Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі


лицензиялау, экологиялық нормалау, қоршаған ортаны қорғау



жүктеу 4,01 Mb.
бет5/19
Дата14.05.2018
өлшемі4,01 Mb.
#12369
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

лицензиялау, экологиялық нормалау, қоршаған ортаны қорғау

саласындағы техникалық реттеу, қоршаған ортаға әсердi

бағалау, экологиялық сараптама, экологиялық рұқсаттар,

экологиялық аудит

 

21-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтi лицензиялау



1. Жеке және заңды тұлғалардың табиғат қорғау ісін жобалау, нормалау, экологиялық сараптама және экологиялық аудит саласындағы жұмыстар жөніндегі қызметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызмет көрсетуге арналған лицензия негізінде жүзеге асырылады.

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге арналған лицензияларды беруді Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын Қазақстан Республикасының Yкіметі бекітеді.

 

 



4-тарау. Экологиялық нормалау

 

22-бап. Экологиялық нормалаудың мақсаты



1. Экологиялық нормалаудың мақсаты экологиялық қауіпсіздікті, экологиялық жүйелер мен биологиялық әртүрлілікті сақтауды қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасын реттеу және оған жол беруге болатын әсерді белгілеу болып табылады.

2. Экологиялық нормалау процесінде қоршаған орта сапасының нормативтері, эмиссиялар нормативтері және табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтер белгіленеді.

 

23-бап. Қоршаған орта сапасының нормативтері және оларды белгілеу тәртібi



1. Қоршаған орта сапасының нормативтеріне:

1) қоршаған орта жай-күйінің химиялық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген нормативтер, оның ішінде радиоактивті заттарды қоса алғанда, жол беруге болатын шекті шоғырлану, химиялық заттардың шамалап алынған қауіпсіз деңгейлерінің нормативтері;

2) қоршаған орта жай-күйінің физикалық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген, оның ішінде шудың, тербелістің, магнит өрістерінің, радиоактивтіліктің, жылудың және өзге де физикалық әсерлердің жол беруге болатын шекті деңгейлерінің нормативтері;

3) қоршаған орта жай-күйінің биологиялық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген, оның ішінде қоршаған орта сапасының индикаторлары ретінде пайдаланылатын өсімдіктердің, жануарлардың және басқа да организмдердің түрлері мен топтарының нормативтері, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормалармен, гигиеналық нормативтермен регламенттелетін, микроорганизмдердің жол беруге болатын шекті шоғырлану нормативтері:

топырақ бонитеті, қарашіріндінің құрамы, топырақтың су және жел эрозиясына ұшырау, олардың батпақтану, сортаңдану, тұздану көрсеткіштері және жер топырағының басқа да сипаттамалары;

аумақтың ормандылығы және онда орман өсіру, орманның қоқыстануы, ормандардың санитарлық жай-күйі, орман қорының жекелеген учаскелерінің басқа да сандық және сапалық көрсеткіштері;

ауыз суға және өзге де мақсаттарға пайдаланылатын су сапасының нормативтері;

табиғи ресурстар жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтері;

4) қоршаған орта сапасының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтері жатады.

2. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жол беруге шекті шоғырлану нормативтерін белгілеу мақсатында зиянды заттарды қауіптілік дәрежесіне қарай сыныптауды қамтитын, ықтимал қауіпті химиялық заттарды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді. Мемлекеттік тіркеуден өткен химиялық заттарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол беріледі.

3. Жол беруге болатын шекті шоғырлану және заттардың шамамен алынған қауіптілік деңгейлерінің нормативтерін белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралыжануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамаларында, Қазақстан Республикасының жер заңнамасында айқындалады.

4. Табиғи ресурстар жай-күйінің нормативтері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи ресурстардың әрбір түрі бойынша белгіленеді.

 

24-бап. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерi



1. Жекелеген аумақтар үшін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері белгіленуі мүмкін.

2. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері қоршаған орта сапасын бірте-бірте жақсарту қажеттігі ескеріле отырып, қоршаған ортаның нормаланатын параметрлерінің белгілі бір уақыт кезеңіне арналған шекті деңгейін реттейді.

3. Қоршаған орта сапасының әртүрлі нысаналы көрсеткіштері:

1) қоныстану аумағы;

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;

3) рекреациялық аймақтар;

4) шөл және шөлейт аудандар;

5) су объектілері үшін белгіленуі мүмкін.

4. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары әзірлейтін және жергілікті деңгейде - жергілікті өкілді органдар, республикалық деңгейде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тиісті бағдарламаларда белгіленеді.

5. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін белгілеу:

1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қоршаған орта сапасының нормативтеріне кезең-кезеңмен қол жеткізілуін;

2) экологиялық қауіпсіздікті және халық денсаулығы үшін қатерді азайтуды;

3) әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, Қазақстан Республикасының және оның өңірлерінің экономикалық дамуының жоспарлары мен бағдарламалары, сондай-ақ экожүйені, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің гендік қорын сақтау қажеттігі ескеріле отырып, қоршаған орта сапасының нормалануын қамтамасыз етуге тиіс.

6. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

25-бап. Эмиссиялар нормативтерi



1. Эмиссиялар нормативтеріне:

1) эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері;

2) ластаушы заттардың жол беруге болатын шекті шығарындылары мен төгінділерінің нормативтері;

3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері;

4) жол берілетін физикалық әсер (жылу мөлшерінің, шу, тербеліс, иондаушы сәуле және өзге де физикалық әсерлер деңгейінің) нормативтері жатады.

2. Эмиссиялар нормативтері аумақтардың және акваторияның табиғи ерекшеліктері ескеріле отырып, қоршаған орта сапасы нормативтерінің сақталуын қамтамасыз етуге тиіс және жол берілетін шекті шоғырлану немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері негізінде есептеледі.

3. Эмиссиялар нормативтерінің шамалары шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына теріс әсерін азайту мақсатында экологиялық рұқсаттар беру мен қажетті техникалық іс-шаралар өткізу қажеттігі туралы шешімдер қабылдауға негіз болып табылады.

 

26-бап. Эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтерi



1. Эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері өнеркәсіптің нақты процестері мен салалары үшін ең озық қолжетімді технологиялар енгізу негізінде белгіленеді.

2. Эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері техникалық регламенттерде белгіленеді және кешенді экологиялық рұқсаттардың негізі болып табылады.

 

27-бап. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің жол берілетін шекті нормативтерi



1. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің жол берілетін шекті нормативтері қоршаған орта сапасының нормативтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететіндей шартпен әрбір шығарынды көзіне және тұтас кәсіпорынға есептеулер негізінде белгіленетін эмиссиялардың шамалары болып табылады.

2. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің жол берілетін шекті нормативтері қоршаған ортаға эмиссияларға арналған рұқсаттар беру кезінде, нормативтердің есептеу мәндерін, табиғат пайдаланушылардың ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің жол берілетін шекті нормативтері деңгейіне жету жоспар-кестелерін, жылжымалы және стационарлық шығарынды көздері, технологиялық процестер мен жабдықтар үшін эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтерінің белгіленген мәндерін қамтитын жобалар құрамында пайдаланылады. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің белгіленген жол берілетін шегінің қолданылу мерзімі нормативтері бар жобаларға берілген мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларының қолданылу мерзімімен айқындалады.

 

28-бап. Эмиссиялар нормативтерін айқындау тәртібi



1. Эмиссиялар нормативтерінің жобалары шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау құрамында не жекелеген құжаттар түрінде негізделеді.

2. Эмиссиялар нормативтерін әзірлеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

3. Жекелеген көздер бойынша эмиссиялар нормативтері эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтеріне теңестіріліп белгіленеді не қоршаған орта сапасының нормативтері негізінде есептеу арқылы айқындалады.

4. Эмиссиялар нормативтерін есептеу арқылы айқындау әдістемесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

5. Эмиссиялар нормативтерін белгілеу кезінде қоршаған ортаның іс жүзіндегі ластануы ескеріледі. Қоршаған орта сапасы параметрлерінің фондық шоғырлануы жөніндегі деректерді Қазақстан Республикасының гидрометеорологиялық қызметі жобаның тапсырыс берушісі немесе жобалау ұйымымен жасалған шарт бойынша табыс етеді.

6. Жылжымалы көздерден туындайтын эмиссиялар нормативтері Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес, жылжымалы көздерге арналған техникалық регламенттерде  шығарынды газдардағы атмосфералық ауаны негізінен ластайтын заттардың шекті шоғырлануы түрінде белгіленеді.

 

29-бап. Табиғи ресурстар жай-күйінің өзге де нормативтерi



1. Табиғи ресурстарды қорғау мен молықтыру мақсатында табиғи ресурстар жай-күйінің нормативтері белгіленеді.

2. Табиғи ресурстар жай-күйінің нормативтері және оларды белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы заңнамасында, Қазақстан Республикасының жер, су, орман заңнамасында айқындалады.

 

 



5-тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу

 

30-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы сәйкестіктi растау объектілері мен рәсімi



Қоршаған ортаны қорғау саласындағы сәйкестікті растау объектілері мен рәсімі Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында айқындалады.

 

31-бап. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сәйкестікті растауға арналған стандарттар



1. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды орындау үйлестірілген стандарттармен қамтамасыз етіледі.

Ұйымдардың стандарттары қолдану үшін ерікті сипатта болады және техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс.

2. Сәйкестігін растаудан өтпеген, сәйкестігін растаудан міндетті түрде өтуге тиіс өнімдерді, қызметтер көрсетуді, процестерді өткізуге тыйым салынады.

 

32-бап. Экологиялық таңбалау



1. Экологиялық таңбалаудың міндеттері:

1) тұтынушыларды қоршаған ортаға қауіпті өнімдерді сатып алудан (пайдаланудан) қорғау;

2) өнімдердің барлық түрлерін өндіру, пайдалану және жою, (кәдеге жарату, өңдеу) кезінде қоршаған ортаның ластануын болдырмау;

3) жабдықтардың, технологиялық процестердің, өндірістердің және өнімдердің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

4) экологиялық қауіпсіз технологиялық процестерді, жабдықтарды және өндірістерді енгізу;

5) елге экологиялық қауіпті өнімдер мен технологиялардың әкелінуін болдырмау;

6) отандық өнімнің экспортталуына жәрдемдесу және бәсекеге қабілеттігін арттыру болып табылады.

2. Өндірілу кезінде қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына және биологиялық ресурстарға зиянды әсері неғұрлым аз немесе қолайлы әсер ететін өнім экологиялық таңбалау объектісі болып табылады. Экологиялық таңбалау объектісі өнім өндіру процесі мен қолданылатын технологияларды қамтиды.

3. Өндірушілер өз өнімін сәйкестігі расталғаннан кейін экологиялық таза өнім белгісімен ерікті негізде таңбалайды. Өнімді экологиялық таңбалауды тиісті саладағы коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.

4. Экологиялық таза өнім стандарттарын, экологиялық таза өнім белгісінің нысанын және оған қойылатын техникалық талаптарды «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген коммерциялық емес ұйым белгілейді.

 

33-бап. Техникалық реттеу жөніндегі сарапшылық кеңес



Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның техникалық реттеу жөніндегі сарапшылық кеңес техникалық регламенттер жобаларын әзірлейді, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және қолдану жөніндегі ұсыныстарды қарайды.

 

34-бап. Халықаралық стандарттарды енгізу



1. Табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінің халықаралық стандарттарын енгізуі:

1) халықаралық стандарттар туралы ақпарат тарату;

2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінің халықаралық стандарттарын енгізген және мұндай енгізуді растайтын құжаты бар табиғат пайдаланушыларға инспекторлық тексеру жүргізу жиілігін қысқартуы;

3) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу тетіктерін пайдалану арқылы ынталандырылады.

2. Халықаралық стандарттарды енгізуді ынталандыру шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 



6-тарау. Қоршаған ортаға әсерді бағалау

 

35-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау



Қоршаған ортаға әсерді бағалау - шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал салдарлары бағаланатын, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптары ескеріле отырып, қолайсыз зардаптарды (табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, жұтаңдауын, бүлінуін және сарқылуын) болдырмау, қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі шаралар әзірленетін рәсім.

 

36-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау міндеттілігi



1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тікелей немесе жанама әсер етуі мүмкін болатын кез келген шаруашылық және өзге де қызмет түрлері үшін міндетті болып табылады.

2. Қоршаған ортаға әсер ететін шаруашылық және өзге де жобаларды, қоршаған ортаға әсерін бағаламай әзірлеуге және іске асыруға тыйым салынады. Әсерді бағалау нәтижелерін жоспарлау алдындағы, жоспарлау құжаттамасының, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылады.

3. Жобаланып жатқан және жұмыс істеп тұрған объектілердің перспективалық қызметі осы Кодекстің талаптарына сәйкес қоршаған  ортаға әсерін бағалауға жатады.

4. Жобалардың тапсырыс берушісі (бастамашысы) мен әзірлеушісі қоршаған ортаға әсер етуге жүргізілген бағалау нәтижелерін ескеруге және қоршаған орта мен адам денсаулығына неғұрлым аз зиян келтіретін нұсқаның қабылдануын қамтамасыз етуге міндетті.

 

37-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың кезеңдерi



1.  Қоршаған ортаға әсерді бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қала құрылысының және құрылысты жобалаудың кезеңдері ескеріле отырып, дәйекті түрде жүзеге асырылады.

2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау мынадай кезеңдерді қамтиды:

1-кезең. Аумақты бағалау (қоршаған ортаның жай-күйін шолу), объектіні орналастыруға арналған учаскені оңтайлы таңдауды негіздеу үшін орындалады;

2-кезең. Инвестициялардың негіздемесіне (жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесіне) ілесе жасалатын қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау;

3-кезең. Әсерді бағалау, ол жобаны іске асырудың немесе шаруашылық және өзге де қызметті одан әрі жүзеге асырудың ықтимал әсерлерін толық және кешенді талдау, баламалы нұсқаларды негіздеу және қоршаған ортаны қорғауды басқару жоспарын (бағдарламасын) әзірлеу мақсатында орындалады;

4-кезең. Жұмыс жобасы құрамындағы "Қоршаған ортаны қорғау" бөлімі, ол қоршаған ортаға қолайсыз әсерлерді болдырмау жөніндегі техникалық шешімдерді қамтиды;

5-кезең. Жобалаудан кейінгі талдау, ол шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру басталғаннан кейін бір жыл өткен соң объектінің қоршаған ортаға қауіпсіздігін растау және табиғат қорғау іс-шараларына түзету енгізу үшін жүзеге асырылады.

3. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың 3-кезеңінде осы Кодекстің 4-тарауына сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтері әзірленеді.

 

38-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу тәртібi



1. Қоршаған ортаға әсерді бағалауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге лицензия алған жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыруды жоспарланып отырған қызметтің тапсырыс берушісі (бастамашысы) қамтамасыз етеді.

3. Қоршаған ортаға әсерді бағалау әзірленімін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар шартқа сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізуден алынған нәтижелердің дұрыстығы, толықтығы мен сапасы үшін тапсырыс беруші алдында жауапты болады.

4. Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсімін орындау кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

39-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде есепке алынуға тиіс әсерлердің түрлерi



1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде:

1) тікелей әсер - объектіні орналастыру ауданында жоспарланып отырған негізгі және ілеспе қызмет түрлерінің тікелей тигізетін  әсері;

2) жанама әсер - жобаны іске асыру салдарынан пайда болатын жанама (кейінгі) факторлардан туындайтын қоршаған ортаға әсер;

3) кумулятивтік әсер - жобаны іске асыруға ілесе жасалатын, өткен, қазіргі немесе негізделіп алдын ала болжанатын іс-әрекеттерден туындайтын, үнемі ұлғаю үстіндегі өзгерістер салдарынан пайда болатын әсер есепке алынуға тиіс.

2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде:

1) атмосфералық ауаға;

2) жер үсті және жер асты суларына;

3) сутоғандары түбінің беткі жағына;

4) ландшафттарға;

5) жер ресурстарына және топырақ жамылғысына;

6) өсімдіктер дүниесіне;

7) жануарлар дүниесіне;

8) экологиялық жүйелердің жай-күйіне;

9) халық денсаулығының жай-күйіне;

10) әлеуметтік салаға (халықты жұмыспен қамту, білім беру, көлік инфрақұрылымы) әсерді бағалау жүргізіледі.

3. Қоршаған ортаға әсерге бағалау жүргізу процесінде табиғи орта мен адам денсаулығына теріс және оң әсерлер есепке алынуға тиіс.

 

40-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау объектілерін бағалану маңыздылығы мен толымдылығы бойынша сыныптау



1. Қоршаған ортаға әсерін бағалау жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет маңыздылығы мен толымдылығы бойынша І, II, III, IV болып 4 санатқа бөлінеді.

І санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 1 және 2-сыныбына жататын қызмет түрлері, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалардан басқа пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жатады.

II санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 3-сыныбына жататын қызмет түрлері, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру, орман пайдалану мен суды арнайы пайдаланудың барлық түрлері жатады.

III санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 4-сыныбына жататын қызмет түрлері жатады.

IV санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 5-сыныбына жататын қызмет түрлері, сондай-ақ әуесқойлық (спорттық) балық аулау мен аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін пайдаланудың барлық түрлері жатады.

2. Әртүрлі санаттағы объектілерге қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізуге қойылатын сараланған талаптар қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықта белгіленеді.

 


жүктеу 4,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау