы, «Санат», 2001.
Мокий М. С., Скамай Л. Г., Трубочкина М.И. Экономика предприятия: Учебное пособие - М.: ИНФРА-М, 2000.
Кобринский Н.Е., Майминас Е.З., Смирнов А.Д. Экономическая кибернетика. М.: Экономика, 2004.
Попов Г.Х. Эффективное управление. М.: Экономика, 2005.
Волков О. И., Скляренко В.К. Экономика предприятия. – М.: ИНФРА-М 2002.
Непомнящий Е.Г. Экономика и управление предприятием. Таганрог: ТРТУ, 2003.
Оқулық /Под ред Сафронова Н.А. М., 2001
Экономика предприятия и предпринимательства./ Грузинов В. М., 200
Экономика предприятия .Швандар В.А.. М., 2000.
Экономика предприятия. Под ред. проф. В. Я. Горфинкеля, проф. В.А.Швандара. М.: ЮНИТИ - ДАНА, 2001
Экономика предприятия. Под ред. Н.А. Сафронова. М., 2000
Экономика предприятия. Тесты, задачи, ситуации. / Под ред. проф. В.А. Швандара.- М.: ЮНИТИ - ДАНА, 2001.
Экономика предприятия. М.: «Издательство ПРИОР»,2000.
Экономика предприятия. Под ред. В.Я. Хрипача. М.,2000
Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005
Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001
Пеленко Г.И. Экономика, организация и планирование производства на предприятии. Ростов-на-Дону. Изд. центр “МарТ”,2000
Экономика предприятия (фирмы): Практикум / Под ред. О.И.Волкова, В.Я.Позднякова.- М.: ИНФРА-М, 2003.- 329с.- (Высш. образование).
Куатова Д.Я. Экономика предприятия: практикум / Д.Я. Куатова.- Алматы: Экономика, 2005.- 105с.
Жиделева В.В. Экономика предприятия: учеб. пособие / В.В. Жиделева; Ю.Н. Каптейн.- 2-е изд., перераб. и доп.- М: ИНФРА-М, 2000.- 132б.- (Высш. образование).
Сергеев И.В. Экономика предприятия Финансы и статистика: учеб. пособие / И.В. Сергеев.- 2-е изд., перераб. и доп.- М: Финансы и статистика, 2000.- 304с.
Экономика предприятия: учебник / Под ред. Н.А.Сафронова.- М: Юристъ, 2000.- 581с
Волков О.И. Экономика предприятия: курс лекций / О.И. Волков; В.К.Скляренко.- М.: ИНФРА-М, 2002.- 280с.- (Высшее образование).
Жұманазарова Ғ.М. Прогнозирование и оценка факторов, влияющих на стоимость недвижимости в республике Казахстан: Автореф. дис. на соиск. учен. степ. канд. экон. наук / Ғ.М. Жұманазарова; Евразийский нац. ун-т им. Л. Н. Гумилева.- Астана, 2009.- 31 с.
Балабанов И.Т. Финансовый анализ и планирование хозяйствующего субъекта/ И.Т. Балабанов.- 2-е изд., доп.- М.: Финансы и статистика, 2000.- 208 с.
Сундетов Ж. Планирование и прогнозирование в условиях рыночной экономики: [учеб. пособ.] / Ж. Сундетов.- Алматы: РИК, 1999.- 134с.
Ричко К.П. Прогнозирование и планирование аграрно-промышленного комплекса: учебник / К.П. Личко.- М: Гардарики, 1999.- 261с.
Балабанов И.Т. Финансовый анализ и планирование хозяйствующего субъекта/ И.Т. Балабанов.- 2-е изд., доп.- М.: Финансы и статистика, 2000.- 208 с.
Горемыкин В.А. Планирование на предприятии: учебник / Горемыкин В.А; Э.Р.Бугулов, А.Ю.Богомолов.- 2--е изд., стереотипное.- М.: Филинъ, 2000.- 326с.
Достарыңызбен бөлісу: |