Қазақстан Республикасының ғылым және жоғарғы білім министрлігі



жүктеу 37,85 Kb.
Дата15.10.2023
өлшемі37,85 Kb.
#43833
Есеп

Қазақстан Республикасының ғылым және жоғарғы білім министрлігі


Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Педагогика факультеті

6B01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі


2 курс білім алушысы 
Нұрлыбай Дариға Нұрланқызы
(Т.А.Ә.)
Іс-тәжірибеден өту туралы
Есебі

Іс-тәжірибе өтетін орын: Ж.Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектеп


Іс-тәжірибе өту мерзімі: 29.05.2023-24.06.2023жж
Университеттен іс-тәжірибе жетекшісі:
Базалық ұйымның әдіскері: С.Саулешова
Балалар жасы: 9-10
Балалар саны (мектептегі): 398

Қарағанды 2023


Мен, Нұрлыбай Дариға Нұрланқызы педагогикалық іс-тәжірбиеден өту уақытында . Мақтарал ауданы Ж.Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебінде.”Балдәурен”жазғы лагерінде өткізілді. Топ жетекшісі: Саулешова Сапария . Практика барысында сыныпқа психология және жетекшілік ретінде практиканы атқардым. Практика 29.05-24.06 күндері аралығы.


Практика мақсаты: студенттердің теориялық білімдерін шоғырландыру негізінде кәсіби бағдарын қалыптастыру, кәсіби іс-әрекеттің дағдылары мен дағдыларын қалыптастыру, кәсіби маңызды жеке қасиеттерін дамыту
Міндеттері:
- студенттерді оқу-әдістемелік және психологиялық құжаттамамен таныстыру;
- оқушылардың психологиялық-педагогикалық білімдерін бекіту, тереңдету және байыту.
- адам психологиясы және ұжымның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері туралы теориялық білімдерді практикалық іске асыруға ықпал ету;
- оқушының вербалды және вербальды емес әрекеттерін байқау және түсіндіру
дағдылары мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету;
адамның және топтың психологиялық-педагогикалық сипаттамаларын жинақтау үшін ақпарат жинаудың психологиялық-педагогикалық әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
- оқушылардың ұйымдастырушылық, коммуникативтік дағдылары мен қабілеттерін дамытуға және жетілдіруге үлес қосу; оқу және сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу кезінде бастамашылық пен тапқырлыққа тәрбиелеу
- кәсіби педагогикалық, зерттеушілік қабілеттер мен дағдыларды қалыптастыруға және бекітуге ықпал ету;
-- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, өз жұмысының нәтижелерін талдау және бағалау қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
- бейіндік бағытқа сәйкес кәсіби міндеттерді ойдағыдай шешу үшін практикалық қызмет процесінде тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттері мен психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін дамытуға ықпал ету;
- кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігін қалыптастыруға ықпал ету;
- таңдалған мамандыққа деген қызығушылық пен сүйіспеншіліктің дамуына ықпал ету.

Педагогикалык практика негізі міндеті жас педагог студенттерді болашаққа даярлап ,оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты сезіндіре білу және жас мамандар даярлау болып табылады.


Оқу практикасына шықпас бұрын студенттерге конференциялар өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Практиканың алғашқы күнінде 29.05 студенттерге конференция болды.Бұл конференцияда студендер мектепте қалай киіну, бізге қажетті құжаттар жайлы ,мектептің ішкі тәртібі және өз жетекшілерімізбен таныстық. Бұл конференцияда студенттер пратикада өздерін тек жақсы көрсете білуді және де өздерін болашақ ұстаздай ұстай білуі сияқты әр турлі бағыттарды тусіндірді.Студентер практикадағы жетекшілерімен танысып, практикаға арналған кунделікті алып топтарға бөлінді. Конференция барысында студент-практикант қаншалықты мамандықты дұрыс таңдағанын, өзінің тұлғалық қабілеттерінің болашақ мамандығымен үйлесімділік деңгейін анықтай алатыны жайлы және осы сияқты тағы басқа мәселелер қозғалды. Студенттің кәсіби әрекеті мазмұнды материалдардың негізінде, практика барысында жетіледі деп айта кетті. Бұл кезеңде студенттердің іскерлігі мен дағдылары қалыптасады және өзіне деген сенімі артады. Шығармашылық деңгейде жұмыс істеу барысында олар өз білімдерін дәлелдейді. Студент-практикант өз іс-әрекетін талдай отыра, жұмыс барысында туындаған қиыншылықтарды іскерлікпен шешетіндігі жайлы айтылып кетті.
Практика барысында, балалардың шығармашылыққа түрлі ойындарға қызығушылығын арттыра отырып, уақытымды үнемді пайдаланып, қойылған мақсатыма жете білдім. Әр күнгі жоспарыма аса жауапкершілікпен қарап, жан-жақты дайындалып, қызығушылықтарын арттыру мақсатында балалардың деңгейлеріне қарай тапсырмалар, әр түрлі жағдаяттық сұрақтар, түрлі ойындар дайындадым. Көмекшілік қызмет атқару барысында сыныппен жоспар бойынша және жоспардан тыс тәрбие жұмыстар өткізе отырып, оқушылармен жақсы тіл табыса, балалармен тығыз қарым-қатынаста бола білдім.
Жетекшіміздің бағыт-бағдарына сәйкес өзіміздің мамандық бойынша түрлі мағлұматтарды жинақтап, оның білім, біліктілік және дағды секілді құрылымдарымен таныстық. Оқу практикасы барысында мектептің оқу-әдістемелік, оқу-тәрбиелік жұмыстарының жоспарларымен, оларды зерттеу, сараптау, балалармен қалай жұмыс жасаукеректігі жайлы білімімізді толықтыра түстік. Сондай-ақ жетекшіміз бізге өз мамандығымызға сәйкес ғылым салалары бойынша жаңалықтарымен бөлісіп, үнемі хабардар болып отыру қажеттігін, әрдайым ізденіс үстінде болып, білімімізді толықтырып отыру қажеттілігін айрықша атап өтті. Сонымен қатар, тәрбие жұмыстарына сай өтілетін іс-шараларды ұйымдастыру және оған барынша жауапкершілік танытып, белсене қатысу қажеттілігін де естен шығармады. Сабақ өту барысында күнтізбелік тақырыптық жоспарды дайындау және өткізу, көрнекі құралдар дайындау, сабақтан тыс оқу жұмыстары мен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырып өткізудің қыр-сырымен таныстым.Сонымен қатар пәнді оқытуда дәстүрлі әдістермен қатар жаңа технологияларды кеңінен қолдануды үйрендім.
Оқу практикасында үйренгендерімді педагогикалық практика кезінде алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, сонымен қатар тек жұмыс барысында алынған белгілі бір дағдыларды игеруге көмектеседі деп ойлаймын.Оқу практикасының нәтижелері бойынша біз әрі қарай өзіндік жұмыстарға және алған білім мен дағдыларды практикада қолдануға қаншалықты дайын екенімізді анықтай аламыз.Практика кезеңінде алынған білім, білік, дағдылар болашақ мамандығын игеруде белсенді жұмыс істеу үшін керемет көрсеткіш болды, теориялық тұрғыдан зерделенген сәттерді іс жүзінде жүзеге асыруға, тәжірибе жинауға және болашақ мамандығының жалпы идеясын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Білім -алушы:Нұрлыбай Дариға Нұрланқызы


Тобы:БОПмӘ-33-21
Қолы :



жүктеу 37,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау