Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-тарау. ЕҢБЕК ТӘРТІПТЕМЕСІ. ЕҢБЕК ТӘРТІБІ



жүктеу 1,35 Mb.
Pdf просмотр
бет17/47
Дата20.11.2017
өлшемі1,35 Mb.
#1191
түріКодекс
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47

 

   5-тарау. ЕҢБЕК ТӘРТІПТЕМЕСІ. ЕҢБЕК ТӘРТІБІ 

      63-бап. Еңбек тәртіптемесінің қағидалары

 

      1. Еңбек тәртіптемесінің қағидаларын жұмыс беруші бекітеді.



 

      2. Еңбек тәртіптемесінің қағидаларында жұмыскерлердің жұмыс уақыты мен тынығу 

уақыты, еңбек тәртібін қамтамасыз ету жағдайлары, еңбек қатынастарын реттеудің өзге де 

мәселелері белгіленеді.

 

      64-бап. Тәртіптік жазалар



 

      1. Жұмыс беруші жұмыскердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін:

 

      1) ескерту;



 

      2) сөгіс;

 

      3) қатаң сөгіс;



 

      4) осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 

17) және 18) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша, еңбек шартын жұмыс берушінің 

бастамасы бойынша бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдануға құқылы.

 

      2. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделмеген 



тәртіптік жазаларды қолдануға жол берілмейді.

 

      65-бап. Тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі



 

      1. Жұмыс беруші өзінің актісін шығару арқылы тәртіптік жаза қолданады.

 

      2. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін жұмыскерден жазбаша түсініктеме 



талап етуге міндетті. Егер екі жұмыс күні өткеннен кейін жұмыскер жазбаша түсініктеме 

бермесе, онда тиісті акт жасалады.

 

      Жұмыскердің түсініктеме бермеуі тәртіптік жаза қолдану үшін кедергі бола алмайды.



 

      3. Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы 

мүмкін.

 

      4. Жұмыс берушінің жұмыскерге тәртіптік жаза қолдану туралы актісі:



 

      1) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіз болған;

 

      2) жұмыскер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару уақытына жұмыстан 



босатылған;

 

      3) жұмыскер демалыста немесе вахтааралық демалыста болған;



 

      4) жұмыскер іссапарда болған кезеңде шығарылмайды.

 

      5. Тәртіптік жаза қолдану туралы акт шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде 



тәртіптік жазаға тартылған жұмыскерге қолын қойғызып хабарланады. Жұмыскер жұмыс 

берушінің актісімен танысқанын қол қойып растаудан бас тартқан жағдайда, тәртіптік жаза 

қолдану туралы актіде бұл туралы тиісті жазба жасалады.

 

      Жұмыскерді жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен жеке 



таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда, жұмыс берушінің актісі шығарылған күннен бастап 

үш жұмыс күні ішінде жұмыс беруші жұмыскерге хабарламасы бар хатпен тәртіптік жаза 

қолдану туралы актінің көшірмесін жіберуге міндетті.

 

      66-бап. Тәртіптік жазаларды белгілеу және қолдану мерзімі



 

      1. Осы Кодекстің 65-бабының 4-тармағында және Қазақстан Республикасының басқа да 

заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тәртіптік жаза жұмыскерге тәртіптік теріс 

қылық анықталған кезде тікелей, бірақ ол анықталған күннен бастап бір айдан 

кешіктірілмей қолданылады.

 

      Осы Кодекстің 176-бабында көзделген жағдайларда тәртіптік жазалар ереуілді заңсыз 



деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей 

қолданылады.

 

      2. Тәртіптік жазаны – тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты ай 



өткеннен кейін, ал Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген немесе ревизия 

немесе жұмыс берушінің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша тәртіптік 

теріс қылық анықталған жағдайларда жұмыскер тәртіптік теріс қылық жасаған күннен бастап 



бір жыл өткеннен кейін қолдануға болмайды. Көрсетілген мерзімдерге қылмыстық іс бойынша 

іс жүргізу уақыты кірмейді.

 

      3. Жұмыскердің еңбекке уақытша қабілетсіздігіне, мемлекеттік немесе қоғамдық 



міндеттерді орындау үшін жұмыстан босатылуына, демалыста, іссапарда немесе вахтааралық 

демалыста болуына байланысты жұмыста болмаған уақытында тәртіптік жаза қолдану 

мерзімінің барысы тоқтатыла тұрады.

 

      4. Осы Кодексте көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзуды қоспағанда, 



тәртіптік жаза қолдану мерзімі ол қолданылған күннен бастап алты айдан аспайды.

 

      5. Жұмыскерге тәртіптік жаза қолданған жұмыс беруші тәртіптік жазаны мерзімінен 



бұрын жұмыс берушінің актісін шығару арқылы алып тастауға құқылы.

 

   6-тарау. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ 

      67-бап. Жұмыс уақыты және оның түрлері

 

      1. Дайындық-қорытынды жұмысы (наряд-тапсырма, материалдар, құралдар алу, 



техникамен, құжаттамамен танысу, жұмыс орнын дайындау және жинау, дайын өнімді тапсыру 

және басқалар) уақытының кезеңдері, еңбек технологиясында, еңбекті ұйымдастыруда; 

еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі қағидаларында көзделген үзілістер; жұмыскер 

өзінің уақытына еркін иелік ете алмайтын жұмыс орнында болу немесе жұмысты күту уақыты; 

мереке және демалыс күндеріндегі кезекшіліктер; үйдегі кезекшілік, сондай-ақ еңбек, 

ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне немесе Қазақстан Республикасының 

нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес басқа да кезеңдер жұмыс уақытына жатады.

 

      2. Ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты болуы 



мүмкін.

 

      68-бап. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы 



 

      1. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс.

 

      2. Еңбек шартында жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшін төленетіндей төлемақымен 



ұзақтығы азырақ жұмыс уақыты көзделуі мүмкін.

 

      3. Негізгі жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделікті 



жұмыстың жиынтық ұзақтығы осы Кодекстің 71-бабының 4-тармағында белгіленген күнделікті 

жұмыс ұзақтығының нормасынан 4 сағаттан артық аспауға тиіс.

 

      69-бап. Жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс



 

               уақытының қысқартылған ұзақтығы

 

      1. Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер үшін:



 

      1) он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 24 сағаттан 

аспайтын;

 

      2) он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 36 сағаттан 



аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.

 

      2. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда 



істейтін жұмыскерлер үшін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, 

ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне 

сәйкес аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.

 

       Осы тармақта белгіленген жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы ауыр, зиянды және 



(немесе) қауіпті жағдайлардағы еңбегі өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша 

аттестаттау нәтижелерімен расталған жұмыскерлерге қолданылады. 

 

      Жұмыс беруші өндірістік объктілерді еңбек жағдайлары бойынша, сондай-ақ 



аттестаттауға жатпайтын жұмыс орындары бойынша аттестаттауды өткізбеген жағдайда, жұмыс 

уақытының қысқартылған ұзақтығы өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен 

лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті 

жұмыстардың тізбесіне сәйкес толық көлемде беріледі. 

 

       3. Бірінші және екінші топтардағы мүгедек жұмыскерлерге аптасына 36 сағаттан 



аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. 

 

      Бірінші және екінші топтардағы мүгедек жұмыскерлердің күнделікті жұмысының (жұмыс 




жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау