Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет23/48
Дата12.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#43790
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48
603 приказ

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары 
үшін «Орыс тілі» жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 
ұйымдары үшін «Орыс тілі» жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы 
(әрі қарай – бағдарлама) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 
27 шілдедегі Заңының 5 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және 
оқытудың мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын, әдістерін және 
нәтижелерін айқындайды.
2. Осы бағдарлама үш тілділік және ұлттық сананы рухани жаңғырту 
мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру контекстінде тұлғааралық, әлеуметтік, 
кәсіби, мәдениетаралық қарым-қатынас салаларында орыс тілінде танымдық және 
коммуникативтік қызметті жүзеге асыруға қабілетті білім алушының тілдік 
тұлғасын дамытуға арналған.
3. Жоғарғы білім берудің білім беру бағдарламасының құрылымына сәйкес 
осы бағдарлама бойынша оқу ұзақтығы 300 академиялық сағатты (10 
академиялық кредитті) құрайды.
2-тарау. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері
4. Бағдарламаның мақсаты рухани жаңғырудың жалпыұлттық идеясы 
шеңберінде студенттердің әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын 
қалыптастыру, халықтар достығының ұлттық сана мен мәдени код негізінде 
дамуын көздей отырып, дүниежүзі мәдениеті пен тілдерге әлемдік деңгейдегі 
білім, қазіргі озық технология дәнекері ретінде толеранттық қарым-қатынас жасай 
білу, болашақ маманның кәсіби өсуі мен еліміздің дамуын қамтамасыз ете алатын 
дәнекер ретінде қолдана білу болып табылады.
5. Бағдарламаның міндеті:
1) деңгейлік дайындыққа сәйкес сөйлеу қызметінің түрлерін табысты 
меңгеру;
2) тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, кәсіби қарым-қатынастың әр түрлі 
жағдайларында тілді меңгеру дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру;


Редакциялау күні
31.10.2018
Сақтау күні
15.01.2019
Дата редакции
31.10.2018
Дата скачивания
15.01.2019
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
3) қарым-қатынастың коммуникативтік мақсаты мен кәсіби саласына сәйкес 
ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
6. Бағдарламаны меңгеру нәтижесінде білім алушы келесі оқу нәтижелеріне 
ие болады:
1) лексиканы, грамматикалық білім жүйесін, интенцияны (ниеттерін) 
білдірудің прагматикалық құрамын жеткілікті көлемде білу негізінде тілдік және 
сөйлеу құралдарын дұрыс таңдау және пайдалану;
2) мәтіннің нақты мазмұнын беру, олардың тұжырымдамалық ақпаратын 
қалыптастыру, бүкіл мәтіннің және оның жеке құрылымдық элементтерінің 
қорытынды бөлімдерін (прагматикалық фокус) сипаттау;
3) мәтіндік ақпаратты түсіндіру, әлеуметтік-мәдени, қоғамдық-саяси, ресми-
іскерлік және кәсіби салалардағы қарым-қатынас мәтіндеріне стильдік және 
жанрлық ерекшеліктерін сертификаттау талаптары көлемінде түсіндіру;
4) қарым-қатынас жағдайына сәйкес ақпарат сұрату және хабарлауға, 
қатысушылардың іс-әрекеттеріне баға беру, сертификаттау талаптарына сәйкес 
таным мен қарым-қатынас жағдайында әңгімелескен адамға әсер ету құралы 
ретінде ақпаратты пайдалану;
5) тілдің, мәдениеттің, қарым-қатынас саласы ерекшеліктерінің 
сертификаттау талаптарына сәйкес жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-
қатынас жағдайларында сөйлеу мінез-құлық бағдарламаларын құруға;
6) пікірталастарда этикалық, мәдени, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді 
талқылауға, өз көзқарасын білдіруге, оны дәлелді түрде қорғауға, 
әңгімелесушілердің пікірін сыни бағалауға;
7) өзінің жеке ниеттері мен қажеттіліктерін (тұрмыстық, оқу, әлеуметтік, 
мәдени) жүзеге асыру, оларды этикалық жағынан дұрыс, мағыналы толық, 
лексика-грамматикалық және прагматикалық тұрғыда жеткілікті дәрежеде 
жариялау мақсатында әртүрлі қарым-қатынас салаларындағы жағдаяттарға қатыса 
алуға;
8) жалпы қабылданған нормаға, функционалдық бағытқа сәйкес белгілі бір 
сертификаттау деңгейіне сай келетін лексика-грамматикалық және прагматикалық 
материалдарын пайдалана отырып, тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, ресми-іскерлік 
мәтіндерді құрастыруға қабілетті бола алады.


Редакциялау күні
31.10.2018
Сақтау күні
15.01.2019
Дата редакции
31.10.2018
Дата скачивания
15.01.2019
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде

жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау