Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі



жүктеу 9,45 Mb.
бет3/19
Дата10.12.2017
өлшемі9,45 Mb.
#3657
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Негізгі


  1. Тұрарбеков А.Т., Иванников А.В. Солтүстік Қазақстан егіншілігі.Алматы, Қайнар 1990ж.

  2. Карипов Р.Х. Егіншілік практикумы Астана, 2004ж.

Қосымша

1. Воробьев С.А. Земледелие. М, 1977г.

2. Доспехов Б.А. Практикум по земледелию. М, 1987г.

3. Тулайков М. Земледелие. М, 2002г.

4.Иванников А.В.,Н.В.Шрамко,К.М. Мукажанов Земледелие Северного Казахстана

Астана, 1999 год


7.Студенттердің өздік жұмысы аясындағы сабақтар жоспары





Тапсырма беру аптасы-ның нөмірі

Сабақ тақырыбы

СӨЖ тапсырмасы

Ұсынылатын әдебиет

ОБСӨЖ-дегі бақылау түрі

Тапсыру мерзімі аптасының

нөмірі


1

2

3

4

5

6

7

+5 семестр-Агрономия



1

1

Топырақ құнарлылығы ның агрохимиялық көрсеткіштері, оны егіншілікте оңтайландыру

Топырақ құнарлылығы, оның түрлері

Топырақ құнарлылығының биологиялық факторлары

Топырақ құнарлылығының агрофизикалық көрсеткіштері


Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша

2

2

3

4

2

Жарық және оның өсімдіктер үшін маңызы

Жарық және оның өсімдіктер үшін маңызы


Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша


5

3

Топырақтың ауа режимі,егіншілікте реттеу жолдары

Топырақтың ауа режимі,егіншілікте реттеу жолдары

Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша

3

6


4

Топырақтың жылу режимі , оны егіншілікте оңтайландыру тәсілдері

Топырақтың жылу режимі және оны реттеу


Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша





7




Топырақтың қоректік заттар режимі , оны егіншілікте оңтайландыру тәсілдері

Топырақтың қоректік режимі және оны реттеу


Н.1,2 Қ.1-3

Жазбаша

4

8

6

Жаздық арамшөптер, күрес шаралары

Арамшөптердің агрофитоценоздағы орны

Мәдени дақылдардың гербосезімділік кезеңдері

Арамшөптердің таралу жолдары

Арамшөптер тіршілік ортасының индикаторлары



Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша

9

10

11


12

7

Атпатамырлы арамшөптер, күрес шаралары

Атпатамырлы арамшөптер сипаттамасы

Арамшөптермен алдын ала, агротехникалық, биологиялық ің химиялық әдістерін сипаттау





Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша


5

13




14


8

Көгентамырлы (тамырсабаққты)арамшөптер ,күрес шаралары

Көгентамырлы арамшөптер сипаттамасы


Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша

15

16

17



9

Күздік,қыстап шығатын және екі жылдық арамшөптер,күрес шаралары

Күздік арамшөптер сипаттамасы

Қыстап шығатын арамшөптер сипаттамасы

Екі жылдық арамшөптер сипаттамасы


Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша




18
19

10

Кіндіктамырлы және паразитті арамшөптер,күрес шаралары

Кіндіктамырлы арамшөптер сипаттамасы

Түйнектамырлы арамшөптер сипаттамасы



Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша

6


20

11

Карантиндік арамшөптер ,күрес шаралары

Карантиндік арамшөптер сипаттамасы

Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша

21

12

Егістікпен топырақтың арамшөптенуін есепке алу әдістері

Егістікпен топырақтың арамшөптенуін есепке алу әдістері

Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша

22
23

13

Танаптартардың арамшөтену картасын жасау және оны өндірісте қолдану

Егістіктің арамшөптермен ластануын анықтау

Танаптың арамшөптену картасын жасау



Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша

7

24

14

Қазақстанның орманды – далалық аймағы,қысқаша сипаттамсы

Қазақстанның орманды – далалық аймағы,қысқаша сипаттамсы

Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша

25

15

Қазақстанның далалық аймағы,қысқаша сипаттамсы

Қазақстанның далалық аймағы,қысқаша сипаттамсы

Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша

26

16

Қазақстанның құрғақ – далалық аймағы,қысқаша сипаттамсы

Қазақстанның құрғақ – далалық аймағы,қысқаша сипаттамсы

Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша

27

17

Қазақстанның шөлейт аймағы,қысқаша сипаттамсы

Қазақстанның шөлейт аймағы,қысқаша сипаттамсы

Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша

8

28

18

Қазақстанның шөл аймағы,қысқаша сипаттамсы

Қазақстанның шөл аймағы,қысқаша сипаттамсы

Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша

29

19

Тәлемі егіншілік аймағы, оның қысқаша сипаттамсы

Тәлемі егіншілік аймағы, оның қысқаша сипаттамсы

Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша

9

30

20

Суармалы егіншілік аймағы, оның қысқаша сипаттамсы

Суармалы егіншілік аймағы, оның қысқаша сипаттамсы

Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша

31

21

Таулы Алтай аймағы, оның қысқаша сипаттамсы

Таулы Алтай аймағы, оның қысқаша сипаттамсы

Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша




32

22

Қазақстанның орманды – далалық аймағы,қысқаша сипаттамсы

Қазақстанның орманды – далалық аймағы,қысқаша сипаттамсы

Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша

10

33

23

Қазақстанның далалық және құрғақ аймағыда топырақ өндеу жүйесі

Қазақстанның далалық және құрғақ аймағыда топырақ өндеу жүйесі

Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша

34

24

Қазақстанның шөлейіт аймағыда топырақ өндеу жүйесі

Қазақстанның шөлейіт аймағыда топырақ өндеу жүйесі

Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша

11

35

25

Қазақстанның шөл аймағыда топырақ өндеу жүйесі

Қазақстанның шөл аймағыда топырақ өндеу жүйесі

Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша

36

26

Тәлім егіншілік аймағыда топырақ өндеу жүйесі

Тәлім егіншілік аймағыда топырақ өндеу жүйесі

Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша

12

3738

27

Суармалы егіншілік аймағыда топырақ өндеу жүйесі

Суармалы егіншілік аймағыда топырақ өндеу жүйесі

Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша

39
40

28

Эрозияға ұщырайтын жерлердегі топырақ өндеу жүйесінің ерекшеліктері

Топырақ су эрозиясы және оның даму заңдылықтары

Топырақ жел эрозиясы және оның даму заңдылықтары



Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша

13

41

29

Далалық егістік жұмыстарының сапасын бағалау (бракераж)

Далалық егістік жұмыстарының сапасын бағалау (бракераж)

Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша

42

30

Егіншілік жүйесі

Егіншілік жүйесі

Н.1,2 Қ.1-3

Ауызша

14

Всего часов

30











8. БАҒА БЕРУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Ағымдағы бақылау – семестр барысында студенттің білімдерін жүйелік тексеру (4, 8, 14 аптада). Лекциялық сабақтарға қатысу және жұмыс, зертханалық сабақтардағы жұмыс, зертханалық жұмыстардың орындалуы және тапсырылуы, СӨЖ тапсырмаларының орындалуы және тапсырылуы

Қорытынды бақылау пәні бойынша рұқсат алу рейтингі және ағымдағы бақылау ретінде алынады (емтихан).

Мәліметтердің бағалауы;

егер студент барлық бағдарламалық мәліметті меңгерсе, кейбір қателіктер мен дәлсіздік жібермесе, пәнді оқу барысында өз бетінше қосымша ғылыми әдебиетті қолданса, онда «өте жақсы» баға қойылады.

егер студент бағдарламалық мәліметті 75% кем емес меңгерсе, дөрекі қателіктер жіберілмесе де жауап беру кезінде жіберілген принципиалсыз дәлсіздіктерді немесе принципиалды қателіктерді студенттің өзімен дұрысталып, оқытушының көмегімен бағдарламалық мәліметті жүйеге келтірсе, онда «жақсы» баға қойылады.

егер студент бағдарламалық мәліметті 50% кем емес меңгерсе, бақылау және зертханалық жұмыстарды үй тапсырмаларды орындау кезінде оқытушының көмегіне мұқтаж болса, мәліметті жүйелеу кезінде ауырлық көрсе, онда «қанағаттанарлық» баға қойылады.егер студент негізгі мәліметтің білімдегі кемшіліктерін тапса, мәліметпен алдын ала қарастырылған,пәннің мәліметі жартысынан көп меңгермесе, жауап кезінде принципиалды қателіктер жіберсе, бақылау формасымен қаралған жеке тапсырмалар орындалмаса, онда «қанағаттанарсыз» баға қойылады.



9. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

Бағалау эквиваленттері

Әріпті жүйедегі бағалар

Ұпайлар

Ұпайлардың пайыздық мағынасы

Дәстүрлі жүйедегі бағалар

А

4.0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94




В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84




В-

2,67

75-79




С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69




С-

1,67

60-64




D+

1,33

55-59




D

1,0

50-54




F

0

0-49

Қанағаттанарсыз

10. АКАДЕМИЯЛЫҚ ӘДЕП ПЕН ОҚУ ПӘНІНІҢ САЯСАТЫ

сабаққа кешікпеу;

сабақ барысында сөйлемеу, газет оқымау, сағыз шайнамау;

ұялы телефондарды өшіру;

сабаққа іскер киімде келу;

сабақты жіберіп алмау, денсаулығына байланысты қатыспаған жағдайда анықтама көрсету;

босатылған сабақтарды оқытушының белгілеген уақытында өтеу;

тапсырмалар орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі (штраф ұпайларын қара)

оқу үднрісінде белсенді қатысу;

үй және басқа да тапсырмаларды тырысып орындау;

сабақтарда кері қатынасты сынмен қолдау;

өте қатты ұялшақ студенттерді ұжымдық жұмыстарға және дискуссияларға қатыстыру;



пунктуалды және міндетті болу.

Глоссарий 

Агроқабылдау - агротехникалық тәсіл. 

Агроном - егіншілік пен өсімдік өсірудің маманы , көп салалы ауыл шаруашылық өндірісінің ұйымдастырушысы. 

Агрономия - егін шаруашылығының заңдылығы туралы ғылым. 

Агрономиялық қызмет - агрономның егін шаруашылығын ұйымдастыруы және оған ғылым мен озат тәжірибені енгізу барысындағы қызметі. 

Агроперсонал - агрономиялық қызметкерлер. 

Агротехника - егіншілік технологиясы мен ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру тәсілдерінің жүйесі. 

Агротехникалық бракераж - агротехникалық шаралардың сапалығын куәландыру. 

Агротехникалық ерекшеліктер - жер , ауа райына қарай жүргізілетін агротехникалық ерекше шаралар. 

Агротехникалық тәсілдер - ауыл шаруашылық дақылдарының өніп - өсуі үшін қолданылатын тәсілдер. 

Агротехникалық фон - бұрынғы жүргізілген агротехникалық шаралардың нәтижесі. 

Агротехникалық шаралар - ауыл шаруашылық дақылдарынан мол өнім алу үшін жүргізілетін шаралар. 

Агрофизика - өсімдіктердің сыртқы жағдайлары мен тіршілік процестерін зерттейтін физика ғылымы. 

Агрофитоценоз - адамның іс - әрекеті нәтижесінде белгілі бір жерге ғана қалыптасқан мәдени өсімдіктер тобы. 

Агрохимик - агрономиялық химияның маманы. 

Агрохимиялық лаборатория - агрохимиялық таңдаулар жүргізетін мекеме. 

Ауыспалы егіс - ауыл шаруашылық дақылдары мен пардың уақытқа қарай ғылыми негізбен алмасып отыруы. 

Ауыспалы егіс жүйесі - шаруашылықтағы қабылданған әр түрлі ауыспалы егістің жиындысы. 

Ауыспалы егіс танаптарының агропаспорты - танаптарға егілген дақылдардың түрін , сортын , топырақ өңдеулерін , алынған өнімді , тағы басқа да шараларды жазып отыратын документ. 

Ауыспалы егіске қойылатын агротехникалық талаптар - топырақ құнарлығын жоймау , арамшөптен және зиянды жәндіктер қалдығынан таза болу , тағы басқалар. 

Егіншілік жүйесі - жерді тиімді пайдалануға , топырақтың құнарлылығын сақтап , оны арттыруға , ауыл шаруашылық дақылдардан мол және тұрақты өнім алуға бағытталған агротехникалық , мелиорациялық және ұйымдастыру шараларының жиынтығы. 

Қайтарма заңы - егіншілік пен агрохимияда жиі кездеседі , дақылдардың топырақтан алған қоректік заттарын қайтаруы. 

Құрғатудың агротехникалық әдісі - батпақты ойпаң жердің , көлшіктердің суын құрғату жолдары. 

Қысқа ротациялы ауыспалы егістер - аз танапты ауыспалы егістер жатады. 

Максимум заңы - дақылдарды керекті жағдайлар мен мол түрде қамтамасыз етуі. 

Минимум заңы - дақылдардан мол өнім алу үшін қай фактордың аз екенін анықтау. 

Оптимум заңы - дақылдардан мол өнім алу үшін оны факторлар мен қажетті түрде қамтамасыз ету. 

Өсімдік қорғаудың агротехникалық әдісі - топырақты өңдеу , арам шөптерді отау , ауыспалы егіс және тағы басқа да шаралар жатады. 

Топырақ өңдеу жүйесі - ауыспалы егістегі дақылдар үшін ғылыми негізделген топырақ өңдеу тәсілдерінің жиынтығы. 

Топырақты сүдігермен өңдеу - жазғы - күзгі маусымдарда келесі жылғы жазғы дақылдар үшін топырақты өңдеудің негізгі түрі. 

Тұқым шаруашылығы жүйесі - өзара байланысты өндірістердің жоғары сапалы сортты тұқымдармен елімізді қамтамасыз ететін жүйесі. 

Ұзақ ротациялы ауыспалы егістер - көп танапты ауыспалы егістер жатады.






Теориалық бөлім







I Негізгі бөлім

    1. Егіншіліктің ғылыми негіздері

1-дәріс

      1. Өсімдік тіршілігінің факторлары және олардың маңыздары.

1.1.2 Егіншілік зандары
Егіншілік – біріншіден халыққа тағам, малға азық, өнеркәсіпке шикізат ретінде қажет өсімдіктерді өсіретін ауыл шаруашылығының бір саласы; екіншіден, ауыл шаруашылығының өнімдерін өсіру, күту, өнімін арттыру, жерді тиімді пайдалану және оның құнарлылығын арттыруды зеттейтін ғылым саласы. Ғылым мен озық – тәжірибенің жетістіктеріне сүйене отырып егіншіліктің мынадай заңдылықтарын атап айтуға болады.

Табиғаттағы топырақ түзілуінің жағымды тиімділігі заңы. Топырақ құнарлылығының қалыптасуы және оның біртіңдеп арта беретіні, ондағы жәндіктер тіршілігі барған сайын ұлғая беретіні және күн сәулесінің қуаты мен қоршаған ортаның қоректік заттарды көп жинауы, ал содан соң бұларды жетекшілігінен топырақтың құралуы осы заңға жүгінеді.

Қоректік заттарды топыраққа қайтару заңы. Бұл қайтару заңынын талабы бойынша – ысырап болу, егімен бірге кету немесе басқа себептер салдарынан топырақтың сіңімді қоректік заттарының тепе – теңдігі бұзылған жағдайда, тиістьті тыңайтқыштар енгізу жолымен, яғни агротехникалық әдістермен сол тепе- теңдікті қалпына келтіру керек. Соның өзінде топырақ – жанды іспекті екенін және ондағы микробиологиялық жұмыстар дұрыс реттелсе өсімдіктердің сан алуан қиын болып келген заттардың бір бөлігі сіңімді күйге ауысатынын ескерген жөн. Заттарды қайтару заңының бұзылуы топырақтың құнарлылығының жойылып кетуіне соқтырады.

Минимум, оптимум және максимум заңы. Бұл заң қайтару заңымен тығыз байланысты. Егінжайдағы өсімдіктердің өсуінің минимумдегі факторға немесе қоректік элементке тәуелді болатыны белгілі. Егер топырақтағы сіңімді азот 1 га 10 ц мөлшерінде астық алуға ғана жететін болса, ал фосфордың калийдің және басқа қоректік заттардың қоры 30ц, одан да көп түсім алуға жетеін болса, бәрібір өнім 10ц маңайында ғана алынады., өйткені, өнімнің мөлшерін ондағы минимум элемент айқындайды. Егер топырақта қоректік заттар жеткілікті болып, бірақ су тапшы болса, онда алынатын өнімнің мөлшерін ылғал белгілейді. Фактордың – ылғалдың, қоректік заттардың, жылудың, жарықтың шамадан тыс көп болуы да жетіспей кем болуына өсімдіктердің өсуі мен дамуын тежейді. Өсімдіктің тіршілігіне минималды – қолайсыз және оптималды – ең қолайлы жағдайларымен қатар максималды жағдай да болады. Мұндайда көбінесе өсімдіктерге жайсыз жағдай болғаны. Егер барлық тіршілік 


факторлары қолайлы мезгілде, әрі тиісті мөлшерде бар болса, онда 
өсімдіктің өнімі мол болады. Өсімдіктердің өз ортасына сәйкес келуі және дақылдарды уақыт пен кеңістік бойынша дұрыс ауыстыру, дұрыс ауыспалы егіс жүйесін қолдану заңы.

Тек жекелеген организм ғана өзінің өсіп - өнетін орнымен тығыз байланысты болып қоймайтын, сондай – ақ тұтас алғанда бүкіл өсімдік жасыл жебесі өзін қоршаған ортамен тығыз бірлікте өзара әрекеттес болады.
Өсімдік қаумын құрайтын өсімдіктердің түр – түрі тек оқшау топ құрып немесе одан бетер жеке- жеке көршілес ылғал, жарық және тіршілікке қажетті басқа факторлар үшін күресуде өзара олардың бір – бірімен тығыз қатынасы да болады. Екіншіден, өсімдіктерді қолдан іріктеуде осы фитоценозға жататын өсімдік түрлерінің өздері мекендеген ортадағы жағдайлардың бүкіл кешеніне бейімдеуін көздейді. Бір түрге жатаын өсімдіктер арасында немесе белгілі бір факторларды бірдей мезгілде қажетсінетін өсімдік түрлері арасында бәсекелестік күшті болады. Ал қоректік заттар мен ылғалды топырақтың қабаттарынан алатын және күн сәулесін әр мөлшерде қажет ететін, басқа қоректерін де әртүрлі мерзімде пайдаланатын өсімдіктер арасында бәсекелестік байқалмайды.Сондықтан өсімдік қауымдарында тамыр жүйелері топырақтың әртүрлі қабаттарында өсімдіктер кездесетіні жайдан – жай емес. Өсімдіктің бір түрінің тамыры негізінен үстіңгі қабатты жайласа, басқаларыныңы тамырлары одан едәуір тереңге бойлайды да, тайыздағы тамырларға кедергі келтірмейді.
Өсімдік тіршілігінің жекелеген факторлары өз алдына оқшау емес, қайта бір – бірімен өзара тығыз байланыста әрекет ететіні белгілі. Оларды басқа еш нәрсемен алмастыруға болмайды, себебі бұл факторлар кешенінің ықпалында болады. 

Егіншілік саласында ғылымның маңызды міндеттері: еліміздің барлық аймақтарында топырақтың құнарлылығын және егіншілік мәдениетін аймақтарында топырақтың құнарлылығын және егіншілік мәдениетін арттырудың теориясы мен практикалық шапраларын одан әрі талдау қуаңшылықпен, эрозиямен және топырақ сортаңымен күрес жөніндегі зерттеулерді күшейту, ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыруды агроклиматтық тұрғыда негіздеу; интенсивті егіншілік жағдайында егіс алқаптары мен ауыспалы егістердің тиімді құрылымын белгілеу; мәдени дақылдардың мол өнімді, ауруларға және зиянды жәндіктерге төзімді сорттарын шығару болып табылады.

2Дәріс

1.2Топырақ құнарлылығын жоғарылату жолдары

1.2.1 Топырақ құнарлығының факторлары

Топырақтың басқа табиғи денелерден ерекшелігі - оның құнарлылығы. Құнарлылық деген топырақтың өсімдіктерді өніп-өсуіне қажетті қоректі элементтермен және сумен қамтамасыз ету қасиеті. Жер бетінде адамның өсімдік пен жануарлардың өмір суруі топырақтың осы қасиетімен тікелей байланысты..

Топырақ құнарлылығы дегеніміз -топырақтың өсімдіктерді бір мезгілде үздіксіз сумен және қоректену элементтермен қамтамасыз етуі (В.Р.Вильямстің1936 ж.).

Қазіргі кезде топырақ құнарлылығы кең ауқымды түсінік. Өсімдіктерге ылғал мен тамыр арқылы берілетін қоректік элементтерден басқа жарық, жылу, оттегі қажет, ал оның көк бөлімдеріне көміртегі керек.

Топырақ - әрі тірі, әрі өлі дене. Оның құрамында көптеген тірі микроорганизмдер бар. Олар құнарлықты қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Күн сәулесі топырақтың жылулық режимін анықтайды, бұл да топырақка құнарлылық туғызатын элементтердің бірі, өйткені ол ылғалдың булануына барлық физикалық-химиялық процестерге молекулярлық деңгейде әсер етеді. Топырақтағы фотохимиялық реакциялардың пайда болуы олардың белсенділігіне әсер ететін күн сәулесіне байланысты.

Сонымен топырақ аналық организм сияқты күннің энергиясын, қоршаған ортаның қоректік заттары мен элементтерін пайдаланып, оларды күрделі биофизикалық-химиялық процестер нәтижесінде ыдыратып, өсімдіктерді барлық қажеттілігімен қамтамасыз етеді. Осыған орай топырақтың құнарлылығы - топырактың өсімдіктердің өніп-өсуіне керекті жағдай туғызу қасиеті. Топырақтың құнарлылығының негізі - өсімдіктің күн сәулесінен өтетін фотосинтез арқылы органикалық заттардың синтездеуі деген сөз.

Топырақ құнарлылығының мынандай категориялары болады: 1. Табиғи құнарлылық. 2. Жасанды Табиғи құнарлылык табиғи күйіндегі ешқандай адам әрекетін кажет етпейтін құнарлылық. Жасанды құнарлылық негізінен адам әрекетінің нәтижесінде (мелиорациялау, тыңайту т.б.) пайда болғанқұнарлылық.

Сонымен, топырақ құнары дегеніміз оның өзінде өсетін өсімдіктерді бүкіл өсу даму кезеңдерінде барлық қажетті коректік заттармен, ылғал, күн сәулесі және ауамен қамтамасыз етуі.

Топырақтардың қасиеттерін төменгі топтарға ажыратуға болады:

1.Топырақтардың физикалық қасиеттеріне оның суға төзгіш құрылымы, ауа өткізгіш кеуектілігі, ылғалды жақсы сіңіріп, оны ұстап тұру, оңай өңдеуге болатын  жақсы физикалық- механикалық қасиеттері жатады.

2.Топырақтардың химиялық және физика-химиялық қасиеттеріне: топырақта қара шіріндінің молдығы, өсімдіктерге сіңімді азот, фосфор, калий және микроэлементтердің неғұрлым жеткілікті болуы, топырақ ортасы реакциясының ыңғайлылығы, топырақ сіңіру кешенінің кальций катионына қанық болуы, топырақтың ауамен  қамтамасыз етіліп,  оның тотығу - тотықсыздану мүмкіндігінің мол болуы, зиянды, суға еритін тұздардың неғұрлым аз болуы немесе болмауы жатады.

3.Топырақтың биологиялық қасиеттеріне: микробиологиялық белсенділіктің жоғарылығы негізінен бактериялардың басым, сонымен қатар ауадан азот жинаушы  микроорганизмдердің, биологиялық белсенді ферменттерді шығаратын  микроорганизмдердің, топырақ құрылымына және оны қопсытуға әсер ететін төменгі сатылы жәндіктердің болуы.

4.Бүкіл өсімдіктердің өсіп-өнуі мезгілінде гидротермикалық режимнің болуы, яғни өсімдіктерді кажетті ылғал мен жылумен қамтамасыз ету.

Осы көрсеткіштерінің қосындысы топырақтың құнарлылығын анықтайды. Көп жағдайларда топырақ құнарлылығы табиғи жағдайдың өзінде-ақ қамтамасыз етілген. Алайда топырақтардын әр түрлі табиғи зоналарда орналасуына қарай олардың жоғарыда келтірілген топырақ құнарына әсер ететін қасиеттері әр түрлі. Мәселен, бір зоналарда ылғал жетіспейтін болса, керісінше, кейбір зоналарда күн сәулесі жетіспейді. Ал кейбір зоналарда топырақ құрамында зиянды тұздар қосындысы тым мол. Осы жағдайларға байланысты әр түрлі табиғи зоналарда топырақ құнарлылығының әр түрлілігі заңды құбылыс. Табиғи күйінде кейбір топырақтар құнарлылығының өте жоғарылығымен көзге түседі. Мұндай топырақтар  қатарына В.В.Докучаев «топырақ патшасы» деп атаған қаратопырақтар жатады. Топырақтың табиғи құнарлылығының өлшеміне: оның биологиялық өнімділігінің деңгейі, яғни белгілі бір өлшемдегі жерден алынған өсімдіктер өнімі, көлемі есептелінеді. Бұл көрсеткіштер өсімдіктердің әр түрлі табиғи жағдайларда өніп-өсуіне байланысты әр түрлі. Олардың өнімдері гектарына бірнеше ондаған центнерден бастап бірнеше жүздеген, тіпті мыңдаған центнерге жетеді.

Бұл өнім топырақтардың табиғи немесе мүмкіндік (потенциалды) құнарлылығы жағдайында алынған өнімдер. Топырақтың табиғи күйіндегі құнарлылығымен қатар оның тиімділік немесе экономикалық құнарлығы болады. Топырақ құнарлылығы адам қоғамының белсенді араласуының нәтижесінде іске асады. Адам қоғамының топырақты егістікке пайдалануы бірнеше ғасырларға созылып келеді. Егіншілік өнімін арттыру мақсатында топырақты өңдеп, тыңайтқыштар енгізіп, әр түрлі жақсарту шараларын қолданып, топырақтардың қажетті қасиеттерін өз мұқтаждығына қарай өзгерту - адам қоғамының ғасырлар бойы келе жатқан іс-әрекеттері. Игерілген топырақтар бұрынғы табиғи дене ғана емес, бұл енді адам қоғамының өндіргіш күші арқылы өзгерген денеге айналды. Осыған байланысты топырақтардың табиғи құнарлылығы деген түсінік орнына енді адам әрекетіне байланысты өзгерген тиімділік немесе экономикалық құнарлылық түсінігі пайда болады.

Адам қоғамының іс-әрекеті нәтижесінде коғамның табиғи-тарихи әлеуметтік жағдайларында пайда болған топырақтың тиімділік құнарлылығы дәрежесі коғамның дамуының өндірістік күштері мен оның өндірістік қатынастар дәрежесіне тікелей байланысты. Бұл салада адам қоғамының алғашқы дамыған қарапайым тіршіліктерінен бастап, қазіргі ғылыми-техникалық прогреске жеткенше қаншама кезендер өткені белгілі. Бұл уақыттар ішінде топырақты егіншілікке пайдалану жүйелері де қоғамның даму құбылыстарына сай, агрономия ғылымының бірте-бірте өрістеуіне жетеді. Алғашқы кезендерде, адам қоғамы топырақты тек өндеу арқылы онын табиғи құнарын пайдаланып, бір жерлердің құнары азайса, оны тастап, басқа жерлерді игерді.

Дегенмен келе-келе бұл жағдайлардың тиімсіз екендігін түсінген адам қоғамы. өндеген жерлерлі оларға әртүрлі минералдық және органикалық тыңайткыштар енгізу арқылы тұрақты пайдалану мүмкіндігін түсінді. Бұл салада әлемде агрохимия деген ғылым пайда болып, оның дамығанына да ғасырлар өтті.

Адам қоғамы дамып, халық санының әлемде өсуі топырақты тиімді пайдаланудың басқа жолдарын қарастыруға мәжбүр етті. Осы бағытта топырақты тек коректік заттармен (минералды және органикалық тыңайтқыштар) камтамасыз етумсн қатар олардың топырақ құнарының бір негізі - ылғал режимін реттеу жолын іздестіруге келтірді. Бұл салада құрғақ және шөлді топырақтарды қолдан суару әдістсрі қолданылса, ылғалы мол батпақты топырақтарды қолдан құрғату жолдары жүзеге асырылуда. Жалпы бұл бағыттағы іс-әрекеттерді су мелиорациясы деп атайды.

Топырақ құнарына олардың химиялық құрамы да көп әсер етеді. Мәселен, құрғақ, шөлді аудандар топырағында мөлшерден артық суға еритін тұздар қосындысы жиі кездеседі. Оларды сумен шайып, артық тұздарды бұл топырақтардан кетірмейінше, ол жерлерден жақсы өнім алынбайды. Сонымен қатар кейбір топырақтардың сіңіру комплекстері натрий катионына қаныққан, (сортаң) топырақ ортасының реакциясы сілтілі, олардың физикалық қасиеттері өте нашар, ылғалы жоқ кезде қатып, ал ылғал болғанда батпаққа айналып құнарсыз болады. Керісінше, кейбір топырақтардың сіңіру комплексі, сіңірілген сутегі, біршама алюминий катионына каныққан (орманды зонаның күлгін топырақтары), олардың топырақ ортасының реакциясы қышқыл болып көптеген мәдени өсімдіктер үшін құнарсыз болады. Міне осы жағдайларды қолдан жақсартпайынша, бұл топырақтардан жақсы өнімдер алу мүмкін емес. Сондықтан осындай топырақтар кездесетін аймақтарда, олардың тұзын шайып немесе топырақ орталарының реакцияларын химиялық мелиорациялау (гипстеу, әктендіру) арқылы жақсарту шаралары әлемде көптен жүргізілуде. Топырақтанудың бұл саласын топырақты мелиорациялау деп, онымен шұғылданатын ғылым мелиоритивтік топырақтану деп аталады.

Топырақ құнарлылығына әсер ететін жағдайдың бірі оның эрозияға ұшырауы. Бұл ғасырлар бойы түзіліп, жиналған топырақтың құнарлы беткі қабатының қатты соққан жел-дауылдың әсерлерінен немесе қатты нөсерлетіп жауған жаңбырдан, тез еріген қардан, кей жағдайларда суармалы егістік жерлерді суару кезінде суды мөлшерден артык жіберудін нәтижелерінде жуылып-шайылуынан болады. Әлемде топырақтың жел эрозиясына да, су эрозиясына да ұшыраған алқаптар аз смес. Сондықтан да табиғаттың бұл апатымен күресу жолдары топырақтанудын бір саласы.

Әлемдегі ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде, әсіресе өндірістің қарышты дамуынан табиғатқа, онын ішінде топырақ құнарына зиянды әсері де толып жатыр. Соның ішіндегі ең негізгілері жер қойнауының әр түрлі тереңдігінде жатқан қазба байлықтарды барлап, қазып алу және оларды байыту кезінде құнарлы топырақ қабаттары бұзылып, жер бетіне жер астындағы құнарсьтз тау жыныстары шығып көптеген жерлер құнарсызданады. Оған қоса көптегсн зауыт-фабрикалар мен жылу электростанциялардан шығатын күл-қоқыстармен ластанып, құнарларынан айырылатын жерлер баршылық. Осындай жерлеріміздің құнарын қайта қалпына келтіруді қайта культивациялау (рекультивация земель) деп атайды. Мұндай жағдайларда, шын мәнінде, топырақтар адам колынан жасалған антропогенді топырақтар түзіледі.. Топырақтанудыи бұл саласы әлемде соңғы жылдары қолға алына бастады.

Сонымен топырақ құнарын тиімді пайдалану, оны арттыру жолдары жалпы ауылшаруашылық ғылымдар жетістіктеріне агрономия, агрохимия сонымен қатар топырақтану ғылымының салаларына (топырақ мелиорациясы, топырақ эрозиясы және одан қорғау, топырақты қайта құнарландыру) тиесілі. Бұл мәселелердің қоғамның дамуымен маңызы арта түспек. Табиғат қорларының барлық салаларын, онын ішінде жер қорларын сақтау, оны тиімді пайдалану сияқты мәселелер көптеген елдердің ата заңдары мен табиғатты және оның барлық салаларын қорғау туралы арнайы заңдарында қарастырылған. Республикамыздың табиғатын қорғап, оның экологиялық жағдайларын жақсарту, жер қорларын сақтап тиімді пайдалану туралы арнайы заңдар қабылданған. Мәселе - осы заңдарды бұлжытпай орындау.


3.Дәріс

1.3.1Топырақ режимдері және оларды егіншілікте оңтайландыру жолдары

.Топырақтың су қасиеттері мен су режимі.

Су топырақта үш күйде болуы мүмкін: қатты, сұйық, газ тәрізді. Сұйық және газ тәрізді суға топырақта әртүрлі табиғи күштер әсер етеді: сорбциялық, капиллярлық, осмостық, гравитациялық. Топырақ бөлшектері беткейі энергияға ие болуына байланысты судың дипольды молекулаларын тарта алады. Топырақтың қатты бөлшектері мен сұйық және бу тәрізді суды сіңіруі су сорбциясы процесі деп аталады. Капиллярлық күштер топырақ қатты фазасы шектеуінде капиллярлық түтіктерде пайда болады. Судың беттік керілуі мен ылғалдануы негізделген. Судың беттік керілуі – бұл беттік қабатта молекулярлық күштердің толықтырылуына байланысты. Су қатты бөлшектерді ылғалдандырып капиллярларда дөңес менискілер түзеді. Бұл беттік керілу күштерінен теріс капиллярлық қысым тудырады. Теріс капиллярлық қысымда су көтеріліп капиллярлық түтіктерде тұрып қалады. Сорбциялық және капиллярлық су ұстау күштері гравитациялық күштерге қарсы тұрады. Гравитациялық күштермен су төмен жылжиды. Осмостық күштер топырақта еріген заттар иондарының су молекулаларымен қарым-қатынасы нәтижесінде қалыптасады.



Топырақ ылғалы потенциалы судың ұсталыну энергиясын сипаттайды. Су мен қаныққан топырақта, топырақ ылғалы потенциалы нольге тең. Ылғалдың төмендеуімен потенциал көрсеткіші төмендейді. Су әрдайым жоғары потенциалды аймақтан төмен потенциалды аймаққа жылжиды. Сондықтан топырақтың құрғауына байланысты оның сору күші артады.

Жылжымалылығы және топырақ қатты фазасымен байланысу дәрежесіне қарай топырақ ылғалының негізгі категориялары мен формаларын айырады.



Байланысқан ылғал топырақтың қатты фазасымен байланысу дәрежесіне қарай тығыз және бос байланысқан болып бөлінеді.

Тығыз байланысқан (гигроскопиялық) ылғыл. Топырақ қатты бөлшектерінің беткейіне су булары адсорбциясы нәтижесінде түзіледі, қабыршақ түрін оған тікелей байланысып, 2-3 су молекуласы қабатын түзеді. Гигроскопиялық су өте мықты бекіп өсімдіктер үшін мүлдем сіңірімсіз.

Бос байланысқан ылғал топырақ түйіршіктері беткейінің сорбциялық күштері бу тәрізді ылғал мен толық қанықпайды. Қатты бөлшектер сұйық ылғал мен әрекеттескенде судың бірнеше ондаған молекуласы қалыңдығында қосымша қабат түзіледі, бұл қабаттың байланысуы әлсіздеу, өсімдіктер үшін жартылай сіңірімді.

Еркін ылғал топырақ түйіршіктерімен тарту күшімен байланыспаған, өсімдіктер үшін сіңірімді. Топырақта еркін ылғалдың екі формасын айырады: капиллярлық және гравитациялық. Капиллярлық ылғал топырақ қал түтіктерін толтырып капиллярлық күштермен жылжиды. Гравитациялық ылғал ірі капиллярлық емес түтіктерді толтырып, кескін бойымен гравитациялық күштер әсерімен жылжиды.

Өсімдіктер үшін тіршілік әрекеті процесінде алатын ылғал бөлігі ғана сіңірімді. Сіңірімді ылғалды өнім қалыптастыруға жұмсалатындықтан өнімді ылғал деп атайды. Тамыр жүйесі топырақтан ылғал сіңіру кезінде топырақ сору күшінен жоғары сору күшін қалыптастырады, орта есеппен 1,5*103кПа (15атм). Бұдан жоғары күшпен ұсталған ылғал өсімдік үшін сіңірімсіз.

Өсімдіктің тұрақты солуы байқалатын топырақ ылғалдылығы тұрақты солу ылғалдылығы деп аталынады. Топырақтағы толық қаныққандағы жалпы ылғал сіңірілу қасиеттерінің өзгеруіне қарай топтарға бөлуге болады. Топырақ ылғалының әртүрлі категориялары пайда болуын сипаттайтын ылғалдың маңыздылық шекараларын топырақтың гидрологиялық константалар деп аталады. Агрономиялық практикада кең таралған мынандай гидрологиялық константаларды қолданады. Максималды гигроскопиялық (МГ), солу ылғалдылығы (ВЗ), капиллярлардың үзілу ылғалдылығы (ВРК), ең аз ылғал сиымдылық (НВ), толық ылғалсиымдылық (ПВ).

Құрғақ топырақ – максималды адсобциялық ылғал сиымдылық диапазонында тығыз байланысқан ылғал тамырдың сору күштерінен көп жоғары. Адсорбциялық күштермен тартылады, сондықтан сіңірімсіз. МАВ максималды адсорбциялық ылғалсиымдылық пен ВЗ солу ылғалдылығы аралығы сорбциялық күштермен тығыз байланысқан өсімдіктер үшін сіңірімсіз. ВЗ – ВРК өсімдіктер үшін аз сіңірімді.



Топырақтың негізгі су қасиеттері:

Су ұстау қасиеттері, су өткізгіш қасиеті, су көтергіш қасиеті. Су ұстау қасиеті сорбциялық және капиллярлық күштер әсерімен қалыптасады. Әртүрлі күштермен топырақта ұсталынып тұратын ылғалдың ең жоғары мөлшері ылғал сиымдылық деп аталынады. Топырақтың бу тәрізді ылғалды сіңіруі гигроскопиялық деп аталнады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100%-ке жақындағанда топырақ максималды гигроскопиялыққа дейін қанығады (МГ).

Адсорбциялық күштермен ұсталынатын тығыз байланысқан ылғалдың ең жоғары мөлшері максималды адсорбциялық ылғал сиымдылық деп аталады. Сорбциялық немесе молекулярлық тартылукүштерімен ұсталынып тұратын бос байланысқан ылғалдың ең жоғары мөлшері максималды молекулярлық ылғал сиымдылықты сипаттайды (ММВ). Топырақтың барлық түтіктері суға толғандағы ылғалдың ең жоғары мөлшері толық ылғал сиымдылық деп аталады (ПВ). Көлдете суарудан кейін гравитациялық ылғалдылық ағып жер асты суларының тірек әсері болмаған жағдайда топырақта қалатынылғал мөлшері ең аз немесе қаныққан-далалық ылғал сиымдылық деп аталады (ПВ немесе ППВ). Капиллярлардағы толған ылғалдылық үзіктерге бөлінуіне сәйкес ылғалдылық капиллярлардың үзілу ылғалдылығы деп аталынады (ВРК). Жер асты суларының үстіндегі капиллярлық тірек ылғалының ең жоғары мөлшері капиллярлық ылғал сиымдылық деп аталынады (КВ).

Су өткізгіштік – топырақтың суды сіңіру және өткізу қасиеті. Топырақтың сумен толық қаныққандағы судың ауырлық күшімен төмен қарай жылжиды фильтрация деп аталады. Су өткізгіштік уақыт бірлігінде топырақ беткейін аудан бірлігінен өтетін су көлемімен түтіктердің жалпы ауданына, мөлшеріне тәуелді. Сондықтан жеңіл механикалық топырақтарда су өткізгіштік жоғары. Н.А.Качинский су өткізгіштігіне қарай топырақ градациясын ұсынған. Егер топырақ 100С температурада 5 см ағыста бір сағатта 1000мм-ден жоғары су өткізсе, су ұстауы жоқ болып саналады. 1000-нан 500мм-ге дейін шектен тыс жоғары, 500-ден 100мм-ге дейін ең жақсы, 70-30 қанағаттанарлық, 30мм-ден төмен қанағаттанымсыз.



Топырақтың ауа қасиеттері ауа режимі.

Топырақ қопсыған кеуек дене болғандықтан, оның құрамында үнемі ауа болады. Бұл ауаның мөлшері топырақтың ылғалдығына, тығыздығына, өңделу жағдайларына, механикалық құрамына, өсіп-өніп тұрған өсімдіктерге, тағы басқа жағдайларға байланысты.

Егістіктер егілетін, өнделген топырақтарда ауаның мөлшері топырақ көлемінін 30-40 процентіне тән. Мұның біраз бөлігі топырақ бөлшектеріне сіңеді, оны сіңген ауа деп атайды. Ал ауаның калған мол бөлігі топырақ кеуектерінің арасында болады. Неғұрлым топырақта су көп болса, соғұрлым онда ауа мөлшері аз, себебі мол су ауаны топырақ құрамынан ығыстырып жібереді. Мысалы: күріш егістерінің топырақтарында су жер бетінде көлдеп тұратындықтан, онда ауа мөлшері мүлдем жоқ, Керісінше, ылғалы аз, жиі қопсытылып, жиі өнделетін топырақтарда ауа мол болады.

Топырақ - көптеген өсімдіктер мен микроорганизмдердің тіршілік ететін мекені. Олар тыныс алады, көптеген органикалық заттарды ыдыратып ауаға ұшырады. Осының нәтижесінде топырақ ауасының құрамы, атмосферадағы ауаға карағанда өзгешелеу. Мысалы, топырақ ауасындағы көмір қышқылының мөлшері 0,15-1,65% шамасында, ал атмосферадағы оның мөлшері небары - 0,03% ғана. Топырақ ауасындағы оттегі мөлшері атмосферадағыдан анағұрлым аз.

Топырақ ауасы топырақта өсетін өсімдіктер мен микроорганизмдерге көп әсер етеді. Топырақтағы ауаның молдығына, аздығына, оның құрамына қарай мұнда әр түрлі микроорганизмдер өмір сүреді. Өсімдіктер тамырының тереңдеп немесе көлденен өсуіне топырақтағы ауа режимінің дұрыс болуының пайдасы зор. Сонымен, топырақтың ауа режиміне - топырақ құнарлылығына әсер ететін негізгі фактордың бірі. Топырақтағы ауа үш күйде кездеседі: еркін ауа, адсорбцияланған ауа, еріген ауа. Еркін ауа топырақ қуыстарында орналасып қозғалмалы келеді және атмосфера ауасымен алмасып тұрады. Адсорбцияланған ауа топырақтың қатты бөлігімен сіңірілген газдар. Еріген ауа топырақ ылғалы құрамында кездесетін түрлі газдар. Газалмасуға деген үлкен ықпалды факторлар топырақтың құрылымы және су өткізгіштігі.

Топырақтың жылулық режимі. 

Топырақтардың дамуы мен өсімдіктердің өмірі үшін жылу керек. Топырақтың жылулық қасиеті де оның қажетті қасиеттерінің бірі. Топырақ жылуы белгілі бір мөлшерге жеткен кезде ғана онда өсімдіктер тамыры өсе бастайды. Жылу әсерінен микробиологиялық және химиялық процестердің қарқыны өзгереді. Топырақжылуды негізінен күн сәулесінен, оған қоса топырақтың жоғарғы қабатынан, жердің ішкі қызған қабаттарынан да, сонымен бірге топырақтағы микробиологиялық процестерден, тірі жәндіктердің тыныс алуынан, өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының шіруінен, топырақтың құрамындағы кейбір заттардың өзара қосылысқа түсуінен, су буларының суға айналуынан, судың булануынан алады. Сонымен топырақтағы жылу режимі - жылулық күн сәулесінің топыраққа түсіп, оның қабаттарына еніп, жоғарыдан төмен қозғалып, қайтаданауаға оралу процесі.

Топырақтың жылулығытопырақтың температурасымен белгіленеді. Температура тәуліктік, апталық, айлық, маусымдық және жылдық көрсеткіштермен ажыратылады.Топырақтың жылулық режиміне ауа райы, өсімдік, жер бедері, қар жамылғысы, топырақтың механикалық құрамы, ылғалдылық пен түсі әсер етеді. Әр түрлі топырақ күнсәулесінен әр түрлі қызады. Ашық-түсті топырақтарға қарағанда, қара шіріндіге бай қара топырақ пен қара қоңыр топырақ анағұрлым тез жылынады. Ал құмдақ топырактарда балшықты топырақтарға қарағанда тез жылынады. Дегенмен ол топырақтар тез арада суиды. Ылғал топырақтармен салыстырғанда құрғақ топырақтар тез жылынады. ЬІлғал топырақтар баяу жылынады, өйткені ондағы суды жылытып, буландыру үшін көп жылу жұмсалады. Құм топырақтар саз топырақтардан құрғақтау болғандықтан, анағұрлым тезірек жылынады. Топырақтың жылулығына оның орналасқан жері де әсер етеді Мысалы, оңтүстік баурайдағы топырақтар солттүстік жағымен салыстырғанда жақсырақ жылынады. Топыраққа берілген жылу оның бөлшектерімен, су және ауа арқылы төменгі қабаттарға тарайды. Топырақтың қатты бөлшектері су, жылуды жақсы өткізеді. Ал ауа жылуды нащар өткізеді. Түнде топырақ бетінен бастап салқындайды, ал күндізгі жылу толқыны тереңірек қабатка өтеді. Жылудың толқындары осылайша күнбе-күн тереңірек қабаттарға өтіп отырады. Топырақ бөлшектері жылудан біресе ұлғайып, біресе суықтан кішірейіп отырады. Бұл олардың тез және толық үгілуіне көмектеседі. Топырақтары өсімдіктермен бірге тірі жәндіктердің дамуы үшін жылы топырақ қолайлы. Қыста топырақты қар басып, ондағы су қатқан кезде және жылу толқындарының орнын суық толқындар басқанда топырақтағы өмір едәуір бәсеңдейді. Топырақтың жоғарғы сипатталған физикалық қасиеттерінен басқа кейбір топырақтарға тән және оның құнарлылығына едәуір нұқсан келтіретін жағдайлар да болады. Мысалы, топырақтардың сортаң немесе сорланған болып келетін жағдайлары. Мұндай топырақтар оңтүстік және кейбір солтүстік зоналарда кездеседі. Ол топырақтарды тиімді пайланау оларды алдын ала мелиорациялау қажет.

Бақылау сұрақтары:

1.Топырақ ылғалына әсер етуші күштер, топырақтағы ылғал түрлері.

2.Топырақтың негізгі су қасиеттері: су ұстау қасиеттері, су өткізгіш қасиеті, су көтергіш қасиеті.

3.Топырақ ылғалы режимі түрлері.

4.Топырақтағы ауа түрлері; еркін ауа, адсорбцияланған ауа, еріген ауаның өсімдік тіршілігіндегі маңызы.

5.Топырақтың жылу режимі, жақсарту тәсілдері.



4-дәріс

1.4 Топырақ эрозиясы жəне оның зияндылықтары

1.4.1 Топырақ эрозиясы жəне онымен күрес шаралары.

1.4.2 Топырақ эрозиясымен күрес шаралары

1.4.3 Эрозияның пайда болу факторлары.

1.4.4 Жел эрозиясы, су эрозиясы

1.4.5 Ирригациялық эрозияға қарсы шаралар

Адамдар өмірінде жер ерекше орын алады. Ол біріншіден, адамдарды асыраушы жер-ана; екіншіден, ауылшаруашылық өндірісінің негізгі құралы, үшіншіден, жер халық байлығы. Бүгінгі нарық заманында, жер жекеменшікке берілгенде оны көздің қарашығындай сақтау əрбір адамның, əр маманның алдында тұрған басты міндет.

Қазақстан Республикасы жер қорын басқару агенттігінің республиканың жері ұлан байтақ, дəлірек айтқанда онң көлемі 272,5 млн.гектар, сондықтан жер жүзінде 9-шы орында тұр. Ауыл шаруашылғында пайдаланатын жердің көлемі 222,5 млн гектар, соның ішінде егістік жер 21,4 млн. гектар, яғни республика бойынша əр адамға 1,4 гектар егістік жер келеді екен. Бұдан, жердің көптігінен, оған немқұрайлы қарау керек деген ұғым тумай, керісінше жерді келер ұрпаққа сақтау керек. Табиғатта топыраққа кері əсер көрсететін факторлар көп. Солардың бірі- топырақ эрозиясы.

Жер өңдеу кезінде топыраққа ықпал жасау оның құрылымы мен құрылысының бұзылуына жəне табиғи топырақ құрылу процесі бағытының өзгеруіне, ең соңында эрозия құбылысының пайда болуына əкеліп соқтырады. Эрозияның қатерлі, тіпті апатты зардабын сезіну үшін оның мəнісін терең түсіне білу керек.

Сонымен топырақ эрозиясы дегеніміз оның желдің немсе судың (жаңбыр мен қар сулары, қолдан берілетін сулар) күшімен бұзылып, басқа бір алыс не жақын жерге барып шөгуі.

Топырақ эрозиясы ауылшаруашылық өндірісіне орасан зиян келтіреді.



Біріншіден, эрозияның əсерінен топырақтың беткі қабаты желмен ұшып немесе сумен шайылып кетеді, сондықтан шаруашылықар жердің құнарлы қабатынан, өсімдіктер коректік заттардан айырылады. Мысалы, Якубовтың деректері бойынша жердің 50 см қабаты желмен ұшып кетсе, қарашірігі аз құмдақ топырақтың əр гектарынан 11-16 тонна гумус, 150-300 кг азот, 120 кг фосфор жоғалатын көрінеді.

Францтың мəліметтеріне қарасақ, жел мен су жылда Еуропадан 840 млн тонна, Афркадан 21 млрд. тонна топрырақты мұқиттар мен теңіздерге алып кетеді екен.

Бүкіл материк жыл сайын эрозияның кесірінен жердің беткі 2 см қабатынан айырылады. Сондықтан, топырақтың қарашірігі кемиді. Мысалы, А.А.Зайцевваның зерттеулері бойынша Павлодар облысында топырақ эрозияға ұшырамағанша оның қарашірік мөлшері 2-3 пайыз болса, ал эрозиядан кейін 0,8-1,5 пайыз қалған. Табиғатта 2,5 см жердің беткі гумустық қабаты түзілу үшін 300 ден 1000 жылға дейін уақыт керек.

Екіншіден, эрозияның салдарынан дəнді дақылдардың жас өскіндерін топырақ түйіршіктері қырқып жібереді, яғни егістік жойылады. Атап айтқанда, тың жəне тыңайған жерлерді игерудің алғашқы жылдарында Қазақстанда эрозияның кесірінен 2,9 млн гектар дəнді дақылдардың егісгі жойылып кетті. Осы жылары республиканың астықты өңірлерінде жел эрозиясының кесірінен 12,8 млн гектар егістің өнімі төмендеп, одан 170 млн пұт асытық кем жиналды.

Үшіншіден, эрозия құнарлы егістік жерлерді жарамсыз қылып, оларды не айналымнан шығарып тастауға мəжүр етеді, немесе басқа түрге көшіруге тура келеді. Мысалы, 1962-1964 жылдары Павлодар облысының шаруашылықтары эрозияға ұшыраған 850 мың гектар егістікті шабындыққа, жайылымдыққа жəне басқа түрлерге айналдыруға мəжбүр болды.

Эрозияға ұшыраған жерлерге себілген ауылшаруашылық дақылдарының өнімі күрт төмендейді. Оның себеі эрозияның əсерінен топырақтағы қарашірік мөлшері азаяды, соның салдарынан ондағы коректік заттардың тапшылығынан өсімдік зардап шегеді.

1.4.2 Топырақ эрозиясымен күрес шаралары.

Су эрозиясымен күресуде шаруашылыққа тиісті жерді дұрыс пайдалана білудің маңызы зор. Бұл əсіресе бедері күрделі болып келетін таулы жерлерде жəне тау бөктерінде орналасқан шаруашылықтар үшін өте қажет. Су эрозиясына дөңес жерде орналасқан танапар өте бейім болады. Сондықтан, мұндай топырақты жиі қопсыта беруді қажет етпейтін дақылдар егу керек. Дөңес жерлердің топырағын су эрозиясынан қорғау шараларының ішінде дақылдарды еңіске көлденең, контур бойынша егу керек.

Эрозия кезінде қатты соққан жел жердің үстіңгі қабатындағы топырақты ұшырып, дақылдардың тамыры ашылып қалады. Ұшырылған топырақ түйіршіктері дақылдардың жапырағын зақымдайды. Ықтау жердегі өсімдіктердің көміліп қалуына əкеліп соғады, ал кей жағдайда егістікті көшкін топырақ басып қалады да егіннен ешқандай өнім алынбайды. Эрозия зардабынан өнім кемуінің мөлшеріне байланысты дақылдар үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа мақта, күнбағыс, картоп, темекі, сəбіз, тары, күздік, жаздық бидайлар, жүгері, көкөніс дақылдары жатады. Бұл дақылдар өнімін қатты төмендетеді. Мысалы, топырағы эрозияға аздап ұшыраған жерлерде аталған дақылдардың өнімі 10-30% кемиді, орташа бүлінген жерлерде –30-70, ал қатты бүлінген жерлерде-65-90 пайыз кемиді. Екінші топқа топырақ эрозиясына орташа ұшырайтын арпа, қарақұмық,бұршақ тұқымдас біржылдық шөптер сияқты дақылдар жатады. Бұл дақылдардың өнімі эрозиядан аздап бүлінген танаптарда 5-15 пайызға, орташа бүлінген жерлерде - 30-35, қатты бүлінген танаптарда 40-70 пайыз кемиді.

Сұлы, қара бидай, көпжылдық шөптер басқа дақылдарға қарағанда эрозияға төзімді келеді. Бұл дақылдардың өнімі шамалы бүлінген жерлерде 5-10 пайыз, орташа бүлінген жерлерде 15-40 пайыз, қатты бүлінген жерлерде 25-55 пайыз кемиді.



1.4.3 Эрозияның пайда болу факторлары. Топырақ эрозиясы негізінен екі фактордың əсерінен пайда болады. Олар: табиғи жəне адамдардың

шаруашылық іс əрекеті (антропогендік факторлар). Табиғи факторларға климат, жер бедері, топырақ жəне өсімдіктер жамылғысы жатады. Климаттың ішінде топырақ эрозиясын тудыратын ең басты фактор – жел. Оның əсерінен негізінен жел эрозиясы пайда болады. Ол əсіресе қуаңшыл жəне өсімдік жамылғысы нашар, топырағының гранулометриялық құрамы жеңіл аймақтарда күшті əсер етеді. Жел эрозиясының пайда болуы, желдің жылдамдығына байланысты.

П.С.Захаровтың деректері бойынша жердің беткі қабатынан 10 см биіктіктегі желдің жылдамдығы секундына 8-12 м болғанда эрозия пайда бола бастайды,ал ол жылдамдық 12-15 м/сек жеткенде эрозия процесі күшейіп, желдің жылдамдығы 16-25 м/сек жеткенде күшті эрозияға əкеліп соқтырады.

Келесі эрозия тудыратын фактор – топырақ түйіршіктерінің мөлшері.



Егер топырақ түйіршіктерінің мөлшері 0,05-0,15 мм аралығында болса, эрозия жер бетінен 15 см биіктікте желдің жылдамдығы 3,5-4 м/сек болғанда пайда бола бастайды, топырақ түйіршігінің мөлшері 1мм болса, онда эрозия тудыру үшін желдің əлгі биіктегі шапшаңдығы 9,6 м/сек , ал 1,5 мм болғанда-11,1 м/сек болуы керек.

Эрозияның пайда болуы тек ғана топырақ түйіршіктерінің мөлшерімен шектелмейді, ол топырақтың гранулометриялық құрамына тікелей байланысты. Мысалы, құмдақ топырақтарда жел эрозиясы пайда болу үшін жер бетінен 15 см биіктегі желдің күші қарақоңыр топырақтарда 3-4 м/сек, ал жеңіл саздақ топырақтарда - 5,0 м/сек болуы керек.

Жер бедері. Топырақ эрозиясы кез келген жер бедерінде пайда болады.Дегенмен, ол көбінесе дөңес жерлерде тезірек пайда болады. Мұның əсіресе су эрозиясына қатысы бар.

Өсімдіктер жамылғысы эрозияның басты факторлардың бірі. Егер,өсімдіктер жамылғысы күшті жəне оның тығыздығы зор боса, онда эрозия процесі болмайды, немесе баяу жүреді жəне керісінше. Себебі жер бетіндегі өсімдік жамылғысы жақсы болса, ол желдің күшін азайтып, топырақ түйіршіктерінің желмен ұшып кетуіне кедергі жасайды. Ал, өсімдік жамылғысынан айырылған жерлерде эрозия процесі күшті жүреді. Өсімдік жамылғысының жоғалып кетуіне топырақ өңдеу тəсілі жəне малды ретсіз

жаю үлкен əсер етеді.

Адамдардың шаруашлық іс-əрекеті топырақ эрозиясының пайда болуына əсер ететін күшті фактор. Ол əсіресе 1954-1956 жылдар арасындағы тың жəне тыңайған жерлерді көтеру кезінде республикада жел эрозиясының пайда болуына үлкен əсерін тигізді. Əсіресе, республика топырағының гранулометриялық құрамын жəне ашық далалық аймақтағы желдің күшін еске алмай 25 млн астам жерлерді қайырмалы соқалармен аударып жыртқанда, яғни өзінің өсімдік жамылғысынан айырылғанда күшті байқалды. Республиканың ауа райын зерттейтін станциялардың деректері бойынша тың көтерілген аймақтарда жылына 300 күн желді болып тұрады екен. Міне, осындай үлкен массивті жыртып тастау жел эрозиясының пайда болуына əкеліп соқтырды. Осының арқасында тың игеруден он жыл өткен соң республика бойынша жел эрозиясы 11 млн гектер жерді қамтыды. Сол жылдар ішінде Павлодар облысының Шарбақты ауданында жел эрозиясының кесірінен 300 мың гектардан астам жер ауыршаруашылық өндірісіне пайдлануға жарамсыз болып қалды. Ал, облыс бойынша 1955-1961 жылдар арасында жел эрозиясы 700 мың гектар жерді қамтыды. Тек, бұрынғы “Лебяжье” кеңшары 1958 жылы жел эрозиясының кесірінен бірнеше мың гектар жерді айналымнан шығарып тастауға мəжбүр болды.

Ал, 1962 жылы Қазақстанның солтүстік өңірінде орналасқан төрт облысында (Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан) эрозияның əсерінен 1,5 млн гектар жер пайдаға асудан қалды.

Топырақ эрозиясының пайда болуына оның гранулометриялық құрамы үлкен əсер етеді. Гранулометриялық құрамы жеңіл, құмдақ, құмдауыт топырақтар жел эрозиясына тез ұшырайды. Қазақстан Республикасы жер қорын басқару Агентігінің мəлеметтері бойынша еліміздің ауыл шаруашылығында пайдаланылатын 222,5 млн гектар жердің 8,1 млн. жеңіл сазбалшықты, 3,3 млн га құмдауыт, 2,77 млн. құмдар.

Бұл топырақтарда кез келген уақытта эрозия пайда болуы мүмкін.


1.4.4 Жел эрозиясы, су эрозиясы

Эрозияны тудыру факторларына байланысты оның екі түрі, яғни жел жəне су эрозиясы болады. Осылардың ішінде Қазақстандағы басым түрі-жел эрозиясы.

Жел эрозиясы кезінде топырақтың майда бөлшекері ұшып “қара дауыл” көтеріледі, ал су эрозиясы болған танаптарда үлкенді-кішілі жыралар пайда болады жəне жаз айларында өте тапшы болатын су мен əр түрлі коректік заттар ағып кетеді, яғни топырақтың құнарлылығы төмендейді. Сондықтан,эрозиямен күрес, топырақты жəне оның құнарлылығын сақтау үшін күрес деген сөз. Эрозия топырақтың түзілу процесімен қатар жүретін құбылыс. Топырақ бетіндегі табиғи, немесе ауылшаруашылық дақылдарының өсімдік жамылғысы қаншалық тығыз болғанымен су көп болған ретте топырақ бөлшектерін белгілі мөлшерде шайып, ағызып əкетіп су эрозиясын тудырады.

Жел қатты соққан кезде топырақтың өсімдік жамылғысы жоқ немесе ол аз жерлерде майда ұлпаны ұшырып əкетіп жел эрозиясын тудырады. Бұл қалыпты эрозия деп аталады. Ол баяу жүреді жəне аса зиян келтірмейді.

Қалыпты эрозия климатқа, жер бедеріне, топырақтың судың шаю күші мен желдің бұзу төзімділігіне, өсімдік жамылғысының сипаты мен тығыздығына байланысты болады.

Шапшаң немесе қалыпты эрозия адамның іс-əрекетінен жəне табиғатта қалыптасқан байланыстардың бұзылуынан туады. Жел эрозиясы орманы жоқ, ашық, жауын-шашын шамалы жауатын жазық далаларда болады. Қазақстанда жел эрозиясы тың жəне тыңайған жерлер игерілген өңірде көптеп кездеседі. Ол жерлер жыртылғаннан кейін Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе т.б. облыстарының топырақтары жел эрозиясынан қатты зардап шекті. Жел эрозиясы кезінде қарашірігі мол, гранулометриялық құрамы жеңіл, коректік заттарға бай топырақтың үстіңгі құнарлы қабатының майда түйіршіктері ауаға көтеріліп, желмен бірге ұшып кетеді.

Күнделікті (жергілікті) эрозия. Əр жердің өзіне тəн үйреншікті желі болады. Сол жердің əсерінен үлкенді-кішілі сырмалар, құйындар болып тұрады. Бұл желдер үйреншікті болған соң, оған көп көңіл бөлінбейді. Ал,ғалымдардың есебіне қарағанда олардан да келетін зиян аз емес. Мұндай эрозияның əсерінен күн сайын топырақтың құнарлылығы кеміп отырады, желмен ұшқан майда түйіршікерден дақылдардың жас өркендері зардап

шегеді, олардың жапырақаы жырымдалып, жыртылады.



Егер, танап топырағының 50 пайызынан көбінің диаметрі 1-2 мм-ден үлкен кесек түйіршіктерден тұрса, ондай танапта жел эрозиясы болмайды.

Жел эрозиясының басталуына қатты əсерін тигізетін түйіршікерге диаметрі 0,5-1 мм болатын топырақ кесекшелері жатады. Мұндай түйіршіктер қатты желдің əсерінен көтеріледі де, жер бетімен секіріп домалай бастайды. Осы кезде кесектер басқа кесектерге соғылып, олардың да орнынан қозғалуына себепші болады. Ол кесектер басқаларды қозғайды, сөйтіп ақыры жел эрозиясына айналады. Диаметрі 0,1 мм-ден кем түйіршіктер қатты желдің əсерінен (жылдамдығы 15 м/сек) едəуір алысқа ұшып кетеді де, қалғаны бір жерге үйіледі.

Жел эрозиясының қатерлі де қауіпті түрін шаң дауылы дейді. Ол жердің беті өсімдік жамылғысынан айырылған немесе нашар қорғалған, желі күшті соғатын, топырағының гранулометриялық құрамы жеңіл аймақтарда болады.

Су эрозиясы

Топырақ эрозиясының келесі түрі су эрозиясы. Ол жер бедері күрделі болып келетін Қазақстанның суармалы, таулы жəне тау бөктерінде орналасқан оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында, ал қар қалың түскен жылдары республиканың солтүстік, батыс облыстарында, əсіресе пар танаптарында пайда болуы мүмкін.

Қар суын жерге тездетіп сіңіру үшін ешқандай əрекет жасалмаса, онда су эрозиясы барлық жерде пайда болады. Су эрозиясы кезінде тек топырақтың құнарлы бөлшектері шайылып қана қоймайды, сонымен бірге оның терең қабатында ылғал аз жиналады, содан барып дақылдар өсу кезінде су тапшылығын көреді. Су эрозиясы тамшылық, жайдақ, сызықтық жəне иррагациялық болып төртке бөлінеді.



Тамшылық эрозия. Жаңбыр нөсерлеп жауғанда əр тамшының диаметрі 1мм-ден 5мм, соңғы жерге тамардағы жылдамдығы секундына 4,5- 9,0 м болады. Осы тамшы топырақтың майда кесекшелеріне тиіп, оны бірте- бірте үгітіп езіп жібереді. Үгітілген бос, майда ұнтақтар топырақтың үстіңгі қабатындағы жіңішке саңлауларды бекітіп, судың сіңуіне кедергі жасайды.

Топыраққа сіңіп үлгермеген су жер бетімен ағып, өзімен оның беткі қабатындағы майда бөлшектерін ала кетеді, сөйтіп топырақтың құнарлылығын төмендетеді.

Беткі (үстіңгі) эрозия судың ағынды күші əсер етуінен пайда болады. Мұны кейде жазықтық эрозия деп атайды. Беткі эрозия өте қауіпті, себебі ол көзге онша ілінбей өтіп жатады. Бірақ, бұл эрозиядан келетін зиян көп. Оның əсерінен жыл сайын танаптың əр гектарынан 5 тоннадан 25 тоннаға дейін топырақ шайылып кетеді. Уақыт өткен сайын топырақтың органикалық затарға бай майда түйіршіктері азайып, құнарлылық кемиді, соның салдарынан алынатын өнім төмендейді.

Сызықтық эрозия. Қар еріген немесе жауын жауған кезде судың қатты ағысы топырақта ор жасап, ол жер бірте-бірте үлкейіп, терең жыраға айналады. Оладың ені 2-3 метрге, кейде тіпті 10 метрге жетуі мүмкін. Мұндай жағдайда топырақтың үстіңгі қабаты ғана емес, оның терең қабаттары да бұзылады. Осыны сызықтық эрозия дейді. Ирригациялық эрозия. Суару кезінде топырақтың далалық су сиымдылығынан артық су бірлесе, онда топырақ беті шайылып эрозия пайда болады. Танапты дұрыс суармаудан туындаған осы эрозияны ирригациялық эорзия дейді.Топырақты су эрозиясынан қорғауда агротехникалық шаралардың маңызы зор. Бұл шаралар онша қиын емес, оларды кез-келген шауашылықарда қолдануға мүмкіндік бар. Олардың ішіндегі ең бастысы жерді дұрыс өңдеу болып табылады.
1.4.5 Ирригациялық эрозияға қарсы шаралар

Қазіргі кезде Қазақстанда суарылатын барлық жерлердің көлемі 1,2 млн гектар шамасында, оның ішінде егістік жерлер 1,0 млн гектардай. Мұның 90%-дан астамы республикамыздың оңтүстік жəне оңтүстік-шығысындағы облыстарында орналасқан. Бұл жердің ішінде егінжай ретінде пайдаланып жүрген дөңес жерлерлер де аз емес. Дөңес жерде су ағысы қатты болатындықтан, суармалы жердің көбісі эрозиядан үлкен зардап шегуде. Ғалымдардың есебіне қарағанда жер суару ережесі мен тəсілі бұзылып жүргізілсе, бір рет суарғанның өзінде ғана əр гектардан 40-50 тонна топырақ шайылып кетеді екен. Ирригациялық эрозия топыраққа келтіреін зиянына қарай екіге бөлінеді:

- суару эрозиясы, яғни жайдақ эрозия, дақылдарды суару кезіндегі

болатын танаптағы топырақтың шайылуы;

- қарықтар эрозиясы, яғни сызықтық эрозия – қарықтар мен каналдардың

судың əсерінен қазылып шайылуы.

Суару эрозиясы кезінде топырақтың майда, жеңіл, құнарлы бөлігі танаптың биік жерінен сумен төменгі жағына ағып барады да, танаптағы топырақың құнарлылығының əр түрлі болуына əкеп соғады. Жыл өткен сайын танаптың биік жерлерінің құнарлылығы кеми түседі.

Су эрозиясын болдырмау үшін төмендегідей шаралар қолданылады:

- суды ағызып суарудың орнына жаңбырлатқыш техникаларды қолдану

керек;


- егіншілікте жаңа əдіс дискретті суаруды қолдану су эрозиясын

болдырмауға септігін тигізеді;

- топырақты тек жер астынан суландыратын арнаулы түтіктер жүйесін

қолдану өте жақсы нəтиже береді;

- су жүретін жүйелерінің ішін бетондау, əр түрлі темірбетон құбырлар,

науалар қолдану; 130

- су жүретін жүйектердің ұзындығы, тереңдігі, оның ішімен жүретін су

мөлшері топырақтың түріне байланысты, ол шайылмайтындай етіліп

өзгеріп тұруы керек;

- эрозиядан қатты зардап шеккен танаптарға көпжылдық шөптер егіліп,

олар ауыспалы егіс жүйесінен шығарылып тасталуы тиіс;

- эрозияға ұшыраған жерлерге органикалық тыңайтқыштар қолдану

жақсы нəтиже береді. Əр гектарға 40-45 тонна көң сіңірілсе, топырақтың

физикалық қасиеттері едəуір жақсарады;

- жердің құнарлылығын көтеру үшін бұршақ тұқымдас дақылдарды

жасыл тыңайтқыш (сидераттар) ретінде қолдану керек.;

- жерді тегістеу жəне дұрыс жоспарлау ирригация эрозиясын азайтады;

- танаптарға су жеткізуге арналған қарық жүйесі оны шайып тереңдете

бермеуі үшін жердің ыңғайына қарап əр түрлі тұспалар мен бетонды

төккіштер жасау керек.



Жел эрозиясымен күрес шаралары

Жел эрозиясымен күрес шаралары Академик А.И.Бараев атындағы бұрынғы Қазақ ғылыми-зерттеу астық шаруашылығы, академик В.Р.Вильямс атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу егіншілік институттарының жəне көптеген ғылыми-зерттеу мекемелерінің ғалымдары жел эрозиясымен күрес шараларын зерттеп, оларды өндіріске кеңінен енгізді. Осы шаралардың бастылары мыналар:



1. Топырақты аударып жыртпай, оның бетінде аңыз қалдыру жəне басқа өсімдік қалдықтарын сақтау. Жоғарыда аталған ғылыми-зерттеу мекемелерінің деректері бойынша өңделгеннен соң танапта 70 % дейін немесе əр шаршы метр жерде 200-300 дана аңыз сақталса жел эрозиясы болмайды екен. Ол үшін топырақты арнаулы құралдармен өңдеу керек.

Оларға топырақты сыдыра қопсытатын, танап үстіндегі аңыздарға онша көп зақым келтірмейтін, жерді терең өңдеуге арналған жазықтабанды КПГ-250 КПГ-2-150, таяз өңдеуге арналған КПШ-9, КПШ-11, КПШ-12 сыдыратілгіш культиваторлары, көктемде ылғалды жабуға арналған БИГ-3 А, БИГ-6 тырмалары, ЛДГ-10, ЛДГ-15, БМШ-15 құралдары, аңызға тұқым себетін СЗС-2,1А дəн сепкіштері жатады.

Соқамен аударып жыртылған жерлерде эрозияның салдарынан əр гектардан 10,6 тонна, ал аңыз қалдырылып өңделген танаптардан 1,2 тонна топырақ ұшып кетеді екен. Жел эрозиясы болып тұратын ашық далалық аймақта жерді сыдыра қопсытатын құралдармен өңдегенде соқамен аударылып жыртқан жерлерге қарағанда танаптарда қар қалың тоқтайды.

Көктемде сыдыра қопсытылған сүдігерге қарағанда едəуір ылғал көп болады. Осының əсерінен ауылшаруашылық дақылдарының əр гектарын 1,5- 3ц өнім артық алынады.

Аңызы сақталған танаптарда көбіне желтоқсан айының басында-ақ қалыңдығы 20-30 см қар тоқтайды, ал аударылып жыртылған танаптарда қар көбіне қыстың екінші жартысында ғана тоқтайды жəне қалың болмайды.

Аңызы сақталған танаптарда қар ерте тоқтайтын себепті жер 70 см-ге дейін тоңданып қатса, ал аңызы жоқ танапта ол 1,5-2,0 метрге дейін тоңданады.Сондықтан, аңыз сақталған жерлерде көктемде қар баяу еріп,оның суы топыраққа жақсы сіңеді.

Мысалы, бұрынғы Қазақ ғылыми-зертеу астық шаруашылығы институтының зерттеулері бойынша орта есеппен 5 жыл ішінде жерді соқамен аударып жыртқанда танаптағы қардың қалыңдығы 17,4 см, ал жазықтабан сыдыра тілгіш культиватормен терең қопсытып өңдегенде 33,7 см, яғни қар екі есе көп жиналған. Топырақтағы соған сəйкес алғал қоры 512м 3/га жəне 978 м 3 /га, ал жаздық бидай өнімі 9,5 ц/га жəне 12,8 ц/га болған.

Жел эрозиясы қаупі бар аймақтарда ерте таза пар қолданған дұрыс, яғни парға қалдырған танаптарды өңдеуді көктемде бастау керек. Бұл өңдеулер сыдыра қопсытатын құралдармен жүгізілуі тиіс. Осылай еткенде жаз бойы жер бетінде аңыздар сақталады да топырақ эрозиясы болмайды.

Ғалымдар жүргізген көпжылдық зерттеулер жерді сыдыра қопсытқанда күз, қыс кездерінде түсетін ылғал топыраққа толық сіңуіне мүмкіндік туатынын көрсетіп отыр.

Танапта жатаған бидайық сияқты көпжылдық көгентамырлы арамшөптер болса, сыдыра өңдейтін құралдарды қолданған сайын олардың саны арта түседі. Сондықтан, мұндай танапарды парға қалдырып, жаз бойы жерді 4-5 рет сыдыра қопсытқыш культиваторлармен өңдеп, арамшөптерді жою керек.

Парға қалдырылған танап жаз бойы бірнеше рет өңделетін болғандықтан жаздың екінші жартысында жер бетіндегі аңыздың азаюы себепті жел эрозиясы болу қауіпі туады. Сондықтан, парға қалдырылатын танапқа орақ кезінде астық сабанын жинамай, шашып тастау керек, өйткені ол топырақты эрозиядан қорғауға септігін тигізеді.

Жерді сыдыра қопсытатын құралдармен өңдегенде арамшөптердің саны кейбір жағдайда көбейе түседі. Сондықтан, топырақ қорғаудың бұл тəсілін қолданған кезде ауыспалы егіс жүйесі мүлтіксіз орындалуы керек.

Сол ауыспалы егістің бір танабы міндетті түрде пар болуы тиіс. Егістіктің топырақ қорғайтын жүйесі оны терең өңдеуді талап етеді. Парға қалдырылған танапты тамыз айының аяғында терең етіп КПГ-250 жазықтабан сыдыратілгіш культиваторы типтес құралдармен өңделеді содан 2-3 жыл бойы топырақ тек 10-14 см тереңдікке таяз өңделіп тұрады. Кей жағдайда парға қалдырылған танаптарда арамшөптерді жою үшін культивациялаудың орнына əр түрлі гербицидтер қолдануға да болады.

2. Танаптарда жолақтың ені желдің күшіне қарай əр түрлі болады. Мысалы, желі күшті соғатын жерлерде жолақтың ені жалпақ, ал желі бəсең жерлерде керісінше жіңішке болу керек. Осыған орай жолақтардың енінің орташа жалпақтығы 50-100 метрге дейін болады. Жолақтар соғатын желдің бағытына кесе-көлденең орналасуы қажет.

3.Эрозия болатын жерлерде айналымы он жылда бітетін 5 танапты топырақ қорғау ауыспалы егісін енгізу жəне игеру қажет. Оларда дақылдар мен парларды жолақтап орналастыру керек.

4.Танаптардың жиектеріне топырақты желден қорғайтын орман алқабын

отырғызу.

5.Топырағының грануметриялық құрамы жеңіл құмдақ жəне құмдауыт

жерлерде танаптарға көпжылдық шөптерді егіп тастау жел эрозиясын

тоқтатады.

6. Парларға биік өсетін дақылдардан ықтырма себу. Ол қыста қар ұстаумен

қатар, желдің күшін азайтып, топырақтың тозаң түйіршіктерінің ұшып

кетуіне тосқауыл қояды. Осындай кешенді шараларды жүзеге асырса жел

эрозиясын мүлдем тоқтатуға болады



Жерді өңдеу.

Эрозия жер бетімен ағатын судың əсерінен болатындықтан, барлық агротехникалық шаралар суды топырақтың терең қабатарына сіңіруге бағытталу керек. Еріген қар, жаңбыр сулары топыраққа тез сіңсе, онда жер бетімен су ақпайды, сондықтан эрозия болмайды. Су эрозиясы көптен-көп жер жырту тəсілдеріне байланысты. Дөңес жерді



жыртуды тек қана еңіске көлденең жүргізеді, жырту тереңдігі 25-27 см-ден кем болмауы керек.

Контурлап жырту. Мүмкіндік болса жырту жұмысын контур бойынша жүргізу қажет. Бұл үшін теодолит, не нивелир қолданылады. Танапты жыртқан кезде алғашқы соқа қағылған қазықтар бойымен жүріп өтеді, яғни бұл контурды сызып өтті деген сөз. Қалған агрегаттардың да бағыты осы контурға параллел болуы тиіс. Бұл жұмыстың бір қиындығы-жыртылған жерге тұқым себіліп, ол өсіп шыққан соң əлгі жүргізілген контурлы сызықтан адасып қалуымыз мүмкін. Бұлай болмауы үшін контурлық сызықтың бойымен көденеңі 3-4 метр етіп көпжылдық шөп егіп тастаған орынды. Содан кейінгі жырту жұмысы сол жолақтың бойымен жүргізіледі.

Көпжылдық шөптерден жасалатын жолақтардың көлденеңі дəнсепкіштің бір жүріп өтетін алымындай болуы тиіс. Мұндай жолақтарды əдете əр 100 метр сайын жүргізіп отырады.

Топырақты жолақтап жырту. Күзде кейбір себептермен дөңес жерге орналасқан танаптарды түгел жыртуға мүмкіндік болмаса, онда міндетті түрде еңіске көлденең жолақтап жыртып тастау керек. Жолақтың көлденеңі трактор соқасының бір, не екі алымындай болуы тиіс. Бір жолақ пен екінші жолақтың арасы мен ұзындығы жердің еңістігіне байланысты өзгеріп отырады. Жердің дөңестігі онша көп болмаса, еңістігі 20

-тан кем болса, жолақтардың арасы 10-15 метр болуы керек. Көктемде еріген қар суын жерге сіңіруге əдетте осының өзі жеткілікті болады. Қар суы жыртылған жердің бос топырағына тез сіңіп эрозия болмайды. Егер, дөңес жердің еңістігі 20 –тан артық болса, оны тек терең етіп көлденең жырту жеткіліксіз. Қар суының жер бетімен ағуына жол бермеу үшін əр түрлі су ұстайтын микро бедерлер жасау керек. Жерді əр түрлі жалдар, сатылар пайда болатындай етіп жыртқан жөн. Сондай-ақ, арнаулы құралмен су тоқтайтын əр түрлі ұялар жасау қажет. Көлденең-жалдап жырту. Бұл жұмысты кəдімгі соқамен жүргізуге болады. Ол үшін соқаның төрт аудрғышының біреуін 40-50 см етіп ұзартып қояды. Жырту кезінде бұл аударғыш топрақты алдыңғы аударылған жерге тастайды, содан биіктігі 12-16 см жал пайда болады. Оның үстіне топырақ түспей қалған қарық арық тəрізді арна болып қалады. Қар суы осыларға тоқтап, топырақтың терең қабаттарына сіңе алады.

Ұялар жасау күзде сүдігер жытрылған жерлерде жүргізіледі. Бұл үшін тракторға тіркелген арнаулы ұя жасайтын ЛОД-10 типтес құралдары қолданылады.

Сызат жасау ең көп тараған пайдасы мол тəсіл. Мұның бір жақсы жері, жыра жасалғаннан кейін де əр түрлі дақылдарды күтіп-баптауға арналған агротехникалық шараларды жүргізе беруге болады. Сызат ШП-3-70 маркалы құралмен 40-50 см тереңдікке арасы 1,4 метрдей етіліп жасалады.

Сондықтан, қар суы топыраққа оңай сіңеді де, жер бетімен ақпайды. Жердің еңістігі 100

болғанға дейін сызат жасау жұмысы жақсы нəтиже береді. Сызат жасау жұмысын тек қана сүдігерге жыртқан танаптарда ғана емес, сонымен қатар көпжылдық шөптер егілген жерлерде де, күздік бидай себілген танаптарда да, тіпті шабындықтар мен жайылымдарда да жүргізуге болады.

Су эрозиясына қарсы жасалған əр түрлі ұялар, жалдар көктемде тегістеледі. Жерді тегістеу үшін тракторге тіркелген КПС-4 культиваторы, ЗБТС-1,0 ауыр тырмалармен бір агрегатта қолданылады жəне жер тегістегіш ВПН-5,6 А құралын, МВ-6,0 мала тегістегішін де қолдануға болады.

Тыңайтқыштар қолдану. Эрозия кезінде топырақтың құнарлылығы қатты кемитіндіктен мұндай жерлерге органикалық жəне минералдық тыңайтқыш берудің маңызы зор. Тыңайтқыштар топырақтың құнарлылығын қалпына келтіреді, эрозияға ұшыраған жерлерге егілген дақылдардың өнімі көтеріледі.

Топырақ қорғайтын ауыспалы егістер. Су эрозиясы бар жерге отамалы дақылдарды егуге болмайды. Себебі, отамалы дақылдардың бəрі дерлік топырақтың қопсып жатқанын қалайды жəне суды көп керек етеді.

Сондықтан, отамалы дақылдарды еңістігі 1-1,5 градустан аспайтын жерлерге орналастыру керек. Эрозияға бейім жерлерге дəнді-шөпті ауыспалы егісін қолданған дұрыс.

Орман-мелиорациялау шаралары. Эрозияға қарсы отырғызылатын орман алқаптары топырақтың бұзылмай сақталуына септігін көп тигізеді. Бұл орман алқаптары төмендегідей болып бөлінеді:

- су бөлінетін қырда отырғызылатын орман алқабы қардың көп жиналуына, əсерін тигізеді жəне жел екпінін бəсеңдетеді;

- су шайып сай-жыраға айналған жерлерге егілетін ағаштар танаптың

шетіне дейін созылуы тиіс. Бұл ағаштар сол сайдың жыраланған жағасын

бекітеді, жыраның үлкеймеуіне, эрозияның азаюына септігін тигізеді;

- су ағатын сайлардың, өзендердің жағасына отырғызылатын орман

алқаптары сол арналардың бойындағы топырақтың эрозияға ұшырамауын

қамтамасыз етеді;

- сайдың, жыраның табанына отырғызылатын орман алқабы оларды əрі

қарай тереңдеп шайылудан сақтайды.

Топырақ эрозиясы болмауы үшін дөңес жерлерге орман жолақтарын отырғызады. Бұл жолақтардың арақашықтығы жердің еңістігіне қарай өзгеріп отырады, егер еңістік 2-30

болса, бір жолақпен екінші жолақтың арасы 300-400 м болады, еңестік 3-40 болса - 250-300 м, ал еңістік 50 -тан көп болса 150-200 м болуы тиіс. Орман алқабының көлденеңі 12-20 метр болғанда дөңес жерлерден аққан суды топырақ толық сіңіре алады.
Бақылау сұрақтары

1. Топырақ эрозиясы, түрлері, оларға анықтама

2. Топырақ эрозиясының егіншілік шаруашылығына келтіретін

зияндары жəне оларды азайтудың жолдарын атаңыз

3. Топырақ эрозиясын тудыратын факторлар, оларға қысқаша

сипаттама беріңіз

4. Қазақстанда жел эрозиясы басым таралған аймақтарды атаңыз

5. Су эрозиясы, оның түрлері, таралған аудандарын атаңыз

6. Жел эрозиясына қарсы қолданылады шаралар жиынтығы

7. Су эрозиясымен күрес шараларын атаңыз133




5 Дәріс

Арам шөптер және олармен күрес шаралары

1.5.1. Арамшөптер және олардың келтіретін зияндылығы.



1.5.2 Арамшөптердің биологиялық және экологиялық ерекшеліктері
 Арамшөптер туралы түсiнiк.

          Арамшөптер – егiншiнiң әрқашандағы және қауiптi жауы. Мәдени дақылдардың арасында өсiп, олар су, қоректiк зат үшiн алғашқылармен күреске түседi. Осындай қатар өсу өнімнің әр түрлi мөлшерде төмендеуіне – 10-30%-тен бастап мәдени өсімдіктердің толық қлуiне дейiн, әкеп соғады.

          Мәдени дақылдар мен арамшөптердің қоректiк заттарды пайдалануы арасында керi байланыс бар: арамшөптер көбірек алған сайын, мәдени өсімдіктерге аз қалады және керiсiнше болады.

          Клингмэн Г. және Элитон Ф. арамшөптер биомассасы қанша өссе, мәдени өсімдіктер биомассасының сонша төмендейтінін атап көрсеткен. Олардың мәлiметтерi бойынша, арамшөптерден өнімнің төмендеуі және олармен күрес, қаржыға шаққанда, арамшөптер, аурулар мен зиянкестер келтiретiн зиянның 41,6% құрайды.

          Осыдан көрiнгендей, арамшөптермен күрес – белгiленген өнімділік жолындағы жалпы күрестiң негiзгi буындарының бiрi. Сондықтан академик Б.А.Келлер: «Бiздiң танаптарымызда өнімділіктi тез көте ру үшiн керектi жағдайлардың алғашқыларының бiрi, оларды арамшөптерден тазарту» - деп нақты атап көрсетті  .

 Қазіргі кезде ғылым мен тәжiрибеде арамшөптермен күрестiң тиiмдi шаралары мен жолдары белгiлi. Бiрақ жұмыстың жемiстi болуы егiншiнiң арамшөптермен  күрес жөніндегі ұсыныстарды iс жүзiнде сауатты, шебер және дер кезiнде пайдалануына байланысты. Арамшөптер деп мәдени өсімдіктердің егiстiктерiнде кездесетiн, сол арқылы олардың өнімінің мөлшерін төмендетiп, сапасын нашарлататын өсімдіктердi атайды. Егер бiр дәндi дақылдың егiсiнде екiншi дәндi дақыл кездессе, оны ластаушы деп атайды.

Сонымен қатар көптеген арамшөптердің егiстiктерден басқа жерлерде өскенде мал азығына, дәрi-дәрмек дайындауға, бал жинауға пайдалануға болатынын есте сақтау керек. Шабындықта өскен жатаған бидайықтан сапалы шөп дайындалса, салалы қарашағыр – жайылымдық өсімдік болып табылады. ғара сұлы мен тауық тарысын гүлдегенге дейiн малдар сүйсiне жейдi.  Бақ-бақтан, еңкiш түйетiкеннен, далалық қалуеннен, түйе жоңышқадан бал жинауға болады. Ал, аралар ащы жусанның, кенепшөптiң, кәдiмгi гүлтәжiнiң, алабұтаның тозаңын жинайды.

Қара меңдуана, қызыл таспа таран, дәрiлiк бақ-бақ, үлкен бақажапырақ, ащы жусан, кәдiмгi жұмыршақ т.б. дәрi-дәрмек жинауға пайдаланылады 


1.5. 1 Арамшөптер және олардың келтіретін зияндылығы.

Танаптарда, шабындықтарда, жайылымдарда өсетін арамшөптер әр түрлi зиян келтiредi. Олардың қысқаша санының өзі оннан асады:

    арамшөптер топырақтан көп мөлшерде ылғал алады, сондықтан қуаңшылық аймақтарда арамшөптермен күрес - ылғал үшiн күрес болып табылады;

    арамшөптер мәдени өсімдіктермен топырақтағы қоректiк заттар үшiн бәсекелестiкке түседi және олар қоректiк заттарды мәдени өсімдіктерге қарағанда көп алады;

    жоғарғы қат-қабаттағы арамшөптер мәдени өсімдіктердi көлеңкелеп, олардың фотосинтезiн нашарлатады;

    шырмалып өсетін арамшөптер (далалық шырмауық, шырмауық таран) екпе өсімдіктердің жатып қалуына әкелiп соғады. Бұл егiн жинауды қиындатып, өнімнің көп шығынына жол бередi;

    арамшөптер кейбiр ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерi мен ауру қоздырғыштарының мекендейтiн орны болып табылады. Мысалы, жатаған бидайық линиялық тат ауруы мен сымқұрттың таралуына мүмкiншiлiк жасайды. Күнбағыс сұңғыласы ащы жусанда тоғышарлық  өмір сүредi;    

    кейбiр арамшөптердің жемiстерi мен тұқымдары өнімнің сапасын төмендетедi. Ащы жусан астыққа жағымсыз иiс берсе, қыздырма үйбидайық, қара меңдуана араласқан дән улы болады. Ошаған, кәдiмгi кәрiқыз қойдың жүнiне жабысып ластайды. Ащы жусан етке ащы дәм бередi;

    тоғышарлық арамшөптер екпе өсімдіктердің фотосинтез өнімдерін пайдалана отырып, оларды әлсiретедi жәнеөлтiредi. Мысалы, сұңғыла күнбағыста, дала арамсояуы көкөніс дақылдарында, картоп егiстiктерiнде, құлмақтас арамсояу қарақатта, таңқурайда тоғышарлық өмір сүредi;

    кейбiр арамшөптердің гүл тозаңдары адамдардың аллергия ауруларын қоздырады. Мысалы, ащы жусан мен жусан жапырақты ойраншөптiң тозаңдары безгек ауруын қоздырады;

    арамшөптер ауыл шаруашылығының кейбiр жұмыстарын жүргiзудi қиындатады. Танаптардың атпатамырлы, тамырсабақты арамшөптермен ластануы топырақ өндейтін құралдарға түсетiн кедергiнi көбейтiп, жағар майдың шығынын арттырады;

    арамшөптердің тамырларынан бүлінген заттар мәдени дақылдардың дамуына кедергi жасайды. Мысалы, ересек мысыққұйрықтың тамырынан бүлінген заттар жүгерiнiң биiктiгiн кемiтiп, массасын азайтады. Татар ақсүттiгенiнiң тамырынан бүлінген заттар жаздық бидайдың тұқымының өнгіштігін төмендетедi. Жатаған бидайықтың тамыр сабақтарында да осындай қасиет болады;

    арамшөптермен күрес елеулi шығын шығаруды талап етедi. Оған алынбаған өнімнің құны, агротехникалық және химиялық күрес шараларына жұмсалған қаржы, астықты тазартудың, әсiресе тұқымды тазартудың бағасы т.б. жатады. Оны Г.Клингмэн мен Ф.Эштон келтiрген деректерден анық көруге болады. АҚШ ауыл шаруашылығында өсімдіктердi қорғауға жұмсалатын 12 млрд. доллардың арамшөптермен күреске 5 млрд. доллары, немесе барлық шығынның 42 % жұмсалады екен.

Сондықтан, арамшөптердің санын залал келтiрмейтiн төмен деңгейге дейiн азайту немесе мүлдем жою ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге жұмсалатын шығынды азайтуға мүмкiндiк бередi. 


1.5.2 Арамшөптердің биологиялық және экологиялық ерекшеліктері

Арамшөптердің кең таралуына тұрақты күрестiң қажеттiлiгi және қиындығы олардың өміршеңдiгi мен таралуына әсерiн тигiзетiн биологиялық ерекшелiктерiне байланысты.

 Арамшөптердің дерлiк барлығына тұқым өнімділігінің жоғарылығы тән. Академик А.И.Мальцевтың мәлiмдеуiнше кейбiр арамшөптер өте  көп мөлшерде тұқым бере алады. Мысалы, ақ алабұтаның бiр өсімдігі 100 мыңға дейiн тұқым берсe, гүлтәжi-500 мыңға дейiн, сарыбас қурай 730 мыңға дейiн тұқым шаша алады.

 Көптеген арамшөптердің тұқымдарының сол аймаққа таралуға мүмкiндiк туғызатын бөліктерi болады. Мысалы, күрделiгүлдiлер тұқымдастарына жататын арамшөптерде (қалуендер, бақ-бақ, қойжелек) ұшпаұрықтары, кәдiмгi кәрiқыздың, ошағанның iлгешектерiн айтуға болады. Желдiң әсерiмен тамырынан үзiлiп, танаптарда дөңгелеп бара жатқан қаңбақ та тұқымдарын шашып бара жатады. ғара сұлының бұралған иiндi қылтанағы ылғалдан жазылады, ал кепкенде бұралып  дәндердiң орын алмастыруына себепкер болады. 

 Тұқымдарының бiрден қаулап өнбей шұбалаңқы өнуі арамшөптердің маңызды ерекшелiктерiнiң бiрi. Бұл арамшөптер көгін iң (кәдiмгi қара сұлы) тұқым себу алдындағы культивациямен, тiптi сүрi танапты өңдеу кезiнде де толық жоюға мүмкiндiк бермейдi. Мысалы, кәдiмгi қара сұлы мен ақ алабұтаның тұқымдарының өнуі үш жылға созылады. Бұл, олардың тұқымдарының бiрден өнетiн, бiр жылдан кейiн, екi жылдан кейiн өнетін үш түрiнiң (полиморфизм) болуына байланысты.

Тұқымдардың ынтымақсыз шұбалаңқы өнуі басқа да себептерге байланысты: жылу мен топырақ температурасына деген талаптар (қара сұлы, итқонақ), күн сәулесiнiң әсерi т.б. А.Г.Дояренконың атап көрсеткеніндей көкпектің тұқымы тек жарықта өнсе, итқонақтiкi тек қараңғыда өнетін көрiнедi. Професссор Н.Г.Робертстiң пiкiрiнше арамшөптердің тұқымдарының өнуінiң уақыты мен жағдайы оларда арнайы физиологиялық өну блогының болуымен анықталатын көрiнедi.

 Арамшөптердің тұқымдары топырақта ұзақ уақыт тiршiлiк қабiлетiн сақтай алады және олар қолайсыз ортада – көңде, сүрлемде, суда болса да жоғалтпауы мүмкiн. Кейбiр арамшөптердің тұқымдары жануарлардың iшек-қарындары арқылы өтсе де көздерінің өнгіштік қабiлетiн жоймайды. Г.К.Клигмэн мен Ф.Эштонның хабарлағанындай далалық шырмауықтың тұқымдарының 22,3% бұзаудың iшек-қарынынан өткен соң, шошқадан соң - 21,0%, қойлардан соң -9,0%, жылқыдан соң - 6,2% көздерінің өнгіштігін жоғалтпаған. Салқын суда 54 ай жатқаннан кейiн далалық шырмауықтың тұқымының 55% өнгіштік қабiлетi болған. Тауық тарысы тұқымының 1,0% үш ай суда болғаннан кейiн өнген.     

   Осы туындыгерлердiң мәлiмдеуi бойынша көптеген арамшөптердің тұқымдары көңде 1-2 ай болғаннан кейiн тiршiлiк қабiлетiнен айрылған. Көңді салқын сақтаған жағдайда тұқымдардың тiршiлiк қабiлетi ұзағырақ сақталған.

Кейбiр арамшөптердің тұқымдарының 30-50 және одан көп жылдардан кейiн өнгіштігін сақтағаны туралы мәлiметтер нақтылы жағдайға толық сай келедi деу қиын. Себебi тұқымдар нақтылы топырақ iшiнде емес, аузы тығындалған шыны немесе қыш ыдыстарда сақталған. Мичиган ауыл шаруашылығы колледжiнде 1879 жылдан 1950 жылға дейiн жүргiзiлген осындай тәжiрибелердiң бiрi туралы А.Крафтс және У.Роббинс жазған болатын (35).

  Арамшөптердің өміршеңдiгiнде олардың тұқымдарының бiр мезгiлде пiсiп –жетiлуiнiң   және олардың  көп бөлігінiң  мәдени дақылдарды  жинағанға дейiн жерге  шашылуының  маңызы  зор. Осының арқасында топырақта әрқашан арамшөптердің өміршең  тұқымдарының  қоры бар және олардың бiр бөлігі егiн ору кезiнде астықпен аралас жиналады.

 Арамшөптердің пiсiп – жетiлу кезеңiнiң орта тұсында (бұйра қымыздық), тiптi гүлдеу кезiнде кескенде де (егiстiк қалуен) өну  қабiлетi бар  тұқым беруiнiң практикалық маңызы үлкен.

 Кейбiр арамшөптердің  тамырымен  толық жұлынбай, тамыр мойнағынан жоғары кесiлген  жағдайда регенерация  жасау, жоғалған органдарын қайта қалпына келтiру  мүмкiндiгi бар. Гүлтәжi, егiстiк қалуен, тауық тарысында сабақтарынан  айрылғаннан кейiн  бiраз уақыттан соң жаңадан  гүлдейтiн  сабақ өседі де тұқым бередi.

 Кейбiр көп жылдық өсімдіктер атпатамырлары (далалық шырмауық, сары қалуен), тамырсабақтары (жатаған және бұтақты бидайық), мұртшалары (кәдiмгi қазтабан, жатаған сарғалдақ) арқылы вегетативтiк жолмен көбейе алады.

Кейбiр арамшөптер белгiлi бiр дақылдардың егiстiктерiн ластауға бейiмделген – серiктес арамшөптер болып  табылады. Олардың өсіп-даму кезеңдерi мәдени дақылдардiкiмен  сәйкес келедi, тұқымдарының пішіні, өлшемдері бiрдей және көктерін ауылшаруашылығы  дақылдарынiкiнен айыру  қиын болады. Мысалы, сұлы-қара сұлы,  күздiк қара бидай-қара бидай арпабасы, егiстiк тары –түктi тары  т.б.

 Көптеген арамшөптер ауа райының қолайсыз жағдайына  екпе дақылдарға қарағанда  төзімдiрек келедi .

Арамшөптердің осы келтiрiлген биологиялық ерекшелiктерiнiң өзі-ақ  олармен тұрақты  күрес жүргiзiлгенiне, жоюға бағытталған  шаралардың  қолданылғанына қарамай егiстiктерде өсуге бейiмделгенiн анық көрсетеді. Арамшөптердi пәрмендi жою  үшiн олардың  биологиясын терең бiлу керек.  Мысалы, бiржылдық өсімдіктердi   бiр  рет   кесу оларды қлтiрсе,  көпжылдық  атпатамырлылардың  көбеюіне   ықпал  жасайды.

Арамшөптермен  күрестiң  бiр  кешендi шараларын   ұзақ   уақыт  пайдаланған жағдайда  орнын   толтыру (компенсация) құбылысы байқалады, яғни арамшөптердің бiреулерiнiң саны азайып, ал бұл шараларға төзімдiрек басқаларының саны көбейедi. Бұл құбылыс тiптi агротехниканың деңгейi жоғары болған жағдайда да байқалуы мүмкiн. Мысалы, жазықкескiш құралдар мен 2,4 Д тобындағы гербицидтердi пайдалану қос жарнақты арамшөптердің, оның iшiнде көпжылдықтардың да санын елеулi түрде азайтады, бiрақ бiржарнақты астық тұқымдас арамшөптердің (қара сұлы, мысыққұйрық итқонақ, тауық тарысы, түктi тары) саны артады. Бұл туралы академик Б.А.Келлер былай деп жазды: «Агротехниканың деңгейi жоғары болған сайын кездесетiн арамшөптердің түрi мен саны азаяды, бiрақ олар ауыл шаруашылық дақылының жағдайына соғұрлым жақсы бейiмделген болып келедi» . Орнын толтыру құбылысы байқалған жағдайда кешендiк күрестегi агротехникалық және химиялық шаралардың түрлерiн кеңейту керек.

 Арамшөптердің тұқымдары 



Тұқым өнімділігі. Арамшөптердің көптеген түрлерi мәдени өсімдіктерге қарағанда өте  жоғары тұқым өнімділігімен ерекшеленедi. Профессор А.И.Мальцев арамшөптердің тұқым өнімділігі туралы төмендегiдей мәлiметтер келтiрдi:

жүктеу 9,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау